Пятница , 4 июля 2025

АХМЕТОВТЫҢ алдарқатуына КЕЛІСПЕЙМІЗ!

Шека­ра­лық аудан­дар про­бле­ма­сы­на қаты­сты «ДАТ» газетінің 5 жел­тоқ­сан 2019 жылғы (№45–505) санын­да «Дани­ал не дей­ді, халық не дей­ді?» деген тақы­рып­пен жари­я­ланған мақа­лаға орай үн қосу­ды жөн санадым.

Қытай­мен шека­ра­лық аймақтар­да орна­ласқан аудан­дар халқы­ның мұңын жоқтаған мақа­ла­да ШҚО әкі­мі Дани­ал Ахме­тов мыр­за­ның Орта­лық ком­му­ни­ка­ци­я­лар қыз­метін­де өткен бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да «бір­де-бір жаңа аудан ашпай­мыз», «айт­тым – біт­ті, кест­ім – үзіл­ді» деген шолақ-шол­жаң сөзі себеп­кер болған екен. ШҚО-дағы шека­ра­лық Катонқа­рағай, Марқа­көл, Тар­баға­тай аудан­да­ры­ның мәсе­лесін елдік дәре­же­де­гі диа­ло­гқа шығарған «ДАТ»-қа рах­мет айтамыз.

Ал Ахме­тов мыр­за­ның «кесі­міне» бай­ла­ны­сты, бірін­ші­ден, айтай­ын: елде­гі халы­қтың тағ­ды­рын дүре­гей дани­ал­дар емес, «Қаза­қстан» деген ата­уы бар мем­ле­кет­тің билі­гі шешеді. Екін­ші­ден, елде­гі қоғам­дық-сая­си жағ­дай халы­қтың ығы­на қарай жығы­лған сыңай бар: ахме­то­втар­ды аттан ауда­рып тастай­тын нөпір­дің қыжы­лы қат­ты екенін ұмыт­пау керек.

Марқа­көл ауда­нын қай­та­дан ашу­ды сөз етіп, облыс әкі­міне марқа­көл­дік 45 ақсақал барған екен. Ахме­то­втың айтуы бой­ын­ша, сол 45 адам­ның біре­уі ғана Марқа­көл­де тұрып, қалған­да­ры облыс орта­лы­ғы – Өске­мен­ге қоны­станған арда­гер­лер екен. Яғни, Дани­ал­дың деуіне қараған­да, «44 шал­дың» Марқа­көл­ге қаты­сы жоқ.

Тіп­ті солай-ақ бол­сын, «44 шал» ері­гіп жүріп, ШҚО әкі­міне кіре салған екен дей­ік. Бірақ әкім­нің сөзіне көніп, Марқа­көл ауда­нын ашу­дың қажет­ті­гі жоқты­ғы­на мой­ын­сұнған 44 ақсақал­дың басқа ауданға – біз тұра­тын бұры­нғы Тар­баға­тай ауда­ны мен оның орта­лы­ғы Ақжарға қан­дай қаты­сы бар?

Біз – тар­баға­тай­лы­қтар ол «44 шал» сияқты, әкім­нің алдарқа­туы­на көн­бей­міз: біз­ге жабы­лған ауда­ны­мы­здың қай­та­дан ашы­лға­ны ауа­дай қажет мұқтаж­дық. Біз­ге Ақсу­атқа қарап қалған Ақжа­ры­мыз бен бұры­нғы Тар­баға­тай ауда­ны­ның ауыл­да­рын дамы­ту­дың «ахме­то­втік бағ­дар­ла­ма­сы» емес, ауда­ны­мы­здың ашы­лға­ны қажет. Егер орта­лы­ғы Ақжар кен­ті болып, Тар­баға­тай ауда­ны­мыз қай­та­дан ашы­лып жатар бол­са, біз өз өлке­мізді өзі­міз көркейтеміз!

Екін­ші­ден, ешкім де Ахме­тов әкім­нен су жаңа аудан ашып бер деп сұрап оты­рған жоқ. Қаза­қтың бас сар­да­ры Қабан­бай ата­мыз ақ білек­тің күші­мен, ақ най­за­ның ұшы­мен, ақ алма­стың жүзі­мен қорғаған, Қубас тұл­па­ры­ның тұяғы­ның ізі қалған тари­хи маңы­зы бар, қаси­ет­ті де киелі бұры­нғы шека­ра­лық аймақ – Тар­баға­тай ауда­нын қай­та қал­пы­на кел­тіруді сұрап отыр­мыз. Жаңа аудан ашу мен 22 мың­нан астам халық өмір сүріп жатқан бұры­нғы дай­ын аудан­ды қай­та­дан қал­пы­на кел­тірудің ара­сы жер мен көктей.

Сонды­қтан біз – Тар­баға­тай ауда­ны, Ақжар өңірінің халқы Д.Ахметов мыр­за­ның «бір­де-бір жаңа аудан ашпай­мыз, аудан ашқан­да, тек қана жаңа жұмыс­кер­лер­дің бас­па­на мәсе­лесін шешу үшін 9 млрд тең­ге кете­ді» деген уәжі­мен түбе­гей­лі келіс­пей­міз. Себебі біз де есеп біле­міз. Осы бер­тің­гі жыл­да­ры Тар­баға­тай ауда­ны­ның Жан­ті­кей мен Көк­жы­ра ауыл­да­рын су басып, тасқын шай­ып кет­кен кез­де, мем­ле­кет екі ауы­лға жаңа­дан зама­на­уи ғима­рат­тар, мек­теп, ауру­ха­на, әкім­шілік үйі, бай­ла­ныс тора­бы, 400-ге жуық тұрғын үй салып бер­ген­де, бар-жоғы 7 млрд тең­ге ақша жұм­сал­ды. Бөлін­ген мем­ле­кет қара­жа­ты­ның мөл­шер­мен 1 мил­ли­ар­дын жемқор­лар қол­ды қыл­ды деген­нің өзін­де 2 ауы­лға 3‑тен 6 млрд қар­жы жұм­салған шығар.

Сон­да қара­пай­ым түр­де сау­сақ­пен санап есеп­те­ген­де, Ахме­тов мең­зеп оты­рған 9 млрд тең­ге­ге бір моноқа­ла тұрғы­зуға бола­тын шығар. Облыс әкі­мінің өзі айтып оты­рған­дай, жаңа шене­унік­тер­ге тұрғын үйді «алты­н­мен аптап, күміспен күп­теп» салып бер­се де, 9 млрд тең­ге өте көп­тік ете­ді. Себебі – біздің Ақжар ауы­лын­дағы салы­нған қор­ша­у­сыз, ас үйсіз, гараж­сыз, қора-қоп­сысыз, әжет­ха­на­сыз үйдің қу басы ғана 5–6 млн деп баға­ла­на­ты­нын біле­міз. Енде­ше аудан­ды басқа­руға келетін 30 жаңа шене­унік­ке бас­па­на салып бер­ген­нің неме­се үй алып бер­ген­нің өзін­де асы­ра сіл­теп, жоғарғы жақты­кі жөн деп, әр үйді 10 млн тең­ге­ден баға­ла­сақ, бар-жоғы 300 млн тең­ге жұм­са­ла­ды екен.

«Ал қалған мил­ли­ард­тар­ды қай­да жібе­ре­міз?» деген заң­ды сұрақ бұл жер­де өзі­нен-өзі туын­дай­ды ғой. Біз 100 пай­ыз сенім­ді­міз, егер Тар­баға­тай ауда­ны қай­та қал­пы­на кел­тірілетін бол­са, ешкім де Ақжар ауы­лы­нан 30 жаңа шене­унік­ке бас­па­на алып бермейді. 

Қол болар­лық елің бар,

Қол бастар­лық ерің бар, 

Ата­дан қалған жолың бар, 

Тек оты­рып, құл болсаң, 

Ата­дан туды деп кім айтар? – деп, өз кезін­де­гі елінің қамқор­шы­сы болған Төле би ата­мыз айтқан­дай, «аудан болар­лық елі­міз бар, жет­кілік­ті жері­міз бар, ел басқа­рар ері­міз бар»! Елде­гі дағ­да­рыс жағ­дай­ды наза­рға алып айтар бол­сақ, біз­ге басқа жақтан кел­ген чинов­ник­тер қажет емес! Жер­гілік­ті халы­қтан суы­ры­лып шыққан аза­мат­тар өз ауда­ны үшін, өзінің халқы үшін, өздерінің туған жері үшін адал қыз­мет қыла ала­ды! Олар алақан жай­ып, бас­па­на сұра­май­ды. Сырт­тан бас­шы әкел­сек, үй-күй сұрай­ды, олар­дың жағ­дай­ла­рын жасап, күй­лерін күйт­теп, күтім­ге алуға тура келеді. Ел басқа­ра­тын өзі­міздің қол­ту­ма жер­гілік­ті аза­мат­та­ры­мыз да жетіп артылады!

Біз­ге тек Дани­ал Ахме­тов мыр­за­ның ақжар­лы­қтарға ады­рай­май, оң көзі­мен қарап, біздің тала­бы­мы­зды Ақор­даға, ел үкі­метіне жет­кіз­се және сол ұсы­ны­стың қол­дау табуы­на қамқор­шы бол­са – жет­кілік­ті. Біз одан аспан­дағы айды алып бер демей­міз. Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Аман­дық Бата­лов сияқты, өзінің жер­гілік­ті халқын қол­да­уы ғана керек.

Негізін­де, біздің Тар­баға­тай ауда­ны­ның Ақжар ауы­лын­да аудан құруға қажет басты меке­ме­лер – сот, про­ку­ра­ту­ра, поли­ция, әкім­шілік, мек­теп, ауру­ха­на өз орын­да­рын­да, жөн­де­уді аса қажет етпей­тін зама­на­уи ғима­рат­тар­да өз мін­дет­терін қол­да­ры­нан кел­ген­ше, шама­ла­ры жет­кен­ше атқа­рып отыр. Олар үшін жаңа ғима­рат­тар салу­дың ешқан­дай қажет­ті­гі жоқ. Жуы­қта жаңа­дан бой көтер­ген мек­тебі­міз пай­да­ла­нуға берілетін бол­са, тағы да көп­те­ген ғима­рат­тар көшіріліп, олар­дың орны босай­тын бола­ды. Ақжар­дағы үш қабат­ты пошта ғима­ра­ты­ның 80 пай­ы­зы бос тұр; кезін­де жеке қолға тегін беріліп кет­кен жап-жақ­сы 2 қабат­ты бала­бақ­ша да бос тұр.

Бір сөз­бен айтқан­да, аудан ашуға қажет қан­дай меке­ме бол­сын, ғима­ратқа зәру емес. Оның үстіне бұрын­да­ры жол беріл­ген қателік­тер қай­та­лан­бас үшін және шека­ра­лық аймақ – Тар­баға­тай ауда­нын қай­та қал­пы­на кел­тіруді ел пре­зи­ден­ті­нен сұрап оты­рған ақсақал­дар мен жер­гілік­ті зия­лы­лар аудан әкі­мі С.Сәдуақасов мыр­за­ға басты және қажет­ті ғима­рат­тар­ды жеке мен­шік­тер­ге қалай бол­са, солай үле­стіріп бер­меу тура­лы талап қой­ған болатын.

ШҚО әкі­мі Дани­ал Кен­же­тай­ұ­лы біздің дауы­сы­мы­зды, мұң-зары­мы­зды есті­мей­тін сияқты, бір-бірі­мізді түсін­гі­міз де, ұққы­мыз да кел­мей­тін секіл­ді. Бірақ біз – Тар­баға­тай ауда­ны, Ақжар өңірінің халқы қан­дай жағ­дай да бол­сын, өңір бас­шы­сы Д.Ахметов мыр­за халқы­на бір табан жақын­дап, өз пікірін өзгер­тіп, қыз­мет­тік мін­деті­нен тыс адам­гер­шілік, аза­мат­тық таны­тып, біздің талап-тіле­гі­мізді ел бас­шы­лы­ғы­на жет­кі­зеді деген ойда­мыз. Шека­ра­лық аймақ – бұры­нғы Тар­баға­тай ауда­нын қай­та қал­пы­на кел­ті­ру мәсе­лесін шешу үшін, облыс әкі­мі өзінің оң ұсы­ны­сын пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­евқа жол­дап, аудан­ды қал­пы­на кел­тіру­ге ат салы­са­ды деп үміттенеміз.

Маған уль­ти­ма­тум қой­ды демесін, егер біздің тала­бы­мы­зды қарас­ты­рып, рес­пуб­ли­ка бас­шы­лы­ғы­мен бір­ге аудан­ды қал­пы­на кел­ті­ру мәсе­лесіне атүсті қарай­тын бол­са, онда біз – жер­гілік­ті бел­сен­ді аза­мат­тар нара­зы­лық акци­я­сын баста­уға мәж­бүр бола­мыз. Бұл біздің ең соңғы үміті­міз бола­ды. Біз­де басқа амал жоқ.

Сер­жан ШӨКЕЕВ,

Тар­баға­тай ауда­ны, Ақжар ауы­лы­ның тұрғыны

Қапер қылу үшін

БАТАЛОВТЫҢ БАТАСЫ Даниалға дәріс бола ма?                                                 

Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Аман­дық Бата­ло­втың Нары­нқол ауы­лы тұрғын­да­ры алдын­да сөй­ле­ген сөзі­нен (20 жел­тоқ­сан, 2019 жыл):

Құр­мет­ті, Рай­ым­бек ауда­ны­ның тұрғын­да­ры! Қадір­мен­ді қауым! Бүгін Рай­ым­бек ауда­нын­да жаңа ғима­рат­тар салы­нып, пай­да­ла­нуға беріліп отыр. Осы қуа­ны­шпен бар­шаңы­зды шын жүрек­тен құттықтаймын! 

Өткен жылы ел пре­зи­ден­тінің Жар­лы­ғы­мен әкім­шілік орта­лы­ғы Нары­нқол болып, Рай­ым­бек ауда­ны қай­та құры­лған еді. Содан бері шека­ра­лық аудан­ды қай­та түле­ту­ге барын­ша қол­дау көр­сетілу­де. Оған облы­стың бар­лық аудан, қала­ла­ры үлес қосып келеді. Аудан­ды қал­пы­на кел­тіріп, дамы­ту үшін 2018 жылы облы­стық бюд­жет­тен 1,8 млрд тең­ге бөлін­ді. Ал биы­лғы жылы қар­жы­лан­ды­ру 3,9 есе­ге артып, 7 млрд тең­ге­ге жетті. 

Аудан құры­лға­лы бері Нары­нқол ауы­лын­да 20 жал­гер­лік үй, тұрғын үймен бірік­тіріл­ген 8 учас­келік поли­ция пунк­ті салын­ды. Ауыл­дың ішкі жол­да­ры жөн­дел­ді, Мұқаға­ли Мақа­та­ев атын­дағы мұра­жай мен аудан­дық Мәде­ни­ет үйіне жөн­деу жасал­ды. Кар­топ­ты өндірістік мас­шта­б­та өсі­ру қолға алын­ды. Біз кар­топ өндірісін дамы­ту үшін, арнайы сер­ви­стік дай­ын­дау орта­лы­қта­рын құрып, тех­ни­ка­лар алуға облыс бюд­жеті­нен 500 млн тең­ге бөл­дік. Кар­топ тұқы­мы­ның эли­та­лық сор­тын сатып алдық. Осын­дай мем­ле­кет­тік қол­да­у­лар­дың арқа­сын­да аудан еңбек­кер­лері биы­лғы жылы жақ­сы көр­сет­кіш­ке қол жеткізді. 

Ең басты­сы – тұрғын­дар Нары­нқолға қай­та ора­ла баста­ды. Мәсе­лен, бүгін­ге дей­ін 2 мың­дай тұрғын туған ауда­ны­на қай­тып кел­ді. Оның ішін­де жас маман­дар да көп. Бұл жұмыстар әлі де жалға­са­тын болады. 

Бүгін аудан әкім­ді­гі мен рес­пуб­ли­ка­лық бағы­ны­стағы мем­ле­кет­тік меке­ме­лер орна­ласқан ғима­рат­тар­ды, сол сияқты Сер­ви­стік әкім­шілік­ті ашқа­лы отырмыз.

Осы меке­ме­лер­дің халы­ққа сапа­лы қыз­мет көр­сетіп, жұмыс істе­уіне мұн­да бар­лық қолай­лы жағ­дай­лар жасалған. 

Жаңа ғима­рат­тар­дың ашы­луы құт­ты болсын!

Түп­нұсқа://7‑su.kz/news/cat-19/6289/

Желі­де­гі жазбалар

ШЕКАРАДАҒЫ

ШЕТІН МӘСЕЛЕ

«Ай дала­дағы ақ ота­удай» иен қалған елді мекен­дер­дің халқы Марқа­көл ауда­нын қай­та құру мәсе­лесін облыс бас­шы­сы­на, ел пре­зи­ден­тіне өткір қой­ған бола­тын. Мем­ле­кет­тік шека­ра­ның жалаңа­шта­нуы – ең бірін­ші Тәу­ел­сізді­гі­міз үшін қауіпті!

Жалпы шека­ра бой­ын­да орна­ласқан елді мекен­дер­ден ел үде­ре көш­келі 23 жыл болып­ты. Көш әлі тоқтаған жоқ. Егер кезін­де эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты ірі­лен­діріл­ген, шека­ра бой­ын­дағы аудан­дар қай­та­дан қал­пы­на кел­тіріл­ме­се, бұл көш тоқтай­тын емес.

Бұл тұрғы­да кеше ғана бөлініп шыққан Алма­ты облы­сын­дағы Нары­нқол ауда­нын мысалға кел­тіру­ге бола­ды. Бүгін Нары­нқол ауда­ны­ның «қаға­нағы – қарқ, саға­нағы – сарқ», жағ­дайы тама­ша. Кет­кен ел қай­та­дан туған жер­леріне келіп, қоны­ста­нып жатыр. Қуа­ны­шта­рын­да шек жоқ.

Неге Алма­ты облы­сын­да шека­ра бой­ын­дағы аудан бөлініп, жеке аудан болып шыға­ды, ал шығы­стың 1000 шақы­ры­мға жуық шека­ра бой­ы­на орна­ласқан аудан­дар жеке аудан болып бөлін­бей­ді? Не кедер­гі? Шека­ра­дан шека­ра­ның қан­дай айыр­ма­шы­лы­ғы бар? Себебі түсініксіз.

Үкі­мет халы­қтың мұң-мұқта­жын, талап-тіле­гін шешу­ге мін­дет­ті. Ал үкі­мет­тің алды­на аймақтағы туын­дап оты­рған жағ­дай­ды бүр­ке­ме­ле­мей жет­кі­зу – облыс әкі­мінің құзы­рын­дағы мәсе­ле. Шека­ра аймағы­ның тұрғын­да­ры зар­лаға­лы 23 жыл бол­ды, бұл мәсе­ле қан­ша­ма рет қарал­са да, шеші­мін тап­пай келеді.

Сон­ды­қтан да осы жолғы комис­си­ядан күтері­міз өте көп! Әйте­уір тек сиы­рқұй­ым­шақта­нып кет­пе­се дей­мін. Тар­баға­тай, Мақан­шы, Катонқа­рағай, Марқа­көл аудан­да­рын бұры­нғы қал­пы­на кел­ті­ру арқы­лы шека­ра­мы­зды бекем­дей­міз, тозған ауыл­дарға жан бітіре­міз. «Гүл­ден­се ауыл, гүл­де­не­міз бәрі­міз!» дей­тін бір кез­де­гі ұран осы жолы шека­ра аудан­да­рын­дағы ауыл­дарға жұғы­сты бол­сын деп тілей­ік, ағайын!

Түсі­п­хан ТҮСІПБЕКОВ

Әрине, шека­ра­лық шет­те­гі, жел­дің өтін­де­гі ауыл халқы­ның жанай­қай­ын өздері­нен басқа кім түсін­сін?! Алай­да осы өңір­ді басқарға­ны­на алты жыл­дай болған Дани­ал Ахме­тов сол Марқа­көл­ге қан­ша рет бар­ды екен?! 

Деген­мен, мың түр­лі бағ­дар­ла­ма қабыл­дап, мил­ли­ард, тіп­ті трил­ли­он тең­ге бөлін­се де, ол қар­жы аудан­дарға жет­пей­ді. Бұған дей­ін де саны бар, сапа­сы жоқ талай бағ­дар­ла­ма бол­ды. Ауыл­ды қол­да­удың үш жылы­на бөлін­ген қар­жы қай­да кет­ті?! «Ақбұлақ», «Таза су»… құдай-ау, бағ­дар­ла­ма­лар­дың аты­нан жаңы­ла­сың! Осы­ның бәрі ауы­лға арналған еді ғой. Шека­ра­дағы ауыл­дар осы бағ­дар­ла­ма­лар арқы­лы неге шалқып кетпеді?

Сон­ды­қтан елдің ұлт­тық қауіп­сізді­гі мен шека­ра­ның шебін шеген­де­усіз қал­дыр­май­ық десек, аудан­дар­ды қай­та ашу қажет. Жер­гілік­ті атқа­ру­шы билік­те­гілер (аны­ғы – облыс, аудан әкім­дері) елді мекен­дер­де қалған адам саны аз деген сыл­тау айта­ды. Бұл – мәсе­лені жылы жабу­дың ең қолай­лы жолы.

Адам саны аз екен… Оның аза­юы­на сол билік кінәлі! Екі жыл бұрын Алма­ты облы­сын­дағы тура біздің Марқа­көл сияқты шығы­стағы Қытай­мен көр­ші Нары­нқол ауда­нын Бата­лов мыр­за батыл­дық таны­тып, құр­ды ғой. Осы жер­де «Елдің Ыбы­райы – Ыбы­рай, біздің Ыбы­рай – сұмы­рай» деген келеңсіз мәтел еске түседі.

Бос жатқан жер жау шақы­ра­ды. Бос қал­мас үшін, оңтүстік өңір­лер­де­гі тұрғын­дар­ды көшіріп әкеліп, адам­мен тол­тыр­сын. Шығы­ста кәсіп­кер­лік және нәти­желі жұмыспен қам­ту деген жап-жақ­сы бағ­дар­ла­ма бар емес пе? Сон­да ғана осы бағ­дар­ла­ма­ның нәти­же­сін көре ала­мыз. Әйт­пе­се жылы каби­нет­те, сықыр­лаған қай­ыс крес­ло­да шалқай­ып оты­рып, шырт түкіріп, «джип» мін­ген, сары­қа­рын, босбел­беу басты­қ­сы­мақтар ауыл­дағы ағай­ын­ның жағ­дай­ын түсі­неді деу – утопия!

Олжас КЕРЕЙХАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн