Пятница , 4 июля 2025

Халықтың саяси миссиялық мәні неде?

  • Газет­тің өткен санын­да (11.03.2021) аза­мат­тық қоғам­ның қыз­метін­де­гі үлкен кем­шілік – оның халы­қ­пен бір­ге бола алмаға­нын­да деген пікір біл­дір­ген бола­тын­быз. Бұған қоса, халық деген кім деген сұрақтың жау­а­бын табуға тыры­сқан едік. Енді осы сүр­ле­умен халы­қтың мис­си­я­сы тура­лы ой кешіп көрейік.

Саясат фило­со­фи­я­сы­ның орта­лық иде­я­сы мынау: билік – халы­қты­кі, оны тек халы­қтың өзі ғана жүзе­ге асы­ра алады.

Дана грек­тер ойлап шығарған бұл ұлы фило­со­фия алды­ңғы қатар­дағы өрке­ни­ет­ті елдер­дің тарихын­да өзін толы­ғы­мен ақтап шықты. Батыс қоға­мы­ның бар­лық жағы­нан қары­штап алға басуын қам­та­ма­сыз етті. Гре­кия шын мәнін­де «дүни­е­жүзілік тарих­тағы жарық нүк­те» (Г. Гегель) бол­ды. Бұл фило­со­фи­я­ны ұстанған қоғам­дар қазір де адам­зат өрке­ни­етінің алдын­да шары­қтап бара­ды. ХХ ғасыр­да демо­кра­ти­я­ны про­гресс фак­то­ры ретін­де қабыл­дап алған кей­бір Шығыс елдері де (Жапо­ния, Оңтүстік Корея, Син­га­пур…) даму­дың бар­лық сала­ла­ры бой­ын­ша аз уақыт­тың ішін­де ірі жетістік­тер­ге жет­ті. «Демо­кра­ти­я­ның да кем­шілік­тері болға­ны­мен, адам­зат қоғам­ды басқа­ру­дың одан артық үлгісін әлі ойлап шығарған жоқ» (У. Черчилль).

Ең маңы­зды фак­тор – билік­ті қолы­на алу үшін, халы­қтың өзі күрес­ке шығуы керек.Халықтың өзі қозғал­ма­са, оған билік­ті алып, қолы­на ұста­та­тын күш жоқ. Ондай күш ешбір елде ешқа­шан болған емес. Кез кел­ген узур­па­тор­ды ауы­зды­қтап, билік­ті өз қолы­на ала­тын күш – тек халы­қта ғана бар. 

Бұл тези­стің біздің құлағы­мы­зға сіңісті болып кет­кені де рас. Содан бағ­зы біре­улер мұн­дай трю­измдер­ді қай­та­лай бер­ген­нің қажеті қан­ша деп оты­рған болар. Қажет­тілі­гі сол – біз мұны айтып жүр­гені­міз­бен, іс жүзіне асы­рған жоқ­пыз ғой. Енді­гі сөз осы қағи­да­мен әре­кет ету қажет­ті­гі жөнін­де болай­ын деп отыр.

Қоғам­ның дамуын қам­та­ма­сыз ететін әмбе­бап қағи­да­лар­мен сана­суға тура келеді. Сана­спаған­дар опық жей­ді. Қазір­гі қазақ қоға­мы­ның алдын­да тұрған бірін­ші кезек­те­гі сұрақ мынау болып тұр: қайт­кен күн­де халы­қты кел­бет­тей­тін, оның түп­кілік­ті мүд­десін көз­деп, әре­кет ететін, оған етба­уыр жақын адам­дар­ды қоғам­ды басқа­руға қалай алып келу­ге болады?

Не істеу керек?

Біздің халық өзінің төл сая­си мис­си­я­сын ажы­ра­та алмай отыр. Демек, халы­ққа өзінің сая­си мис­си­я­сын түсін­діріп, оны іс жүзіне асы­руға бағыт­тау керек. Аза­мат­тық қоғам бел­сен­ділері қой­ып оты­рған «Не істеу керек?» деген сұрақтың жау­а­бы осы.

Енді­гі мәсе­ле осы жау­ап­та түй­ін­дел­ген шара­ны іске асы­руға келіп тіре­леді. Бұл тренд нағыз отан­шыл, ақыл­ды бастар­ды жина­уды, дұрыс стра­те­ги­я­ны айқын­дап алу­ды, білім­ділік­пен, іскер­лік­пен әре­кет ете оты­рып, «ел бола ала­мыз ба» деген сұрақтың «БОЛАМЫЗ» деген нық жау­а­бын беретін­дей дең­гей­ге жету мәсе­ле­лерін қамтиды.

Бұл тренд­ті жүзе­ге асы­руға қажет­ті шара­лар­дың кей­біре­улерін Сер­гей Дува­нов атап өткен екен. Оның ойын­ша, жер­гілік­ті жер­лер­де қоғам­дық ұйым­дар құрып, солар­мен жұмыс жүр­гі­зу керек. Қыз­мет­тің әр түрі­мен айна­лы­са­тын, ұсақ әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді шешу үдерістерін­де түр­лі мақ­сат­тар­мен бірік­кен адам­дар ара­сын­да өза­ра пікір алы­су мен түсіні­су жақ­сы жүреді. Адам­дар­дың қасын­дағы­лар­дың қол­ты­ғы­нан деме­уін сезуінің маңы­зы бар («ДАТ», 04.03.2021).

Тәу­ел­сіздік­тен кей­ін­гі кезең­де елде осы маз­мұн­ды жұмыс жақ­сы жолға қой­ы­лып келе жатқан бола­тын. Ол жыл­да­ры Қаза­қстан­да 3000-нан астам үкі­мет­тік емес ұйым­дар жұмыс істеп тұр­ды. Нағыз демо­кра­ти­я­ның баста­уы осы бола­тын. Мұның «қау­пін» сезген билік иелері «біз үкі­мет­тік емес ұйым­дар­ды өз қара­жа­ты­мы­з­бен қар­жы­лан­ды­ра­мыз» деп, «кесек­тік таны­тып», аталған ұйым­дар­дың жұмысы­на тосқа­уыл қой­ған бола­тын. Енді жой­ы­лып кет­кен­ді қай­та жаңғыр­ту қажет­ті­гі туып отыр. Билік­тің қатаң қар­сы­ла­су жағ­дай­ын­да бұл оңай емес. Солай бол­са да, бұл істі жалға­стыр­масқа болмайды.

Демо­кра­тия ұры­ғын себуді жер­гілік­ті жер­лер­де­гі шағын ұжым­дар­дан баста­уды жүзе­ге асы­ру – бұқа­ра­ның өзін­дік сана дең­гей­ін көте­ру бағы­тын­дағы маңы­зды қадам екені рас. Бірақ оның бір­ден-бір жолы емес. Руха­ни аяда бұқа­ра­лық сана­ны қалып­та­сты­ру бағы­тын­да атқа­ры­луға тиіс шара­лар бастан асып жатыр. Олар­ды жүзе­ге асы­ру да орас­ан мол интел­лек­ту­ал­дық күш пен қажыр­ды талап ете­ді. Енді­гі кезек­те осы бағыт­тар­дың маңы­зды­ла­рын ірік­теп алып, әре­кет ету күтіп тұр.

Көпшілік «ертең митинг­ке шығай­ық, Ақор­даға жол тар­тай­ық, басып алып, орны­на адал адам­дар­ды оты­рғы­зай­ық» деген жалаң ұранға ермей­ді. XIX ғасыр­дағы Еуро­па­дағы жұмыс­шы қозға­лы­сы­ның тәжіри­бесі біз­ге жүр­мей­ді. Біздің билік­те оты­рған­дар «Король жаса­сын!» деген­де, «Халқым жаса­сын!» деп жау­ап беретін ақсүй­ек­тер­дің тұқы­мы емес, кеңе­стік кедей­лер­дің тұқымы.

  • Батыс логи­ка­сы бой­ын­ша, кедей жүр­ген жер­де ұрлық жүреді. Біз – кедей­лер мен құл­дар басқарған сұға­нақтар қоға­мы­м­ыз. Ашы­қтық пен жари­я­лы­лы­қты қай сұға­нақ жаратады?

Қоғам­да демо­кра­ти­я­лық құры­лыс орна­ту жолын­да халы­қтың руха­ни потен­ци­а­лын мақ­сат­ты пай­да­ла­ну, құқы­қтық кеңістік­те сау­ат­ты әре­кет ету, сая­си жұмысты ұйым­да­сты­ру – аза­мат­тық қоғам­ның бел­сен­ділері мен зия­лы қауым­ның құзы­рын­дағы іс. Бұл бағыт­тар­ды мәде­ни­ет­те таны­мал, бедел­ді қай­рат­кер­лер мен аза­мат­тық қоғам­ның бел­сен­ділері бірі­гіп жүзе­ге асы­руы керек. Алды­мен олар бір­лес­кен сая­си қыз­метінің стра­те­ги­я­сы мен так­ти­ка­сын дұрыс таң­дап ала білу­лері керек.

Әділет­ті қоғам үшін күрес сая­си оппо­зи­ци­я­ның билік­те оты­рған­дар­мен айқа­суы­нан емес, билік­тің бір­ден-бір заң­ды субъ­ек­тісі – халы­қтың өзінің әле­умет­тік бел­сен­ділі­гін арт­ты­ру­дан, сая­си-құқы­қтық сау­а­тын ашу­дан баста­ла­ды. Біздің халық әлі күн­ге билік пен сая­си оппо­зи­ция ара­сын­дағы күрес тура­лы спек­такль­дің көре­рмен­дері дең­гей­ін­де қалып отыр. Халық өзінің тари­хи мис­си­я­сын жүзе­ге асы­ру жол­да­рын, ол үшін өзінің құқы­қта­рын қорға­уды, бел­сен­ді күрес­ке шығу керекті­гін біл­мей­ді. Халық өзі жұды­ры­ғын білей бастаған­да ғана қоғам­дық про­грес­ке бағыт­талған, оңды қимыл­дар көрініс бере бастай­ты­нын көз алды­на еле­с­те­те алмай­ды. Про­грес­шіл күш­тер­дің қыз­метінің стра­те­ги­я­сы мен так­ти­ка­сын өзгер­ту деген ұғы­мға осы­лар­ды жатқызамыз.

Қаза­қстан­ның бұдан кей­ін­гі тағ­ды­ры халы­қтың өзіне тиесілі билік­ті өз қолы­на ала ала ма неме­се ала алмай ма – тек осы­ған тіреліп тұр.Халықтың бел­сен­ді қол­да­уы­нан тыс, сая­си оппо­зи­ци­ядағы бір топ қай­рат­кер­дің атта­ны­сы­нан, олар­дың ұра­ны­на қосы­лған бірер жүз отан­шыл­дың шуы­нан нәти­же шық­пай­ды. Бірақ бұл түңілудің тұңғиы­ғы­на батып, жер­төле­ден қол көтеріп шығу тура­лы ойла­у­ға негіз бола алмайды.

Тарих ешқа­шан бала­ма­сыз тығы­рық қал­дыр­май­ды. Бұл жолы да қазақ дилем­маға тіреліп тұр. Бағыт­тың дұры­сын көре біл­ме­сең – артың тұман, алдың жар. Көре біл­сең – про­грес­ке жолың ашық. Қалып­тасқан аху­ал мына­дай: ең қиы­ны халы­қты тығы­ры­қтан шыға­ру емес, қалай шыға­ру керекті­гін қаза­ққа түсін­ді­ру ғана болып отыр.

Қазір­гі Қаза­қстан­да қалып­тасқан сая­си аху­алға қараған­да, халық билік­ті қолы­на алу мүм­кін­ді­гі­нен бір­жо­ла­та айы­ры­лу­дың алдын­да тұр. Елді басқа­рып оты­рған ошар­лы топ енді билік­тен айы­рыл­май­ты­ны­на сенім­ді. Сон­ды­қтан әбден басы­нған әре­кет­тер­ге барып жүр. Небір заң­сыз және арсыз әре­кет­тері үшін ешкім­нен қай­мы­қ­пай­ды, шулап жатқан бұқа­ра­ның дөңай­ба­тын қапе­ріне де алмайды.

Халық бұқа­ра­сы білім мен мәде­ни­етінің төмен­ді­гі­нен өзінің руха­ни потен­ци­а­лы­нан айы­ры­лып қалып отыр. Егер халық потен­ци­ал­ды руха­ни қуа­тын қай­та жинай біл­се, оны сау­ат­ты бағ­дар­ла­ма­мен жұм­сай біл­се, басқа­ру­дың бар­лық саты­ла­ры­на адал адам­дар­ды ұсы­нып, үкі­мет­тің қыз­метін бақы­ла­у­ға алар еді.

Егер олай бол­ма­са, халық руха­ни потен­ци­а­лын пай­да­ла­на алма­са, не бол­мақ? Соңғы ғасыр­лар­дағы қазақ халқы­ның тағ­ды­ры үне­мі осы фак­торға – үне­мі жан­та­ласқа келіп тіре­лу­де. Қазақ ханды­ғы құры­лған­нан басталған арпа­лыс осы күн­ге дей­ін жалға­сып келеді. Біз­де О. Шпен­глер айт­пақ­шы, «Шығы­сқа тән, мұң­лы, сана­сыз тарих­ты,.. несі­бе­ге бұй­ы­рған тағ­дыр­ды» құтқарған­нан басқа іс жоқ сияқты. «Еуро­па тарихы сияқты,.. ерік­пен жасалған тағ­дыр» жоқ. Даму, жасам­паз­дық, гүл­де­ну – біз­ге жазыл­маған. Тағ­ды­рға қар­сы­лас­пай­мыз. «Басқа түс­се – бас­пақ­шыл» деп, қарап оты­ра­мыз. Тек қорға­на­мыз. Құдай­дан тіле­уді, күтуді ғана біле­міз. «Заман түзел­се» дей­міз. Заман­ның тағ­ды­ры өз қолы­мы­зда екенін, оны біз өзі­міз ғана түзей ала­ты­ны­мы­зды білмейміз.

Ояну деп нені айтамыз?

Халық летар­ги­я­лық ұйқы­дан бас көтер­меді. Оның себебі не? Ояту­дың жол­да­ры қай­сы? Руха­ни өмір тура­лы сөз бола қал­са, осы сұрақтар үне­мі алды­ңғы қатарға шыға­ды. Мүм­кін, руха­ни әле­мі­мізді тұта­сы­мен, қопа­ра жаңар­ту керек шығар?

Ояту жолын ізде­уден бұрын ояну деген­нің не екенін біліп алу керек.

Халы­қтың оянуы деп – ұлт зия­лы­сы­ның сана­лы өкіл­дері мен аза­мат­тық қоғам бел­сен­ділерінің қоғам­ның даму үдерісін­де ұшы­рас­а­тын, ұлт­тың түп­кілік­ті мүд­де­леріне қаты­сты мәсе­ле­лер­ді шешу­ге бел­сен­ді ара­ла­суын, сая­си бас­шы­лы­қтың қыз­метін бақы­ла­у­ға алуын, қажетіне қарай сая­си ұйым­дарға бірі­гіп, сау­ат­ты бағ­дар­ла­ма­ла­ры­мен бұқа­ра­ны соңы­нан ертіп, әділ қоғам үшін пәр­мен­ді әре­кет­тер­мен көрі­нуін айтамыз.

Оянған халық қоғам­да қор­да­ланған өзек­ті мәсе­ле­лер­ді өз ара­сы­нан шыққан қай­рат­кер­лер­дің көте­руі­мен мем­ле­кет­тен олар­дың шешілуін талап ете­ді, орын­дат­ты­ра­ды. Елдің тағ­ды­рын шешетін игі бағыт­тарға бұқа­ра­ны жұмыл­ды­ра оты­рып, сая­си эли­та­мен пари­тет­тік жағ­дай­да қоғам­ның дамуын жүзе­ге асырады.

Қоғам­дағы әділет­сіздік­тер­дің сал­да­ры­нан жеке өмірін­де­гі сәт­сіздік­тер­ге шыдай алмай, ішкі қыжы­лын шыға­ру үшін неме­се аран­да­ту­шы­ның шақы­руы­мен неме­се елде­гі түр­лі сая­си оқиға­лар­дың толқы­ны­мен халы­қтың сти­хи­я­лы акци­я­ларға шығуы оянған­ды­ққа жат­пай­ды. «Алға» деген айқай­мен бір адым ілгері аттап, «ойбай» салып, екі адым шегі­ну» де (А. Ата­бек) – оянған­ды­қтың бел­гісі емес.

Оянған­ның бел­гілері – айқын сая­си мақ­сат­пен, сау­ат­ты бағ­дар­ла­ма­мен, сана­лы, ерік­ті түр­де бірік­кен күш ретін­де көрі­ну, мақ­сатқа жет­кен­ше тыным­сыз, табан­ды күрес жүр­гі­зе білу.

Халық «қашан ояна­ды» деп күту­де мағы­на жоқ. Халы­қтың көтеріл­генін пас­сив­ті күту­ден де ештеңе өнбей­ді. «10 мың адам көше­ге шық­са – сөй­тер едік», «20 мың адам шық­са – бүй­тер едік» деп сөй­ле­удің өзі әре­кет­сіздік­ті көр­се­ту болып табылады.

Егер қоғам­ның бар­лық жағы­нан тығы­ры­ққа тірел­генін көре тұрып, зия­лы қауым әділет­ті қоғам үшін бел­сен­ді әре­кет­тер­ге бар­ма­са, ондай «зия­лы­сы» бар халы­қты оян­бай­тын халық деп сипатта­уға бола­ды. «Оян, қазақ!» деп әрекідік айқай­лап қой­ған­нан халық оян­бай­ды. Оян­баған халық өз құқы­ғын ұйым­да­сып қорғай алмай­ды. Ұлт жана­шыр­ла­ры­ның алдын­да бірін­ші кезек­те халы­қты ояту мәсе­лесі тұр.

Ояту фак­то­ры

Халы­қты оятып, әре­кет­ке қосу үшін, не істеу керек? Бұл сұрақтың жау­а­бы құбы­лы­стың себебі­нен туын­дай­ды. Билік­тің халы­қты­кі екенін, демо­кра­ти­я­ның негіз­гі қозға­у­шы күші де халық екенін, қоғам­ды басқа­ру­ды халы­қтың өзі жүзе­ге асы­руы керек екенін түсі­ну аза­мат­тық қоғам­ның халы­ққа баруын,оны­мен істес болуын қажет етеді.

  • Халы­ққа бару деген – халы­қ­пен бір­ге болу, сая­си қыз­мет­тің маз­мұ­нын халы­қтың түп­кілік­ті мүд­десіне лай­ы­қтап құру, демо­кра­ти­я­лық құры­лыс үшін күре­сті оны­мен тізе қосып, бір­ге жүр­гі­зу деген сөз.

Халы­ққа бару деген («хож­де­ние в народ») тарих­та болған. Боль­ше­вик­тер соци­а­ли­стік рево­лю­ци­я­ны дай­ын­дау кезін­де сая­си күре­стің осы тәсілін қол­да­нып, қалың халық бұқа­ра­сын өз жағы­на тар­та біл­ген бола­тын. Қоғам­ды өзгерт­кісі келетін­дер­ге қазір­гі Қаза­қстан тұрғын­да­ры­ның сая­си бел­сен­ділі­гінің төмен­ді­гі мен мен­та­ли­тетін­де­гі меше­улік­терін еске­ре оты­рып, халы­ққа барып, сая­си жұмысты жалға­сты­ру­дың жаңа амал­да­рын ойла­сты­рып, нәти­желі жұмыс істе­у­ге кірі­су керек.

Потен­ци­ал руха­ни күшін нығай­ту және оны халы­қтың өз билі­гін орна­туға бағыт­тау, оның жүзе­ге асы­ры­лу жол­да­рын көр­се­ту мен ұйым­да­сты­ру – зия­лы қауым­ның, аза­мат­тық қоғам жетек­шілерінің құзіретін­де. Бұл бағыт сана­лы зия­лы мен аза­мат­тық қоғам­ның жетек­шілері­нен тізе қоса, ынты­мақ­та­са әре­кет етуді талап ете­ді. Шын мәнін­де­гі халы­қтық билік­ті орна­ту үшін, олар сая­си қыз­метінің стра­те­ги­я­сы мен так­ти­ка­сын өзгер­туі керек.

Бұған дей­ін сая­си күрес әкім­шілік-құқы­қтық кеңістік­те, жоға­ры­дан тағай­ын­далған ере­же­лер­мен жүр­гізіліп кел­ді. Оның нәти­же­лері жет­кіліксіз болып шықты. Енді бұл тренд­ті бұған дей­ін ескеріл­мей кел­ген, руха­ни кеңістік­те, мәде­ни­ет пен ғылым­ның даму жағ­дай­ла­ры­на сәй­кестен­діріп жүзе­ге асы­ру кезе­гі келіп тұр.

Халы­қтың сая­си-құқы­қтық сана­сын ояту­дың, оны әле­умет­тік бел­сен­ді әре­кет­тер­ге қосу­дың басты құра­лы – аза­мат­тық білім мен көр­кем мәде­ни­ет. Бұл үдерісті жүзе­ге асы­ру рет­тілі­гі қара­пай­ым: сана­ны ояту – пред­по­зи­ци­я­лы, халы­қтың сая­си бел­сен­ділі­гі – пост­по­зи­ци­я­лы. Бұл рет­тілік сақтал­ма­са, нәти­же шық­пай­ды. Аза­мат­тық қоғам мен бел­сен­ді зия­лы­ның бір­лес­кен қыз­метінің стра­те­ги­я­сы мен так­ти­ка­сын өзгер­туі деп осы­ны айтамыз.

Халы­ққа немен бару керек?

Аза­мат­тық қоғам мен бел­сен­ді зия­лы халық ара­сы­на халы­қтың өзі қажет етіп оты­рған, бірақ билік­тен ала алмаған, ел мүд­десіне сәй­кес, келе­шек­ке пай­да­лы, келелі баста­ма­лар­мен баруы керек.

Халы­ққа не керек? Халы­ққа өзге­лер­мен тере­зесі тең ел болып, рухы асқақ болып, ұрпағы­ның қамы үшін алаң­да­май­тын, ата-баба­ла­ры­ның жерін­де мамы­ра­жай өмір сүру керек.

Халық эко­но­ми­ка­сы бір­жақты шикі­зат өндіру­ге құры­лған, әле­умет­тік қам­та­ма­сыздық дең­гейі төмен, жұмыс­сыздық жай­лаған, ұлық ата­улы­сы тұта­сы­мен жемқор­лы­қ­пен айна­лы­са­тын және бар игілік­ті сатып жібе­ру­ге дай­ын тұра­тын, шетел­дер­дің итпе­гі­нен шыға алмай­тын, тоқы­раған, келе­ше­гі бұлы­ңғыр мем­ле­кет­те өмір сүруді қадіріне татым­ды деп санамайды.

Халық қоғам­ның келе­ше­гіне сен­бей­ді. Қазақ елі бар­лық жағы­нан күй­ре­удің алдын­да тұр деп күдік­те­неді. Тәу­ел­сіздік алған­нан бері 30 жыл өтсе де, мем­ле­кет жап­пай дағ­да­ры­стан шыға алған жоқ. «Ел бола ала­мыз ба?» деген сұрақ күн тәр­тібі­нен түс­кен жоқ. Зия­лы­ның сана­сын өлім­ге бой­ұ­сы­нған жал­пы­ла­ма апа­тия иек­теп алған.

Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­дағы күрес тәжіри­бесі сая­си оппо­зи­ци­я­ның 18 мил­ли­он тұрғын­ды эко­но­ми­ка­лық-мате­ри­ал­дық уәде­лер­мен емексіту шара­ла­ры­нан нәти­же шық­пай­ты­нын көр­сетіп бер­ді. Енді сая­си оппо­зи­ци­я­ның аталған мөл­шер­дің 0,1%-ын құрай­тын, Цице­рон сипаттаған халы­ққа руха­ни аясын­да тын­ды­ры­ла­тын уәде­лер­мен баруы­на тура келеді. Тек осы бағыт қана түп­кілік­ті жеңістер­ге бастап апа­ра­ды. Халы­ққа қоғам­ның гүл­де­нуін, әле­умет­тік про­гресін, эко­но­ми­ка­лық өрле­уін, мәде­ни-руха­ни жетілуін қам­та­ма­сыз ететін, шын мәнін­де­гі халы­қтық билік­ті орна­туға қажет­ті руха­ни тұтқа­лар­ды ұстап бару керек.

Олар жөнін­де келесі жолы сөз етейік.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн