Пятница , 4 июля 2025

ТЕҢГЕ ҚҰЛАДЫ – қайыршы халыққа ҚАЙТПЕК КЕРЕК?

  • Соны­мен, бұған дей­ін онсыз да қай­ыр­шы­ның күнін кеш­кен халық үшін мұнай-тең­ге-қар­жы дағ­да­ры­сы бастал­ды. Бұл дағ­да­рыс қай­дан пай­да бол­ды? Енді­гі елге қайт­пек керек? Осы және басқа да сұрқия сұрақтарға жау­ап­ты әле­умет­тік желі­ден ірік­теп алдық

Сауд Ара­би­я­сы (СА) мен Ресей ара­сын­дағы мұнай жан­жа­лы тегін­нен-тегін емес екен. Ресей бас­шы­лы­ғы мұн­дай қада­мға өз ерік­тері­мен барған. ОПЕК келісі­міне 2016 жылы қол қой­ы­лған, алай­да РФ бір­де жасы­рып, бір­де әртүр­лі сыл­та­у­лар айтып, өз мін­дет­те­ме­лерін орын­да­май кел­ген. Соңғы 1,5 жыл­да тіп­ті ашық кет­кен, келісім­ді көпе-көрі­неу бұзған. (Ал кеше бел­гілі болған­дай, Ресей ОПЕК келісі­мі­нен шыққа­нын мәлім­деді – Ред).

Ресей­дің ондағы ойы – аме­ри­ка­лы­қтар сла­нец мұнай­ы­мен нары­қтағы үле­сті алып қоя­тын бол­ды, оған жол бер­меу керек, ол үшін ОПЕК келісі­мі­нен шығып, аме­ри­ка­лы­қтарға мұнай шабуы­лын жасау керек деп шешкен. 

Алғаш рет РФ-ның ОПЕК-тегі өкілі 6.03 күні келісім­нен шыға­ты­нын айтқан­да, бұған ешкім сен­гісі кел­ме­ген. СА мұнай мини­стрі Путин­ге теле­фон соққы­сы кел­ген, алай­да оның пресс-хат­шы­сы: «Путин мұн­дай іске ара­лас­пай­ды», – деп жау­ап берген. 

Сол күні кеш­ке, мәлім­де­ме­ден кей­ін 3 сағат өткен­де, Brent баға­сы небәрі $2,1/баррельге төмен­де­ген. Ката­стро­фа дема­лыс күні, СА жау­ап ретін­де бір­ден $6–8/баррельге түсіре­міз деген­де басталған.

Сөй­тіп алғаш рет РФ өз әре­кетіне қатаң жау­ап алған. Ол «Гру­зи­я­мен, Укра­и­на­мен соғы­спай-ақ қой­саң­шы», – деп мәй­мөң­ке­ле­ген Еуро­па емес, Сири­яда мари­о­нет­ка­ла­рын қырып салып, арты­нан өзі Мәс­ке­у­ге жетіп бара­тын Түр­кия да емес, бірақ қолын­да мықты қаруы бар елден күт­пе­ген соққы алды. 

Енді­гі болжам: 

1) Кремль тез­детіп, ОПЕК-пен келісім сто­лы­на қай­та оты­руы керек. Бірақ, әрине, енді бұры­нғы­дай күні­ге 500 мың бар­рель­ге қысқар­туға емес, оған күні­ге өз өндірісін 1−1,5 млн бар­рель­ге қысқар­туға келі­су­ге тура келеді.

2) РФ бас­шы­лы­ғы ешқа­шан да өз қателі­гін мой­ын­даған емес, істе­ген ісіне өкін­ген емес. Ол үне­мі қан­дай да бір аран­да­ту­ларға бара­ды да, сол жағ­дай бір­тін­деп, жаңа «қалып­тағы жағ­дай­ға» айналады.

Бірақ қазір­гі жағ­дай­да ол РФ-ның қолы­нан келе қой­мас. Өйт­кені бұл эко­но­ми­ка­лық соғыс. Бұл соғы­ста РФ өзі­нен күші анағұр­лым басым, кезін­де СССР-дің өзін тізе бүк­тір­ген қар­сы­ласпен кез­десіп қалды. 

Бұдан 75 жыл бұры­нғы соғы­сты талқы­ла­уды қоя тұрып, қазір­гі (9.03.2020 жылы) басталған соғы­сты талқы­лаған дұрыс, өйт­кені ол жақы­ны­рақ, қызы­қты­рақ және дра­ма­сы бұры­нғы соғы­стан еш кем емес жаза­ды OBOZREVATEL сайты.

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

ҮКІМЕТ кімді алдап ОТЫР?

Мынау қалай болға­ны, ә? Бұл жер­де төніп келе жатқан дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да эко­но­ми­ка­мы­зға СЕРПІН БЕРУ үшін, қан­дай іс-шара қолға алу керекті­гін ойла­сты­ру­мыз керек еді. Ал үкі­мет не істеп жатыр?

Мен мәжілі­сте өткен Салық кодексіне енгізілетін жаңа өзгерістер­дің таны­сты­ры­лы­мы­нан жаңа кел­дім. Үкі­мет эко­но­ми­ка­лық блок – шағын биз­нес үшін қосым­ша құн салы­ғын (ҚҚС) төлеу табал­ды­ры­ғын төмен­де­туді шешті. Бұл нені біл­діреді? Егер бұрын шағын биз­нес кәсі­пор­ны­ның айна­лы­мы бір жыл­да 80 млн тең­ге­ден (30 мың АЕК) асқан­да – 12% ҚҚС төлей бастай­тын бол­са, енді жылы­на 53 млн тең­ге айна­лы­мы бар фир­ма­лар (20 мың АЕК) 12% ҚҚС төлей бастайды!

Үкі­мет бұл қадам­нан бюд­жет­ке қан­дай сома түседі деп күтіп отыр екен? Бар болға­ны – 150 млрд тең­ге! Ал үкі­мет­тің «Самұрық-Қазы­на­дан», өзіне тиесілі бол­са да, алмай­тын заң­ды диви­ден­ді – 1 трлн тең­ге! Яғни, «Самұры­ққа» жүре­гі дау­ла­май, шағын биз­не­сті сауған­ды тәуір көріп отыр! Ал шағын биз­нес деген – ешкім­нің көме­гін­сіз жұмыр­тқа тауып оты­рған тауық қой, бұн­дай тауы­қтың түбіне жет­кен­нен не таба­мыз? Сіз адам­дарға басқа­ша қалай жұмыс тауып бер­мек­шісіз­дер, қалай жұмыс­сызды­қты жой­мақ­шы­сыздар? Назар ауда­ры­ңы­здар­шы, пре­зи­дент шағын және мик­ро­биз­не­сті табыстан түсетін салы­қтан боса­ту­ды тап­сы­ра­ды, үкі­мет осы­ны орын­да­удың орны­на шағын биз­неске жаңа салық – ҚҚС енгізеді! 

Бұл шағын биз­неске салық салуға қаты­сты мүл­де басқа­ша амал ғой! Пре­зи­дент пен үкі­мет­тің тәсіл­де­ме­лерінің бір-біріне қаты­сты ала-құла­лы­ғын бай­қап оты­рға­ным бірін­ші рет емес.

Бұған қоса:

  • Ұлт­тық банк пай­ы­здық мөл­шер­ле­мені бір­ден үштен бір­ге – 9‑дан 12 пай­ы­зға көтер­генін ескер­сек, бұл биз­нес үшін бүкіл кре­дит­тің, жоқ деген­де, үштен бір­ге қым­бат­та­уы­на әкеледі, 
  • интер­вен­ция жасау арқы­лы тең­гені қол­дан жасан­ды түр­де (яғни, ресей­лік тау­ар­мен салы­сты­рған­да, бүкіл біздің тау­ар­ды) қым­бат қылу алтын-валю­та қоры­ның сарқы­луы­на әкеледі. 

Демек, біздің өндіру­шілер тағы да бәсе­ке­ге қабілет­сіз болып қала­ды, шека­ра ашық қой. Сон­да үкі­мет­тің эко­но­ми­ка­лық бло­гы мен Ұлт­тық банк төніп келе жатқан бүкіләлем­дік дағ­да­ры­стан шығу­дың сце­на­рийі бұдан да қатаң болуы үшін тағы не істей ала­ды деген сұрақ туындайды. 

Бұл жер­де тағы бір­деңе ойлап табу қиын, өйт­кені бұл дағ­да­рыс біз үшін мей­лін­ше қатаң өтуі үшін бәрі істелді. 

Олай бол­са, жұмыс­сызды­қтың, бала­лар мен ерлер суи­ци­дінің бұры­нғы­дан бетер артуы­на, жас отба­сы­лар­дың ажы­рас­уы­ның көбе­юіне таң қал­маңыз! Бұлар­дың оба­лы – сіз­дер­де (үкі­мет­те).

Мұх­тар ТАЙЖАН

Comments

  • Мини­стр­лер каби­неті мен Ұлт­тық банк­тің бір­лес­кен мәлім­де­месіне менің түсініктемем.

«Үкі­мет және жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар баға­ның, әсіре­се әле­умет­тік маңы­зы бар тау­ар­лар мен қыз­мет­тер баға­сы­ның негіз­сіз өсуінің алдын алуға ерекше назар ауда­ра­тын бола­ды» депті.

Қалай­ша? Өндіру­шілер тау­ар­ла­ры­ның өзін­дік құны да өседі ғой. Олай бол­са, мүм­кін, сіз­дер олар­дың шикі­за­ты­ның баға­сын өсіруді бол­дырт­пай­сыз? Нет­кен қол­дан жасаушылық!

«Аза­мат­тар­дың еңбек құқы­қта­ры­ның сақта­луы, соның ішін­де жұмыс­шы­лар саны­ның қысқар­ты­луы қатаң бақы­ла­у­ға алы­на­ды» деген екен.

Сон­да өндіру­шілер өз шығын­да­рын қалай рет­те­уі қажет? Егер олар қыз­мет­кер­лер санын, өз шығын­да­рын қысқарт­па­са, тіке­лей банк­ро­тқа ұшы­рай­ды. Үкі­мет­те жеке сек­тор қалай жұмыс жасай­ты­нын білетін біреу бар ма осы?

Рефор­ма­лар қай­да? Мем­ле­кет­тік аппа­рат­тағы қысқар­ту­лар қай­да? Эко­но­ми­ка­ны дамы­туға арналған іс-шара­лар қайда?

Осын­дай сәт­те Ұлт­тық банк өз став­ка­сын көте­ру емес, төмен­де­туі тиіс.

Қысқа­сы, олар бұл жолы да «ауыр­дың үсті­мен, жеңіл­дің асты­мен» өтіп кете­міз, терең рефор­ма­лар­сыз құты­ла­мыз деп сеніп отыр.

Марғұлан СЕЙСЕМБАЙ

Мақсат Халық: БАҒАНЫ БАҚЫЛАУҒА үкіметтің күші жетпейді

  • Қаза­қстан үкі­меті мен Ұлт­тық банк тең­ге тұрақты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету үшін жедел шара қабыл­дай­ты­ны тура­лы мәлім­де­ме жаса­ды. «GSB» биз­не­сті тал­дау орта­лы­ғы­ның сарап­шы­сы, эко­но­мист Мақ­сат Халық «Азатты­ққа» тең­ге құн­сызда­нуы­ның сал­да­ры, үкі­меттің баға­ны бақы­лау мүм­кін­ді­гі, Ұлт­тық банк қабыл­даған шара­ның пай­да­сы мен зия­ны тура­лы айтып берді.

Мұнай баға­сы­ның күрт құл­ды­ра­уы­ның әсері тең­гені құн­сыздан­дыр­ды. Бұл жағ­дай­дың Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на қан­дай ықпа­лы бар?

Біздің халық тұты­ну, өндіріс және тех­ни­ка­лық тау­ар­лар­ды шетел­ден сатып ала­ды. Ол тау­ар­лар шетел валю­та­сы­мен кел­ген­дік­тен, сөз­сіз қым­бат­тай­ды. Бұл жағ­дай халы­қтың төлем қабілет­ті­гіне соққы болып тиеді. Себебі елдің қолын­дағы қара­жат құн­сызда­на­ды. Оның арты инфля­ци­яға айна­луы мүм­кін. Бүгін енді-енді өсіп келе жатқан елдің жалақы­сы қай­та құн­сызда­на­ды деген­ге сая­ды. Халық үшін бұл оңай­ға соқ­пай­ды. Бұған дей­ін ел ішін­де «деваль­ва­ция дол­ларға қаты­сты, біз нан­ды тең­ге­ге сатып ала­мыз» деген пікір болған. Бірақ біз қара­пай­ым тұр­мыстық химия затта­ры­нан бастап, тір­шілік­ке қажет­ті тау­ар­дың көбін шетел­ден әке­ле­міз. Олар­дың да баға­сы қым­бат­тай­ды деген сөз.

Қаза­қстан үкі­меті мен Ұлт­тық банк баға­ны қадаға­лай­мыз дей­ді. Бірақ нары­қты бақы­лау қан­ша­лы­қты мүм­кін нәрсе?

Әрине, үкі­мет баға­ны қадаға­ла­у­ға әре­кет жасай­ды. Бірақ баға­ны тұрақтан­ды­руға күш салу – өте әлсіз тәсіл. Мәсе­лен, шене­унік­тер база­рды бір айна­лып шыққан­да, тұрақты­лық бай­қа­лар. Алай­да келесі күні-ақ баға өседі. Баға­ны тұрақтан­ды­ру­дың негіз­гі жолы – елде қосым­ша зауыт, фаб­ри­ка­лар, тау­ар өндірісі іске қосы­луы тиіс. Мұны қара­пай­ым заттар эко­но­ми­ка­сы дей­міз. Шет­тен келіп жатқан тау­ар­лар­дың орнын баса­тын өндіріс жасау ғана тең­гені нығай­та­ды. Сон­да ғана инфля­ция жоға­ры бол­май­ды. Қаза­қстан­да кеше­гі мұнай баға­сы­ның құл­ды­рап, дол­лар­дың қым­бат­та­уы­на дей­ін де инфля­ция жүріп жат­ты. Сон­ды­қтан үкі­мет­тің «баға­ны қадаға­лап, бақы­ла­уда ұстай­мыз» дегені ештеңені шешпей­ді. Оған күші жетпейді.

Ұлт­тық банк валю­та нары­ғын­дағы жағ­дай­ды рет­те­у­ге әре­кет жасай­ды. Оның қолын­да екі маңы­зды «инстру­мент» бар. Бірін­шісі, пай­ы­здық мөл­шер­ле­ме (БПМ) арқы­лы ықпал ету. Екін­шісі, валю­та резерв­тері, Ұлт­тық қор­дан қара­жат бөлу арқы­лы тең­гені нығай­ту, яғни интер­вен­ция жасау. Ұлт­тық банк соның бірін­шісін таң­дап, пай­ы­здық мөл­шер­ле­мені 12 пай­ы­зға көтер­ді. Бұл бұған дей­ін­гілер­мен салы­сты­рған­да өте көп. Бұрын 0,25 неме­се 0,5 пай­ыз ғана қосып кел­се, осы жолы бір­ден 3 пай­ыз қосты. Тең­генің өзге шетел валю­та­ла­ры­на қараған­да құнын арт­ты­ру деген сөз. Ұлт­тық валю­та­ның АҚШ дол­ла­ры­на шаққан­дағы құны 400 тең­ге­ден асып кет­пе­уі үшін, Ұлт­тық банк­тің жасаға­ны. 400 тең­ге деген Қаза­қстан халқы үшін пси­хо­ло­ги­я­лық тұрғы­да шек болып тұр. Егер одан асса, ел ара­сын­да нара­зы­лық көбей­етіні бел­гілі. Екін­ші қадам – Ұлт­тық қор қара­жа­тын бөлу. Бірін­ші, БПМ-ны көтеріп, одан нәти­же шық­пай жат­са, Ұлт­тық қорға жүгі­ну дұрыс так­ти­ка­лық шешім.

Мұнай­дан бөлек, Батыс санк­ци­я­сын­да оты­рған Ресей руб­лі құн­сыздан­са да, тең­ге­ге осы­лай әсер ете­ді. Тең­генің алдағы уақыт­та ныға­юы­на негіз бар ма?

Тең­генің рубль­ге бай­ла­нуы, бірін­ші­ден, одақтық (Еура­зия эко­но­ми­ка­лық одағы – Ред.) сая­сат­тың сал­да­ры. Жал­пы Ұлт­тық банк тең­ге баға­мын рет­те­уде қажет­сіз әре­кет жасай­ды. Ресей­дің валю­та нары­ғы қат­ты дамы­ған. Олар­дың Орта­лық бан­кі қан­дай әре­кет жаса­ма­сын, алды­мен рубль­дің бүкіл әлем валю­та­ла­ры­на қаты­сты кур­сын бағам­дай­ды. Қаза­қстан Ұлт­тық бан­кі бұл про­це­сті дер­бес жүр­гіз­бей­ді. Бір­ден рубль­ді есеп­ке алып, соның ізі­мен өзгеріс жасай­ды. Рубль құн­сызда­нып жатқан­да, тең­ге ныға­я­ды деп айта алмаймыз.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн