Пятница , 4 июля 2025

«ШЫРАҚШЫ» – әлемдік фестивальда бағы жанған фильм

Өткен апта­ның сәр­сен­бісін­де Алма­ты­дағы «Арман» кино­те­ат­рын­да таны­мал кино­ре­жис­сер Ермек Тұр­сы­но­втың «Шырақ­шы» («Хра­ни­тель») филь­мінің тұса­у­ке­сері аншлаг­пен өтті. Кино­те­атр­дың екі залы да көре­рмен­ге лық толды.

Фильм иде­я­сы­ның авто­ры – бел­гілі актер марқұм Меңтай Өте­п­бер­ге­нов, бас про­дю­сері – Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері Қанат Төре­бай, актер­лер: Мұрат Мұқа­жа­нов, Ербо­лат Тоғы­за­қов, Қуат Тіле­уба­ев және т.б.. ком­по­зи­то­ры – Қуат Шіл­де­ба­ев. «Шырақ­шы­ның» тұса­у­ке­сері әлем­дік дең­гей­де Шан­хай халы­қа­ра­лық кино­фе­сти­валінің аясын­да өтті. Бұл – қазақ кино­сы шежіресін­де халы­қа­ра­лық бай­қа­уға қаты­сқан алға­шқы отан­дық фильм.

Фильм Ана­па қала­сын­да өткен «Кино­шок» фести­валін­де де ерекше­лен­ді. Басты рөл­де ойнаған Мұрат­жан Мұқа­жа­нов «Кино өнерін­де адал кей­іп­кер­ді көр­кем сомдаға­ны үшін» қазы­лар алқа­сы­ның дипло­мы­м­ен, ал кар­ти­на­ның опе­ра­то­ры Мар­тин Сеча­нов «Үздік опе­ра­тор­лық жұмыс» жүл­десі­мен мара­пат­тал­ды. Шығар­ма­шы­лық ұжым Ресей­дің Сочи қала­сын­да өткен фести­валь­де «Үздік әйел рөлі» ата­лы­мы­м­ен бір­ге бас жүл­де еншіленді.

Фильм­нің желісі соғы­стан қай­тқан сол­дат­тың кей­ін­гі өмір жолын баян­дай­ды. Ермек Тұр­сы­но­втың бұл филь­мі де жеке адам­ның жүріп өткен өмір жолы, маң­дай­ы­на жазы­лған тағ­ды­рын баян­да­у­мен ерекше­ле­неді. Қан май­дан­ның орта­сы­нан табы­лып, соғы­сты басы­нан кеш­кен қазақ сол­да­ты бір­де қираған үйін­дінің астын­да бүкіл жақын­да­ры қалып, өмірінің мәнін жоғал­тқан неміс шалы­на қаруын кезе­гені­мен, оқ атпай­ды. Неміс шал қазақ жігітінің иығы­на кино­про­ек­тор­ды іліп, өзі беті ауған жаққа кете­ді. Кино­про­ек­тор­ды немі­стен сый­ға алған сәт­те май­дан­гер­дің өмір­лік мұра­ты жаңа арнаға бұры­ла­ты­нын кім біл­ген?! Алай­да осы кез­де­су оның қалған өмірін­де айна­лы­са­тын басты кәсібін таң­да­уы­на түрт­кі болады.

Кино­про­ек­то­рын көтеріп, елге оралған соң, ауыл-ауыл­ды ара­лап, кино көр­се­ту­мен айналысады.Шырақшы – кино арқы­лы қоғам­ның көзқа­ра­сын өзгерт­кісі кел­ген кино­ме­ха­ник, осы тір­лі­гінің шырағын жағып, отын өшір­ме­у­ге тырысады.

Тра­ге­ди­я­лық және коме­ди­я­лық көріністер­ге толы туын­ды – көре­рмен көңілін сан-саққа жүгір­тіп, әлем­та­пы­рық ететін кино емес, ауыл-ауыл­ды үш аяқты вело­си­пе­ді­мен ара­лап жүріп кино қоя­тын, үлкен жүрек­тің иесі – қара­пай­ым кино­ме­ха­ник­тің ада­ми бол­мысы бүгін­гі кино­кар­ти­на­ларға тән арнайы әсі­ре сурет­те­удің жоқты­ғы­мен, өмір­ге жақын шынай­ы­лы­ғы­мен ерекше­ле­неді. Өз тағ­ды­ры­нан гөрі, өзге­лер­дің жүре­гін жылы­туға тыры­са­тын кино­ме­ха­ник көре­рмен­ді ойлан­ды­руға ұмтылады.

Тұр­сы­но­втың фильм­дерін­де табиғатқа, қаза­қтың кең дала­сы­на деген құштар­лық басым. Оның үстіне актер­лар­ды таң­дап, ойна­та білуі де ерекше. Басты рөл­де­гі Мұрат Мұқа­жа­нов (Ерға­зы) актер бол­мысы­ның шынай­ы­лы­ғы­мен, қара­пай­ым­ды­лы­ғы­мен ерекше­ле­неді. Көп­тің көңілін таба­тын Ерға­зы (жер­ле­стері «Тар­зан аға» деп атай­ды) қаза­қы қал­жы­ңы­мен, қуақы мінезі­мен сый­лы, жалғы­зды­қтың тауқы­метін ешкім­ге сездір­мей­ді, жүре­гінің түбіне тыққан махаб­ба­ты – Кәм­ша­ты барын да ешкім­ге айтқан емес.

Өмірінің соңы­на дей­ін ел ара­лап, кино­ап­па­рат­пен ескі фильм­дер­ді көр­се­ту­мен айна­лы­са­ды. Кино­про­ек­тор­ды көзінің қара­шы­ғын­дай сақтап, келе­шек­ке жет­кі­зуді мұрат ете­ді. Амал қан­ша, қоғам­да да, адам да аяу­шы­лық жоқ екен. Тар­зан аға «бауы­рым» деп жүр­ген­дер бір түн­нің ішін­де мерт қылады…

Фильм көзі қарақты көре­рменіне ұмы­тыл­мас әсер қалдырады.

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн