Пятница , 4 июля 2025

Ауылды тұралатқан ҚОС КЕСАПАТ – кепілдік пен мал індеті

  • Менің қолы­ма қалам алып, тағы да «ДАТ»-қа мақа­ла жазуы­ма себеп­кер болған – «ауыл шару­а­шы­лы­ған дамы­ту үшін мем­ле­кет­тен несие қор­ла­ры­на 600 млрд тең­ге қар­жы бөлін­ді» деген сыңай­дағы хабар. Осы­ны оқы­ған­нан кей­ін, «Бұл неғы­лған бат­пан құй­рық, айда­ла­да жатқан құй­рық?» деген қаза­қы тәм­сіл есі­ме түсті.

Расын­да, бұл не қылған қыру­ар қар­жы және ол қар­жы шару­а­лар­дың қолы­на қалай жете­ді? Біздің мем­ле­кет «Ауыл жылы», «Ауыл­ды өркен­де­ту жылы» деп қан­ша­ма бағ­дар­ла­ма жаса­ды, оларға мил­ли­ард­таған қар­жы бөлін­ді! Қай­да сол мил­ли­ард­тар? Бұл қар­жы­ны кім­дер, қай­да, қалай бөліп келді?

Иә, ауыл шару­а­шы­лы­ғын «өркен­де­те­ді» деп, мем­ле­кет тара­пы­нан «Даму» қорын, «ҚазА­гро» ұлт­тық опе­ра­то­рын, «ҚазА­гроҚар­жы» ком­па­ни­я­сын, жеңіл­детіл­ген шағын неси­елік қор­лар, кәсіп­кер­лер­ді қол­дау мақ­са­тын­да «Ата­ме­кен» ұлт­тық пала­та­сын құр­сақ та, ауыл «баяғы жар­тас – сол жар­тас» кей­пін­де қал­ды, дүр­кіреп дамып кет­кен ауыл жоқ. Мил­ли­ард­таған қар­жы құмға сің­ген судай жоғал­ды. Оның есебін сұрап жатқан пре­зи­дент­ті де, үкі­мет­ті де, пар­ла­мент­ті де көрмедік.

Осы­ның сал­да­ры­нан ауыл шару­а­шы­лы­ғы қай­ыр­шы­ның күй­ін кешу­де. Қаза­қстан­да ауыл шару­а­шы­лық тех­ни­ка­сы түгілі, айыр-күрек шыға­ра­тын кәсі­по­рын жоқ. Бар­лы­ғы – шетел­дер­ден, Ресей мен Қытай­дан әкелі­неді. Әлем­ге ақыл айту­дан бірін­ші орын­да­мыз. 30 жыл­да Қаза­қстан мем­ле­кетін бүкіл әлем таны­ды деп, бөр­кі­мізді аспанға ата­мыз. Қай жағы­нан әлем таны­ды? 30 жыл бойы инве­стор іздеп, қай­ыр сұраған елді ме?!

Менің ойым­ша, қан­ша­ма жыл­дан бері бөлін­ген мил­ли­ард­таған қар­жы «ҚазА­гро» мен «Даму» сияқты халы­қты сүлік­тей сорған ком­па­ни­я­лар­дың, өз жан­да­рын баққан екін­ші дәре­желі банк­тер­дің, аты бар, заты жоқ қап­таған қор­лар­дың қал­та­сын­да кет­ті. Мәсе­лен, бір ғана «ҚазА­гроға» жыл сай­ын бір­не­ше жүз­де­ген мил­ли­ард тең­ге бөлі­неді. Бірақ одан дамып, өркен­деп кет­кен ауыл­ды тірі жан көрмеді.

Енді, міне, 2020 жылға ауыл шару­а­шы­лы­ғын неси­е­лен­діру­ге арна­лып, мем­ле­кет тағы да 600 млрд тең­ге бөл­ген екен. Ол қар­жы­ны шару­а­ларға тағы да «түбі тесік», сұра­уы жоқ «ҚазА­гро» бөле ме? Ауыл шару­а­шы­лы­ғын қар­жы­лан­ды­ру­дың қап­таған дел­дал­сыз тіке­лей жолы неге қарастырылмайды?

Егер 600 млрд тең­генің бөлін­гені анық бол­са, оның банк­тер мен несие қор­ла­ры арқы­лы әр серік­те­стік пен шаруа қожа­лы­ғы­на қалай және қан­ша көлем­де жетіп жатқа­ны жөнін­де ашық ақпа­рат болуы тиіс. Қар­жы қан­дай шару­а­шы­лы­ққа, қан­дай өндіріс­ке бөлін­ді, ол кәсіп­кер кім, оның құры­л­тай­шы­ла­ры кім­дер? Олар аудан, облы­стың басын­да оты­рған жемқор шене­унік­тер­дің туған-туы­сқа­ны емес пе? Осы ақпа­рат­тың бар­лы­ғы ашық қол­да­ны­ста болуы тиіс және қар­жы­ның пай­да­ла­ны­лу ағы­ны қоғам мен масс-меди­а­ның толық бақы­ла­у­ын­да болуы керек!

Аграр­лық сала­да көп­те­ген жыл­дық тәжіри­бесі бар шаруа ретін­де айтай­ын: сол бөлініп кел­ген, енді тағы да бөлі­нетін қар­жы­ны пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гін шек­тей­тін бір­ден-бір кедер­гі – бан­кілік кепіл­дік. Ауыл­дың дамы­м­ай тұрға­ны да сол қаңы­раған ауыл­да бан­кі­ге тігер кепіл­дік­тің тапшылығы.

Жері­нен басқа түгі жоқ, тех­ни­ка мен айнал­ма­лы қор­дан тұл­дай шаруа кепіл­дік­ке несін тігеді? Мәсе­лен, ауыл­да кепіл­дік арқы­лы несие алу­дың ең жоға­ры сома­сы – 3–4 мил­ли­он тең­ге. Қара­пай­ым шару­а­да бұдан асқан кепіл­дік қоя­тын түгі жоқ. Ал сол 4 мил­ли­он тең­гені алу үшін, қия­мет­тің қыл көпірі­нен өткен­дей бола­сың. Бір неси­енің соңы­нан 5–6 ай жүресің. Оның өзін­де кепіл­ді­гің керекке жарай ма, жоқ әлде соңын­да тұл­дыр­сыз қала­сың ба – оның түп­кі нәти­же­сі белгісіз.

Ауыл­ды тіке­лей қар­жы­лан­ды­ру­дың өзім бастан кеш­кен жақ­сы бір жолын мысалға кел­тірей­ін: бұдан бірер жыл бұрын ШҚО Зай­сан ауда­ны­ның 37 шаруа қожа­лы­ғы­на қытай­дың «Мерей-Агро» ком­па­ни­я­сы тек бір келісім­шар­тпен бір жетінің ішін­де келісіл­ген неси­ені ауда­рып бер­ді. Басқа құжат жинап, кепіл­дік­ке қоя­тын мүлік іздеп қиналған жоқ­пыз. Неси­ені өндіріл­ген өнім есебі­нен қай­та­руға келісім­шарт қана жасал­ды. Иә, жасы­ра­ты­ны жоқ, өнім өнді­ре алмаған, неси­ені қай­та­руға қауһа­ры жет­пей қалған шару­а­лар сотқа тар­тыл­ды. Қалай болған­да да, бұл неси­е­лен­ді­ру ама­лы ашық және әділ еді.

Ауыл шару­а­шы­лы­ғын тұра­ла­тып тастаған екін­ші бір кеса­пат – мал індеті, бру­цел­лез бен аусыл ауруы. Мыса­лы, шаруа ада­мы 4 мил­ли­он тең­ге­ге 15 бас ірі қара мал сатып алса, ара­да 6 айдан кей­ін сол 15 бас малы бру­цел­лез болып шыға келеді. Мем­ле­кет­тік мал дәрі­гер­лік сала­сы бру­цел­лез­ге қар­сы жұмыста дәр­мен­сіз. Аудан­дық мал дәрі­гер­лік меке­месінің айта­тын уәжі: бру­цел­лез­ге қар­сы егетін дәрі-дәр­мек сапа­сыз. Рас, ол дәріні шелек­теп құй­са да, мал­дан қай­та­дан бру­цел­лез шыға­ды. Сол сияқты сиыр­дың қара­сан ауруы­на қар­сы қол­да­ны­ла­тын дәрі-дәр­мек те дәр­мен­сіз. Яғни, мал індетінің алдын алуға қар­сы мем­ле­кет тара­пы­нан тиім­ді жұмыс жүр­гізіл­мей­ді. Ал әупірім­мен күн көр­ген қожа­лық өз тара­пы­нан қар­сы шара қол­да­нуға қауһарсыз.

Мал ауруы­ның етек жаюы сал­да­ры­нан елде­гі мал саны да өспей­ді. Мәсе­лен, Зай­сан ауда­нын­да, ста­ти­сти­ка бой­ын­ша, 60–70 мың қой, 70–80 мыңға жуық ірі қара бар. Бұл көр­сет­кіш қан­ша­ма жыл­дан бері не өспей­ді, не өшпей­ді. Яғни, мал ауруы сал­да­ры­нан өсім­ді қам­та­ма­сыз ету мүм­кін емес. Түп­теп кел­ген­де, бір ғана Зай­сан­да емес, бүкіл қаза­қстан­дық ауыл­дың жағ­дайы осындай.

Егер ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да осын­дай күр­делі жағ­дай одан ары сақта­ла бер­се, қазақ, расын­да да, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев айтқан­дай, «екі сиы­рға» қарап қала­ды. Екі сиыр­дың төлі мал індетінің құр­ба­ны болып, өсім­ді қам­та­ма­сыз ету мүм­кін бол­май қала­ды. Ал мұн­дай жағ­дай­да ауыл ада­мы «екі сиыр» сатып алуға жұм­салған неси­ені қалай қайтарады?

Неге біз «қытай қатер» деп, көр­ші елдің эко­но­ми­ка­лық экс­пан­си­я­сы­нан зәре­дей қорқа­мыз да, олар­дың ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы эко­но­ми­ка­лық сая­са­тын пай­да­лан­бай­мыз? Қытай­дың ауыл шару­а­шы­лық кәсіп­кер­лік ком­па­ни­я­ла­ры кезін­де тіке­лей комис­сия құрып, Қаза­қстан­мен шека­ра­лас жатқан жер­де­гі фер­мер­лер­ге ешқан­дай кепіл­сіз-ақ – қан­ша көлем­де жай­ы­лым­ды­лық жері бол­са, сон­ша мал сатып алуға қар­жы­лай көмек бер­ген, неси­енің үсте­месін қай­та­руға үш жыл жеңіл­дік бер­ген. Ал егін­шілік жері бар шару­а­ларға тех­ни­ка және тұқым беріл­ген. Біз неге ауыл­ды дамы­ту үшін осы тәжіри­бені қолданбаймыз?

Менің осы ойым­ды ауыл шару­а­шы­лық сала­сын­да еңбек етіп жүр­ген шару­а­лар қол­дар деген ойда­мын. Егер біздің мем­ле­кет­тен тіке­лей ауыл шару­а­шы­лы­ғын қол­дау комис­си­я­сы құры­лып, бөлін­ген қар­жы­ның пай­да­ла­ны­луын бақы­ла­у­ға ала­тын бол­са, түп­кі нәти­же оңды бола­ры­на сенімдімін.

Кезін­де бүгін­гі ауыл шару­а­шы­лық мини­стрі Сапар­хан Ома­ров пар­ла­мент депу­та­ты болған­да, аграр­лық сала маман­да­ры­мен жиі кез­де­су­лер өткізіп, озық тәжіри­бені қол­да­ну шең­берін­де көп­те­ген жұмыстар жүр­гіз­ген еді. Қазір ол ауыл шару­а­шы­лық мини­стрі ретін­де менің осы ойым­ды қол­дай­ды деп ойлаймын.

Әлі­бек МҰҚАШЕВ,

«Дос­хан-тур» ауыл шару­а­шы­лық серік­те­сті­гінің директоры

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн