Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІН САТУ саясатына қарсы тұрайық!

Сонау «еге­мен­ді­гі­мізді алдық» деген­нен бастап, өзін-өзі пре­зи­дент етіп сай­лап алған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың есіл-дер­ті тек шексіз бай­ып, бүкіл әулетін бай­ы­тып алу ғана емес, түп­кі арам ойы – қаза­қтың жерін қаза­қтар­дан ада етіп, жалаңа­штау еді. Кол­хоз-сов­хоз­дар­ды тарқа­тып, мал-мүл­кін талан-тара­жға салып, халқын торғай­дай тоздыр­тып қана қой­май, қай­ыр­шы­лы­ққа ұшы­ра­тып, тезек тер­гізіп, қаңғыр­тып жібер­генін көр­ген соң, сол мақ­са­ты орын­далған сияқты. 

Туған ауы­лы­нан басқа барар жері, басар тауы қал­маған ауыл адам­да­ры­ның (қаза­қтар­дың) тір­шілік аясын одан сай­ын тары­л­ту үшін небір амал-айла ойлап тап­ты. Сол айла­ның бірі – жеке­ше­лен­ді­ру деген сая­сат­пен қаза­қтың біраз жерін кір­ме-келім­сек­ке тара­тып бер­ді. Мәсе­лен, Қаза­қстан­ның сол­түстік өңірін­де едәуір жер­ді ата­уы қаза­ққа қаты­сы жоқ «Богви» және «Бас­ко» деген Жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­стік­тер иеленіп кет­ті. Қаза­қстан­ның сол­түстік­те­гі облы­ста­рын «жары­лқай­мыз» деп кел­ген пері­ш­те бей­нелі жаңағы «серік­те­стік­тер» ауыл­ды­қтар­ды алдап соғып, жер­леріне ие болып алға­ны­мен қой­май, иелік­терін­де­гі мил­ли­он­даған гек­тар егістік жер телім­дерін екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­ге (ЕДБ) кепіл­дік­ке қой­ып, «қары­зға» деп, мил­ли­ард­таған қар­жы ала бастады.

Ал ауыл­дар­дағы шаруа адам­да­ры­на жаңағы ЖШС-лар­дан қалға­ны – қай­ыр­шы­ның садақа­сын­дай небәрі 5 пай­ыз үлес (жар­на) қана еді. Жыл­дың аяғын­да ол серік­те­стік­тер сол үле­стің өзін бұл­дап, жар­на­шы­ларға шіри бастаған қар ара­лас жем-шөп беретін. Ақы­ры келіп, жеке мен­шік серік­те­стік­тер өздерін қол­дан жасаған банк­ро­тқа ұшы­ра­тып, ауыл тұрғын­да­рын жер­сіз қал­дыр­ды. Ал банк­тер бол­са, «қары­зда­ры­ң­ды қай­тар­ма­ды­ң­дар» деп, шару­а­лар­дың кепіл­дік­ке қой­ы­лған мил­ли­он­даған гек­тар егін­дік, шабын­дық жер­лерін тар­тып алды. Осы­лай­ша билік­тің нақақ сая­са­ты сал­да­ры­нан қаза­қтар­дың ата-қоныс жер­лері саудаға салы­нып кетті!

Мыса­лы, 2016 жыл­дың көк­те­мін­де Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­дағы Ақжар ауда­ны­на қарас­ты Бостан­дық ауы­лы тұрғын­да­ры­ның 6 мың гек­тар жері пре­зи­дент­тің мора­то­рийі шыққа­ны­на қара­май, қал­та­лы аза­мат Ибра­гим Сат­ты­ба­евқа саты­лып кет­кен еді. Сон­дағы қаза­ғы­ның жері үшін от алып, ораққа түс­кен Қай­ыр­лы Омар екі жылға сот­та­лып кете бар­ды. Қай­ыр­лы­ның бар жазы­ғы – жері­міз бен астық қой­ма­ла­ры­ның Қытай­ға саты­лып жатқа­ны жай­ын­да мәлім­де­ме жасаға­ны болатын.

Сол сияқты Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның Үржар ауда­нын­да «Бәтуә» ЖШС-сы 92 мың гек­тар­дан астам жер­ді қытай ком­па­ни­я­ла­ры­мен бір­ге игер­мек­ші болып, қытай­дан аумақты инве­сти­ция алып, ол аздай, мем­ле­кеті­міздің есебі­нен көлем­ді суб­си­дия алға­нын жария еткені үшін қоғам бел­сен­дісі Айдын Еге­уба­ев­ты сотқа тар­тқы­зып, бас бостан­ды­ғын екі жылға шек­теу жаза­сы қаны­мы­зды қай­нат­ты. Ең масқа­ра­сы – сот­тың шеші­мі­мен әлгі 92 мың гек­тар жер­ді мем­ле­кет­ке қай­тар­са да, соған қара­май, Айдын­ды кінәлі етіп, сот­тап жібер­гені еді! Сөй­тіп сот заңға қара­ма-қай­шы шешім қабылдады.

Бер­тін келе тағай­ын­далған ауыл шару­а­шы­лық мини­стрі Асқар Мыр­за­хме­тов: «Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на жарам­ды 100 мил­ли­он гек­тар жер­ді тек өзі­міздің халы­ққа ғана емес, шетел­дік­тер­ге де 49 жылға жалға бере­міз» деуі сол-ақ екен, айы­на бір мил­ли­он тең­ге жалақы алып оты­рған «жал­да­ма­лы» депу­тат­тар­дың біре­уі де қар­сы кел­мей, бұл шешім­ді қол­дап, бас шұлғып шыға кел­ді. «Тоқал ешкі мүй­із сұрай­мын деп, құлағы­нан айы­ры­лып­ты» деген­дей, біз, яғни қазақ ұлты 25 жыл­ды жалға беру­ге көп­сініп жүр­сек, жүрек­тері елжіре­ген мыр­за­лар Ата­ме­кен жері­мізді қытай­ларға 49 жылға «жалға» бере сал­мақ­шы бол­ды! Міне, содан бері бір­не­ше жыл өтсе де, жер дауы мәсе­лесі өрші­ме­се, басы­лар емес.

Ақпан айын­да (04.02.2020) Ақжар ауда­ны­ның (СҚО) орта­лы­ғы Тал­шық қала­шы­ғы­на орна­ласқан астық қабыл­дау эле­ва­то­рын­да шаруа адам­да­ры­ның, яғни жер үлес­кер­лерінің жал­пы жина­лы­сы (фото) бола­ды деген соң, Щучье қала­сы­нан жет­кен едім. Жина­лы­сты ашқан «Астық Агро» ЖШС-ның дирек­то­ры, ресей­лік аза­мат Шин­ма­ер Вла­ди­мир­дің құры­л­тай­шы­сы Мұста­фа Дәу­рен­нің өкілі Хасе­нов Бикен жиналған халы­ққа уәдені үйіп-төгіп беріп жат­ты. Сон­дағы­сы – 2014 жыл­дан бері үле­сақы­ла­рын ала алмай, сор­лап жүр­ген үлес­кер­лер­ге осы жылы 6 ақпан­нан бастап үле­сақы төлеу болға­ны­мен, Бостан­дық ауы­лы­ның тұрғы­ны, үлес­кер Қай­рат Қали­ев­тың айтуы­на қараған­да, уәде орын­дал­май, әлі ешкім де жер үшін төле­мақы­сын алмаған…

Сөзім жалаң бол­мас үшін, бір­не­ше мысал кел­тірей­ін. Сол жина­лыс болған күн­гі кім­нің не айтқа­ны жай­ын­да бей­не­тас­паға түсіріп, дик­то­фонға жазып алға­ным бой­ын­ша, Бостан­дық ауы­лы­ның тұрғы­ны, «Энер­го­аг­ро» ЖШС-ның үлес­кері Ерға­ли­ев Мар­лен Жам­бы­лұлы­ның 161 гек­тар жері­нен қара­дай айы­ры­лып, бар­маған жері, бас­паған тауы жоқ. Өзін ЖШС-ның тізі­мі­нен заң­сыз шыға­рып тастаған Смағұ­ло­ва Шол­пан­ның үсті­нен арыз жазып, Ақжар ауда­ны­ның про­ку­ро­ры­на, соты­на шағым­данға­ны­мен, күні бүгін­ге дей­ін құқық қорғау орган­да­ры шағы­мын сағы­здай созып, ешқан­дай шара қол­дан­бай жүр­генін айтты.

Сол аудио­жа­з­баға дауы­сы түс­кен Ақжар ауда­ны­на қарас­ты Қазан ауы­лы­ның тұрғы­ны Айжан Тұр­сым­бе­ко­ва: «2018 жылы тен­дер­ден 400 гек­тар жай­ы­лым жер ұтып алып едім, соны жер бөлі­мінің басты­ғы Төре­жа­нов Болат­тың «жеріңнің қағаз­да­рын өзім жөн­деп бере­мін» дегеніне бекер алданған екен­мін. Аудан­дық әкім­шілік жаңағы жай­ы­лым жер­ді «біз қате­лесіп, саған егістік жер­ді беріп қой­ып­пыз» деп, ауы­зда­рын қу шөп­пен сүр­тіп отыр. Мен жер­сіз қал­дым. Біл­мей­мін, жанұям­ды қалай асы­рай­мын?» – дейді.

Қызы­л­ту ауы­лы­ның тұрғы­ны Бабит Сер­гей: «Үлес­кер болып алған 150 гек­тар егістік жерім­ді жалға бер­се, ешқан­дай инвес­тор­сыз-ақ өзім жыр­тып, өзім сеуіп, асты­қты өзім жинап алар едім, аудан­дық жер коми­теті көн­бей отыр. Бұл аталған жер банк­те кепіл­дік­те тұр», – деген жау­ап алдым деп қынжылады.

Бостан­дық ауы­лы­ның тұрғы­ны үлес­кер Бота­гөз Қабы­ло­ва «Агро­энер­го» ЖСШ-ның өкілі Хасе­нов Бикен­ге: «2014 жыл­дан бері үле­сақым­ды ала алмай жүр­мін. Қашан ақшам­ды төлей­сің­дер?! Өтірік айтуға шар­ша­ма­ды­ң­дар ма?!» – деді. Оған Хасе­нов: «2017–2018 жыл­дар үшін үле­сақы­ла­ры­ң­ды төледік, енді ақпан айы­ның аяғы­на дей­ін 2014–2015 жыл­дар үшін үле­сақы­ла­ры­ң­ды төлей­міз», – деп «жары­лқай» салды…

Ақжар ауда­ны­ның тұрғы­ны Кур­да­е­ва Тама­ра 2017–2018 жылғы үле­сақы­сы – 174 000 тең­гені, 2019 жылғы үле­сақы­сы – 94 000 тең­гені әлі алмап­ты. Попо­вич Надеж­да 2017–2018 жыл­дарғы үле­сақы­сын ала алмай жүр.

Бостан­дық ауы­лы­ның қоғам бел­сен­дісі Қай­рат Қали­ев­тың: «Жері­міз банк­тер­де кепіл­дік­те тұр­са, оның үле­сақы­сын қалай төлей­сің­дер және ол кепіл­дік­те­гі жер­ді қалай пай­да­ла­нуға бола­ды? Шарт бой­ын­ша үле­сақы­мы­здан 5 пай­ыз салық төле­уі­міз керек екен, ал біз­дер неге 10 пай­ыз салық төлей­міз?» деген сұрағы­на Хасе­но­втан: «Ақпан­ның аяғы­на дей­ін жер­леріңді кепіл­дік­тен боса­та­мыз. Бұры­нғы серік­те­стік­тер­мен жасалған келісім­шар­ттар­дың күшін жой­ғы­за­мыз», – деген жау­ап алды.

Бір кез­дері бай­лы­ғы асып-тасы­ған, өркен­де­ген бұры­нғы сов­хоз орта­лы­ғы Бостан­дық ауы­лы­ның жағ­дайы әбден асқы­нып, жар­ты­лай халқы туып-өскен ыстық қоны­сын тастай қашып, күн­көріс үшін қала­ларға көшіп кет­кен­дік­тен, үйлерінің қирандысы – қалқиған қабы­рға­ла­ры мен пеш­терінің сорай­ған мой­ын­да­ры ғана қалып­ты. Баяғы кеңес кезін­де­гі жер­дің белін қай­ы­сты­рған мил­ли­он­даған бас мал­дан еш бел­гі қал­мап­ты, құла­зы­ған дала жым-жылас, жылан жалап кет­кен­дей! Даңға­ра­дай үлкен мал қора­ла­ры­ның төбе­лері орта­сы­на түсіп, тек қалқиған қабы­рға­ла­ры ғана бұл жер­лер­де бір кез­дері қызу тір­шілік­тің болған­ды­ғы­нан хабар бергендей.

Кеңес үкі­меті кезін­де менің туған ауы­лым­да 50 шақты үй бар еді. Еге­мен­дік алған­нан кей­ін бар қалға­ны екі-ақ үй! Басқа үйлер­дің тек қалқиған қабы­рға­ла­ры ғана тұр.

Осы­ның бәрін дик­та­тор Назар­ба­ев не үшін істе­ді?! Біре­улер айта­ды: «ПТУ бітір­ген­дік­тен, ауыл шару­а­шы­лы­ғын өркен­де­ту­ге білі­мі жет­пей қал­ды», – деп. Тағы біре­улер «Нары­қтың заңы солай» деп сандырақтайды…

Жоқ! Мен айтар едім, білі­мі жет­пе­ген­дік­тен емес, Назар­ба­ев­тың қулы­ғы­на най­за бой­ла­май­ды. Ол осы әре­кет­терінің бәрін қазақ ұлты­на қасақа­на жаса­ды. Оның ең басты мақ­са­ты – қаза­қтың дала­сын жалаңа­штап, бос қалған жер­лер­ді Қытай­ға сатып жібе­ру еді! Назар­ба­ев­тың Ақмо­ла, Сол­түстік Қаза­қстан, Шығыс Қаза­қстан, Қоста­най, Ақтө­бе облы­ста­ры­ның эле­ва­тор­ла­рын қытай­ларға сатып жатқа­ны тура­лы газет­тер неге ауыз аша алмай­ды десеңіз­дер, айтай­ын: Назар­ба­ев­тың қаһа­ры­нан қорқа­ды! Халы­қтың ау-жай­ын бай­қап көру үшін, Назар­ба­ев­тың ойлап тапқан айла­сы – 1 мил­ли­он 700 мың гек­тар егістік жер­лері­мізді Қытай­ға 25 жылға жалға (сату деп түсі­ну керек) беру болатын.

Назар­ба­ев­тың айла­кер екенін жұрт­тың бәрі айтып жүр. Бірақ баста­ры­на үйірілетін үрей­ден қорқып, көп­шілі­гі жақ ашпай­ды. Өзі де шық­па жаным – шық­па деп, қал­тыл­дап, күнін әзер көріп оты­рған ауыл­дар­ды одан әрі құр­тып жібе­ру үшін, Назар­ба­ев өзі бас болып, бүкіл әулеті­мен мұн­дағы көмір кен­дерін мен­шік­теп алға­ны­мен қой­май, көмір­дің баға­сы­на ата­ла­ры­ның құнын сұрап отыр! Мен был­тыр осы мәсе­лені көтеріп, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың аты­на хат жазған едім, ақы­рын­да өз басым әуре­ге қалып, мені жемқор­лар­мен күре­су депар­та­мен­тіне шақыртты…

Қазақ мем­ле­кетінің аза­ма­ты ретін­де айта­рым: жер ғасыр­лар­дан келе жатқан ешқан­дай баға жет­пес мұра­мыз, жер­дің егесі – Қазақ ұлты! Енде­ше Ата­ме­кен туған жері­міздің, кін­дік қаны­мыз тамған ыстық қоны­сы­мы­здың ұлта­рақтай жері де ешкім­ге сатыл­май­ды, шетел­дік­тер­ге жалға да беріл­мей­ді! Жер­ден айы­рыл­сақ – Елден айы­ры­ла­мыз! Елден айы­рыл­сақ – тіл­ден, діл­ден, дін­нен айы­ры­лып, Пале­сти­на­ның күй­ін кеше­міз! Әсіре­се Қытай­ға, Ресей­ге бодан бола­мыз, құл боламыз!

Қуа­ныш МҰҚТАЙ,

ақын, қоғам қайраткері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн