Пятница , 4 июля 2025

ҚАНДАСТАР КӨШІ неге баяулап қалды?

  • «Арғын Оспа­нов – Қауым­да­стық төраға­сы­ның орын­ба­са­ры ғана емес, соны­мен қатар «Отан­дастар» қорын­дағы біл­дей бір депар­та­мен­тінің жоға­ры жалақы ала­тын дирек­то­ры… Екі бір­дей меке­ме­де қатар бас­шы­лық қыз­мет атқа­ра­ды, бірақ сөй­те тұра, шетел қаза­қта­ры­на жаны ашы­май­ды; олар­дың ата­жұр­тқа келуіне қол­дау жаса­удың орны­на, кеудесі­нен итеріп, кері қайтарады… 
  • «Отан­дастар» қоры шетел­де­гі қаза­қтарға нақты ешқан­дай қол­дау көр­сет­пей­ді, қан­дастар көші­мен мүл­дем айна­лы­спай­ды. Ешкім­ге ешқан­дай нақты пай­да­сы жоқ, тек құр сөз жүзін­де­гі ұсақ-түй­ек жұмыстар­мен ғана айна­лы­сып, мем­ле­кет­тің қар­жы­сын босқа шашып отыр», – дей­ді төмен­де жари­я­ла­нып оты­рған мақа­ла­ның авто­ры Бота­гөз Уатқан.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев қазір­гі кез­де елі­міздің өсіп-өркен­де­уіне қаты­сты бірқа­тар игі баста­ма­лар­ды қолға алу­да. Сол баста­ма­лар­дың біра­зы пре­зи­дент­тің «Egemen Qazaqstan» газетін­де жари­я­ланған «Тәу­ел­сіздік бәрі­нен қым­бат» мақа­ла­сын­да жан-жақты айтылды.

 Мақа­ла­да көтеріл­ген мәсе­ле­лер­дің бірі – шетел қаза­қта­ры­ның, яғни қан­дастар­дың ата­жұр­тқа қоныс ауда­руы. Қаза­қстан пре­зи­ден­ті: «Соңғы жыл­дар­да түр­лі себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты бәсең­деп қалған қан­дастар көшін барын­ша қол­дап, олар­ды сол­түстік және шығыс өңір­лер­ге орна­ла­сты­ру­ды жан­дан­ды­ра­мыз», – деп атап көрсетті.

Бұл – өте маңы­зды мәсе­ле. Өйт­кені шетел қаза­қта­ры­ның ата­жұр­тқа көп­теп қоныс ауда­руы елі­міздің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық, мәде­ни-руха­ни дамуы­на, демо­гра­фи­я­лық жағ­дай­ы­мы­здың жақ­са­рып, қорға­ныс қабілеті­міздің ныға­юы­на оң ықпа­лын тигі­зеді. Бұған тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін ата­жұр­тқа 1 мил­ли­он­нан астам қан­даста­ры­мы­здың ора­лып, Қаза­қстан­ның өркен­де­уіне өзін­дік үлес қосқа­ны айқын дәлел.

Бірақ, пре­зи­дент атап көр­сет­кен­дей, соңғы жыл­да­ры қан­дастар көші әртүр­лі себеп­тер­мен барын­ша азай­ды. Мұн­дай себеп­тер­дің ең басты­ла­ры­ның бірі – көші-қон мәсе­лесі­мен айна­лы­суға тиіс меке­ме­лер­дің бұл аса маңы­зды іске дұрыс көңіл бөл­ме­уі­нен туын­дап отыр. Бұған нақты мысал келтірейік.

Қаза­қстан­ның бірін­ші пре­зи­ден­ті Н.Назарбаев Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры­ның соңғы құры­л­тай­ын­да шетел­де­гі ағай­ын­дарға қол­дау көр­сетіп, олар­дың ата­жұр­тқа қоныс ауда­руын ұйым­да­сты­ру үшін «Отан­дастар» атты қор құру жөнін­де тап­сыр­ма бер­ген еді. Соған орай Қаза­қстан үкі­метінің 2017 жылғы 13 қазан­дағы № 644 қаулы­сы­на сәй­кес, мем­ле­кет­тің жүз пай­ыз қаты­су­мен «Отан­дастар» қоры ком­мер­ци­я­лық емес акци­о­нер­лік қоғам құры­лып, жарғы­лық капи­та­лы­на айтар­лы­қтай мол қар­жы бөлін­ді. Сон­дай-ақ «Отан­дастар» қоры­ның құры­л­тай­шы­сы ҚР үкі­меті аты­нан Қар­жы мини­стр­лі­гінің Мем­ле­кет­тік мен­шік және жеке­ше­лен­ді­ру коми­теті болып табыл­ды. Ал Қор­дың акци­о­нер­лері ҚР Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі мен ҚР Қоғам­дық даму мини­стр­лі­гі болып бел­гі­лен­ді. Бір сөз­бен айтқан­да, «Отан­дастар» қорын мем­ле­кет­тік меке­ме деп толық ата­уға болады.

Қазір «Отан­дастар» қорын­да 30-дан астам қыз­мет­кер­лер жұмыс істей­ді. Айлық жалақы­ла­ры да жоға­ры. Соған қара­ма­стан, «Отан­дастар» қоры шетел­де­гі қаза­қтарға нақты ешқан­дай қол­дау көр­сет­пей­ді, қан­дастар көші­мен мүл­дем айна­лы­спай­ды. Ешкім­ге ешқан­дай нақты пай­да­сы жоқ, тек құр сөз жүзін­де­гі ұсақ-түй­ек жұмыстар­мен ғана айна­лы­сып, мем­ле­кет­тің қар­жы­сын босқа шашып отыр деу­ге бола­ды. Арнайы өкілет­ті комис­сия шыға­рып, жан-жақты тек­се­ру жүр­гіз­се, мұның бәріне оп-оңай көз жет­кізу­ге болады.

Бұрын қан­дастар көшін ұйым­да­сты­ру­да Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры қауым­да­сты­ғы (ДҚҚ) да үлкен жұмыстар жүр­гіз­ген еді. Мен бұған өзім толық куә­мін. Өйт­кені бұл қауым­да­сты­қта 1994 жыл­дан бастап, 25 жылға жуық уақыт қыз­мет атқар­дым. Қауым­да­стық құры­л­тай­шы­ла­ры­ның бірі­мін. Ал қазір бұл Қауым­да­сты­қтың жұмысы мүл­дем тұра­лап қалған, дұрыс қар­жы­сы да, тұрақты жұмыс істей­тін қыз­мет­кер­лері де жоқ дәр­мен­сіз ұйым.

Тіп­ті Қауым­да­стық бас­шы­ла­ры­ның бірі Арғын Оспа­нов қан­даста­ры­мы­зға қол­дау көр­се­ту­ден бас тар­ту­да. Оған нақты мысал келтірейін.

Бұдан біраз уақыт бұрын маған Қауым­да­сты­қтың бұрын­нан таныс төралқа мүше­сі, түр­ки­я­лық қан­да­сы­мыз Сер­кан Дін­штүрк хабар­ла­сты. Оның айтуын­ша, Стам­бул­да Зафер Али Берат дей­тін қазақ бар. Әкесі бұдан біраз жыл бұрын Көк­ше­та­уға орна­ла­сып, ықти­яр­хат алған. Енді Зафер­дің өзі де әкесінің соңы­нан Қаза­қстанға кел­гісі келеді. Бірақ виза алу үшін, Қаза­қстан­ның Стам­бул­дағы кон­сул­ды­ғы одан ұлты­ның қазақ екен­ді­гін дәлел­дей­тін аны­қта­ма талап еткен. 

Бұрын ДҚҚ мұн­дай аны­қта­ма беретін. Соған орай Қауым­да­сты­қтың Ақмо­ла облы­сын­дағы фили­а­лы­ның жетек­шісі Алтын Мәденқы­зы­на өтініш жасап, аны­қта­ма хат жаз­дыр­тып едік. Бірақ Стам­бул­дағы кон­сул­дық бұл аны­қта­ма­ны «түп­нұсқа емес деп» қабыл­да­маған. Содан амал жоқ, «Отан­дастар» қоры­ның вице-пре­зи­ден­ті Маға­у­ия Сар­ба­со­втан көмек сұра­дық. Ол кісі «ДҚҚ төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Арғын Оспа­нов­пен бір­лесіп, шешу­ге тыры­сай­ын», – деді. 

Бірақ аз уақыт­тан кей­ін Қауым­дастақтың Ақмо­ла облы­стық бөлім­ше­сінің жетек­шісі Алтын Мәденқы­зы бұл мәсе­ленің шешіл­мей­тінін айт­ты. Өйт­кені ДҚҚ төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Арғын Оспа­нов ондай аны­қта­ма беру­ге тый­ым салған және «енді қай­тып ондай аны­қта­ма беру­ші бол­ма» деп, қатаң ескерткен. 

Осы жер­де мына­дай сұрақ туа­ды: «Отан­дастар» қоры мен Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры қауым­да­сты­ғы сияқты екі үлкен құры­лым Қаза­қстан­да туған әкесі бар шетел­де­гі қан­да­сы­мы­зға «қазақ» дей­тін бір жапы­рақ аны­қта­ма бере алма­са, онда мем­ле­кет аты­нан құры­лған бұл ұйым­дар не үшін жұмыс істейді? 

Бұл рет­те тағы бір мәсе­лені айта кет­кі­міз келеді. Жоға­ры­да аталған Арғын Оспа­нов Қауым­да­стық төраға­сы­ның орын­ба­са­ры ғана емес, соны­мен қатар «Отан­дастар» қорын­дағы біл­дей бір депар­та­мен­тінің жоға­ры жалақы ала­тын дирек­то­ры екен.

Яғни, Арғын Оспа­нов шетел қаза­қта­ры­мен жұмыс істей­тін ең үлкен екі бір­дей меке­ме­де қатар бас­шы­лық қыз­мет атқа­ра­ды, жоға­ры жалақы ала­ды, бірақ сөй­те тұра, шетел қаза­қта­ры­на жаны ашы­май­ды; олар­дың ата­жұр­тқа келуіне қол­дау жаса­удың орны­на, кеудесі­нен итеріп, кері қайтарады. 


Қ
андастар көшіне жау­ап­ты «Отан­дастар» қоры мен Қауым­да­сты­қта шетел қаза­қта­ры­на жаны ашы­май­тын жалғыз Арғын Оспа­нов қана емес, басқа да қыз­мет­кер­лер бар шығар деген күдік­ті ой келеді. Егер Қазақ мем­ле­кеті үшін маңы­зды бұл сала­да осын­дай қыз­мет­кер­лер отыр­са, ел пре­зи­ден­тінің қан­дастар көшін жедел­де­ту жөнін­де­гі мін­дет-тап­сыр­ма­ла­ры­ның орын­да­луы екіта­лай болар деген ой туады.

Осы­ған орай төмен­де­гі­дей екі мәсе­ле бола­шақта нақты шешіл­се дейміз: 

1. Үкі­мет қаулы­сы­мен құры­лған «Отан­дастар» ком­мер­ци­я­лық емес акци­о­нер­лік қоға­мы­ның жұмысын жақ­сар­ту мен жетіл­дірудің нақты жол­да­ры аны­қта­лып, бұл жөнін­де үкі­мет тара­пы­нан ресми шешім қабыл­да­нуы керек. Осы­ған сәй­кес, «Отан­дастар» қоры­ның басты мін­дет­терінің бірі – қан­дастар көшін ұйым­да­сты­ру болып бел­гі­леніп, Қоға­мға бөлі­нетін қар­жы­ның басым бөлі­гі осы мақ­сатқа жұм­са­луға тиіс.

Сон­дай-ақ Қоғам­ның штат­тағы қыз­мет­кер­лерінің саны мен жалақы­ла­ры­ның мөл­шері түбе­гей­лі қай­та қара­луы қажет.

2. Қаза­қстан­ның бірін­ші пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев төраға­лық ететін Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры қауым­да­сты­ғын қазір­гі­дей қар­жы­дан жұр­дай, нақты ешқан­дай жұмыс істе­мей­тін дәр­мен­сіз ұйым ретін­де қал­ды­руға бол­май­ды. Бұл – әсіре­се шетел­де­гі бес мил­ли­он­нан астам қазақ диас­по­рас­ы­ның алдын­да Қаза­қстан­ның абы­рой-беделіне көлең­ке түсіретін ыңғай­сыз жағ­дай. Осы­ған орай Қауым­да­сты­қтың жұмысын жетіл­дірудің жаңа жол­да­ры мен мүм­кін­дік­терін қарас­ты­рған жөн.

Біз бұл айты­лған мәсе­ле­лер­ді жуы­қта тиісті жоға­ры орын­дарға ұсын­дық. Алдағы уақыт­та мұның бәрі оң шеші­мін таба­ды деп кәміл сене­міз. Себебі – шетел­де­гі қаза­қтар Қаза­қстан мем­ле­кетінің ұлт­тық біре­гей­лі­гін сақта­уға негіз бола­тын алтын қоры. Ал ондай ұлт­тық бай­лы­ққа немқұрай­лы қара­уға болмайды!

Бота­гөз УАТҚАН

Бұл екі арада

«ГЕНОЦИД

  • Кана­да пар­ла­мен­ті Қытай­дың Шың­жаң­дағы қаза­қтар мен ұйғыр­лар­ды қуда­ла­у­ын «гено­цид» деп атады.

22 ақпан­да Кана­да пар­ла­мен­ті Қытай­дың Шың­жаң­дағы ұйғыр, қазақ және басқа да мұсыл­ман­дар­дың қуда­ла­у­ын «гено­цид» деп таны­ды. Кана­да­лық депу­тат­тар Қытай бұл халы­қтарға қар­сы «гено­цид жаса­ды және әлі жасап жатыр» деп, құжат­ты біра­уы­здан мақұл­да­ды. Кана­да пар­ла­мен­ті ұйғыр­ларға қар­сы қуда­лау тоқта­ма­са, 2022 жылы Пекин­де өтетін қысқы Олим­пи­а­да­ны басқа елге ауы­сты­ру тура­лы заң­ды да қолдады.

Кана­да пре­мьері Джа­стин Трю­до өткен апта­да Шың­жаң­да адам құқы­ғы өрес­кел бұзы­лып жатқа­ны жай­лы хабар көбей­генін айтқан. Халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың дере­гін­ше, Қытай Шың­жаң­да мил­ли­онға жуық мұсыл­ман­ды лагерь­де ұстап отыр.

Кана­да – Шың­жаң­дағы жағ­дай­ға қаты­сты «гено­цид» сөзін қол­да­на бастаған екін­ші ел. Бұған дей­ін АҚШ Қытай­дың Шың­жаң­дағы қысы­мын «гено­цид» деп сипаттаған.

Пекин бұл мәлім­де­ме­лер­ге қар­сы шығып, Шың­жаң­дағы мәсе­лені өзінің ішкі әре­кеті деп санай­ды. Қытай лагерь­лер­ді кәсіп мең­ге­ретін орын, экс­тре­мизммен күрес әдісі дей­ді. Қытай сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің ресми өкілі Ван Вэнь­бинь 23 ақпан­да Кана­да пар­ла­мен­ті қабыл­даған құжат­ты сынап, Пекин Отта­ва­ның ұста­ны­мы­м­ен келіс­пей­тінін мәлімдеді.

Қытай сыр­тқы істер мини­стрі Ван И 22 ақпан­да Жене­ва­да өткен БҰҰ-ның адам құқы­ғы жиы­нын­да Шың­жаң­дағы ұйғыр­лар мен басқа ұлт­тар еңбек ету және дін ұста­ну құқы­ғын толық пай­да­ла­нып оты­рға­нын алға тарт­ты. Ол Шың­жаң­да 24 мың мешіт жұмыс істеп тұрға­нын айтып, «бұл аймақта гено­цид, күш­теп еңбек­ке жегу, діни қуда­лау жоғын көр­се­те­ді» деді.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн