Пятница , 4 июля 2025

Абайды мүсіркеу – АДАСҚАНДЫҚ!

  • Ұлы Абай нелік­тен «жұм­бақ адам» болып қалу­да? Себебі кемел­де­нуінің саты-саты­ла­ры ашы­қталған жоқ. Тіп­ті бұл дүни­е­ден қалай баз кеш­кенін де аны­қтап болған жоқ­пыз. Әйте­уір болжам, дақ­пырт көп, бірақ шыны қай­сы, аңы­зы қай­сы екенін айы­ру қиы­нға соғады.

Баршаға аян, кеше­гі совет­тік дәуір­де қай­ғы-қасірет шөк­тір­ген, мың­мен жалғыз алы­сқан Абай бей­несі қалып­та­сты. Ол – ұлт қамын ойлаған, сахнаға күр­сініп, күңіреніп шыға­тын тра­ге­ди­я­лық тұлға. Дұрыс-ақ. Бірақ Аллаға жақын­дап, Оны жар еткен, басқа­ша айтқан­да, дүние тір­шілі­гі алдам­шы екенін танып-біліп, оның қызы­ғы­нан суы­нған, қай­ғы-қасіретіне бой алдыр­маған Абай да бар емес пе?! Кеше­гі ате­и­стік заман­ның осы хакім­дік дең­гей­де­гі Абай­ды жаты­рқап, ол тура­лы тіп­ті ауыз аштыр­маға­ны шын­дық емес пе?

Адам бала­сы шынайы да тұрақты бақы­тқа тек Құдай жолы­на қадам басқан­да бөлен­бек. Бұл – Ясса­уи баба­мы­здың «Диу­а­ни хик­мет» кіта­бын­да аны­қталған, бар­ша сопы­лық поэ­зи­я­ның клас­сик­тері қақ­сап айтқан акси­о­ма-ақиқат. Ойлай­мын, қазір­гі таң­да қазақ қоға­мы ұлт ұста­зы Абай­ға ғана емес, бүкіла­дам­заттық руха­ни­ят шыңы­на шыққан Абай­ға да зәру.

Сөй­тіп, Абай бей­несі совет­тік дәуір­де­гі­дей тек тра­ге­ди­я­лық қыры­нан сомда­луы керек пе, әлде Абай өмірінің соңғы хакім­дік кезеңі, жаңағы суфизм ілі­міне сәй­кес, ең сәу­лелі де бақыт­ты шағы деп мой­ын­далға­ны жөн бе? Мақа­ла мақ­са­ты – осы жәйт­тің басын ашып, күр­ме­уін тарқа­туға саяды.

Алды­мен Абай өмірінің соңғы кезеңін­де болған оқиға, құбы­лы­стар­ды бар­лап көр­мек­піз («жұм­бақ жан» дегі­зетін ұлы өмір­дің осы – соңғы бөлігі).

Әйгілі «Сегіз аяқта» Абай: «Жалғыз қал­дым – тап шыным!» деп, халық үшін қай­ғы­рып, күй­зеліс­ке түседі. Алай­да 1889 жылғы Абай мен кей­ін­гі Абай бір емес. Ойлау жүй­есін­де­гі өзгеріс, айыр­ма зор! Мұны сонау 1920 жыл­да­ры татар ғалы­мы Абд­рах­ман Сағ­ди былай­ша ашы­қтап бер­ген еді: «…Әуел­де Аллаға онша жақын бол­маған һәм көбірек дүние үшін, халық үшін қай­ғы­рған Абай 1898 жыл­дан соң Аллаға жақын­дап, Алла­ны жар ете­ді» («Абай» жур­на­лы, 1993, №6). Бұл әділет­ті пікір­ге ешкім тала­са қоймас.

Өйт­кені 1898 жыл дей­міз-ау, тіп­ті онан үш жыл бұрын «Күні-түні ойым­да бір-ақ Тәңірі» деп Алла­ны жар еткен Абай­ды көре­міз («Лай суға май біт­пес қой өткен­ге» өлеңі). Бұл Абай­дың жалғы­зды­қ­пен қоштасқа­ны есеп­ті. «Дос кет­ті», «Сені­сер адам тап­тық па?» неме­се «Туы­сқа­ның, доста­рың – бәрі екіұ­шты» деген­дері жалғы­зды­қтың мұң-зары емес. Бұлай десек, жаң­сақты­ққа ұры­на­мыз. Айтай­ын дегенім: «жалғы­з­бын» деген сөздің Абай лек­си­ка­сы­нан ғай­ып болуы – ойлау жүй­есі өзге­руінің көрінісі.

Жоға­ры­да айты­лған­дай, діні­міз­де шынайы да тұрақты бақыт – адам­ның Аллаға жақын­дап, Оның дида­ры­мен қауы­шуы. Абай 1899–1901 жыл­да­ры күр­делі еңбе­гі «Тас­диқты» (қазір­гі­ше 38-сөз) жазып шыға­ды. Бұл – таза ғай­ып­тың тілі­мен, яки сопы­лық тілі­мен жазы­лған шығар­ма. Атал­мыш мұра­да Абай хакім­дер­ді: «…Дүни­е­де­гі бүкіл ләз­зат бұларға екін­ші мәр­та­ба­да қалып, бір ғана Хақты тап­пақ, әрбір нәр­сенің себебін тап­пақ­пе­нен ләз­затта­на­ды», – деп сипатта­са, бұл өзіне де қаты­сты шын­дық. Жеке басы­ның тәжіри­бесі, жан әле­мі рахат пен тыны­штық тапқа­ны­ның дәлелі.

Сөй­тіп, өмірінің соңғы хакім­дік дең­гей­ін­де Абай өзін шын бақыт­ты жан сезін­ген деу­ге бей­іл­міз. Өйт­кені поэ­зи­я­сы­нан тұта­стай алған­да опти­ми­стік рух еседі. 1895–1900 жыл­дарға қаты­сты естелік­тер­ге көз жүгірт­сек, жай­да­ры мінезі­нен, көтеріңкі көңіл-күй­і­нен айны­маған кемең­гер­ді көре­міз. Қыр мен қалаға кезек жүріп-тұрға­ны­ның, руха­ни мәжілістер­ге бел­сене қаты­сқа­ны­ның куәсі бола­мыз. Көңілі бір тын­бай көп ізде­ген, биік дең­гей­де қауы­ша­тын сыр­лас досты орыс ақы­ны Лер­мон­то­втан тапқа­нын да айта отырайық.

Өкініш­ке қарай, өмірінің соңын­да жаны жай тапқан Абай емес, қай­ғы­дан сынған, жүй­кесі жұқарған Абай көзі­міз­ге еле­стей­ді. Оның өзін­дік себеп­тері бар. Айта­лық, бала­сы Маға­у­и­я­ның өлі­мі­нен соң, күй­ік­ке шыдай алмай науқаста­нып, қырық күн өткен­де дүни­е­ден баз кешті деген әңгі­ме кең тарал­ды. Шын­ды­ғын­да ойшыл ақын екі бір­дей дерт­ке (гипер­то­ния және инсульт) ұшы­раған. Өлі­міне тіке­лей себеп­кер осы екі дерт-тұғын.

Асан ОМАРОВ

  • Жалға­сы газет­тің келесі санында

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн