Пятница , 4 июля 2025

АРЫСЫМНАМЫСЫМ

Өлді Аза­мат!

Өлді қазақ!

Өлді арыс!

Өр намыспен алма­стыр­ды шер­ді арыс.

Мәң­гүрт­тік­ті ажа­лы­мен көм­ді арыс,

Жен­дет­тер­ді өлі­мі­мен жеңді арыс.

Там­ды Ала­штың жана­ры­нан қан­ды жас,

Кек боп, өрт боп, ұлт жаны­нан там­ды жас.

Тұра алмай­ды енді билік басында,

Өзге ұлт­тан кел­ген өңкей қаңғыбас.

Арыс өлді ар-намысты оятып,

Кек, қай­рат­ты қаны­ме­нен боятып.

Анау төр­дің төбесі­нен түйрейді,

Әр қаза­қтың кеудесі­нен жай атып.

Ер қаза­сы – жаңа өмір­дің ақ таңы,

Еркін елдің басқа «нұр­ды» жаққаны.

Ел құл­пы­рар езгісі­нен құтылып,

Құл­ды­рай­ды құр­ды­мы­нан тақтағы.

Софы СМАТАЙ

Сен өлесің ел үшін болып құрбан,

Селт етпей­ді бірі де көріп тұрған. 

Күні бойы мем­ле­кет өсек соқты,

Тірі ада­мын отыз жыл өлік қылған!

Сен өлесің… өлмей­ді өтірік тек!

Кекіріп боп сөй­лей­ді кекілік көп.

Жырқ-жырқ етіп желі­де жұр­тым отыр,

Осын­дай­да жылай­тын өкіріп кеп. 

Сен өлесің қор болып қорқауларға,

Қорқа­у­лар­дан қорғай­тын қорғау бар ма?!

Қай­те­міз, қам-қапер­сіз қазақ осы –

Жан сал­май­тын алды­на сор таңдауда?!

Дәурен БЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

ДУЛАТТЫ КІМ ӨЛТІРДІ?

  • Аста­на­ның іргесін­де тұра­тын қоғам бел­сен­дісі Дулат Аға­діл 25 ақпан күні таңер­тең 43 жасын­да тер­геу изо­ля­то­рын­да бел­гісіз жағ­дай­да қай­тыс бол­ды. Ресми ақпа­рат­та оның «жүре­гі тоқтап қалға­ны» айты­ла­ды. Бірақ бел­сен­діні тани­тын­дар және оның жақ­та­ста­ры мен серік­тері бұл мәлім­де­ме­ге сен­бей­ді де, «оның өлі­міне билік жау­ап­ты» деп есептейді.

Қараңғы түн­де қарақ­шы­лар­дың қолы­на түс­кен аза­мат таң аты­сы­мен тас түр­ме­де қай­тыс бол­ды. Өз аяғы­мен үйі­нен аман-есен шығып, қас пен көздің ара­сын­да түр­ме­ге түс­кен аза­мат­ты кім өлтір­ді деген сұрақтың жау­а­бы біреу – назар­ба­ев­тық жүй­енің жен­дет­тері өлтірді!

Редак­ци­яға келіп түс­кен ақпа­рат­ты сара­лап, бұл қаза­ның хро­но­ло­ги­я­сын жаса­дық. Ақпан­ның 24-інде түн жамы­лған бір­не­ше поли­цай Дулат­ты үйін­де ұйы­қтап жатқан жері­нен қолы­на кісен кигізіп алып шыққан.

Олар поли­цай­лық фор­ма-киім­сіз, алда­ры­на меди­ци­на­лық «жедел жәр­дем» көлі­гін салып алып, өздері жеке мәши­не­мен кел­ген. «Жедел жәр­дем­ді» Дулат­тың ден­са­улы­ғы­на жаны ашы­ған­нан емес, «бала ауы­рып қалып еді…» деп, үйдің есі­гін алдап ашу үшін алып кел­ген. Дулат­тың ұлы Жан­бо­лат­тың: «Біз “жедел жәр­дем” шақы­рған жоқ­пыз, көр­ші үй болуы мүм­кін», – деп есік­ті жауып алға­ны­на қара­ма­стан, поли­цай­лар есік­ті жұлып ашқан. Бет­терін жауып алып, фор­ма­сыз жүр­ген­дері былай тұр­сын, қыз­мет куәлі­гін де көр­сет­пе­ген. Олар – аста­на­дағы Цели­но­град аудан­дық Ішкі істер бөлі­мінің тер­ге­ушісі Саға­ди­ев және жедел уәкіл­дер Абба­сов пен Ғап­па­ров екенін кей­ін­гі ақпа­рат­тар­дан біліп отырмыз.

Дема­лып жатқан Дулатқа күш қол­да­нып, іш киі­мі­мен жалаңаш күй­ін­де есік­ке сүй­реп алып шыға­ды. «Киім кигіз­бей­сің­дер ме?» – деген айқай-шудан соң ғана киі­мін кигізу­ге мәж­бүр болады…

Аста­на­дағы Ішкі істер мини­стр­лі­гі ғима­ра­ты­ның алды­на жиналған жұр­тқа түсінік бер­ген ішкі істер вице-мини­стрі, поли­ция пол­ков­ни­гі Ары­станға­ни Запа­ров «Азаттық» радио­сы тіл­шісінің: «Поли­ция неге фор­ма­сыз барған?» деген сұрағы­на: «Жедел уәкіл­дер фор­ма­сыз жүре беруіне бола­ды. Бірақ қыз­мет куәлі­гін көр­се­туі керек және қыз­мет көлі­гі­мен баруы тиіс», – деп жау­ап бер­ді. Енде­ше осы үш поли­цей­ге қаты­сты тек­се­ру-тер­геу амал­да­ры жүр­гізіліп, ақ-қара­сын аны­қтау құзыр­лы меке­ме­лер­дің құзы­ретін­де. Дулат­тың өлі­міне ашы­нған жұрт шын­ды­қтың түбіне жететініне күмәні­міз жоқ.

Дулат­ты жылы төсе­гі­нен сүй­реп алып шығып, ертең­гі күн­ге қал­дыр­май­тын қан­дай қыл­мыс десеңіз, «судья­ны балағат­та­ды, ар-намысы­на тиді» деген желе­умен қыл­мыстық іс қозғалған екен. Білетін заң­гер­лер­дің айтуын­ша, бұл іс әкім­шілік іске жата­тын көрі­неді. Оған себеп – кезек­ті бір әділет­сіз сот оты­ры­сын­да Дулат судьяға қара­та: «Жемқор жүй­е­ге қыз­мет еткен­ше, екі сиыр алып, сауын­шы бол­май­сың ба?» деген сөзі себеп бол­са керек-мыс (желі­де тара­лып жатқан сөз)… Демек, бел­сен­ді осы сөзі үшін қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­ды ма? Аны­қтау қажет. Тіп­ті осы сөзі тура мағы­на­да айты­лған күн­нің өзін­де неге әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тартылмаған?

ҚР ӘҚБтК 653-бап­та «Сот­ты құр­мет­те­ме­ушілік» деген арнайы әкім­шілік жау­ап­кер­шілік бар екен. Бір­ден аза­мат­тық бел­сен­діні Қыл­мыстық кодекспен жаза­лай­тын­дай кім­нің кек алғы­сы кел­генін біл­гіңіз кел­се – назар­ба­ев­тық жүй­енің жан­та­ласқан әре­кеті деп баға­лаған жөн шығар.

Ресми билік­тің таратқан мәлі­метін­де: «Тер­геу изо­ля­то­ры­ның каме­ра­сын­да одан өзге төрт адам бол­ды, олар Дулат Аға­діл­ге күш қол­да­ныл­маға­ны жай­лы куәлік бер­ді. Меди­ци­на­лық куәлік оның қамауға алы­нған сәт­те алко­голь­ді ішім­дік ішкенін, мас екенін көр­сет­ті. «Жедел жәр­дем» бри­га­да­сы кел­ді. Қай­тыс болуы­на «жүрек тал­ма­сы себеп болған». Денесін­де қан­дай да бір жарақат­тар жоқ. Сотқа дей­ін­гі тер­геу жұмыста­ры бастал­ды», – делін­ген аста­на қала­лық поли­ция депар­та­мен­тінің хабарламасында.

Дулат Аға­діл – билік­ті көп­тен бері сынап, митин­гілер­ге қаты­сып, был­тыр бір­не­ше рет әкім­шілік жаза­ға тар­ты­лға­ны билік­тің «көз­деріне тіке­нек» болған сияқты. Дулат Аға­діл – әле­умет­тік про­бле­ма­лар және аза­мат­тық құқы­қты сақтау мәсе­лесін көтеріп жүр­ген бел­сен­ді. Биыл тамыз айы­нан бері бір­не­ше әкім­шілік жаза­ға тар­ты­лып, кем деген­де 60 тәулік қамауда оты­рған. Бірер ай бұрын Зай­сан­да қамауда оты­рған қан­даста­ры Мұра­гер Әлі­мұ­лы мен Қастер Мұса­ханұлын қол­дау үшін, олар­дың соты­на да барып қатысқан.

Аға­діл­дің қаза­сы­нан соң аста­на­да, Алма­ты­да, Шым­кент­те, Ақтө­бе­де бел­сен­ділер поли­ция депар­та­мен­тіне жина­лып, «Аға­діл жүрек тал­ма­сы­нан қаза бол­ды» деген­ге күмән кел­тір­ді. Олар бұл жағ­дай­ға қазір­гі билік жау­ап­ты деп, «Қауіп­сіздік кеңесінің бас­шы­сы Нұрcұл­тан Назар­ба­ев­тың және сенат спи­кері Дариға Назар­ба­е­ва­ның, Ерлан Тұрғым­ба­ев­тың отстав­ка­сын», «Аға­ді­ло­втің өлі­мі әділ тек­серіл­сін» деген талап­тар қойды.

Аға­діл­дің өлі­міне қаты­сты ашық ақпа­рат­ты талап еткен аста­на­лық бір топ бел­сен­ді 25 ақпан күні Ішкі істер мини­стр­лі­гіне барған. Бел­сен­ділер­ге мини­стр­лік­тен ешкім шық­паған соң, жол­ды жабуға тыры­сқан. Сол кез­де арнайы жасақ келіп, нара­зы­лар­ды күш­теп ұста­ды (сурет­те). Бел­сен­ділер поли­ция бөлім­ше­сіне жет­кізіліп, кей­ін ұсталған­дар­дың ішін­де әйел­дер­дің боса­ты­лға­ны хабар­лан­ды. Аста­на­дағы Поли­ция депар­та­мен­ті ІІМ алдын­да 10 ер, 13 әйел ұсталға­нын, кей­ін 13 әйел­дің боса­ты­лға­нын хабар­ла­ды. Қалған он ада­мға қаты­сты ештеңе айтпады.

Алма­ты­дағы «Целин­ный» кино­те­ат­ры­ның маңы­на жиналған 50–60 шақты бел­сен­ді пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев, қала про­ку­ро­ры Бауы­р­жан Жүрек­ба­ев пен ішкі істер мини­стрі Ерлан Тұрғым­ба­ев­тың аты­на арыз жазып өткізді. Талап арыз жазу­шы­лар жау­ап­ты ведом­ство­ның БАҚ арқы­лы ресми түр­де жау­ап беруін сұрай­ды. Алма­ты қала­лық поли­ция депар­та­мен­тінің маңы­на жиналған­дар «тер­ге­удің әділ әрі таза жүр­гізілуін» талап етіп, аза­мат­тық пікіріне бола «қуғын­да­мауды» сұра­ды. Сон­дай-ақ «аза­мат­тық бел­сен­ділер­ді заң­сыз қуда­ла­уды доға­рып, сая­си тұтқын­дар мен биы­лғы митинг­те қамалған­дар дереу боса­ты­луы керек» деп санай­ды. Бел­сен­ділер «Бостан­дық!», «Оян, қазақ, көтер басты!» деп ұран­дат­ты. Соны­мен қатар олар іс бары­сын алдағы уақыт­та тұрақты әрі табан­ды түр­де бақы­лай­ты­нын, Дулат Аға­ді­ло­вті еске алу жиы­нын ұйым­да­сты­ра­ты­нын айтып тарқасты.

 Дулат Аға­діл­дің өлі­мі­нен кей­ін 25 ақпан­да аста­на­да поли­ция депар­та­мен­тін­де Ішкі істер мини­стр­лі­гінің өкіл­дері мен Қаза­қстан бой­ын­ша адам құқы­ғы жөнін­де­гі уәкіл Эль­ви­ра Ази­мо­ва арнайы жиын өткізді. Ази­мо­ва бел­сен­ді Аға­діл қаза болған тер­геу изо­ля­то­рын­дағы бар­лық видео­ка­ме­ра жаз­ба­ла­ры қара­ла­ты­нын, зор­лық-зомбы­лық жасалған я жасал­маға­ны тек­серілетінін мәлімдеді.

Оның сөзін­ше, Адам құқы­ғы жөнін­де­гі уәкіл­дік­тің мама­ны қазір тер­геу изо­ля­то­рын­дағы бар­лық видео­түсірілім­мен таны­сып жатыр. «Адам (изо­ля­тор) қақ­па­сы­нан аттаған соң, оның әрбір қада­мын каме­ра түсіреді. Аға­діл оты­рған каме­ра­дағы жаз­ба сегіз сағат­тық. Оны тек­се­ру уақыт ала­ды. Аға­діл аза­мат­тық бел­сен­ді болған­ды­қтан, қоғам тара­пы­нан күдік бар. Бұл жағ­дай­ды тек­се­ру­ге бар­лық тарап­ты, соның ішін­де аза­мат­тық қоғам өкіл­дері де жіберілуі керек», – деді Ази­мо­ва. Ази­мо­ва бел­сен­дінің өлі­міне қаты­сты тәу­ел­сіз сот сарап­та­ма­сы да тағай­ын­да­ла­ты­нын жеткізді.

Жиын кезін­де ІІМ орын­ба­са­ры Ары­станға­ни Заппа­ров бел­сен­дінің қаза­сы­на бай­ла­ны­сты алдын ала дерек айт­ты. Оның сөзін­ше, «Аға­діл таңғы алты­да тұрып, тамақтанған соң, сағат 7‑де дәрет­ха­наға барған. Одан кей­ін каме­раға кел­ген­нен кей­ін тізер­леп оты­рып, есі­нен танып қалған. Алдын ала дерек бой­ын­ша, ол жүрек тал­ма­сы­нан қаза болған».

Адам құқы­ғы жөнін­де­гі уәкіл Ази­мо­ва «жиыр­ма минут­тан кей­ін кел­ген «жедел жәр­дем» Аға­діл­дің жүре­гі тоқтаға­нын тір­ке­ген». ІІМ орын­ба­са­ры Заппа­ров жиын кезін­де «изо­ля­торға кел­ген­де Аға­діл ден­са­улы­ғы­на шағым­дан­баға­нын, бірақ видео­ка­ме­ра­дан оның түн­де ұйы­қтай алмай, маза­сызда­нып жүр­генін» айтты.

Жиналған­дар алды­на баста­пқы­да аста­на­дағы қала­лық поли­ция депар­та­мен­тінің басты­ғы Арман Сада­нов шығып, Дулат Аға­діл­дің қаза­сы жай­лы қысқа­ша ақпа­рат бер­ген. Ол осы­ған дей­ін таралған ресми ақпа­рат­ты рас­та­ды. Шама­мен бір сағат­тан кей­ін поли­ция келіп, жиын­ды күшпен тара­туға кірісті.

 «Азаттық» радио­сы оқиға орны­нан тіке­лей эфир арқы­лы тара­ты­лған ақпа­рат­та аста­на­да Тәу­ел­сіздік даңғы­лын­дағы Ішкі істер мини­стр­лі­гінің алды­на жиналған елу­ге жуық бел­сен­діні жасақ сақ­шы­ла­ры күш­теп, төрт бір­дей авто­бу­сқа тиеп әкет­ті. Олар Дулат Аға­діл­дің қаза­сы жай­лы толық ақпа­рат беруді талап еткен бола­тын. «Бел­сен­ділер «бей­жай, немқұрай­лы­лы­қтың кесірі­нен» болған оқиға­ның басты себеп­кері Ерлан Тұрғым­ба­ев деп санай­ты­нын және бас поли­цей­дің отстав­ка­сын талап етті. Жиналған­дар алды­на баста­пқы­да аста­на­лық поли­ция депар­та­мен­тінің басты­ғы Арман Сада­нов шығып, Дулат Аға­діл­дің қаза­сы жай­лы қысқа­ша ақпа­рат бер­ген. Ол осы­ған дей­ін таралған ресми ақпа­рат­ты рас­тап, «тер­геу изо­ля­то­рын­да Дулат Аға­діл­дің жанын­да төрт адам оты­рға­нын, олар­дың Дулат Аға­діл­ге күш көр­сетіл­ме­геніне куәлік бер­генін, жүрек тал­ма­сы­нан қай­тыс болға­нын» айтқан. Түстен кей­ін поли­ция келіп, жиын­ды күшпен тара­туға кірісті. Бақыт­жан Малы­ба­ев бастаған сақ­шы­лар ере­уіл­шілер­ді төрт авто­бу­сқа жап­пай зор­лы­қ­пен салып алып кет­ті. Ара­сын­да төрт поли­цей жүк­ті әйел­ді де күш­те­генін бай­қа­уға бола­ды. Аста­на­лық бел­сен­ділер тер­геу изо­ля­то­рын­да қай­тыс болған Дулат Аға­діл­дің өлі­мін тек­се­ру бой­ын­ша штаб құрды.

Шта­бқа мүше болып Жанат Нұрқы­шев, Қай­рат Сей­тқа­ли­ев, Назым Серік­ба­е­ва, Марат Мұса­ев кір­ді. Сей­сен­бі күні штаб мүше­лерінің бар­лы­ғын поли­ция ұстап әкет­кен. Босап шыққан соң, жұмыста­рын жалға­сты­ра­тын­да­рын мәлімдеді.

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

  • Дулат Аға­діл­дің соңын­да алты бала­сы қал­ды. Ерік­тілер оның отба­сы­на көмек­те­су мақ­са­тын­да әле­умет­тік желі­ге жүк­те­ген Дулат­тың ұлы Жан­бо­лат Аға­діл­дің есеп­шот­та­ры төмендегідей:

Жан­бо­лат Ага­дил. Кар­точ­ка нөмірі: 5169 4971 6621 4951. ИИН 021206551221

«Кас­пи» кар­та­сын­дағы теле­фон нөмері: 87085150554.

Бет қат­та­лып жатқанда

АҒАДІЛДІҢ ҚАЗАСЫ

  • әділ тер­ге­луін талап еткен алма­ты­лы­қтар қала­лық про­ку­ра­ту­ра алды­на жиналды

Кеше – 26 ақпан­да Алма­ты­да бір топ қоғам­дық бел­сен­ді қала­лық про­ку­ра­ту­ра ғима­ра­ты­ның алды­на жина­лып, Дулат Аға­діл­дің жұм­бақ қаза­сы­на қаты­сты деректер­ді ашық әрі әділ тер­ге­уді талап етті. Әдет­те­гі­дей, олар­ды арнайы жасақтың жан­дай­шап­та­ры қор­ша­уға алды, бірақ газет қат­та­лып жатқан­да, нара­зы­лық таны­ту­шы­лар­ды ұстау, қамауға алу әре­кеті болған жоқ.

Аға­діл­дің сурет­терін көтеріп шыққан нара­зы­лар­дың негіз­гі талап­та­ры – тер­геу изо­ля­то­рын­да жұм­бақ жағ­дай­да қаза болған Дулат Аға­діл­дің өлі­мін қоам­ның қаты­суы­мен әділ тер­геу, «Бей­біт жиын өткі­зу тәр­тібін бұз­ды» деп айып­та­лып, абақты­ға қамалған бел­сен­ділер­ді боса­ту. «Азаттық» радио­сы хабар­лаған­дай, қазір Алма­ты­дағы бір ғана абақты­да 18 адам қамауда отыр. Ал аста­на мен аймақ қала­ла­рын­да тағы да бір­не­ше бел­сен­ді қамауға алы­нған. Бей­ре­сми деректер­ге қараған­да, 22 ақпан күн­гі екі митинг кезін­де жал­пы жиы­ны 300-ге жуық адам ұсталған, ал олар­дың қан­ша­сы­на әкім­шілік жаза қол­да­ны­лға­ны жөнін­де нақты ақпа­рат жоқ.

Нара­зы топ Дулат Аға­діл­дің өлі­мін әділ тер­геу үшін арнайы комис­сия құру, оған қоғам бел­сен­ділерін тар­ту жөнін­де де талап қойды.

Бел­гілі сая­сат­кер Бал­таш Тұр­сым­ба­ев бастаған бел­сен­ділер­дің бір бөлі­гі про­ку­ра­ту­ра ғима­ра­ты­на кіріп, қала про­ку­ро­ры­ның шығуын талап етіп, пети­ция тап­сыр­ды. Бірақ бас­пасөз қыз­метінің өкілі Бағ­бан Кене­са­ры тап­сы­ры­лған арыз тір­кел­генін, ондағы талап­тар қара­лып жатқа­нын хабарлады.

Газет қат­та­лып жатқан­да, қала про­ку­ро­ры­ның ғима­рат­тан шығып, алда­ры­на келуін талап еткен топ әлі тарқа­маған еді. Бұл оқиға­ның жай-жап­са­рын газет­тің келесі нөмірін­де хабар­лай­тын боламыз.

«ДАТ-ақпа­рат»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн