Пятница , 4 июля 2025

ДҮҢГЕН ДҮРБЕЛЕҢІ қазақтардың көзімен

Журна­лист Тоқтар Жақа­штың дере­гіне сүй­ен­сек, Қор­дай­да бунт көтер­ген­дер 2003–2007 жыл­да­ры Қырғыз­стан­нан қуы­лып кел­ген дүн­ген­дер көрі­неді. Жур­на­ли­стің дере­гіне сен­сек, сол қашқын дүн­ген­дер елі­міз­ге емін-еркін еніп, Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын бар болға­ны үш-ақ мың дол­ларға сатып алып­ты. Сұм­дық емес пе?!

Сонау бір жылы Қытай­мен екі орта­да сауда жасай­тын бір қазақ əйелі ұйғыр­лар Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын екі мың дол­ларға сатып алып, шека­ра­дан əрлі-бер­лі, емін-еркін өтіп жүре береді деген еді. Қаза­қстан аза­мат­ты­ғы­ның ит пен құсқа тиын-тебен­ге саты­луы жоғарғы билік­те­гі жемқор­лық тамы­ры­ның тым терең­ге ден­деп кет­кен­ді­гінің көрінісі. Қазір­гі пре­зи­ден­ті­міз­ге жемқор­лы­қты жою шара­ла­рын əуелі күштік құры­лым­дар­ды, əсіре­се кеден мен поли­ци­я­ны толық тазар­ту­дан бастаға­ны жөн.

Əйт­пе­се жуық ара­да жемқор­лық сал­дар­ла­ры­нан көз ашпай­ты­ны­мыз анық. Кез кел­ген қазақ шен­дісін сатып алу­ды əбден мең­геріп алған өзге ұлт өкіл­дері Қаза­қстан­да ойла­ры­на кел­генін істе­уде. Кеше­гі дүн­ген дүр­бе­леңі соның айқын айғағы. Заң­сыз жол­дар­мен əртүр­лі тау­ар­лар сату мен есірт­кі сауда­сын жолға қой­ып алған олар шексіз бай­ып кет­кен. Тіп­ті олар Қор­дай ауда­ны­ның шұрай­лы жер­леріне дей­ін сатып алған деген ақпа­рат тарап жатыр. Рас бол­са, сұм­дық енді! Осы­ның бəрі жемқор­лы­қтың салдары.

Үй-жай­ын, қора-қоп­сысын тастап қашып жатқан дүн­ген­дер жай­лы виде­о­лар тарап жатыр. Олар сол қашқан­нан қашып, Алма­ты­ға келеді. Естуі­міз­ше, Алма­ты дүн­ген­дер­дің мол шоғыр­ланған жері. Сон­ды­қтан мұн­да қашып кел­ген дүн­ген­дер­ді оқша­у­лап, ерекше бақы­ла­уда ұстаған жөн. Қытай­дағы коро­на­ви­рус эпи­де­ми­я­сы басы­лған соң, қытай­лық дүн­ген­дер­ді жай­лап шека­ра­дан шыға­рып жібер­се, тіп­ті құба-құп. Өздерінің де Қытай­ға өткісі келетін ойла­ры бар көрі­неді ғой. 

Айт­пақ­шы, Алма­ты­дағы Масан­шы көше­сін көз­ге күй­ік қыл­май, жуық ара­да ауы­сты­ру керек. Масан­шы көше­сіне зама­нын­да Алма­ты­ны қаза­ққа тол­ты­рған Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втің есі­мі беріл­се дейміз…

Тағы бір мəсе­ле – дүн­ген дүр­бе­леңінің артын­да Қытай билі­гі тұруы мүм­кін. Қаза­қстанға АҚШ елшісінің келіп кетуі Қытай ком­му­ни­стерін ұйқы­сы­нан айыр­ды. Қытай билі­гі Қаза­қстанға жасап оты­рған қазір­гі ықпа­лы­нан өлсе де айы­ры­лғы­сы кел­мей­ді. Қытай үшін Қаза­қстан­нан асқан май­шел­пек жоқ, əрі Қаза­қстан олар үшін Еуро­паға ашы­лған алтын қақ­па. Бұл қақ­па жабы­лып қал­мас үшін, олар бəріне бара­ды. Қаза­қстан жөнін­де­гі Қытай­дың жымысқы жоба­ла­ры толып жатыр. Келе­шек­те олар бұл мақ­сатқа дүн­ген мен ұйғыр фак­то­рын пай­да­ла­нуы бек мүм­кін. Сон­ды­қтан əр ады­мы­м­ы­зды өлшеп басып, іс қылуы­мыз керек. Қам­сызды­қтың шегі болуы керек қой…

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ

БАСТЫ арандатушы – БИЛІК!

Қордай­дағы қазақ-дұңған жан­жа­лы елі­міз­де­гі ұлта­ра­лық сая­сат­та жіберіл­ген қателік­тер­дің кезек­ті бір көрінісі. Бұл – басы­ну­шы­лық! Бұл мен­сін­бе­ушілік! Біз­ге не істей қояды деген еркін­су­шілік! Қазір қаны­мыз қызып отыр. Енді ұлта­ра­лық сая­сат­та күр­делі өзгерістер бол­ма­са, билік бұл бағыт­та бұры­нғы көз жұму­шы­лы­ғын жалға­сты­ра беретін бол­са, қазақ халқы бұл жер­ге кім ие екен­ді­гін өзі дәлел­де­у­ге мәж­бүр болады.

Қазақ жеріне тағ­дыр­дың түр­лі жағ­дай­ы­мен кел­ген түр­лі ұлт өкіл­дері мен жер­гілік­ті ұлт – қаза­қтар­дың ара­сын­да соңғы жиыр­ма шақты жыл­да ондаған қақты­ғы­стар орын алды: қазақ-түрік, қазақ-тәжік, қазақ-ұйғыр, қазақ-шешен, т.б. Осы­ның басты себебі – мем­ле­кет құра­у­шы қазақ халқы­ның құқы­ғы еш жер­де қорғал­мауын­да. Кез кел­ген осын­дай жайт­тар­да қаза­қтар­ды жығып беру әдет­ке айналған. Содан барып, келім­сек­тер қаза­қтар­ды басы­на­ды. Ал қаза­қтар өз құқы­ғын өзі жұды­ры­қ­пен қорға­уға мәжбүр. 

Мұны тоқта­ту­дың жолы қандай?

Мұны тоқта­ту­дың жолы – қазақ халқы­ның мем­ле­кет құра­у­шы ұлт екен­ді­гін Кон­сти­ту­ция арқы­лы мой­ын­дау және басқа­ларға мой­ын­да­ту. Қаза­қстан­да тұра­тын диас­по­ра­лар тағ­ды­рын қазақ мем­ле­кет­тілі­гі мен мем­ле­кет­тік тіл­ге негіз­дел­ген заң­дық тәр­тібі ғана шешу­ге тиіс! 

Қазақ елінің заңы мен тәр­тібін мой­ын­да­маған ұлт диас­по­ра­ла­ры­ның өкіл­дерін аза­мат­ты­қтан шыға­рып, Қаза­қстан­нан 24 сағат­та қуу қажет!

Ресми орын­дар­дың түсін­дір­месі­нен Қор­дай­дағы тұр­мыстық қақты­ғы­сты аран­да­ту­шы­лар ушы­қтыр­ды деу­ге бей­ім­ділік бай­қа­ла­ды. Ол қай­дан шыққан аран­да­ту­шы­лық? Әле­умет­тік желілер­де Қор­дай жан­жа­лы­на қаты­сты виде­о­лар өріп жүр. Ойға көп нәр­сені содан түйе ала­сыз. Көз­ге бір­ден ұрып тұрға­ны – дүн­ген жаста­ры­ның қаза­қтар түгілі, оның поли­ци­я­сын да көз­ге ілгісі кел­ме­ген­ді­гі. Қолға мыл­тық алған да солар.

Ал бұл қай­дан шыққан мен­сін­бе­ушілік? Кеудесіне нан піс­кен астам­суға не түрт­кі? Дүн­ген­дер­дің Қытай­дан қашып шығып, қазақ жеріне қоныс аударған соңғы 130 жыл­дың ішін­де мұн­дай қақты­ғыс ешқа­шан бол­маған. Ара­да олар­дың этни­ка­лық пси­хо­ло­ги­я­сы қан­дай өзгеріс­ке ұшы­раған? Билік айтып оты­рған «аран­да­ту­шы» кім бол­ды сонда? 

Жақа­у­ра­та­тын ештеңесі жоқ, бір­ден ашы­ғын айтай­ық, ең басты аран­да­ту­шы – билік! Бұл неден көрі­неді? Бұл алды­мен Қаза­қстан билі­гінің қазақ халқы­ның мем­ле­кет құра­у­шы құқы­ғы мен мін­дет­терін аяқа­сты етуі­нен көрі­неді. Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның еш жері­нен осы мем­ле­кет­тің қазақ халқы­ны­кі екен­ді­гін таба алмай­сыз. Мем­ле­кет құра­у­шы ұлт­тың мәр­те­бесі онан қашқан, мұнан қашқан түр­лі ұлт диас­по­ра­ла­ры­ның мәр­те­бесіне дей­ін төмен­детіліп тасталған. Егер Ата заңы­мы­зда қазақ халқы­ның осы мем­ле­кет­тің иесі екен­ді­гі, ол осын­дағы бар­ша ұлт өкіл­дерінің, диас­по­ра­лар­дың аза­мат­тық құқы­қта­ры­ның сақта­луы­на жау­ап­ты екен­ді­гі көр­сетіл­се, әлгін­дей кеудем­соқты­қтарға құқы­қтық негіз тумас еді. Режим­нің осын­дай соқыр сая­са­ты елі­міздің ұлта­ра­лық қарым-қаты­на­ста­ры­ның бола­шағы­на о бастан баяу жары­ла­тын «мина­лар» көміп кетіпті. 

Екін­ші­ден, режим Кон­сти­ту­ци­ядағы мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесі тура­лы 7‑баптың бірін­ші тар­мағын көз­ге ілмей, ресми орын­дар­да оры­стіл­ді орта қалып­та­сты­рға­ны, қазақ тілін атқо­раға ысы­руы түр­лі ұлт диас­по­ра­ла­ры­ның қазақ тіліне деген мен­сін­бе­ушілі­гін туғы­зды. Қор­дай­да дұңған­дар түгел­дей бала­ла­рын орыс­ша оқы­туы, қаза­қтар­мен орыс­ша сөй­ле­суі қаза­қтарға да, қазақ тіліне де шеке­ден қарай­тын­ды­ғын көр­се­те­ді. Олар қаза­қтарға «өз еліне, өз тіліне ие бола алмаған сор­лы­лар» деп қарай­ды. Міне­ки, режим­нің қазақ халқын сүмірейт­кен ұста­ны­мы­ның, мем­ле­кет құра­у­шы ұлт пен диас­по­ра­ны тең­де­стіріп қой­ған сая­са­ты­ның «жемісі». Осы­ның сал­да­ры­нан қазақ-түрік, қазақ-шешен, қазақ-ұйғыр, қазақ-армян, қазақ-тәжік қақты­ғы­ста­ры туып жатыр. Қан­даста­ры­мыз осы елдің, осы жер­дің иесі қаза­қтар екен­ді­гін білек­тің күші­мен дәлел­де­у­ге мәж­бүр. Ал маң­дай­ы­на тыр­ма­ның сабы қан­ша тиіп жат­са да, билік дыңғыр етер емес.

Үшін­ші­ден, режим Қаза­қстан­да демо­кра­ти­я­лық қоғам емес, кор­руп­ци­я­лық қоғам орнат­ты. «Бәрін сатып алуға бола­ды!». Осы ұғым қаза­қтарға қараған­да, әлдеқай­да бақу­ат­ты тұра­тын өзге ұлт өкіл­дерінің сана­сы­на әбден сің­ген. Олар­дың бәрінің құқық қорғау орган­да­рын­да «кры­ша­ла­ры» бар. Сатқын жүйе кез кел­ген тұр­мыстық дау-дамай­да қаза­қтар­ды жығып бере сала­ды. Ұлта­ра­лық қақты­ғы­стар­дың хро­но­ло­ги­я­сы­на қара­саңыз, бәрін­де қаза­қтар «жазы­қты» болып, темір торға солар қама­ла­ды. Қор­дай­да да поли­ция қыз­мет­кер­леріне бағын­бай, қол жұм­сап жатқан видео­да дұңған­дар біріне-бірі: «Позо­ви про­ку­ро­ра!» дей­ді. Сыбай­лас бол­ма­са, бұлай айта ма? Дұңған­дар­дың этни­ка­лық пси­хо­ло­ги­я­сы­ның өзге­руінің сыры осында!

Қор­дай­дағы топа­лаң қазақ халқы­ның тек дұңған­дарға ғана емес, билік­ке деген ашу-ыза­сы­ның бір бөл­ше­гі. Мен­мен­сі­ген этнос өкіл­дерін орны­на қоюы. Қай­ыр­шы­лық пен кем­сіту­шілік­ке ұшы­раған қазақ жұр­ты өз мем­ле­кеті қорға­маған соң, өзінің құқы­ғын өзі осы­лай жұды­ры­қ­пен қорға­уға мәж­бүр. Бұл билік үшін сабақ, ол қалай да халы­қ­пен сана­суға тиіс. Бұры­нғы­дай себеп­пен емес, сал­дар­мен күре­су енді еш нәти­же бер­мей­ді. Мәсе­лені түп-төр­кіні­нен, яғни Ата заң­нан бастап түзет­кен абзал. Өкініш­ке қарай, әдет­те­гі­дей қаза­қтарға қысым жасал­са, енді «ұшқын­нан жалын лау­ла­уы» әбден ықти­мал. Сон­ды­қтан кеше қамалған жігіт­тер­дің боса­ты­лға­ны да дұрыс бол­ды деп есептеймін.

Марат БӘЙДІЛДӘҰЛЫ, (Тоқаш­ба­ев), жазушы-публицист

Бұл қайдан шыққан «НЕВЕЖСТВО»?

Қор­дай қақты­ғы­сы­на бай­ла­ны­сты қазір желі­де бір «неве­же­ство» деген сөз ала­у­лап тұр. Оны айтып жатқан­дар – негізі­нен оры­стіл­ділер, өздерін гума­нист санай­тын ақыл­ды­лар және кей­бір жур­на­ли­стер мен құқы­ққорға­у­шы­лар. Ал осы «неве­же­ство» кім­нің тара­пы­нан орын алды? Ақсақал­дың сақа­лы­на жабысып, екі бала­сы­мен соққы­ға жыққан кім? Олар­ды жау­а­пқа тар­туға кел­ген тәр­тіп сақ­шы­ла­ры­на доңай­бат көр­сетіп, ұрып-соғып, шаңға ауна­тып, киі­мін дала-дала қылған кім? Оған жол бер­ген кім?

Қазақ жұр­ты өз елін­де әлі күн­ге дей­ін ұлт дәре­же­сіне көтері­ле алмай, Қаза­қстан­дағы көп ұлы­стың бірі секіл­ді шетқақ­пай көріп, ұлт тұта­сты­ғы­ның негізі болуға тиісті тілі жетім­сіреп, босаға­дан сыға­ла­у­мен жүр. Әртүр­лі ұлы­стар мен диас­по­ра­лар мем­ле­кет­ті құру­шы ұлт­ты сый­ла­ма­са, тілін мен­сін­бе­се, орманға қарап ұли бер­се, қазақ кайт­пек? Қарап тұрып жан бере ме? Әрине, мұн­дай кез­де шартсыз рефлек­с­ке жол беріледі! 

«Кіш­кен­тай халы­ққа үлкен қан­жар керек», – деген Имам Шәміл. Біз кіш­кен­тай халық емес­піз, «үлкен қан­жарға» да құмар­лы­ғы­мыз жоқ, бірақ бай­тақ жер­ді ұйы­тып, басқа­ны бауы­ры­на алып, жылы­тып отыр­са да, қазақ қазір сол Имам Шәміл айтқан «кіш­кен­тай халы­қтың» күй­ін кешіп отыр.

Халық – асау өзен. Бабын тап­саң – баяу аға­ды, бағы­ң­ды жай­на­та­ды. Бауы­рын түр­тіп, тес­сең – ағы­зып кете­ді. Тасып, топа­лаң жасай­ды. Бауы­рын тес­кен әле­умет­тік теңсіздік­тен елін сақтау үшін, тұта­сты­ғын сақтау үшін, бере­кесі кет­пес үшін, амал жоқ, білек­ке сүй­ен­ді! Бұл – «неве­же­ство» емес! Бұл – халы­қтың өзін-өзі сақтау инстингі!

Ұлт­ты бірік­тіретін –тіл! Бәрі­мізді жарас­ты­ра­тын да – тіл! Құшақты ашып, бауы­рға баса­тын да – тіл! Егер жері­міздің бай­лы­ғы өзіне бұй­ы­рып, түр­лі ұлы­стар бір тіл­де – қазақ тілін­де сөй­леп, шын мәнін­де­гі хұқы­қтық, уни­тар­лы мем­ле­кет­ке айнал­сақ, «неве­же­ствоға» жол қал­мас еді ғой?!

Дани­яр САЛАМАТ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн