Пятница , 4 июля 2025

Рудан… ҚҰРУ тарайды

Осы мақа­ла­да қозғал­мақ тақы­рып­тың мән-жай­ын ашу үшін, сөзді әрі­ден бастаған дұрыс болып тұр. Сонау 1999 жыл­дың ақпан айын­да Жам­был облы­сы­на әкім болып Серік Үмбе­тов кел­ді. Секең келе сала, облы­сты «шапы­ра­шты­лан­ды­ру» мәсе­лесін қызу қолға алды. Шапы­ра­шты руы­нан шыққан­дар­ды ойдан-қыр­дан жинап, олар­дың шама-шарқы­на тиісті баға бер­мей, облыс әкім­ді­гінің бір­не­ше басқар­ма бас­шы­лы­ғы­на тағай­ын­да­ды. Бұрын жұмыстан қуы­лып, ауыл­да «шөп өсіру­мен» айна­лы­сып жүр­ген Әлі­бек Әмзеев­ті алды­рып, оны облы­стың мәде­ни­ет басқар­ма­сы­ның басты­ғы етіп тағай­ын­да­ды. Табан асты­нан Әмзеев­ті жоғарғы лау­а­зым­ды қыз­мет­ке тағай­ын­дау – облы­ста «шапы­ра­шты­лан­ды­ру» жұмысын қарқын­ды жүр­гі­зу үшін керек болды.

Соны­мен облы­ста жедел түр­де екі бір­дей – «Қара­сай батыр» және «Көшек батыр» қор­ла­ры құрыл­ды (Еске салай­ық, шапы­ра­шты­ның ішін­де­гі көшек – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың руы. – Ред.). Қор­дың біріне – Әлі­бек Әмзеев, екін­шісіне – оның інісі Жәні­бек Әмзеев жетек­шілік­ке сай­лан­ды. Бұл жөнін­де, ұмыт­па­сам, «ДАТ» газетінің 1999 жыл­дың қара­ша айын­дағы бір нөмірін­де «Қара­сай­дың әру­ағы әмзеев­тер­ді кешір­мей­ді» деген үлкен мақа­ла жария бол­ды. Айт­са – айтқан­дай, Алла­ның ісі болар, көп ұза­май Жәні­бек дүни­е­ден озды…

  • Ал Серік Үмбе­то­втің сені­міне кір­ген Әлі­бек Әмзеев өзіне жүк­тел­ген «шапы­ра­шты­лан­ды­ру» жұмысын ары қарай жалға­сты­ра бер­ді. Көшек батыр – Қара­сай батыр­дың бала­сы болған деп, ойдан тарих құра­с­ты­рыл­ды. Жоңғар­дың жара­лы жауын­герінің қолы­нан қаза тапқан Көшек батыр­дың сүй­е­гі Жам­был облы­сы­ның Талас ауда­ны­на қарас­ты, жақын маңын­да елді мекен жоқ, айда­ла­да, бұрын «Көшек» деп ата­ла­тын төбе­де жатыр деп, басы­на күм­без тұрғы­зыл­ды (фото). Көп күт­тір­мей, артын­ша, «тұлы­пқа мөңіре­ген сиыр» сияқты, баба­сы­ның сүй­е­гін ізде­ген пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бір­не­ше мәр­те күм­без­дің басы­на келіп кетті.

Сол екі орта­да «шапы­ра­шты­лан­ды­ру» науқа­ны­на қажет­ті жаңа деректер «табыл­ды». «Түп-тұқи­ян­нан өзі­ме дей­ін» деген шапы­ра­шты руы­ның тарихы жазы­лған кітап­та Қара­сай батыр­дың Көшек батыр деген бала­сы бол­маға­ны тура­лы жазылды.

Соған қара­ма­стан, жалған тарих­ты наси­хат­тау облы­ста жүріп жат­ты. Осы жай­ды Көшек батыр күм­безін ашуға келіп, Н.Назарбаевтың өзі қаты­сқан жиын­да Қыдыр­бек Балға­бекұлы­ның қызы Бал­нұр аны­қтап айтып бер­се де, жалған тарих­шы­лар­ды тоқта­тын күш бол­ма­ды. Бұл үрдіс Үмбе­тов облы­стан кет­кен­ше жалға­сып жатты.

Бүгін­де Көшек­тің күм­безі ешкім­ге кере­гі бол­май, айна­ла­сы Әмзеев­тің фазен­да­сы­на айна­лып, ұлан дала­да жетім бала­ның күй­ін кешіп, жалғыз тұр. Назар­ба­ев та, Үмбе­тов те баба­сын іздеп, күм­без­дің басы­на келуді тоқтат­ты. Иә, «өтірік­тің құй­ры­ғы бір-ақ тұтам» деген осы. Ойдан құралған жалған тарих осы­лай­ша көмес­кі­леніп кете барды.

Бұл жағ­дай­ды өткен әңгі­ме ғой деп, жылы жауып қоя салуға болар еді. Алай­да сол ескір­ген әңгі­мені қай­та­дан қоз­ды­рған Әмзеев­тің өзі болды.

Жаңа­дан туын­даған мәсе­ле – Тараз­дың көне қала аумағын­дағы алаң­да орна­ласқан Жам­был Жаба­ев­тың ескерт­кі­шін алып тастап, мүсін­ді жаңа­дан жасап, оның тұрған орнын ауы­сты­рып, облыс әкім­ді­гінің алды­на қою төңіре­гін­де өрбіді. Облы­сқа жаңа кел­ген бас­шы Асқар Мыр­за­хме­тов өткен жылы басқа жұмысты жиы­сты­рып қой­ып, алды­мен қала­ның бет-бей­несін өзгер­ту­ге кірісті. Сол ойын іске асы­ру­дың бірі – Жам­был­дың ескерт­кі­шін қай­та жаса­тып, оны облыс әкім­ді­гінің алды­на орна­ла­сты­ру еді. (Ел ішін­де жүр­ген бір деректер­ге қараған­да, Асқар Мыр­за­хме­то­втың әкесі Назар­ба­евқа түп наға­шы болып келеді. – Ред.).

Мыр­за­хме­то­втың бұл көре­ген­ді­гіне там­санған жер­гілік­ті жағым­паз­дар оны жер-көк­ке сый­ғы­з­бай мақтай жөнел­ді. Жам­был­дың мүсіні қай­та жаса­лып, жаңа оры­нға – әкім­дік­тің алдын­дағы алаң­шаға көшті. Ең қызы­ғы – осы ескерт­кі­шті ашу рәсі­мі Ә.Әмзеевке тап­сы­рыл­ды. Сол кез­де Әлі­бек мыр­за­ның: «Бабам өз тұғы­ры­на қон­ды. Ескерт­кі­штің облыс әкім­ді­гі ғима­ра­ты­ның алдын­да тұруы – тари­хи оқиға» деп, көпі­ре сөй­ле­гені талай тараз­ды­қтар­дың есінде.

Деген­мен, кей­ін­нен тари­хи мұра болып есеп­тел­ген ескерт­кі­шті қай­та жасап, орнын ауы­сты­ру­да жіберіл­ген заң­сызды­қтар көп­шілік­тің нара­зы­лы­ғын туды­рып, арты үлкен дау-дамай­ға айнал­ды. Облыс әкі­мі­мен ұза­ққа созы­лған текетіре­стен кей­ін, облы­стағы қоғам бел­сен­ділерінің табан­ды­лы­ғы­мен, жақын­да Жам­был ақын­ның бұры­нғы ескі мүсіні кері қай­та­рыл­ды. Бірақ тұрған орны ауы­сты­рыл­ма­ды. Жәкең ескерт­кі­шінің айна­ла­сын­дағы дау-дамай тек шапы­ра­шты руы­ның жеке­ле­ген өкіл­дерін ғана емес, облы­ста тұрып жатқан бар­лық исі қаза­қтың нара­зы­лы­ғын тудыр­ды. Олай бола­тын себебі – тари­хи ескерт­кіш ретін­де қабыл­данған бұры­нғы Жам­был­дың тұлға­сы бүкіл қаза­қтың ортақ мұра­сы еді.

Жам­был­дың тұлға­сын жеке­ше­лен­ді­ру – тек Әмзеев сияқты рушыл пасы­қтар­дың ғана миы­на кіретін дүние. Олай деп оты­рға­ным – күні кеше ғана Тараз қала­сын­дағы бір ресто­ран­да Әмзеев­тің бір топ шапы­ра­шты­лар­ды жинап, Жам­бы­лға арнап ас беруі. Осы аста Әмзеев­тің «Тараз қала­сы­ның құр­мет­ті аза­ма­ты» атағы­нан бас тар­тып, куәлі­гін қала мәс­ли­ха­ты­на өткізіп, табан астын­да тас-талқан болып бұл­да­нуы түсініксіз болып тұр…

Әлі­бек Әмзеев облы­стың мәде­ни­ет сала­сын басқа­рып жүр­ген кезін­де облы­стық дра­ма театр­дан Абай­дың, қала­дағы үлкен басты кино­те­атр­дан Шоқан Уәли­ха­но­втың ата­у­ла­рын алып тастаған­да, мәу деп дыбыс шығар­маған еді. Енді оның Жам­был­дың бұры­нғы ескерт­кі­ші үшін сон­ша­лы­қты шала бүлініп жүр­гені бел­гісіз жай. Оның үстіне біз – тараз­ды­қтар біле­міз ғой: әшей­ін­де бес ада­мға шай беру­ге сараң Әлі­бек­тің бір қора ада­мға өз есебі­нен ас беруі де қисы­нға кел­мей тұр.

Тура­сын айтқан­да, Әмзеев Жам­бы­лға арнап ас беретін­дей, Жам­был ата­мыз оның тіке­лей тараған әулеті­нен емес. Жам­был – Беса­рыс болып, қыз алы­са­тын шапы­ра­шты­ның Екей руы­нан, ал Әмзеев – Шыбыл ата­дан тарайды…

Қисын­сыз жер­ге қия­лай келіп, сына­дай сіңетін ептілер көп. Шапы­ра­шты­ны даб­ы­ра ететін де сол ептілер Бал­нұр Қыдыр­бекқы­зын Алма­ты­дан ат ары­тып алды­рып, Таразға әкеліп, асқа қаты­сты­руы – трай­ба­лизмдік сая­сат­тың аста­рын­да жатқан мәсе­ле бол­са керек… Оған қоса, жақын­да Қай­рат Саты­бал­ды­ның (Назар­ба­ев) Сары­аға­шта өз әкесінің аты­на мұсыл­ман орта­лы­ғын ашуы – алда үлкен бір рулық қозға­лы­стың бар екен­ді­гін аңғарт­са керек.

Онсыз да мем­ле­кет­ті 30 жылға жуық басқарған бір адам­ның қиям­пұрыс сая­са­ты сал­да­ры­нан шапы­ра­шты десе, жал­пы қаза­қтың кір­пі­дей жиы­ры­лып, теріс айна­ла­тын­дай жағ­дай­ға жет­кені аз ба еді? Соны­мен қоса қаза­қтың басы бірік­пей, тары­дай шашы­лып, әркім өз бетін­ше ру қуып, бір-бірі­мен өза­ра ала­у­ыз болып оты­рға­ны кім­нің мүд­десін қуған қулық?

«Бөлін­ген­ді – бөрі жей­ді» деген сөз бар. Бір қаза­ққа, тұтас ұлтқа бірі­гей­ік, ағай­ын! Есі­мізді жиып, ете­гі­мізді жинап, тұғы­ры биік ел болайық!

Өмір­бай САБЫРОВ,

«Ел бола­шағы» қоғам­дық ұйымы

Жам­был облы­стық бөлім­ше­сінің төраға­сыттттттттттт

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн