Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ ПӘК перзенті еді

Серік­бол­сын… Адал­ды­қтан жаралған Адам бол­ды, Ақиқат­ты ту еткен Аза­мат бол­ды. Ар-намысы, күш-қуа­ты, қай­рат-жігері, білі­мі еліне, халқы­на таза қыз­мет ету­ге жұм­сал­ды. Жалған сөз­ге, сай­қал күл­кі­ге жаны қас еді. Арам әре­кет­ті, харам мал­жиғы­шты­қты мей­ілін­ше жек көр­ді, жирен­ді. Халқы­ның мақ­сат-мүд­десін мақтан­сүрей, ман­сап­шыл бет­пақ масыл­дар­дан қорғап бақты. Алдап-арбау, жемқор­лық, парақор­лық, пәлеқор­лық, суайт­тық, жағым­паз­дық оған ерте­гі­де­гі «жеті басты жал­мауыз» боп көрі­нетін. Солар­мен айты­сты, тар­ты­сты, күре­сті. Халқы­на, қоға­мға жасалған қыл­дай қия­нат оған қара­шұ­бар жылан­дұ­за­қтай көрі­нетін, оның талай­ын үзді, лақты­рып таста­ды. Аян­ба­ды, қолы­нан кел­ген­ді жүзе­ге асырды.

Алай­да арам­шөп қау­лағыш, – тез қурай қой­май­ды; лай су сау­лағыш, – тез сарқы­ла қой­май­ды. Серік­бол­сын солар­дың қою­көлең­келі, бат­пақ-шал­шы­қты пәле­кет­ті­гін ашық, батыл айтып өтті. Шар­бо­лат­тан жаса­лып, шын­ды­қ­пен суа­ры­лған қан­жар­дай қала­мы­м­ен жеріне жет­кі­зе жазып өтті…

Бақұл бол, қай­ран інім – Серікболсыным!

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ.

(01.01.2020 ж.)

Жазу­шы­ның естелігінен

«Өлім де – сын» деп­ті қазе­кем. Баға­на М. Әуе­зов атын­дағы дра­ма теат­ры­ның табал­ды­ры­ғын аттай бере, есі­ме осы сөз түсті де, Қаза­қстан­ның, Қаза­қтың Қады­рын соңғы сапа­ры­на шыға­рып салуға кім­дер келетінін ойлап, ығы-жығы көп­ті көз­сүз­гім­нен өткі­зе баста­дым. Берісі – Алма­ты­ның әкі­мі Ахмет­жан Есі­мов, ары­сы – рес­пуб­ли­ка­ның бас мини­стрі Кәрім Мәсі­мов келеді деп ойла­дым. Жоқ, олар көрін­беді. Мәде­ни­ет мини­стрі­міз Мұх­тар Құл-Мұхам­мед елдің алды­мен жету­ге тиіс еді, ол да жоқ! Исі қазақ төбесіне көтер­ген, алақа­ны­на салған Қадыр­дың – Қаза­қстан ком­со­мо­лы және Мем­ле­кет­тік сый­лы­қта­ры­ның, тәу­ел­сіз «Тар­лан» сый­лы­ғы­ның, «Пара­сат» орденінің иегері, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, рес­пуб­ли­ка Ел әні (гим­ні) автор­ла­ры­ның бірі, Қаза­қстан­ның Халық жазу­шы­сы Қадыр Мыр­за Әлидің – адам­гер­шілік, қалам­гер­лік қаси­етін Алма­ты мен Аста­наға сый­май шіреніп жүр­ген шене­унік ата­у­лы тани алмаған екен ғой?! Ай, руха­ни сорлылық-ай!

… Өткен жыл­дың аяқ шенін­де Алма­ты­да В. Ни деген кәріс қай­тыс болып­ты да, «Еге­мен Қаза­қстан» бастаған гәзет­тер­ден оқып, радио­дан естіп, теле­ар­на­лар­дан көр­генім­дей, оны жер­ле­у­ге Аста­на­дан пар­ла­мент сена­ты­ның төраға­сы Қ. Тоқа­ев бастаған деле­га­ция ұшып келіп­ті. Марқұм­ның ару­ағы кешір­сін, мем­ле­кет­тік-үкі­мет­тік дең­гей­де сон­ша­лық құр­мет көр­се­тетін­дей, В. Ни кім болып еді? Кеңес өкі­метінің соңғы жыл­да­рын­да, одан кей­ін де рес­пуб­ли­ка Мини­стр­лер Кеңесінің Шару­а­шы­лық басқар­ма­сы­на еге болған. Жоғарғы бас­шы­лы­қтағы шене­унік­тер­дің қарын қамын, яғни ішіп-жемін ойла­сты­ру­мен шұғыл­дан­ды, үй-жай­ын жыл сай­ын жасарт­ты, жиһа­зын жаңарт­ты, той­ын түген­деп, мей­ман­да­ры­ның көңілін көн­шіт­ті. Ол, В. Ни, бер­тін­де пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың кадр-қар­жы жөнін­де­гі бей­ре­сми кеңес­шісі болған деседі. «Қала­у­ын тауып, қар­ды жан­ды­рған» ғой. Қадыр­ды Тау десем, нилер оның ете­гін­де шашы­лып жатқан қара тастар еді, бірақ олар ымдас-жым­дас құлқын­бай­ла­ры үшін «асыл тастар» екен ғой!.. 

24. 01. 2011 жыл.

(Ғаб­бас Қабы­шұлы­ның «Көңіл көгін­де» кітабынан).

Әділеттік үшін КҮРЕСТІҢ тарланы болды

Қаза­қтың бүгін­гі қоғам­да бел­гілі аза­мат­тар­дың ішін­де ар-намысын сат­паған, елдің мұң-мұқта­жын жоқтап жүр­ген кім­дер десек, бірін­ші Серік­бол­сын Әбділ­дәұлын айтар едім. Сек­сенін­ші жыл­дар­дан бері таны­спыз, Тоқ­са­нын­шы жыл­да­ры бір­ге пар­ла­мент­те жұмыс істе­дік. 1999–2004 жыл­да­ры пар­ла­мент­те тағы да бір­ге қыз­мет еттік. Сер-ағам­ның ақыл-кеңесі менің билік­ке оппо­зи­ци­яға шығуы­ма себеп­кер бол­ды. Жақ­сы жаса­дым ба, жаман жаса­дым ба – ел баға­сын бере жатар.

Осы­дан біраз күн бұрын, өзінің ауы­рып жатқа­ны­на қара­ма­стан, теле­фон шалып, туған күнім­мен құт­ты­қтап, ден­са­улық пен ұзақ ғұмыр тіле­ген еді. Секең өмірінің жар­ты­сын­дай уақы­тын тек әділет­тік үшін күрес­ке арнап, қан­дай қиын­шы­лық бол­са да, елінің, халқы­ның мұң-мұқта­жын жоқтап, шын­ды­қты шырыл­да­та жет­кізіп, елде­гі жағ­дай­дың қиын екенін соңғы демі тау­сы­лған­ша тай­сал­май айтып өтті. Бірақ бүгін­гі билік ол сөзді тың­да­ды ма? Елде өзгеріс оң бол­ды ма – біре­уі де жоқ. «Ертеңі­міз қан­дай бола­ды?» деген алаң­да­у­шы­лық басым, тіп­ті елді кім басқа­рып отыр – оның өзін толық біл­мей­міз. Осын­дай жағ­дай­да Секең­дей елдің ары­сы өмір­ден кет­кені аянышты.

Баяғы­да ел басқа­рып жүр­ген кісі /Назарбаев – ред./ өзі­нен он-бес жас кішілер­ге «алаң­да­маң­дар, пен­си­яға бір­ге шыға­мыз» дей­тін. Бес емес, он емес, жиыр­ма жыл кей­ін туған аза­мат­тар пен­си­яға кет­ті. Баяғы жар­тас – сол жар­тас. Елде өзгеріс жоқ.

Әрине, бүгін­гі елім, халқым дей­тін аза­мат­тар­дың қабы­рға­сы қай­ы­сып, Секең­дей аза­мат­тың өмір­ден кет­кеніне қат­ты қын­жы­ла­мыз. Жаңа, жас буын келе жатыр, солар­дан үміт күте­міз. Лай­ым, солар Секеңнің айтқан өси­ет­терінің, сөзінің шын­ды­ғын жалау етіп, ісін жалға­сты­ра­ды деп сенеміз.

Жатқан жеріңіз жай­лы, топы­рағы­ңыз торқа бол­сын, менің Сер-ағам!

Жар­ма­хан ТҰЯҚБАЙ

Еліміздің БІРТУАР азаматы еді

Серік­бол­сын ағам – туған ағам­нан артық болған адам. Күрес жолын­да табыст­ық, сый­ла­стық. Еке­уміз ара­лас-құра­лас бол­дық, бір­ге күре­стік, сон­ды­қтан ол кісі маған айы­ры­қ­ша қадір­лі адам.

Адам­ның халық алдын­да құр­мет­ке бөле­нуі – оның өзіне-өзі «елба­сы» атын беріп неме­се өзіне-өзі ескерт­кі­ш­тер қой­ып, өзіне-өзі көше, қала атта­рын беріп, уни­вер­си­ет пен аэро­пор­тқа атын беріп, сөй­тіп сая­сат жүр­гі­зу­мен емес; бей­біт те қорған­сыз халы­қты поли­ци­я­сын жіберіп, қырғын салып, қанға боя­у­мен емес; шаңы­рақты орта­сы­на түсіріп, құла­ту арқы­лы емес; Серік­бол­сын аға­мыз сияқты бүкіл өмірін халы­қтың шын мәнін­де­гі тәу­ел­сізді­гі, шын мәнін­де­гі азатты­ғы мен бостан­ды­ғы үшін сарп еткен еңбе­гі­мен құр­мет­ке бөлейді.

Серік­бол­сын аға­мыз халы­ққа әркез өзінің шынайы ақиқат, кесім­ді сөзін айтып, елдің көкірек көзін ашып, жол көр­сетіп келе жатқан адам еді. Ол кісі­мен ара­ласқан, бір­ге болған кез­дерім­ді мақта­ныш тұта­мын, өйт­кені ол тегін адам емес. Ол кісі – қаза­қтың бір­ту­ар аза­ма­ты, кім­ге бол­са да үлгі бола­тын зор тұлға еді.

Аға­ның өлі­мі тура­лы хабар кел­ген­де, шынын айтуым керек, есең­гіреп қал­дым. Бәрі­міз де ет пен сүй­ек­тен жаралған пен­де­міз ғой, бір күні кетер­міз о дүни­е­ге. Бірақ аға­ны қима­дым мен, қима­дым! Жүз­ге кел­се екен, жүз­ден асса екен деп жүр едім. Өйт­кені ол кісі жетім­сіреп күй кеш­кен халқы­на өне­гелі еді! Сол себеп­тен де мен сене­мін: ертең мына заман өзге­реді, мына билік кете­ді, сол кез­де Серік­бол­сын аға­мыз – Қаза­қстан­ның, қазақ халқы­ның нөмірі бірін­ші аза­ма­ты ретін­де өз орны­на тұра­ды, тарих­тан дәл соған лай­ы­қты орнын ала­ды. Сол кез­де ешкім­ді рен­жіт­пе­ген адам, әр кез­де ақиқат пен шын­ды­ққа жүгін­ген Серік­бол­сын аға­мы­здың есі­мі асқақтап, аспанға көтеріледі. Оған күмән жоқ, мына режим­нен құты­лған азат Қаза­қстан­да, тәу­ел­сіз Қаза­қстан­да Серік­бол­сын аға­мы­зға ескерт­кіш те тұрғы­зы­ла­ды, көше­лер­ге аты да беріледі, есі­мі ірі нысан­дарға беріледі.

Бүгін мына билік тым бол­маған­да мем­ле­кет­тік комис­сия құруға жара­ма­ды. Егер ақиққатқа жүгін­сек, осы жер­ге пре­зи­дент­тен бастап, бар­лы­ғы келуі керек еді. Ол кісінің ару­ағы­на бас иіп, құр­мет ету­ге тиіс еді. Оның бірі де жоқ.

Бірақ көр­дік, арда аға­мы­зды құр­мет­тей­тін халқы бар: халық – құдай­дың бір аты, халы­қтан үлкен ешкім жоқ, міне, сол халық Серік­бол­сын аға­ның алдын­да басын иді.

Жаса­рал ҚУАНЫШАЛИН

«ЖАҢА ҚАЗАҚ» ӨМІРДЕН ӨТТІ

  • Серік­бол­сын Әбділ­дин қазақ тарихын­да ірі мем­ле­кет қай­рат­кері, бас­шы ретін­де мәң­гілік қалды!

Мен Жоғарғы Кеңе­стің 12-шақы­ры­лы­мы­ның депу­та­ты, Коми­тет төраға­сы, Пре­зи­ду­мы­ның мүше­сі ретін­де сол кез­де­гі Жоғарғы Кеңе­стің төраға­сы Серік­бол­сын Әбділ­дин­мен бір­ге 4 жыл бойы қыз­мет­тес бол­дым. Жоғарғы кеңе­сте «Еге­мен­ділік декла­ра­ци­я­сын» қабыл­даған­да, ата-баба­ла­ры­мы­здың ғасыр­лар бойы аңсаған арма­ны­на жет­тік қой деп, көбі­міздің көзі­міз­ге жас кел­ді… Өте қиын кезең еді: елде жұмыс­сыздық, күн­көріс күрт төмен­деп кет­кен, бір­де-бір заң әлі жазыл­маған, күні-түні Жоғарғы Кеңе­сте­міз – заң жазу, қабыл­дау істері, т.б. Сол өте жау­ап­ты кезең­де Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің тұғы­ры мықты бол­ды, Қазақ туын тік ұста­ды, Ресей­ге жалтақтамады. 

Тәу­ел­сіздік декла­ра­ция қабыл­дар алдын­да біз – ака­де­мик- депу­тат­тар С.Зиманов, С.Әбділдин, А.Абдулин, Ө.Жолдасбеков, М.Қозыбаев, С.Сартаев, Ш.Есенов, Ғ.Калиев, М.Үркімбаев, Ж.Әбділдин, т.б. өзге ұлт өкіл­дері­мен, депу­тат­тар­мен сөй­лесіп, «қол­даңы­здар, дауыс беріңіз­дер», – деп атса­лы­сқан уақыт­тар да бол­ды. Себебі сол уақыт­та Жоғарғы Кеңе­сте қазақ депу­тат­та­ры­ның саны 47-ақ пай­ыз болатын.

Тарихқа көз жүгірт­сек, Тоны­көк – Шығыс Түр­кі қаға­на­ты­ның негізін қала­са, Тұрар Рысқұ­лов – Таш­кент­те Түр­кі Рес­пуб­ли­ка­сын құр­ды (Ленин екі айдан соң алып таста­ды), ал Серік­бол­сын Әбділ­дин не істе­ді? Ол Қаза­қстан Тәу­ел­сізді­гінің негізін қала­у­шы­ла­ры­ның бірі бол­ды және ол Жоғарғы Кеңес төраға­сы ретін­де еге­мен ел болып қалып­та­суы­мыз үшін тер төкті. 

Жасы үлкен бол­са да, мен бүгін өмір­ден «жаңа қазақ» өтті дер едім. Себебі ол Қаза­қстан­ның про­грес­с­шіл аза­мат­та­ры­мен бір­ге «Жаңа Қаза­қстан» жасағы­сы кел­ді, демо­кра­ти­я­лық Қаза­қстан үшін күре­сті. Әрине, мұн­дай жанқи­яр­лық күре­сте күй­іп кету­ге де бола­тын еді! Інілері Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев, Заман­бек Нұрқа­ді­лов, т.б. бір­ге демо­кра­ти­яға жол ашуға тыры­сты, басын бастап та бер­ді. Енді­гісі жастар­дың қолында…

Уақыт өтер, кор­руп­ци­я­сыз «Жаңа Демо­кра­ти­я­лық Қаза­қстан» болар. Сол кез­дер­де Қаза­қстан­да демо­кра­тия үшін күрес­кен қай­рат­кер­лер­ді Серік­бол­сын Әбділ­дин есі­мі бастап тұра­ты­ны сөз­сіз! Мону­мент­тер ашылар…

Жаның жән­нәт­та, жатқан жеріңнің нұры халқы­ңа түсіп тұрғай, қадір­лі Серік­бол­сын әріп­тесім, ағам! 

Ора­за­лы СӘБДЕН,

ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лауреаты

Республиканский еженедельник онлайн