Пятница , 4 июля 2025

Ғабиден ЖАКЕЙ: ЗАМАНБЕКТЕЙ қазаққа қызмет қылған ӘКІМ БОЛМАДЫ

Бола алма­дым Темірқазық,

Берік болар еліме.

Айдаһар­лар тіл­ді жұтты,

Ауыз сал­ды жеріме.

Заман­бек НҰРҚАДІЛОВ

Көзі тірі бол­са, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Заман­бек Нұрқа­ді­лов 76 жасқа толар еді. Бірақ ел-жұр­тқа бел­гілі болған­дай, назар­ба­ев­тық билік­тің сын­шы­сы 2005 жылғы қара­ша­ның 12-сі күні кеш­кісін Алма­ты­дағы үйін­де жұм­бақ жағ­дай­да қаза тап­ты. Ресми тер­геу «Нұрқа­ді­лов өз-өзін үш рет атқан» деген қоры­тын­ды жасады.

«ДАТ» жоба­сын­дағы газет­тер қаза­қтың арда аза­ма­тын еске алу әдеті­нен биыл да жаңы­лған жоқ. Зәкең мерт болға­ны­на 15 жыл өтіп­ті, осы күн­ге дей­ін оны­мен бір­ге қыз­мет­тес, ара­лас-құра­лас жүр­ген әріп­те­стері мен доста­ры жұмған ауы­зда­рын ашуға дәт­тері бар­ма­ды. Тек Алма­ты қала­лық әкім­ді­гін­де әріп­тес болған іні-қарын­даста­ры Жұмаш Кене­бай, Сапу­ра Жүсі­по­ва, Кене­са­ры Қап­тағай ғана Зәкең тура­сын­да көр­ген-біл­ген­дерін «ДАТ» арқы­лы жал­пақ жұр­тқа жария ете білді.

Заман­бек марқұм­ның биы­лғы туған күнінің қар­саңын­да «аға­ның інісі» едім деп, арты­нан ізде­уші болып жүр­ген қоғам қай­рат­кері Ғаби­ден ЖАКЕЙ мыр­за­ны әңгі­ме­ге тарттық.

– Ғаби­ден мыр­за, жыл сай­ын Зәкеңнің туған күні мен аты­лған күнін­де «естелік айта­тын кім бар?» деп жар сала­мыз. Бірақ «мен айтам» деп суы­ры­лып шыққан, «жүре­гінің түгі бар» ешкім­ді тап­пай­мыз. Ал сіздің бұл батыл­ды­ғы­ңы­зды қалай баға­ла­сақ екен?

­– Бірін­ші­ден, мен ешу­ақыт­та тай­сақтап, Заман-ағам тура­лы ашық айту­дан қашып жүр­ген жерім жоқ. Біл­генім­ді әр-әр жер­лер­де айтып, марқұм­ның жоқ­шы­сы болып жүр­дім. Екін­ші­ден, «батыл бола­тын» себебім – қазір­гі буы­рқанған заман­да 15 жыл дегеніңіз үлкен бір дәуір. Кей­ін­гі жастар Зәкең­дер­ді ұмы­та баста­ды, себебі – оны еске алуға үнсіз тый­ым салы­нған. Сон­ды­қтан қапы­да қаза болған аға­мы­здың аты мен затын жаңғыр­тып оты­ру­ды аза­мат­тық пары­зым деп санай­мын, сіз­дер­ге сұх­бат беру­ге кел­ген себебім де – осы.

Үшін­ші­ден, мен аға­мен қыз­мет­тес, әріп­тес болған жоқ­пын. Көзі тірісін­де қасы­на еріп жүр­меп­пін. Сырт­тай аға тұтып, мақта­нып жүр­генім бол­ма­са. Аға тура­лы айта­тын, айтуы тиіс үлкен­дер­дің алдын орап, өзім­ше діл­мар­суға қақым бол­ма­ды. Енді, міне, ақы­ры ашық айтуға жарай­тын аға­лар бұғып қалған соң, Зәкең не тын­дыр­ды, оның қоғам­дағы рөлі қан­дай бол­ды, оған кім дос бол­ды, кім сатып кет­ті деген сұрақтар­ды тарих­шы ретін­де сара­лап, өзім­ше зерт­теу жүр­гі­зуді қолға алдым. Негіз­гі және үлкен ақиқат кей­ін ашы­ла­ры­на сенім­ді­мін, оған жоралғы болар деректер мен дәй­ек­тер­ден кен­де емес­пін. Ал менің бүгін­гі мақ­са­тым – аға­ның атын жаңғыр­тып, асыл атағын асқақта­туға атсалысу.

– Деген­мен, құн­кер­лік қақы­сы бар Зәкеңнің інісі ғой деп, бұдан бес жыл бұрын өзіңізді сұх­батқа шақы­рған едік… Келісім бере тұра келмедіңіз…

– Иә, мой­ын­дай­мын… Зәкеңнің 70 жыл­ды­ғы­на ас беру қамы­м­ен жүр­генім­де, «ДАТ»-тың сұра­уы­мен біраз ақтаң­дақты ашай­ын, газет­ке үлкен бір сұх­бат берей­ін деген ойым болған. Бірақ Зәкеңнің менен жолы үлкен бір інісі «бол­май­ды» деп тый­ым салып, менің ықы­ла­сы­ма кесе-көл­де­нең тұрған соң, мен сұх­бат беру­ден бас тарт­тым. Оны өзіңіз білесіз. Сол ағам, неге екенін біл­мей­мін, осы күн­ге дей­ін айт­па­ды, мен де тақым­дап сұра­ма­дым. Бірақ Заман­бек аға тура­лы айтуға билік тый­ым салға­ны­мен, артын­да қалған іні-қарын­даста­ры­ның аузын жаба алмауы тиіс деп білем.

«Артын­да қалған» демек­ші, Заман­бек аға­мен қан­дай туы­сқан­дық жақын­ды­ғы­ңыз бар еді?

– Тура­сы­нан туы­сқан­ды­ғым жоқ, ал жер­лес, рулас екені­мізді кей­ін­нен біл­дім. Біздің елдің бет­ке­басар бір үлкені болған соң, аға­мы­здың атын айтып, зер­де­мізді сіл­кіп оты­руға тиісті­міз. Өзім­ді аға­ның жақын інісі­мін деп санай­мын, Зәкең жалғыз менің ғана емес, бар­ша қазақ жігіт­терінің ағасы!

1995 жылы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетін бітір­ген соң, «Казах­ская прав­да» газетінің құры­л­тай­шы­сы әрі редак­то­ры Алдан Айым­бе­тов­пен жақын ара­ла­стым, қар­жы­лық мүм­кін­ді­гі бар доста­рым қол ұшта­рын беріп, Алдан ағаға демеу бол­ды. Ол кісінің қаза­ққа деген ерекше қамқор­лы­ғы, ұлт­шыл­ды­ғы, жазған, айтқан иде­я­ла­ры қанат­тан­ды­рып, мені өзіне бау­рап алды, шәкірт ретін­де құр­мет тұттым.

Жоға­ры оқу­ды енді бітір­ген маман тұрғы­сы­нан мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке тұру­ды ойла­сты­рып жүр­генім­де, бір күні Алдан аға: «Алма­ты қала­сы­ның бұры­нғы әкі­мі, жақын досым Заман­бек­ке жібе­рей­ін, ол бір көме­гін жасар», – деді. Зәкең ол кез­де – депу­тат. Қасы­ма менің кур­с­та­сым, Қаза­қстан­ның №1 кәсі­би бок­сері, халы­қа­ра­лық дәре­же­де­гі спорт шебері Есбо­лат Нұр­ма­нов пен бүгін­де бел­гілі бокс­шы, олим­пи­а­да чем­пи­о­ны Ерма­хан Ибра­и­мо­вты қосып бер­ді, үше­уміз Зәкеңнің қабыл­да­уы­на бардық.

Бар­сақ, шағын ғана каби­нет­те отыр екен, бізді көңіл­ді қар­сы алды. «Еке­уіңді тани­мын, ал сен кім­сің?», – деді маған. Аты-жөнім­ді айт­тым, «Қай­дан­сың?» – деді. «Рай­ым­бек ауда­ны­нан, Шал­кө­денікі­мін». Ол кісі: «Жер­лесім екен­сің ғой», – деді. Мен тыныш отыр­май: «Сіз Кет­пен­нен, Ұйғыр ауда­ны­нан­сыз ғой», – деп едім, үстел­ді жұды­ры­ғы­мен ұрып қалып: «Мен – Шал­кө­де­ден­мін!» – деді. Мен жым болдым.

«Ал енді кел­ген шару­а­ла­ры­ң­ды айты­ң­дар», – деді. Біз Гер­ма­ни­яда қымыз өндіру­ге арналған желілік зауы­ты барын, соны Нары­нқол     ауда­ны­на өндіріс ныса­нын ашсақ деген жос­па­ры­мы­зды айт­тық. Екі сөз­ге кел­мей, сол кез­де­гі аудан әкі­мі Ызғар­бек Бек­тұр­сы­но­вқа депу­тат­тық тап­сыр­ма­сын жазып бер­ді. Әңгі­ме бары­сын­да каби­нетінің төрін­де ілініп тұрған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың порт­ретін қолы­мен нұсқап: «Мені қорқы­тқы­сы келеді, інім «Қара Алмаз­ды» өлтірт­ті, оны білесің­дер. Сен­дер, спорт­шы­лар, бәрің рэкет­шісің­дер, «кры­ша» іздеп жүр­сең­дер, мен «бетон­ный кры­ша­мын!» – деді.

Шару­а­мы­зды тын­ды­рып, қуа­ны­сып шығып бара жатыр едік, маған «сен қал» деп бұй­ыр­ды. Ішім­нен ұрсар ма екен деп, сасқа­лақтап қал­дым. «Жер­лесім екен­сің, кіта­бым­ды берей­ін» деп, «Не толь­ко о себе» деген кіта­бы­на «Ғаби­ден іні­ме, ізгі ниет­пен!» деп, қол­таң­ба­сын қой­ып берді.

Сол ара­да Шал­кө­де­ге қан­дай қаты­сы барын айт­ты: «Ата-анам менің туу тура­лы куәлі­гім­ді үш-төрт жыл­дан кей­ін алып­ты, сол кез­де туған жері – Кет­пен деп қате жазы­лып кетіп­ті. Ал аны­ғын­да туған жерім – Шал­кө­де, әкем – орман инспек­то­ры болған», – деді. Таны­сты­ғым осы­лай бастал­ды. Әлгі қымыз зауы­ты­ның шаруа­сы созы­лып, әкім­дер бірі-біріне тап­сы­рып, аяғы сиы­рқұй­ым­шақта­нып кет­ті. Заман­бек аға содан кей­ін 1997 жылы қай­та­дан Алма­ты облы­сы­на әкім болып тағайындалды.

Одан кей­ін етене ара­ла­сып кете алды­ңыз ба?

– Жоқ, жақын ара­ла­сып жүр­дім деп айта алмай­мын. Екін­ші рет «Терісқақ­пай» теат­ры­ның ашы­лу рәсі­мін­де кез­де­стім. Ол кез­де Жазу­шы­лар одағы­ның атқа­ру­шы дирек­то­ры­мын, театр­дың тұса­у­ке­серін­де бір қатар­да отыр­дық. Жақын ара­ла­сып, қасын­да бір­ге бол­дым деп айта алмай­мын. Бірақ менің Ғаби­ден екенім­ді, жер­лес інісі екенім­ді біліп жүрді.

Менің сая­сатқа келуі­ме Заман­бек пен Алтын­бек­тің қастан­ды­қ­пен оққа ұшқа­ны себеп бол­ды. Екі аза­мат аға­ла­рым тірі бол­са, бәл­кім, заман басқа болар ма еді, бәл­кім, билік­тің бір шетін­де жүрер ме едім?! Қоғам­дағы, сая­сат­тағы әділет­сіздік намысым­ды жаны­ды. Мен аға­лар жолын қудым. Содан бері билік­ке «ала­бө­тен» болып жүр­ген жай­ым бар. Ұлт пат­ри­от­та­ры­ның қата­ры­на қосыл­дым, аға­ла­рым­ның атын өшір­мес үшін, әртүр­лі шара­лар­дың ұйым­да­сты­ры­луы­на Жаңаө­зен құр­бан­да­ры­на ас Қона­ев­тың 100жылдық мерей тойын,Ұлт азаттық көтеріл­ске ғылы­ми кон­фе­рен­ция ұйым­да­стыр­дым. Әуел баста 2008 жылы спорт­тық тур­нир ұйым­да­сты­рып, Заман­бек аға­ның ізін қуған інісі болып жүр­генім­де, бел­гілі ақын, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың лау­ре­а­ты Иран-Ғай­ып аға­мыз мені сол тур­нир­дің ашы­лу рәсі­мін­де: «Ғаби­ден – Заман­бек­тің бала­сы» деген еді.

Олай деуінің өз себебі бар: аға­ның 70 жыл­дық асын туған ұлы – Қай­рат ұйым­да­сты­руы керек еді. Бірақ ол әртүр­лі себеп­тер­мен ара­ласқы­сы кел­меді, маған «80 жыл­ды­ғын жасай­мыз» деген еді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жүр­ген соң, жасқанған сияқты. Сол кез­де­гі қала әкі­мі Ахмет­жан Есі­мо­втің айтқа­ны­нан шыға алма­ды. Бірақ мен: «Қайт­сек те, Зәкеңнің 70 жыл­ды­ғын жасай­мыз!» деп, алған бетім­нен қайтпадым.

«Қарағай­ға біт­кен қар­сы бұтақ» болған арда аза­мат­тың асын ұйым­да­сты­ру оңай шаруа емес, дос-жаран­да­ры тара­пы­нан қол­дау бол­ды ма? Кім­дер кедер­гі жасады?

– Сұрағы­ңы­здың аста­рын­да үлкен мән жатыр: Заман­бек аға көзі тірісін­де кур­с­та­ста­ры мен доста­рын қат­ты қол­даған аза­мат. Біра­зы Зәкеңнің арқа­сын­да билік­ке кел­ді. Құры­лыс­шы әріп­те­стерінің бірқа­та­рын жоға­ры лау­а­зым­дық қыз­мет­ке тағай­ын­да­уға мұрын­дық бол­ды. Одан берісі Алма­ты облы­сын­да 8 аудан­ның әкі­мін қол­да­ды. Бірақ солар­дың бәрі Зәкеңнің көзі кет­кен соң, жалт бер­ді. Асқа дай­ын­дық алдын­да екі ай бұрын Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы аға­ның «Жас Ала­штағы» каби­нетін­де Зәкеңнің кур­с­та­сы, досы болған Болат Нұрға­зи­ев үше­уміз кез­десіп, асты өткі­зу мәсе­ле­лері жөнін­де ақыл­да­стық. Үш жүз­ге жуық адам­ның басын қоса­тын болып шештік. Рыс­бек аға еке­уміз қар­жы жағын шешпек­ке, Болат аға жылқы сой­маққа келістік. Бірақ Зәкең өле-өлген­ше дос санаған Болат ағам кей­ін­нен уәдесі­нен тай­ды. Тіп­ті ол кісіні тап­пай қал­дық. Рыс­бек аға, Рама­зан Ста­мға­зи­ев, Бек­жан Тұрыс пен Дар­хан Дай­ра­ба­ев көмек қол­да­рын созды.

Ас беру – ару­аққа тағ­зым етер­лік қазақ дәстүрі дегені­міз­бен, дәл Зәкеңе кел­ген­де қиын­ды­ғы мен кедер­гісі көп бола­ды деп ойла­мап­пыз. Бір ай уақыт қалған­да, алдын ала жалға алған «Пуга­сов» мей­рам­ха­на­сы бер­ген келісім­дері­нен бас тарт­ты. Про­ку­ра­ту­ра­дан екі жігіт келіп, «ас бер­мей­сіз» деп талап етті. Рыс­бек аға­ны шақыр­мақ болған едім, «ешкім­ді шақыр­май­сыз, ас бер­сеңіз, сот­тай­мыз», – деп шыға кел­ді. Ақы­ры бастаған істі орта жол­да қал­дыр­май­ық деп, Рыс­бек аға еке­уміз бел шеше кірістік. Қол­дау көр­се­те­ді деген, Зәкеңнің қамқор­лы­ғын көр­ген қыз­мет­те­стері мен аудан әкім­дерінің бәрі шетел­ге кет­тік десіп, теле­фон­да­рын өшіріп, жалт бұрыл­ды. Заман­бек ағаға кезін­де қар­сы­лас (оппо­нент) болған аза­мат­тар 50–100 мың тең­ге­ден қар­жы­лай көмек көрсетті.

Зәкең атқа мініп жүр­ген­де, бір көріп­кел келіп: «Ертең­гі күні жаны­ңы­здағы доста­ры­ңыз сатып кете­ді» десе, әсте сен­бес еді. Бірақ солай бол­ды: Заман­бек­тің ару­ағын, рухын сатып кет­кен доста­рын тегіс біле­мін. Зәкеңнің қаза­сы­ның құпи­я­сы әлі күн­ге ашыл­май жатқа­ны да осын­дай сатқын­ды­қтың кесірі­нен. Өзін-өзі үш рет атқан адам фан­та­сти­ка­лық кино­да да жоқ шығар.

Айт­пақ­шы, бұл «фан­та­сти­ка­ның» құпи­я­сы­нан не хаба­ры­ңыз бар? Біздің редак­ци­яға жет­кен хабар бой­ын­ша, сол күні Зәкеңнің үйін­де атыс болып, кей­ін­гі тер­геу кезін­де мәр­мәр еден­нен басқа бір адам­ның қаны табы­лған екен…

– Шет жаға­сын естідім. Жуы­на­тын бөл­ме­де­гі қан­ның дағы басқа біре­удікі деген дерек бар. Соған қараған­да, Зәкең де «жасты­ғын ала кет­пек­ші» болған сияқты… Оның анық-қаны­ғын біл­ген күн­нің өзін­де, жария түр­де айту өте қиын мәсе­ле… Ара­мы­зда нақты білетін­дер бар, бірақ айту­дан қорқады.

Зәкеңнің оққа бай­ла­нуы­на өзі жари­я­ла­мақ болған «бом­ба хат» себеп болған сияқты. Кезін­де өздеріңіз де жаз­ды­ңы­здар: осы «бом­ба жары­лып» кет­пес үшін, 2005 жылы 20 шіл­де­де әлдекім­дер жур­на­лист Асхат Шәрі­п­жа­но­вты өлтіріп кет­ті. (Еске салай­ық, «ДАТ» жоба­сы­ның жетек­шісі Ермұрат Бапи­дың ұсы­ны­сы­мен газет жор­нал­шы­сы Асхат Шәрі­п­жа­нов Зәкеңе қоғам­дық негіз­де бас­пасөз хат­шы­сы болып жүр­ген еді. Зәкең біраз құпи­я­ның бетін ашып, Асхат қаза бола­тын күні оған сұх­бат бер­ген бола­тын. Сол түн­гі қан­ды оқиға­дан кей­ін Заман­бек аға­ның сұх­ба­ты жазы­лған дик­то­фон жоға­лып кет­ті – Ред.). Аға­ның өзі өмірінің соңғы күн­дері бас­пасөз­ге бер­ген сұх­бат­та­ры­на көз жүгірт­сек, «мен сая­сат­ты қоя­мын, Шығыс шай­ыр­ла­рын ауда­ра­мын, шығар­ма­шы­лы­ққа бет бұра­мын» деген екен.

Бірақ сөй­те тұр­са да, әлдекім­ге Зәкеңнің көзін құр­ту қажет болған сияқты…

– Иә, Зәкеңнің «бом­ба­сы» бір күні «жары­луы» мүм­кін деген қорқы­ныш қат­ты болған секіл­ді… Аға­мы­здың мәй­ітін қай­дан шыға­ра­мыз, қошта­су рәсі­мін қай­да өткі­зе­міз деп, оппо­зи­ция жетек­шілері «Нұр Отан­ның» бас­шы­сы Аман­гел­ді Ерме­ги­я­ев, аға­мен қыз­мет­тес болған ??? Тәне­ке­ев бастаған біраз аза­мат­тар­мен ақыл­дасқан еді. Сол кез­де­гі Алте­кеңнің – Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның айтқан сөзі әлі күн­ге санам­да жаңғы­рып тұр: «Билік тірі Зәкең­нен қорқу­шы еді, өлген соң одан әрі зәресі ұшты. «Батыр – бір оқтық» деуші еді, Зәкең – үш оқтық бол­ды. Аға­мы­зды өзі­міз ару­лап жер­лей­міз, ешқан­дай ере­уіл бол­май­ды, туы­ста­ры қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ете­ді», – деді. Біз де қол­дап, «иә» дестік. Ерме­ги­я­ев қала әкі­мі Тасмағам­бе­тов­ке хабар­ла­сып, әкім­дік бүгін­гі «кіта­п­ха­на­шы­ға» айтып, Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ғима­ра­ты­нан шыға­ра­тын болып шешіл­ді. Айт­пақ­шы, ақыл­да­су кезін­де бір ақсақал (аты-жөні есім­де жоқ) суы­ры­лып шығып: «Сен­дер­дің сүй­ек­теріңе таң­ба, мен – шапы­ра­шты­мын, бірақ албан Заман­бек бас қала­ны басқарған аза­мат еді, өлсем мен өлей­ін, неге үнсіз тұр­сың, сені көтер­ген сол еді ғой?!» – деп, Жазу­шы­лар одағы­ның төраға­сы Нұр­лан Ора­за­лин­ге қара­тып айтып еді. Бірақ Нұре­кең­нен жау­ап болмады…

Айта бер­сек, тау­сы­лай­тын естелік­тер жетер­лік. Мәсе­лен, Алма­ты­ның айна­ла­сын­дағы Заман­бек­тің өзі сал­ды­рған ауыл­дар­дың біріне арда аза­мат­тың атын беру­ге болар еді ғой?

– Көше­ге ат беру былай тұр­сын, асын беру үшін қан­ша­ма қиын­ды­ққа тап болға­ны­мы­зды жоға­ры­да айт­тым. Заман­бек пен Алтын­бек­тің, Асхат сияқты бей­күнә аза­мат­тың атын ардақтау үшін, елде­гі жүйе өзге­руі керек. Бүгін­гі қаса­ры­сқан авто­ри­та­ризм жағ­дай­ын­да сүй­е­гі асыл ару­ақтар­ды ұлы­қтау мүм­кін емес. Алды­мен Зәкең мен Алтын­бек­тің қаза­сы­на қаты­сты құпия ашы­луы керек шығар.

Иә, бүгін­де әркім мой­ын­дай­ды: Алма­ты­ның айна­ла­сын­дағы шағын аудан­дар мен елді мекен­дер­ге қаза­қтар­дың қоны­ста­нуы­на бір­ден-бір себеп­кер болған адам – Нұрқа­ді­лов. Қала сыр­тын­дағы «Думан», «Шаңы­рақ», «Бақай», «Тау­гүл» аудан­да­рын, Рысқұ­лов көше­лерінің төмен­гі жағын­дағы, Əл-Фара­бидің жоғарғы жағын­дағы иен жатқан жер­лер­дің бəріне қаза­қтар­дың қоны­ста­нуы Нұрқа­ді­ло­втің кезін­де бастал­ды. Осы күн­ге дей­ін Алма­ты­ны басқарған қай әкім қаза­ққа Нұрқа­ді­лов жасаған жақ­сы­лы­қтың жұр­нағын жасады?!

Көзі көр­ген, білетін жұрт­тың айтуын­ша, Зәкең Алма­ты базар­ла­рын жау­лай бастаған қытай­ларға шек­теу қой­ып, олар­ды ел шетіне кір­гіз­бе­уді қадаға­лаған екен. «Бара­хол­ка­дағы» қытай­лар өздері тығы­лып оты­рып, тау­ар­ла­рын қаза­қтарға сат­ты­рып­ты. «Қытай қау­пін» осы­дан 15 жыл бұрын біл­ген аза­мат­тың көзі тірі болған­да, қауіп­тің алдын алар ма едік деп, іштей өкініп жүремін.

Назар­ба­ев­тың атын көзі тірісін­де қала мен көше­лер­ге, әуе­жай­ға, оқу орны дей­сіз бе, кез кел­ген жер­ге жап­сы­рып жатқан­дар Заман­бек­тен зәре­дей қорқа­ты­ны құпия емес. Бірақ қаза­ққа Заман­бек­тей қыз­мет қылған әкім бол­маға­ны тағы аян…

– Жағым­паз­дар үстем болған заман­да өмір сүріп жатыр­мыз. Заман­бек пен Алтын­бек қаза болған­нан кей­ін, сая­си құр­бан­дар­дың ару­ағы­на бес жыл­дан соң тиісті үкі­мет­тік қаулы­ның аясын­да тағ­зым жаса­уға болар еді. Ал Зәкеңнің қай­тыс болға­ны­на биыл 15 жыл тола­ды. Бірақ қау­лы талап­та­рын орын­дап жатқан билік­ті көр­ген жоқ­пыз. Деген­мен мұны сая­си пар­ти­я­лар, қоғам­дық қозға­лы­стар қолға алуы тиіс. Заман­бек батыр ата­у­сыз қал­мауы керек. Тарих­та небір қиын заман өткен. Билік мой­ын­да­ма­са қой­сын: Заман­бек­тің аты тарих­та қал­ды, оны ешкім өші­ре алмай­ды. Өзі айтқан­дай, «бәріне уақыт пен халық төреші».

Ол кісі Алма­ты­да қаза­қтар­дың санын көбей­ту­ге үлкен үлес қосты. Алма­ты­дан жер алып, үй салған қара­пай­ым ауыл қаза­ғы да, сол кісінің қамқор­лы­ғы­мен бас­па­на­лы болға­ны зия­лы қауым өкіл­дері де аз емес. Марқұм Құдай­бер­ген Сұл­тан­ба­ев: «Біз Алма­ты­ны жау­лаған келім­сек­тер­дің тауы­ққо­рас­ын­да тұрған кез­де Нұрқа­ді­лов қала­лық атқа­ру коми­тетіне төраға болып келіп, қаза­қтың 2000 жазу­шы­сы мен өнер адам­да­рын пәтер­мен қам­та­ма­сыз етті», – деген еді.

Алма­ты қала­сын­да сол кез­де 8 аудан болған, оның алта­уы­ның «Пас­порт үстелін­де» бас­шы­лы­қта оты­рған оры­стар­ды қаза­ққа ауы­стыр­ды. Бұрын Алма­ты­да 24 пай­ыз ғана қазақ бол­са, Зәкең қала­ны басқарған жыл­да­ры бұл көр­сет­кіш 43 пай­ы­зға көтеріл­ді. Көше­лер­дің атын ауы­сты­руға да бел­сене араласты.

Шәм­ші Қал­да­яқо­вқа «Халық әртісі» атағын алып бер­ген де осы кісі екенін бәрі­міз біле­міз. Мақ­пал жең­ге­міз­ге үйлен­ген себебінің бірі осы – өнер­ге деген құр­меті екен ғой.

Бір­ді айтып, бір­ге кет­ті дей көр­меңіз­дер, кезін­де ет өнер­кәсібі мини­стрі болған Алы­ба­ев деген аға­мыз 2003 жылы бір аста оты­рған­да: «Осы жүйе Заман­бек­ті құр­бан ете­ді-ау!..» – дегені бар еді. Әулие екен, екі жыл өтпей жатып, Зәкең оққа ұшты…

Қоғам­да жаңа буын өсіп келе жатыр. Осы ұрпақ күні кеше­гі Заман­бек ағаға қаты­сты деректер­ден хабар­сыз. Қаза­қстан­ның жаңа тарихын­дағы «ақтаң­дақтар­дың» айтыл­мауы­на Назар­ба­ев себеп­кер деген пікір­ге орай не айтар едіңіз?

– Қан­дай құдірет бол­са да, уақыт пен тарих­тың теге­уріне қар­сы тұра алмай­ды. Он бес жыл тарих үшін аз уақыт емес, ұрпақ жаңа­ра­ды, заман тала­бы өзге­реді. Бірін­ші­ден, билік­ке бағы­ны­шты БАҚ – Заман­бек пен Алтын­бек тура­лы, демо­кра­ти­я­лық алаң­да қуғы­нға түс­кен, сая­си күш­тер мен сая­си тұлға­ларға қаты­сты ақпа­рат бер­мей­ді. Көз көр­ген­дер­дің қата­ры азай­ды. Жағым­паз жан­ты­қтар­дың билік­ті мақта­удан аузы боса­май­ды. Арда аза­мат­тар­ды үне­мі еске алып, ақпа­рат жари­я­лап оты­ра­тын «ДАТ»-қа рах­мет дейміз!

Алдағы уақыт­та Заман­бек аға­ның рухы­на қаты­сты шара­лар жүр­гі­зу ойда бар ма?

– Жыл сай­ын бил­ли­ард тур­ни­рін өткізіп, түр­лі шара ұйым­да­сты­рып, басы­на барып, құран бағы­штай­мыз. Күн өткен сай­ын еске ала­тын­дар­дың қата­ры сиреп жатыр. «Өзі жоқтың – көзі жоқ» деген рас екен, соңғы бір-екі жыл­да Рыс­бек аға еке­уі­міз ғана басы­на бара­тын бол­дық. Дос-жаран­да­ры, сая­сат­тағы әріп­те­стері де азайды.

Мақ­пал жең­ге­міз­ге рах­мет, еркек­тер «сынып» жатқан­да, жалғыз өзі Зәкеңнің мұра­жай­ын ұстап отыр. Зәкеңді құр­мет­тей­тін ел-жұр­ты мұра­жай­ға барып, өзін көр­ген­дей болып қай­та­ды. Мақ­пал Зәкеңнің Мерей­ін өсіріп отыр. Аман­дық бол­са, ол қызы­мыз биыл мек­теп бітіреді. Ақ жол тілейміз!

Ғаби­ден мыр­за, сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет! Заман­бек аға­мы­здың жұмақтағы жаны тірілер­ге сала­у­ат болсын!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн