Пятница , 4 июля 2025

Марғұлан ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

  • Әле­умет­тік желілер­де «Марғұлан не дей­ді?» деген айдар­мен қаза­қстан­дық қоғам­дағы қаты­на­стар мен түр­лі сала­дағы оқиға­ларға бай­ла­ны­сты өз пікірін біл­діріп жүр­ген қай­рат­кер-биз­нес­мен Марғұлан Сей­сем­бай: «Мен таң­дау жаса­дым» деп, өзінің кезек­ті жаз­ба­сын жари­я­ла­ды. Аза­мат­тық қоғам­ның жана­шы­ры қан­дай таң­дау жасаған екен – оқып көріңіз.

Достар, «Пар­тия құр­май­сыз ба?»; «Бір­деңе істей­тін заң­ды жолы бар ма?»; «Сынай бер­гені­міз жететін шығар, енді не істеу керекті­гін айт­саңыз»; «Елде­гі жағ­дай­ды қалай өзгер­те ала­мыз?» деген әртүр­лі сұрақтар маған көп қой­ы­лып жатыр.

Бәріне бай­ып­пен жау­ап беріп көру­ге тырысайын. 

Біз­де не бар? Билік­ті ауы­сты­ру­дың не оны өзгеріс­ке мәж­бүр­ле­удің қан­дай заң­ды жол­да­ры бар? 

Екі жолы бар: 

1. Басқа бір демо­кра­ти­я­сы жақ­сы дамы­ған елге кетіп қалу. Сөй­тiп, өзiңiздiң билi­гiңiздi өзгертесiз. 

2. Бел­сен­ділiк таны­тып, өз құқы­ң­ды білiп, билік­тен соны сақта­уды талап етіп, қалған адам­дар да бел­сен­ді әрі сау­ат­ты болуы үшін, ағар­ту­шы­лық жұмыс істеу. Билiк­тен сая­си рефор­ма жаса­уды талап етіп, заң­ды митинг­ке қатысу. 

Бай­қап жүр­мін, кей­ін­гі кез­де сау­ат­ты жастар­дың көбі осы айты­лған­ның бірін­шісін таң­дап жүр. Бірақ елді осын­дай жағ­дай­да қал­ды­рып кет­кенің – ауру ада­мға қара­май кет­кенің­мен бір­дей нәр­се екенін есте ұста! Егер қауіп­сізді­гің үшін сон­дай­ға баруға мәж­бүр бол­ма­саң, онда елден кету сатқын­ды­қтың бір түріне жатады.

Қалған мынан­дай жолдары:

  • пар­тия құру
  • сай­ла­у­ға қатысу
  • билiк­пен жұмыс iстеу
  • ұлт­тық кеңе­стің жұмысы­на араласу
  • саны аз митин­гiлер­ге қатысу…

сияқты жол­дар – еш тиiм­сiз, нәти­же­сiз зая тiрлiк. 

«Пар­ти­я­лар тура­лы», «БАҚ тура­лы», «Сай­лау тура­лы», «Митин­гiлер тура­лы» заң­дар­ды өзгерт­пей, жоға­ры­да айты­лып кет­кен әре­кет­тер­дiң бар­лы­ғы құр әуре. 

Егер осы айты­лған­дар­дың бәрі сіз­ге ұна­ма­са, онда сіз­де бір-ақ жол бар:

  • Қазір­гі жағ­дай­ға көн­ді­гіп, билік өзі өзге­реді деп, ештеңе істе­мей, қарап оты­ра беру. 

Олай бол­са, онда көп сөй­ле­мей, жұмыста­ры­ң­ды істеп, ауы­зда­ры­ң­ды жауып отырыңдар. 

Мен өз таң­да­уым­ды жаса­дым. Осы айты­лған­дар­дың іші­нен мен екін­ші нұсқа­сын таңдадым!

Марғұлан СЕЙСЕМБАЙ: Саяси реформасыз ЕРТЕҢІМІЗ ЖОҚ!

Өткен апта­ның басты жаңа­лы­ғы ретін­де пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Мюн­хен­де өткен 56-шы Қауіп­сіздік кон­фе­рен­ци­я­сы­на сапа­ры және дәл сол кез­де Қаза­қстан­да билік­тің интер­нет­ті бұғат­та­уын талдаймын.

Ақпан­ның 15-інде Қ.-Ж. Тоқа­ев Мюн­хен­де­гі Қауіп­сіздік кон­фе­рен­ци­я­сы­на қаты­сып, өзінің билік мерзі­мін­де­гі атқа­ры­ла­тын жұмысын при­о­ри­тет­пен айтып өтті. Бұл кон­фе­рен­ци­яға 40 шақты мем­ле­кет бас­шы­ла­ры, 100-ден астам мини­стр­лер – сыр­тқы істер және қорға­ныс мини­стр­лері, көп­те­ген халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар мен ірі неміс және халы­қа­ра­лық ком­па­ни­я­лар­дың бас­шы­ла­ры қатысты.

Осы қауым­ның алдын­да Қ.-Ж.Тоқаев өзінің келе­шек­ке деген көзқа­ра­сын, Қаза­қстан­ның Орта Азия қауіп­сізді­гі үшін қан­дай шара­лар жасап жатқа­нын баян­да­ды. Әрине, сая­си және эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар жөнін­де де сөз қозғал­ды. Міне, дәл сол кез­де билік Қаза­қстан­да интер­нет­ті бұғат­тай баста­ды. Қазір­гі заман­да ондай әре­кет­тер­ді ешкім жасай алмай­ды. Ел шу ете қал­ды, Тоқа­ев дереу өзінің «Твит­тер» акка­ун­тын­да бұғат­тау тура­лы хабар­дар болға­нын жари­я­лап, бар­лық ақпа­рат ресур­ста­ры­ның жұмысын қал­пы­на кел­тіруді тапсырды.

Енді бұл оқиға­ның себеп­тері мен сал­да­рын тал­дай­ық. Бірін­ші­ден, интер­нет­ті бұғат­тау – Айсұл­тан Назар­ба­ев­тың «Фейс­бук­та» жари­я­лаған бір­не­ше посты­нан кей­ін бастал­ды. Өзінің жаз­ба­сын­да Айсұл­тан шеше­сі Дариға Назар­ба­е­ваға қар­сы шығып, өздерінің отба­сы­ла­ры­ның бір­та­лай ішкі құпи­я­ла­рын елге жария етті. Оның үстіне Қаза­қстан – Ресей ара­сын­дағы газ кон­трак­тілерінің астыр­тын былы­қта­рын шығар­ды. Айсұл­тан жаз­ба­ла­ры­мен көп­те­ген Қаза­қстан және Ресей интер­нет ресур­ста­ры, әсіре­се «Теле­грамм» арна­ла­ры бел­сен­ді түр­де бөлі­се бастады.

Осы­ған орай /министр/ Дәу­рен Аба­ев жедел түр­де өзінің түсіні­гін бер­ді. Оның айтуы бой­ын­ша, Айсұл­тан­ның ден­са­улы­ғы қорқы­ныш туғы­за­ды. «Есірт­кі­ден емделіп жатқан адам­ның сөзін талқы­лау эти­каға жат­пай­ды», – деді. Тіп­ті «Айсұл­тан біре­удің мани­пу­ля­ци­я­сын­да жүр­ген адам», – деп соқты министр мыр­за. Менің пікірім бой­ын­ша, Айсұл­тан өзінің сөзіне жау­ап бере ала­тын ере­сек адам. Сөй­ле­ген сөзі шын бол­са, онда оның ол шын­ды­қты қан­дай жағ­дай­да айтқа­нын­да не жұмысы­мыз бар?

Ол мас болып айт­ты ма, әлде есірт­кінің әсері­нен айт­ты ма – мәсе­ле онда емес, мәсе­ле – оның сөзінің жаны бар ма, шын ба, өтірік пе? Осы сұрақтар жөнін­де Аба­ев мыр­за үн қатқан жоқ.

Міне, осы қой­ы­лған сұрақтар мен халы­қта туған күдік­ке жау­ап берудің орны­на билік Айсұл­тан­ның поста­ры­на тосқа­уыл қой­ып, ақпа­рат­тың әрі қарай тара­мауы үшін, интер­нет­ті бұғат­та­ды. Осы жаңа­лы­қты тал­дай оты­рып, бір­не­ше ой түй­ін­дерін жаса­уға болады:

Бірін­ші, билік интер­нет­ті бұғат­тай­ты­нын ашық мой­ын­да­ды. Екін­ші, интер­нет­ті бұғат­тау – Тоқа­ев­тың бұй­ры­ғы емес, өйт­кені сон­ша­ма халы­қа­ра­лық қауым­да­стық алдын­да өз-өзін жер­ге қарат­пай­ды ғой. Үшін­ші, интер­нет­ті бұғат­таған «кіта­п­ха­на­шы» да емес, әйт­пе­се ол Тоқа­ев­тың «қой­ы­ң­дар-ей» деген сөзіне елең­де­мес еді ғой. Төр­тін­ші, бұғат­таған Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті де емес, өйт­кені Мәсі­мов бұры­нғы пре­зи­дент­тен басқа ешкім­ді тың­да­май­ды. Бесін­ші, сон­да күдік­ті тек қана ақпа­рат мини­стрі болып тұр. Егер оның Дариғаға жақын екенін ескер­сек, онда басқа нұсқа бол­май тұр…

Өткен апта­ның екін­ші маңы­зды жаңа­лы­ғы – үкі­мет ұсы­нған «Митин­глер жөнін­де­гі заң­ның» жаңа нұсқа­сы. Осы заң­ның жаңа нұсқа­сын түсін­діріп, қоғам бел­сен­ділерінің пікірін жинау үшін, министр Аба­ев Алма­ты­ға кел­ді. Қоғам бел­сен­ділері­мен кез­де­су бары­сын­да жаңа заң­ның қоға­мға мүл­дем кел­мей­тіні, ұсы­ны­лған нұсқа­ның кем­шілік­тері мен олқы­лы­қта­ры әбден көрін­ді. Мен бұл жер­де жаңа нұсқа­ның кем­шілік­терін тал­да­май­мын. Өйт­кені оның дұры­сы­нан гөрі, бұры­сы әлдеқай­да көп. Үкі­метт­тің ұсы­ны­сы халы­қтың мүд­десін мүл­де ескер­мей, тек қана билік­тің қамын көз­дей­ді. Менің ойым­ша, «Минин­гілер заңы­ның» жаңа нұсқа­сы Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың Ұлт­тық қоғам­дық сенім комис­си­я­сын­да сөй­ле­ген сөзіне қара­ма-қай­шы келеді. Бұл – Тоқа­ев­тың сая­са­ты мен көзқа­ра­сы­на деген тіке­лей сабо­таж. Осы­ған келіс­пей, ҰҚСК мүше­сі, бел­гілі бас­па­гер, қоғам қай­рат­кері Бахыт­жан Бұқар­бай осы ұйым­нан шыға­ты­нын жариялады.

Міне, ағай­ын, өзіңіз көріп оты­рған­дай, қазір­гі таң­да билік­те тағы бір күш пай­да болып отыр. Ол – билік­те­гі бюро­кра­тия мен өз ойын­да­рын ойнап жүр­ген, өзгеріс­ке қар­сы жүр­ген шене­унік­тер. Бұл күш – билік­те­гі ең алпа­уыт күш. Елде­гі болып жатқан үдерістер­мен шаруа­сы жоқ, қоғам ауруы­на жаны ашы­май­тын, жоға­ры­дан беріл­ген тап­сыр­ма­лар­ды орын­да­май­тын, тек қана өз мүд­де­лері мен өз тыны­шты­қта­рын ойлап жүр­ген күш. Жоға­ры­дағы­лар­дың елде болып жатқан жағ­дай­ларға қаты­сты жау­ап­кер­шілі­гін айтып жатқан жоқ­пын. Әрине, бірін­ші­ден, бар­лық жағ­дай­ға бас­шы жау­ап­ты. Бірақ күн­делік­ті істер­дің жүр­ме­уіне орта­да жүр­ген бюро­крат­тар жау­ап­ты дегім келеді. Бұл күш­ке тек қана қоғам бірі­гуі арқы­лы төтеп бере ала­ды. Тоқа­ев­тың айтқан, бер­ген уәде­лерін істет­кі­зуі­міз керек. Бар­лы­ғы­мыз, әр адам өзі орнын­да бар күші­мізді салып, билік­тен сая­си рефор­ма­лар­ды талап етуі­міз керек. Сая­си рефор­ма­сыз біздің ертеңі­міз жоқ!

Ал енді сен­бі күн­гі митин­гілер­ге кел­сек, бір күн­де екі митинг өтті. Бірін­шісі – Жан­бо­лат Мамай мен Қаза­қстан демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы ұйым­да­сты­рған митинг сағат 11-де өтті. Бірақ бұл митин­гі­ге көп адам кел­ген жоқ, 70-тей адам қамауға алын­ды. Аздан соң, сағат 14.00-де Мұх­тар Әбі­ля­зов жари­я­лаған митинг өтуі керек еді. Бірақ билік ол митин­гі­ге жол бер­меді. Бар­лық жиналған неме­се алаңға бет бұрған адам­дар­ды олар­дың құқы­қта­ры­на қара­ма­стан, күш­теп, жол жиегін­де тұрған авто­бу­старға тығып, алаң­нан әкетіп жатты.

Жал­пы, алаңға жақын орна­ласқан көше­лер­де­гі поли­ция саны митин­гі­ге келу­шілер­ден әлдеқай­да артық бол­ды. Қала­ның орта­лық көше­лерін поли­ция қыз­мет­кер­лері қор­шап, ішіне адам кір­гіз­бей қой­ды. Қала­ның орта­лы­ғын­да интер­нет мүл­де өшіріл­ді, тек қана ұялы бай­ла­ныс жұмыс істе­ді. Билік­тің осы митин­гілер­мен күре­су жол­да­ры­на қараған­да, билік халы­қтың жанай­қай­ын тың­да­уға және өзгеріс жаса­уға дай­ын емес. Бұл – өте өкіні­шті жағ­дай. Халы­қтың нара­зы­лы­ғы ешқай­да кет­пей­ді, ашуы жина­лып, бір күні осы әділет­сіздік­тің зардаб­ын шегеміз.

Ең соңын­да айта­рым – үкі­мет жина­лы­сы бары­сын­да Қаза­қстан эко­ло­гия және гео­ло­гия мини­стрі Мағзұм Мыр­за­ға­ли­ев Қаза­қстан­да алдағы он-он бес жыл­дың ішін­де пай­да­лы қаз­ба­лар ресур­ста­ры­ның тау­сы­ла­ты­ны жөнін­де мәлі­мет берді.

Бұл мәлі­мет нені болжай­ды? Бірін­ші­ден, Қаза­қстан­дағы көп­те­ген пай­да­лы қаз­ба бай­лы­қта­рын өндіретін кен орын­да­ры мен оның жанын­да орна­ласқан кіші қала­лар құл­ды­рай­ды деген сөз. Екін­ші­ден, 10–15 жыл­дың ішін­де дереу шара­лар жаса­ма­сақ, онда біздің эко­но­ми­ка­мыз да сол кіші қала­лар­дың тағ­ды­рын қай­та­лай­ды. Үшін­ші­ден, Қаза­қстан­да қаз­ба бай­лы­қтарға қаты­сы жоқ эко­но­ми­ка­ны жедел түр­де дамыт­па­сақ, онда біз Тәу­ел­сіз ел болу­дан қала­мыз. Отыз жыл бойы қаз­ба бай­лы­қтар­дың арқа­сын­да құты­рып, қара­жат­ты олай да, былай шашып, енді той­дың аяғы­на жақын­дап қал­дық. Соны еске­рей­ік! Уақыт біз­ге қар­сы. Неғұр­лым бір орын­да көп тұрып қал­сақ, келе­ше­гі­міз, Тәу­ел­сізді­гі­міздің жарық күні бұлы­ңғыр­ла­нып, көз көр­мес қараңғы түн­ге айна­луы мүмкін.

Comments без купюр

Бибі­гүл Төлеубаева:

  • Осы­лай талқы­лап, қыр-сырын біліп, айты­лған ақпа­ратқа рах­мет! Неге біз­де осын­дай адам­дар бас­шы­лы­қта отырмасқа?!

Еркен Тан­ки­ба­ев:

  • Өте маңы­зды жаңа­лы­қтар айтыл­ды! Марғұлан аға, қаз­ба бай­лы­ғы­мыз тау­сы­ла­тын бол­са, барар жері­міз бен баса­тын тау­ла­ры­мыз қал­май­тын шығар… Мынау той­ым­сыз билік көр­шілер­ге алақа­ны­мы­зды жай­ды­рып қоя­тын түрі бар ғой…

Казах в Корее:

  • Наша власть в лице Аба­е­ва (не гово­ря уже о Тока­е­ве и Назар­ба­е­ве) и поли­цей­ских, как и любая авто­ри­тар­ная власть, ува­жа­ет толь­ко сопо­ста­ви­мую себе силу! Как толь­ко митин­гу­ю­щих ста­нет столь­ко же, сколь­ко поли­цей­ских на пло­ща­ди, власть сра­зу ста­нет вме­ня­е­мой и слышащей! 

Как раз через 10–15 лет насту­па­ет вре­мя пла­тить по зару­беж­ным кре­ди­там, недров (как гово­рит министр) тогда уже не будет, оста­ют­ся Нац­фонд ($80 млрд, если не оши­ба­юсь), а дол­гов у нас $158 млрд! Будут ли тогда нахо­дить­ся в стране Назар­ба­ев (или назар­ба­е­вы), Тока­ев, Аба­ев и Касы­мов с Масимовым?! 

Мәтін­нің газет­тік үлгісін дайындаған –

Айсұ­лу ОСПАН,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн