Четверг , 3 июля 2025

ТАЙЖАН ТАНЫМЫ

Қазақ елінің тәу­ел­сізді­гіне адал қыз­мет еткен, қазақ аза­мат­та­ры­ның ара­сы­нан нағыз кәсі­би дең­гей­де дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет еткен біре­гей тұлға Болатхан Тай­жан­ның туға­ны­на науры­здың 8‑күні 80 жыл тол­ды. Өмірінің ақы­рғы күніне дей­ін өз ұлты­на шексіз беріл­ген­ді­гі­мен, туған жер мен туған тіл­дің тәу­ел­ді күй­ін ашық айтып, ешкім­нің алды­на бас имей, өмір­ден өтті. «DАТ» жоба­сын­дағы газет бет­терін­де қазақ ұлты­ның мүш­кіл халіне қаты­сты ащы шын­ды­ққа толы сарап­та­ма­лық мақа­ла­ла­ры, бер­ген сұх­бат­та­ры жиі жари­я­ла­нып тұрды.

Болатхан Тай­жан дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет еткен әр жыл­дар­да Қазақ КСР Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің бас хат­шы­сы, Қаза­қстан­ның сыр­тқы эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­стар мини­стрінің бірін­ші орын­ба­са­ры, Қаза­қстан­ның Малай­зи­ядағы, Мысыр­дағы және қосым­ша Алжир, Иор­да­ния, Ливия, Марок­ко, Сирия, Тунис елдерін­де­гі Төтен­ше және Өкілет­ті елшісі, Қаза­қстан­ның Ислам кон­фе­рен­ци­я­сы ұйы­мын­дағы өкілі болға­нын кей­ін­гі жас ұрпақтың наза­ры­на саламыз.

2007 жылы «Тасжарған-ДАТ»-қа «Ұлтым деген ұл қай­да?» деп сұх­бат бер­ген­нен кей­ін, аз уақыт өтпей жатып, сол ұлды іздеп, өмір­ден өткен еді. Асыл аза­мат­тың аты­мен құры­лған Қор­дың да кей­ін­гі 14 жыл ішін­де еткен еңбек­тері ерен. Болатхан аға­ның ұлы Мұх­тар Тай­жан әкесінің қол­жа­з­ба­ла­рын, күн­делі­гін, үш том­дық кітап­тар жинағын, көзі тірісін­де өзі қаты­сқан теле­бағ­дар­ла­ма­лар­дың бей­не­тас­па­сын жары­ққа шығар­ды. Қай­ы­рым­ды­лық жасау шара­ла­ры­ның өзі бір бөлек әңгіме.

Кәсі­би дипло­мат, елші, араб­шы-маман, эко­но­мист Болатхан Құл­жанұ­лы Тай­жан­ның 80 жыл­ды­ғы­на орай науры­здың 4‑і күні Болатхан Тай­жан атын­дағы қор Алма­ты қала­лық әкім­ді­гінің қол­да­уы­мен ҚР Ұлт­тық кіта­п­ха­на­сын­да абзал аза­мат­ты еске алуға арналған кон­фе­рен­ция өткізді.

ҚР Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, заң­гер-ғалым Май­дан Сүлей­ме­нов, тарих ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты Рүстем Құр­манғо­жин, өткен ғасыр­дың 60-жыл­да­ры Мәс­ке­уде құры­лған «Жас тұл­пар» ұйы­мы жетек­шілерінің бірі Аймұ­хан Тау­жа­нов, ғалым-жур­на­лист Досан Бай­мол­да және т.б. ғалым­дар мен заман­даста­ры Болатхан Тай­жан­ның өмірі мен кәсі­би еңбек жолы отан­дық дипло­мат­тар­дың қазір­гі буы­ны­на, елді алға жете­лей­тін жастарға үлгі бола­ты­нын атап өтті, ол тура­лы естелік­тер айтып, ой бөлісті.

Болатхан Тай­жан­ның жақын досы, заң ғылым­да­ры­ның док­то­ры Май­дан Сүлей­ме­нов өз кезе­гін­де: «Болатхан – идея ада­мы, өз халқы­на адал аза­мат еді. Кадр­лық дипло­мат ретін­де өз ісін жақ­сы білетін. Ол дипло­ма­ти­я­ның дамуы­на өте күр­делі кезең­де – Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­да, бәрі енді ғана тәй-тәй басып жатқан қиын шақта кел­ді. Оған дипло­ма­ти­я­лық қаты­на­стар орна­тып, сыр­тқы сая­сатқа тың­нан түрен салу керек бол­ды және ол мұны кере­мет абы­рой­мен орын­да­ды. Өз елінің аза­мат­та­ры­ның мүд­де­лері Болатхан Тай­жан үшін әрқа­шан бірін­ші орын­да тұр­ды», – деді.

Науры­здың 8‑і күні Алма­ты қала­сы­ның Сей­фул­лин даңғы­лы мен Сәт­ба­ев көше­сінің қиы­лы­сын­дағы Болатхан Тай­жан тұрған үйдің қабы­рға­сы­на орна­ты­лған мемо­ри­ал­дық тақта­ның ашы­лу сал­та­на­тын­да қала бас­шы­лы­ғы, Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің өкіл­дері, бел­гілі қоғам қай­рат­кер­лері, дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет арда­гер­лері мен Б.Тайжанның отба­сы өкіл­дері сөз сөй­леді. Осы шара­да Болатхан аға­мен әріп­тес болған доста­ры, СІМ өкіл­дері мере­келік медаль­мен мара­пат­тал­ды. Бұл медаль «ДАТ» жоба­сын­дағы басы­лы­мға да бұй­ыр­ды. Сон­дай-ақ шах­мат пен дой­бы ойын­да­ры­нан еске алу тур­ни­рі өткізіліп, жеңім­паз­дар арнайы сый­лы­қтар­мен марапатталды.

Ғалым­ның өлмей­тін хатын сақтап, әке мұра­сын аза­мат­тық абы­рой­мен жалға­сты­рып келе жатқан бел­гілі эко­но­мист, қоғам қай­рат­кері Мұх­тар Тай­жан «ДАТ»-қа арнайы сұх­бат бер­ді. Алдын ала еске сала кетей­ік, бұл сұх­бат­та түй­іні түйт­кіл жер мәсе­лесіне қаты­сты да тұжы­рым­ды сөз болды.

Мұхтар ТАЙЖАН: ЖЕРДІҢ КЕҢДІГІМЕН ЕМЕС, оның игілігін көрумен мақтануымыз керек

– Мұх­тар мыр­за, туға­ны­на 80 жыл болған әкеңіз Болатхан Тай­жан­ның сіздің өміріңіз­ге қат­ты әсер еткен қан­дай қаси­еті мен өси­етін ел-жұр­тқа өне­ге етер едіңіз?

Әкем­нің өз ұлты­на деге­на­дал­ды­ғы, сүй­іспен­шілі­гі, қаза­қтың өз жерін­де бай болып, бақыт­ты өмір сүр­сін деген арма­ны – маған үлкен үлгі. Әкем­нің сол арма­нын жүзе­ге асы­ру үшін мен де қоғам­дық жұмысқа бел­сене кірістім. Биз­нес­мен бол­дым, әрі қарай да кәсібім­ді жалға­сты­руы­ма болар еді, бірақ сая­сат алаңы­на кел­ген­дік­тен, қоғам­дық қыз­мет­ке ара­ла­су мақ­са­ты­мен үлкен биз­не­стен кеттім.

– Деген­мен, сіздің осы қоғам­дық қыз­метіңіз­ге кінәрат таға­тын­дар да бар.

– Иә, «Мұх­тар жер­ді, ұлт мүд­десін сатып кете­ді» деп жала жаба­тын­дар бар. Олар қара­пай­ым мәсе­лені түсін­бей­ді, қай қазақ әке арма­нын сатып кете­ді? Әке мұра­сын ман­сұқ ететін қаза­қтың ұлы жоқ шығар. Әкем­нің арма­ны анық та айқын бол­ды, ол – қаза­қтың бақыт­ты өмір сүруі. Ата-баба­мы­здың басы­нан небір қасірет­ке толы, нәу­бет­ті тағ­дыр өтті, өз жерін­де қазақ қашан лай­ы­қты өмір сүреді? Тәу­ел­сіздік­ті алға­ны­мы­з­бен, қаза­ғы­мыз толық азатты­ққа жет­кен жоқ. Өз елін­де азат өмір сүр­ме­се, қай жер­ге барып бақыт­ты бол­мақ? Сон­ды­қтан қазақ өз елін­де бақу­ат­ты, өрке­ни­ет көшінің алды­на шыққан, ден­са­улы­ғы мықты, білім­ді ұрпақ өсіруі керек. Сон­дай қоғам­да өмір сүру­ге қаза­қтың мүм­кін­ді­гі мол. Әкем­нің де мақ­сат-мұра­ты осы еді, мен де сол ісін ары қарай жалға­сты­руға үлесім­ді қосудамын.

– 90-жыл­дар­дағы жеке­ше­лен­ді­ру сая­са­ты кезін­де ел мүд­десін көз­деп, өз ұлты­ның бай­лы­ғы­на ара­ша түс­кен біраз еселі еңбе­гін біле­міз. Деген­мен, кей­ін­гі туған ұрпақ біле жүр­сін деп, АҚШ-тың «Шев­рон» ком­па­ни­я­сы­мен ара­да болған тар­ты­стың жай-жап­са­рын айтып берсеңіз.

– Ол кезең­де әкем сыр­тқы эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ныс мини­стрінің бірін­ші орын­ба­са­ры қыз­метін­де болған. Экс­пор­тқа шыға­ра­тын метал­лур­гия және т.б. кен бай­лы­қта­ры­на лицен­зия берілетін кез­де жеке­ше­лен­ді­ру науқа­ны жүр­гізіл­ген еді. Бірақ біздің отба­сы­мы­зға ешқан­дай жыл­жы­май­тын мүлік­ті: бала­бақ­ша­ны, кәсі­по­рын­ды, жер телі­мін жеке­ше­лен­діріп алған жоқ. Әкем осы науқан кезін­де ешқан­дай мүлік түріне көзінің қырын да салған жоқ.

«Шев­рон­мен» болған келіс­сөз кезін­де әкем ком­му­нал­дық пәтер­де тұр­ды. Бүгін­гі күні вице-мини­стр­лер­дің ком­му­нал­дық пәтер­де тұра­ты­нын есті­ген емес­піз. 90-жыл­дар­дың басын­да Қаза­қстан­дағы ең алға­шқы ірі инве­сти­ци­я­лық жоба – Теңіз мұнай кені­шін иге­ру­ге аме­ри­кан­дық «Шев­рон» ком­па­ни­я­сы (кей­ін­нен – «Теңіз­шев­ройл») кел­ді. Сон­дағы ұза­ққа созы­лған әрі тар­ты­сты өткен келіс­сөз­дер бары­сын­да әкем пре­зи­дент­ке мына­дай жаз­ба жол­даған екен: «Ұсы­ны­ла­тын роя­л­ти дең­гейі құбыр­мен кет­кен мұнай­дың әр тон­на­сы­на шаққан­да 40 жыл­дық уақыт ішін­де орта­ша 20 пай­ыз болуы керек… Біз ұсы­нған роя­л­ти мөл­шері шетел­дік әріп­тесі­міз салған шығын­ның үсті­нен 18–20 пай­ыз табыс көру­ге мүм­кін­дік беретінін есеп­те­дік. Бұл әлем­де­гі мұнай биз­несін­де­гі кез кел­ген көр­сет­кі­ш­тер­ден жоға­ры. «Шев­рон» ком­па­ни­я­сы ел бас­шы­лы­ғы­мен көмір­су­тек шикі­за­тын ұқып­ты пай­да­ла­нуға және қосым­ша өнім­дер­ді де өңде­уді қалып­та­сты­руға мін­дет­те­ме алуы тиіс…» – депті.

«Шев­рон­мен» келіс­сөз бір­не­ше мил­ли­ард­таған қар­жы­мен өлшен­ді. Сол комис­си­ядағы жұмыс­шы тобы­ның бас­шы­сы – вице-пре­мьер Халық Абдул­ла­ев, орын­ба­са­ры – менің әкем болған. Жұмыс­шы топ сол кез­де­гі жасалған келісім­шар­тқа қол қой­маға­ны жаңа тарихқа жазы­ла­ты­ны­на сенім­ді­мін. Өйт­кені ол келісім­шарт Қаза­қстан үшін тиім­сіз болған. Бірақ жұмыс­шы топ тара­ты­лып, келісім­шарт олар­сыз жасалған. Бұл әлем­дік тәжіри­бе­де бұрын-соң­ды бол­маған жағ­дай. Қаза­қстан да ұты­лып тын­ды: бүгін­гі ақпа­рат көр­сетіп оты­рған­дай, Теңіз кені­шінің мұнайы толы­ғы­мен «ТШО»-ның үлесін­де қал­ды, ал ком­па­ния тек салық төлеп, жұмыс беру­шінің рөлін ғана атқарады.

Кезін­де марқұм Роз­ла­на Тау­ки­на осы мәсе­ле­ге қаты­сты әкем­нен сұх­бат алып, «ДАТ» газетін­де жари­я­лаған еді, ол өздеріңіздің архив­теріңіз­де сақталған болуы керек.
– Бүгін­де сіз де ел аза­ма­ты бол­ды­ңыз, соңғы кез­де қаза­қтың жері үшін алы­сып жүр­ген жай­ы­ңыз бар. Тоқа­ев мыр­за­ның нұсқа­уы­мен Жер комис­си­я­сы­ның жұмысы қай­та­дан жан­да­на­тын бол­ды. Науры­здың соңы­на дей­ін комис­си­я­ның құра­мы беки­тін көрі­неді. Сіз осы комис­си­яда билік өкіл­дері басым болып кет­пес үшін, оның құра­мын­да қан­дай аза­мат­тар болға­нын қалар едіңіз?

– Қазақ халқы­ның алдын­да ары таза, ұста­ны­мы­на берік, сау­ат­ты аза­мат­тар комис­сия құра­мы­на кіруі керек деп санай­мын. Шыным­ды айтай­ын, алдын ала өзім­нің ұсы­ны­ста­рым­ды комис­си­яға ұсын­дым. Оған құлақ асып, қапер­ге ала ма, ол жағын біл­мей­мін. Комис­сия құра­мы­на жер мәсе­лесі­мен тіке­лей айна­лы­сып жүр­ген: алма­ты­лық құқы­ққорға­у­шы Ерлан Қали­ев, Маңғы­стау өңіріне бел­гілі Жәні­бек Қожық, қараған­ды­лық – Жек­сен Әбдірах­ма­нов пен Болат Сызды­қов, Аты­ра­удан – Жер үшін алаңға шығып, абақты­ға түс­кен Макс Боқа­ев пен Талғат Аян, бел­гілі заң­гер Бақыт­жан Базар­бек­ті ұсындым.

Маған оппо­нент болып жүр­ген­дер­ді ұмыт қал­ды­рған жоқ­пын: Нұр­лы­бек Қуан­ба­ев, Герой­хан Қыстау­ба­ев, Еркін Рақы­шев, Мақ­сат Іли­я­сов, Айдын Еге­уба­ев­ты комис­сия құра­мы­на енгі­зу жөнін­де ұсы­ныс жаса­дым. Сон­дай-ақ 2016 жыл­дан бері Жер мәсе­лесі көтеріл­ген күн­нен бастап бел­сен­ділік таны­тып жүр­ген жур­на­лист Лұқ­пан Ахме­ди­я­ров, Мей­рам­бек Қапа­нов, Рүстем Әше­та­ев, Нұр­лан Сәдір секіл­ді аза­мат­тар­ды да ұсындым.

– Айт­пақ­шы, комис­сия құра­мы­на кіру жөнін­де өзіңіз­ге өтініш болған жоқ па?

– Жасы­ра­ты­ны жоқ, келіс­сөз бол­ды, маған қар­сы күш­тер мен билік өкіл­деріне де ұсы­ныс жаса­лып­ты. Бірақ комис­си­яға мені кір­гі­зе ме, жоқ па – ол жағы бел­гісіз. Оған ешқан­дай кепіл­дік жоқ.
– Ал енді бұл комис­си­яға қаза­қтың жүк­тей­тін тала­бы айқын: жер сатыл­ма­сын және шетел­дік­тер­ге жалға беріл­месін! Деген­мен, осы тала­пқа сіздің алып-қосар қан­дай ұсы­ныс-пікіріңіз бар?

– Шетел­дік­тер­ге­жер сатыл­май­ды да, жалға да беріл­мей­ді, сон­дай-ақ кез кел­ген шетел­дік заң­ды тұлға­ның үлесі бар бол­са да, осын­дай заң бап­та­ры қол­да­ны­ла­ты­ны жөнін­де пре­зи­дент Тоқа­ев­тың Жар­лы­ғы шыға­ты­ны мәлім­дел­ді. Бірақ кей­бір күш­тер қар­сы шығып жатыр. Мәсе­лен, Алма­с­бек Садыр­ба­ев деген жігіт­тің әле­умет­тік желі­де­гі жазуы­на қараған­да, артын­да тұрған ықпал­ды күш­тер «Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на жер­ді жеке мен­шік­ке берей­ік» деген­ді айтқы­зу­да. Бұл – лати­фун­ди­стер­дің мүд­десіне қарай­лас мәсе­ле. Олар 15–20 жыл бұрын жер­ді жалға тегін алған, енді жеке­ше­лен­дір­мек ниет­тері бар. Сон­ды­қтан «мен – мал­шы­мын, қой­шы­мын, қара­пай­ым шару­а­мын» дегізіп, Алма­с­бек Садыр­ба­ев сияқты­лар­ды алға шыға­рып, солар­дың аузы­мен лати­фун­ди­стер­дің мүд­десі қорға­лып жатыр. Мен Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на да жер­ді жеке мен­шік­ке беру мәсе­лесіне қарсымын.

2016 жылы халық алаңға шыққан кез­де «Жер­ді шетел­дік­тер­ге жеке мен­шік­ке бер­мей­міз!» деген ұран­ды көтер­ген едік. Жер комисс­си­я­сы­ның алға­шқы оты­ры­ста­рын­да өзі­міздің аза­мат­тарға жер телі­мін мен­шік­ке беру жөнін­де мәсе­ле­ге аса қар­сы шық­паған едім. Өйт­кені олар өз елі­міздің аза­мат­та­ры ғой деген ойда болған­мын. Кей­ін­нен бұл мәсе­лені сара­лап, зерт­тей келе түсін­генім – Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на жер­ді жеке мен­шік­ке беретін бол­сақ, онда жері­міз сана­у­лы ғана отба­сы­ның мен­ші­гіне айна­лып шыға келеді де, қара­пай­ым қаза­қтың қолы жетпейді.

Сон­ды­қтан 2016 жылғы Жер комис­си­я­сы­ның үшін­ші оты­ры­сын­да «Жер­ді ешкім­ге, тіп­ті Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на, қаза­ққа да жеке мен­шік­ке беру­ге бол­май­ды. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған жер­ді тек жалға алып, игер­сін» деген нық ұста­ным­да екенім­ді мәлім­дедім. Қаза­қстан­ның 80 пай­ы­зы­нан аста­мы – ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған жер­лер. Бірін­ші кезек­те осы жер­дің мәсе­лесін рет­теп алуы­мыз керек. Жер­ді шетел­дік­тер­ге, Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на жеке мен­шік­ке бер­мей­міз деген мәсе­ле орын­ды. Бұл алға­шқы қадам десек, келесі тала­бы­мыз да осы рет­пен жалға­суы тиіс.

– Сол талап­тар­дың жалға­сы ретін­де комис­сия оты­ры­ста­рын­да көтеріл­ген жер­ге кос­мо­мо­ни­то­ринг жасау жөнін­де­гі мәсе­ленің соңы не болға­ны­нан хаба­ры­ңыз бар ма?

– Жері­мізді қорғап алып, ары қарай игілі­гін көруі­міз керек. Бос жатқан жер­лер­ді мем­ле­кет­тік мен­шік­ке қай­та­рып алып, ашық түр­де жасалған сан­дық мони­то­ринг арқы­лы жер­мен айна­лы­сқы­сы келетін шару­аға беруі­міз керек. Осы тұрғы­да кос­мо­мо­ни­то­ринг жасау өте маңы­зды. Бұл тех­но­ло­ги­яда ада­ми фак­тор бол­мауы керек. Бұған ешқан­дай жер­гілік­ті комис­сия, жер коми­теті шешім қабыл­да­уға ықпал ете алмай­ды. Себебі жай­ы­лым ба, игеріл­мей жатқан жер ме – ол жағын алго­ритм шешеді. Сан­дық мони­то­ринг неме­се кос­мо­мо­ни­то­ринг бар­лы­ғын қол­мен қой­ған­дай етіп, дәлел­деп береді.

Өткен жыл­да­ры Ұлт­тық келісім кеңесі құра­мы­на кір­генім­нің арқа­сын­да пре­зи­дент­ке кос­мо­мо­ни­то­ринг­тің керек екенін дәлел­деп бер­дім. Пре­зи­дент Тоқа­ев қол­дап, нақты тап­сыр­ма беріп, был­ты­рғы қаңтар айын­да кос­мо­мо­ни­то­ринг заң­да­сты­рыл­ды. Сынап-міней­тін­дер де табыл­ды. Жер мәсе­лесін­де билік­пен ортақ келісім­ге келу қажет пе, жоқ па деушілер­ге айта­рым – қажет! Бұн­дай мүм­кін­дік­тің есі­гі ашы­ла­тын бол­са, келіс­сөз жүр­гі­зетін кең­се­ге кіруі­міз керек. Билік­тің бетін халы­ққа бұру­дың бар ама­лын жаса­уға ықпал ету­ге тиіс­піз. Әле­умет­тік желі­де ұран тастап неме­се қар­сы­лық көр­сетіп, тағы да бір­не­ше жыл оты­руға бола­ды. Одан халы­ққа келер пай­да қайсы?

Ал кос­мо­мо­ни­то­ринг­ті енгіз­сек, халы­ққа пай­да­сы мол. Был­тыр осы әдісті заң­да­сты­рған­нан кей­ін Қаза­қстан­ның төрт-ақ облы­сын­да: Ақмо­ла, Қоста­най, Шығыс Қаза­қстан, Маңғы­ста­уда 3–8 мил­ли­он гек­тар жер­дің игеріл­мей бос жатқа­ны аны­қтал­ды. Оның ішін­де 3–4 мил­ли­он гек­тар жер бір жыл­дың ішін­де мем­ле­кет­тің мен­ші­гіне қай­та­рыл­ды. Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның тарихын­да мұн­дай нәти­же болған жоқ. Биыл қаңтар­дың 1‑інен бастап кос­мо­мо­ни­то­ринг басқа облы­старға да енгізілу­ге дай­ын тұр. Бірақ ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі Сапар­хан Ома­ров мыр­за сол жүй­е­ге қаты­сты елде­гі мал басы­ның саны тура­лы ақпа­рат­ты бер­мей жатыр. Ол мәсе­ле жөнін­де жазып та, айтып та жатыр­мын. Ақпа­рат жет­кіліксіз, сон­ды­қтан жай­ы­лым жер­лер­ге қаты­сты кос­мо­мо­ни­то­ринг дере­гі соқыр күй­де тұр, одан ештеңе көрінбейді.

– Жер мәсе­лесіне тіке­лей қаты­сты ауыл шару­а­шы­лық мини­стрінің бұл әре­кетін қалай түсі­ну­ге болады?

Өкініш­ке қарай, мини­стр­лік лати­фун­ди­стер­ден тұра­тын жеке­ле­ген фер­мер­лер­дің мүд­десін көз­дей­тін шешім­дер­ді тық­па­ла­уды жалға­сты­рып отыр. Бұл жер­де ешқан­дай мем­ле­кет­тік көзқа­рас жоқ.

АШМ элек­трон­ды кар­то­грам­ма­лар­дың ақпа­рат­тық жүй­есіне жер­дің агро­хи­ми­я­лық жағ­дайы тура­лы мәлі­мет­тер­ді тір­ке­уді 2 жылға шеге­руді ұсы­нып отыр. Фер­мер­лер­ден уақыт­ша пай­да­ла­нуға, яғни арен­даға алған жер­ді қалай пай­да­ла­нып жатқа­ны тура­лы авто­мат­ты элек­трон­ды режим­де есеп беру мін­дет­те­месін және оны қадаға­лау мүм­кін­ді­гін жоққа шығарады.

Соңғы жыл­дар­да жер­ді «кере­мет» басқа­ру сал­да­ры­нан жер­дің сапа­сы төмен­деп, тақыр­ла­нуы, ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін­де бони­тет бал­лы­ның төмен­деу про­цесі жүріп жатқа­ны жасы­рын емес. Мұның бар­лы­ғы осын­дай солақай шешім­дер­дің сал­да­ры­нан, бақы­ла­удың төмен­де­уі­нен болып отыр. Мини­стр­лік жер қаты­на­ста­рын­дағы ашы­қты­ққа сабо­таж жасап оты­рға­ны айдан анық. Кос­мо­мо­ни­то­ринг­ке кедер­гі жаса­ды, енді қоғам наза­ры­нан жер­дің сапа­лық жағ­дай­ын жасыр­мақ. Бұл жер­де мүд­де­лер қақты­ғы­сы анық көрініп отыр. АШМ фер­мер­лер­ге суб­си­дия береді (әрине, ешқан­дай «откат­сыз»), сөй­те оты­рып, фер­мер­лер­дің жер­ге қаты­сты жұмысын тиісті дең­гей­де бақы­лай алмай­ды. Себебі лати­фун­ди­стер­ге тиім­ді жағын көз­деп отыр деген күдік­тен басқа айта­рым жоқ. Өйт­кені кос­мо­мо­ни­о­ринг жай­ы­лым жер­ді көр­ме­се, ол жер­де қан­ша мал­дың бар екенін біл­ме­се, онда ол жер­ді боса­та алмай­мыз. Бұл – лати­фун­ди­стер­ге тиім­ді жайт. Ал қара­пай­ым шаруа үшін зала­лы көп. Кос­мо­мо­ни­то­ринг­ке мал­дың саны­на қаты­сты ақпа­рат та ашық түр­де берілуі тиіс. Жер­дің кадаст­ры­на қаты­сты, жер кім­нің қолын­да, кім пай­да­ла­нып оты­рға­ны жөнін­де­гі ақпа­рат та ашық көр­сетілуі керек.

Соны­мен қатар біры­ңғай аграр­лық салық жүй­есі де енгізілуі тиіс. Лати­фун­дист жер­ді жалға алып, оны игер­мей, бос қал­дыр­са, салы­қтың мөл­шері өте төмен бола­ды, тіп­ті төле­мей­ді де. Ал еңбекқор фер­мер азын-аулақ жерін алып, игер­гені үшін салық төлей бастай­ды. Демек, эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да жер­мен айна­лы­су тиім­сіз, салы­ғын төлеп оты­ра береді. Ал игеріл­ме­ген жер­ге төле­нетін салық мүл­дем аз, гек­та­ры­на не бары 37 тең­ге. Егер егін егіп, оны кәдеңіз­ге жарат­саңыз, түр­лі салық төлей­сіз. Лати­фун­ди­стер жер­ді игер­мей, өзінің иелі­гін­де қал­ды­ру­ды көз­деп отыр. Не елге бер­мей­ді, не өздері игер­мей­ді. Мұны бол­дыр­мау үшін, біры­ңғай тиім­ді салық жүй­есін енгі­зу қажет. Жер­ді жалға алған соң, онда жұмыс істеп, салық төле­у­ге мін­дет­те­луі керек.

Сон­ды­қтан жер­ге төле­нетін 7–8 түр­лі салы­қтың басын қосып, біры­ңғай аграр­лық салық төле­уді енгі­зуі­міз керек. Алған жер­дің көле­мі бой­ын­ша, игеріл­се де, бос жат­са да, тұрақты салық төле­неді. Сон­да лати­фун­ди­стер үшін жер­ді бос қал­ды­ру тиім­сіз бола­ды, олар біры­ңғай салы­қтан боса­тыл­май­ды. Сол кез­де жер­мен айна­лы­суы­на неме­се мем­ле­кет­тің мен­ші­гіне қай­та­руы­на тура келеді. Оларға эко­но­ми­ка­лық ықпал етудің бір ама­лы осы.

– Қытай Қаза­қстанға 56 завод сала­тын бол­ды деген дүр­мек туды ғой – осы даб­ы­ра­ның анық-қаны­ғы тура­сын­да дере­гіңіз бар ма?

– Мен­де осы мәсе­ле­ге қаты­сты нақты дерек жоқ. Өйт­кені зауыт салы­на­тын жер­лер ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған жер емес. Егер комис­сия құра­мы­на кір­сем, ол зауыт­тарға қаты­сты ақпа­рат­ты нақты ізде­сті­ру жол­да­рын қарас­ты­рып, бұл мәсе­лені көте­рер едім. Менің естуім­ше, бір зауыт үшін 1–10 гек­тар жер керек болуы мүм­кін, мың­даған гек­тар жер­дің қажеті жоқ. Ал ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған жер мың-мил­ли­он­даған аумақты алып жатыр. Ең алды­мен ұлт­тың қауіп­сізді­гіне қатер төн­діріп тұрған жер­дің мәсе­лесін рет­теп алуы­мыз керек.

Кей­бір аза­мат­тар әске­ри поли­гон­дарға қаты­сты жер­дің мәсе­лесін көтеріп жатыр. Поли­гон – біздің ішкі заң нор­ма­ла­ры­мен рет­те­летін мәсе­ле емес. Ол халы­қа­ра­лық келісім­шарт бой­ын­ша жалға беріл­ген жер­лер. Комис­сия арқы­лы үкі­мет­те бір­жақты шешім қабыл­да­сақ та, мәсе­ле бір­жақты шешіл­мей­ді. Халы­қа­ра­лық келіс­сөз­дер арқы­лы ғана осы жер­лер­ді қай­та­рып алуға бола­ды, әзір­ше аху­ал осы. Капу­стин Яр, Бай­қоңыр, Азғыр, Сары­шаған, Сары­ө­зек, Тай­сой­ған­дағы поли­гон­дар­дың бәрін ара­ла­дым. Мәсе­лені жақ­сы біле­мін, бұл Жер комис­си­я­сы­ның құзы­рын­да шешілетін шаруа емес.
– Қоғам­дағы пат­ри­от аза­мат­тар ортақ елдік мүд­де жолын­да бас бірік­ті­ре алмауы­ның басты себебі неде деп ойлайсыз?

– Бірін­ші­ден, қызға­ныш, іштар­лық. Соның кесірі­нен бірі баста­ма көтер­се, екін­шісі аяқтан шала­ды. Менің өзі­ме қаты­сты «пияз өсіру­шілер­ді алдап кет­ті» деген жала жабы­лған еді, сот ақ-қара­сын аны­қтап бер­ді. Аза­мат­тар­дың атын атап, түсін түсте­мей-ақ қояй­ын. Екі жыл бойы үш ауыл­дағы 50–60 дихан­шы­мен жұмыс істе­дік, ешкім де алданған жоқ. Маған және менің әріп­те­стері­ме ауа рай­ы­ның қолай­сызды­ғы­нан бүгін­ге дей­ін қарыз болған­да­ры бар. Себебі бел­гілі болған­ды­қтан, ол қары­здар кешіріл­ді.
– Осы сұх­бат­та ұлт, қоғам және мем­ле­кет­ке қаты­сты тағы қан­дай мәсе­ленің айты­лға­ны жөн деп ойлайсыз?

– Айта бер­сек, ұлтқа қаты­сты шеші­мін тап­паған мәсе­ле көп, ең алды­мен ден­са­улы­ққа мән берілуі тиіс. Бола­шағы­мыз бала­ла­ры­мы­здың тәр­би­есіне, оқуы­на мұқи­ят көңіл бөлі­нуі керек. Тұр­мыс тауқы­меті­мен неси­е­ге кіріп­тар болған аза­мат­тар бала­сын оқы­ту үшін, басқа да мате­ри­ал­дық жағ­дай­ын түзе­ту үшін қары­зға бел­ше­сі­нен бата­ды. Неси­ге бату – қоғам­дағы кедей­лік­тің көрсеткіші.

Ең сорақы­сы – елде өндіріс орын­да­ры­ның жоқты­ғы­нан кедей­лік пен жұмыс­сызды­қтан көз аша алмауда­мыз. Кедей­шілік халы­қты намысы­нан айы­рып жатыр. Аш адам­да намыс бола ма? Өкініш­ке қарай, кедей адам құлға айна­ла­ды, себебі несие алуға мәж­бүр бола­ды. Ал неси­есі бар адам еркін тыны­стай алмай­ды, намысы­нан айы­ры­лып қалады.

Еура­зи­я­лық одақтың құра­мы­нан шық­па­сақ, бұл мәсе­ле шеші­мін тап­па­сы анық. Ресей эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан тәу­ел­ділік­ке мәж­бүр­ле­уде, өзі­міз­де өндіріс ошақта­ры ашыл­май­ды, ашыл­са, банк­рот бола­ды. Екін­ші­ден, тәу­ел­сіз сот жүй­есінің бол­мауы. Соның сал­да­ры­нан эко­но­ми­ка­мы­зға ешкім инве­сти­ция құя алмай­ды, қорқа­ды. Инве­сти­ция бол­ма­са, жаңа кәсі­по­рын ашыл­май­ды, ел ішін жұмыс­сыздық жай­лай­ды. Эко­но­ми­ка дамуы үшін, тәу­ел­сіз сот жүй­есі керек.

Бір сұх­бат­тың аясын­да бар­лық мәсе­лені айтып, тауы­са алмай­мыз. Кедей­лік­тің астын­да қал­дық, білім беру нашар­ла­ды, жастар Әли­хан ата­сын, Бауы­р­жан батыр­ды таны­май­ды. Үшін­ші әлем­де­гі кедей елге айнал­май, дамы­ған өрке­ни­ет­ке ұмты­луға мүм­кін­ді­гі­міз бар, жері­міз бай, қазақ еңбекқор халық, бола­шақ өз қолы­мы­зда. Дарын­ды жастар өсіп келеді. Жер тағ­ды­ры – халық тағ­ды­ры. Қаза­қстан жерінің кеңді­гі­мен емес, оны игеріп, игілі­гін көруі­мен мақта­нуы тиіс.

– Сол күн­ге тезірей­ік жетей­ік. Қаза­ққа қыз­мет ету жолын­дағы еңбе­гіңіз жансын!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн