Пятница , 4 июля 2025

Ася АСЕТКИНА: ҚАЗАҚТЫҢ өз жерінде ҚАДІРІ ЖОҚ

Өткен апта­да Қаз­ТАГ Алма­ты әкім­ді­гінің Қоғам­дық даму басқар­ма­сы жер­гілік­ті бюд­жет есебі­нен бло­гер­лер­дің слеті өтетінін рас­таға­ны жөнін­де­гі хаба­рын жари­я­ла­ды. Сол хабарға қараған­да, «басқар­ма мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­рыс аясын­да жас бло­гер­лер мен вай­нер­лер­дің «Үлкен бло­гер­лік шоу» слетін ұйым­да­сты­ру және өткі­зу бой­ын­ша қыз­мет» жоба­сын қарас­ты­рып жатқан көрі­неді. «Шара­ның негіз­гі мақ­са­ты – жастар ара­сын­да кре­а­тив­ті инду­стри­я­ны (жаңа медиа) дамы­ту болып табы­ла­ды», – деп­ті хабар­да Алма­ты әкім­ді­гінің Қоғам­дық даму басқар­ма­сы. Шара жер­гілік­ті бюд­жет есебі­нен өтетіні де бел­гілі болды.

Осы орай­да әле­умет­тік желі­де­гі таны­мал әрі бел­сен­ді бло­гер, жуы­қта жұмысы доға­ры­лған «Аңыз адам» жур­на­лы­ның бас редак­то­ры Ася АСЕТКИНА ханым­ды «ДАТ!» айда­рын­да әңгі­ме­ге тар­тып, жер­гілік­ті билік­тің бло­гер­лер қауы­мы­на аңса­ры неге ауып оты­рға­ны жөнін­де ой бөліс­кен едік.

– Ең алды­мен «Фейс­бук­те» «Ася Асет­ки­на» деген атпен (ник) бел­сен­ді желі қол­да­ну­шы болып жүр­ген сіздің шынайы аты-жөніңізді оқыр­манға таны­сты­рай­ық. Қозғалған тақы­рып­тың әлем-тапы­ры­ғын шыға­рып, қазақ тілін­де жаза­тын қыздың «Ася Асет­ки­на» болға­ны қалай?

– Лақап атты әдет­те көп­ке таны­мал әйгілі тұлға­лар қол­да­на­ды ғой. Көп­шілік қауым ол әйгілі есім­нің артын­да таны­мал­ды­ғы аз, қара­пай­ым аттың жасы­ры­нып тұрға­нын біле де бер­мей­ді. Мәсе­лен, Лев Троц­кий­дің шын есі­мі – Лей­ба Брон­штейн бол­са, Мак­сим Горь­кий – Алек­сей Пеш­ков, Мать Тере­за­ның шын есі­мі – Агнес Бояд­жиу. Сол сияқты біз­де­гі «Әкім Тара­зи», «Аша Матай» сияқты лақап аттар­дың артын­да да кім­дер тұрға­нын білеміз.

Менің шын аты-жөнім – Айсұ­лу Әбдіғап­парқы­зы Абу­ба­ки­ро­ва. Лақап атпен жазу­ды, дәл айт­сам, осы әле­умет­тік желілер­ге тір­кел­ген­нен бастап­пын. Әле­умет­тік желі болған соң, өзіңіз де білесіз, әртүр­лі адам­дар оты­ра­ды, әртүр­лі көзқа­рас, жаман­ды-жақ­сы­лы, қара­ма-қай­шы­лы пікір­лер бола­ды. Небір фейк-акка­унт­пен жасы­ры­нып алған­дар өздерін «жұм­бақ батыр» сезініп, вир­ту­аль­ды шай­қасқа шақы­рып, ащы тілін оңды-сол­ды кезеп жата­ды. Боқа­уыз, лас сөз­дер жаза­тын­дар да болады.

Бәл­кім, жоға­ры­да аталған әйгілі тұлға­лар­дың жасы­ры­нып тұрған, ел біл­мей­тін есім­дері секіл­ді мен де өзім­нің осы қастер­лі әкем­нің есі­мі – Әбдіғап­пар мен өте әде­мі өз есі­мім – Айсұлу­ды ауыр «нега­тив­тен» жасы­рып, сақтан­ды­рған әре­кетім бол­са керек. Кей­ін өзім редак­то­ры болған «Аңыз адам» жур­на­лын­да жұмыс істеп жүр­генім­де, жур­на­ли­стік қыз­мет бары­сын­да бүр­кен­шік есім ретін­де оның қажеті көп туын­да­ды. Сол қажет­тілік­тен барып Ася Асет­ки­на­ны қазір екін­ші «шынайы» аты-жөнім етіп, Ұлт­тық патент­тен өзі­ме жеке­ше­лен­діріп, патент­теп, екін­ші «туу куәлі­гім­ді» тір­кетіп алдым.

Ал «Ася Асет­ки­на­ның» орыс тіліне жақын­дау болға­ны маған маңы­зды емес, басты­сы – мен екі тіл­ді де еркін мең­гер­ген адам­мын. Бірақ әле­умет­тік желілер­дің қазақ тіл­ді кон­тен­тін­де дау-дамай көбірек болған­ды­қтан, қаза­қ­ша жазу жағым басым.

– «Аңыз адам» демек­ші, газет­тің оқыр­ма­ны алдын ала біл­гісі келетін тағы да бір сау­ал: сіз бұған дей­ін бас редак­то­ры болған «Аңыз адам – Жұл­ды­здар Отба­сы» жур­на­лы өткен жыл­дың соңын­да шығуын неге тоқтатты?

– Бұл жур­нал­дар өзінің 20 жылға жуық шығу тарихын­да тара­лы­мы 175–200 мыңға дей­ін жет­кен кезеңі болған. Бұл ТМД елдері бой­ын­ша шығып жатқан БАҚ өнім­дері ара­сын­да өте көп, мақта­нар­лық тара­лым еді. Ең өкіні­штісі – бүгін­де сол тара­лым 10 есе­ге қысқа­рып қал­ды. Оның себебі – халы­қтың әле­умет­тік жағ­дайы мен жастар­дың газет, кітап оқуы­ның азай­ға­ны­нан және жаһан­да­ну пәр­мені­мен жаста­ры­мы­здың жап­пай ғалам­торға бай­ла­нып кетуі­нен болар деп шама­лай­мын. Оның үстіне қал­та­фон­дар мен смарт­фон­дар­дың үстем­ді­гі орнаға­ны тағы бар.

Негізін­де, жур­нал­дың құры­л­тай­шы­сы – Жары­лқап Қалы­бай басы­лым­ды жаба­ты­нын біз­ге де ескерт­пе­ді, яғни өзі­міз де мұн­дай күрт бет­бұры­сты күт­пе­дік десек бола­ды. Тіп­ті ол кісінің өзі де аяқ асты­нан шешті-ау дей­мін. Себебі жаба­тын ойы бол­са, алдын ала келесі жылға бәй­ге («20 жылқы, 8 түйе») жари­я­лап, жур­налға жазы­луға жар­на­ма жаса­ма­са керек-ті. Жур­нал құры­л­тай­шы­сы­ның өзінің айтуы – «нарық қысы­мы­на төтеп бере алма­дым» бол­ды. Ал менің­ше, жур­нал өзін-өзі тәп-тәуір (артық пай­да­ны үйіп әкел­ме­се де, өз шығы­нын жауып отыр еді) ақтап оты­рған. Бәл­кім, Жары­лқап ағаға жур­нал­дың қазір­гі тара­лым саны алды­ңғы жыл­дар­дағы он есе көп саны­мен салы­сты­рған­да тым төмен болған­ды­ғы көңіл көншітпеді…

– Өкіні­шті-ақ! «Аңыз адам» сияқты таным­ды­лық тұрғы­сын­дағы мәде­ни-көп­шілік басы­лым қазақ қоға­мы­на керек-ақ еді. Бұл жоба­ны жалға­сты­ру әре­кетін өз бетіңіз­ше ойла­сты­рып көр­медіңіз бе?

– Дұрыс айта­сыз! Тәу­ел­сіз елі­міз­де­гі руха­ни­ят сала­сын­дағы шынай­ы­лы­ққа деген тап­шы­лық бүгін­гі қазақ қоға­мын­да үлкен бір руха­ни бос кеңістік­ті қалып­та­стыр­ды десек бола­ды. «Аңыз адам» жур­на­лы сол бос кеңістік­тің орнын тол­ты­рып тұрған, халы­қтың руха­ни азы­ғы бола біл­ген жур­нал еді.

Қазір­гі мем­ле­кет­тік наси­хат құрал­да­ры­на, теле­ра­дио хабар­ла­ры­на бай­ып­пен үңілер бол­сақ, өкініш­ке қарай, өтірік пен жасан­ды­лы­қтың, жағым­паз­дық пен құл­дық ұру­дың, алдау мен арба­удың, руха­ни қысым мен қорқы­тып-үркітудің түр-түрін көру­ге бола­ды. Бүгін­гі уақыт­та мәде­ни­ет пен ақпа­рат, білім және ғылым сала­сын­дағы мини­стр­лік­тері­міз елдің руха­ни сұра­ны­сын қам­та­ма­сыз ету орны­на, керісін­ше, өздерінің сая­си ұста­ным­да­ры мен жеке пай­да­сын алға озды­ра оты­рып, Назар­ба­ев билі­гін мадақтап, жар­на­ма жасап, жалған­ды­ққа бел­ше­сі­нен батып, руха­ни­ят сала­сын ластай түсетін шара­лар­ды өрістетіп отыр.

Деген­мен, бүгін­де қоғам­ның ондаған жыл­дар бой­ғы жап­пай күнел­ту мәсе­лесі­мен, баю мақ­са­ты­мен елес қуып, арпа­лы­сып сар­сы­луы­нан соң, ақы­рын­дап руха­ни дамуға деген ұмты­лы­сы айқын бай­қа­ла­ды. Әсіре­се адам­зат дең­гей­ін­де­гі адам­гер­шілік, ізгілік, иман­ды­лық, өнер, ғылым деген­дей, шынайы құн­ды­лы­қтарға ізденіс пен сұра­ныс соңғы 2–3 жыл­да әжепте­уір өрісте­уде. Адам­ның руха­ни дамуға деген ұмты­лы­сын қам­та­ма­сыз етудің бүгін­де сан­түр­лі құрал­да­ры мен амал-тәсіл­дері бар­шы­лық. Бірақ та осы алу­ан түр­лі амал-әдістер­дің ішін­де менің қолым­нан келері жур­нал жүр­гі­зу екеніне көзім әбден жет­ті. Бірақ «әттең тон­ның кел­тесі-ай..» болып тұр емес пе?

Әрине, қол­да­у­шы­лар табыл­са, бұл жол­ды менің жалға­сты­ру ниетім бар. Мұн­дай таным­ды­лық тұрғы­сын­дағы басы­лым қазақ қоға­мы­на аса қажет екені даусыз.

– Әле­умет­тік желіні бел­сен­ді қол­да­нуы­ңы­зға бай­ла­ны­сты сіз өзіңізді бло­гер санай­сыз ба? Жоқ әлде жур­на­лист болып қалу­ды ойлай­сыз ба?

– Менің негіз­гі маман­ды­ғым – қар­жы­гер. Әле­умет­тік желі­де егер бел­сен­ді түр­де өз ойла­рым­мен бөлісіп жат­сам, ол – бло­гер болғым кел­гені­нен емес, мен дәл қазір қай­та­дан өз маман­ды­ғым қар­жы сала­сы­ның май­ын ауда­рып, төң­керіп ішсем бе деген ойдың жете­гін­де жүр­мін. Ал жур­на­лист болу – менің бала кез­ден мұрат еткен маман­ды­қта­рым­ның бірі бола­тын. Жал­пы, бола­шақта кім болуым керек деп, маман­дық таң­дау сәті туған жоға­ры сыны­пқа барған­да, мен алды­ма не жур­на­лист, не адво­кат неме­се мықты пси­хо­лог бола­мын деп мақ­сат қой­ып, нақты осы үш салаға қарай бей­ім­деліп, ниет еткен бола­ты­н­мын. Бірақ адам­ның дегені бола бер­мей­ді ғой. Мек­теп­ті аяқтаған­да, марқұм ағам­ның «жур­на­лист ол – жалаң аяқ кедей­дің маман­ды­ғы, адво­кат ол – әйел адам­дарға арнал­маған маман­дық, ал пси­хо­лог болғың кел­се, келе­шек­те қосым­ша оқыр­сың, екін­ші маман­ды­ғың бола жатар, әзір­ге бола­шақта өзіңді-өзің жақ­сы асы­рай­тын қар­жы­гер бола­сың» деп, менің еркім­нен тыс осы маман­ды­ққа құжат тап­сыр­тып, амал жоқ, оқу­ды аяқтап шықтым.

Расы­мен де, қазір осы маман­ды­қтың қар­ны­ң­ды аштыр­май­ты­нын көріп, ағам­ның айтқа­нын еріксіз мой­ын­да­сам да, бәрібір көңіл қала­уы – жур­на­лист болып кет­ті. Жаңа айтып өткенім­дей, қат­ты қалаған маман­ды­қтың бірі адво­кат, құқы­ққорға­у­шы болу еді дегенім­дей, мына әле­умет­тік желілер­де бір­деңе жазып, не айтып жат­сам, сол бала кез­ден қанға сің­ген әділет­сүй­гі­шті­гім­нен бол­са керек деп ойлаймын.

– Деген­мен, әсіре­се қаза­қтар осы әлем­желі­де әлек болып, бір-бірі­мен қырық пышақ болып жата­ты­ны бар ғой…

– Бар­ша қаза­қтар тура­сын­да айта алмай­мын. Ал өзім әле­умет­тік желі деген­де, «Фейс­бук­тен» шығып, кей­де шар­шап кете­мін де, көп уақыт өтпей, қай­та айна­лып келіп ала­мын. Сон­дағым – «Фейс­бук­тың» қай атақ, қай лау­а­зы­мы­на жар­ма­сып жүр дей­сіз? Біле біл­сеңіз, Цукер­берг­тің «Фейс­бук» желісі – қазақ қоға­мын­да демо­кра­ти­я­ның жаңа­ша фор­ма­сы болып табы­ла­тын еркін пікір-алма­су алаңы­на, халы­еқтың үгіт-наси­хат тара­та­тын дау­сы­на, қоғам­ның үніне айнал­ды. Бұрын­да­ры қоғам­да орын алып жата­тын әле­умет­тік әділет­сіздік­тер­ге пікір біл­ді­ру неме­се билік­ті сынау – сана­у­лы адам­дар­дың ғана мен­шік­ті шаруа­сы болып кел­се, қазір осы «Фейс­бук­тың» еркін­дік аясы кеңіп, билік пен үкі­мет­тің қыз­метін қадаға­ла­у­ға, болып жатқан күр­ме­уі қиын мәсе­ле­лер­ге әле­умет­тік желілер арқы­лы әркім де атса­лы­са ала­тын бір-бір қоғам бел­сен­дісіне айнал­ды. Аза­мат­тық қоғам­ды оят­ты. Оны ояту­шы күш бір­ден-бір интер­нет, осы әле­умет­тік желілер деп ойлай­мын. Әрине, ара­сын­да жай оты­рған, бос сөз жаза­тын­да­ры да жоқ емес. Олар­сыз қоғам да бол­май­ды ғой. Қысқа­сы, бұл жер­ден әркім өзінің кере­гін ала­ды, желі халы­ққа қажетін береді.

– Қалай болған­да да, қоғам­дағы кінәрат­тар мен әле­умет­тік әділет­сіздік­тер­ді батыл жазуға сізді жете­лей­тін қан­дай күш? Елде­гі жағ­дай­ға енжар адам­дар айт­пақ­шы, «тыныш жүру­ге» бол­май ма?

– Мен «қазақ» деп шырыл­даған намысы бар әр қаза­ққа сене­мін. Ұлт­тың бол­мысы – ұлт­тық намысы бар, көкіре­гі ояу, ойы азат осын­дай адам­дар­дың арқа­сын­да өшпей­ді. «Ұлт бол­мысын өшір­мей, қалай, қай­тіп жан­дан­дыр­сақ екен?», «Қаза­қтың еңсесін қалай көтер­сек екен?» деген сұрақтар менің де жаным­ды жей­ді. Шама­сы, сон­ды­қтан болар, «тыныш жүре» алмаймын.

Абай айта­ды: «Біл­ме­ген соқыр, қай­ғы­сыз отыр, қар­ны той­са жатуға…» – деп. Күн­нен-күн­ге елі­міз­ден, еге­мен­ді­гі­міз­ден айы­ры­лып бара жатқа­ны­мыз қай­ғы­сыз жатуға жібер­мей, ішкен асым­ды бой­ы­ма тарат­пай тұр. Үш балам бар, солар­дың бола­шағын ойлай­мын. Ертең олар мына шірі­ген, жемқор жүй­енің құрған әділет­сіз қоға­мын­да қалай өмір сүреді деп уай­ым­дай­мын. Ертең бұл бүл­дір­шін­дер өскен­де: «Сен­дер біз­ге қан­дай Қаза­қстан­ды қал­ды­рып кет­тің­дер?!..» деген­де, расын­да да, біз оларға не айта ала­мыз? Менің «тыныш жүр­мей­тін» себебім – осы.

– Қазір­гі әле­умет­тік желі­де­гі басты тренд­тер­ге қарап оты­рып, қаза­қстан­дық қоғам­ның кес­кінін жаса­уға бола ма?

– Әле­умет­тік желі­де­гі қызу талқы­ға түс­кен тақы­рып­тар­ды сара­ла­сақ, жемқор билік­ке деген халы­қтың азай­ып бара жатқан сені­мін көре­міз. Қазір билік­ке деген халы­қтың нара­зы­лы­ғы жап­пай оян­ды. Жер көле­мі бой­ын­ша 9‑орында бола тұра, халқы­ның саны жағы­нан өзі де аз халы­қты Назар­ба­ев бастаған бұл билік азды­рып, тозды­рып бітір­ді. Қан­ша­ма бай­лы­қтың бел орта­сын­да оты­рған қай­ма­на қаза­қты көрін­ген көк атты­ға алақан жай­ды­рып жібер­ді. Қаза­қтың өз жерін­де қадірі жоқ. Тұм­сы­ғы бар­лар шоқып, тістері өткір­лер – шай­нап жеп жатыр. Бұрын­да­ры аш бол­сақ та, сыр бер­мей, тісі­міздің орта­сы­на тұрып қалған «сасып кет­кен» қал­ды­қты күй­сеп жата беретін бол­сақ, қазір қуа­на­ты­ным – зор сіл­кініс бар: Ояу­мыз. Ыза­лы­мыз. Ашы­нған­быз. Жақын­да жастар «Гүл өссе – жер­дің көр­кі, шал кет­се – елдің көр­кі» деген ұран­мен алаңға шығып­ты. Күлесің бе, жылай­сың ба?

«Ашы­нған­нан шыға­ды ащы дау­сым» деген­дей, қаза­қстан­дық қоғам­ның бүгін­гі кел­бетінің кес­кіні не деген­де, мен адам­дар­дың бинар­лық ойлау син­дро­мы­на ұшы­ра­уы ма дер едім. (Бинар­лық ойлау син­дро­мы – кез кел­ген мәсе­лені неме­се иде­я­лар­дың шека­ра­сын шек­теп, өзге­ше ойла­у­ға мүм­кін­дік бер­мей­тін, қара­ма-қар­сы пози­ци­я­лар­дың толық бол­мауы­нан тек «қара» неме­се «ақ» деп сипатталуы).

Яғни, біз­де бел­гілі бір сал­мақты сарап­талған көзқа­расқа ноқта­ла­ну, бел­гілі бір орта­ны ұстау деген жоқ болып тұрға­ны қын­жы­л­та­ды. Өзгені сына­сақ, жай айт­са – түйе, қат­ты айт­са – есек, отыр­са – опақ, тұр­са – сопақ ете­міз. Яғни, жан-жақты­лық жоқ, пікір алма­су мәде­ни­еті, бір­жақты ойла­мау, өзгенің де пікірі­мен сана­су бол­май тұр. Билік­ті сына­сақ, хай­у­ан­нан асы­ра­мыз, ал мадақ­та­сақ, Құдай­ға теңе­ген­дей табынамыз.

– Алма­ты қала­лық әкім­ді­гінің Қоғам­дық даму басқар­ма­сы бло­гер­лер­дің жиы­нын өткі­зуді жос­пар­лап отыр екен. Сіз қалай ойлай­сыз, бұл жоба­ның мақ­са­ты не: әле­умет­тік желілер­де қала­лық әкім­дік­тің ими­джін жақ­сар­ту ма, жоқ әлде масс-меди­а­ның жаңа ком­му­ни­ка­тив­тік түрі­мен қоғам­дық жұмыс жүр­гі­зудің ама­лы ма?

– Қазір­гі ақпа­рат­тық заман­да бүкіл адам­зат бұқа­ра­лық ақпа­рат­тар арқы­лы тәр­би­е­леніп жатқа­ны жасы­рын емес. БАҚ құрал­да­ры, оның ішін­де әсіре­се интер­нет, әртүр­лі әле­умет­тік желілер сая­си про­це­стер­де ең ықпал­ды құрал болып тұрға­ны тағы бар.

Алма­ты қала­сы­ның бұры­нғы әкі­мі болған Бауы­р­жан Бай­бек­тің «Біздің елде егер адам­ның тәні ауыр­са, ол адам дәрі­гер­ге бара­ды. Ал жаны ауыр­са – «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­на бара­ды…» деген хитқа айналған сөзі бар ғой: сол айтқа­нын­дай, бұлар­да қоғам­мен бел­гілі бір жұмыс істеу, халық игілі­гіне еңбек ету деген әсте жоқ-ау. Өздерінің «Нұр Отан­да­ры» бар емес пе?! Сон­ды­қтан да мен ойлай­мын: олар­дың мақ­са­ты – әле­умет­тік желілер­де өздерінің «Нұр Ота­ны­ның», қала­лық, облы­стық әкім­дік­терінің ими­джін жақ­сар­туға ғана бағыт­талған іс шара деп.

– Жал­пы, қаза­қстан­дық билік­тің ішкі сая­сат маман­да­ры мен арнайы орган­дар әле­умет­тік желінің сая­са­тын жасай­ды деген пікір­ге қосы­ла­сыз ба?

– Жаса­уға барын салып жұмыс істей­ді деген дұрыс шығар. Себебі жаңа жоға­ры­да айтып өттім ғой, қоғам­да бинар­лық ойлау син­дро­мы орын алып жатыр деп, сон­ды­қтан да жап­пай қоғам тек ішкі сая­сат­пен бір­лесіп отыр деп айта алмай­мын. Елу де елу болуы мүм­кін. Әле­умет­тік желілер­де ішкі сая­сат маман­да­ры көп­теп оты­ра­ды, олар­дың да кәдім­гі­дей қауырт жұмыс істеу тәр­тіп­тері бар. Бірақ мына сан-саққа тар­тқан қоғам оларға толық беріліп кет­ті дей алмаймын.

– Бір­не­ше мың­даған оқыр­ма­ны бар бло­гер­лер әле­умет­тік желінің арқа­сын­да ақша таба­ды, әлдебір әле­умет­тік топ­тың мүд­десін қорғай­ды неме­се жар­на­ма­сын жасай­ды деген сөз­ге орай қан­дай пікір айтар едіңіз?

– Өкініш­ке қарай, ондай­лар өте көп. Кәдім­гі осы бло­гер болу арқы­лы қоғам бел­сен­дісіне айна­лып, жоға­ры лау­а­зым­дарға көтеріліп неме­се бел­гілі бір сома­да ақы­сын алып жаза­тын­дар бар­шы­лық. Сіз­ге бір-екі мысал ғана айтай­ын: 2016 жылы Еңлік Сыды­қо­ва деген қыз сол кез­де мәде­ни­ет мини­стрі болып тұрған Ары­стан­бек Мұха­ме­диұлын «бөтен оймен қырын­да­ды» деп сотқа бер­ді. Қоғам екі­ге жарыл­ды. Бірі Мұха­ме­диұлын қорғап, енді бірі­міз Еңлік жаққа шықтық. Сон­да жаңағы мини­стрі­міз осы «Фейс­бук­та» оты­рған жазғыш-сызғыш кілең бло­гер­лер­ді жинап, ресто­ранға түскі асқа шақырады.

Тіп­ті (нақты рас-өтірі­гін біл­мей­мін) оларға ақша­лай сый­лық та үле­стіріп­ті деп естідік. Кей­ін сол жаңағы Мұха­ме­диұлы­ның дастар­ха­ны­нан «дәм татқан­дар­дың» бар­лы­ғы дер­лік бір мезет­те өз парақ­ша­ла­рын­да Еңлік­ке қар­сы ақпа­рат­тық соғыс жари­я­лап, оны жаман­дау жаз­ба­ла­рын оқша борат­ты. Ара­ла­рын­да бүгін «ұлт пат­ри­о­ты», «қоғам қай­рат­кері», «сая­сат­кер» болып жүр­ген­дер бар.

– Мұн­дай табыс табу әре­кеті сіздің тәжіри­беңіз­де бол­ма­ды ма?

– Ұсы­нған­дар бол­ды: «Бір мәжіліс депу­та­ты­ның үсті­нен ақпа­рат­тық соғыс ашу қажет, мате­ри­ал­дар­ды беріп оты­ра­мыз, мін­детің – тек парақ­шаң­да жазып, «ұран­дап», елдің наза­рын ауда­ру, оның ими­джін түсі­ру, ақша­сын бере­міз», – деді. Кей­ін Қытай­да қысым көріп жатқан қаза­қтар­дың мәсе­лесіне қаты­сты бір-екі ұсы­ны­стар бол­ды. Мен бірақ ешкім­мен келіс­пе­дім, төлей­тін ақша­сы­на қызы­ғып, арым­ды дәнеңе­ге таты­май­тын дүни­е­ге айыр­ба­ста­ма­дым. Осы­ған дей­ін ешкім­мен ешқан­дай келісім­ге барып, ештеңе жазған емес­пін. Егер әле­умет­тік желіні бел­сен­ді қол­дан­сам, ондағы жазған­да­рым қате бол­сын, оң бол­сын – тек өз ойла­рым, өз көзқа­ра­сым, өз пікірім ғана…

– Ақиқат­тың ауы­лы­на жетер жол­дағы қала­мы­ңыз ұшқыр бола түс­сін, Айсұ­лу! Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Желі­де­гі жазбалар

АНА ТІЛІҢДІ қадірлемеу – НАДАНДЫҚ

Бәл­кім, елба­сы­ның «Руха­ни жаңғы­ру» бағ­дар­ла­ма­сы­ның нәти­же­сі ме, бәл­кім, «Нұр Отан­ның» 29-жыл­дық идео­ло­ги­я­сы­ның жемісі ме, кім біл­сін, әйте­уір «Пат­ри­о­тизм деген ол – тек әле­умет­тік желілер­де ғана, яғни «Фейс­бук» пен «инста­грам­да» оты­рып-ақ: «Қазақ, оян!», «Алға, алға!», «Шал­дар кет­сін» деп жиі-жиі жаза беру» деп шынайы ұға­тын жастар бар екен.

***

Софи­я­но­рым­ды мек­теп­тен әке­ле жатырмын.

– Мама, мама… мам, в моем клас­се толь­ко «кнбш­ни­ки» учат­ся, все одни кнбш­ни­ки! (Өзі сон­да бірін­ші сынып оқушысы).

– Құдай, сақтай гөр! «Кнбш­ни­ки» оқи­ты­ны несі? Қай­дағы «кнб» бірін­ші кла­ста? «Кнб» деген өзі кім­дер сон­да, оны сен білесің бе?

– Біле­мін. Олар – Назар­ба­ев­ты жақ­сы көретіндер!

– Назар­ба­ев­ты? Неге олай дей­сің? Ал Назар­ба­ев деген кім екен?

– Назар­ба­ев – он пре­зи­дент… пер­вый пре­зи­дент, то есть елба­сы. Ал Тока­ев – он вто­рой пре­зи­дент. Мама-мама, пер­вый пре­зи­дент на казах­ском будет – елба­сы да? А вто­рой пре­зи­дент теперь как пере­во­дит­ся с рус­ско­го на казахский?

– Нұр­ба­сы болады…

– Нұр­ба­сы? А‑а, теперь буду знать.

– Софи, жақ­сы, сен оны қоя тұр да, жаңағы «кнбш­ник­теріңе» ора­лай­ық. Назар­ба­ев­ты жақ­сы көр­ген­нің бәрін «кнбш­ник­тер» деген­ді сен қай­дан шығардың?

– Сен­дер үйде күн­де солай айта­сы­ң­дар ғой, «ол Назар­ба­ев­тың сая­са­тын қол­дай­ды, ол Назар­ба­ев­ты ақтай­ды, жақтай­ды, олар «кнбш­ник­тер», «үш әріп­тер», н‑н-н…» деп. Сосын сенің «Фейс­бу­гы­ң­де» де солай жаза­ды үне­мі. Оны да өзің айта­сың – де-е-еп, беті­ме қарап тұр.

Ал енді не дерсің?!

***

Қаза­қстан деген мем­ле­кет­тің бүгін­гі күйі тағ­дыр қай­ы­ғын­да «қал­тыл­дап» тұр. Оны бәрі­міз де біле­міз. Біл­сек те, бей-жай, біл­ме­ген­сіп күн кешу­де­міз. «Өзге елмен салы­сты­рған­да, біз­де әлдеқай­да жақ­сы ғой, шүкір дей­ік» деп, өзі­мізді-өзі­міз алдай­мыз. Өзі­мізді-өзі­міз өтірік жұбатамыз.

Бірақ қашанғы алдай­мыз? Неден қорқа­мыз? Кім­нен қорқа­мыз? Қашанғы төзбекпіз?

Біл­мей­мін!

Қазір қоғам ояу, сана­сын­да сіл­кініс бар, көп­шілік­тің көзі ашы­лған. Енді жал­тақтай бер­мей, толқын­дар ығы­на қарай өре түре­геліп, ағы­сқа қар­сы ескек­пен неге есе жөнел­мей­міз, а?

***

Видео­дағы «шешен­сі­ген» деген қаза­қтың сөзін боқ ауыз сөз екен деп, жер­ден жеті қоян тапқан­дай, дау­ры­ққан қатын мен ол видео­ны одан әрі «алақай­лап» тара­тып жатқан көп шуыл­дақ қаза­қта­рым­ды көріп, қор­ланға­ным-ай! Надандық!

Өз ана тіліңді өзің біл­меу, оны өзге емес, дәл өзің келе­меж­деу – бұл біле біл­ген­ге Қытай­дың коро­на­ви­ру­сы­нан да ауыр қасірет!

***

«…Ада­мға жара­ты­лыс сый­ла­маған жара­сым­ды­лы­қты махаб­бат сый­лай­ды. Махаб­бат ажал­дың да сұсы­нан сес­кен­бей­ді. Махаб­бат ерекше құдірет­ті: жер бетін­де оның қаһа­ры­нан күшті жаза жоқ, оның ләз­зәтын­сыз бақыт жоқ. Кір­шіксіз махаб­батқа ешбір қия­нат кедер­гі бола алмай­ды. Махаб­бат кез кел­ген­ге бұй­ыр­май­тын іңкәр бақ. Сүй­іспен­шілік, іңкәр­лік сезім сабыр­лы­лы­ғы­мен сән­ді…» – деуін дей бере­міз-ау, ал енді махаб­бат­тың дұшпа­ны не деп ойлайсыздар?

Ася АСЕТКИНА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн