Суббота , 10 мая 2025

Отаршылдықтың 300 ЖЫЛДЫҒЫН тойлауға жол жоқ!

Ертістің Кере­ку өңірі әлім­сақ зама­ны­нан бері ата­ме­кені­міз екені айдай ақиқат! Ғай­са пай­ғам­бар тумай тұрған дәуір­дің өзін­де біздің түп­кі ата­ла­ры­мыз осы­нау өңір­ді жаз жай­ла­ды, қыс қыста­ды. Қазақ «қазақ» атан­баған кезең­де «сақтар», «ғұн­дар», «түр­кілер», «қимақтар», «қып­шақтар» дей­тін ата­у­лар­ды ием­ден­ген арғы ата­ла­ры­мыз осы­нау өңір­ге қоныс сал­ды, мал бақты, егін екті. Алтын орда, Ақ орда, Қазақ ханды­қта­ры зама­нын­дағы ата­ла­ры­мыз жаса­нып кел­ген жау­мен жан аямай шай­қа­сып, Ертістің Кере­ку өңірін көздің қара­шы­ғын­дай қорғап бақты.

Ақы­ры, XVIII ғасыр­дың алға­шқы кезеңін­де пат­ша­лық Ресей импе­ри­я­сы­ның мұз­дай қару­ланған әске­ри экс­пе­ди­ци­я­ла­ры Ертістің Кере­ку өңіріне еніп, бекіністер сала баста­ды. Солар­дың бірі – 1716 жылы тұрғы­зы­лған Ямы­шев бекінісі бол­са, екін­шісі – 1720 жылы салы­нған «Коря­ков Яр», «Коря­ков­ский», «Коря­ков» деген ата­у­лар­мен тарихқа енген фор­пост еді. (Бұл жер­лер­дің көне ата­у­ла­ры «Жәміш», «Кере­ку жар» екенін ғалым­да­ры­мыз дәлел­де­ген). Пат­ша әскер­лері кей­ін бекіністер шебін құрып, қаза­қтар­ды Ертіс бой­ы­нан бір­тін­деп ығы­сты­рып шығар­ды. Отар­шыл­ды­қтың осы өңір­де­гі орда­сы сияқтанған Коря­ков фор­по­сты кей­ін ста­ни­ца­ға айнал­ды, 1861 жылы пат­ша жар­лы­ғы­мен қала мәр­те­бесіне және «Пав­ло­дар» ата­уы­на ие болды. 

Айтып-айт­пай не керек, баба­ла­ры­мы­здың қаны­мен, әже­лері­міздің көз жасы­мен суа­ры­лған киелі мекен­де дәл қазір­гі шақта өмір сүріп жатқан сіз­дер мен біз­дер «бұл жер қаза­қтар­ды­кі емес, ежел­гі орыс жер­лері» дей­тін кера­уы­здар­ды өз көзі­міз­бен көріп, сөз­дерін өз құлағы­мы­з­бен ести­міз деп ойла­дық па?!

Аты­шу­лы тарих­шы Мари­на Тере­ник ойдан шыға­ры­лған әлгі аңы­зды тари­хи шын­дық есебін­де жер­гілік­ті оры­стіл­ді басы­лым­дар­дың бірі «Новое вре­мя­да» оқтын-оқтын жари­я­лап отыр­ды. Сол жари­я­ла­ным­дар Сла­вян мәде­ни орта­лы­ғы­ның деме­ушілі­гі­мен «Пав­ло­дар – не Кере­ку» деген атпен кітап болып жарық көрді. 

Пав­ло­дар қала­лық мәс­ли­ха­ты­ның хат­шы­сы В.Н. Вих­ля­нов пен Сла­вян мәде­ни орта­лы­ғы­ның төрай­ы­мы Т. И. Кузи­на еке­уі бір­лесіп жазған мақа­ла­да «бұл өңір Пав­ло­дар уезі ата­нып тұрған кез­де Ресей­дің Омбы губер­ни­я­сы­на қарап еді, амал не, 1920 жылы Қырғыз АССР-нің құра­мы­на қосы­лып кет­ті» деген өкіні­шті ойла­рын жария етті («Пав­ло­дар или…», «Город­ская неде­ля». 13.07.2005 ж.).

Пав­ло­дар Гео­гра­фия үйінің дирек­то­ры Алек­сандр Вер­ве­кин «Білім және мәде­ни­ет» теле­ар­на­сы­ның жүр­гі­зу­шісі Дани­ил Глу­мо­втың Пав­ло­дар қала­сын­да дай­ын­даған «Неиз­вест­ный Казах­стан» бағ­дар­ла­ма­сын­да бұдан ондаған мың жыл бұрын тір­шілік еткен мамонт­тар­дың облыс аумағы­нан табы­лған қаңқа сүй­ек­тері мен пат­ша­лық кезең­нен қалған ғима­рат­тар жай­ын тілі жет­кенін­ше тәт­пі­ш­теп тұрып баян­да­ды! Тек біздің баба­ла­ры­мыз құрған қаға­нат­тар мен ханды­қтар тарихы­нан бір-екі ауыз сөз айту­ды көңілі хош көр­ме­гені сезілді.

Сол А. Вер­ве­кин пат­ша әскер­лері бекіністерінің қал­ды­қта­рын ізде­стіріп, «Иртыш и его кре­по­сти» атты деректі фильм түсір­ді. Оны­мен тын­бай, Ресей­дің Орыс гео­гра­фи­я­лық қоға­мы Омбы аймақтық бөлім­ше­сінің төраға­сы Игорь Вят­кин­ге ұсы­ныс жасап, «Бух­гольц жол­да­ры­мен» атты экс­пе­ди­ци­я­ның ұйым­да­сты­ры­луы­на баста­ма­шыл­дық таныт­ты. Нәти­же­сін­де Омбы айлағы­нан 35 адам мін­ген 5 жел­кен­ді қай­ық (яхта) Ертіс өзені­мен жүзіп, сон­дай-ақ олар­ды қол­да­у­шы топ мін­ген авто­жа­сақ «Омбы – Пав­ло­дар» тас жолы­мен жүріп оты­рып, Қаза­қстан­ның аумағы­на енді. Экс­пе­ди­ци­я­ның мақ­са­ты: пат­ша әскер­лері бекіністерінің қиран­ды қал­ды­қта­ры­мен таны­су, 1716 жылы И.Д. Бух­гольц жасағы тұрғы­зған Ямы­шев бекінісінің орнын­да ескерт­кіш бел­гі орна­ту… Осы­лай­ша олар Ертістің Кере­ку өңіріне қан­ды жоры­қ­пен кел­ген жасақ тарихын біздің елде наси­хат­тап, дәріп­те­уді көздеді!

Оқиға­ның мән-жай­ын жете түсініп тұрып, қалай үнсіз қалай­ық! «Ресей­де қоғам­дық ұйым­дар 1382 жылы Мәс­ке­уді жау­лап алып, өртеп жібер­ген Алтын Орда­ның биле­ушісін наси­хат­тау мақ­са­тын­да «Тоқта­мыс хан жол­да­ры­мен» атты экс­пе­ди­ция ұйым­да­сты­ру­ды көз­де­се неме­се 1812 жылы дәл солай Мәс­ке­уді жау­лаған Фран­ция импе­ра­то­рын ұлы­қтап, «Напо­ле­он жол­да­ры­мен» атты экс­пе­ди­ция құру­ды жос­пар­ла­са, губер­на­тор­лар құп көрер ме еді?! Жал­пы, Ресей­де сепа­ра­ти­стік көзқа­рас­тағы қоғам­дық бел­сен­ділер тара­пы­нан ресми мем­ле­кет тарихын бұр­ма­ла­у­ға, Ресей Феде­ра­ци­я­сы аумағы­ның тари­хи-құқы­қтық негізділі­гін терістеу әре­кет­теріне жол бері­ле ме?..» – деген ауыр сөз­дер­ді айтып, облыс бас­шы­лы­ғын қат­ты сына­дық! Сөй­те тұра, әкім­дік­те оты­рған ақ жаға­лы ұлы­қтар­дың қан­дай да бір іс-әре­кет­тер жасай­ты­ны­на сен­бей, қоғам бел­сен­дісі Қай­рол­ла Кәже­нов еке­уміз «Ста­рое Ямы­ше­во» ауы­лы­на экс­пе­ди­ци­ядан бұрын барып, жағ­дай­ды бақы­ла­у­ға алдық.

Әйте­уір әлгілер Лебя­жі ауда­нын­дағы Ескі Ямы­шев елді мекеніне баста­пқы­да жос­пар­лаға­нын­дай 5 жел­кен­ді қай­ы­қ­пен емес, бір мик­ро­ав­то­бу­спен және бір­не­ше жеңіл көлік­пен бар­ды. Ауыл тұрғын­да­ры­мен кез­де­су бары­сын­да А. Вер­ве­кин және басқа­лар баста­пқы рай­ы­нан қай­тып, Ертіс өңірінің эко­ло­ги­я­сын сауы­қты­ру, өзен суын тиім­ді пай­да­ла­ну, «Омбы – Пав­ло­дар» бағ­да­рын­дағы кеме қаты­на­сын рет­теу, екі облыс ара­сын­дағы достық қарым-қаты­на­сты нығай­та түсу мәсе­ле­лері жөнін­де сөй­леді… Менің пай­ым­да­уым­ша, бұл жайт біздің жан айқай­ы­мы­зды дұрыс түсініп, әкім­дік­тің кешірек бол­са да қажет­ті қоры­тын­ды шыға­руы­ның нәтижесі. 

Деген­мен, 2020 жылы ішкі, сыр­тқы сая­си күш­тер, жер­гілік­ті пат­ша­шыл-кеңес­шіл топ­тар Пав­ло­дар қала­сы­ның негізі қаланға­ны­на 300 жыл толуын мере­ке ретін­де той­лау мәсе­лесін көте­ретіні жөнін­де бұдан бір­ша­ма уақыт бұрын жасаған болжа­мым шын­ды­ққа айна­лу­да. Еске ала­тын жәйт, олар 1990, 1995, 2000, 2005, 2010, 2015 жыл­да­ры Пав­ло­дар­дың 170, 175, 180, 185, 190, 195 жыл­ды­қта­рын той­лау жөнін­де облыс, қала әкім­дік­теріне ұсы­ныс түсіріп отыр­ды. Бірақ жер­гілік­ті мем­ле­кет­шіл аза­мат­тар «пат­ша әскерінің қазақ жеріне басып кіріп, бекініс салға­нын той­лау еге­мен елдік пен тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тілік қағи­дат­та­ры­на қар­сы әре­кет» деген уәж айтып, БҰҰ тара­пы­нан отар­шыл­ды­қты қан­дай түр­де бол­са да дәріп­те­у­ге тый­ым салы­нға­нын алға тартты. 

Айт­пақ­шы, Кеңес үкі­меті кезеңінің өзін­де Қама­тай Бат­та­лов бастаған бір топ соғыс және еңбек арда­гері Пав­ло­дар қала­сы пар­тия коми­теті ғима­ра­ты­ның алды­на барып, пат­ша бекінісінің 170 жыл­ды­ғын мере­ке ретін­де той­ла­у­ға рұқ­сат етіл­се, нара­зы­лық шара­сы­на шыға­ты­нын мәлім­деді! Абы­рой болған­да, сол кез­де де, кей­ін­гі кез­дер­де де қала бас­шы­лы­ғы ондай мере­кенің өткізілуін қол­даған жоқ.

Естуі­міз­ше, қазір­гі қала әкім­ді­гі бас­шы­лы­ғы пат­ша­шыл-кеңес­шіл топ­тар­дың ыңғай­ы­на жығы­лып, ішкі сая­сат бөлі­міне қала­ның 300 жыл­ды­ғын ұйым­да­сты­руға тап­сыр­ма беріп­ті. Бұл сыбыс шын­ды­ққа негіз­дел­се, облыс, қала бас­шы­ла­ры­нан мем­ле­кет­тік ұлт­тық сая­сатқа кереғар келетін, ұлта­ра­лық шие­леніс туды­руы ықти­мал шара­ны күн тәр­тібі­нен алып таста­уын сұраймыз. 

Өтіні­ші­міз өтпе­ген жағ­дай­да, біз, жер­гілік­ті мем­ле­кет­шіл аза­мат­тар ҚР Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың аты­на, Қаза­қстан халқы­на Ашық хат жол­да­уға мәж­бүр бола­мыз. Сөй­тіп, жер­гілік­ті билік­ті бір кез­де­гі Ресей пат­ша­лы­ғы­ның қазақ жерін­де жүр­гіз­ген отар­лау сая­са­тын дәріп­тей­тін іс-шара­лар­ды жүзе­ге асы­ру­ды көз­деп отыр деп айып­тап, сенім­сіздік біл­діретіні­мізді жария ете­міз. Мұның соңы нара­зы­лық шара­сы­на ұла­сып кетуі ықтимал.

Пав­ло­дар шене­унік­терінің құлағы­на алтын сырға: алды­ңғы жылы Семей қала­сы­ның әкі­мі Ермак Сәлі­мов пен халық қала­у­лы­ла­ры Ресей отар­ла­у­ы­ның 300 жыл­ды­ғын той­лау мәсе­лесін қара­май, тек қала күніне арналған мәде­ни шара­лар­ды мақұлдады.

Арман ҚАНИ,

ақын,

Пав­ло­дар қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн