Пятница , 4 июля 2025

Бақытжан БҰҚАРБАЙ: Ұлттық кеңестен НЕГЕ КЕТТІМ?

Біздің аны­қта­ма

Бақыт­жан Бұқар­бай – бас­па­гер, «Күміс кітап», «Пре­зи­дент», «Күн­көрі­стен кет, бай­лы­ққа жет» кітап­та­ры­ның авто­ры. ҰҚСК-тің бұры­нғы мүшесі.

– Бақыт­жан мыр­за, сіз пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаевтың Ұлт­тық қоғам­дық сенім комис­си­я­сы­нан (ҰҚСК) шығу жөнін­де шешім қабыл­даған екен­сіз: мұн­дай қадам жаса­уы­ңы­зға қан­дай жәйт­тер түрт­кі болды?

– Был­тыр Ұлт­тық кеңес әлі құрыл­май тұрған­да, оны қат­ты сынға алған­дар­дың бірі бол­дым. Десе де, Кеңе­стің құра­мы­на кіру тура­лы ұсы­ныс кел­ген­де, халқы­мыз отыз жыл күт­кен сая­си рефор­ма­лар жүзе­ге асып қала­ды-ау деген үміт­пен оның мүше­сі болуға келістім. Сая­си рефор­ма­лар бой­ын­ша жұмыс тобын­да­мын, осы күн­ге дей­ін бірқа­тар заң­дарға өзгерістер енгізу­ге бағыт­талған ұсы­ны­стар дай­ын­да­уға бел­сен­ді атсалыстым.

Біздің ұсы­ны­стар­ды еске­ре оты­рып, пре­зи­дент Тоқа­ев жыл соңын­да сая­си рефор­ма­лар­дың бірін­ші пакетін жария етті. Яғни, пар­тия тір­кеу жұмысын жеңіл­де­ту, бей­біт жиын ұйым­да­сты­ру үшін хабар­лау жүй­есіне көшу сияқты оң өзгерістер­ді заңға енгі­зу тура­лы нақты тап­сыр­ма берді.

Өкініш­ке қарай, министр Аба­ев­тың ведом­ст­во­сы әзір­ле­ген «Бей­біт жиын­дар тура­лы» заң жоба­сы пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы­на сай бол­май шықты және ол халы­қтың, аза­мат­тар­дың мүд­десіне қай­шы болып отыр. Был­тыр біз сая­си рефор­ма­лар бой­ын­ша жұмыс тобын­да бірқа­тар заң­дарға өзгерістер енгі­зу бой­ын­ша жұмыс атқар­дық. Біздің басты пози­ци­я­мыз – митин­гі­ге рұқ­сат алу жүй­есін ескер­ту жасау жүй­есіне ауы­сты­ру бол­ды. Пре­зи­дент Тоқа­ев жел­тоқ­сан айын­да болған ҰҚСК-нің екін­ші оты­ры­сын­да осы­ны мәлім­деді. Яғни, ескер­ту жасау жүй­есіне өте­міз деді, сөй­тіп заңға түзе­ту­лер енгі­зу жөнін­де тап­сыр­ма беріл­ді. Сол кез­де алға­шқы жеңістері­міздің бірі деп қабылдадық.

Бірақ министр Аба­ев­тың ведом­ст­во­сы дай­ын­даған заң жоба­сы жария бол­ды, оны талқы­лау үшін қоға­мға он жұмыс күні беріл­ді. Ол заң жоба­сы­мен таны­сқан кез­де таңқал­дым. Бірін­ші­ден, заң жоба­сы­ның бұл нұсқа­сы біздің талап еткені­міз­ге ұқсас бол­ма­ды. Пре­зи­дент Тоқа­ев жасаған мәлім­де­ме­де ара­лас жүйе тура­лы сөз көтер­ген жоқ, біз де ол тура­лы сөз қозға­ма­дық. Бірақ Аба­ев ұсы­нған заң жоба­сын­да ара­лас жүйе тура­лы айты­лған, яғни 250 ада­мға дей­ін жина­саң, ескер­ту жасаған жет­кілік­ті, ал одан көбірек адам қаты­са­тын бол­са, митинг өткізу­ге рұқ­сат алуың керек екен.

Бұл қисын­сыз, ойға сый­май­тын дүние, өйт­кені ең алды­мен 250 адам­ды қалай тір­кей­сің? Жарай­ды делік, митин­гі­ге 200 адам келеді деп ескер­ту жаса­дың, мүм­кін­дік ашыл­ды, кей­ін­нен хабар­дар болған 200 адам тағы қосыл­ды, сөй­тіп 400 адам­дық митинг өтті делік. Сол кез­де митин­гіні тара­тып жібе­ре ме, осы мәсе­ленің мәнісі қан­дай болмақ?

Егер билік митин­гінің өткенін қат­ты қала­са, 250 адам­ның үстіне 100 адам­ды сырт­тан әкеліп қосып жібе­руі мүм­кін. Ондай сце­на­рий­ді де жоққа шыға­руға бол­май­ды. Сон­ды­қтан осын­дай қисын­сыз заң жоба­сын сынға алдым, «Фейс­бук­те­гі» парақ­шам­да да жаз­дым, Алма­ты­да жиын өтіп, оған құқық қорға­у­шы­лар мен қоғам бел­сен­ділері, Аба­ев­тың өзі де қаты­сты. Негіз­гі пара­диг­ма­лар өзге­реді деп ойла­май­мын. Менің Ұлт­тық кеңе­стен шығу себеп­терім­нің бірі осы болды.

– Ал екін­ші себебі қандай?

– Екін­ші себебіне келер бол­сам, был­тыр Кеңес аясын­да қоғам тара­пы­нан көтеріліп жатқан мәсе­ле­лер­дің бірі – сая­си тұтқын­дар­ды боса­ту мәсе­лесі шеші­мін тапқан жоқ. Жан­бо­лат Мамай­ға пар­тия құруға бөгет жаса­лып, тосқа­уыл­дар қой­ы­лып жатыр. Ақпан­ның 20-сы күні Ұлт­тық кеңе­стен шыға­ты­ным­ды жари­я­лаған соң, ертеңін­де Жан­бо­лат Мамай мен оның жақ­та­ста­ры тұтқын­да­лып, өзі екі тәулік абақты­да отырды.

Тек митинг тура­лы ғана емес, басқа заң­дарға да ұсы­ныс енгіздік, ал әңгі­ме тек «Митинг тура­лы заң» жоба­сы­ның аясын­да болып жатыр. Егер де ниет – халы­ққа бей­біт митин­гілер­ге жол ашу бола­тын бол­са, онда 1995 жылғы «Бей­біт митин­гілер тура­лы заңға» мора­то­рий жари­я­ла­у­ға әбден болар еді. Біз осы заң­дар­ды либе­ра­ли­за­ция жасай­мыз, халық бей­біт митин­гі­ге шығып, өз ойын жет­кі­зе ала­ды деп мәлімдейміз.

Екін­ші­ден, Жан­бо­лат Мамай неме­се басқа­ла­ры бей­біт жиы­нға шығып, қама­лып жатыр. Бұл – қай­шы нәр­се ғой, ниет шыны­мен осын­дай бол­са, неге осы келеңсіздік орын алып жатыр? Сон­ды­қтан жаңа заң қабыл­данған­ша, ескі заңға мора­то­рий жари­я­ла­нуы керек. Міне, осын­дай жағ­дай­лар менің Ұлт­тық кеңе­стен шығуы­ма себеп болды.

– Жал­пы, осы ҰҚСК тура­лы ашып айтқан­да қан­дай пікір топ­шы­ла­ды­ңыз: бұл өзі аза­мат­тық қоға­мға үлес қосу мүм­кін­ді­гі бар құры­лым деп айта ала­сыз ба?

– Аза­мат­тық қоғам­ның қалып­та­суы­на тек Ұлт­тық кеңес қана емес, бар­лы­ғы­мыз жұмы­ла қыз­мет атқа­руы­мыз керек. Әр аза­мат, әрбір ұйым, әрбір бел­сен­ді, құқы­ққорға­у­шы бірік­се, сон­да ғана аза­мат­тық қоғам қалып­та­са­ды. Сырт­тан келіп біреу құрып береді-ау, Ұлт­тық кеңес неме­се билік аза­мат­тық қоғам құрып береді деп, өзі­міз қол қусы­рып оты­ра бер­сек, стра­те­ги­я­ның дұрыс болмағаны.

Кеңе­стің басқа мүше­лері жұмыс істе­мей отыр деп те айта алмай­мын. Біздің жұмыс тобы­нан бөлек, әле­умет­тік-мәде­ни, эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар бой­ын­ша топ­тар­дың жұмысы­мен таныс емес­пін. Әріп­те­стерім біраз істі тын­ды­рып жатыр деп ойлай­мын, олар­дың атқарған жұмысы, ұсы­ны­ста­ры­ның нәти­же­сі әлі заң жоба­сы ретін­де көрініс тапқан жоқ.

– Сіздің ҰҚСК-тен шығуға бай­ла­ны­сты шеші­міңіз­ге комис­сия хат­шы­сы, пре­зи­дент­тің кеңес­шісі Ерлан Қарин мыр­за­ның пікіріне орай не айтар едіңіз? Ол өзінің жау­а­бын­да ҰҚСК-тің аморф­ты ұйым екенін мой­ын­дап қой­ған жоқ па?

– Ерлан Қарин мыр­за­ның «Фейс­бук­те­гі» жазға­ны орын­ды. Кеңе­стен мен шығып кет­сем де, бұл орган өзінің жұмысын тоқтат­па­ды неме­се тарап кет­кен жоқ. Жұмысы жалға­сын таба береді. Жарғы­да көр­сетіл­ген­дей, кеңес беру­ші, ақыл­да­са­тын орган ретін­де бір адам кет­се, орны­на басқа адам келеді, рота­ция тәр­тібі қарас­ты­ры­лған. Сон­ды­қтан алдағы уақыт­та менің орным бос тұр­май­ды, бір аза­мат келіп, ары қарай жалға­сты­ра­ды деп ойлаймын.

Мен бұл қадам­ды «хайп» үшін жасаған жоқ­пын, бұл менің ожда­ны­ма да, пози­ци­я­ма да қай­шы. Мен халқым­ның алдын­да адал болғым келеді. Халы­қтың мүд­десін әрдай­ым бәрі­нен жоға­ры қоя­мын. Кеңе­стің құра­мын­да елі­міз­ге пай­да әке­летін өзгерістер үшін барым­ды салып, қол­дан кел­ген­ше тыры­стым, бірақ Ұлт­тық кеңес­ке билік­тің құлақ аспай­ты­ны­на ақы­ры көзім жетіп отыр. Мен халы­қтың мүд­десіне қай­шы әре­кет­тер мен пиғыл­дар­ды заң­да­сты­руға ара­ласқым кел­мей­ді, сол себеп­ті Ұлт­тық кеңе­стің құра­мы­нан шықтым.

Деген­мен сіз осы­дан бір айдай уақыт бұрын «Prezident» деген тақы­рып­та кітап­ша жазып (үзін­дісі «ДАТ» газетін­де жари­я­лан­ды), пре­зи­дент Тоқа­ев­ты қол­дау мақ­са­тын­да аза­мат­тық ынта таны­тқан едіңіз…

– Иә, сіз айтып оты­рған­дай, кей­біре­улер «Пре­зи­дент» деген кіта­бы шықты, ішін­де пре­зи­дент­ке бағыт­талған ұсы­ны­стар бар, сол кіта­бын жар­на­ма­лау үшін Кеңе­стен шыққан болуы керек деген пікір­лер айтып жатыр. Кітап­ты қаңтар айын­да жаз­дым, ақпан айы­ның басын­да бас­па­дан шықты. Ол кез­де Кеңе­стен шыға­мын деген ойым жоқ еді. Сон­ды­қтан кітап­тың шығуы мен Қоғам­дық кеңе­стен кетуім­нің реті солай кел­ді, бір-біріне ешқан­дай бай­ла­ны­сы жоқ. Өзім бел­сен­ді адам­мын, сон­ды­қтан бас­па­гер­лік жұмыспен де айна­лы­сып, Кеңе­стің жұмысы­на да ара­ла­сып үлгер­дім, қаза­қ­ша шығай­ын деп жатқан «Форбс Қаза­қстан» жур­на­лы­на редак­тор болып тағай­ын­да­лып жатыр­мын. Сон­ды­қтан біре­улер «хайп» деп түсін­ді­ре сала­ды, әркім­нің аузы­на қақ­пақ қоя алмай­сыз ғой…

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн