Пятница , 4 июля 2025

НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫП КЕЛЕ МЕ?

«Уат­сап» желісі арқы­лы төмен­де­гі­дей хабар тарап жатыр

(қаз-қал­пын­да):

Гово­рят, 5 мар­та на полит­со­ве­те пар­тии «Нур-Отан» Нур­сул­та­на Назар­ба­е­ва все­рьёз попро­сят вер­нуть­ся на пост пре­зи­ден­та, и он вели­ко­душ­но согла­сит­ся во имя нации. 

Имен­но поэто­му сей­час неки­ми сила­ми актив­но нагне­та­ют­ся кон­флик­ты в Казах­стане. Собы­тия в Кор­дае, Тен­ги­зе, Зай­сане актив­но транс­ли­ру­ют­ся, что­бы очер­нить Касым-Жомар­та Тока­е­ва. Мол, Тока­ев не спра­вил­ся и толь­ко Назар­ба­ев может наве­сти поря­док в стране. Гово­рят, что всё идёт к тому, что елба­сы сно­ва воз­гла­вит офи­ци­аль­но страну.

Осы ақпа­рат­та айты­лған мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты қоғам өкіл­дерінің ара­сын­да сау­ал­на­ма жүр­гізіп, жау­а­бын оқыр­ман қауы­мға ұсы­нып отырмыз.

  1. Сіз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың пре­зи­дент­тік постқа қай­тып келу мүм­кін­ді­гін қалай бағалайсыз?
  • Егер «Нұр Отан­ның» сая­си кеңесін­де осы мәсе­ле қозға­лып, бұл жағ­дай сая­си науқанға айна­ла­тын бол­са, Қаза­қстан халқы жап­пай қар­сы­лық қозға­лы­сы­на шығуы мүм­кін бе?

Мұх­тар ТАЙЖАН, қоғам қай­рат­кері:

1.Нұрсұлтан Назар­ба­ев пре­зи­дент­тік лау­а­зы­мға қай­та ора­ла­ды деген өсек­ке сен­бей­мін, мүм­кін емес. Биыл 80 жасқа келетін адам. Пре­зи­дент­тік лау­а­зым бір кетіп, қай­тып келетін ойын­шық лау­а­зым емес қой.

2.Екіншіден егер Назар­ба­ев қай­та­дан пре­зи­дент­тік­ке кел­се, халық нара­зы болып, көше­ге шыға­ты­ны – фан­та­сти­ка. Кел­се шыға­ды деп, сенім­ді түр­де айта алмай­мын. Халық мұхит сияқты, тып-тыныш қалып­та тұрға­ны­мен, ертең­гі күні алас ұрған­дай толқы­ма­сы­на кім кепіл?

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ, әле­умет­тік желі белсендісі:

1. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың пре­зи­дент­тік постқа қай­тып келуі мүм­кін емес сияқты, өйт­кені егер сон­дай жағ­дай бола қал­са, ол мем­ле­кет­тілік­ке деген сенім­нің мүл­дем жоға­лып, оның құрып кетуіне әке­лер еді. Қазір сырт көз­ге бол­са да, халық екі басқа­ру орта­лы­ғы­на көн­дік­кен­дей болып отыр, алай­да мұн­дай жағ­дай­дың тым ұзақ мерзім­ге сақта­лып тұра алма­сы да айқын. Елде бір бас­шы бол­май, тәр­тіп бол­май­ты­ны көз­ге көрініп тұр – ірі дәре­же­де­гі шене­унік­тер кім­ге бағы­на­рын біл­мей, сасқа­лақта­у­шы­лық бар сияқты болып көрі­неді. Тоқа­ев­тың көп­те­ген жақ­сы баста­ма­ла­ры­ның орын­дал­май, аяқ­сыз қалып келе жатқа­ны – осы жағ­дай­дың анық көрінісі. Назар­ба­ев­тың пре­мьер-министр болу мүм­кін­ді­гі түгел­дей Кон­сти­ту­ци­я­ны қай­та қара­уға алып келеді. Онсыз да мың­даған түзе­ту­лер енгізіл­ген Кон­сти­ту­ция Назар­ба­ев­тан кей­ін қай­та қабыл­да­на­ты­ны айқын.

2. Деген­мен де, Назар­ба­ев пре­зи­дент­тік постқа қай­та келетін бол­са, бұл халық ара­сын­да, сон­дай-ақ ірі шене­унік­тер ара­сын­да да қол­дау тап­пай­ты­ны анық. Ал халық жап­пай көше­ге шыға ма, шық­пай ма – оны тап қазір дәл болжау қиын. Халық мұны үнсіз іштен тына қабыл­да­уы да мүм­кін неме­се бұрқ етіп, бір­ден көше­ге шығып кетуі де мүм­кін. Бірақ үнсіз іштен тына қабыл­дау деген – халық сол шешім­ге көнеді, қар­сы емес деген сөз емес. Басқа­ру­дың 30 жылғы нәти­же­сін көз­бен көріп оты­рған халы­қтың мұн­дай роки­ров­каға нара­зы­лы­ғы күрт өсетін­ді­гі жай көз­ге көрініп-ақ тұр.

Мир­бо­лат МЫРЗАТАЙҰЛЫ, жур­на­лист:

1. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев де-юре Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы, тұңғыш пре­зи­дент, елба­сы. Одан артық оған қан­дай атақ-даңқ қажет? Де-факто ол қазір­гі қуыр­шақ пре­зи­дент­тің үсті­нен қарап, қажет жерін­де жіп­тен тар­тып, ойнап отыр. 30 жыл бойы қалып­тасқан сая­си жүй­е­де «қосы­лғы­штар­дың орнын өзгерт­кені­мен, қосын­ды өзгер­мей­ді» деген темірқа­зы­қтай қағи­да қалып­тасқан. Оны жемқор­лы­ққа әбден малы­нған билік­те­гілер өлсе де өзгерт­кісі кел­мей­ді. Жемқор­лы­қтың тамы­ры тым терең жай­ы­лға­ны сон­ша­лық, кез кел­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет жаға­лаған­дар үшін ол «кәсіп­тің» бір көзіне айнал­ды. Ал мұн­дай сатқын жүй­енің ғұмы­ры ұза­ққа бар­май­ды. Тіп­ті мем­ле­кет­тің жой­ы­лып кету қауі­пі бар. Қазір қара қытай­дың қазақ жерін бір­тін­деп жау­лап жатуы – соның бір көрінісі ғана. Ресей­дің үстем­дік құру сая­са­ты аста­рын­да да сол жемқор­лық жатыр. Әйт­пе­се ары таза адам «әрі жүр» деп өз халқы­ның мүд­десі үшін әлдеқа­шан ашық айта алар еді. Сатқын билік­тің көме­кей­іне көк қағаз тығы­лып, жақ­ша ішін­де «инве­стор­ларға» үні шық­пай қалға­ны қашан. Ал өзінің құқы­ғын талап еткен қара халы­қты қамап-жан­шу­дан алда­ры­на жан сал­май­ды. Менің ойым­ша, Назар­бай­дың қай­тып келуі екіта­лай. Қазір­гі жағ­дай Назар­бай үшін өте қолай­лы. Соңғы уақыт­та қазақ қоға­мын­да орын алған түр­лі келеңсіздік­тер­ге оның «еш қаты­сы жоқ». Бәріне Тоқа­ев кінәлі.

2. Егер қай­тып кел­се, бар жағ­дай­ға өзі жау­ап беруіне тура келеді. Оның үстіне сел­кіл­деп сек­сен жас та келе жатыр. Сон­ды­қтан халы­қтың көп­тен бер­гі арма­ны пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка құра­мыз деп билік басы­на Дариға­сын әке­луі де мүм­кін. Әзір­ге ҰҚК-нде оты­рған Самат Әбі­штің де ертең жарқ етіп шығуы ғажап емес. Қалай десек те, «пре­зи­дент­тік­ке әркім­нің бар тала­сы» демек­ші, түр­лі қар­жы­лық топ­тар да бұл тар­ты­сты тала­ста қарап қал­ма­сы анық. 30 жыл бойы әбден басып-жан­шы­лып, шүкір, тәу­бе­ге уланған қазақ билік­ке қар­сы жап­пай көтеріліс­ке шыға­ды деп ойла­май­мын. Қазақ жері­нен айы­ры­лып, сырт­тан жау шап­са ғана бұрқ ете қалуы мүм­кін. Бірақ ол кез­де бәрі кеш болады…

Жанат ЕСЕНТАЙ, қоғам бел­сен­дісі:

  1. Менің болжа­уым бой­ын­ша, осы жылы 9 наурыз­га дей­ін Назар­ба­ев өз отба­сы­нан Дариға­ны пре­зи­дент­тік­ке оты­рғы­зуы мүм­кін. Өзі қай­тып келеді деген­ге сен­бей­мін. Сол Қауіп­сіздік кеңесін­де төраға болып оты­ра­ды, онсыз да бар билік өз қолын­да емес пе?!
  2. Егер Назар­ба­ев пре­зи­дент­тік­ке қай­тып келетін бол­са, халық бас көтеріп, нара­зы­лы­ққа шыға­ды. Укра­и­на­ның аст­ро­ло­гы болжаған­дай, Назар­ба­ев билі­гі 2020 жыл­дың аяғы 2021 жыл­дың көк­те­міне дей­ін елден қаша­ды деген еді. Сол болжам­ның бір шын­ды­ғы бар сияқты.

Арай­лым НАЗАРОВА, қоғам бел­сен­дісі:

1. Бұл хабар­ла­ма­ны оқы­ған­да, бірін­ші ауы­зға кел­ген сөз: «Құдай сақ­та­сын!». Қаза­қстан­дық әр аза­мат осы­лай деді-ау. «Нұр Отан­ның» съезін­де бұл жағ­дай көтеріл­мей­ді деп ойлай­мын. Бірін­ші­ден, «Нұр Отан» пре­зи­дент­ті тағай­ын­дай­тын, халық аты­нан сұрай­тын­дай кім?! Екін­ші­ден, біз­де пре­зи­дент тағай­ын­дал­май­ды, сай­ла­на­ды. Елі­міздің про­бле­ма­сын шешу үшін, Назар­ба­ев­тың қай­тып келуі емес, мүл­дем кетуі керек. «Нұр Отан» одан да елі­міздің əле­умет­тік, сая­си, эко­но­ми­ка­лық, ұлта­ра­лық, тіл сияқты мəсе­ле­леріне көңіл аудар­сын. Ал тара­лып жатқан ақпа­рат елдің құлағын қағу деп ойлай­мын. Бұл – ешбір логи­каға сый­май­тын нəрсе.

Сөз­сіз солай бола­ды деп ойлай­мын. Бұл жағ­дай­да ешкім үнде­мей қал­мас. Соңғы уақыт­та Қаза­қстан­да аза­мат­тық бел­сен­ділік көтеріліп келе жатыр. Қазір көп­шілік қоғам­дағы жағ­дай­ға бей­жай қара­май, өз пікірін, ойын жет­кізу­ге тыры­са­ды. Егер бұл мəсе­ле көтеріл­се, бар­лық қоғам бел­сен­ділері, ешқа­шан қар­сы­лы­ғын ашық біл­дір­мей жүр­ген­дер де қар­сы­лық акци­я­ла­ры­на шыға­ды деп ойлаймын.

Ринат РАФХАТ, құқы­ққорға­у­шы, қоғам белсендісі:

  1. Құқы­ғы тап­талған Қаза­қты – әлі де қаза­қтың құқы­ғын тап­тай­тын­дар басқа­рып отыр ғой…

Бұл «Уат­сап­пен» таралған сау­ал­на­ма бол­са да, халы­қтың көкей­ін­де жүр­ген сау­ал­дар екен. Иә, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның 26–27 ақпан­да бола­тын кезек­ті XIX съезін не себеп­тен наурыз айы­ның 18-не созды? Алаң­датқа­ны осы бол­ды. Бұған себеп – елде­гі азды-көп­ті нара­зы­лы­қтар және соңғы­сы Қор­дай ауда­нын­дағы қақты­ғыс түрт­кі бол­ды деп ойлай­мын. Осы оқиға съезді кері шегеріп, науры­здың 5‑не сая­си кеңес бюро­сын өткізу­ге шешім қабыл­датқан секіл­ді. Бұл тағы да мен үшін жаңа­лық емес. Әдет­те­гі­дей, кеңей­тіл­ген оты­ры­ста күн тәр­тібіне сәй­кес осы уақы­тқа дей­ін пар­ти­я­ның съез­дер­де қабыл­данған шешім­дерінің орын­да­лу бары­сы, пар­тия жұмысын жаңғыр­ту, т.с.с мәсе­ле­лер талқы­ла­на­ды деп ойлай­мын. Бұл үйрен­шік­ті, халы­қтың жадын­да сақталған көне тәсіл­дері ғой. Соны­мен қатар алда өтетін пар­ла­мент сай­ла­у­ы­на пар­ти­я­ның қаты­суы тура­лы бір сарын­дағы сай­лау алды бағ­дар­ла­ма­сы талқы­ла­нып, сая­си кеңес бюро­сы­ның мүше­лері жаңар­ты­ла­тын болар. Сосын 18 науры­зда өтетін съез­де пар­ти­я­лық тізім бой­ын­ша жаңа құрам жасақта­лып, сай­ла­у­ға дай­ын­ды­қты бастай­ды деп ойлай­мын. Сон­ды­қтан бұл фор­маль­ды түр­де өтетін пар­ти­я­ның «кезек­ті» жиы­ны. Себебі қазір­гі пар­ла­мент­те жетек­ші пар­тия – «Нұр Отан» ғой.

Назар­ба­ев кет­кен жоқ. Сон­ды­қтан ол «келе ме, оты­ра ма?» деген сау­ал­дар маған маңы­зды емес. Қазір пре­зи­дент бол­ма­са да, Назар­ба­ев бар­лық билік тіз­гінін қолы­на жинап алды емес пе? Өзі құрған билік жүй­есі­мен отыз жыл­да Қаза­қстан­ды табысты және өркен­де­ген елге айнал­ды­руға қабілет­сіз екен­ді­гіне бұл күн­де сая­сат­тан тыс адам­дар­дың көзі әбден жет­ті. Айна­ла­сын­да әлі де ескі жүй­енің өкіл­дері басым. Аны­ғын­да – ол отыр. Сон­ды­қтан «Назар­ба­ев келе ме?» деген сұрақ менің ақы­лы­ма сый­май­ды. Ол отыр және бар! Бір жағы­нан, қоғам­дағы қазір­гі жағ­дай ушы­ғып жатыр. Сая­сат та, тәр­бие де, ұлт­тық идео­ло­гия да көлең­ке­де қал­ды. Ал ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды жаңғыр­ту ісі әлі күн­ге қолға алы­нған жоқ. Ескір­ген ком­пра­дор­лық, жемқор­лы­ққа батқан сая­си жүйе тоқы­рау кезеңіне әкел­ді. Кім кінәлі осы­ған? Жау­а­бы: Назар­ба­ев құрған сая­си жүйе!

  • Бұл тұрғы­да көп іс қоғам­ның өзіне бай­ла­ны­сты бола­ды. Дәл қазір­гі уақыт­та қоғам­ның бұл жүй­е­ге деген нара­зы­лы­ғы күн санап арту­да. Сон­ды­қтан де-факто қар­сы­лық бола­ды деп есеп­тей­мін. Күні кеше қаза­қтың аптал­дай аза­ма­ты, 6 бала­ның әкесі, елі мен жері үшін шырыл­дап, түр­лі қысым­ды көр­ген аза­мат­тық бел­сен­ді Дулат Аға­діл бауы­ры­мыз өмір­ден өтті. Сон­да көріңіз, ашы­нған, Дулат­ты жоқтаған жана­шыр халық Назар­ба­ев­тан бастап төмен­ге қарай сыба­ды. Себебі айдың-күн­нің ама­нын­да уақыт­ша ұстау изо­ля­то­ры­нан о дүни­е­ге атта­нуы қабы­рға­мы­зды қай­ы­стыр­ды. Бұны неге айтып отыр­мын? Ішкі Істер мини­стр­лі­гі, ҰҚК секіл­ді құзыр­лы орган­дар­дың бәрі-бәрі қазір Назар­ба­ев­тың қолын­да. Адам өліп, қай­ғы жұтып жатқан­нан кей­ін, еш рефор­ма­сыз кәкір-шүкір «бас­шы­ла­рын» тауып, ауы­сты­ра сала­ды. Міне, елдің титы­ғы­на тиіп, ашын­ды­ра­тын осын­дай жағдай.

Ол пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка жағ­дай­ын­да сай­ла­уда басым дауы­сқа ие болған пар­ти­я­ның жетек­шісі ретін­де пре­мьер-министр болу мүм­кін­ді­гі де жоқ. Ол үшін ең алды­мен бір­не­ше рет өзгер­ген Кон­сти­ту­ци­я­ның (жаман бол­са да Ата заңы­мыз ғой) 2‑бап 1‑тармағында: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы – пре­зи­дент­тік басқа­ру ныса­нын­дағы бір­тұ­тас мем­ле­кет» деген­ді алып тастаған­да ғана іске аса­ды. Ал дәл қазір­гі уақыт­та Кон­сти­ту­ци­я­ның бір­де-бір бабын өзгер­ту­ге олар­дың жүрек­тері дау­а­лар емес. Қоғам күн сай­ын, тіп­ті сағат сай­ын толы­қтай демо­кра­ти­я­лық режим­ге көшуді қалап, соны талап етіп отыр.

Ақма­рал ҚАМБАРҚЫЗЫ, қоғам бел­сен­дісі:

  1. Негізі өсек, лақап деген­ге ешқа­шан көңіл аудар­май­тын адам­мын. Негіз­сіз болжа­у­лар­ды да ұна­та бер­мей­мін. Пары­қтап қарай­тын бол­сақ, елба­сы­ның қай­тып «тәж» тағы­нуы­на мүд­де жоқ және заң тұрғы­сын­да бұн­дай мәсе­ле пре­зи­дент­тік сай­ла­уда ғана шешіледі. Дәл қазір­гі қалып­тасқан жағ­дай­да елба­сы «тәж­ге» мүд­делі емес, қай­та «тәж» елба­сы­ға мүд­делі екенін біле­міз. Өйт­кені жаңа пре­зи­дент өз сая­са­тын тек ескі пре­зи­дент­тің үйле­стіруі­мен, оның қатаң бақы­ла­у­ы­мен, соның келісі­мі­мен, соның мақ­са­тын­да ғана жүр­гі­зе ала­ды. Елба­сы «тәж­ден» бас тар­тқа­ны­мен, оның тыл­сым күшін өзі­мен ала кет­ті. Ол беделін пай­да­ла­нып, еле­улі шек­тен тыс ықпал ету үстем­ді­гін сақтап қал­ды. 2017 жылы пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма тура­лы, пар­ла­мент рөлін көте­ру жөнін­де ұсы­ныс тастаға­ны есі­міз­де. Жаңа пре­зи­дент­тің мем­ле­кет­те­гі ман­сап­ты орын­дарға тағай­ын­дау шеші­мін ескі пре­зи­дент­пен келісіп тағай­ын­да­уы нағыз орта­лы­қтың қай­да екенін көр­се­те­ді. Демек, Тоқа­ев өз өкі­метінің ман­сап­ты тұлға­ла­рын мең­ге­ре алмай­ды деген сөз. Қазір­гі жағ­дай осы­ған дәлел. Тоқа­ев елді «демо­кра­ти­я­лан­ды­ра­мын», – дей­ді. Ал «Митинг тура­лы» заң жоба­сы оның сөз­деріне күмән туғы­за­ды, Ішкі істер мини­стр­лі­гі оның сая­са­ты­на қара­ма-қай­шы іс-әре­кет­тер жасай­ды. Елде «қос билік­тік» орын алды деп сарап­шы­лар баға бере баста­ды. Бірақ елі­міз­де дәл қазір­гі болып жатқан жағ­дай елде тағы бір үшін­ші күштің пай­да болға­нын мең­зей­тін сияқты. Жаңа пре­зи­ден­ті­міз Тоқа­ев­тың абы­рой­ын кеміту, ел алдын­да беделіне нұқ­сан кел­ті­ру осы күштің іс-әре­кетіне мең­зей­ді. Біз пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­каға жет­кен­ше қай заман? Сон­ды­қтан «өлмес Кащей» ерте­гілер­де ғана бола­ты­нын жады­мы­зда ұстайық.
  2. Біздің Қаза­қстан халқы «түйе тап­тап кет­се де», жап­пай қар­сы­лық қозға­лы­сы­на шық­пай­тын шығар… Деген­мен, қоғам­да «тәж­ге» хан­шай­ым талас­са, жап­пай қар­сы­лық туын­дай­ды деген сенім де бар.

Дай­ын­даған – Айман ОСПАНОВА,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн