Пятница , 4 июля 2025

Марғұлан СЕЙСЕМБАЙ: ҮКІМЕТ ЖҰМЫСЫ халық санының өсуімен БАҒАЛАНУЫ ТИІС

Өткен апта­ның жұма күні ҚР пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың қаты­суы­мен үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сы бол­ды. Бұған дей­ін әлем­желі­де тараған «Асқар Мамин­нің үкі­меті отстав­каға кетуі мүм­кін» деген қау­е­сет ақтал­ма­ды. Бірақ Тоқа­ев мыр­за «біз­ге жаңа эко­но­ми­ка­лық сая­сат» керек деген еме­урін танытты.

Ел-жұрт екшеп, біл­гісі келетін осы мәсе­ле­ге орай біз аза­мат­тық қоғам­да өзін­дік үнін шыға­рып жүр­ген бел­гілі биз­нес­мен Марғұлан Сей­сем­бай­дың «Фейс­бук­тағы» «Марғұлан не дей­ді?» айда­рын­да айты­лған тұжы­рым­ды тіл­ге тиек еттік.

Мені пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев қаты­сқан үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сы қызы­қтыр­ды. Пре­зи­дент эко­но­ми­ка­мы­здың қазір­гі аяқ алы­сын сынап, эко­но­ми­ка­дағы аху­ал­дың қанағат­тан­дыр­май­тын жағ­дай­да екенін ашық мой­ын­дап, жаңа терең эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар­дың керекті­гін айт­ты. Нақты Тоқа­ев­тың сөзіне келетін бол­сақ: «Үкі­мет эко­но­ми­ка­ны түбе­гей­лі рефор­ма­лай­тын жан-жақты бағ­дар­ла­ма дай­ын­да­уы керек. Біз­ге рефор­ма­лар­ды пай­ым­дай­тын және оны шешу жол­да­рын қарас­ты­ра­тын жаңа эко­но­ми­ка­лық бағыт қажет. Алды­мы­зда ауқым­ды мін­дет­тер тұр. Бұл эко­но­ми­ка­ны дамы­ту­дың жаңа жол­да­рын табу, халы­қтың әл-ауқа­тын арт­ты­ру, мем­ле­кеті­міздің әле­уетін толық пай­да­ла­ну. Мұның бәрін жүй­елі түр­де және халық алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­ті толық сезіне оты­рып, шешуі­міз қажет», – деді Тоқаев.

Әрине, Тоқа­ев­тың сөзі мұн­дай қысқа болған жоқ, ол өз сөзін­де Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның аху­а­лын сынап, көп­те­ген кемістік­тер мен олқы­лы­қтар­ды айтып өтті. Көп­те­ген жаңа ұсы­ны­стар­ды да жари­я­ла­ды. Бірақ, менің ойым­ша, оның бәрі үстірт шара­лар. Жал­пы, біздің үкі­мет стра­те­ги­я­лық істер­мен айна­лы­спай­ды, жай ғана күн­делік­ті про­бле­ма­лар­ды шешу­мен әлек болып жүр.

Үкі­мет­тің өзі жаңа кәсі­по­рын­дар құрып, жаңа инве­сти­ция жаса­у­мен айна­лы­спа­уы керек. Үкі­мет­тің негіз­гі жұмысы – қоғам­дық қаты­на­стар­ды заң тұрғы­сы­нан рет­теу, қоғам­ның қауіп­сізді­гі­мен айна­лы­су, инфрақұры­лым­ды құру, қоға­мға қыз­мет көр­се­ту. Эко­но­ми­ка­мен – эко­но­ми­ка­лық субъ­ек­тілер айна­лы­суы керек. Егер біз күн­делік­ті мәсе­ле­лер­мен айна­лы­сып, елі­міздің алдын­да тұрған негіз­гі стра­те­ги­я­лық, ұзақ мерзім­ді терең мәсе­ле­лер­ді шешпе­сек, онда бар­лық ұсы­ны­стар мен рефор­ма­лар зая болып қала береді.

Ал біздің елі­міздің алдын­да тұрған стра­те­ги­я­лық негіз­гі мәсе­ле­лер мен қауіп­тер неде?

Бірін­ші – ол біздің ұлты­мы­здың ұзақ мерзім­ді бола­шағы мен қауіпсіздігі.

Екін­ші – ол біздің ұлты­мыз, тілі­міз, діні­міз, мәде­ни­еті­міз, тарихы­мыз, жері­міз, біздің табиғи бай­лы­ғы­мыз. Осы­ның бәрін сақтап қалуы­мыз керек. Егер біз осы айтқан­да­ры­мы­зды бірін­ші қатарға қой­ып шешпе­сек, онда бар­лық атап өткен нәр­се­лер­ден айы­ры­ла­мыз. Осы мәсе­ле­лер­ді шешу үшін, елі­міздің әле­уетін күшей­тіп, дұрыс пай­да­ла­нуы­мыз қажет.

Ал енді ел әле­уетінің фор­му­ла­сы­на келей­ік. Ел әле­уеті = халық саны + оның білі­мі + оның қара­жа­ты. Бар­лық мәсе­ленің түп­кі тамы­ры осында.

Халы­қтың әле­уетін күшей­тіп, оны пай­да­ла­ну үшін не істе­уі­міз керек? Бірін­ші­ден, халық санын көте­руі­міз керек. Егер біз Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның санын 80 мил­ли­онға, оның ішін­де қаза­қтар­дың санын 50 мил­ли­онға жет­кіз­бе­сек, бола­шағы­мыз бұлы­ңғыр бола­ды. Оның себебі – мате­ма­ти­ка заң­да­ры­на сәй­кес, жыл сай­ын дүние жүзін­де адам саны 80 мил­ли­онға көбей­іп жатыр. Жал­пы халық саны 8 мил­ли­ар­дқа жақын­дап қал­ды. Қытай­да жыл сай­ын халық саны 7,5 мил­ли­онға өсу­де. Сон­ды­қтан да қаза­қтар жер беті­нен құрып кет­пе­уі үшін, біздің ұлты­мы­здың санын кем деген­де 50 мил­ли­он ада­мға жет­кі­зуі­міз керек. Халық саны эко­но­ми­ка­ның көп сала­ла­ры­на тіке­лей әсер­лі. Ішкі нары­ғы үлкен елдер өздерінің эко­но­ми­ка­сын оңай көте­ре ала­ды. Эко­но­ми­ка­ны көте­рудің ең негіз­гі жолы – халық санын көтеріп, ішкі нары­қтың көле­мін үлкейту.

Енді ішкі нары­қтың фор­му­ла­сы­на келей­ік: нарық көле­мі = халық саны + қолын­дағы қара­жат. Бұл фор­му­лаға сүй­е­нетін бол­сақ, эко­но­ми­ка­лық сая­сат­тың стра­те­ги­я­лық мақ­са­ты ретін­де халық санын көбей­тетін шара­лар­ды алды­ңғы қатарға қоюы­мыз керек. Ол үшін алды­мен үйде­гі оты­рған ана­лар­ды жұмыс­сыз отыр демей, олар­ды бала асы­рау жұмысы­мен айна­лы­са­ды деп, мұнай­дан кел­ген қара­жат­ты, келе­шек ұрпақтар­дың қорын пай­да­ла­нып, бала саны­на қара­ма­стан, кәме­лет­ке тол­маған әр бала үшін көмек емес, жалақы төле­нуі керек.

Екін­ші­ден, ол жалақы­дан ана үшін үкі­мет зей­нет қоры­на төлем жасап оты­руы керек. Жал­пы, бала тауып, оны асы­рап, тәр­би­е­леу – мем­ле­кет­ке керек жұмыс ретін­де қарас­ты­ры­луы керек. Бала тапқан ана тек қана өзінің күй­е­уіне қарап қал­май, өзінің бала-шаға­сын өзі асы­рай ала­тын­дай жағ­дай болуы керек.

Үшін­ші­ден, бар­лық тұрғын үй мәсе­ле­лерін көп бала­лы ана­ларға шешіп беру керек.

Төр­тін­ші­ден, шетел­де­гі бар­лық қаза­қтарға ұлт­тық иден­ти­фи­ка­ци­я­лық кар­точ­ка беріп, олар­дың Қаза­қстанға келуі үшін жеңіл­дік­тер мен мүм­кін­дік­тер жасау керек.

Бесін­ші­ден, бюд­жет­тен осы мақ­сатқа қаты­сты төлем­дер­ді бірін­ші қатарға қой­ып, уақы­тын­да төлеп оты­ру керек. Қалған төлем­дер­дің бар­лы­ғы осы идео­ло­ги­яға қаты­сты төлем­дер жасалған­нан кей­ін ғана төле­нуі қажет.

Алтын­шы­дан, бұл идео­ло­гия тұрғы­сын­да көп­те­ген іс-шара істе­у­ге бола­ды. Үкі­мет­тің істе­ген жұмысы мен жетістік­терін халық саны­ның өсуі­мен баға­ла­у­ға бола­ды. Ғалым­дар­дың зерт­те­уі бой­ын­ша, кез кел­ген ұлт­тың халық саны тұрақты түр­де өсуі үшін, әрбір отба­сы кем деген­де үш бала­дан артық бала табуы керек. Бар­лық эко­но­ми­ка­лық шешім­дер­ді адам санын көте­ру идео­ло­ги­я­сы тұрғы­сы­нан қарап, бұл мақ­сат­ты ұлт­тық идео­ло­ги­яға айнал­ды­ру керек! Ұлт пат­ри­о­ты деп үш бала­дан артық бала­сы бар адам­дар­ды айтуға болады.

Адам санын көте­ру идео­ло­ги­я­сы не әке­леді? Егер біз елі­міз­де адам санын көтер­сек, онда ұлты­мыз тілі­нен, ділі­нен, тарихы­мы­здан, мәде­ни­еті­міз­ден, жері­міз­ден, табиғи бай­лы­ғы­мы­здан айы­рыл­май­ды. Онда біз елі­міздің қауіп­сізді­гін сақтап қала­мыз. Оның үстіне біз – Изра­иль, Швей­ца­рия мем­ле­кет­тері сияқты әрбір ер ада­мға әске­ри мін­дет­те­мені енгіз­сек, онда біздің Қару­лы Күш­тері­міздің әле­уеті өсіп, ешбір жау біз­ге шап­пай­ды. Халық санын көте­ру үшін, біз­ге қан­дай шара­лар істеу кере­гін алдын­да айтып кеттім.

Енді нары­ғы­мы­зды, эко­но­ми­ка­мы­зды дамы­ту үшін, фор­му­ла­ның (нарық көле­мі = халық саны + қолын­дағы қара­жат) екін­ші бөлі­гіне келей­ік. Нақты айтар бол­сақ, халы­қтың қолын­дағы қара­жат­ты қалай өсіру­ге бола­ды? Қол­дағы қара­жат­ты көбей­ту үшін, жеке адам басы­на эко­но­ми­ка­лық мүм­кін­дік­тер­ді көбей­ту керек. Ол үшін үш мәсе­лені қолға алуы­мыз керек:

Бірін­ші­ден, ол мем­ле­кет­тің эко­но­ми­ка­дағы үлес мөл­шерін азай­ту керек. Бүгін­гі таң­да біздің жал­пы ішкі өнім­нің ішін­де ква­зи­мем­ле­кет ком­па­ни­я­ла­ры­ның үлесі – 67 пай­ы­зға жақын. Егер ква­зи­мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар­дың үлесін 10 пай­ы­зға түсір­сек, онда біздің нары­ғы­мыз кем деген­де 2–4 есе өседі.

Екін­ші­ден, билік­ке жақын импе­ри­я­лар мен ком­па­ни­я­лар­ды, моно­по­ли­я­лар­ды құр­ту. Ква­зи­мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар­дан қалған эко­но­ми­ка­мы­здың 33 пай­ы­зы­на келетін бол­сақ, оның ішін­де кем деген­де 20 пай­ы­зын билік­ке жақын жеке мен­шік импе­ри­я­лар мен моно­по­ли­я­лар қадаға­лай­ды. Біздің елде­гі нақты жеке мен­шік биз­нес нары­ғы 13–14 пай­ы­здың шама­сын­да ғана. Сон­ды­қтан екін­ші шарт ретін­де жоға­ры­да айты­лған импе­ри­я­лар мен моно­по­ли­я­лар­ды шек­теу керек. Ол үшін билік­ке жақын оли­гарх­тар­мен бір ымы­раға келіп, олар­дың эко­но­ми­ка­дан кетуін талап етуі­міз керек. Алды­ңғы айты­лған екі шара­мен қатар терең эко­но­ми­ка­лар­ды баста­уы­мыз қажет.

Міне, ағай­ын, алдағы үш шара­дан кей­ін ғана өзі­міздің ішкі нары­ғы­мы­зды үлкей­тіп, эко­но­ми­ка­мы­зды алға жүр­гі­зе ала­мыз. Сон­да ғана пре­зи­дент Тоқа­ев­тың айтқан мақ­сат­та­ры орын­да­лып, халы­қтың әле­умет­тік жағ­дайы жақ­са­ра бастай­ды. Эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер­ді шешпей тұрып, бірін­ші ең нақты стра­те­ги­я­лық сұрақтарға жау­ап беруі­міз керек. Егер стра­те­ги­я­лар ұзақ мерзім­ді, тұрақты бол­са, сон­да ғана біздің әре­кеті­міздің, рефор­ма­ла­ры­мы­здың мәні бола­ды. Егер бүкіл ұлт­тық стра­те­ги­я­лық мақ­сат бол­ма­са, онда бар­лық істе­ген әре­кет­тері­міз, рефор­ма­ла­ры­мыз зая бола береді де, ел ешқа­шан тынышталмайды.

  •  

Айт­пақ­шы

ҚАЗЫНАНЫ ҚАНАУШЫ

мем­хол­динг­тер қажет пе?

  • Қаза­қстан мем­ле­кет­тік хол­динг­терін­де бірқа­тар жүй­елі про­бле­ма­лар аны­қтал­ды, деп мәлім­деді ҚР пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген отырысында.

«2007 жыл­дан 2018 жылға дей­ін мем­хол­динг­тер­ге бар­лы­ғы 7 трлн тең­ге­ден астам сома бөлін­ген. Сон­ды­қтан елі­міз нақты нәти­же­лер­ді көруі керек. Есеп коми­тетінің тал­дау қоры­тындысы бой­ын­ша, бірқа­тар жүй­елі про­бле­ма­лар аны­қтал­ды: бір-бірінің қыз­метін қай­та­лау, далиған құры­лым­дар мен штат­тар құру», – деді ел президенті.

Ары қарай ол қан­дай мем­хол­динг­тер­де про­бле­ма­лар аны­қталға­нын атап шықты. «Бәй­те­рек» хол­дин­гі. Мұн­да 63 меке­ме бар, оның 11‑і құра­мын­да 2,8 мың қыз­мет­кері бар мер­ді­гер ұйым. «ҚазА­гро­да» 2 мың қыз­мет­кері бар үш еншілес ком­па­ния құры­лған. «Бәй­те­ректің» тек қана әкім­шілік шығын­да­ры 54 млрд тең­ге­ден асып түсті, оның 24 млрд тең­гесі жалақы төле­у­ге кете­ді», – деп атап өтті Тоқаев.

Бұл екі арада

Оралмандар есебінен

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ

өспейтін болды ма?

  • Қаза­қстан 2020 жылы орал­ман­дар­ды қабыл­дау кво­та­сын үштен бір­ге қысқарт­ты, деп хабар­ла­ды Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау министрлігінен.

«ҚР Үкі­метінің қаулы­сы­мен орал­ман­дар­ды қабыл­да­удың өңір­лік кво­та­сы 2020 жылы 1 378 адам болып бел­гі­лен­ген, бұл 2019 жылға қараған­да 653 ада­мға аз. Аталған қаулы­ны қабыл­да­удың мақ­са­ты – ҚР үкі­меті бел­гіле­ген өңір­лер­де орал­ман­дар­ды оңтай­лы орна­ла­сты­ру болып табы­ла­ды. 2020 жылы кво­та былай­ша бөлін­ді: Пав­ло­дар облы­сы бой­ын­ша – 500 адам, Қоста­най облы­сы бой­ын­ша – 350, Ақмо­ла облы­сы бой­ын­ша – 258, Шығыс Қаза­қстан облы­сы бой­ын­ша – 150, Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы бой­ын­ша – 120», – деп­ті хабар таратушылар.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн