Пятница , 4 июля 2025

Аружан Дүйсебаева: Өткен өмірмен емес, КЕЛЕШЕКПЕН өмір сүруіміз керек

– Ару­жан, Дем­пар­тия мен “Бәсе” ютуб-арна­сы­ның баста­ма­сы­мен өткен сен­бі күн­гі митинг­тің ұйым­да­сты­ру­шы­лар қата­рын­да жүр­геніңді көр­дік: бұл нара­зы­лық акци­я­сы көңілің­нен шықты ма?

– Иә, Қытай экс­пан­си­я­сы­на қар­сы ұйым­да­сты­ры­лған бұл жолғы нара­зы­лық акци­я­сы бір­ша­ма көңіл­ден шықты. «Бір­ша­ма» дей­тінім – бұл митин­гі­ге жиналған­дар қара­сы бұры­нғы митин­гілер­ден молы­рақ бол­ды. Бұры­нғы­дай емес, елдің, жер­дің мәсе­лесін көтеріп, ұлт­тық мүд­де үшін күресіп жүр­ген аза­мат­тар мен сая­си күш­тер­дің топ­та­суы үлкен нәти­же. Бал­таш аға Тұр­сым­ба­ев бастаған «Ел мен жер» қозға­лы­сы біздің баста­ма­ны қол­дап, митин­гі­ге бел­сене қаты­сты. Бел­гілі сая­си жур­на­лист Гүл­жан апам Ерға­ли­е­ва бұл жолы митин­гі­де қазақ тілін­де сөй­леп, бұл жиын­ның ұлт­тың маңы­зды­лы­ғы­на мән бер­ді. Сөй­лей­мін деген­нің бар­лы­ғы­на сөз берілді.

– «Бір­ша­ма» деген сөздің екін­ші аста­ры да бар ғой: көңіл­ге қон­баған жағы не болды?

– Ал «бір­ша­ма­ның» екін­ші жағы – халы­қтың қоғам­дық бел­сен­ділі­гі әлі де бол­са баяу, самарқа­улық басым. Ел-жұрт­тың «кух­ня­лық нара­зы­лы­ғы» мен «диван­дағы даб­ы­ра» алаңға шыға алмай жатқы­ны рас. Сон­ды­қтан халы­қты сая­си сау­ат­тан­ды­ру жұмысын күшей­ту керек деп ойлаймын.

Оның үстіне, әкім­дік жұм­саған «үгіт­шілер» мен жан­дай­шап­тар әдет­те­гі­дей бел­сен­ді аза­мат­тар­ды жеке шақы­рып алып, бет­тері­нен қай­тар­мақ бол­ды. Мені­мен сөй­лес­кен біре­уінің тілі май­да екен: «Жаным-ау, әлі жас­сың ғой, бола­шағы­ң­ды ойла. Қытай­лар зауыт сала­ды да кете­ді ғой, билік­ке қар­сы шыққан­нан опа тап­пай­сың» деген сын­ды мән-мағы­на­сыз әңгі­ме айта­ды. Оларға құлақ ассақ, елді­гі­міз­ден айы­ры­лар­мыз, бат­паққа батқа­ны­мыз – батқан.

– Иә, қалай болған­да да, митинг­ке жиналған халы­қтың мөл­шері көңіл көн­шіт­пе­гені анық. Осы орай­да «біздің халық әлі оянған жоқ» деген жат­тан­ды посту­лат­пен келі­сесің бе, әлде басқа­дай тұжы­ры­мың бар ма?

– Бұл жолы халық бұдан да көп болар еді, егер «қара­бет­тер» (поли­ция деп атағым кел­мей­ді) бір­не­ше көшені жауып, қоғам­дық көлік­тер­ді тоқта­тып, көше торуыл­дап, митин­гі­ге келе жатқан­дар­ды кері қай­тар­маған­да және интер­нет­ті өшір­ме­ген­де. Соған қара­ма­стан алаңға біраз адам кел­ді. Демек елдің рухы өшпе­ген, өзінің ада­ми құқы­ғы мен аза­мат­тық ұста­ны үшін күре­су­ге дай­ын деген сөз.

Жал­пы алған­да, мен «халық әлі оянған жоқ» деген пікір­мен келіс­пей­мін. Оянған­да қан­дай! Бірақ Назар­ба­ев­тың шірі­ген жүй­есі халы­қты қат­ты қорқы­тып, үрей үйіріп тастаған. Билік халы­қтың бірі­гуі­нен өлер­дей қорқа­ды. Мен айтар едім: алаңға атой­лап шыға­тын әр адам – батыр. Қытай­ға қары­зға батып, тәу­ел­сіздік­ті қатер­ге тігіп оты­рған билік­тің есін жиғы­зып, елді­гі­мізді сақтап қалуға жаны құштар халық көп.

– Осын­дай сая­си акци­я­лар мен қоғам­дық істер­ге қазақ жаста­ры қан­ша­лы­қты құл­шы­ны­сты деп ойлайсың?

– Әрине елі­міз­де­гі әділет­сіздік пен келеңсіздік­ке бей-жай қарай алмай­тын жастар жетер­лік. Бірақ жастар­дың басым көп­шілі­гі елде­гі еңіре­ген жағ­дай­дан бұрын, жеке баста­ры­ның қамын көбірек ойла­у­ға мәж­бүр. Билік жастар­ды әле­умет­тік-тұр­мыстық тап­шы­лы­қтың қорас­ы­на қамап тастаған. Көп­шілі­гі алаңға шық­пақ түгілі, өздерін маза­лаған сая­си сұрақтарға жау­ап ізде­у­ге қорқа­ды. «Аш пәле­ден – қаш пәленің» кебін жастар­дың басы­на кеп­теп тастаған. Оның үстіне, «Жас Отан» сияқты жан­дай­шап ұйым­дар Назар­ба­ев­тың жеке басы­на табы­ну үрдісін үдетіп жүр. Бірақ көзі ашық, көкіре­гі ояу жаста­ры­мыз да бар­шы­лық, олар­дың қата­ры күн өткен сай­ын өсу­де. Елде­гі ертең­гі өзгерісті жастар жасай­ты­ны­на кәміл сенемін.

– Ал өзіңді қоғам­дық-сая­си жұмыстарға тәу­е­кел еткен қан­дай түрт­кі? Әкім­дік­тің жан­дай­ша­бы айтқан­дай, жасың бол­са, небәрі…

– Жасым әзір­ге жиыр­ма екі­де ғана… (күл­ді). Сыр бой­ы­нан, Шиелі­ден шыққан қыз­бын. Рас, «бар­лық өмір алда» деп, бір күн­дері бәрібір заман­ның өзге­ре­рін күтіп, жай­ба­рақат жүре беру­ге болар еді. Бірақ…

Бірақ мені қоғам­дық бел­сен­ділік­ке жетек­те­ген қан­дай түрт­кі дей­сіз бе?.. Анау еді, мынау еді деп, таң­ба­лап айту қиын… Ең басты­сы – елде­гі әділет­сіздік пен билік­тің өз халқы­на деген озбыр­лы­ғы­на қаным қас. Көн­біс бола алмай­мын. Халы­қты алдан­ды­рып, мың сыл­тау айта­тын әкім-биші­ке­ш­тер­ді көр­ген­де, жыным келеді. Шама­сы, мені «түрт­пек­те­ген» осын­дай түсінік бол­са керек.

Мәсе­лен, Қытай­дың елге сал­мақ­шы болған 56 кәсі­по­ры­ны­нң бірі – «Гежу­ба Цемент» зауы­ты 2017 жылы біздің Шиелі­ге салы­на­ды деген сөз шыққан­да, өз қар­сы­лы­ғым­ды ашық біл­дір­ген бола­ты­мын. Әрине ол кез­де небәрі 18 жаста­мын, бұған қар­сы не істеу керекті­гін біл­медім. Содан 2018 жылы ізденіп жүріп, Инга­лар (Инга Иман­бай – Жан­бо­лат Мамай­дың келін­ше­гі – ред.) ұйым­да­сты­рған «Өз Қаза­қста­ны­ң­ды еле­с­тет» деген оқу кур­сы­на қаты­стым. Осы оқу арқы­лы Қаза­қстан­ның жағ­дай­ы­на деген көзқа­ра­сым 100 пай­ыз өзгер­ді. Сон­да билік ауыл­дық жер­де теле­ди­дар арқы­лы халы­қтың миын улап, өтірік, орын­дал­май­тын жол­да­у­лар­мен, баян­сыз бағ­дар­ла­ма­лар­мен алдан­ды­рып жүр­генін түсіндім.

– Деген­мен қоғам­дық іс-әре­кетің үшін билік­тің қуда­ла­у­ы­на тап болам деп қоры­қ­пай­сың ба?

– Ештеңе­ден қоры­қ­пай­мын деуім ессіздік болар, бірақ жер­дің, елдің мәсе­лесі, ұлт­тың мүд­десі қор болған­да, қорқы­ныш пен үрей­ді жүрек­тен жұлып алып, өз жөніне жібе­ру керек. Егер Жаратқан­ның пеше­не­ме жазуы бой­ын­ша, маған қаты­сты оқыс бір­деңе болу керек бол­са, мен қоғам­дық іске ара­ла­сай­ын, ара­лас­пай­ын, ол бәрібір бола­ды. Сон­ды­қтан «сақтанған­ды – сақтай­мын» деген діни дог­ма менің сана­ма сіңбейді.

Кезін­де елі мен жерін қорғап, жауға шапқан ата-баба­ла­ры­мы­зда қорқы­ныш бол­ма­ды емес, олар да өмір сүр­гісі кел­ді. Бірақ олар қара бастың қамын емес, ұрпағы­ның, руы­ның, елінің бола­шағын ойла­ды, сол үшін жан­да­рын шүпе­рекке түй­ді. Бүгін­гі біз үшін күре­сті, қанын төк­ті, жанын бер­ді. Ал енді сол ержүрек дала батыр­ла­ры­ның бүгін­гі ұрпағы – біз­дер, бола­шақты неге ойла­мауы­мыз керек? Мен өз өмірім үшін емес, менен кей­ін­гі ұрпақ үшін қорқа­мын. Олар да мен сияқты жастық шағын­да дик­та­ту­ра­мен күресіп жүр­месін, демо­кра­ти­я­лы елде өмір сүр­се екен деп тілеймін.

– Бәре­кел­ді! Ал қай­мы­ғып жүр­ген жастарға – өз заман­даста­ры­ңа қан­дай ақыл айтар едің?

– Айна­лам­да ынта­сыз жастар­ды көр­сем, «дөң­ге­лексіз арба» деп қын­жы­ла­мын. Өз беті­мен жүре алмай­ды, сүй­ре­ген­ге көн­бей­ді. Дөң­ге­ле­гі бол­ма­са, оны қара күшпен қозғаған­нан не пайда?

Арғы жағын қай­дам, бер­гі 40–50 жыл­да әлем­де­гі өзгеріс­ке қозға­у­шы болған – жастар. Олар бұры­нғы­дай өмір сүр­гісі кел­мей­ді, сон­ды­қтан өзі жүр­ген орта­ны өзгер­ту­ге құштар бола­ды. Осы тұрғы­дан кел­ген­де, қазақ жаста­ры­на қоғам­дағы кез-кел­ген мәсе­ле­ге бей-жай қара­уға бол­май­ды деп ойлай­мын. Себебі Қаза­қстан­ның бола­шағы және иесі бүгін­гі жатар екенін ұмыт­па­уы­мыз керек. «Батыр­дың ұрпағы­мыз» деп, ауы­з­бен орақ орып, өткен тарих­ты мал­данған­нан дүние өзгер­мей­ді. Сон­ды­қтан өзім құра­лып­тас жастар­ды еге­мен­ді­гі­мізді, жері­мізді, ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды қорға­уға шақы­ра­мын. Біз өткен тарих­пен емес, келер күн­мен өмір сүруі­міз керек!

– Айт­пақ­шы, соңғы жыл­да­ры жалын­дап шыққан “Оян, Қаза­қстан” ұйы­мы­ның жаста­ры­мен бай­ла­ны­ста­рың қан­ша­лы­қты тығыз?

– Етене ара­ла­сып кет­тік деп айта алмай­мын. Әркім­нің өз бағ­да­ры, ұйым­дық ұста­ны­мы болған соң, өзі­міздің «сая­си пәтері­міз­ден» шыға алмай жүр­ген сияқты­мыз. Бірақ «Оян­ның» бір жетек­шісі Әсем Жам­пи­ше­ва­мен бір­не­ше митинг­те бір­ге бол­дық. Өте жігер­лі, білім­ді, табан­ды, қай­сар қыз. Мақ­сат-мүд­де­міз бір­ге, назар­ба­ев­тық режим­ге қар­сы болған­ды­қтан алдағы уақыт­та «Оян­мен» бір­ге бола­мы­здеп ойлаймын.

– Жастар қозға­лы­ста­рын про­те­стік мақ­сатқа жұмыл­ды­ру жолын­дағы басты қозға­у­шы күшті атай ала­сың ба?

– Біз­ге – жастарға дина­ми­ка беретін ең басты гене­ра­тор – ертең­гі елдің әлем­дік өрке­ни­ет көшіне іле­су­ге деген тал­пы­ныс болуы керек деп ойлай­мын. Бірақ біздің қоғам­дық өмір­ді тек қана жастар төң­керіп тастай­ды деген иллю­зи­яға ила­нуға бол­май­ды. Соңғы 20–25 жыл­да қар­сы­лық қозға­лы­сын­да мол тәжіри­бе жинақтаған үлкен­дер­дің үлесін ұмыт­пай­ы­мыз керек. Ал бүгін­де қоғам­ды өзгер­ту­де Жан­бо­лат Мамай жетек­шілік ететін Демо­кра­ти­я­лық пар­тия қозға­у­шы күш бола­ды деген сені­мім зор. Сол үшін де мен осы пар­ти­я­ның қата­рын­да жүрмін.

– Айт­пақ­шы, әле­умет­тік желілер­де Жан­бо­лат Мамай­ды “билік­тің жоба­сы” дей­тін алы­пқа­шпа сөз­ге қаты­сты не айтар едің?

– Дал­ба­са даб­ы­ра! Бұл даб­ы­ра­ның дәлел-дәй­е­гі жоқ. Оны билік­тің сая­сат тех­но­лог­та­ры туды­рып, жан­дай­шап бло­гер­лер қоз­ды­рып жүр. Ал халы­қтың сая­си сау­ат­сыз тобы кім­ге сенерін біл­мей, дал бола­ды. Мен оларға айтар едім: Жан­бо­лат­тың сөзі мен ісіне қараңыз деп. Егер ол әлдекім­дер айтқан­дай, «билік­тің жоба­сы» бол­са, Назар­ба­ев пен оның режи­міне ашық қар­сы шығар ма еді? Билік ондай «жобаға» жол бере ме? Ермұрат Бапи ағам Фейс­бук­та жазған­дай: «Назар­ба­ев­ты әулие қылған билік оны Жан­бо­латқа іреп-сой­ды­рып қоя ма?».

Назар­ба­ев билі­гінің қулы­ғы­на құрық бой­ла­май­ты­нын түсін­бей, дәй­ексіз бос сөз­ге еретін­дер­ге таңым бар. Дау­ры­қ­па сөзді құлақ­пен емес, жүрек­пен, сан­амен сара­лап тың­дай­ық, ақы­лға салай­ық. «Билік­тің жоба­сы» деп айтып жүр­ген­дер­дің басым көп­шілі­гі бір­де-бір рет алаңға шығып көр­ме­ген­дер. Ал Жан­бо­лат­тың бір ерекшелі­гі – ол ешкім­ді қара­ла­май­ды. Қоғам­дағы кей­бір ұйым­дар билік­пен емес, Жан­бо­лат­пен күресіп жүр­ген­дей көрі­неді маған. Ал ЖАн­бо­лат өзіне жасалған кедер­гілер мен қысы­мға қара­ма­стан, өз жолы­нан тай­маған нағыз аза­мат. Елдің ара­сын­да халы­қтың көкей­ін­де­гі сөзді сөй­лей­тін бір адам шық­са, соны талап таста­уға даяр тұра­тын­дар өре тұра­ты­ны жан­ды жейді.

– Енді үш жыл­дан кей­ін, көзді ашып-жұмған­ша келесі пре­зи­дент­тік сай­ла­удың уақы­ты келеді. Ал сол кез­ге дей­ін Дем­пар­ти­я­ны тір­ке­уден өткі­зудің мүм­кін­ді­гін өзің қалай болжайсың?

– Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны тір­ке­ту бой­ын­ша жұмыстар жүр­гізіліп жатыр. Баста­ма­шыл топ­ты қол­даған 1000 адам­ның қолы дай­ын тұр. Бей­біт күні кедер­гі жасаған билік каран­тин кезін­де мың адам­ды жинат­пай­ты­ны бел­гілі. Сон­ды­қтан пар­ти­я­ның құры­л­тай­ын өткізу­ге кідіріс болып тұр. Әйт­пе­ген­де, енді­гі пар­ти­я­ны тір­ке­ту жұмысы Әділет мини­стр­лі­гіне тіреліп тұрар еді. Бірақ қалай болған­да да, елде­гі ковид­тік жағ­дай түзел­ген сәт­те-ақ тір­кеу үрдісін жалға­сты­ра­тын боламыз.

– Ару­жан, жастық жігер­де­гі сұх­ба­ты­ңа рақ­мет! Бастаған істеріңді Құдай қолдасын!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн