Пятница , 4 июля 2025

ИНВЕСТИЦИЯ ЖЕЛЕУІ басты ұстаным болмауы керек

  • Сена­тор Ақыл­бек Күріш­ба­евтың 2021 жылғы 25 науры­здағы Жер рефор­ма­сы жөнін­де­гі комис­си­я­ның оты­ры­сын­да сөй­ле­ген сөзі.

Қаза­қстан үшін ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер­лер жай ғана өндіріс құра­лы емес, ең алды­мен бұл біздің ұлт­тық игілі­гі­міз, ата-баба­мы­здан қалған тари­хи мұра­мыз, бүкіл халқы­мы­здың бай­лы­ғы және оның басты құндылығы. 

Жер мәсе­лесіне қаты­сты менің берік ұста­ны­мым: Қаза­қстан­дағы ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер­лер жеке мен­шік­те емес, тек мем­ле­кет­тің құзы­рын­да болуы керек. Ең алды­мен бұл біздің гео­са­я­си жағ­дай­ы­мы­зға бай­ла­ны­сты. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерінің көле­мі бой­ын­ша біз әлем­де алтын­шы орын ала­мыз, ал егістік­тің алқап­та­ры бой­ын­ша жан басы­на шаққан­да Австра­ли­ядан кей­ін екін­ші орын­да­мыз (яғни, бір ада­мға шама­мен 1,3 га егістік жер келеді). Басқа­ша айтқан­да, біз­де халы­қтың /жерге орналасу/ тығы­зды­ғы өте төмен.

Сон­ды­қтан мем­ле­кет­тің ұлт­тық қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету үшін, біздің жер ресур­ста­ры­мы­здың жеке мен­шік­те емес, тек қана мем­ле­кет­тік мен­шік­те болға­ны маңы­зды. Әлем­дік тәжіри­бе­де мұн­дай мысал­дар бар. Мәсе­лен, нары­қтық эко­но­ми­ка­сы дамы­ған Изра­иль­де бар­лық ауыл шару­а­шы­лық жер­лері мем­ле­кет­тің құзырында.

Екін­ші­ден, қазір­гі уақыт­та Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы негізі­нен жера­с­ты пай­да­лы қаз­ба­ла­ры­ның арқа­сын­да даму­да, бірақ олар бір кез­дері аяқта­ла­тын, яғни жаңар­тыл­май­тын табиғи ресур­стар болып табы­ла­ды. Сон­ды­қтан мем­ле­кеті­міздің бола­шағы ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның дамуы­мен бай­ла­ны­сты бола­ды. Міне, сон­да біздің бола­шақ ұрпағы­мы­зға ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер­лер­ді пай­да­ла­ну қол­жетім­ді болуы керек. Яғни, олар өздерінің аграр­лық биз­несін дамы­ту үшін, жер­ді жер иеле­ну­шілер­ден неме­се лати­фун­ди­стер­ден сатып алмай, тіке­лей мем­ле­кет­тен алу мүм­кін­ді­гіне ие болуы қажет.

Үшін­ші­ден, бүгін­де «ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер­лер­ге жеке мен­шік­тің бол­мауы аграр­лық салаға инве­сти­ци­я­лар тар­ту­дың басты теже­гі­ші болып табы­ла­ды» деген пікір бар. Шынын­да да, агроө­нер­кәсіп­тік кешен­ге инве­сти­ци­я­лар тар­ту жағы­нан біз әлем­нің жетек­ші аграр­лық елдері­нен көп арт­та қалып отыр­мыз. Атап айтқан­да, ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы шетел­дік инве­сти­ци­я­лар көле­мі Австра­ли­яда бір гек­тар егістік­ке шаққан­да 422 АҚШ дол­ла­рын құрай­ды, Кана­да­да – 80 дол­лар, ал Қаза­қстан­да бір дол­ларға да жет­пей­ді, яғни 100–400 есе аз.

Шетел­дер­де инве­сти­ци­я­лар тар­ту­дың басты шар­ты – ауыл шару­а­шы­лы­ғы өндірісінің тұрақты­лы­ғы мен жоға­ры рен­та­бель­ділі­гі болып табы­ла­ды, бұл ең алды­мен мем­ле­кет­тің тиім­ді аграр­лық сая­са­ты есебі­нен қалып­та­са­ды. Басқа­ша айтқан­да, егер біздің шару­а­шы­лы­ғы­мыз шетел­дік фер­мер­лер сияқты ұзақ және арзан кре­дит­тер­мен, мем­ле­кет­тік қол­да­удың тиім­ді шара­ла­ры­мен (суб­си­ди­я­лар­мен), кепіл­ден­діріл­ген сақтан­ды­ру жүй­есі­мен және ғылы­ми-тех­но­ло­ги­я­лық жетістік­тер­мен қам­та­ма­сыз етіл­се, біздің де аграр­лық сала­мыз инве­сти­ци­я­лық сұра­ны­ста болар еді.

Жал­пы, 2016 жылы құры­лған Мем­ле­кет­тік жер комис­си­я­сы­ның өз уақы­тын­да қоғам­дағы түр­лі пікір­лер­ді бірік­тіріп, жер қаты­на­ста­рын жетіл­ді­ру жөнін­де­гі негіз­гі ұсы­ны­стар­ды ескер­генін атап өткім келеді. Сон­ды­қтан, менің ойым­ша, қазір­гі жер комис­си­я­сы өз жұмысын­да сол ұсы­ны­стар­ды негіз­ге алуы керек.

Өкініш­ке орай, олар­дың бір бөлі­гі іске асы­рыл­май қал­ды. Мәсе­лен, елде жер ресур­ста­рын жүй­елі бақы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету үшін, біз мем­ле­кет­тік жер инспек­ци­я­сы­ның вер­ти­ка­лын қал­пы­на кел­ті­ре алма­дық. Жер ресур­ста­рын басқа­ру коми­теті дер­бес орган емес, Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гіне бағы­ны­шты. Соны­мен қатар оның тек 38 адам­нан тұра­тын орта­лық аппа­ра­ты бар. Аймақтық жер инспек­ци­я­ла­ры жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дарға беріл­ген. Ал аудан әкі­мі жер­ді өзі бөледі, оны өзі бақы­лай­ды. Бұл дұрыс емес. 

Елі­міз­де топы­рақ-агро­хи­ми­я­лық зерт­ха­на­лар желісін құру мәсе­лесі де шешіл­ген жоқ. Сон­ды­қтан жалға беріл­ген жер телім­дерінің топы­рақ құнар­лы­лы­ғы не болып жатқа­нын нақты білмейміз.

Осы уақыт ішін­де біз ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерінің ғары­штық мони­то­рин­гінің отан­дық жүй­есін зама­на­уи дең­гей­ге көте­ре алма­дық. Ашы­ғын айт­сақ, бұл бағыт­та біз­де нақты іске қараған­да, әде­мі сөз­дер көп. Әкім­дік­тер ауыл­дық елді мекен­дер­ді жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз ету мәсе­лесін соңы­на дей­ін шеше алма­ды. Жер ресур­ста­рын басқа­ру коми­тетінің мәлі­метін­ше, қазір ауыл­дың малын жаюға 32 млн гек­тар­дан астам жай­ы­лым жетіс­пей­ді. Бұл үкі­мет­тің қара­уы­на 2016 жылы жер комис­си­я­сы шығарған мәсе­ле­лер­дің бір бөлі­гі ғана, олар әлі күн­ге дей­ін түп­кілік­ті шеші­мін таппады.

Жер мәселесін РЕФЕРЕНДУМ ғана шешуі тиіс

Жер комис­си­я­сы­ның жеке­ле­ген мүше­лерін талқы­лау –өнбей­тін іс. Дүй­ім жұр­тқа 100% жаға­тын 90 адам табам деу – сағым қуа­ла­у­мен бір­дей. Басты про­бле­ма осы комис­си­я­ның құры­луын­да жатыр. Менің­ше, бұл топ­тың жұмысы жемісті бола­ды деу – бос үміт. Неге?

Комис­сия құра­мы әркел­кі және әрқай­сысы­ның жер мәсе­лесіне қаты­сты өз көзқа­ра­сы, өз пай­ы­мы бар. Олар тек бір нәр­се­де ортақ келісім­ге келуі мүм­кін. Ол – жер­ді шетел аза­мат­та­ры­на сат­пау мәсе­лесі. Онда Тере­щен­ко секіл­ді лати­фун­ди­ст­тер бос жатқан жер­лерін шетел­дік­тер­ге қуа­на-қуа­на сатуға келі­сер еді.

Ал негізі­нен көп тұста комис­сия мүше­лерінің пікір­лері қара­ма-қай­шы. Біре­улері жер­ге жеке мен­шік сақталған­да ғана эко­но­ми­ка дами­ды дей­ді, екін­шілері жер­ді мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­ру­ды ұсы­на­ды, үшін­шілері жеке мен­шік бол­сын, шетел­дік­тер­ге тек қана жалға беру­ге бола­ды деп шыға­ды. Ақыр аяғын­да бір-бірі­мен қыры­лы­сып, бірі комис­си­ядан шығып, екін­шісі кіріп, түп­тің-түбін­де жаңа Жер кодексі кезек­ті қара­ма-қай­шы­лы­қтарға толы заң болып шығады.

Оны бол­дыр­маудың бір ғана жолы бар. Ол – жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум. Онда екі ғана сау­ал болуы тиіс.

1. Жер­ге жеке мен­шік сақтал­сын. Шетел аза­мат­та­ры­на жеке мен­шік­ке де, жалға да берілмесін.

2. Әрбір қаза­қстан­ды­ққа тиесілі, бау-бақ­ша өсіріп, үй салуға арналған 10 сот­ка­дан бөтен жер­дің бәрі мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­рыл­сын. Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на 10–49 жылға дей­ін жалға берілсін.

Осы екі сау­алға қазақ елінің әрбір аза­ма­ты жау­ап бер­сін. Рефе­рен­дум нәти­же­сін­де қай шешім өте­ді, соны мем­ле­кет­тік комис­сия негіз­ге ала оты­рып, жаңа Жер кодексін дай­ын­дай­ды. Алго­ритм солай жасал­са ғана нәти­же бола­ды. Алды­мен – рефе­рен­дум, сосын – комис­сия жұмысы. Сон­да ғана комис­сия мүше­лері әркім өзінің пікірін тық­па­ла­уды қояды. Негіз­гі прин­ци­пі қабыл­да­на­ды, сол бой­ын­ша жұмыс істей­ді. Мың жер­ден ақы­л­гөй бол­са да, тұта­стай елдің тағ­ды­ры ат төбелін­дей азған­тай ада­мға бай­ла­ны­сты бол­мау керек. Мем­ле­кет­тің бір­тұ­та­сты­ғы мен қауіп­сізді­гі бәс­ке түс­кен­де, жал­пы­ха­лы­қтық шешім қажет.

Әрі-бері­ден соң, бұл билік­ке де тиім­ді қадам. Рефе­рен­дум олар­ды келер ұрпақтың алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­тен боса­та­ды. Сон­да келе­шек алдын­да жалғыз ғана билік емес, бүгін­гі бәрі­міз жау­ап бере­міз. Қылқыл­дап та, үркітіп, қорқы­тып та қазақ жерін сұрап жүр­ген шетел­дік­тер­ге билік­тің жау­а­бы дай­ын тұрар еді. «Кешіріңіз­дер, біздің қол­да тұрған ештеңе жоқ, бұл халы­қтың ұйға­ры­мы» дей­ді де жүре береді. Бет­тері ашық. Соны қалай ұқпай­ты­ны­на таңым бар.

Ал рефе­рен­ду­мға қара­жат жоқ деген – жәй ғана сыл­тау. Кезек­тен тыс талай пре­зи­дент­тік, пар­ла­мент­тік сай­ла­у­лар­ды өткіз­ген­де, тап­тық қой қар­жы­ны. Бұл жолы да табуға болады.

Мұх­тар ТҮМЕНБАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн