Пятница , 4 июля 2025

ШЫҒЫСТАҒЫ ШАТАҚ коронавирустың ғана жыры емес

Әле­умет­тік желілер­де бұдан бұрын тараған ақпа­рат арқы­лы бел­гілі болған­дай, ақпан­ның ақы­рғы онкүн­ді­гі ара­лы­ғын­да Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның Зай­сан ауда­ны мен Тар­баға­тай ауда­ны­ның Ақжар кен­тін­де жер­гілік­ті халық ере­уіл­ге шыққан еді. Бұл нара­зы­лы­қтың басты және ортақ тақы­ры­бы – осы аймақта жол салып жатқан қытай­лық жал­да­ма­лы жұмыс­шы­лар ара­сын­да коро­на­ви­рус індеті тарау қау­піне жер­гілік­ті билік­тің салғырт қарауы.

Ел ара­сын­дағы осы ере­уіл­дің жөн-жосы­ғын білу мақ­са­тын­да біз жер­гілік­ті бел­сен­ді аза­мат Сер­жан Шөке­ев­пен (Ақжар) хабар­ласқан едік. «Қоңыр тір­лік­пен қой­на­уда жатқан шека­ра­лық аймақтағы халы­қтың ара­сын­да бұрын-соң­ды мұн­дай мінез жоқ еді, тыныш жатқан елдің ере­уіл­ге кенет­тен көтері­лу себебін қалай түсін­дірер едіңіз?» деген сау­ал­дан басталған сон­дағы сұх­бат­тың жай-жап­са­ры төмен­де­гі­дей болды.

– Ел ара­сын­дағы елең­де­ушілік­тің негіз­гі себебі – коро­на­ви­рус қатері­нен бұрын, халы­қтың билік­ке деген сені­мінің әбден тау­сы­луы түрт­кі болған сияқты, – деп баста­ды сөзін Сер­жан мыр­за. – Бұл ара­дағы нара­зы­лық жер­гілік­ті билік­ке ғана емес, жал­пы қаза­қстан­дық билік­ке қаты­сты болып отыр. Зай­сан мен Ақжар­дағы ере­уіл­дер бүкіл елде­гі жағ­дай­дың ортақ сипа­тын бере ала­ды деп ойлай­мын. Елде­гі қоғам­дық-сая­си және әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық күр­делі жағ­дай­дың кінәра­ты ел билі­гіне келіп тіре­летіні сөз­сіз шындық.

Оның үстіне, екін­ші­ден, Қытай­дың эко­но­ми­ка­лық экс­пан­си­я­сы­нан зәре­зап болған халы­ққа коро­на­ви­рус қатері қосым­ша әсер етті. Қытай экс­пан­си­я­сы мәсе­лесін­де қаза­қстан­дық билік көп жағ­дай­ды бүгіп оты­рға­ны бар­ша жұрт­ты алаң­да­тып оты­рға­ны және бар. Осы­ның бар­лы­ғы қураған шөп­ке от қой­ған­дай болды.

Әйт­пе­се бір аудан­ның неме­се облы­стың әкі­мі бүкіл әлем­ді шар­пы­ған коро­на­ви­рус қатеріне қар­сы не шара қылар еді? Жол салу жұмыста­ры­на шегіл­ген мер­ді­гер қытай­лар­ды елден қуып шыққан­нан ол қатер­дің беті қай­тар ма еді? Қалып­тасқан жағ­дай­дың логи­ка­сы осын­дай ойға жете­леп тұр.

– Ал енді ере­уіл­дер­ге қаты­сты жағ­дай­ды ел билі­гі емес, облыс әкі­мі Дани­ал Ахме­тов рет­теп кет­кенін қалай түсін­діру­ге бола­ды? Ақор­да жақтың жау­а­бын естімедік…

– Ахме­тов мыр­за рет­теп кет­кен жоқ, ол нара­зы халы­қтың апты­ғын басып, жағ­дай­ды Ақор­даға, ел билі­гіне жет­кі­зем, бұл мәсе­ле мем­ле­кет­тік дәре­же­де шешілуі керек деп кет­ті. Сөз­ге қонақ беретін, уәде­ге уәж айт­пай­тын шығы­стық халық әзір­ге әкім­нің сол сөзін місе тұтып отыр. Сон­ды­қтан Қытай­дан жұмыс­шы­лар кір­гі­зу мәсе­лесі, шека­ра­лық екі аудан­ның әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дайы жабу­лы күй­ін­де қалар бол­са, бұл нара­зы­лық қай­та­дан тұта­нуы әбден мүм­кін. Ахме­тов айтқан­дай, мәсе­лені шешетін мем­ле­кет­тік билік осы жағ­дай­ды еске­руі керек деп ойлаймын.

Ең басты­сы – Қаза­қстанға Қытай­дан тар­ты­ла­тын жұмыс күші жер­гілік­ті мүм­кін­дік­пен өлше­нуі тиіс. Мәсе­лен, қолы­на күрек ұстай ала­тын жұмыс­сыз адам мұн­да да мыңы­рып жүр­ген­де, қытай­лы­қтар­ды қап­та­ту­дың қажеті қан­ша? Бүгін­де Зай­сан мен Ақжар­дың төңіре­гін­де мал бағу­дан басқа жұмыс қалған жоқ. Ал жол салу жұмысы­на тар­ты­лып, тір­лік жаса­удың мүм­кін­ді­гі туған кез­де жер­гілік­ті халы­қтың шетқақ­пай қалға­нын қалай түсі­не­міз? Мәсе­ленің мәні, нара­зы­лы­қтың нақты тақы­ры­бы осы – әле­умет­тік әділет­сіздік­тің өршіп кетуін­де тұр. Коро­на­ви­рус қатері – халы­қтың қота­ры­ла көтерілуіне себеп қана бол­ды деп ойлаймын.

– Әле­умет­тік жағ­дай деген­де, Зай­сан­ның халі Ақжарға қараған­да бір­ша­ма тәуір екенін біле­міз. Бірақ негізі­нен нара­зы­лы­ққа көтеріл­ген зай­сан­ды­қтар бол­ды ғой…

– Иә, елдің ере­уілі Зай­сан ауда­ны­ның Айна­бұлақ және Сар­те­рек ауыл­да­рын­да бастал­ды. Оның жалға­сы аудан орта­лы­ғы­на ұла­сты. Несін жасы­ра­мыз, біз­дер – ақжар­лық ағай­ын­дар шыр­пы­ның шырт етіп тұта­нуын күтіп, іштен өртеніп жүр­ген халық едік. Оның үстіне қытай­лы­қтар салып жатқан жол біздің аймақты да басып өте­ді. Әзіл­сіз айт­сақ, коро­на­ви­рус бізді айна­лып өтпейді.

Екін­ші­ден, біз кезін­де қысқа­рып кет­кен, 90-жыл­дар­дың орта­сын­да Ақсу­атқа қосы­лған Тар­баға­тай ауда­ны­ның халқы бола­мыз. Ақжар – сол қысқарған Тар­баға­тай ауда­ны­ның орта­лы­ғы бол­ды. Ал бүгін­де осы қысқарған аудан­ның халқы жетім бала­ның күй­ін кешіп жүр. Басқа­сын айт­паған­да, шека­ра­ның түбін­де­гі Тас­ба­стау деген ауыл­дан аудан орта­лы­ғы­на дәрі­гер­ге қара­луға неме­се ауру­ха­наға жатуға бара­тын науқас адам Ақсу­атқа дей­ін 150 шақы­рым жол жүруі керек. Ал аудан­дық меке­ме­лер­ге құжат рет­те­у­ге бара­тын, саудаға сабы­ла­тын, ол-пұл ала­тын ағай­ын­дар қаншама?!

– Біз Ақжар мен Ақсу­ат­ты Алма­ты облы­сын­дағы Кеген­нен Нары­нқол­ды бөл­ген сияқты, бұры­нғы Тар­баға­тай ауда­нын қай­та­дан қал­пы­на кел­ті­ру қажет­ті­гін газет­те бір­не­ше рет жазған едік. Негізі, облыс әкі­мінің құзы­ры­мен шешіл­мей­тін мәсе­ле бол­са да, бұл жағ­дай Дани­ал Ахме­то­втың наза­ры­на жет­ті ме?

– Жет­кен­де қан­дай! Бұрын да аудан халқы аты­нан бір­не­ше рет хат жол­даған едік. Осы жолы ере­уіл­ге шыққан халы­қ­пен сөй­ле­су­ге кел­ген­де, әкім­нің өзіне бет­пе-бет тағы да айт­тық. Ақсу­ат­тың құра­мын­дағы Тар­баға­тай ауда­нын өркен­де­те­міз деп, қан­ша­ма бағ­дар­ла­ма жасал­са да, Ақсу­атқа «кір­ме» болған Ақжар аймағы­ның жағ­дайы оңа­лып кет­пе­сі анық. Себебі – басты про­бле­ма әле­умет­тік кен­делік көр­ген бұры­нғы аудан халқы­ның пси­хо­ло­ги­я­сын­да жатыр. Шека­ра­ның бой­ын­да жетім­нің жесірі сияқты болып, аңы­рап қалған Ақжар аймағы­ның халқы­на бұры­нғы аудан­ды қай­та­дан қал­пы­на кел­тіріп бер­се болға­ны. Қалға­нын жер­гілік­ті халы­қтың пат­ри­от­тық рухы жасайды.

– Нарық жағ­дай­ын­да өмір сүріп жатқан аудан халқы жалғыз ғана пат­ри­от­тық рух­пен алы­сқа бара алар ма екен? Бұл жағы­нан қан­дай есеп-қисап­та­ры­ңыз бар?

– Біз – жер­гілік­ті аза­мат­тар бар­лық есеп-қисап­ты қат­тап қой­дық. Аудан­ды бөлу бюд­жет­ке сон­ша­лы­қты ауыр сал­мақ түсір­мей­ді. Мен облыс әкі­мінің жер­гілік­ті ере­уіл­ші тұрғын­дар­мен кез­де­суін­де сөй­ле­ген сөзім­де кел­тір­ген бірер мысал­ды сіздің газет үшін де айтып берейін.

2018 жылы көк­тем­де кезін­де қысқа­рып кет­кен Нары­нқол аймағы қай­та­дан жеке отау құрып, Рай­ым­бек ауда­ны деген ата­у­мен Кеген­нен бөлініп шықты. Содан бер­гі кезең­де Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Аман­дық Бата­лов мыр­за­ның және нары­нқол­дық пат­ри­от аза­мат­тар­дың ұйым­да­сты­ру жұмыста­ры нәти­же­сін бер­ді. Аудан­ның қай­та қал­пы­на келуіне бай­ла­ны­сты өткен жиын­да Бата­лов мыр­за бүкіл халы­қтың көзін­ше облы­стағы 18 аудан мен 3 қала­ның әкім­дерін кезек-кезек орны­нан тұрғы­зып, олар­дан жаңа ауданға қан­дай көмек жасай­тын­да­рын сұра­ды. Бір аудан бала­бақ­ша­ны күр­делі жөн­де­уден өткізіп берем, бірі спорт алаңын салып берем десе, тағы бірі 100 000 кір­піш жет­кізіп, бір­не­ше тұрғын үй тұрғы­зып беруді мін­детіне алды. Елі­міздің әр қиы­рын­да әртүр­лі кәсіп­пен айна­лы­сып жүр­ген нары­нқол­дық кәсіп­кер­лер де өз ерік­тері­мен қосар үле­стерін жари­я­лап жат­ты. Бірі ауыл­дың кіре берісіне кере­мет қақ­па тұрғыз­са, тағы бірі көше­лер­ді көгал­дан­ды­руға атса­лы­сты. Соның арқа­сын­да қазір­гі кез­де Нары­нқол еңсесін тік­теп, қана­тын жай­ып, көрік­тене түсті.

Ал біздің пат­ри­от­тар нары­нқол­ды­қтар­дан кем бе, біз неге өз туған жері­мізді өркен­де­ту­ге жәр­дем жасай алмай­мыз? Мен Дани­ал мыр­за­ға тура айт­тым: «Сіз де Бата­лов сияқты біздің шығы­стағы 14 ауда­ны­мыз бен 3–4 қала­мы­здың әкім­деріне нақты­лы тап­сыр­ма бер­сеңіз, олар да біз­ге түсінік­пен қарап, жаңа ауданға «көрім­дік» ретін­де, бол­ма­са «қай­ыр­лы бол­сын», «құт­ты бол­сын» айтып, неге біз­ге көмек­тес­пес­ке?» – дедім.

Біз­де бұры­нғы Тар­баға­тай ауда­ны­на қарас­ты Тұғыл деген қала тип­тес ауы­лы­мыз бар. Кезін­де Зай­сан көлінің балық шару­а­шы­лы­ғы осы Тұғы­лға тоғы­сқан еді. Қазір­гі уақыт­та Зай­сан­ның нақты­лы иесі жоқ, көл­дің балы­ғы «ұстаған­ның уысын­да» кетіп жатыр. Қай­да сол көл­дің өні­мі, пай­да­сын кім­дер көріп жатыр? Көл­дің тура іргесін­де­гі кезін­де Кеңес Одағы­на таны­мал болған балық зауы­ты неге қаңы­рап бос тұр?

Ести­міз – сол балық зауы­ты­ның иесі Алма­ты жақтың ада­мы деп. Яғни, оның табысы­нан түсетін салық та басқа жаққа кетіп жатыр деген сөз. Неге сол көл­ден балық аула­уды рет­ке кел­тір­мес­ке, дұры­стап қадаға­лау жаса­масқа, ауланған балы­қты тек қана балық зауы­ты­на өткіздірт­пес­ке. Сон­да қан­ша ада­мға жұмыс бола­ды, жаңа жұмыс орын­да­ры ашы­ла­ды, жер­гілік­ті бюд­жет­ке мил­ли­он­даған тең­ге салық төленеді.

– Зай­сан көлінің жағ­дай­ын Дани­ал Ахме­тов біл­мей жүр деп ойлай­сыз ба? Көл­дің Алма­ты­дағы иесі аста­на­дағы «ағаш­ка­сы­мен» ауыз жала­сып жүр­генін түк­пір­де­гі Тас­ба­ста­уда «екі сиы­ры­на» қарап оты­рған қара­пай­ым қазақ та білетін шығар…

– Енде­ше облыс әкі­мі бұл жағ­дай­ды біліп отыр­са, халы­қтың нара­зы­лы­ғын басу үшін, жер­гілік­ті мүм­кін­дік­тер­ді пай­да­ла­ну мәсе­лесін қолға алуы керек қой! Екін­ші­ден, аудан­ды қал­пы­на кел­тіру­ге және оның әле­умет­тік мәсе­лесін шешу­ге сеп­ті­гін тигі­зетін басқа да мүм­кін­дік­тер жетер­лік. Мәсе­лен, сол Тұғыл ауы­лын­да кезін­де­гі бес аудан­ның – Күр­шім, Марқа­көл, Зай­сан, Көк­пек­ті, Самар аудан­да­ры мал­да­ры­ның еті­мен қам­та­ма­сыз етілетін, рес­пуб­ли­каға бел­гілі ет ком­би­на­ты неге халық мүд­десі үшін жұмыс істе­мей тұр?

Оны да бір аза­мат­тар сатып алды деп ести­міз. Біздің аудан­ның малын Шым­кент, Жам­был, Алма­ты, Тал­ды­қорған жақтың дел­дал­да­ры сатып алып кетіп жатыр. Егер осы ет ком­би­на­ты­ның өні­мі­нен түсетін салы­қты ауданға қарай бұра­тын бол­сақ, Ақжарға артық ақша­ның да қажеті бол­мас еді. Сол Тұғыл ет ком­би­на­ты­ның жаны­нан тері өңдей­тін, жүн жуа­тын шағын цех­тар неге ашпасқа? Бұл жағ­дай­да да адам­дар үшін жаңа жұмыс орын­да­ры пай­да болып, мем­ле­кет­ке қыру­ар салық төле­нер еді.

Салық демек­ші, біздің Ақжар өңірі­нен ғана 2019 жылы мем­ле­кет­ке 441 мил­ли­он тең­ге салық төлен­ген екен. Егер біз дер­бес аудан бол­сақ, салық көле­мі бұдан 2–3 есе арта­ты­ны сөз­сіз. Сон­да ауда­ны­мыз облыс бюд­жетіне сал­мақ түсір­мей, өз шығы­нын өзі-ақ ақтай­ды ғой.

– Жөн-ақ екен! Ал аудан­ды қал­пы­на кел­тіру­ге сеп бола­тын осы мүм­кін­дік­тер­ді есті­ген облыс әкі­мі не деп кетті?

– Ел билі­гіне жет­кі­зем деп кет­ті. Егер пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­евқа жететін бол­са, аудан­ды қай­та­дан құруға пәр­мен береді деген сенім­де­міз. Ал ауда­ны­мыз Ақсу­ат­тан бөлініп шық­пай­тын бол­са, нара­зы­лық ешқа­шан басыл­май­ды деген сенім­мен тағы да айта аламын.

– Нара­зы­лы­ққа қаты­сты сені­міңіздің бетін ары қыл­сын! Бұл сұх­бат­тың сары­ны Тоқа­ев мыр­за­ға жете­ді деген мен­де де сенім бар. Рахмет!

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн