Четверг , 3 июля 2025

БАСТЫ ҚАТЕЛІК НЕДЕ?

1.«Ақпан тези­стері» деп аталған ленин­дік стиль­мен жазы­лған мате­ри­а­лын­да Әке­жан Қажы­гел­дин Чер­ны­шев­ский­ше «Не істеу керек?» деп, көп­шілік­ке сұрақ тастаған екен. 

Орын­ды сұрақ! 

Аза­мат­тық қоғам бел­сен­ділері аху­ал­ды тығы­ры­ққа апа­рып тіре­генін енді ғана мой­ын­дап отыр. Өткен жылы мен сая­сат пен тіл­ге қаты­сты жүз­ге жуық пост жари­я­ла­дым. Оларға «бәрі қате» (орыс­ша­сы – «сплош­ные ошиб­ки») деген ортақ ат қой­ған бола­ты­н­мын. Осы бағам қазір де күшін­де. Аза­мат­тық қоғам бел­сен­ділері сол қателік­терін қазір де жалға­сты­рып келеді. Ақы­ры, міне, тығы­ры­ққа тірел­ген деген осы: бар пар­тия сай­ла­у­ға қаты­спай қала­ды. Жаңа пар­тия құр­саң – тір­кел­мей­ді. Аза­мат­тық қоғам­ның кез кел­ген қай­рат­керіне ашық сай­ла­у­ға түсу­ге жол жабық. Билік мығым отыр. Арма­ту­раға қар­сы амал таусылған.

Расын­да да солай ма?

Қалып­тасқан аху­ал­дың солай болып оты­рға­ны­на ешкім шек кел­ті­ре алмай­ды. Біз бәрі­міз шулап жүріп, қоғам­ды осы­ған әкеп тіредік. 

Қателік­тер­ді екі кате­го­ри­яға жік­теп қарас­ты­рған­да, бәрі түсінік­ті бола­ды. Бірін­шісі – так­ти­ка­лық маңы­здағы қате­лер. Олар өте көп. Мыса­лы, өза­ра бет жыр­ты­су; ортақ мәміле­ге келе алмау… Бәріне тоқталғым келмейді.

Екін­шісі – су айы­ры­ғы­нан жіберіл­ген стра­те­ги­я­лық қате. 

Мәсе­ле былай. Билік субъ­ек­тілері үшеу: халық, билік, сая­си оппо­зи­ция. Осы уақы­тқа дей­ін біз күре­стің соңғы еке­уінің ара­сын­да жүріп келе жатқа­нын көріп келе­міз. Билік­тің шешу­ші субъ­ек­тісі – халық. Міне­ки, халы­қтың май­дан­нан тыс қалуы – су айы­ры­ғы­нан жіберіл­ген стра­те­ги­я­лық қате деп оты­рға­ным осы. 

«Билік – халы­қты­кі» тұжы­ры­мы біздің сана­мы­зға сіңбеді. 

Бұл тұста тағы бір ұғым­ның басын ашып алу керек. Халық деп кім­ді айтамыз?

2. Халы­қ­пен істес болу үшін, сая­сат­шы­лар алды­мен «зама­на­уи қазақ халқы» деп кім­ді тани­ты­нын аны­қтап алуы керек. Қазір­гі қазақ халқы дегені­міз – базар­лар­да жүр­ген қара нөпір неме­се ауыл­да көр­пе­сін қым­тап алып, ұйқы­да жатқан­дар емес. Ел аумағын мекен­де­ген демо­гра­фи­я­лық мас­са тұта­сы­мен халық бола алмайды.

Соңғы жыл­да­ры митинг­ке қаты­сып, жапа шегіп жүр­ген­дер­ге аяны­шпен қара­уды түсі­ну­ге бола­ды. Олар – шын отан­шыл аза­мат­тар. Әділет­сіздік­ке төз­беу, жүй­ені өзгер­ту­ге құл­шы­ныс олар­ды әле­умет­тік бел­сен­ділік­ке итер­ме­леді. Бірақ жеңіс­ке жете алма­ды, жетуі мүм­кін де емес еді. Өйт­кені бұлар да халы­қты кел­бет­тей­тін топ ретін­де көріне алма­ды. Сая­сат­та нәти­желі іс тын­ды­ру үшін, халы­қтық ауқым­дағы қимыл керек.

Халы­қтың ядро­сын ғылым және көр­кем мәде­ни­ет зия­лы­сы құрай­ды. Алай­да ресми мәр­те­бесіне қарай мөл­шер­ле­ген­де, бұл санат­тағы­лар­дың қара­сы қалың болға­ны­мен, олар­дың ара­сы­нан сая­си бел­сен­ді әре­кет­ке бара­тын­да­ры аз. Көп­шілі­гінің өзінің кәсібі аясын­да, аграр­лы қоғам кезін­де бір­деңе­лер жари­я­лаға­ны бар (қазір ола­ры мәде­ни­ет туындысы ретін­де тұты­ныл­май­ды). Бірақ дүни­е­та­ным­да­ры кеңей­туді, сая­си сау­ат­та­ры көте­руді қажет ете­ді. Құқы­қтық ком­пе­тент­ті­гі мүл­дем жетіс­пей­ді, осы­дан әле­умет­тік бел­сен­ділік­тен жұрдай. 

Халық деп есеп құра­тын екін­ші топқа – сту­дент­тер мен жұмыс істей­тін жастар ара­сы­нан шыққан, салы­стыр­ма­лы сау­ат­ты, батыл­дық көр­се­те ала­тын­да­ры кіреді. Бұлар­дың бәрін қосқан­да, жал­пы ел тұрғын­да­ры­ның мөл­шер­мен 0,1%-ын ғана құра­уы мүм­кін. Бұл көп емес, әрине, ал жұмысты бастау үшін аз да емес. Аз бол­май­тын себебі – аз адам­ның сау­ат­ты қимы­лы да ұлы жеңістер­ге жет­кі­зе алады. 

Халы­қтың қоғам­ды дамы­ту­дағы рөлін білетін Батыс ойшыл­да­ры­ның бірі «халы­қты тобыр емес, киелі адам­дар құрай­ды» (Иоанн Зла­то­уст) деген екен. Тағы бір Батыс ойшы­лы­ның тұжы­ры­мы бой­ын­ша, «халық дегені­міз бес-алты ұлы тұлға­ларға алып бара­тын табиғат­тағы бұра­лаң жол» (Фри­дрих Ниц­ше) депті.

Осы қисы­н­мен пай­ым­да­сақ, халық дегені­міз – аздаған киелі адам­дар және олар­дың маңын­да жүр­ген зия­лы­лар шоғы­ры болып шыға­ды. Әр киелінің артын­да жүз­де­ген зия­лы тұр. Сол жүз­дер­дің әрқай­сысы­ның артын­да тағы жүз­де­ген қатар­дағы отан­шыл аза­мат­тар тұр. 

Ал қаза­қтың маң­дай­ы­на біт­кен өр тұлға­лар­мен жаға­ла­сып, олар­дың шәу­жай­ы­нан алып жүр­ген­дер – ХАЛЫҚ ЕМЕС. Оларға ұлы қай­рат­кер­дің бір сөзі неме­се бір ісі ұна­ма­ды, сол үшін оның бетіне күл шашып жібер­ді. Бұла­ры бүкіл халы­ққа күл шашу болып шықты. Қазақ тра­ге­ди­я­сы­ның түп­кілік­ті себеп­терінің бірі осы­дан бастау алып отыр. 

Демек, «Не істеу керек?» деген сұрақтың жау­а­бы айқын: ХАЛЫҚҚА БАРУ КЕРЕК! 

Қалай, немен бару керек? Ол жөнін­де – келесі мақалада.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ

«ТИТУШКАЛАР» ТЕПКІЛЕП КЕТТІ

Бауы­р­жан Бай­бек өйтіп­ті-бүй­тіп­ті деген әңгі­ме көбей­ді. Уәж – нақты, дәлел – қол­да­рын­да. Бірақ «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның жау­ап бер­генін көр­меп­пін. Әлде бай­қа­май қал­дым ба?

Бауы­р­жан пәлен­ше­ге жер әпе­ріп­ті, біре­у­ге бүй­ре­гі бұрып­ты, өйтіп­ті-бүй­тіп­ті деген­де, не деп тұр­сың деп, әуелі «Нұр Отан» мүше­лері атып шығуы керек емес пе? Оңа­ша шыға­рып, бірін­ші солар сөй­ле­с­пей ме? 

Бауы­р­жан ақпын, адал­мын деп, ант-су ішсе – ішті, ішпей мүдір­се, орны­ң­ды босат деп талап етпей ме? «Нұр Отан» мүше­лерін­де пар­тия бас­шы­ла­рын сай­лау құқы­ғы бар ма өзі? 

Кеше­гі сай­ла­уда «Нұр Отан» үшін жан алып, жан беріс­кен­дер қайда?

Бауы­р­жан Бай­бек әкім кезін­де «Рахат» база­ры­ның жерін әкесінің биз­нес-серік­тесіне әпер­гені жай­лы жазға­ны­ма «Фейс­бук-дос» Айдос Жұқанұ­лы, «дос емес» Самат Нұр­та­за, Бауы­р­жан Серік­ба­ев секіл­ді жігіт­тер пікір біл­діріп, Бай­бек­ке ара­ша түс­кен еді.

Қай­дан есті­генін біл­мей­мін, дәл сол уақыт­та «Нұр Отан­ның» құж-құж еткен фейк акка­унт-титуш­ка «нұр­сұңқар­ла­ры» сап етіп жетіп кел­ді де, «Фейс­бук­ті» кетт­линг­ке алып, теп­кілеп кетті. 

Фб-да төрт мың досым бар деп, марқай­ып жүр­ген едім, он шақты дос қана ара түсіп, қалға­ны лайк басып кетіп қалыпты.

Сәл бол­маған­да түр­ме­ге кете жаз­даған Тұңғыш­бай Жаманқұ­лов «пре­зи­дент­ке өкпе­лі­мін” деп еді ғой. Мен де «Фейс­бук­те» көк туды желбіретіп жүр­ген доста­ры­ма өкпелімін.

Асыл­хан МАМАШҰЛЫ

АДАМДАР НЕ ҮШІН митингке шығады? 

Сізді бір про­бле­ма алаң­да­та­ды. Сізді ғана емес, сіз сияқты көп­те­ген адам­ды. Демек, бұл жеке бастың про­бле­ма­сы емес. Дәл осы про­бле­ма сіздің қалаңыз ғана емес, Қаза­қстан­ның өзге де қала­ла­ры үшін акту­ал. Демек, бұл тіп­ті аймақтық емес, ұлт­тық мәселе. 

Осы мәсе­лені қалай шешу­ге бола­ды? Бұл мәсе­ле жөнін­де алаң­да­у­лы өзге адам­дар­дың ойы қан­дай? Ұлт­тық маңы­зы бар мәсе­лені ашық талқы­ға салғы­мыз келеді. Яғни, қоғам­ның билік­пен диа­ло­гын жүргізейік. 

Әрине, талқы­ла­уды каби­нет­те, әле­умет­тік желі­де, өза­ра топ ішін­де жүр­гізу­ге болар. Бірақ онда кез кел­ген адам қаты­са ала ма, көкей­ін­де­гі сұрағы­на сол мезет­те жау­ап ала ма? Иде­я­лас адам­да­ры­мен жүз­бе-жүз таны­сып, еркін пікір­ле­се ала ма?

Мұн­дай­да ең ұтым­ды жол – митинг. Митинг – бас­сыздық, қырғын емес, қай­та еркін, тең диа­лог құру­дың демо­кра­ти­я­лық әрі өрке­ни­ет­ті жолы.

Бізді «ести­тін билік» өкіл­дері диа­ло­гқа мүд­делі емес, өкініш­ке қарай. Пікір­ле­су үшін «тағай­ын­да­ла­тын­дар» қаты­са­тын ақ сарай­дағы ұлт­тық кеңе­стің сал­та­нат­ты оты­ры­ста­ры, дауы­ста­ры­ң­ды мен ғана емес, ешкім есті­месін деп интер­нет бай­ла­ны­сты өшіруі, шағы­мын айта­мын деп шыққан аз ғана топ­ты сар­ба­з­да­ры­мен бес орап, күшін көр­сетіп, қыспаққа алуы мұны анық аңғартты. 

«Біз бір­ге­міз» дей­тін мем­ле­кет­шіл­дер­ді біл­медім, бірақ үйде оты­рған мен қат­ты ұялдым.

Бэл­ла ОРЫНБЕТОВА

ДЕЖА-ВЮ

Прези­дент Тоқа­ев Ұлт­тық сенім кеңесінің жиы­нын­да биыл – ауыл әкім­дері, 2024 жылы – аудан әкім­дері сай­ла­на­ты­нын айт­ты. «Осы баста­ма елі­мізді демо­кра­ти­я­лан­ды­руға және жер­гілік­ті басқа­ру инсти­ту­тын нығай­туға еле­улі үлес қоса­ды деп сене­мін» деді. 

Сіз­дер­ді қай­дам, мен­де бір дежа-вю сезі­мі пай­да бол­ды. Бір орын­да айнал­соқтап қалған­дай­мыз. Эко­но­ми­ка, инно­ва­ция, білім, ден­са­улық – бар­лық сала­да осы­лай бір нәр­сені қай­та-қай­та айтып, бір шең­бер­де шыр айна­лып жүргендейміз. 

Н.Назарбаев осы­дан 23 жыл бұрын (!), 1998 жылы халы­ққа жол­да­уын­да «…мы долж­ны раз­ра­бо­тать мас­штаб­ную поэтап­ную про­грам­му выбо­ров руко­во­ди­те­лей всех уров­ней… Я пола­гаю, что в бли­жай­шее вре­мя необ­хо­ди­мо при­сту­пить к раз­ра­бот­ке такой про­грам­мы, чет­ко рас­пи­сав эта­пы и уров­ни» деген. 

1999 жылы Шамалған ауы­лын­да «экс­пе­ри­мент сай­лау» өтіп, биз­нес­мен әкім болып сайланды. 

2001 жылы 28 ауыл­да «экс­пе­ри­мент сай­лау» өтті. 

2004 жылы Назар­ба­ев «Отан» пар­ти­я­сы съезін­де мем­ле­кет­тік билік­ті орта­лы­қ­сыздан­ды­рып, жер­гілік­ті басқа­ру жүй­есін нығай­туға, әкім­дер­ді сай­лау жүй­есін енгізу­ге бет түзей­міз деді. 

2005 жылы Батыс Қаза­қстан, Шығыс Қаза­қстан, Алма­ты облы­ста­рын­да аудан әкім­дері экс­пе­ри­мент жағ­дай­ын­да сай­лан­ды. Бұл «билік вер­ти­калін демо­кра­ти­я­лан­ды­ру­дың баста­ма­сы» бола­ды деп дәріп­тел­ді. Жағым­паз­дар аузын ашып, көзін жұмып мақтады. 

Кей­ін осы «экс­пе­ри­мент­тер­дің» нәти­же­сі тура­лы ешкім ештеңе айтқан жоқ. Жалғас­пай қалға­ны­на қараған­да, Қаза­қстан халқы демо­кра­ти­яға дай­ын бол­май шыққа­ны ма? Онда пре­зи­дент­ті, мәжілісті қалай сай­лап жүр? 

Науқан­дар­дың бәрі үлкен сай­ла­удың алдын­да, я сай­ла­удан соң жұрт нара­зы­лы­ғын басу үшін, демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің, халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың тала­бы­мен «іске асты».

Мұх­тар СЕҢГІРБАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн