Пятница , 4 июля 2025

Ақтал­маған үміт – руб. потолка.

НАЗАРБАЕВ «кет­кен» екі жыл­да НЕ ӨЗГЕРДІ?

  • Қаза­қстан­ды отыз жыл­дай басқарған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың пре­зи­дент­тік­тен кет­кеніне, Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың пре­зи­дент болға­ны­на екі жыл тол­ды. Осы ара­лы­қта елде қан­дай өзгерістер болды?
Пре­зи­дент­тік­тен кет­кен Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өз орны­на қал­ды­рған Қасым-Жомарт Тоқа­ев­пен бір­ге аста­на­дағы Наурыз мере­кесіне арналған жиын-той­да жүр. 21 наурыз 2019 жыл.
Нара­зы­лық шеруіне шыққан жастар. Алма­ты, 16 жел­тоқ­сан 2019 жыл.
Түр­кістан­нан Кен­та­уға бара­тын жол бой­ын­да тұрған Қаза­қстан­ның экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың суреті бар бил­борд. 17 ақпан 2021 жыл.

«Азаттық» тіл­шісі сөй­лес­кен сарап­шы­лар Назар­ба­ев­тың пре­зи­дент­тік­тен кет­кеніне екі жыл бол­са да, елде­гі сая­си жағ­дай­ға ара­ла­сып отыр деп санай­ды. Тарих­шы, про­фес­сор Хан­гел­ді Әбжа­нов билік ауы­сқан­да халы­қтың өзгеріс күтуі қалып­ты жағ­дай, бірақ сол өзгеріс әлі болған жоқ дейді.

«Пре­зи­дент ауы­сқа­ны­мен, халық күт­кен­де­гі­дей күрт өзгерістер бола қой­ма­ды. Халық билік бірін­ші кезек­те жемқор­лық пен көз­бо­я­у­шы­лы­қты тоқтат­са деп арман­дай­ды, соны күт­ті. Бірақ Тоқа­ев қоғам өмірін­де бай­қа­ла­тын­дай өзгеріс бастаған жоқ. Ол Кон­сти­ту­ци­яда өзіне беріл­ген құқы­қты толық пай­да­ла­ну керек еді. Бірақ «кет­тім» деген пре­зи­дент одан да биік крес­лоға ауы­сып алып, кедер­гі жасап оты­рған сияқты», – дей­ді ол. Тарих­шы­ның ойын­ша, Тоқа­ев­тың билік­те оты­рған екі жылы – тари­хи кезең тұрғы­сы­нан алған­да көп те уақыт емес, бірақ өзгерістер­ді баста­уға жет­кілік­ті уақыт.

Сая­сат­та­ну­шы Шалқар Нұр­сей­іто­втің пай­ым­да­уын­ша, Назар­ба­ев «пре­зи­дент­тік­тен кет­тім» деген­де, қоғам­да бір­ша­ма эйфо­рия болған, бірақ ол эйфо­рия Тоқа­ев­тың Аста­на қала­сы­ның ата­уын Нұр-Сұл­тан деп өзгер­ту тура­лы Кон­сти­ту­ци­яға сай кел­мей­тін жар­лық шығарған кез­де-ақ тоқтаған.

«Баста­пқы­да Назар­ба­ев­тың кет­кені қазір­гі сая­си тоқы­раған өмір­ге жан бітіретін­дей көрін­ді. Көлең­ке­де жүр­ген жаңа адам­дар сая­си сахнаға шығар деген үміт болған секіл­ді. Жұрт жаңа сая­си күш­тер пай­да болуы мүм­кін деп, биыл қаңтар­дағы пар­ла­мент сай­ла­у­ы­нан да үміт күт­ті. Бәрі алдам­шы болып шықты. Қаза­қстан­да ешқан­дай өзгеріс бол­маға­ны Еуро­пар­ла­мент­тің Қаза­қстан­дағы адам құқы­ғы жай­лы қара­ры­нан көрін­ді», – дей­ді сарапшы.

Пар­ла­мент сена­ты­ның бұры­нғы депу­та­ты, сая­сат­кер Зәу­реш Бат­та­ло­ва – Назар­ба­ев кет­кен­де айтар­лы­қтай өзгеріс бола­ды деп күт­пе­ген­дер­дің бірі. Ол Назар­ба­ев еркін сай­лау өткі­зудің орны­на өзі қалаған адам­ды тағай­ын­дап кет­ті деп санай­ды. Бат­та­ло­ва­ның сөзін­ше, пре­зи­дент ауы­сқан екі жыл­да сая­си, әле­умет­тік және эко­но­ми­ка­лық өзгерістер болмаған.

«Тоқа­ев өзіне бағы­на­тын бір­не­ше агент­тік құрып, іске кірі­сетін сыңай таны­тқа­ны­мен, оның әсері бай­қалған жоқ. Жаңа билік іске кірі­сер­де эко­но­ми­ка­дағы қателік­тер­ді аны­қтап, олар­ды кім жібер­генін айтып, түзеу жолын жари­я­ла­уы керек еді. Жаңа өзгерістер­ге бастай­тын бағ­дар­ла­ма жаса­уы керек еді. Олай бол­ма­ды. Сая­си рефор­ма деп даб­ы­рай­тып айтқа­ны­мен, шын мәнін­де көз­бо­яу болып қал­ды. Мыса­лы, пар­ла­мент сай­ла­у­ы­ның алдын­да «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» заңға «пар­ти­я­лар сай­ла­у­ға ұсы­на­тын кан­ди­дат­тар­дың кем деген­де 30 пай­ы­зы жастар мен әйел­дер болуы тиіс» деген өзгеріс енгізді. Иә, осы­дан кей­ін пар­ти­я­лар әйел­дер мен жастар кан­ди­да­ту­ра­ла­рын көбірек ұсын­ды. Ал нәти­же­сін­де 30 пай­ыз меже орын­далған жоқ. Өйт­кені ол заң­ның тала­бы тек үміт­кер­лер­ге ғана еді. «Пар­ла­мент­тік оппо­зи­ция тура­лы» өзгерісті де билік өзіне ыңғай­лап жасаған. Пар­ла­мент­те оппо­зи­ци­я­лық пар­тия болуы тиіс дей­ді де, шын мәнін­де оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар­ды тір­ке­мей­ді, пар­ла­мент­ке де өткіз­бей­ді», – дей­ді ол.

Тоқа­ев билік пен халық ара­сын­да диа­лог орна­ту үшін құрған Ұлт­тық кеңес­ке мүше болып, кей­ін шығып кет­кен бел­сен­ді Жәні­бек Қожық Назар­ба­ев пре­зи­дент­тік­тен кет­се де, билік­тен кет­кен жоқ деп санай­ды. «Назар­ба­ев пре­зи­дент­тік­тен кет­кен­де, халы­қта айтар­лы­қтай үміт болған жоқ. Орны­на Тоқа­ев­ты ұсы­нған­да-ақ бұры­нғы жүйе жалға­са беретіні түсінік­ті болған еді. Назар­ба­ев та солай деп үміт­тен­ген болар. Менің­ше, екі жыл ішін­де Тоқа­ев Назар­ба­ев­тың сол үмітін ақтаған сияқты. Оған өзгеріс жаса­уға мүм­кін­дік бер­мей отыр», – дей­ді ол.

Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев қалып­та­сты­рған сая­си жүй­ені сынап жүр­ген құқық қорға­у­шы, «Ар. Рух. Хақ» құқық қорғау ұйы­мы­ның жетек­шісі Бақыт­жан Төреғо­жи­на «жаңа сая­си өзгерістер­ден әлі де үміттенеді».

«Жақын­да бір таны­сым Қаза­қстан­нан неге кетіп қал­май­сыз деді. Кететін­дер – кет­ті, осы елде өмір сүр­гісі келетін­дер өзгерісті қалай­ды. Совет кезеңі­нен қалған ауыр мұраға Назар­ба­ев­тың 30 жыл­дық жүй­есі қосыл­ды, оны емде­у­ге көп уақыт кете­ді», – дей­ді ол. Төреғо­жи­на­ның сөзін­ше, «өзгеріс халы­қтың өзіне де бай­ла­ны­сты, халық мем­ле­кет басқа­ру ісін кім­ге тап­сы­ра­ты­нын өзі шешетінін де түсі­нуі қажет».

Заң­гер Рус­лан Түсі­п­бе­ков «пре­зи­дент ауы­сқан­да, қара­пай­ым халық өзгеріс күт­ті. Сая­си өзгерістер жаса­ла­ды, әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дайы жақ­са­ра­ды деп үміт­тен­ді. Бірақ бұры­нғы сая­сат­тан өзгер­ген ештеңе бай­қалған жоқ» деп санайды.

«Бір кез­дері мен де «Нұр Отан­ның» орта­лық аппа­ра­тын­да істе­ген­мін. Біздің жұмысы­мыз билік­тің сая­са­ты­на халы­қты илан­ды­ру бола­тын. Ал шын мәнін­де қан­дай өзгеріс болға­ны Еуро­пар­ла­мент­тің жақын­да бер­ген баға­сы­нан анық көрін­ді. Қаза­қстан­да ештеңе өзгер­ме­гені біз­ге ғана емес, шетел­ге де түсінік­ті бол­ды», – дей­ді ол.

Асыл­хан МАМАШҰЛЫ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн