Четверг , 3 июля 2025

Путин іріткіге БЕЛГІ БЕРДІ

  • Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин 18 науры­зда, Мәс­ке­уде, Луж­ни­ки ста­ди­о­нын­да Қырым аннек­си­я­сы­ның жеті жыл­ды­ғы­на арналған кон­церт­те Совет Одағы құра­мын­да болған елдер­ге Ресей­дің жер беріп, «мол сый­лық» жасаға­нын, соның сал­да­ры­нан көп­те­ген тер­ри­то­ри­я­сы мен гео­са­я­си кеңісті­гі­нен айы­ры­лға­нын тағы да айтты. 

Өзін «Ресей жерін жинақта­у­шы» обра­зын­да көр­сет­кісі келетін ол бұл тақы­лет­тес пікір­лер­ді тығы­ры­ққа тірел­ген, пре­зи­дент­тік рей­тин­гі төмен­деп бара жатқан кез­де айта­тын. Ал мұн­дай сөз­дер Ресей­дің импе­ри­я­лық амби­ци­я­сы мен ұлы­дер­жа­ва­лық шови­низ­мін ту ететін күш­тер­ге отқа май құй­ған­дай әсер ететін. 2014 жылы Қырым­ды басып алуы, одан кей­ін Укра­и­на­ның Луганск мен Донецк облы­ста­рын­дағы сепа­ра­ти­стік (іріт­кі­шіл­дік – Ред.) әре­кет­тер ұйым­да­сты­рып, әрі қол­даған тұсын­да Путин­нің оры­стар мен оры­сқұл­дар ара­сын­да рей­тин­гісі көтеріл­гені анық.  Қазір жан-жақтан санк­ци­я­лар қысқан тұста өзінің үйрен­шік­ті дағдыс­ы­на тағы басқа­ны әлгі сөзі­нен бай­қа­ла­ды. Басқа – басқа, бірақ осын­дай басқын­шы­лық пиғы­лы көбіне нақты әре­кет­тер­мен жалға­сып жатады.

Мұны өз басым Қаза­қстан­дағы сепа­ра­ти­стік пиғыл­дағы күш­тер­ге беріл­ген бел­гі деп қабыл­дай­мын. Кей­ін­гі кез­де түр­лі жаз­ба­лар­дан, «Уат­сап» бей­не­ба­ян­да­ры­нан «НОД» деген­ді естіп жүр­міз. Іс-әре­кет­тері жер асты­нан жік шығарған­дай. Бұл өзі не қылған пәле? Осы­ны тереңірек зерт­теп көріп, төбе шашым тік тұрды.

«НОД» – «наци­о­наль­но-осво­бо­ди­тель­ное дви­же­ние» деген тір­кест­ің аббре­ви­а­ту­ра­сы, қаза­қ­ша айтқан­да, «ұлт-азаттық қозға­лы­сы» болып шыға­ды екен. «Рус­ский мир» иде­я­сы­ның руха­ни жоқта­у­шы­сы. 2012 жылы қара­ша айын­да құры­лған. Заң­ды тұлға мәр­те­бесі жоқ, жар­ты­лай жасы­рын жұмыс істей­ді. Түп­кі ныса­на­ла­ры – Ресей­ді ұлт­тық (оры­стық) бағы­тқа көші­ру, импе­ри­я­ның 1945 жылғы шека­ра­сын­да (СССР аумағын­да) үстем­ді­гін қал­пы­на келтіру.

Бұлар Ресей заң­да­рын әлем таны­ған халы­қа­ра­лық құқық нор­ма­ла­ры­нан жоға­ры қою, мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­ны тоқта­ту, СССР-дің ыды­ра­уын тер­геу мақ­са­тын­да Ресей­дің қол­да­ны­стағы Кон­сти­ту­ци­я­сы­на өзгерістер енгіз­бек. Сол үшін рефе­рен­дум өткізу­ге шақы­рған қол жинау науқа­нын жүр­гізіп жатыр. Көсем­дері Евге­ний Федо­ров деген Мем­ду­ма депутаты. 

Қозға­лы­стың «Наци­о­наль­ный курс» деген өз пар­ти­я­сы бар. 2014 жылғы наурыз айы­нан бері «НОД: За суве­ре­ни­тет» деген газеті шыға­ры­ла­ды. Бұл қозға­лыс 2015 жылы /Украинадағы/ «Анти­май­дан» қозға­лы­сы­мен қой­ын­дасқан. «НОД» ресей­лік күш­тер­дің Қырым­ды аннек­си­я­лау, Укра­и­на аумағын­да қуыр­шақ «Ново­рос­сия» мем­ле­кетін құру сияқты басқын­шы­лық әре­кет­терін қол­да­ды. Адам­да­рын жіберді. 

«Қозға­лы­стың» бүгін­де бүкіл Ресей бой­ын­ша аумақтық жүй­есі жұмыс істей­ді. Қазір Бела­русь, Мол­да­вия, Укра­и­на, Әзір­бай­жан, Кана­да, Фин­лян­дия, Эсто­ния, Чехия, Гер­ма­ния елдерін­де жақ­та­ста­ры бар.

Ал олар үшін Қаза­қстан – май­шел­пек. Олар Қазақ елін әрқа­шан өз ықпа­лын­да ұста­уды қалай­ды. Кей­біре­улері «Біз Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гін іс жүзін­де мой­ын­да­май­мыз!» деп, ашы­қтан-ашық айтып жүр. Бұры­нғы әске­ри қыз­мет­кер Қуат Ахме­то­втың айтуы­на қараған­да, қазір «НОД»-тың Өске­мен­де, Пав­ло­дар­да, Қоста­най­да, Алма­ты­да, Қап­шағай­да бөлім­ше­лері бел­сен­ді жұмыс істей­ді. Тір­кел­ме­ген «НОД» ұйы­мы­ның офи­стері «Бес­смерт­ный полк» шта­б­та­рын­да орна­ласқан. Бірқа­та­ры­ның қос аза­мат­ты­ғы бар. Каза­че­ство ұйым­да­ры іс жүзін­де «НОД»-тың әске­ри құры­лым­да­ры­ның қата­рын­да. «Куста­най­ское каза­чье вой­ско», «Семи­ре­чен­ское каза­чье вой­ско» деп ресми тір­кел­ген ұйым­да­ры апта сай­ын шір­ке­улер­де бас қоса­ды. Екі апта­да бір рет «стрель­би­ще­де» атыс жат­ты­ғу­ла­рын жасай­ды. Бұларға кей­бір ауған соғы­сы арда­гер­лерінің ұйым­да­ры іш тартады. 

Қаза­қстан­ның сол­түстік өңір­леріне көз алар­тқан Ресей импе­ри­а­ли­стері ертең сөз­ден іске көш­се, «іштен шыққан жау жаман» демек­ші, бұлар үлкен қауіп. Құқық қорғау құры­лым­да­ры, бүкіл Қаза­қстан халқы мұн­дай сепа­ра­ти­стік пиғыл­дағы­ларға тосқа­уыл қоюы қажет!

Марат БӘЙДІЛДӘҰЛЫ

(Тоқаш­ба­ев), жазу­шы-пуб­ли­цист

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн