Четверг , 3 июля 2025

Жасампаз партияны БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ!

Қаза­қстан­да құры­лу үстін­де­гі Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның алға­шқы съезі Алма­ты қала­сын­да 22 ақпан күні сағат 11.00-де «Almaty Hall» (Абы­лай хан мен Жам­был көше­лерінің қиы­лы­сы) мей­рам­ха­на­сын­да өтетінін бұған дей­ін хабар­ла­дық. Қызы­ғу­шы­лы­ғы бар бірқа­тар аза­мат­тар­дан сая­си пар­ти­я­ның бағы­ты мен бағ­дар­ла­ма­сы қан­дай бола­ды, жаңа­дан ұйым құру­дағы мақ­сат қан­дай деген сыңай­лы сұрақтар естілу­де. Осы­ған қаты­сты өз пікірім­ді біл­діруді жөн көрдім.

Егер пост­кеңе­стік елдер­де­гі, араб мем­ле­кет­терін­де­гі рево­лю­ци­я­ларға қарап отыр­сақ, бұл жағ­дай­дың тек­тен-тек пай­да бол­маға­нын түсі­ну­ге бола­ды. Мыса­лы, Укра­и­на­да Қаза­қстан­дағы­дай ешу­ақыт­та моно­лит­ті билік болған емес. Сая­си, эко­но­ми­ка­лық билік­тің тұтқа­ла­ры бір ғана бас­шы­да емес, бір­не­ше топ­тың қолын­да бол­ды. Сәй­кесін­ше, ол топ­тар­дың өзінің сая­си пар­ти­я­ла­ры, ақпа­рат құрал­да­ры мен билік­ке ықпал ете ала­тын күш­тері бол­ды. Көр­ші Қырғыз­стан­да да, Никол Паши­нян­ді билік­ке әкел­ген Арме­ни­яда да солай. Яғни, Қаза­қстан­да сая­си өзгерістер­дің тез ара­да жүзе­ге аспа­уы – халы­қтың енжар­лы­ғы­нан, не бол­ма­са қоғам­ның сая­си бел­сен­ділі­гінің төмен­ді­гі­нен емес, тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­да Назар­ба­ев­тың бар билік­ті өз қолы­на шоғыр­лан­ды­рып, жалғыз билеп-төсте­уші күш­ке айна­ла білуінде.

Қазір қарап отыр­сақ, елде бір­де-бір мықты сая­си күш жоқ. Соңғы оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар 2012–2013 жыл­да­ры талқан­дал­ды. ЖСДП пар­ти­я­сын­да Тұяқ­бай кет­кен соң бір өзгерістер бола ма деген үміт жылт етті де, лез­де сөн­ді. Ол да өзінің үйрен­шік­ті орны­на – билік­тің «қорас­ы­на» барып тығыл­ды. Бір­ді-екілі басы­лым­дар бол­ма­са, тәу­ел­сіз ақпа­рат құрал­да­ры тағы қалған жоқ. Яғни, халы­қты бірік­тіретін, жұмы­лған жұды­рық етіп, бүгін­гі авто­ри­тар­лы жүй­е­ге қар­сы бастай­тын күш қалған жоқ. Біздің құрға­лы оты­рған Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның мақ­са­ты осы – елді, аза­мат­тар­ды бірік­тіріп, сая­си ұйым ретін­де әділ­дік­ті талап ету, демо­кра­ти­я­лық рефор­ма­лар­ды жүзе­ге асыру.

Пар­тия, сая­си ұйым құру – бірі­гудің, қоғам бел­сен­ділерін бірік­тірудің негіз­гі фор­ма­сы. Сая­си күре­стің, қоғам­дық қыз­мет­тің инсти­ту­ци­о­нал­ды қалып­та­суы деу­ге де бола­ды. Митин­гілер, сая­си іс-шара­лар өткі­зудің де баста­у­шы­сы – пар­тия бола­ты­ны анық. Сана­у­лы адам­ның көше­ге быты­раңқы шыққа­ны қалай, тұтас сая­си пар­ти­я­ның халы­қты ұйым­да­сты­рып, талап қой­ға­ны қандай?

Соны­мен бір­ге бұл жер­де тағы бір маңы­зды мәсе­ле бар. Айта­лық, Қаза­қстан­да тек­то­ни­ка­лық сая­си өзгерістер бастал­ды делік: рево­лю­ция тарихын, оның шығу себеп­терін зерт­те­ген бірқа­тар Батыс ғалым­да­ры бар; соның ішін­де Кеңес Одағы­ның ыды­ра­уын 80-жыл­да­ры нақты тари­хи, сая­си, басқа­ру­шы­лық себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты болжаған ғалым­дар­дың еңбек­тері жазы­лған. Олар­дың айтуын­ша, рево­лю­ция жос­пар­лы түр­де, алдын ала дай­ын­да­лып, бір ұйым­ның я бір адам­ның ұйым­да­сты­руы­мен жүзе­ге аспай­ды. Рево­лю­ция – жер сіл­кінісі сияқты про­цесс. Оны болжау, осы күні бола­ды, мына­дай күш­тер ұйым­да­сты­ра­ды деп айту мүм­кін емес. Рево­лю­ци­я­лық про­цесс – бір­ша­ма уақы­тқа созы­ла­тын және күт­пе­ген жер­ден баста­ла­тын әрекет.

Ал ғай­ып­тан тай­ып, сон­дай төң­керіс жағ­дай­лар орын алған­да не бола­ды? Мем­ле­кет­тілі­гі­міз­ден айы­ры­лып қал­маудың кепілі бар ма? Билік­ті кім ұстап қала­ды деген­дей, уай­ы­мға толы мәсе­ле­лер жоқ емес.

Мыса­лы, Укра­и­на­ны алы­ңыз. Бірін­ші май­дан тұсын­да да, «Евро­май­дан» кезін­де де билік­ке кел­ген дай­ын күш­тер: оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар, тіп­ті пар­ла­мент депу­тат­та­ры бол­ды. 2014 жылғы рево­лю­ция тұсын­да негіз­гі үш күш: «Бать­ков­щи­на», «Удар», «Сво­бо­да» сияқты күш­тер бол­ды. Олар­дың Рада­да депу­тат­та­ры, ақпа­рат құрал­да­ры бол­ды. Арме­ни­яда да солай. Никол Паши­нян көше­де жүріп, жалғы­зілік­ті сая­сат­кер бол­ма­ды. Ол 2015 жылы «Граж­дан­ский дого­вор» атты пар­ти­я­ның құры­л­тай­шы­ла­ры­ның бірі болып, «Елк» атты блок арқы­лы 2017 жылы пар­ла­мент депу­та­ты атан­ды. Сол пар­ла­мент­те оты­рып, елде өзгерістер жаса­ды. Яғни, билік дала­да қалған жоқ, дай­ын тұрған оппо­зи­ци­я­лық күш­тер­дің қолы­на өтті. Араб елдерін­де жағ­дай сәл басқа­ша: олар­да оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар бол­маға­ны­мен, әске­ри­лер­дің рөлі қашан да күшті бол­ды. Түп­теп кел­ген­де, «араб көк­те­мі­нен» соң, билік әске­ри күш­тер­дің қолы­на өтті деу­ге болады.

Ал Қаза­қстан­да шұғыл өзгерістер туа қалған жағ­дай­да не бола­ды? Не пар­ти­я­сы жоқ, не ауыз тол­ты­рып айтар­лық қоғам­дық қозға­лы­сы жоқ, оның үстіне гео­са­я­си қиын жағ­дай­да орна­ласқан мем­ле­кеті­міздің тағ­ды­ры не бол­мақ? Міне, сол үшін де елі­міз­де қалып­тасқан, халық ара­сын­да беделі бар, абы­рой­лы сая­си пар­ти­я­ның болуы ауа­дай қажет. Оның үстіне пост­на­зар­ба­ев­тық кезең­де бір ғана пар­тия не сая­си ұйым бол­мауы керек. Демо­кра­ти­я­лық қоғам орна­туға, сая­си пар­ти­я­лар­дың көп­теп шығып, плю­ра­лиз­мнің қалып­та­суы­на, БАҚ-тың еркін­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге және әділет­ті, ашық пар­ла­мент­тік, пре­зи­дент­тік сай­лау өтуіне мүм­кін­дік болуы тиіс. Біздің мақ­са­ты­мыз – қазір­гі авто­ри­тар­лы билік­тің орны­на тағы бір дик­та­ту­ра­ны алып келу емес, демо­кра­ти­я­лық жүйе қалыптастыру.

Ондай пар­ти­я­ны құру про­цесі қазір қызу жүзе­ге асып жатыр. Біздің сая­си бағ­дар­ла­ма­мы­зда мына­дай мәсе­ле­лер көз­дел­ген: пар­ла­мент­тің рөлін күшей­тіп, пре­зи­дент­тік билік­ті шек­теу; елба­сы, тұңғыш пре­зи­дент және қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы сияқты «соқы­рі­шек» лау­а­зым­дарға жол бер­ген заң­дар­ды жою; сай­лау тура­лы, сая­си пар­ти­я­лар тура­лы, бей­біт жиын­дар тура­лы, БАҚ тура­лы жаңа заң­дар қабыл­дау; бүгін­гі бір адам­ның мүд­десін қорғай­тын кон­сти­ту­ци­я­ның орны­на адам құқы­ғы мен демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды қорғай­тын жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­дау. Соны­мен бір­ге Дем­пар­ти­я­ның баста­ма­шыл тобы сая­си тұтқын­дар­ды боса­ту мәсе­лесін де күн тәр­тібін­де­гі негіз­гі про­бле­ма ретін­де көте­руді көздеуде.

Сая­си рефор­ма­лар­ды ата­уы­мы­здың себебі де бар. «Алды­мен – эко­но­ми­ка, сосын – сая­сат» деген Назар­ба­ев­тың тезисі жалған екенін өмір­дің өзі, басқа дамы­ған елдер­дің мыса­лы көр­сет­ті. Қай­сы­бір эко­но­ми­ка­сы дамы­ған, ауқат­ты елді алсақ та, олар­да эко­но­ми­ка­лық даму демо­кра­ти­я­лық рефор­ма­мен қатар жүзе­ге асты. Онсыз эко­но­ми­ка­ның дамы­м­ай­ты­нын, өсім­нің бол­май­ты­нын дәлел­де­ген мысал­дар аз емес.

Бір ғана мысал кел­тірей­ік. АҚШ пен Мек­си­ка­ны бөліп тұрған Нога­лес қала­сы бар. АҚШ-тың Нога­лесі дамы­ған, жарқы­раған ғима­рат­та­ры бар зама­на­уи қала. Мек­си­ка­ның Нога­лесі бұдан көп арт­та қалып қой­ған. Қара­саңыз, еке­уі бір қала. Бірақ екі сая­си жүй­е­де орна­ласқан: бірі демо­кра­ти­я­лық АҚШ-та, екін­шісі – көп жыл­дар бойы дик­та­ту­ра­да болған Мексикада.

Елдер­дің мыса­лы­на кел­сек, Оңтүстік Корея мен Сол­түстік Коре­я­ны алы­ңыз. Бір ұлт, екі сая­си жүйе. Қай­сысы алда, қай­сысы арт­та қалға­нын жұрт­тың бәрі жақ­сы біледі. Оның себебі гео­гра­фи­яда, мен­та­ли­тет­те неме­се басқа­да емес, қалып­тасқан сая­си жүй­е­де. Сон­ды­қтан демо­кра­ти­я­лы Қаза­қстан орнаған тұста эко­но­ми­ка­лық даму баста­ла­ты­ны анық.

Қазір Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны құру­шы­лар тобы алға­шқы съезд өткі­зу жұмысы­на бел­сен­ді кірісті. «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» заң бой­ын­ша, бұл жиы­нға ең кемін­де 1 мың адам жина­луы тиіс. Осы себеп­ті қазір съез­ге қаты­са­мын деген аза­мат­тар­дың тізі­мін дай­ын­дап, баста­ма­шыл топ­тың қата­рын одан әрі толы­қты­рып жатыр­мыз. Алға­шқы съез­ге қаты­са­мын деген аза­мат­тар­дың 15 ақпанға дей­ін тір­ке­луіне мүм­кін­ді­гі бар. Алдын ала тір­кей­тін себебі­міз екі мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты. Бірін­ші­ден, заң­ның тала­бы. Алға­шқы съез­ге тек қана баста­ма­шыл топ өкіл­дері қаты­са ала­ды. Ал ол үшін тір­келіп, баста­ма­шыл топқа қосы­лу керек.

Екін­ші­ден, билік түр­лі аран­да­ту­лар ұйым­да­стыр­мас үшін, аза­мат­тар съез­ге алдын ала тір­кел­ген тізім бой­ын­ша ғана қаты­са ала­ды. Сон­ды­қтан біздің қата­ры­мы­зға қосы­лып, пар­ти­я­ны бір­ге құруға шақы­ра­мыз! Егер Алма­ты қала­сын­да бол­саңыз, 8‑ықшамаудан, 4а үй, 405-каби­нет­ке келу­ге бола­ды. Бар­лық сұрақтар, соның ішін­де басқа қала­лар­да тір­ке­лу мәсе­лесі бой­ын­ша мына теле­фонға хабар­ла­суға бола­ды: +7 747 644 2979.

Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны ұйымдастыру

коми­тетінің атынан –

Жан­бо­лат МАМАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн