Пятница , 4 июля 2025

Есенғазы ҚУАНДЫҚ, тарих ғылымдарының докторы, профессор: ҚАЗАҚСТАН БИЛІГІ елді қорқытып-үркітіп БАСҚАРУҒА МӘЖБҮР

– Есенға­зы мыр­за, жасақта­лып жатқан Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның баста­ма­сы­мен Қор­дай­дағы ұлта­ра­лық жан­жалға бай­ла­ны­сты құры­лған Қоғам­дық комис­си­я­ның мүше­сі ретін­де қай­ғы­лы оқиға өткен ортаға барып қай­тқан екен­сіз. Бірақ әле­умет­тік желілер­де жазы­лған­дай, аза­мат­тық қоғам өкіл­дерінің комис­си­я­сын Қор­дай оқиға­сы ошағы­на кір­гіз­бе­ген екен. Бұның себебін сіз қалай қабыл­да­ды­ңыз, сіз­дер­ге төтен­ше жағ­дай жари­я­ланған аймаққа кіру­ге неге тый­ым сал­ды деп ойлайсыз?

Ия, 7 ақпан­да болған Қор­дай­дағы ұлт араз­ды­ғы­ның анық-қаны­ғын аза­мат­тық қоға­мға көлең­кесіз жет­кі­зу мақ­са­ты­мен осы мем­ле­кет­тің аза­ма­ты ретін­де барған едім. Алай­да ақпа­рат құрал­да­рын­да жари­я­лан­ба­са да, билік­тө­тен­ше жағ­дай ошағы деп дәлел­дей­тін ресми құжат­та­рын көр­сет­пей, жалған айтып, «бас­шы­лар рұқ­сат­сыз кір­гіз­бе деген, сол бұй­ры­қты орын­дап тұр­мыз деп», арна­у­лы жасақ оқиға болған ауыл­дарға кір­гіз­беді. Аудан бас­шы­ла­ры­нан рұқ­сат алып келіңіз­дер деп қай­тар­ды. Аудан бас­шы­ла­ры әкім­шілік­тің есі­гін тарс жауып алып, жұмыс күні бол­са да, ешкім жоқ деп жолат­па­ды. Аппа­рат қыз­мет­кер­лері сен­бі күні жұмыс орын­да­рын­да бола­ты­ны айдан анық еді, оны­мен қоса осын­дай төтен­ше жағ­дай орын алып жатқан­да, әкім­шілік қыз­мет­кер­лерінің қыз­мет орын­да­рын­да бол­мауы абсурд жағдай.

Бізді оқиға ошағы­на жолат­пау себеп­терінің бірі – қақты­ғы­ста шей­іт болған адам­дар­дың санын жасы­ру. Қақты­ғы­стың ішін­де болған, оны көз­бен көр­ген жер­гілік­ті тұрғын­дар дүн­ген­дер­дің қазақ ауыл­да­ры­на шабуы­лға топ­та­сып шығып, мыл­тық қол­данған­да­рын айтуда…

– Деген­мен, дәл сол күні аста­на­дан сіз­дер­мен қатар­лас барған тағы бір екін­ші комис­сия Қор­дай­ды тегіс ара­лап, тіп­ті жер­гілік­ті билік иелері­мен, екі тарап­тың ақсақал­дар алқа­сы­мен кез­де­су өткізіп қайт­ты. Олар мұн­дай төтен­ше жағ­дай аймағы­на қалай тап болды?

– Бұл – Масан­шы ауы­лын­да болған шын­ды­қты нара­зы халы­қтан жасы­ру айла­сы­мен жіберіл­ген комис­сия. Ертең­гі күні «міне, билік тара­пы­нан емес, халы­қтың өз іші­нен сай­ланған пат­ри­от­тар тек­се­руінің нәти­же­сі осын­дай екен» деп, халы­қты кезек­ті рет алдап, болған сұм­дық қыл­мысты жасы­ру үшін арнайы тап­сыр­ма­мен барған сай­қал комиссия.

 Жал­пы, осы комис­си­я­ның құра­мын­да болған Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесінің мүше­леріне менің сені­мім жоқ. ҰҚСК-тің өзі де леги­тим­сіз, жасан­ды, алдам­шы құры­лым. Леги­тим­ді – заң­ды болу үшін, оның мүше­лерін халық өздері ұсы­ну­ла­ры керек бола­тын. Оған билік­тің «жем­са­уы­нан жем жеп үйрен­ген», «дәрет бұз­бай­тын» жан­дай­шап­тар­ды дәріп­теп, мадақтап, халық аты­нан сай­ланған мүше ретін­де кір­гізіп, өздерін­ше «әділ­дік» орна­тып, өздерінің халы­ққа жат сая­сат­та­рын (жер­ді сату, қытай завод­та­рын көші­ру мәсе­ле­лері, т.б.), өз мүд­де­лерін жалға­сты­ру екенін жасырмақ.

Міне, комис­сия мүше­сі болып, Қор­дай­ға барған билік­тің осын­дай жан­дай­шап­та­ры­нан ақиқат күту­ге бола ма? Әрине, жоқ. Неге Демо­кра­ти­я­лық пар­тия жасақтаған аза­мат­тық қоғам өкіл­дерін оқиға орны – Масан­шы ауы­лы­на кір­гіз­беді? Ал жоға­ры­дағы комис­сия неге ол жер­лер­ді еркін ара­лап, адам­дар­мен кез­де­седі? Осы сұрақтар­дың өзі­нен ҰҚСК комис­си­я­сы тура­лы мәлі­мет алуға болады.

– Әйт­се де, сіз­дер блок-пост­тың бер­гі жағы­нан Қор­дай аймағын­дағы біраз мәсе­ле­ге қаны­ққан шығарсыздар?..

 Біз болған оқиға­ны өз көз­дері­міз­бен көр­ме­сек те, бір­не­ше жер­гілік­ті адам­дар­мен әңгі­ме кезін­де бірінің айтқа­нын қалға­ны қай­та­лап нақты­лай түсті. Айтқан­да­ры­ның бар­лы­ғы­ның қисы­ны келіп, болған оқиға­ны көр­ген­дер­ден есті­ген­дерін айту­ла­ры шын­дық екен­ді­гіне күмән кел­ті­ре алма­дық. Шын­ды­ққа жана­са­тын­дай дәлел­дер­мен айтты. 

Біз сол Қор­дай­дан 7 шақы­рым жер­де­гі Әлжан-ана ауы­лы­ның тұрғы­ны, сол қақты­ғыс болған түні денесіне үш жер­ден оқ тиген Дар­хан Асқар­бай­ұ­лы Абдыра­хим деген 25 жастағы қыр­шын кет­кен аза­мат­тың ата-ана­сы­на барып, ата-баба дәстүрі­мен көңіл айтып, қай­ғы­сы­мен бөлістік. Дар­хан­ның артын­да 3 кіш­кен­тай бала­сы жетім, 21 жастағы жұбайы жесір қал­ды. Осы аза­мат­тың ата-ана­сын, туы­ста­рын күй­зел­тіп, жыла­тып оты­рған – билік­тің көпе-көрі­неу темір­мен ұрып өлтір­ді деген өтірі­гі екен. Оның бүй­ірін­де аңшы мыл­ты­ғы­нан аты­лған быты­ра­ның ізі, аяғын­дағы оқтың ізі, басы­нан тиген мыл­ты­қтың оғы­ның орнын тер­ге­ушілер темір­мен ұрған­нан болған жарақат деп, бет­пақта­нып, билік­терін асы­ра пай­да­ла­нып, жалған қор­тын­ды шығарған. Дар­хан­ның денесін­де­гі оқ тиген жер­ді туы­ста­ры сурет­ке түсіріп алған, тіп­ті жақын­да­ры­ның ара­сын­да сарап­шы дәрі­гер болып істей­тін аза­матқа да көр­сетіп, оқтан болған жарақат екен­дік­теріне көз­дерін жет­кізіп­ті. Дар­ханды дүн­ген­дер қуып жүріп атқа­нын «заправ­ка» күзет­шісі көр­ген, бірақ сол жер­де­гі бей­не­жа­з­ба­ны бел­гісіз біре­улер алып кет­кен. Оны билі­гі жоқ адам ала алмай­ды ғой. Ал Дар­хан­ның өзі ол төбе­ле­с­ке қаты­спаған, авто­көлі­гі­мен жола­у­шы­лар тасу­ды кәсіп ете­ді екен, бір адам­дар­ды Қор­дай­ға апарға­лы тұрған­да дүн­ген­дер кездескен.

Тұрғын­дар­дың айтуын­ша, өртен­ген 26 авто­көлік­тің түгеліне жуы­ғы қаза­қтар­ды­кі екен. Сол оқиға ошағы­на кел­ген жігіт­тер мыл­ты­қтың аты­лған оқта­ры­нан қашып, көлік­терін ала алмай кет­кен­де, арт­та­ры­нан қуып кел­ген дүн­ген­дер өрте­ген деген ақпа­рат­тар айтылуда.

Масан­шы, Ауқат­ты, Сор­тө­бе, Бұлар-батыр, Қара­ке­мер ауыл­да­ры бір-біріне жақын орна­ласқан. Масан­шы­да 95 пай­ыз дүн­ген ұлты­ның аза­мат­та­ры, ал Ауқат­ты тұрғын­да­ры­ның жар­ты­сы дүн­ген ұлты­ның адам­да­ры екен. Сол оқиға­ның ара­сын­да болған­дар дүн­ген­дер­дің қол­да­рын­да өрт салғыш «моло­тов кок­тей­лі» болған дей­ді. Бай­қа­саңы­здар, осы ауыл­дар Қырғыз­стан мен шека­ра­лас Қаза­қстан­ның түп­кірін­де орна­ласқан, қақты­ғыс күні олар оп-оңай жап­пай ауа көш­кен­дері де шека­ра­ның осал­ды­ғы. Жер­гілік­ті халы­қтың айтуын­ша, дүн­ген­дер­дің көбін­де Қаза­қстан аза­мат­ты­ғы жоқ екен. Мұн­дай сорақы заң­сызды­ққа кім жау­ап береді?

– Сая­сат­та­ну ілі­мін зерт­теп жүр­ген ғалым ретін­де Қор­дай қақты­ғы­сы­на қаты­сты өз тара­пы­ңы­здан қан­дай тұжы­рым жасай алды­ңыз? Бұл дүр­да­раз­ды­қтың түп-төр­кіні тек қана ұлта­ра­лық кикіл­жің­де жатыр деп ойлай­сыз ба?

 – Дүр­кін-дүр­кін қазақ қоға­мын дүр сіл­кін­діріп, жер­гілік­ті халы­қты ашын­ды­рып қоя­тын осын­дай қан­ды қақты­ғы­стар­дың негізі – ол титуль­ды ұлт­тың өз жерін­де табиғи мәр­те­бесі­нен айы­ры­лып, Кеңе­стер ойлап тапқан «интер­на­ци­о­на­ли­стік» сая­сат­тың құр­ба­ны болуын­да. Бұл «интер­на­ци­о­на­лист» қағи­да­сы қоғам тала­бы­на сай кел­ме­се де, әлі де бол­са қазақ қоға­мы­нан арыл­май, олар­дың сана­сын улауда.

Қор­дай оқиға­сы билік­тің ұлт­тық мүд­де­мен сана­спай, немқұрай­ды­лық таны­тқан жат сая­са­ты­ның қоқ­сы­ғын шығарды.

Қазір­гі билік­тің мем­ле­кет­тің шека­ра­сы, жер, тіл, қаза­қтың тарихы, т.б. маңы­зды мәсе­ле­лер төңіре­гін­де қабыл­даған шешім­дері сол халы­қтың ұлт­тық мүд­десіне қар­сы болып, 30 жыл бойы қор­да­ла­нып, сұра­ны­сқа ұсы­ныс қыз­мет ете алмаған­ды­қтан, осын­дай қақты­ғыс туын­дап, ол уақы­тын­да шешуін тап­пай, осы қан­ды оқиғаға ұла­сты. Тәу­ел­сіздік­тің 30 жылын­да қоғам­ның бет-бей­несі түбірі­мен өзгер­ді, тұта­стай қоғам­дық құры­лы­стың орны­на отба­сы­лық неме­се рулық сипаттағы басым түсетін сыбай­ласқан топ­тар кел­ді. Халық жік­ке бөлін­ді. Кедей­шілік кең өріс алды. Зор­лық-зомбы­лық, жұмыс­сыздық пен шара­сыздық, кісі өлті­ру мен өзіне-өзі қол салу, мас­кү­нем­дік пен нашақор­лық және т.б. адам­дар­дың еңсесін езіп таста­ды. Болып жатқан қақты­ғы­стар –билік­тің ұлт­тық мүд­де­ге қар­сы осын­дай опа­сызды­ғы­нан болған жағдай.

– Қаза­қстан­дағы ұлт­тар мен ұлы­стар ара­сын­дағы қарым-қаты­нас сая­са­тын тәу­ел­сіз елдің мұра­ты тұрғы­сын­да қай­та қарау үшін нен­дей өзгерістер жасау керек деп топшылайсыз?

– Қазір­гі билік кеңе­стік жүй­е­ден қалған жасан­ды интер­на­ци­о­на­ли­стік қағи­да­лар­мен қару­ла­нып, осы сая­сат­ты жүр­гізу­ге лай­ы­қты, өздерін қол­дап-қол­паштай­тын жасан­ды идео­ло­ги­я­ның қыз­метіне сүй­еніп, жұрт­ты алдап оты­рған жағ­дай­ды бұзып, өзгер­ту қажет. Осы сай­қал сая­сат­тың бары­сын­да халы­қтың тәу­ел­сіздік жыл­да­ры би­лік басын­дағы­ларға мұңын жет­кі­зу мүм­кін­ді­гі бол­ма­ды. Шын­дық бұр­ма­лан­ды. «Бостан­дық», «теңдік» ұғым­да­ры жай жалаң ұран­дар күй­ін­де қал­ды. Осын­дай жалған­дық аясын­да өмір сүр­ген қазақ елінің өз билі­гі өзін­де бол­мауы­нан және құл­дық сана­дан ары­ла алмау­шы­лы­ғы, сыбай­лас жемқор­лы­қтың асқы­нуы оның ұлт­тық кел­бетіне дақ түсірді.

Мем­ле­кеті­міз­де қоғам­дық сана қалып­та­су үшін, мем­ле­кетқұру­шы қазақ халқы­ның ұлт­тық өзін­дік сана-сезі­мін ғылы­ми негіз­де дамы­туға күш салу керек, өйт­кені өрке­ни­ет төрі­нен орын алу тіке­лей осы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты. Өкіні­штісі, біздің еге­мен­ді елі­міз тәу­ел­сіз мем­ле­кет ретін­де ширек ғасыр­дан астам уақыт өмір сүріп отыр­са да, әлі күн­ге дей­ін біздің орта өткен бодан­дық дәуірін­де­гі қалып­та­сып қалған қоғам­дық сана­дағы құл­дық мінезі­нен ары­ла алмай отыр.

Яғни, біз елі­міздің келе­ше­гінің фун­да­мен­ті, халық пен билік­тің бір­тұ­та­сты­ғы­на кепіл бола­тын қоғам­дық сана қалып­та­сты­руы­мыз керек. Дүние жүзін­де­гі бар­лық мем­ле­кет­тер­дің тәжіри­бесін­де қоғам­дық сана­ның қалып­та­суы­на негіз бола­тын – ұлт­тық сана екені бел­гілі. Ұлт­тық сана­сы жетіл­ме­ген елдің бола­шағы жоқ.

– Сол­түстік облы­стар­дағы орыс-қазақ қаты­на­сы­на пут­ин­дік Ресей­дің тара­пы­нан жаса­ла­тын ала­у­ы­зды­қты өршіт­пе­удің қан­дай мем­ле­кет­тік амал­да­ры болу керек?

 – Қазақ-орыс ұлт­та­ры­ның өза­ра қаты­на­сы оңай шеші­ле қой­май­тын күр­делі құбы­лыс. Мына билік ара­дағы кикіл­жің­ге толы ол түй­ін­ді шеше алмай­ды. Мұн­дағы оры­стар Қаза­қстан­ды ота­ным деп сана­май­ды. Қазақ жерін­де жүз­де­ген жыл бойы мекен­деп, бар­лық бай­лы­қта­рын пай­да­ла­нып жат­са да, Қытай экс­пан­си­я­сы­на қар­сы, жер­ді шетел­дік­тер­ге сат­пау тура­лы нара­зы­лы­қтарға, шеру­лер­ге қаты­сқан емес. Титул­ды ұлт­тан басқа­лар осы сатқын­дық пиғыл­да­рын әлі күн­ге жалға­сты­ру­да. Олар «біз Қаза­қстан­ның пат­ри­о­ты­мыз, осы жер­де туған­быз» дей­ді де, жал­пы мем­ле­кет­тік мей­рам Тәу­ел­сіздік күн­дері алаңға шық­пай­ды, жер қорғау шеру­леріне жола­май­ды. Келім­сек ұлы­стар­да қалып­тасқан осы кері көзқа­рас­ты тұта­сы­мен өзгер­ту­ге әсер ететін мем­ле­кет­тік сая­сат қажет.

– Сізді қоғам­ды демо­кра­ти­я­лан­ды­ру, халы­қтық билік­ті мем­ле­кет­тік басқа­ру сая­са­ты­на сіңі­ру мәсе­лесін жиі айтып, біраз еңбек­тер жазып жүр­ген ғалым-аза­мат­тар­дың бірі ретін­де біле­міз. Осы тұрғы­да билік пен қоғам жібер­ген кем­шілік­тер­ге тоқталсаңыз?

 – Қазақ халқы­ның қазір­гі тағ­ды­ры өзге ұлт­тың қолын­да тұрған кеңес дәуірі кезін­де­гі әмір­шіл-әкім­шіл жүйе секіл­ді сая­сат жүр­гізіп оты­рған режим­нің уысын­да тұн­шы­ғу­да. Бұл режим ойлы, зер­делі, пікір­лі аза­мат­тар­ды билік басы­на жолат­пай­тын «ере­же» жасап алған. Қазір­гі билік­ке олар­дың өздеріне қажет­ті қара­бай­ыр идео­ло­ги­я­сын мой­ын­дай­тын және оны шексіз мара­пат­тай­тын можан­то­пай пысы­қ­сы­мақтар ғана керек.

Қазақ қоға­мы ұлт­тық сипатты, әдет­ті жоғал­туы­на бай­ла­ны­сты жеке­ле­ген адам­дар тара­пы­нан да, сол сияқты әле­умет­тік топ­тар тара­пы­нан да ұлт­тық ниги­лизм бай­қа­лу­да. Ана тілін біл­меу, өзінің туған орта­сы­нан алшақтау, өз халқы­ның түбе­гей­лі про­бле­ма­сы­на қалай бол­са солай, немқұрай­ды­лы­қ­пен қарап, мен­сін­бе­ушілік таны­ту, өз ұлты­на деген жиір­кеніш сезім­нің пай­да болуы – ұлт­тық ниги­лизм­ге тән қасиет.

Қазақ қоға­мын­дағы билік­ке бүгін­де халы­қтың көп­шілі­гінің сені­мі мүл­дем жоғал­ды, алай­да билік ел басқа­ру қабілетін халық сені­міне емес, қорқы­тып-үркіту, зор­лық арқы­лы басқа­руға мәж­бүр болып отыр.

– Жас сая­сат­кер Жан­бо­лат Мамай құрай­ын деп жатқан пар­ти­я­ны қол­да­у­шы­лар­дың қата­рын­да сіз де үн қатып жүр­сіз. Бұл пар­ти­я­ны қоғам­дық қол­дау қажет­ті­гінің негіз­гі үш шар­тын атап бере ала­сыз ба?

– Бірін­ші­ден, бұл пар­ти­я­ның, Римнің атақты ойшы­лы Марк Тули Цице­рон­ның «Адам­дар заң­ның құлы болған­да ғана, нағыз бостан­ды­ққа ие бола­ды» деген қағи­да­сын бас­шы­лы­ққа алып, тек заңға бағы­на­тын құқы­қтық мем­ле­кет­ті орна­ту үшін күресетіндігі.

Екін­ші­ден, 30 жыл бойы халы­қтың құқы­ғын шек­те­ген, сыбай­лас жемқор билік­ке қар­сы күрес­ке шақы­руы мен халы­ққа қар­сы оқ атқан дик­та­тор­лық режим­ді жан­та­ла­са қорғаған­дар­ды жаза­лай­тын пар­тия тара­пы­нан люст­ра­ция тізі­мінің жасалуы.

Үшін­ші­ден, мем­ле­кеті­міздің алқы­мы­на жабысқан кесел­ден ары­лу үшін, ұлт­тық рух­ты жан­дан­ды­ра­тын қаза­қи кей­іп­те­гі дәстүр­ге негіз­дел­ген идео­ло­гия «туын» көтеруі .

– Демо­кра­ти­я­лық пар­тия жап­пай қоғам­дық қол­да­уға ие болу үшін, қан­дай сипа­ты­мен ерекше­ле­нуі керек деп ойлайсыз?

– Қоғам­ның қол­да­уы­на ие болу­дың бірін­ші ерекшелі­гі – Жан­бо­лат Мамай құрып жатқан пар­ти­я­ның төмен­нен жасақта­луы. Бұған дей­ін­гі Қаза­қстан­дағы 30 шақты сая­си пар­ти­я­лар жоға­ры­дан билік­тің сце­на­рий­лері бой­ын­ша қол­дан жасалған «қуыр­шақ» жасан­ды пар­ти­я­лар бола­тын. Оның ішін­де «Нұр Отан» да бар.

Екін­ші ерекшелі­гі – пар­тия лидері Жан­бо­лат жас бол­са да, сая­сат сахна­сын­да ұзақ жыл­дар ысы­лған, мол тәжіри­бесі бар, уни­тар­лы мем­ле­кет­ке қажет­ті қаза­қи ұлт­тық тәр­бие алған, 3 тіл­де еркін сөй­леп, жаза ала­тын қабілетінің болуы.

Үшін­шісі – Жан­бо­лат­тың лидер­лік хариз­ма­сы­ның, яғни адуы­ны­ның болуы. Хариз­ма – адуын­дық лидер­дің бой­ын­да жараты­лысынан бар ерекше, өзге­ше қаси­ет­тер­ден құра­ла­ды. Көбі­не­се лидер­дің жеке басы­ның жұрт­шы­лы­ққа ұнай­тын жақта­ры, әре­кет­тері оның хариз­ма­лық тұлға­сын қалып­та­сты­ру­да қосым­ша рөл атқарады.

Төр­тін­ші­ден, егер құры­л­тай қабыл­да­са, «Дала демо­кра­ти­я­сы» деген жаңа ата­удың өзі титул­ды ұлт­тың аталған пар­ти­яға деген қызы­ғу­шы­лы­ғын туды­рып, рух­та­рын көте­ретін­ді­гі сөз­сіз. Өйт­кені бұл ата­удың аста­рын­да халық билі­гі деген баба­ла­ры­мы­здан қалған қаси­ет­ті ұғым жатыр.

– Тәу­ел­сіз елде әр кез­де болған қан­ды оқиға­ларға жол бер­ген мем­ле­кет­тің басын­дағы сая­си «эли­та­ның» жемқор­лы­ғы мен шынайы демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­дың дамуы­на жасаған кедер­гілерінің кесірін пай­ым­дап көрсеңіз… 

 – Біздің елде­гі сая­си жүйе өзінің маңай­ы­на әлем­дік тәжіри­бе­ден тыс, демо­кра­ти­я­лық емес, мүл­дем халы­қтың қол­да­уын­сыз, жымысқы жол­мен әкелін­ген «сая­си эли­та­ны» топ­та­сты­рып отыр. Ол топқа кірудің басты прин­ци­пі неме­се көр­сет­кі­ші – ол билік­те­гі «жүздің» тума­сы болуы шарт. Ал бұл ерекше «обой­маға» жағым­паз­ды­қты әбден мең­гер­ген, өз қарақан басын ғана ойлай­тын, намыс­сыз «қай­рат­кер­сы­мақтар» ғана кіре алды. Сөй­тіп бұлар кезін­де қоғам дамуы­на кедер­гі жасап, ала­патқа, руха­ни құл­ды­ра­уға душар еткен «жеке басқа табы­ну­шы­лық» құбы­лы­сын жан­дан­ды­рып, соны дәріп­те­умен бүгін­гі таң­да айна­лы­сты. Аталған сая­си эли­та осы жыл­да­ры қоғам­дағы билік басы­на «кры­ша» деген жаңа тер­мин-ұғым­ды бір­ге ала келді.

Бұл сая­си эли­та кезін­де әлем­ге зұл­мат әкел­ген фашиз­мнің идео­ло­гы Гит­лер секіл­ді, аван­тю­ри­стік әре­кет­тер­ге барып, қоғам­ды әртүр­лі топқа, клан­дарға бөліп, азды­рып отыр. Ондай топ­тар­дың басын­да оты­рып алып, билік­ке лоб­би­стік ықпал жаса­у­шы «клан жетек­шісі – кры­ша» деген «ста­тусқа» ие болған­дар бар. «Кры­ша» – XX ғасыр­дың соңы мен XXI ғасыр­дың бас кезін­де, яғни тәу­ел­сіздік­пен бір­ге кел­ген, бірақ шынайы тәу­ел­сіздік­тің анти­по­ды, ол ұғы­мға қара­ма-қар­сы болып сана­ла­тын халық ара­сы­на кең тараған, «өла­ра кезеңі­мен» бір­ге кел­ген жаңа ұғым-термин.

Бүгін­де қазақ мем­ле­кетінің сая­си эли­та­сы әлем­дік тәжіри­бе­де­гі­дей білі­мі мен қабілетіне қарай емес, жер­ле­стік, сыбай­ла­стық «заң­ды­лы­ғы­мен» жасақталған. Оның ішін­де мем­ле­кет­те­гі үш билік­тің бір тар­мағын – құқық сала­сын тұта­сы­мен ұлы жүз тума­ла­ры, көбі­не­се жам­был­ды­қтар иемденген.Биліктің шешу­ші буы­ны – заң шыға­ру­шы орган­ның басын­да да ұлы жүз өкілі ұзақ жыл бойы отырды.

Ал қаза­қтар­дың өзге бөлі­гі ел басқа­руға қабілет­сіз, екін­ші сорт­ты­лар­дай күй кешу­де. Билік басын­дағы­лар қаза­қтар руға, жүз­ге бөлін­бең­дер деп айтып алып, бөлі­нуді өздері бастап, заңға бағын­бай­тын «ерекше коман­да» жасақтап алған.

Бүгін­де «Нұр Отан» пар­ти­я­сы мем­ле­кет­те­гі бар­лық салаға үстем­дік жүр­гізіп, бағыт беріп отыр, тіп­ті қоғам­ның жаңа ада­мын «жағым­паз­дар мен жан­дай­шап­тар­ды» тәр­би­е­ле­уден де алда келеді. Ол пар­ти­я­ның сая­си эли­та­ны жасақта­уы рулық, жүздік прин­цип бой­ын­ша таң­да­лып, өте қатал иерар­хи­я­лық саты­лар­дан өтті. Ал шынайы тұтас билік бір адам­ның, яғни елба­сы­ның қолын­да бол­ды. Осы­лай жасақталған эли­та қоғам­дағы әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық ұйым­дар­ды танып білуі жолын­да өздері қол­дан жасаған уто­пиялық көзқа­расқа сүй­ен­ді. Ал басқа­ру­да күштік құры­лым­дарға сүй­еніп, мәж­бүр­леу, зор­лық жасау әре­кетін қол­да­нып отырды.

– Өзіңіз айтып оты­рған қазақ истеб­лиш­мен­ті «өз туы­ста­рын, рула­ста­рын маңай­ы­на топ­та­сты­рып, Қазақ қоға­мын­да 30 жыл бойы «демо­кра­тия» ойы­нын ойнап келе жатқа­ны­на қосар ойы­ңыз қандай?

– Бүгін­де кей­бір рулар ерекше ста­тусқа-мәр­те­бе­ге ие болып, «ақсүй­ек­тер», «эли­та» ата­нып, ел басқа­руға жара­ты­лған «асыл тұқым­ды­лар» ретін­де таны­лып отыр. Ол рудың өкіл­дері жоға­ры лау­а­зым­ды қыз­мет­тер­ге ғана жара­ты­лған­дай. Әке­лерінің орнын бала­ла­ры басып, неопо­тизм дер­ті­мен ауы­ру­да. Жұрт бұл аңы­зға да лаж­сыз мәж­бүр­лі сенетін ниет таны­ту­да. Оның дәлелі – өмір­де орын алып оты­рған «жолы болғы­штар­ды» көріп өсіп келе жатқан ұрпақ, осын­дай тәр­бие алған жас қыздар сол рудың өкіліне күй­е­у­ге шығу­ды арман­да­са, ұлда­ры сол рудан қыз алу­ды мақ­сат тұтқан сорақы заман.

 «Жер­шіл­дік пен рушыл­дық дер­ті» қоғам­да әбден асқы­нып кет­кен­ді­гін, ол дерт­тің мем­ле­кет­тің қауіп­сіздік тая­ны­шы­на қатер төн­діретін­ді­гін мой­ын­дай оты­рып, қазір­гі ХХІ ғасыр­да осы рушыл­дық пен жер­шіл­дік­ті билік­те­гілер өздерінің лау­а­зым­ды құзы­рет­терін ұзар­ту мақ­са­ты­на пай­да­ла­нып, рулар­дың басты функ­ци­я­сы бірі­гіп, туы­стық негіз­де өмір сүру қағи­да­сын бұр­ма­лап, олар­дың ара­сы­на қол­дан жасалған жік туғы­зып, өз мүд­де­леріне пай­да­ла­ну­да. Мыса­лы, тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да ғана жемқор­лы­қ­пен сот­талған жоға­ры шен­ді лау­а­зым­ды­лар ара­сын­да Шапы­ра­шты руы­нан шыққан шене­унік табыл­май­ды. Өйт­кені олар «ерекше жара­ты­лған», олар күштік құры­лым­дар­дың бас­шы­лы­ғы­на сыбай­ла­сты­қ­пен шығып алған аталған рудың өз өкіл­дері –Қауіп­сіздік кеңесінің орын­ба­са­ры, ішкі істер мини­стрі, Алма­ты және басқа қала­лар­дың ішкі істерін басқа­ра­тын­дар, әртүр­лі айла-тәсіл­дер­мен олар­дың лау­а­зым­ды билік­терін пай­да­ла­нып, кей­ін «жемқор­лар» қата­ры­нан шыға­рып тастап отырады.

Әлім­сақтан бел­гілі жағ­дай – өз қабілетіне сен­бей­тін бас­шы адам қашан да әлсізді­гін біл­дір­мес үшін, айна­ла­сы­на туы­ста­рын жинай­ды. Әлем­дік тәжіри­бе де оны рас­тап отыр.

Қоғам қажет­сініп оты­рған, эли­таға лай­ы­қты тұлға­лар­ды билік басы­на жолат­пау, тіп­ті олар­ды жою, халы­қ­пен сана­спай, әлеу­меттік және сая­си өзгерістер енгізу­ге тыры­су қатыг­ездік болып табы­ла­ды және оның ақы­ры халы­ққа орны тол­мас зардап әке­летін, нәти­жесі жоқ эли­та­ның ауы­суы­на жағ­дай жасайды.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға көп рахмет!

 Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн