Пятница , 4 июля 2025

Әсем ЖАПИШЕВА: НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖҮЙЕСІН түбірімен жоюымыз керек!

  • Абақты ішін­де жұм­бақ жағ­дай­да қаза болған қоғам бел­сен­дісі Дулат Аға­діл­дің өлі­мі бүгін­гі сая­си жүй­енің халы­қтық мұрат­тан кет­кен бір көрінісі бол­ды. Аза­мат­тық бел­сен­дінің өлі­міне қаты­сты құзыр­лы орган­дар­дың жасаған ресми мәлім­де­ме­лері жұрт­тың ашу-ыза­сын туды­рып, оның соңы нара­зы­лық шара­ла­ры­на ұла­сты. Оған аза­мат­тық қоғам­дағы әр-түр­лі ұйым­дар мен олар­дың бел­сен­ді мүше­лері мұрын­дық бол­ды. Солар­дың бірі – тамы­рын терең­ге жай­ған бүгін­гі сая­си режим­ге қар­сы­лық біл­діріп жүр­ген жас сая­сат­кер, «Oyan, Qazaqstan!» қозға­лы­сы­ның бел­сен­ді мүше­сі Әсем Жапи­ше­ва (төлқұ­жа­ты бой­ын­ша) бикені «ДАТ» айда­ры аясын­да әңгі­ме­ге тарттық.

– Әсем, сізді алда келе жатқан әйел­дер мере­кесі­мен құт­ты­қтай оты­рып, сұх­ба­ты­мы­зды көк­тем­нің бірін­ші күні алаңға шығуға не жағ­дай итер­ме­леді деген сұрақтан бастасақ?

– Мені алаңға шығуы­ма итер­ме­ле­ген ең басты себеп – Дулат Аға­діл­дің уақыт­ша тер­геу изо­ля­то­рын­дағы қаза­сы. Мен поли­ци­яға сен­бей­мін, бұл қыл­мыстық істің шын­ды­ғы ашы­луы тиіс. Екін­ші­ден, түр­ме­де­гі сая­си тұтқын­дар­ды боса­ту және жал­пы елі­міз­де­гі сая­си аху­алға нара­зы­лық – Назар­ба­ев салған жүй­е­ге қар­сы­лы­ғым­ды көр­се­ту үшін шықтым. Мен сая­си рефор­ма­лар­ды талап ету­ші «Oyan, Qazaqstan!» қозға­лы­сы­ның бел­сен­ді мүше­сі ретін­де осы жүй­е­ге қарсымын.

Назар­ба­ев билік­те қалу үшін, сая­си қар­сы­ла­ста­рын қуғын­дап, тіп­ті олар­ды өлтіріп оты­рған жағ­дай бірін­ші рет емес. Заман­бек Нұрқа­ді­лов пен Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев­тың қаза­сы­нан басталған режим құр­бан­да­ры­ның ұзақ тізі­мін жақын­да өлтіріл­ген бел­сен­ді Дулат Аға­діл­дің қаза­сы толықтырды.

– Пре­зи­дент Тоқа­ев «Аға­діл жүрек тал­ма­сы­нан өлді» деген шешім шыға­рып қой­ға­нын қайтеміз?

– Жоқ, бұл қыл­мыстың түп-тамы­ры – Назар­ба­ев­тың билік тар­мақта­рын тұта­стай өз бақы­ла­у­ы­на алуын­да. Елде­гі сая­си режим­ге айты­лып жатқан сын­нан қашу үшін, қағаз жүзін­де Тоқа­ев­ты пре­зи­дент етіп тағай­ын­дап, өзі Қауіп­сіздік кеңесі арқы­лы бүкіл билік­ті уысы­нан шығар­май отыр. Билік­ті толы­қтай ием­деніп алған ол өзі мен отба­сы мүше­лерін заң­нан биік етіп алды.

Назар­ба­ев­тың 30 жылғы жүй­есінің нәти­же­сі – жемқор­лы­ққа бел­ше­сі­нен батқан билік пен әрдай­ым қуғын-сүр­гін­ге ұшы­рай­тын оппо­зи­ция. Билік­тен кет­кісі кел­мей­тін Назар­ба­ев елді үлкен сая­си дағ­да­рыс пен тең­селіс­ке әке­ле жатыр. Бұның түп­кі сал­да­ры ішкі жан­жалға соқты­руы әбден мүмкін.

Дулат Аға­діл­дің қаза­сы­на қаты­сты пре­зи­дент Тоқа­ев­тың дәл солай жау­ап беретінін біл­гем. Тоқа­ев­та сая­си жігер жоқ және бұл жүй­е­де оның не нақты рефор­ма жаса­уға, не сая­си құр­бан­дар тура­лы шын­ды­қты аша ала­ты­ны­на менің ешқан­дай үмітім жоқ. Бұл қаза – Назар­ба­ев орнатқан сая­си режим­нің сал­да­ры және Тоқа­ев ол режим­ді жалға­сты­ру­да. Билік­ті қолын­да ұстап қалу үшін Назар­ба­ев пен оның жақ­та­ста­ры кісен­де­улі поли­ция мен ҰҚК-ны өз аза­мат­та­ры­на қар­сы айдап салып отыр. Өздерінің кім екенін таны­стыр­ма­стан, күн­делік­ті киім киген бір топ ер адам Дулат­ты ұстап алып кет­кен. Ал не себеп­ті қамауға алды – оның жай-жап­са­ры әлі аны­қтал­ма­ды. Қамаудағы адам­ның ден­са­улы­ғын неге қарамаған?

Осы­ған дей­ін де бір­не­ше оппо­зи­ция өкілі, бел­сен­ділер мен оның туы­ста­ры қаза тапқан. Сая­си қуғын орна­тып, заң мен тәр­тіп­ті еле­мей­тін поли­ция билік қолын­дағы зор­лық құра­лы­на айнал­ды. Бұған нүк­те қою үшін, біз Назар­ба­ев­тың озбыр режи­мін құла­тып, поли­ция мен ҰҚК-ні бақы­ла­уды қоғам мен жаңа пар­ла­мент­ке жүк­те­уі­міз керек. Ал Тоқа­ев мыр­за – леги­тим­ді пре­зи­дент те емес, ол Назар­ба­ев­тың айтқа­нын орын­да­у­шы ғана.

– Ал егер алда-жал­да ондай ішкі мем­ле­кет­тік жан­жал туа қал­са, қоғам­ның жау­ап­кер­шілі­гі қан­дай болмақ?

– Ондай жағ­дай­да қоғам­нан емес, Назар­ба­ев­тан жау­ап­кер­шілік талап ету керек бола­ды. Деген­мен, бүгін біз бар­ша Қаза­қстан­ның әрбір аза­ма­ты­на, биз­не­смен­дер­ге, шене­унік­тер­ге, поли­ция мен ҰҚК қыз­мет­кер­леріне ел бола­шағы алдын­да бар­лы­ғы­мыз жау­ап­ты екені­мізді еске салғы­мыз келеді. Халы­қтың Назар­ба­евқа сені­мі жоғал­ды, себебі ол өз мүд­десін қоғам­нан жоға­ры қой­ды. Ол өз отан­даста­ры­на қар­сы озбыр­лық жасап, елі­міздің тоқы­ра­удан оңа­луы­на кедер­гі кел­тір­ді. Сон­ды­қтан Назар­ба­ев пен оның отба­сы мүше­лері елдің сая­си сахна­сы­нан кетуі керек. Бұл озбыр билік­тің қолы­нан қазақ халқы­ның бұдан артық жапа шегуіне жол бер­ме­уі­міз керек. Назар­ба­ев пен оның отба­сы мүше­лерінің сая­сат­тан кетуі – елде­гі сая­си дағ­да­ры­сты еңсе­рудің және сая­си жүй­ені түп­кілік­ті рефор­ма­ла­удың баста­ма­сы болуы керек.

Әрі қарай «Сай­лау тура­лы заң­ды» өзгер­тіп, мажо­ри­тар­лы сай­лау жүй­есіне өтіп, жаңа пар­ла­мент сай­ла­у­ы­мыз керек. Ол пар­ла­мент қажет заң­дарға өзгер­ту­лер енгізіп, жеке­лен­ген билік тар­мақта­ры бар пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка­ның негізін құрай­ды. Елдің кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лы­мы халық мүд­десін қол­дай­тын мықты пар­ла­мент­ке негіз­де­луі тиіс, ал тәу­ел­сіз сот жүй­есі заң үстем­ді­гінің кепілі болуы тиіс. Біз Назар­ба­ев құрған авто­ри­тар­лық жүй­ені түбі­мен жоюы­мыз керек.

– Бұл Жан­бо­лат пен Бэл­ла шақы­рған рұқ­сат беріл­ме­ген митин­гі еді ғой: жау­а­пқа тар­ты­лам деген қорқы­ныш бол­ма­ды ма?

– Ол митин­гі­ге мені Жан­бо­лат пен Бэл­ла шақы­рған жоқ, бар­лық бел­сен­ділер ақыл­да­сып, осы 1 наурыз күнін бір­лесіп таң­да­ды. Әрине, қорқы­ныш бол­ды, бірақ елде осын­дай сұм­дық жағ­дай қалып­тасқан кез­де үйде қорқып оты­ру – ұят, тіп­тен орынсыз.

Ал елде билік­ке про­те­сттік жағ­дай күшей­іп тұр­са да, қоғам митин­гілер­ге (оның ішін­де Әбі­ля­зо­втың «ДВК» ұйы­мы шақы­рған митин­гілер де бар) шығуға неге енжар­лық көр­се­ту­де деп ойлайсыз?

– Кеше­гі поли­ция қыз­мет­кер­лерінің көп­те­ген заң­дар­ды, адам құқы­қта­рын бұзып, олар­ды күш­теп ұста­уы, жур­на­ли­стер­ге қысым көр­сет­кені енжар­лы­қтың бел­гісі деп санай­мын. Керісін­ше, бұл – сая­си жүйе тара­пы­нан қорқы­ны­штың бел­гісі. Билік аза­мат­тық қоғам­ның одан ары күше­юіне, дамуы­на қар­сы бар әкім­шіл­дік күшін салуда.

Қар­сы­лық митин­гілер­ге жастарға қараған­да, үлкен­дер мен егде адам­дар­дың көбірек келетінін қалай түсін­дірер едіңіз?

– Бұры­нғы­ға қараған­да, 1 наурыз күні жастар көбірек кел­ді. Мен алаң­да жастар­ды көп көр­дім, ол мүм­кін тек сіздің көзқа­ра­сы­ңыз шығар.

– Жоқ, бұл менің емес, қоғам­да қалып­тасқан пікір­дің көзқа­ра­сы. Деген­мен, аза­мат­тық қоғам­ды бүгін­гі митин­гілер­ге неғұр­лым бел­сен­ді қаты­сты­ру үшін не жет­пей тұр деп ойлайсыз?

– Елде­гі кәме­лет­ке толған аза­мат­тар­дың 60 пай­ы­здан аста­мы функ­ци­о­нал­ды сау­ат­сыз және сая­си, эко­но­ми­ка­лық білі­мі нашар. Оған бола бар­ша халы­қты кінәла­у­ға бол­май­ды, күнін әрең көріп жүр­ген адам­дар сая­сат пен адам құқы­қта­ры тура­лы ойла­нуға, оқуға, көз­дерін ашуға уақыт­та­ры да жоқ. Билік­тен қорқа­тын үрей тағы бар. Сон­ды­қтан адам­дар­ды ояту – менің және «Oyan, Qazaqstan» қозға­лы­сы­ның басты мақсаты.

Дулат­тың қаза­сы елде­гі про­те­сттік күш­тер­дің бірі­гуіне себеп­ші болуы керек еді деген пікір бар, бірақ олай бол­ма­ды. Неге?

– Бірін­ші наурыз күн­гі митинг бәрі­мізді бірік­тір­ді. Әлі де жұмыс көп, әлі де түсін­бе­ушілік көп. Мен сая­си рефор­ма­лар­ды қол­да­у­шы­лар­дың бар­лы­ғы­мен бірі­гу­ге дай­ы­н­мын. Менің ойым­ша, біз ұсы­нған сая­си рефор­ма­лар бар­лы­ғы­на тиесілі, бар­лы­ғы­на маңызды.

– Жал­пы, қоғам­ды билік­ке қар­сы жұмыл­ды­ра ала­тын қан­дай идея болуы мүмкін?

– Назар­ба­ев құрған жүй­ені өзгер­ту мен сая­си рефор­ма­лар! Қазір­гі қоғам­да бұдан асқан идея болуы мүм­кін емес!

Был­ты­рғы пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін буы­рқа­нып шыққан аза­мат­тық про­те­сттің екпіні бір­ша­ма басы­лып қал­ды деп ойлай­сыз ба?

– Жоқ, олай ойла­май­мын. Про­тест күше­ю­де. Сіз­дер тек «Фейс­бук­ты» оқи­тын шығар­сыздар, бірақ жастар пай­да­ла­на­тын әле­умет­тік желілер­де күн­нен-күн­ге про­те­сттің күше­юі маған жақ­сы байқалады.

– Жастар қол­да­на­тын желілер­де билік­ке деген аза­мат­тық қар­сы­лы­қтың өсуі қоғам үшін, әрине, жақ­сы құбы­лыс. Енде­ше сіз баста­ма­шы­ла­ры­ның бірі болған «Оян, Қаза­қстан!» жастар қозға­лы­сы­ның ұйым­дық пер­спек­ти­ва­сы қан­дай бол­мақ? Әлдебір тір­кел­ген күш құра­сыздар ма, әлде осын­дай вир­ту­ал­ды қоғам болып қала­сыздар ма?

– Вир­ту­ал­ды қоғам дегеніңіз маған түсініксіз…

– Әле­умет­тік желілер арқы­лы вир­ту­ал­ды жұмыс жүр­гі­зетін ұйым деп түсініңіз…

– Кеше­гі ұсталған­дар, митин­гі­ге шыққан­дар интер­нет­те ғана вир­ту­ал­ды ұсталған жоқ қой. Ертең «Оян­ның» төрт бел­сен­дісінің соты бола­ды. Олар біздің елдің нағыз аза­мат­та­ры. Вир­ту­ал­ды емес. Біз сын мен мен­сін­бе­ушілік­ке қара­ма­стан, сая­си рефор­ма­ларға атса­лы­су үшін жұмысы­мы­зды жалға­сты­ра беретін боламыз.

Олай бол­са, алдағы жос­пар­ла­ры­ңыз жөнін­де айтып өтсеңіз…

– Менің жос­па­рым – күш-жігерім жет­кен­ше күре­сті, жур­на­лист ретін­де жұмысым­ды жалға­сты­ру. PhD-док­то­рын алу да ойым­да бар.

1986 жылғы жастар Кеңес дик­та­тур­сы­на қар­сы­лы­қта­рын біл­діріп, мың­дап алаңға шығып, тәу­ел­сіздік пен бостан­ды­ққа деген құл­шы­ны­сын көр­сет­ті. Назар­ба­ев­тың орнатқан дик­та­ту­ра­сы­на қар­сы бүгін­гі күн­нің, яғни 2020 жыл­дың жаста­рын қалай оятуға болады?

– «Жастар» және «басқа­лар» деп бөлу­ге мен қар­сы­мын. Оппо­зи­ци­яда бұрын­нан жүр­ген адам­дар жастарға жоға­ры­дан төмен қара­уды тоқта­туы керек. «Ұйы­қтап жатқан­дар» жасы үлкен­дер­дің ара­сын­да да көп. Жастар­дың жағ­дайы қазір оңай емес. Бар­лық елді ояту үшін жал­пы халы­қтың көзін ашу керек. Шын­ды­қты тара­ту – біздің қолы­мы­зда, ол біздің бар­лы­ғы­мы­здың борышымыз.

– Сіздің пікіріңіз­ше, Қаза­қстан­ды мем­ле­кет ретін­де жарға жығуы мүм­кін қан­дай қатер­лер­ді айта алар едіңіз?

– Өтірік пен жемқор­лық ұлт­тық сая­сат дең­гей­ін­де көрініс тауып, сонау үкі­мет­тен бастап, поли­ция мен меди­ци­на қыз­мет­кер­лерінің дер­тіне айна­лып, мем­ле­кет­тің сүй­е­гіне сіңіп кет­ті. Тіп­ті жақын­да болған Аға­діл­дің қаза­сы­на қаты­сты қай­ғы­лы оқиға­дан әділ­дік табу былай тұр­сын, шын мәнін­де не болға­нын біле алмай, оңа­ша­да қал­дық. Елі­міз­де тәу­ел­сіз БАҚ, қуат­ты пар­ла­мент, әділ сай­лау мен сот аты­мен жоқ. Біз мәсе­ленің түп-тамы­рын емес, одан шыққан сал­дар­ды ғана шешіп келе­міз. Жүй­елі мәсе­ле­лер­дің шеші­мін тап­па­сақ, оның сал­да­ры­мен мәң­гі күресіп жүре береміз.

Егер тиісті заң­дар өзгер­мей­тін бол­са, келе жатқан пар­ла­мент сай­ла­уы – театр қой­ы­лы­мы, ал оған түскісі кел­ген­дер – әртіс екенін еске салғы­мыз келеді. Рефор­ма жүр­гі­зу үшін сая­си тірек орна­тып алып, сай­ла­у­ға дей­ін ойын шар­тын өзгер­туі­міз керек. Енжар­лы­ғы­мыз бен жүйе құрған ойын шар­тта­ры­на бағы­нуы­мыз Қаза­қстан­ның құз­дан құла­у­ы­на алып кел­мек. Жарға жығы­лу деген, менің­ше, осы!

– Шынайы әрі өткір әңгі­меңіз­ге рах­мет! Қолға алған аза­мат­тық істеріңіз бүкіл қоғам­дағы үлкен өзгерістер­ге баста­ма бол­сын! Газет редак­ци­я­сы­ның аты­нан сіз арқы­лы бүкіл қаза­қстан­дық қыз-келін­шек­тер қауы­мын көк­тем мере­кесі­мен құттықтаймыз!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн