Понедельник , 12 мая 2025

МАРҒҰЛАН НЕГЕ КЕТТІ?

Өткен апта­да елге таны­мал биз­нес­мен, қоғам­шыл- ағар­ту­шы аза­мат Марғұлан Сей­сен­ба­ев­тың «Фейс­бук» парақ­ша­сын­да «Бағы­тым­ды өзгер­туім тура­лы» деген жаз­ба­сы жари­я­лан­ды. Оның маз­мұ­нын бір сөз­бен қай­ы­ра­тын бол­сақ, Марғұлан мыр­за қоғам­дық-сая­си қыз­мет­тен кететінін мәлім­де­ген екен. Соңғы жыл­да­ры аза­мат­тық қоғам­да біраз сая­си-ағар­ту­шы­лық қыз­мет жасап жүр­ген жігіт­тің мұн­дай күрт шешім қабыл­да­уы­на не себеп болды?

Әрине, қаза­қ­ша­лап айт­сақ, біз Марғұлан­ның «ішіне кіріп шыққан жоқ­пыз», оның ойын қол­мен қой­ған­дай етіп, оқып бере алмай­мыз. Сон­ды­қтан сырт­тан «тон пішу» – абы­рой әпер­мей­тін әурешілік.

Әлбет­те, елдің бір шетіне шығы­сып, қоғам­дық-сая­си қыз­мет қылу – әрбір адам­ның өзін­дік таны­мы мен аза­мат­тық ұста­ны­мы­на бай­ла­ны­сты шешім. Ол үшін: кел­дің неме­се кет­тің деп, ешкім­ді жазғы­руға бол­май­ды. Ал егер өз мой­ы­ны­на мін­дет алған сая­си пар­ти­я­ның жетек­шісі бол­саң, сұрау басқа: қоғам алдын­да «кел­дім-кет­тім» жөнін­де есеп беру қажет болар еді.

Осы тұрғы­дан кел­ген­де, Марғұлан­ның шеші­міне түсіністік­пен қарай­мын. Жазғы­ру­дың ешқан­дай реті жоқ: сая­сат алаңы­на соқа басы кел­ді, соқа басы кетіп бара­ды. Әлдебір сая­си топ­тың неме­се уағ­да­ласқан ұйым­ның алдын­да жау­ап­кер­шілі­гі жоқ. 

Ал енді біре­улер оны «халық алдын­дағы пары­зын өте­меді» деп, буын­сыз жер­ге пышақ ұруы да ықти­мал. Бірақ Марғұлан­ның халық алдын­да «мен қырам-жоям» деген сыңай­дағы уәде-уағ­да­сын есті­медім… Елде­гі сая­си режим­нің мүм­кін­дік бер­ген шең­бері шегін­де қыз­мет қыл­ды, біраз сая­си ауқым­ды ағар­ту­шы­лық іс тын­дыр­ды. Ал қазір­гі сая­си билік­тің жағ­дай­ын­да одан биік­ке «секі­ру» – не саба­у­мен, не қамау­мен тынар еді. Бұл күн­делік­ті көз алды­мы­зда өтіп жатқан сая­си өмір­дің прак­ти­ка­лық тұжы­ры­мы: құзы­ры­на таласқан адам­ды билік ешқа­шан аямай­ды. Мұн­дай тәу­е­кел­дің қаза­қстан­дық нәти­же­сі: берісі – Қажы­гел­дин мен Әбі­ля­зо­втың қуғын­дағы тағ­ды­ры­на тап қылар еді; ары­сы – Заман­бек пен Алтын­бек­тің «аяғын құшты­руы» әбден мүмкін… 

Сон­ды­қтан су асты теңіз­шілерінің тілі­мен айтқан­да, Марғұлан­ның «су түбін­де жата тұрай­ын» деген сыңай­дағы шеші­мін үлкен түсіністік­пен қабыл­да­дым. Елде­гі сая­си шырға­лаң шең­бер­дің ауқы­мын­да қолы­нан кел­ген сая­си мүм­кін­дік­тің мұр­са­тын­дағы қыз­мет-қары­мы үшін өз басым оған алғыс айтамын.

Ал Марғұлан кет­кен алаң­да аңы­рап қалған жан­ке­шті «жетім» ретін­де не айтар едім? Менің бір біл­генім – орта биз­нес аты­ның басын аза­мат­тық қоға­мға бұр­май­ын­ша, елде­гі қар­сы­лық қозға­лыс та, оппо­зи­ци­я­лық ұйым­дар да қақ­пан­да қың­сы­лаған қасқы­рға ұқсап, өз жара­сын өзі жалап жата береді… Үлкен өкініш осы. Дәр­мен­ге дем салар дәт­ке қуат бол­ма­са, аш-жалаңаш қоғам­нан не сұра­уға болады?!

Аза­мат­тық қоға­мға қол үшін беру­ге тыры­сып, соңғы жыл­да­ры биз­не­стен бері ауған аза­мат­тың «бағы­тым­ды өзгерт­тім» деуі – әрине, тегін шешім емес: қажыр-қай­ра­ты мол Марғұлан­ды «кетіру­ге» тыры­сқан әлдебір күштің болға­ны дау­сыз. Бірақ маз­мұ­ны біз­ге бей­мағлұм текетірес­ке топ­шы­лау жаса­май, төмен­де Марғұлан мыр­за­ның «Фейс­бук­те­гі» жаз­ба­сын қаз-қал­пын­да оқыр­ман­ның ой орта­сы­на ұсы­нып отырмын.

Ермұрат БАПИ

Марғұлан СЕЙСЕНБАЙ: Өзара жеккөрушілікті АСҚЫНДЫРУДЫҢ қажетсіздігін түсіндім

Достар, менің соңғы бір­не­ше жыл­да қоғам­дық қыз­мет­пен бел­сен­ді айна­лы­сқа­ным­ды білесіз­дер. Нақты айт­сам, қоғам­дық-сая­си қыз­мет­пен. Басын­да менің бар­лық актив­терім­ді тар­тып алған­ды­қтан, көп­шілік­ке таны­мал­ды­лы­қтың арқа­сын­да өзі­ме бел­гілі бір қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету үшін айналыстым.

Бірақ кей­інірек, мен сая­си рефор­ма­лар­сыз шынайы қауіп­сіздік­тің мүм­кін бол­май­тын­ды­ғын түсін­дім. Мен өз сыным­мен Қаза­қстан билі­гіне сая­си рефор­ма­лар әзір­ле­уі үшін барын­ша ықпал ету­ге тыры­стым. Десе де, мен қашан да төң­керістер­ге қар­сы бол­дым, әрқа­шан ел дамуы­ның эво­лю­ци­я­лық жолын жақта­дым. Соған бай­ла­ны­сты мен­де жыл сай­ын билік­пен про­бле­ма­лар болып тұр­ды. Алы­сқа бар­май-ақ қояй­ық, был­ты­рғы менің үйім­нің қор­ша­уға алы­нға­ны бар­лы­ғы­ңы­здың естеріңіз­де болар.

Өткен жыл­дың жазы­нан бастап, мен біздің билік­ті сына­уды тоқта­тып, бел­сен­ділі­гім­ді Укра­и­наға ауы­стыр­дым. Өздеріңіз білетін­дей, мен Миха­ил Саа­ка­шви­лидің «Қара­пай­ым шешім­дер мен нәти­же­лер кең­сесін­де» серік­тес бол­дым және Укра­и­на билі­гіне рефор­ма­лар­ды жүзе­ге асы­руға бел­сен­ді қаты­сып, көмек­те­се баста­дым. Осы қыз­мет бары­сын­да мен мем­ле­кет­тік аппа­рат­тың жұмысы­на, мем­ле­кет­тік билік жүй­есіне ішкі жақтан қарап көр­дім. Укра­и­на мен Қырғыз­стан­дағы демо­кра­тия мен шешім қабыл­дау мәсе­лесін қарас­тыр­дым. Мен олар­дағы ұйым­да­сты­ру тура­лы теріс пікір айт­пай­мын. Олар­дың көп­те­ген жақ­сы жақта­ры да бар, бірақ біз­де қай­та­ланға­нын қала­май­тын тұста­ры да көп. Әр халық пен әр ел өздеріне сәй­кес келетін нәр­сені таң­дай­ды, мен олар­дың таң­да­уы мен өміріне үлкен құр­мет­пен қарай­мын. Соны­мен қатар Укра­и­на­да да, Қырғыз­стан­да да мені қан­ша­лы­қты жақ­сы және жылы қар­сы алып, қабыл­даға­ны үшін де мен оларға шын ризамын.

Осы уақыт ара­лы­ғын­да халы­қтың өмірін жақ­сар­ту үшін не істеу керекті­гі тура­лы ойлан­дым, «Мен оған қалай әсер ете ала­мын, не істей ала­мын?» деп, көп­те­ген тал­да­у­лар жүр­гіздім. Мен өзім үшін бір нәр­сені тіке­лей өзгер­те алмай­тын бол­сам, онда билік­ті сынға алып, ашу мен өза­ра жек­көру­шілік дең­гей­ін тағы да арт­ты­ру­дың қажеті жоқ екенін түсін­дім. Осы­лай­ша мен мұны­мен айна­лы­су­ды іс жүзін­де тоқтаттым.

Бірақ оқиға мұны­мен аяқталған жоқ. Бақы­ты­ма орай, әртүр­лі елдер­ді көру мүм­кін­ді­гіне ие болған­ды­қтан да, билік­тің құры­лы­мы толы­ғы­мен халы­қтың таң­да­уы болып табы­ла­тын­ды­ғын айтқым келеді. Ислам ғалым­да­ры­ның сөз­дерін­де: «Егер халық өз биле­ушісінің әділет­сізді­гі­нен құты­лғы­сы кел­се, онда мұн­дай халық әділет­сіздік пен күнә­дан өздері бас тар­туы керек» делін­ген. Сон­ды­қтан мен өзі­міз­ден және айна­ла­мы­зды өзгер­ту­ден бастау керек деген ойға кел­дім. Бұл тек дін, мәде­ни­ет және білім арқы­лы мүм­кін болады.

Соңғы уақыт­та мен білім беру плат­фор­ма­ма көп көңіл бөліп, күшім мен қуа­тым­ды сол бағыт­та сарп ету­де­мін. Мен ай сай­ын дер­лік биз­нес пен тиім­ді өмір­дің әртүр­лі тақы­рып­та­ры бой­ын­ша 8–12 видео­са­бақта­рын жари­я­лап отыр­мын. Кіта­бым­ды да қатар жазу­да­мын. Сон­дай-ақ мен ай сай­ын жазы­лу­шы­ла­ры­ма бір­не­ше транс­ля­ци­я­лар мен Zoom веби­нар­ла­рын өткі­зе­мін. Жақын ара­да онлайн биз­нес-мек­теп­ті, биз­нес-клуб, инвест­клуб және басқа да көп­те­ген жоба­лар­ды іске асы­ра­мын. Соны­мен қатар мен 8 әле­умет­тік желі­де­гі акка­унт­та­рым­мен жұмыс істеп жатыр­мын. Биз­нес пен қоғам­дық істерім тағы бар. Осы­ның бәрі менің көп уақы­тым­ды алып, өз бағы­тым­ды өзгер­ту­ге әкеліп отыр. 

Сая­си құры­лы­мға деген менің өзгер­ген көзқа­рас­та­рым­ды еске­ре оты­рып, ислам­ның қан­дай бол­ма­сын биле­ушісіне қар­сы шығуға тый­ым сала­тын талап­та­рын еске­ре оты­рып, мен қоғам­дық-сая­си бел­сен­ділі­гім­ді тоқта­тып, мәде­ни, білім беру және эко­ло­ги­я­лық мәсе­ле­лер­ге көшу­ге бел бай­ла­дым. Мен сая­си қай­рат­кер де, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші де болғым кел­мей­тінін өзім үшін түсін­дім. Мен ешқан­дай сай­ла­у­ға неме­се қан­дай да бір лау­а­зы­мға ара­ласқым кел­ме­ген және ара­лас­пай­мын да. Мен пар­ти­я­лар құруға неме­се басқа пар­ти­я­ларға кіру­ге ниет біл­дір­мей­мін. Мен өзім үшін сая­сат тақы­ры­бын мүл­де жап­тым. Өтті, кет­ті. Маған шек­те­улі және тәу­ел­ді сая­сат қызық емес. Бұн­дай нәр­се маған жат.

Сәуір айы­нан бастап, Миха­ил Саа­ка­шви­лидің серік­тесі ретін­де «Қара­пай­ым шешім­дер мен нәти­же­лер кең­сесін­де­гі» өз өкілет­тік­терім­ді тоқта­та­мын. Мен бұл мәсе­лені Миха­ил­мен талқы­ла­дым. Ол менің шеші­мі­ме түсіністік­пен қарап, маған табыс тіледі. 

Биз­не­сте – мен бір­тін­деп, бір­не­ше жыл бойы цифр­лық, онлайн биз­нес бағыт­та­ры­на баса назар ауда­рып, сол бағы­тқа көше­мін. Қоғам­дық істер­де – мен тек әле­умет­тік-мәде­ни, білім беру, эко­ло­ги­я­лық жоба­лар­мен айналысамын.

Осы кез­ге дей­ін маған көмек­тес­кен­дер­дің бар­лы­ғы­на, менің істері­ме түсі­ну­шілік­пен қараған жан­дарға және де өзім­нің бар­лық қаза­қстан­дық және халы­қа­ра­лық жазы­лу­шы­ла­ры­ма үлкен алғыс айтқым келеді. Сіз­дер­ге мың алғыс! Рахмет!

Туы­ста­рым мен жақын­да­ры­ма, доста­рым мен әріп­те­стері­ме алғы­сым­ды айтқым келеді!

Менің кем­шілік­терім­ді көзі­ме көр­се­те оты­рып, менің жеті­ле түсуі­ме көмек­тес­кен бар­лық хей­тер­лері­ме алғыс айтқым келеді!

Қаза­қстан билі­гіне сабыр сақтап, мені абақты­ға айдап сал­маға­ны үшін алғыс айтқым келеді. 

Укра­и­на билі­гіне, Киев пен Біш­кек­те­гі «Қара­пай­ым шешім­дер кең­сесін­де­гі» әріп­те­стері­ме, сон­дай-ақ Миха­ил Саа­ка­шви­ли­ге мен үшін жасаған бар­лық жақ­сы­лы­қта­ры үшін алғы­сым­ды біл­дір­гім келеді!

Алла­ның маған бер­гені үшін және ол әрқа­шан көзім­ді ашып, жолым­ды көр­се­тетіні үшін алғы­сым­ды біл­дір­гім келеді!

Әумин!

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн