Пятница , 4 июля 2025

Инга ИМАНБАЙ: Бұл қысымның аты – САЯСИ ШАНТАЖ

Бұдан бұрын әле­умет­тік желілер мен элек­трон­ды БАҚ арқы­лы бел­гілі болған­дай, «Жас Алаш» газетінің бас редак­то­ры Инга Иман­бай қыз­меті­нен кет­кенін мәлім­де­ген еді. Бұл орай­да ол «Фейс­бук­тағы» өзінің парақ­ша­сын­да былай деп жаз­ды: «Редак­ция сая­са­тын күрт өзгер­тіп, Назар­ба­ев­тың өзі мен әулеті тура­лы өткір мате­ри­ал­дар шыға­ра баста­дық. Осы­ған және Жан­бо­лат Мамай­дың әйелі екен­ді­гі­ме бай­ла­ны­сты «Жас Алаш» газетінің құры­л­тай­шы­сы Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның отба­сы­на қысым жасалды».

Инга Иман­бай­дың жаз­ба­сы­нан бел­гілі болған­дай, қастан­ды­қтан қаза тапқан қай­рат­кер Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның әйелі, газет­тің бас құры­л­тай­шы­сы Сал­та­нат Ату­ше­ваға бір­не­ше гене­рал келіп, Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның жақын туы­ста­ры­ның бірінің үсті­нен қыл­мыстық іс қозғалға­нын, егер Инга Иман­бай­ды бас редак­тор­лы­қтан босат­па­са, оны қамауға ала­мыз деп, шан­таж тұрғы­сын­да қоқан-лоқы жасаған.

«Сал­та­нат Ату­ше­ваға бел­гілі бір ведом­ство­ның гене­рал­да­ры келіп, мені мін­дет­ті түр­де 22 ақпанға дей­ін боса­ту жөнін­де қатаң талап қой­ды. Газет­тің Жан­бо­лат Мамай­ға қаты­сы жоқ дегені­мізді тың­да­ма­ды. Сал­та­нат Ату­ше­ва мені бас редак­тор қыз­метін­де қал­ды­ру үшін қолы­нан кел­ген­нің бәрін жаса­ды, бірақ қат­ты қысым­нан соң, боса­туға мәж­бүр бол­ды. «Жас Алаш» толы­ғы­мен билік бақы­ла­у­ы­на өтті», – деп жаз­ды Инга Иман­бай ФБ-парақшасында.

Біз осы орай­да Инга Иман­бай­мен сұх­бат­та­сып, мән-жай­ды біл­ген едік.

– Инга бике, біз­ге жет­кен еміс-еміс хабарға қараған­да, сізді бас редак­тор­лы­қтан боса­ту жөнін­де Сал­та­нат Ату­ше­ваға үзіл­ді-кесіл­ді талап қой­ған үш бір­дей гене­рал екен. Солай ма? Сіз олар­дың өзін көр­діңіз бе?

– Ол гене­рал­дар­ды мен көр­генім жоқ. Себебі қысым тіке­лей маған емес, «Жас Алаш» газетінің құры­л­тай­шы­ла­ры­на жасалған. Менің түсін­генім: күштік құры­лым гене­рал­да­ры­ның қой­ған негіз­гі тала­бы – мені бас редак­тор лау­а­зы­мы­нан боса­ту болған. Осы­ның бәрі ДПК-ның 22 ақпанға жари­я­лаған митин­гісі қар­саңын­да 20 ақпан күні орын алған.

– Әлдебір гене­рал­дар­дың аты­мен билік тара­пы­нан жасалған бұл қысым­ды қалай бағалайсыз?

– Әрине, бұл жасалған әре­кет – барып тұрған сая­си шан­таж. Бұн­дай жағ­дай біз­де бірін­ші рет болып жатқан жоқ. Пре­зи­дент ауы­сты деп айтып жүр­гені­міз­бен, Назар­ба­ев режи­мінің жалға­сын бәрі­міз көріп отыр­мыз. Сон­ды­қтан «Жас Алаш» газетінің құры­л­тай­шы­ла­ры­на жасалған қысым, менің және менің жұбай­ым Жан­бо­лат Мамай­дың сая­си алаң­дағы бел­сен­ділі­гі­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты деп толық айта ала­мын. Сон­ды­қтан бұл әре­кет­ті, әлбет­те, сая­си шан­таж ретін­де бағалаймын.

Деген­мен, құры­л­тай­шы­лар­дың маған жасаған өтіні­шіне түсінік­пен қарай­мын. Сон­ды­қтан да баста­пқы­да бұл жағ­дай­ды жари­я­лаған жоқ едім. Алай­да «Жас Алаш» газетіне редак­тор­лы­ққа отстав­ка­дағы пол­ков­ник, көп жыл­дар бойы Қаза­қстан поли­ци­я­сы­ның бас­пасөз қыз­метін басқарған, соңғы жыл­да­ры Дариға Назар­ба­е­ваға тиесілі «365 инфо» сай­ты­ның редак­то­ры болған адам тағай­ын­дал­ды деген хабар­ды есті­ген соң, мені өкініш пен күдік биледі. Сон­ды­қтан бар­лық мән-жәй­ді түсін­діріп, әле­умет­тік желі­де­гі парақ­ша­ма пост жари­я­ла­у­ға тура келді.

– Егер бел­гілі бір аза­мат қыл­мыс жаса­ды деген күдік­ке ілі­гетін бол­са, оған қаты­сты іс алдын ала ешқан­дай шартсыз және тиісті заң талап­та­ры­ның негізін­де қозға­луы керек еді ғой… Осы­ған қараған­да, қаза­қстан­дық билік сая­си қуда­ла­удың жаңа және озбыр үлгісін ашық түр­де жария ете баста­ды деп айта ала­сыз ба?

– Иә, біздің билік бүгін­гі режим­ді сақтап қалу үшін ештеңе­ден тай­ын­бай­ты­нын ашық түр­де көр­сетіп отыр. Оған кеше ғана билік оппо­нен­ті Дулат Ағәділ­дің түр­ме­де­гі өлі­мі куә. Бұл режим өзін-өзі сақтап қалу үшін ештеңе­ден тай­сал­май­ты­нын түсі­нуі­міз керек.

– Бәл­кім, сізді бас редак­тор­лы­қтан қуу жөнін­де­гі билік­тің тала­бы­на 22 ақпан күн­гі митин­гі­де Жан­бо­лат­тың пар­ти­я­сын қол­дап шығуы­ңыз себеп­кер болған жоқ па?

– Менің бас редак­тор­лы­қтан кетуім тура­лы өтініш маған 20 ақпан күні жасал­ды. Сон­ды­қтан бұл жағ­дай­ды дәл 22 ақпан күн­гі митин­гі­мен бай­ла­ны­сты­ра алмай­мын. Оның себебі тереңірек. Бұл Жан­бо­лат еке­уміздің сая­си бел­сен­ділі­гі­міз­бен бай­ла­ны­сты. Өйткені,құрылтайшылар мені жұмыста қал­ды­рып, жоға­ры­да айты­лған гене­рал­дар­мен мәміле­ге келу­ге тыры­сқан сияқты…

– Енді алдағы жос­пар-жобаңыз қан­дай болмақ?

– Мен Қаза­қстан­дағы Адам құқы­ғы жөнін­де­гі халы­қа­ра­лық бюро­да бұры­нғы жур­на­ли­стік және адам құқы­қта­рын қорғау сала­сын­дағы жұмысым­ды жалға­сты­ра­тын бола­мын. Менің басты көз­де­ген мақ­са­тым – Қаза­қстан­ды демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қта­ры орнаған мем­ле­кет­тер қата­рын­да көру.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн