Пятница , 4 июля 2025

ҚОШТАСУ

Садағы­нан морт сынып адырнасы,

қай­ы­су­лы халқым­ның қабырғасы!!!

«Хас баты­ры қаза­қтың Алатаудан

сай­ла­мақ, – деп, – қонысын», –

бөк­тер­де­гі

абыр-сабыр кеше­ден қабір басы…

О! Мәң­гі әлем!!! Құшағын айқа­ра ашып,

ақ маң­дай­ын ақ нұр­мен аймалатып, 

қар­сы алмақ та 

Ай жүзді Аруағын, –

арт­та қалған қалың ел – қауымына: 

«Ақыл ием – Абы­зым қайдалатып?!».

Айы­ры­лып пір тұтқан панасынан,

Халі мынау 

халқы­ның аласұрған!!!

«Тола­ды, – деп, – тоқ­санға», – той­ын күткен

ағай­ын-жұрт – ол да жүр есеңгіреп, 

хабар алып бау­ры­ның қазасынан!!!

Жоқтау айтып жаға­лай жамыратып, 

күн бол­ды-ау бұл қай­ғы-бұлт жамылатын?! 

Кім­ді қалай жұбатам?! – 

Өзім­нің де 

Жан дүни­ем өртеніп бара жатыр, 

зарым­ды айтып, жан тап­пай шағынатын!!! 

Күр­сін­ген­де, көкіре­гін сөгілдіріп,

көздің жасын омы­ра­уға төгілдіріп, 

жел өтін­де қасқай­ған Қара Нарым 

боздап кетіп барады,

бұл Жалған­ның 

бес-ақ тиын баға­сы көріндіріп!!!

Ойым – ойран, –

желі­ден ағытылды! –

Кім бел­гілеп, бекіт­пек бағытымды?!

Қаңта­ру­лы іс біткен! 

Аңта­ру­лы ел! –

Ажал деген шір­кін­ге бұйрық-тағы,.. –

Кең­сай жаққа бел асып, 

бөк­тер­летіп,

алып кетіп бара­ды табытыңды!!!

Қош! Қош, енді!!!

Демес­ке 

амал бар ма?!

Бұл сұм ажал бұзбаған

қамал бар ма?!

Қара орман­дай тең­сел­ген қалың жұртың

мәң­гілік­ке қош айтып: «Бақұл!» – дейді,

мұң толқы­тып жас толы жанарларда!!!

Сапы­ры­лып сан мың ой мида мына,

бер­мей­ді ерік 

есім­ді жиғаныма?!

Жар бол, Аллам! 

Жол тарт­ты ақіретке 

Дін-Мұхам­мед пай­ғам­бар үмбетінде 

бір берік жан 

жүрек­те иманына!!!

Лә илләһә иллә Аллаһ!!!

Мұһам­ма­дун – расул Аллаһ!!!

Айсұ­лу ҚАДЫРБАЕВА,

Алма­ты. 02.01.2020 жыл

АҚТАҢГЕР

  • Тәу­ел­сіз Қазақ Елі Пар­ла­мен­тінің тұңғыш төраға­сы, ғалым-про­фес­сор, ұстаз, сая­сат­кер Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің 80-ге толған мерей­той­ы­на арнау.

Ақсу­ат

…Ағып жатыр сан­сыз бұлақ бас құрап,

Жай­қа­ла­ды су бой­ын­да жас құрақ,

Біздің Секең, Серік­бол­сын ағаның

Туған жері, өскен жері Ақсуат.

Бұл өңір­де жаз айын­да күн ыстық,

Ақсу­ат­тан ақта­ры­лған ырыс, құт.

Бұл қаза­қта сан мың­даған жер аты,

Ал Ақсу­ат – Секең үшін тым ыстық!

Көз тала­ды мұнар, мұнар, мұнардан,

Бала­пан­дар бір арман­нан – бір арман.

Бір заман­да Қара­ке­рей Қабанбай

Қубас атын Ақсу­ат­тан суарған.

Ақсу­ат­тан мей­ір шөлі қан­са да,

Басын шұлғыр сәй­гүлік­тер тамсана.

Алмас қылыш – Ақтам­бер­ді жырау да

Ақсу­атқа ат шал­ды­рған қаншама.

Бұл Ақсу­ат көр­ді небір ерлерді,

Ерлер өткен жер­ге гүл­дер өнгенді.

Көк­жал Барақ жауын осы өңірде

Бір заман­да ойсы­ра­та жеңгенді.

Бұзыл­ма­сы үшін шырқы жұртының

Ел қоры­ған ерлер алмай бір тыным,

Би Боран­бай, Қу дауы­сты Құттыбай,..

Осы өңір­де даңқын жай­ған ұлтының.

Ізде­уме­нен Ақиқат­ты Алдаспан

Сан мың жыл­дар бір-бірі­мен жалғасқан.

Алтай менен Тар­баға­тай таулары

Осы өңір­де бір-бірі­мен жалғасқан.

Салған бабам талай рет жатқа ойран,

«Ақсу­ат» деп жақ­сы ырым­мен ат қойған.

Осы өңір­де Көк Түрік­тің ұрпағы –

Көк­бөрілер Шин еліне лап қойған.

Тұрға­ны­мен алтын күні орында,

Жаңа туған қиық ай жоқ солында,

Сол жауын­гер Көк Түрік­тің көк түсті

Көк Бай­рағы қаза­ғым­ның қолында.

Жара­ты­лған кілең игі тілектен,

Атқа қонған «халқым!» деген жүрекпен,

Бұл өңір­ден шыққан ерде есеп жоқ

Туға­ны­нан Ақиқат­ты ту еткен.

Қатар қой­ған дала­сы мен тауларды,

Тік ұстаған Ақиқат­ты, Арманды,

Бүгін­дері қазақ, орыс, басқа ұлт та

Шын­ды­ғы үшін құр­мет тұтқан жан бар-ды…

Аты-жөні – Серік­бол­сын Әбділдин,

Атқа қонған жазуы­мен тағдырдың.

Аз да бол­са білу үшін бірдеңе

Ақсу­атқа мен де атым­ды шалдырдым…

Жел­тоқ­сан­ның жарасы…

…Жас кезі­нен өзін мықтап қолға алды,

Оңа­ша­да тоқ­сан рет толғанды.

Сәкең жастан жер қадірін білетін,

Содан оқып, жер мама­ны болғанды.

Басқа әңгі­ме – жер­ге барын бер­ді ме,

Басқа әңгі­ме – игілі­гін көр­ді ме?..

Таң­дап алған маман­ды­ғы бойынша

Басқа әңгі­ме – қиын­ды­қты жеңді ме?..

Ұстаз бол­ды, ғалым бол­ды белгілі,

Болған да емес ала бөтен ерлігі.

Шыққан емес, бірақ оның ойынан

Соңғы кез­гі қал­жы­раған ел мұңы.

«Бол­дым!» десең, тағы да арман көктейді,

Жетіп тұрып, тағы бір іс жетпейді…

Мың тоғыз жүз сек­сен алтын­шы жылғы

Сол оқиға көз алды­нан кетпейді…

Екі жүзді сая­сат­ты кім көрді?

Адам шошыр бір сұм­ды­қты білгенді…

Ізі суып үлгер­ме­ген Жел­тоқ­сан­да әйгілі,

Ол Мәс­ке­уде қыз­мет­те жүргенді…

Ұлт намысы тап­та­ла­тын табанға,

Жазы­қ­сыздан қан төгіл­ген Алаңда.

Бірақ түн­де бүкіл қазақ тап болған

Қалай, қалай, сұрқай, сұм­дық заманға?..

Бәрі есін­де сол азапты күндердің,

Жан аза­бы сол азапты түндердің,

Қаза­ғы­ның сол жаста­ры бейкүнә

Қолы­ме­нен сор­лаға­нын кімдердің?

Қиып түс­кен қаза­ғы­ның арманын,

Болған істің егжей-тег­жей бар мәнін,

Тақ тала­сы, бақ тала­сы жолында

Ол сезген­дей кім­дер айдап салғанын?

Жаңа Алаң­нан қара түн­де қарлыға,

Жастар үні жет­кен­дей ме зар­лы да…

Бақ тала­сы, тақ тала­сы жолында

Құр­бан­ды­ққа ұлтын шалған­дар­ды да,

Бірін-бірі бір­ден сатқан­дар­ды да,

Індеріне кіріп жатқан­дар­ды да,

Қаза­ғым­ның боздақта­рын Алаңда

Шолақ күрек алып шапқан­дар­ды да,

Бірін-бірі айдап салған­дар­ды да,

Арт­та бұғып үнсіз қалған­дар­ды да,

Лау­лап жанған намысы­ның отына

Өз-өзі­мен күй­іп жанған­дар­ды да,

Жаңа Алаң­да салған ойран­дар­ды да,

Алып пара той­май, той­ған­дар­ды да,

Алғаш біл­ген кім­нің – «кім­дер» екенін,

Жаза­ла­у­ға қолын қой­ған­дар­ды да?..

Ол өртене жаз­даған­да намыстан,

Оңа­ша­да ойла­ры­мен алысқан…

Осын­дай бір том-том Іспен – құжатпен

Секең солай Мәс­кеу жақта танысқан.

Бұл сұм­ды­қтан ол жаға­сын ұстаған!..

Ел намысы – ердің бой­ын қыстаған.

Содан кей­ін селқо­сты­қтың барлығын

Өз бой­ы­нан бір­ден жұлып тастаған.

Адам емес деп мақтанған: «өстіп ем…»

Ойлап тұр­саң шыға­тын сөз естіден.

Ана бір жыл Сыр бой­ын­да Секеңнің

Өз аузы­нан бұл жай­лар­ды естігем…

Жанға батқан ұлтқа жапқан жаласы,

Көз алдын­да қан­сы­раған даласы…

Әлі күні сызда­та­ды өн-бойын

Аузы бітеу Жел­тоқ­сан­ның жарасы… 

Тұл­пар-мінез

…Содан бері жай­ды көр­ді ол көптеген,

Сол бір сурет көз алды­нан кетпеген.

Қай заман­да Ақиқат­тың жолы ауыр,

Қан­дай Жеңіс оңай­лы­қ­пен жетпеген.

Қазір сон­дай жас емесін біледі,

Кей­де аңсай­ды тыны­шты­қты жүрегі.

Тәу­ел­сіздік алған мынау жас елі

Жақ­сы болып өркен­десе – тілегі!

Бұл өмір­ден көр­ді талай сынақты,

Ары­қтар­дан көр­ді талай су ақты,

Ол Шын­ды­қты айтқан кез­де қашан да

Жарқ ете­ді алмас қылыш сияқты!

Ел мүд­десі – Секең үшін басты арман,

Оның жолы осы ара­дан басталған.

Ана жылғы ең алға­шқы ең еркін

Қала­у­лы­лар Кеңесін де басқарған.

…Бері аға­тын өзен кенет ары аққан,

Дауыл тұрған әлде қай­дан, тараптан…

Еркін ойлы сол Кеңе­сті бұл билік

Ескерт­пе­стен бір-ақ түн­де таратқан.

Басын шұлғып, қол­паштаған, қолдаған,

Бір ада­мға табы­нар күн орнаған.

Содан былай Тәу­ел­сіздік аспанын

Сенім­сіздік бұл­ты басып, торлаған.

Күн күр­кіреп ашық күн­де аспаннан,

Қар­сы шыққан абақты­ға тасталған.

Елдің көзін бақы­рай­тып қойып-ақ,

Ел бай­лы­ғын жап­пай тонау басталған.

Қателік­тер кетіп жатыр көптеген,

Жол жабы­лған озық ойға ептеген.

Ал елін­де қан­дай сай­лау бол­са да,

Бір­де-бірі оның әділ өтпеген…

Ақсақал жас… Бәрін, бәрін ойлайды,

Оңа­ша­да қалың ойға бойлайды.

Ел халқы­ның әрі-сәрі күй кешкен

Жағ­дайы да жанға бат­пай қоймайды…

Қашан да оның қиналған­мен жаны бір,

Атты тағы көк­жи­ек­тің таңы нұр.

Арқа­лаған Сенім менен мол Үміт

Туған жер­ге көк­тем кел­ді тағы бір.

Көк біт­кен­ді шуағы­мен бүрлеткен,

Қонып жатқан ұлы думан, дүрмекпен,

Көңіл шір­кін таң­нан күт­кен нәсібін

Болар ма екен бір ерекше бұл көктем?..

Біреу – қар­сы, біреу – оны қолдаған,

Өмір жолы – бастан түзу болмаған.

Ұзақ жол­да жалғыз емес әйтеуір,

Жетіп жатыр бала-шаға, дос-жаран.

Қай уақта да күрес жолы – ауыр жол,

Тыныш емес, буы­рқанған дауыл­ды ол.

Бір үміт­пен қарай­тын­дай өзіне

Ел жақтағы бір қан­ша­ма қауым­ды ел…

Сөзі, ісі – ақын жазған өлеңдей,

Інісі бар, сері­гі бар Төлендей.

Әке­жан мен Ғалым­жан­дай қос іні

Ат шал­ды­рып, әне, міне, келердей…

Заман­бек те, Жар­ма­хан да інілер,

Әрқай­сысы бір-бір тұлға – ірілер.

Алтын­бе­гі, Бола­ты мен Оразы,

Олар бар­да түн түне­гі түрілер.

Олар бар­да таңы күліп атқандай,

Іргесіне жұрт кеп қонып жатқандай.

Зәу­реш пенен Бақыт­гүл­дей қос қызы

Қос келіні – Қар­лы­ғаш пен Мақпалдай…

Бұл өңір­де еңістер бар, өрлер бар,

Босаға бар, құр­мет­тей­тін төр­лер бар.

Аман­гел­ді, Әмір­жан мен Ермұрат,

Тағы қан­ша ер көңіл­ді ерлер бар…

Бір­лік керек – өкпе­лей­тін кез бе еді,

Жаба алмай­сың шын ойы­ң­ды көздегі.

Оңай емес, бәрін тізіп шығу да

Сара­лай­ды тарих­тың безбені.

Ол да тұлға – сәл саяқтау Бал­таш та,

Өзін­ше боп күм­пи­ген соң әр қасқа,

Деп ойлай­ды: «шар­шаған-ау, қажыған,

Айғай­лау мен тіл қат­пай­тын жар тасқа?..»

Күн­дер­ді ойлап жай­ба­рақат шуақты,

Қия­лы­мен жақын­да­тар жырақты,

Ойлан­ды­рған Әли­хан­ның жайы да,

Кей­де бәрін ұғу қиын сияқты…

…Бұл адам­зат Ақиқатқа жете ме,

Жет­кіз­бес­тен өмір желіп өте ме?

Ақсу­ат­тан ат суарған ақтаңгер

Жара­са­ды-ау тұл­пар-мінез Секеңе…

Жұмаш КЕНЕБАЙ

25 қара­ша 2017 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн