Пятница , 4 июля 2025

ЕРТЕК ТЫҢДАУ

От ішін­де ботаң жанып жат­са да,

 От ішін­де Отан жанып жат­са да,

 Ешкім келіп сөн­дір­мей­ді өртіңді!

 (Ескі өлең­нен).

Отыз жыл оттаға­ның – «ғажап ертек»,

«Ертек­ші», қараң батсын!

Маза бер!!

Кет!!!

Жасаған, «ертек­ші­ге» жаза бер тек!

…Қыс бол­са-ақ Қаза­қстан жылынады,

Бес-бес­тен сәби өртеп!

ҚАЗАҚ ӨРТЕП!

Үні­нен бес сәбидің көк теңселіп,

Бара­ды шың­дар шөжіп, кент­тер шөгіп…

Жатқан­да пеш түбін­де «ертек» тыңдап,

Құдай-ау, қан­ша сәби кет­ті өртеніп?!.

Сол жалын теңізді «әрлеп», түзді «көр­кеп»,

Бара­ды жүзді шар­пып, ізді де өртеп.

Күл­лі ертек жақ­сы­лы­қ­пен аяқталад,

Тек қана олай емес – біздің «ертек»!..

Улей­ді аузым­ды ашсам зарық кәлам,

Өртей­ді тағы кім­ді табыт-қалаң?

Өзге жұрт алса азаттық – бей­іш­ке енед,

Мен неге қадам бас­сам – тамұқтанам?..

Лау­лай­ды қара табыт жалы­ны ұшқан,

Ұшқы­ны мұз көз­дер­ге шағылысқан.

Шай­тан­ның шала­сы­нан от шашады,

Тығы­лған тақ-табы­тқа кәрі мыстан!

Көре­рмін кім­ді жақын, кім­ді дұшпан,

Мен неге құр қала­мын күл­лі ырыстан?..

Көз сал­сам түн­гі аспанға,

Қол соза­ды

Сәби­лер ӨРТ ІШІНДЕ шыңғырысқан!

Қол созар, ал оларға ота­ны жоқ,

Ота­ны кет­ті әркім­нің тоқа­лы боп!

…Бөрі жүр Бозжы­ра­да, білемісің,

Боздаған Ай астын­да, бота-жүрек?.. 

Құзын­да Ай мөли­ген тұл даладан,

Шыға­ды сәби үні іңгәлаған.

Қара­шы –

бес сәбиді көремісің,

Шыны­сын ӨРТТІ АСПАННЫҢ тырналаған!

Сол үннен бетін басып қашты керең,

Соқыр­дың кір­пі­гін­де жас түтеген!

Жылаған қазақ үнін естімеске,

Құлағын тоқал отыр – тас бітеген!

Әне­ки, жұл­дыз бық­сып, кеш кіруде,

Шап­ши­ды өрт! –

Үнін, қарғам, естідің бе?

…Ей, сәби-қаза­қстан, жатырмысың,

Тағы да «ертек» тың­дап пеш түбінде?..

\Светқали НҰРЖАН

Маңғы­стау

ЖОҚТАУ!

Айна­лай­ын, ақ бөпем…

Ақ бөпем-ау, ақ көкем!

Кебініңе жылы­нып,

Қара жер­де жат бөпем.

Әлди-әлди, сүй­генім…

Қызыл отқа күйгенім.

Той­ып тамақ ішпедің…

Бүтін киім кимедің.

Кешір мені, кеш, күнім…

Не сұм­ды­қты естідім!

Тар бөл­ме­ге тығылып,

Күл боп кет­кен бес гүлім.

Әлди-әлди, құлы­ным…

Лап етті ме бұрымың?!

Көк түтін­ге тұншығып,

Шыр-шыр еткен шыбыным.

Өлім неге оп-оңай,

Нет­кен қай­ғы, о тоба-ай?!

Жоқ­шы­лы­қтың отына,

Күй­іп кет­кен ботам-ай!

Кеші­ре алсаң, кеш, ботам,

Еге бол­май есті Отан!

Бес күн жалған дүниеге

Сый­май кет­кен бес ботам!

Әлди-әлди, ақ бөпем

Жер бесік­ке жат, бөпем!

Айнұр ТҰРСЫНБАЕВАb ӨРТЕНГЕН БЕС ӨРІМ: ОБАЛ-САУАБЫ КІМГЕ?

Енді­гі елге бел­гілі болған­дай, ақпан­ның 19-ында Жам­был облы­сын­дағы Жаңа­тас кен­тін­де­гі бес қабат­ты тұрғын үйдің үшін­ші қаба­тын­дағы өртен­ген пәтер­де­гі Әбді­мәлі­ко­втер отба­сы­ның өрім­дей бес бала­сы – екі ұл мен үш қызы: Әйгерім (2015 жылы туған), Әбіл­ман­сұр (2016 ж.), Нұрислам (2017 ж.), Айа­ру (2019 ж.) және Айса­на (2020 ж.) мерт бол­ды. Облы­стық төтен­ше жағ­дай қыз­меті өкілінің хабар­ла­у­ын­ша, бала­лар­дың әкесі – жұмыста, ал ана­сы есік­ті сыр­ты­нан құлып­тап, азық-түлік алуға кет­кен кез­де өрт шыққан. Ана­сы дүкен­нен қай­тып кел­ген­де, үйінің өртеніп жатқа­нын көріп, есі­гін кілт­пен ашып кір­ген. Көр­шілері болы­сып, пәтер­ден төрт бала­ны сыр­тқа көтеріп шығарған. Бесін­ші бала­ны даб­ыл бой­ын­ша жет­кен өрт сөн­ді­ру қыз­мет­кер­лері алып шыққан.

Әле­умет­тік желінің қаза­қстан­дық сег­мен­тін­де Жаңа­тас қала­сын­да өрт­тен қаза болған бес бүл­дір­шін­нің өлі­міне қаты­сты әртүр­лі пікір­лер айтылуда:

бірі – көп бала­лы отба­сы­ларға қаты­сты мем­ле­кет­тік тұрғы­да әле­умет­тік-тұр­мыстық бағ­дар­ла­ма қабыл­да­маған мей­ірім­сіз билікті;

екін­шілері – тұр­мыстың тауқы­меті­мен жүріп, отба­сы­ның қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ете алмаған ата-анасын;

үшін­ші топ – бала­лар құқы­ғын қорғау жөнін­де­гі омбуд­смен Ару­жан Саин­ды жазғырады.

Тәу­ел­сіз құқы­ққорға­у­шы­лар­мен хабар­ла­сып, атал­мыш үш пікір­дің қай­сысын қол­дай­ты­нын неме­се бұл қай­ғы­лы оқиғаға бай­ла­ны­сты басқа тұжы­рым жаса­уға бола ма деген ойдың жете­гі­мен сау­ал­на­ма жүр­гіздік. Жау­а­бын оқыр­ман талқы­сы­на ұсы­нып отырмыз.

Маржан АСПАНДИЯРОВА, құқыққорғаушы: Наразылық ӨРТІНІҢ қаупі қатты

Жаңа­та­стағы қасірет бүкіл елі­міздің қабы­рға­сын қай­ы­стыр­ды. Бұл жөнін­де айту да, жазу да өте қиын. Бес сәби өртен­ген 16 шар­шы метр пәтер ғана емес, бүкіл Қаза­қстан үлкен кре­ма­то­рий­ға айналған­дай. Кедей­шілік­тен көз ашпаған мың­даған отба­сы уақыт­ша бас­па­на жал­дап, бала-шаға­сын асы­рай алмай қина­лу­да. Халық билік­тің бос уәдесі­нен, жалған сөзі­нен шар­ша­ды. Жан айқай­ын жет­кі­зе алмай, көр­ген әділет­сізді­гі­нен қор­ла­нып отыр. Әр сала­дағы нара­зы­лық оты тұта­нып, қас пен көздің ара­сын­да үлкен лапыл­даған өрт­ке айна­луы мүмкін.

        Кез кел­ген мем­ле­кет­тің ең қым­бат қазы­на­сы – адам және адам­ның өмірі, құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры. Елі­міздің «чер­но­вик­ке» айналған (кезін­де тұңғыш ғарыш­кер Тоқтар Әубәкіров айтқан­дай) Кон­сти­ту­ци­я­сын­да да осы­лай жазы­лған. Бірақ қазір­гі сәт­те мем­ле­кет өз аза­ма­ты­ның алдын­дағы мін­детін орын­да­мақ түгілі, керісін­ше, адам өміріне қауіп төн­діріп тұр. Көп бала­лы отба­сы­лар мем­ле­кет тара­пы­нан көмек емес, қор­лық көріп отыр.

Қысқа құрақ көр­пе­ні жамы­лған адам оны жоға­ры тарт­са – аяғы тоңа­ды, төмен­гі жағын жап­са – кеудесі ашық қала­ды. Өкі­мет­тен там­шы­лап бөлін­ген «жәр­де­мақы­ла­ры» сол ескі көр­пе­нің жыр­ты­ғын жамаған­мен бір­дей. Бұл жағ­дай­ды түзеу үшін түбе­гей­лі, ұғы­ны­қты, кешен­ді мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма қажет. Ең алды­мен үкі­мет­те­гілер дүни­е­ге ұрпақ әкел­ген ана­ны құр­мет­тесін. «Бала тап­пас бұрын біз­бен ақыл­да­сып па?!» дей­тін ақы­мақ ойдан арыл­сын. Олар­ды ашы­қты­рып, ашын­ды­рып, көше­ге шығуға мәж­бүр­ле­ген екен, енді тың­дай біл­сін. Бірін­ші кезек­те – жұмыс­сызды­қты азай­ту, соны­мен қатар әрбір жас үйлен­ген­дер­ге бас­па­на­лы болуы­на жағ­дай жасау мәсе­лесін шеш­сін. Мүм­кін­дік­тер жет­кілік­ті. Мыса­лы, бас­па­на ипо­те­ка арқы­лы бір­ден беріліп, дүни­е­ге бала кел­ген сай­ын 25 % қысқар­ты­луы, ал 4 бала­лы отба­сы­ның неси­есі толық жабы­луы керек. Бюд­жет­тің ақша­сын халы­ққа жет­кі­зу жолын­дағы дел­дал-жемқор ком­па­ни­я­лар­дан құтыл­сақ, мил­ли­ард­таған қара­жат үнем­де­леді. Бұл бір ғана мысал. Әр аза­матқа өзіне тиесілі 10 сотық жері беріл­се, адам­дар бас­па­на­лы бола­ды, құры­лыс сала­сы, өндіріс ошақта­ры дами­ды. Айда­ла­да қаңы­рап босқа тұрған спорт сарай­ла­ры мен ЭКСПО сияқты құры­лы­стар­дың орны­на қара­пай­ым жоба­мен ықша­маудан­дар салуға бола­ды. Әуелі науқан­шы­лы­қты қысқар­тып, тұрақты, заң­мен бекітіл­ген бағ­дар­ла­ма жасап, оны іске асы­ру қажет. Назар­ба­ев­тың және оның отба­сы мүше­лерінің ұрлаған бай­лы­қта­ры елге қай­та­рыл­са, көп жағ­дай шешіледі. Жер бай­лы­ғы­нан өзіне тиесілі үлесін әр аза­мат талап ету­ге құқылы.

 Әрине, билік ауы­спа­са, ештеңе жүзе­ге аспай­ды. Ал билік­ті ауы­сты­ру үшін, қоғам­дағы әрбір аза­мат­тың сая­си бел­сен­ділі­гі, өзіне және өзге­лер­ге жана­шыр­лы­ғы жоға­ры болуы тиіс. Жас сәби­лер­дің өмірін қиған қасірет­тің – өрт­тің тех­ни­ка­лық себеп­терін ғана емес, оның әле­умет­тік, құқы­қтық, мем­ле­кет­тік сипатта­рын зер­де­лей­ік. Қай­та­ла­нып жатқан қай­ғы­лы оқиға­лар­дың алдын алу­дың жолы, менің­ше, осы.

Ринат РАФХАТ, қоғам белсендісі: ҚАЙҒЫЛЫ АНАмұқтаждықтың құрбаны

Алды­мен тіл­сіз жаудың сал­да­ры­нан бес бүл­дір­шін­нен бір­дей айы­ры­лған отба­сы­ның қай­ғы­сы­на ортақ­та­сып, қай­ғы­рып көңіл айта­мын. Өте ауыр қаза бол­ды. Жүре­гім езілді.

Үлкені 6 жаста, кен­же­сі 7 айлық бес бала түтін­ге тұн­шы­ғып көз жұмған деген суық хабар­ды есті­ген сәт­те отыз жыл бойы сау­сақ­пен санар­лық халқын (18 мил­ли­он) сер­гел­дең­ге салып, пәтер­ден-пәтер­ге сан­дал­тып қой­ған сая­си жүйе мен оның қабілет­сіз үкі­метіне лағы­нетім­ді айт­тым. Осы­дан екі жыл бұрын қабы­рға­мы­зды қай­ы­сты­рған осы­ған ұқсас оқиға болған.

Ауыр қаза­ның да жай-жап­са­ры осы­ған ұқсас. Бала­лар үйде өздері қала­ды. Осы тұрғы­да кінәні ана­сы­на ауда­руға себеп іздеп кететін­дер де бар. Аста­на іргесін­де өрт­тен қаза болған бүл­дір­шін­дер­дің ата-ана­сы қай­ғы­лы жағ­дай орын алған­да жұмыста­рын­да бол­ды. Әле­умет­тік қысым бол­ма­са, көп бала­лы ана­ларға жағ­дай дұрыс жасал­са, кім бала­сын тастап, далаға қарай шаба­ды?
Жаңа­та­стағы жағ­дай­да да әкесі жұмыста, ана­сы дүкен­ге шығып кеткенде,балалар үйде қалған деп, ана­сы­на қарай ауда­руға әустеніп жатқан­дар­ды көр­дік. Күй­бің тір­лік емес пе? Омы­ра­удағы бала­ны да тастап, мұқтаж ана­лар зырыл­дап барып, керек-жарағын алып келеді. Әлде көп бала­лы жас ана­ларға керек-жарағын әкеліп беретін сер­ви­стік орта­лық бар ма? Керек-жарағын әкеліп бер­мей-ақ қой­сын, әле­умет­тік қиын­шы­лы­қтар­ды жеңіл­де­ту­ге бола­ды ғой.

Ана­лар­дың ашы­нған жан айқай­ла­ры­на «екі сиыр» алып бақ демей, ұры­лар­дың көмей­іне кетіп жатқан қыру­ар қар­жы­ны әр балаға 40 000-нан бер­се, мұқтаж­дық тумас еді. Ана­лар нан іздеп дүкен­ге кет­пе­се, бүл­дір­шін­дер де аман бола­ды ғой.
Жам­был облы­сы әкі­мінің бас­пасөз хат­шы­сы Олжас Сай­лау­бекұ­лы деген былай деп­ті: «Өңір­де­гі мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер бір күн­дік жалақы­сын жол­дай­тын бол­ды. Ата-ана­сы­на деме­ушілер есебі­нен үш бөл­мелі пәтер беріл­ді. Сары­су ауда­ны­ның кәсіп­кер­лері бас­па­наға қажет жиһаз бен тех­ни­ка­ны алып бер­ді. Түр­лі мем­ле­кет­тік емес қор­лар мен 3 млн. тең­ге­ден астам қар­жы жина­лып, мате­ри­ал­дық көмек көр­сетіл­ді». Сон­да үш бөл­мелі пәтер­ге қол жет­кі­зу үшін, мін­дет­ті түр­де сәби­лер­мен қошта­су керек пе? Осын­дай «жана­шыр­лы­қты» кей­де ұқпай қалам.


Инга ИМАНБАЙ, журналист: ЖЕМҚОРЛАР жүйесі ЖАЗЫҚТЫ

Әрине, бар­лы­ғы­на жүйе кінәлі. Яғни, мей­ірім­сіз билік­тің, халы­қтың несі­бесін 30 жыл­дан бері тонап кел­ген опа­сыз билік­тің ісінің нәти­же­сі. Егер Ақор­да маңай­ын­дағы­лар­дың бәрінің, оның ішін­де жеке Назар­ба­ев әулетінің осы уақыт ішін­де елден тонаға­нын қай­та­рып, ортаға сал­са, көп бала­лы әр отба­сын қауіп­сіз жеке үймен қам­ту­дан өзге, олар­дың ата-ана­сы­ның бала күті­мі үшін жәр­де­мақы­сын да лай­ы­қты жаса­уға болар еді. Қазір көп бала­лы отба­сын­дағы әр балаға 10 000 тең­ге шама­сын­дағы жәр­де­мақы береді. Бұл сұм­дық қой? Олар­дың өздерінің бала­ла­ры бір айда он мың тең­ге­ге өмір сүруі түгілі, бір дана­сы он мың тең­ге тұра­тын бәлі­шті де жемей­ді! Сон­ды­қтан тұр­мыстың тауқі­меті­нен қажы­ған қара халы­қты, өздері қай­ғы жұтып оты­рған сәби­лер­дің ата-ана­сын жазғы­ру­дың қажеті жоқ.

Керісін­ше, енді мұн­дай жағ­дай қай­та­лан­бас үшін, қоғам болып, ұлт болып қам­да­нуы­мыз керек. Яғни, бұл жемқор, опа­сыз жүй­ені өзгер­ту үшін, бар­лық күші­мізді салуға тиіс­піз. Мәсе­лен, 28 ақпан күні Алма­ты­да шеру өте­ді, сағат түскі 12- де Балу­ан Шолақ атын­дағы Спорт сарай­ы­нан бастап, Рес­пуб­ли­ка алаңы­на дей­ін. Сол шерудің көте­ретін тақы­рып­та­ры­ның бірі осы: әр көп бала­лы отба­сы­на лай­ы­қты бас­па­на. Мен аза­мат ретін­де, ана ретін­де сол нара­зы­лы­ққа бара­мын, қаты­са­мын. Солай өзі­міз бел­сен­ділік таныт­па­сақ, біздің бола­шағы­мыз бұлыңғыр.

«Бала бақы­ты индексі» деген әлем­дік рей­тинг бар. Яғни, халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар білім алу, дұрыс тамақта­ну, құқы­ғы­ның сақта­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тер­дің балаға қаты­сты қарым-қаты­на­сын сарап­тай­ды. Міне,сол рей­тинг­тің 2020 жылғы есебі бой­ын­ша, Қаза­қстан ең соңғы орын­дар­дың бірін­де. Яғни, біздің бала­ла­ры­мыз әлем­де­гі ең бақыт­сыз бала­лар­дың қата­рын­да. Ұрпағы­мыз, бола­шағы­мыз бақыт­сыз бол­са, онда несіне өмір сүріп, өзі­мізді аза­мат­пыз деп жүр­міз? Сон­ды­қтан солар­дың бола­шағы үшін талап ету, үнсіздік­ті үзу – өз қолы­мы­зда. Қашанғы қол қусы­рып оты­рып, жазы­қ­сыз сәби­лер­ді жоқта­у­мен өмір сүреміз?!

Сау­ал­на­ма­ны дайындаған –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

ҚАСІРЕТ ХРОНОЛОГИЯСЫ: бұған дейін болған қайғылы оқиғалар

  • Биыл 18 ақпан­да Қызы­лор­да қала­сын­дағы уақыт­ша бас­па­на­дан өрт шығып, бесік­те­гі сәби мерт бол­ды. Үйде тағы төрт бала болған, олар­ды ана­сы аман алып қалған.
  • Тараз қала­сын­да 2020 жылғы 1 қазан­да жер үйден өрт шығып, 2–3 жасар екі сәби қаза болған. Билік­тің мәлі­метін­ше, бала­лар­дың әкесі – жұмыста, шеше­сі ауру­ха­наға кет­кен кез­де үй өртенген.
  • Был­тыр 5 науры­зда Алма­ты облы­сы Есік қала­сын­да жер үй өртеніп, үш бала мерт бол­ды. Облы­стық Төтен­ше жағ­дай депар­та­мен­ті өрт шыққан кез­де бала­лар­дың ата-ана­сы үйде бол­маған, олар­дың қасын­да болған қарт әже­сі қат­ты зардап шегіп, ауру­ха­наға түс­кен деп хабарлады.
  • 2020 жылғы 3 ақпан­да Алма­ты қала­сы­нан 50 шақы­рым жер­де­гі Өсте­мір ауы­лын­да жер үйде шыққан өрт­тен екі бала қаза тап­ты. Әкесі қалаға жұмыс ізде­у­ге, ал ана­сы ұлы мен қызын сыр­ты­нан жауып, дүкен­ге кет­кен кез­де өрт шыққан.
  • 2019 жылғы 4 ақпанға қараған түні аста­на­ның шетін­де­гі Көктал‑1 елді мекенін­де­гі шағын үйден өрт шығып, бір отба­сы­ның кәме­лет­ке тол­маған бес қызы қаза­ға ұшы­ра­ды. Осы оқиға­дан кей­ін елде көп бала­лы ана­лар­дың, мүм­кін­ді­гі шек­те­улі бала­сы бар әйел­дер­дің және бала­сын жалғыз өзі асы­рап оты­рған әйел­дер­дің нара­зы­лы­ғы күшей­ді. Олар әлі күн­ге дей­ін оқта-тек­те нара­зы­лық біл­діреді. Бұл адам­дар үкі­мет­тен әле­умет­тік көмек­ті күшей­туді, тұрғын-үй мәсе­лесін шешуді талап етіп жүр.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн