Четверг , 3 июля 2025

Жер комиссиясына ЖЕТІ ҰСЫНЫС

Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА

Құрмет­ті Қасым-Жомарт мыр­за! Сіздің Ұлт­тық қоғам­дық-сая­си кеңе­стің бесін­ші оты­ры­сын­да шетел­дік­тер­ге және шетел­дік заң­ды тұлға­ларға ауыл шару­а­шы­лық жер­лерін сатуға және жалға беру­ге заң жүзін­де бір­жо­ла­та тый­ым салу­ды көз­де­ген пікіріңіз көп­шілік­тің көңілі­нен шықты. Енді осы пікір­ді пре­зи­дент­тің заң шыға­ру баста­ма­сы арқы­лы жедел түр­де жүзе­ге асы­ру үшін, пре­зи­дент­тің әкім­шілі­гі тиісті заң жоба­сын әзір­ле­уі керек. Еске сал­сақ, сіз бір айдың ішін­де Жер рефор­ма­сы жөнін­де­гі комис­си­я­ны қай­та­дан құрып, 25 науры­зда жұмысқа кірі­суін тап­сы­рған бола­тын­сыз. Және комис­си­я­ның құра­мы­на аграр­лық сек­тор­дың бедел­ді өкіл­дері мен жер мәсе­лесін жетік білетін сарап­шы­лар­ды қосу керекті­гіне мән беріп, үкі­мет­ке биы­лғы тамыз айы­ның соңы­на дей­ін жер рефор­ма­сы­ның негіз­гі мәсе­ле­лері бой­ын­ша ортақ мәмі­ле арқы­лы түбе­гей­лі бай­лам жаса­уды да тапсырдыңыз.

Сіздің бұл баста­маңыз шынайы іске аса­тын шара бол­са, көп­шілік­тің құп­та­уы­на ие бола­ры сөз­сіз. Алай­да 30 жыл­дан бері Ақор­да­дан шыққан қан­дай да бір баста­ма, қау­лы-қарар, бағ­дар­ла­ма­лар бол­сын, оған халы­қтың күмән­мен қарай­ты­ны да жасы­рын емес. Өйт­кені осы уақыт ішін­де жоға­ры­дан қабыл­данған жүз­де­ген шешім­дер мен қаулы­лар­дың көбі аяқ­сыз қал­ды. Оған бөлін­ген қыру­ар қар­жы­ның жел­ге ұшып жатқа­ны тағы аян.

Елді дүр­лік­тір­ген осы бір түйт­кіл мәсе­лені ел пре­зи­ден­ті екі жыл­дан бері қолға алмай, неге кешік­тір­ген? Неме­се үкі­мет бас­шы­ла­ры, пар­ла­мент депу­тат­та­ры мен «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның өкіл­дері де төрт жарым жыл­дан бері халы­қтың жанай­қай­ы­на үн қат­паға­ны қалай?

Себебі жер – бай­лық пен капи­тал­дың көзі. Ал билік басын­да оты­рған топ­тың заң­сыз тапқан қар­жы­ла­ры 108 шетел банк­терін­де 320 млрд тең­ге көле­мін­де жасы­ры­лға­ны, 69 мем­ле­кет­те олар­дың жыл­жы­май­тын мүлік­терінің бары ашық ақпа­рат көз­дері арқы­лы мәлім. Оған қоса, экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың отба­сы мүше­лері мен оның сыбай­ла­ста­ры­ның әлем­нің дамы­ған ондаған елін­де қым­бат вил­ла­ла­ры мен мил­ли­ард­таған дол­ла­ры тығы­лып жатқа­ны­нан халы­қтың хабар­дар екені де жасы­рын емес.

Деген­мен, елі­міздің 65% жері эко­ло­ги­я­лық апатқа ұшы­рап, фло­ра-фау­на мута­ци­яға айна­лып, егістік жер­лер мен жай­ы­лым­дар­дың топы­рағы дегра­да­ци­яға ұшы­ра­ды. Бай­лық иелері тек мұн­дағы табиғи ресур­стар қоры тау­сыл­май тұрған­да, ұйым­дасқан түр­де әрқай­сы өз үлесін молы­рақ қар­мап қалу­ды мақ­сат тұта­ды деген пікір қара­пай­ым халы­қтың сана­сы­на сіңіп кеткен.

Ал жер ешкім­ге де сатыл­мауы, шетел­дік­тер­ге жалға да беріл­ме­уі тиіс деп митин­гі­ге шыққан қара халы­қты арнайы жасақтар шеті­нен ұстап, оларға әкім­шілік іс қозғап, қамауға ала­ты­ны, айып­пұл­дар сала­ты­ны және бел­сен­ділік көр­сет­кен Макс Боқа­ев пен Талғат Аян сияқты пат­ри­от жігіт­тер­ді 5 жыл­дан сот­тап, түр­ме­лер­де азапта­уы заң­ды ма?

Біз­де­гі фео­дал­ды-тота­ли­тар­лық жүйе адам құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын тәрк етіп, нара­зы халы­қтың өміріне қауіп төн­діру­де. Зор­лық-зомбы­лы­ққа құры­лған режим­нің сұрқия сая­са­ты қоғам­ды жап­пай депрес­си­яға ұшы­ра­тып, мәң­гүрт тобы­рға айнал­ды­ру­дың нәти­же­сі ешқа­шан әділ сай­лау өтпей­тін етіп, халы­қтың сая­си билік­ке өз еркі­мен ара­ла­суы­на шек­теу қой­ып, тас қамалға қамап қойған.

Бүкіл табиғи ресур­стар мен стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар пай­да­лы қаз­ба бай­лық нысан­да­ры, өндірістік кәсі­по­рын­дар мен логи­сти­ка­лық құры­лым­дарға шей­ін шетел капи­та­лы мен өзі­міз­ден шыққан оли­гарх­тарға саты­лып кет­кен. Жер­гілік­ті халық өз елін­де, өз жерін­де тұрып, солар­дың құлы ретін­де өмір кешуде.

Құрмет­ті пре­зи­дент мыр­за! Халық ең бол­ма­са өзінің күн­делік­ті тір­шілік етіп оты­рған, мың­даған жыл бұрын баба­ла­ры­нан қалған жер­лері­нен айы­ры­лып қал­ма­сын десеңіз, алды­мен жер рефор­ма­сы жөнін­де құры­ла­тын комис­сия құра­мы­ның 75%-ын шынайы қоғам өкіл­дері­нен жасақта­уға мүм­кін­шілік беріңіз. Ал қалған 25%-ы құзыр­лы орган­дар­дың өкіл­дері бола бер­сін. Сол үшін комис­сия құра­мын жасақтау мерзі­мін 25 науры­здан сәуір­дің 10-на дей­ін шегер­геніңіз дұрыс болар еді. Өйт­кені комис­сия құра­мын қоғам­дағы бел­сен­ді аза­мат­тар қата­ры­нан жасақта­уға, рес­пуб­ли­ка­ның бар­лық өңір­лері­нен ұлт­жан­ды, агроөн­дірістің қыр-сыры­на қанық адам­дар­ды топ­та­сты­руға уақыт керек.

2016 жылы үкі­мет­тің қаулы­сы­мен жасақталған 75 адам­нан тұра­тын комис­си­я­ның құра­мын­да бес адам ғана қоғам өкіл­дері сана­ты­нан бол­ды. Олар­дың аста­на­дан бастап, Алма­ты қала­сы мен басқа облыс орта­лы­қта­ры­на барып, жер­гілік­ті халы­қ­пен бір­лесіп өткіз­ген жиын­да­ры халы­қтың нара­зы­лы­ғын туды­рған Жер кодексін­де­гі 24, 17, 18, 97-бап­тар­ды ғана емес, тіп­ті нара­зы­лы­ққа қаты­сы жоқ 11-бапқа өзгерістер енгізіп, басты мәсе­ле «жер сатыл­май­ды, шетел­дік­тер­ге жалға да беріл­мей­ді» деп жазы­луға тиіс шешім­нен айна­лып өтті.

Жар­ты жыл көле­мін­де іс атқарған­дай болған комис­си­я­ның жұмысы аяқта­ла келе, оған төраға­лық еткен сол кез­де­гі пре­мьер-министр Б. Сағын­та­ев пен ауыл шару­а­шы­лық мини­стрі Ө. Шөке­ев қоры­тын­ды мәлім­де­ме жаса­удан жал­та­рып кет­ті. Ал комис­сия мүше­сі Мұх­тар Тай­жан: «Біз жер дауы­на бай­ла­ны­сты мәсе­ле­лер­дің 90%-ын шештік, тек жер кадаст­ры ғана кей­ін­ге қал­ды» деп көп­шілік­ке мәлі­мет тарат­ты. Содан бері төрт жарым жыл өтті. Ал жер кадаст­ры тура­лы мәлі­мет­тер бүгін­ге дей­ін халы­қтан жасы­ры­лып келеді. Неге?

1993–94 жыл­да­ры елі­міз­де­гі кол­хоз­дар мен сов­хоз­дар тара­ты­лып, жеке­ше­лен­ді­ру бары­сын­да елі­міз­де­гі егіс алқап­та­ры­ның ең шұрай­лы жер­лерінің 80%-ын С. Тере­щен­ко – 7 млн гек­тар, С. Кула­гин – 4,5 млн, Л. Бату­ри­на (Мәс­ке­удің бұры­нғы мэрі Ю. Луж­ко­втың әйелі) – 3,7 млн, В. Рози­нов – 1,5 млн гек­тар, т.с.с. лати­фун­ди­стер өза­ра бөлісіп алған бола­тын. Оның үстіне жыл сай­ын үкі­мет­тен бөлі­нетін суб­си­ди­я­ның да 86%-ы солар­дың еншісін­де кетті.

Ал жоға­ры­да айты­лған мыр­за­лар елі­міздің сол­түстік өңір­лерін­де­гі құнар­лы егістік жер­лер­ді ием­деніп алған­да, агроөн­дірісі­міз басқа­ша дамып, астық мол­шы­лы­ғы жасал­ды ма? Керісін­ше, өндіріс жыл­дан-жылға кеміп, жер пай­да­ла­ну­дағы агро­тех­ни­ка­лық шара­лар­дың дұрыс жүр­гізіл­ме­уі сал­да­ры­нан сол өңір­лер­де өсетін жоғарғы кли­ка­лин­ді бидай­дың сапа­сы үшін­ші сор­тқа түсіп кетті.

Бүгін­де ол жақта ұйым­дасқан агро­хол­динг­тер­дің иелі­гін­де мың­даған гек­тар жер және олар­дың құзы­рын­дағы агро­фир­ма­лар­дың жүз­де­ген гек­тар жері бар. Олар­ды басқа­ра­тын көбі­не­се Ресей жағы­нан кел­ген неме­се өзі­міз­ден шыққан қос аза­мат­ты­ғы бар жер иеле­ну­шілер. Ондағы құры­лым­дар жабық акци­о­нер­лік құры­лым болған­ды­қтан, олар­дың шаруа­сы­на ауыл шару­а­шы­лық мини­стрінің неме­се жер­гілік­ті әкім­дер­дің де ықпа­лы шама­лы сияқты.

Осы­дан келіп, нары­қтық эко­но­ми­каға бет­бұрыс жасап, жеке мен­шік­тік­ке қол жет­кіз­ген­де­гі «ұтқа­ны­мыз»: бұрын ауыл шару­а­шы­лық өндірісі рес­пуб­ли­ка­мы­здың ЖІӨ-нің 44%-ын беретін бол­са, қазір­гісі 6% ғана. Сол сияқты шикі­зат қорын ауыл шару­а­шы­лық өнім­дері­нен ала­тын жеңіл өнер­кәсіп мини­стр­лі­гінің кәсі­по­рын­да­ры ЖІӨ-нің 17%-ын беретін. Қазір­гісі 1%-ға да жетпейді.

Бұрын 24–28 млн тон­на көле­мін­де жинай­тын асты­қтың қазір­гі мөл­шері жар­ты­сы­на да жет­пей­ді. Бұрын жылы­на 12 млн тон­на жоға­ры сапа­лы бидай­ды, 360 мың тон­на жоға­ры сапа­лы ет пен 107 мың тон­на жүн­ді экс­пор­тқа жібе­ретін агроөн­дірістің быт-шытын шыға­рып, елі­міз­де­гі халы­қтың жан басы­на шаққан­да 1,5 гек­тар­дан егісті­гі бар (әлем­де 0,2 га), 10 гек­тар­дан мал жая­тын жері бар мем­ле­кет айнал­ды­рған 18 млн халы­қты асы­рай алмай, тамақ өнім­дерінің жар­ты­сы­нан көбін сырт­тан сатып ала­тын күй­ге түстік. Соңғы 30–40 жыл­дан бері даяр­ланған ауыл шару­а­шы­лық өндірісін­де­гі әртүр­лі сала маман­да­ры жұмыс­сыз қалды.

Осы­лай­ша қитұрқы әдістер­мен жүр­гізіл­ген сая­си-эко­но­ми­ка­лық «рефор­ма­лар­дан» қазақ халқы дым­сыз қал­ды десек, қате­ле­с­пей­тін шығар­мыз. Жеке­ше­лен­ді­ру науқа­нын­да оли­гарх­тар мен лати­фун­ди­стер­ден қалған 20% жер­дің топы­рағы құнар­сыз, суы тап­шы, күре жол­дан қашық 1,7 млн гек­тар жер кіші­гірім фер­мер­лер мен ұсақ жеке шаруа қожа­лы­қтар­дың еншісіне қал­ды. Ол бай­ғұстар­дың жер­ді өңдеп, егін­шілік­пен айна­лы­са­тын мүм­кін­шілік­тері де шек­те­улі. Қол­да­рын­да агро­тех­ни­ка­лық шара­ларға лай­ық жұмыс жүр­гі­зетін ауыл шару­а­шы­лық маши­на­ла­ры мен арнайы тех­ни­ка­сы да жоқтың қасы. Және жанар-жағар май­дың тап­шы­лы­ғы, тыңай­тқыш пен банк­тер­дің беретін неси­есінің шары­қта­уы қосы­лып, дихан­шы­лы­қтан таба­тын табыст­а­ры мар­дым­сыз болған­ды­қтан, азын-аулақ мал ұстап, тір­шілік етіп келеді.

Ал лати­фун­ди­стер­дің қолын­дағы мил­ли­он­даған гек­тар егістік жер­лер үкі­мет тара­пы­нан ширек ғасыр­дан бері ауқым­ды реви­зия не мони­то­ринг жасал­маған­ды­қтан, егістік жер­лер­дің жар­ты­сы­на жуы­ғы күтім­сіздік­тен ауы­сым­ды егіс айна­лы­мын­сыз пай­да­ла­ну­дан топы­рақ қаба­ты­ның шірін­ді қыр­ты­сы тозып, дегра­да­ци­яға ұшырауда.

Сонды­қтан жер рефор­ма­сы тура­лы құры­ла­тын комис­сия, бірін­ші­ден, жер кадаст­ры­на бай­ла­ны­сты мәсе­ле­лер­ді ауқым­ды түр­де өткізіп, кім­дер­де қан­ша жер барын, олар­ды қашан, қан­дай келісім­шар­ттар­мен алға­нын аны­қта­уды қолға алуы тиіс. Жер ресур­ста­рын тиім­сіз пай­да­ла­на­тын неме­се иге­ре алмай бос жатқан жер­лер­ді олар­дан қай­тып алып, басқаға беру мәсе­лесі күн тәр­тібіне қой­ы­луы керек.

Екін­ші­ден, ауыл шару­а­шы­лық айна­лы­мын­дағы бар­лық жер­дің мәр­те­бесін аны­қтай­тын, жер мен топы­рақтың сапа­сы­на қаты­сты тал­дау жасап, әрбір 2–3 жыл­да жос­пар­лы түр­де мони­то­ринг жүр­гі­зетін, топы­рақ бони­тетінің дәл балл­дық көр­сет­кі­ш­терін аны­қтай­тын арнайы Ұлт­тық ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­тын құру қажет. Сол арқы­лы жер­дің әділет­ті, эко­но­ми­ка­лық негіз­де бел­гі­лен­ген баға­сы аны­қта­лып және оған салы­на­тын салық құны­ның мөл­шері де бел­гілі болуға тиіс .

Үшін­ші­ден, елі­міз­де­гі өнім беретін егіс алқап­та­рын иеленіп алған лати­фун­ди­стер ірі орта­лық қала­лар­да тұрып жата­ды да, иелі­гін­де­гі егістік жер­де жұмыс атқа­ра­тын­дар, олар­дың сеніп тап­сы­рған адам­да­ры өз кезе­гін­де жер­ді тағы бір пай­да ізде­ген көл­де­нең көк атты­ларға суб­арен­даға беретіні жасы­рын емес. Олар­дың көз­де­гені – жер­ден мүм­кін­ді­гін­ше көбірек пай­да табу болған­ды­қтан, жер жұмысын­да атқа­ры­ла­тын агро­тех­ни­ка­лық шара­лар мез­гілін­де орын­дал­май­ды. Жер­дің күті­міне тиесілі мөл­шер­де қар­жы да салын­бай­ды. Сон­ды­қтан егістік алқап­тар жыл сай­ын тозып та, кеміп те бара жатқа­ны – осын­дай фак­тор­лар­дың кесірінен.

Бұры­нғы 36 млн гек­тер егістік­тің бүгін­де 11 млн-ға жуы­ғы ғана айна­лым­да; 2,8 млн гек­тар суар­ма­лы жер­дің жар­ты­сы­нан көбі істен шыққан. 179 млн га жай­ы­лым­ның 60%-ы күтім­сіздік­тен, сусыз қалған­ды­қтан жарам­сыз болып қал­ды. Солар­дың ішін­де 26 млн га жер топы­рақ эро­зи­я­сы­на, 12 млн га дегра­да­ци­яға ұшы­рап, 2 млн-нан аста­мы тұзданған.

Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның жер ресур­ста­рын пай­да­ла­ну жөнін­де­гі мәлі­меті бой­ын­ша, Қаза­қстан жерінің жыл сай­ын дегра­да­ци­яға ұшы­ра­удан құны 936 млн, дегра­да­ци­яға ұшы­ра­удан (шірін­ді қаба­ты) жылы­на 75 млрд АҚШ дол­ла­ры болар­лық ресур­стар жоға­ла­ды екен. Бұл біз­де­гі бас­шы­лы­қтың тек Қаза­қстан халқы­на жасаған озбыр­лы­ғы ғана емес, бүкіл адам­зат қоға­мы­на жасаған қыл­мысы деп білуі­міз керек.

Төр­тін­ші­ден, елі­міз­де ауыл шару­а­шы­лық мақ­са­тын­да неме­се кен өнді­ру мақ­са­тын­да бол­сын, жер­ді көл­де­нең көк атты­лар­дың қолы­на мем­ле­кет­тік бақы­лау­сыз беріп қоюға бол­май­ды. Жер мен топы­рақ­пен жұмыс атқа­ра­тын жеке тұлға бол­сын, ұжым, коопе­ра­тив, кәсі­по­рын­дар бол­сын, сол аймақтың тағ­ды­ры­мен, табиға­ты­мен біте қай­на­сқан агроөн­дірістің сыры мен қыры­на қанық, жер­ге жана­шыр­лы­қ­пен қарай­тын жер­гілік­ті аза­мат­тар­дың өкіл­дерінің иелі­гін­де болуы абзал. Жер-Анаға көзқа­рас­та ерекше ілти­пат пен жана­шыр­лық бол­ма­са, құнар­лы­ғын жой­ған топы­раққа қай­тып шірін­ді қыр­ты­сын (гуму­сын) жиюға 50–100 жыл­дар керек.

Бесін­ші­ден, жер асты қаз­ба бай­лы­қта­ры­мы­зды алу­да, онда ғасыр­лар бойы қалып­тасқан гид­ро­гео­ло­ги­я­лық қабат­тар­ды бүл­ді­ру ката­стро­фа­лық апат­тарға душар ететіні мәлім. Жер кодексін­де осы жәйт­тар қатаң ескерілуі тиіс. Бұған дей­ін шетел­дік­тер­дің иелі­гіне беріл­ген жер­лер­ді қай­тып ала­тын заң жоба­ла­ры қарас­ты­ры­луы керек.

Алтын­шы­дан. 1992 жылы «Ауыл шару­а­шы­лы­ғы кәсі­по­рын­да­ры­ның мүлік­терін жеке­ше­лен­дірудің ерекшелік­тері тура­лы» заң шықты. «Осы заң халы­қты алдап соқты, жер – мем­ле­кет­тікі, ол сатыл­май­ды, жер­ді пай­да­ла­ну құқы­ғы ғана саты­ла­ды» деген тезис­ке алда­нып қал­дық», – дей­ді эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Тоқтар Есір­ке­пов («Жас Алаш», 04.03.2021). Міне, Жер комис­си­я­сы ҚР пар­ла­мен­тіне осы заң­ды қай­та­дан қара­тып, «пай­да­ла­ну құқы­ғын сату» жөнін­де­гі қитұрқы тези­сті заң­нан алып тастау мүм­кін­дік­терін қарас­ты­руы қажет.

Жетін­ші­ден, жер­ді кепіл­ге салып, қарыз алу жүй­есіне мем­ле­кет­тік қатаң бақы­лау қажет. Мыса­лы үшін, ҚР «Фер­мер­лер одағы» өз иелі­гін­де­гі жер­ге Қытай­дың био­ло­ги­я­лық-тех­но­ло­ги­я­лық «Khorgosjinhe» ком­па­ни­я­сы­нан 403 745 928 тең­ге қарыз алған. Бірақ соңғы бір жыл­дан бері қары­зды төле­ме­гені үшін, қытай­лық ком­па­ния сотқа шағым­данған. Бұл істі аста­на­ның маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық эко­но­ми­ка­лық соты қарап, «Фер­мер­лер одағы­ның» жетек­шісі Жигу­ли Дай­ра­ба­евқа Қаза­қстан аумағы­нан шығуы­на тый­ым сала­тын шешім шығарған. Жигу­ли мыр­за­ның жеке басы­на салы­нған тый­ым біз­ге маңы­зды емес, біз­ге сауда-сат­ты­ққа түс­кен қаза­қтың жерін сақтап қалу маңы­зды. Жеке бір шаруа қожа­лы­ғы неме­се «Фер­мер­лер одағы» сияқты субъ­ек­тінің пай­да табуы үшін, біз қаза­қтың жерін құр­бан қыл­мауы­мыз керек.

Айна­лып кел­ген­де, «Фер­мер­лер одағы» мұн­ша қары­зды өзі­міздің банк­тер­ден неме­се «ҚазА­гро­Ин­вест» сияқты ауыл шару­а­шы­лық өндірісін қар­жы­лан­ды­ра­тын меке­ме­лер­ден ала алмаған­ды­қтан, қытай­лық ком­па­ни­яға жүгі­ну­ге мәж­бүр болған. Ал қытай­лар бол­са, қары­здың есебі­нен фер­мер­лер­дің жерін алып қалу мақ­са­тын көз­де­ген. Сон­ды­қтан жеке шаруа қожа­лы­қта­ры, ауыл шару­а­шы­лы­ғы тау­а­рын өндіретін басқа да коопе­ра­тив­тер бол­сын, жер­ді кепіл­дік­ке қой­ып, шетел­дік ком­па­ни­я­лар­дан қарыз алу мәсе­лесіне заң негізін­де шек­теу қою тала­бын қарас­ты­ру керек.

Міне, құр­мет­ті Қасым-Жомарт мыр­за, халы­қтың ортақ ой-пікірін топ­шы­лай­тын осы жеті талап­ты сіз Жер комис­си­я­сы­ның алды­на қоюы­ңыз керек деп ойлай­мын. Жер мәсе­лесі – билік­тің жеке шешетін шаруа­сы емес. Егер бұл жолы да жер­ге қаты­сты маңы­зды мәсе­ле­лер Жер комис­си­я­сы мен тиісті заң­дар­дың наза­ры­нан тыс қала­тын бол­са, мәсе­ленің соңы насы­рға шаба­ты­нын сіз­ге ескерт­кім келеді.

Іске сәт! Қаза­қтың басты бай­лы­ғы – Ата­ме­кені­міздің жерін халық мүд­десіне сай пай­да­ла­ну­дың заң­ды тетік­терін жасау жолын­да Жер комис­си­я­сы­ның жұмысы­на табыс тілеймін!

Мақсұт ҚАЛЫБАЕВ,

қоғам зерт­те­ушісі, Қаза­қстанға ерекше еңбе­гі сің­ген зейнеткер

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн