Пятница , 4 июля 2025

КОРОНАВИРУС ІНДЕТІ: Қытайда 100-ден астам адам өліп, 4 мыңнан астамы дертке шалдықты

Қытай­дағы коро­на­ви­рус індетіне бай­ла­ны­сты тараған ақпа­рат май­дан дала­сы­нан келіп түсіп жатқан хабар­ларға ұқсай­ды. Індет ошағы – Ухань қала­сы әскер­дің қор­ша­уы­на алы­нған: ұшқан құс пен жорға­лаған жән­дік­тен басқа тірі жан кіріп-шық­пай­ды – жап­пай каран­тин жарияланған.

Деген­мен, сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, Қытай өкі­меті індет­тің шынайы қатері мен көле­мі жөнін­де­гі ақпа­рат­ты жасы­рып отыр. Ал әле­умет­тік желілер арқы­лы тараған там-тұм деректер бой­ын­ша, 11 мил­ли­он­нан астам адам тұра­тын Ухань қала­сы апат алаңы­на айналған (шетел­дік мәлі­мет­тер­ге қараған­да, бұл қала­да тір­ке­у­ге алын­баған 5 мил­ли­онға жуық адам бар). Мәсе­лен, біздің редак­ци­яға гер­ман­дық қазақ аза­ма­ты Өмір­хан Алтын жібер­ген видео­ның қорқы­ны­шты маз­мұ­ны мынадай:

  • Қытай­лық дәрі­гер былай дей­ді: «Сен­дер қай­да жүр­сің­дер, қазір мұн­да жағ­дай өте жаман, дәрі­гер жетіс­пей­ді, біз сегіз адам неге жете­міз?! Сен­дер бесе­уің не істеп жүр­сің­дер, біз­ге жан керек емес пе? Бол­ды, мен істе­мей­мін, /ауруханада/ орын қал­ма­ды, мына­ның бәрін алып кетің­дер, керек емес, өлсін бәрі!».

Мей­ір­би­ке былай дей­ді: Біраз тыны­штал! Мен 5‑бөлімге бар­дым, тіп­ті кім­нің ауру­ха­на бас­шы­сы екенін де біл­мей­мін /сөз ыңғай­ы­на қараған­да, қашып кет­кен болуы керек – Ред./. Ухань ауру­ха­на­сын­да /дәлізде/ үш кісінің өлі денесі жер­де жатыр. Жар­ты күн бол­ды дей­ді. Ал доғ­дыр­лар мен мей­ір­би­ке­лер­дің мүр­де­лер­ге қарай­тын мұр­ша­сы жоқ. Ху Бәй өлкесін­де қазір 15 қала­ны жап­ты. 12 өлке­ге бірін­ші дәре­же­де­гі ұқты­ру /видео/ түсіріл­ді. Шама­мен 100 000 ада­мға /коронавирус/ жұқты дейді.

(Одан кей­ін мей­ір­би­ке өкіріп жылап, былай деді): Өкі­мет­ке әсте сен­беңіз­дер! Өздеріңді құтқа­ры­ң­дар! /Мұндағы/ меди­ци­на­лық систе­ма құры­ды. Бас­шы­лар қашып кет­ті! Қала тұрғын­да­ры тізер­леп, көмек сұрап жатыр. Қажет­ті мате­ри­ал­дар жетіс­пей­ді. /Азық-түлік/ тау­ар баға­сы он есе­ге көтеріл­ді. Халық жылап, еңіреп жатыр! Ал Пекин­де­гі бай-пат­ша­лар /жаңа жылды/ той­лап жатыр. Рево­лю­ция жақын­да­ды ма?! Бүгін таңер­тең сағат 7‑де Ухань қала­сын­дағы Джинь Инь тән емха­на­сын­да 62 жастағы жұқ­па­лы ауру­лар бөлі­мінің док­то­ры Ляң Уды осы ауру­дан қай­тыс болды…».

Бұл екі ара­да Қаза­қстан тара­пы коро­на­ви­рус індетіне қар­сы қам жаса­уда. «Азатты­қтың» хабар­ла­уы бой­ын­ша, Қаза­қстан­ның 21 аза­ма­ты Қытай­дан Алма­ты облы­сы­на өткі­зу бекеті арқы­лы эва­ку­а­ци­я­ланған. «ҚХР-дан Қаза­қстан­ның 21 аза­ма­ты жет­кізіл­ді. Қаза­қстан­ның 20 аза­ма­ты Гуан­чжоу мен Құл­жа қала­ла­рын­да болған, олар­дың бар­лы­ғы Пан­фи­лов ауда­нын­дағы «Нұр жолы» өткі­зу пунк­ті арқы­лы шека­ра­дан өткен. Теп­ло­ви­зер арқы­лы тек­сер­ген­де, олар­дың еке­уінің дене қызуы­ның жоға­ры екені (37,5) аны­қталған. Олар сол мезет­те оқша­у­ла­нып, Пан­фи­лов ауда­ны ОАА жұқ­па­лы ауру­лар бөлім­ше­сінің бокс пала­та­сы­на жатқы­зы­лған. Дәрі­гер­лер олар­дан зерт­ха­на­лық тал­да­у­лар алды. Соны­мен қатар авто­бу­стағы 19 адам да обсер­ва­ци­я­лық гос­пи­таль­ға орна­ла­сты­рыл­ды», – делін­ген сей­сен­бі­де­гі хабарда.

Бұған дей­ін бел­гілі болған­дай, Қытай­дан кел­ген бес адам Алма­ты және Ақмо­ла облы­ста­рын­да жіті респи­ра­тор­лық вирус бел­гісі­мен ауру­ха­наға жатқы­зы­лған. Соны­мен қатар қаза­қстан­дық билік­тің шұғыл түр­де 2,5 млн қара­пай­ым және 1,3 млн респи­ра­тор­лық бет­пер­де сатып алға­ны хабар­ланған еді.

Сей­сен­бі күн­гі мәлі­мет­тер­ге қараған­да, Қытай­да коро­на­ви­рус жұқ­па­лы ауруы­нан өлген­дер саны 106 ада­мға жет­ті, 1291 ада­мға дерт жұққа­ны аны­қтал­ды. Бұл ақпа­рат­ты 28 қаңтар­да Қытай билі­гі тарат­ты. Ден­са­улық сақтау мәсе­лесі бой­ын­ша Қытай комис­си­я­сы­ның хаба­ры­на қараған­да, коро­на­ви­рус жұқты­рған­дар төрт мың­нан асқан.

Қытай билі­гі виру­стың тара­лу мүм­кін­ді­гі өсіп бара жатқа­нын айта­ды. Қытай өз ішін­де топ­пен жүретін тури­стік сапар­ларға тый­ым сал­ды. Коро­на­ви­ру­сты жұқты­рған адам­дар Гер­ма­ния, Шри-Лан­ка, Малай­зия, Оңтүстік Корея, Тай­вань, Таи­ланд, Кана­да, Непал, Вьет­нам, Сауд Ара­би­я­сы, Син­га­пур, Жапо­ния, АҚШ, Фран­ция, Австра­ли­яда кезіккен.

Сей­сен­бі күні Қытай өкі­метіне Уха­нь­дағы қаза­қстан­дық сту­дент­тер­ді арнайы ұшақ­пен алып шығу жөнін­де Қаза­қстан тара­пы­нан ұсы­ныс жасал­ды. Бұл құтқа­ру опе­ра­ци­я­сы­на арнайы ұшақ дай­ын­да­лып, жасақталған эки­паж бен дәрі­гер­лер Қытай­дың рұқ­са­тын күтіп отыр.

Ал бұл екі ара­да «Азаттық» Уха­нь­дағы сту­дент­тер­дің жанай­қайы жөнін­де арнайы жари­я­ла­ным таратты.

Вирус ошағы­на айна­лып, ең көп науқас тір­кел­ген Уха­нь­да қалып қой­ған­дар ара­сын­да қаза­қстан­ды­қтар да бар. Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің дере­гін­ше, Уха­нь­да қаза­қстан­дық 210 сту­дент тір­кел­ген. Оның 94‑і қазір «жабық қала­да» жүр.

Ақтө­бе қала­сы­ның тұрғы­ны Рабиға Сисенға­ли­е­ва Уха­нь­да қалып қой­ған қызы Анель Сисенға­ли­е­ва­ның жағ­дай­ы­на алаң­дай­ды. Айтуын­ша, Нан­кин қала­сын­да оқи­тын қызы «қысқы дема­лы­сын өткі­зу үшін Уха­нь­дағы құр­бысы­на қонаққа барған». Жалғыз пер­зен­тін уай­ым­дап оты­рған ана Қаза­қстан үкі­меті­нен Ухань қала­сын­дағы сту­дент қызы мен өзге де қаза­қстан­ды­қтар­ды эва­ку­а­ци­я­ла­уды сұрай­ды. Оның сөзін­ше, бір ғана Ухань кол­ле­джінің жатақ­ха­на­сын­да қазір 20–25 қаза­қстан­дық бар.

«Азаттық» тіл­шісі Уха­нь­дағы сту­дент­тер жатақ­ха­на­сын­дағы Анель Сисенға­ли­е­ва­мен де сөй­ле­сті. Анель­дің сөзін­ше, Уха­нь­дағы дүкен­дер мен дәрі­ха­на­лар­дың басым көп­шілі­гі жабық. «Жұрт себеп­сіз көше­ге шық­па­уға тыры­са­ды. Қаңтар­дың 22-сі күні сағат 23.30-дан бастап Ухань әуе­жай­ын­дағы рей­стер­дің бар­лы­ғы тоқта­тыл­ды. Қаза­қстанға ұшпақ болған сту­дент­тер жатақ­ха­наға қай­тып орал­ды. Дәрі­ха­на­лар­да сүз­гісі бар мас­ка тау­сы­ла баста­ды. Бұрын мұн­дай мас­ка­ның баға­сы 10 юань бола­тын (545 тең­ге), қазір 30 юань­нан (1600 тең­ге) асып кет­ті», – дей­ді студент.

Анель Сисенға­ли­е­ва Ухань кол­ле­джінің жатақ­ха­на­сы­на күн сай­ын дәрі­гер мен поли­ция қыз­мет­кер­лері келіп, сту­дент­тер­дің дене қызуын тек­серіп тұра­ты­нын айта­ды. Қаңтар­дың 22-сі күні жатақ­ха­наға кел­ген оқы­ту­шы­лар сту­дент­тер­ге мас­ка үле­стір­ген. «Кол­ледж оқы­ту­шы­ла­ры қаңтар­дың 23‑і күні кеш­кі бес­тен кей­ін тере­зені ашпа­уды, көше­ге шық­па­уды тап­сыр­ды. Өйт­кені кеш­ке қала көше­леріне дез­ин­фек­ция жаса­луы керек. Ұсақ дүкен­дер­дің бәрі жабы­лып қалған­ды­қтан, күн­діз супер­мар­кет­тен азық-түлік әкеп алдық. Супер­мар­кет­те де тамақ түр­лерінің азая бастаға­ны бай­қа­ла­ды», – дей­ді ол.

Уха­нь­дағы қаза­қстан­дық сту­дент­тер­дің кей­біре­уі виру­стан «сақта­ну ама­лын жасап жатқа­нын» айта­ды. 2018 жыл­дан бері Уха­нь­дағы Хубей уни­вер­си­тетін­де оқып жүр­ген Ажар Нақы­п­бек вирус тарап жатқа­ны тура­лы бір ай бұрын естіп­ті. «Әуел­де адам­дар­да ешқан­дай қорқы­ныш бол­ма­ды. Шетел­дік­тер де, қытай­лар да бей­қам жүр­ді. Енді сақта­на баста­дық. Үйден шық­пай­мыз. Бөл­мені қай­та-қай­та дез­ин­фек­ция жасап жатыр­мыз. Бір-бірі­міз­бен кез­дескен­нің өзін­де мас­ка таға­мыз», – дей­ді ол.

Ажар­дың сөзін­ше, Уха­нь­дағы сту­дент­тер мен қыз­мет­кер­лер­дің көбі Қытай­да қаңтар­дың 25-інде баста­лып, екі апта­дай той­ла­на­тын жер­гілік­ті Жаңа жыл мере­кесіне орай қала жабыл­май тұрып, үйлеріне қай­тып кет­кен. «Сон­ды­қтан бұрын иін тіресіп өтетін көше­лер қазір қаңы­рап қал­ды», дей­ді сту­дент. Оның сөзін­ше, қала ішін­де де сақтық шара­ла­ры күшейген.

Қаза­қстан ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гінің өкілі Жан­дар­бек Бек­шин бри­финг өткізіп, эва­ку­а­ция мәсе­лесіне қаты­сты жау­ап бер­ді. «Вирус ошағы­нан шығуға бол­май­ды. Ере­же – сол. Ондағы сту­дент­тер­дің сау екен­деріне көз жет­кіз­ген соң ғана Қаза­қстанға алды­руы­мыз керек. Вирус жұқты­рған адам сол жер­де қалып, сон­да емде­луі тиіс», – дей­ді Бекшин.

Бұл вирусқа «2019-nCoV» деген ат беріл­ген – бұған дей­ін ешбір адам­да аны­қтал­маған коро­на­ви­ру­стың бір түрі. 2000 жыл­да­ры 800-дей адам­ды мерт қылған Sars виру­сы да осы коро­на­ви­ру­стың бір түрі еді. Коро­на­ви­ру­стар 1960 жыл­дар­дан бері бел­гілі. Бел­гілері әдет­те­гі тұмауға ұқсай­ды: адам жөтеліп, енті­гіп, қал­ты­рай­ды, тыныс алуы нашар­лай­ды. Дүни­е­жүзілік ден­са­улық сақтау ұйы­мы жаңа вирусқа бай­ла­ны­сты жаһан­дық төтен­ше жағ­дай жари­я­лау мәсе­лесін әлі талқы­лап жатыр.

Кеше тараған ресми ақпа­ратқа қараған­да, Қаза­қстан Қытай­да тараған коро­на­ви­русқа бай­ла­ны­сты осы елдің аза­мат­та­ры­на виза беруді шек­те­ді. Қаза­қстан үкі­меті Қытай аза­мат­та­ры­на берілетін 72 сағат­тық тран­зит виза­сын да уақыт­ша тоқтат­ты. Бұдан бөлек, Қытай аза­мат­та­ры­на әуе­жай­да элек­трон­ды виза әзір­леу про­цесі де уақыт­ша доға­рыл­ды. Соңғы деректер­ге қараған­да, қазір Қытай­да Қаза­қстан­ның 1300 аза­ма­ты жүр. Олар­дың жар­ты­сы – Хай­нань ара­лы­на дема­луға барған туристер.

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн