Пятница , 4 июля 2025

Мыңжылқы БЕРДІҚОЖАЕВ: Сақтық шарасы орындалса, ВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫН ертерек тоқтатуға болады

Ресми ақпа­рат Қаза­қстан­да, әсіре­се Алма­ты мен аста­на­да ковид­тік індет­тің өршіп бара жатқа­ны тура­лы жиі-жиі және даб­ыл қағар­лық қалып­та хабар­лай баста­ды. Бұл жағ­дай шыны­мен-ақ індет­тің етек жаюы­ның бел­гісі ме, жоқ әлде коро­на­ви­русқа қар­сы жап­пай вак­ци­на­ция жүр­гі­зудің ама­лы ма?

Осы және пнев­мо­ни­яға қаты­сты басқа да сау­ал­дарға бай­ла­ны­сты Алма­ты­дағы Орта­лық кли­ни­ка­лық ауру­ха­на­ның ней­ро­хи­рур­гия бөлі­мінің мең­ге­ру­шісі, Шым­кент қала­лық №2 ауру­ха­на­ның бас дәрі­гері, жоға­ры санат­ты ней­ро­хи­рург Мың­жы­лқы Бер­діқо­жа­ев мыр­за­ны сұх­бат­та­суға шақы­рған едік. Еске сала кетей­ік, был­тыр мау­сым-шіл­де айла­рын­да, індет індеп бара жатқан кез­де билік коро­на­ви­рус пен пнев­мо­ни­я­ны ресми түр­де екі­ге бөліп, есеп жүр­гіз­ген еді. Сол бір апа­лас-төпе­лес шақта Мың­жы­лқы Сай­ла­у­ұ­лы «ДАТ»-қа бер­ген сұх­ба­тын­да: «Бұл індет – коро­на­ви­ру­стық пнев­мо­ния» деп аны­қта­ма бер­ген болатын. 

– Мың­жы­лқы мыр­за, ресми орган­дар елге «коро­на­ви­ру­стың үшін­ші толқы­ны» кел­ді деп жатыр. Бұл шын­ды­ққа сай келетін хабар ма, әлде халы­қты вак­ци­наға мәж­бүр­ле­удің ама­лы ма?

– Шыны­мен де, коро­на­ви­рус індеті көбей­іп жатқа­нын көріп отыр­мыз. Әсіре­се Алма­ты мен Нұр-Сұл­тан­да науқастар­дың көбей­гені аны­қта­лу­да. Биы­лғы виру­стың да сипа­ты өзгер­ген, бұрын 10–14 күн­нің ішін­де науқастар­дың жағ­дайы нашар­лап жат­са, қазір 3–4 күн­нің ішін­де бір­ден жағ­дайы күрт төмен­деп, жасан­ды тыныс алу аппа­ра­ты­мен емделіп жатқан­дар бар. Виру­стың өрші­ген кезеңі екпе жүр­гі­зу (вак­ци­на­ция) науқа­ны­мен сәй­кес келіп қалу себебі­нен сырт көз­ге халы­қты мәж­бүр­леу сыңайы бай­қа­луы мүм­кін. Халы­қтың елді басқа­рып оты­рған билік­ке сенім­сіздік таны­туы­ның сипа­ты болуы мүм­кін, бірақ ауы­рып жатқан науқастар­дың көп екенін көріп отыр­мыз. Бүгін­гі күні Шым­кент қала­сын­да­мын, бұл жер­де де ауру­ха­на­дағы төсек-орын­дар бір­тін­деп толып жатыр.

– Айт­пақ­шы, ел ара­сын­да осы вак­ци­наға қар­сы нешетүр­лі сөз бар. Ол қар­сы­лы­қтың басым көп­шілі­гі ресей­лік «Спут­ник» екпе­сіне сенім­сіздік­тен туып жатқан сияқты. Бірақ біздің ел сырт­тан басқа­дай вак­ци­на алдыр­тып жатқан жоқ. Білік­ті дәрі­гер-маман ретін­де сіз халы­ққа қан­дай ақыл айта­сыз? Қайт­пек керек?

– Вакцинаның бірнеше түрі бар, бізге қолжетімдісі – «Спутник‑V». Бұл вакцина коронавирусқа қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі деген нақты деректер бар. Вакцина індетке шалдықпауға жүз пайыз кепілдік бермейтінін ескеруіміз керек, салдырған адам да ауруы мүмкін, алайда коронавирустық инфекция мен коронавирустық пневмония ауыр түрде өтпейді, жеңіл өтуіне септігін тигізеді. Сондықтан вакцинаны салдырған дұрыс, қолда бары – осы «Спутник‑V».
Америкалық және еуропалық вакцинаның үш модификациялық түрлері бар, «Спутник‑V» векторлық вакцинасы сол топқа жатады. Ал тірі емес (өлтірілген) вакцинаға қазақстандық түрін жатқызуға болады. Одан кейінгілері РНК модификацияланған – Pfizer және Moderna компаниялары шығарған вакциналар.

– Тағы да ресми хабарға қараған­да, «қызыл аймаққа» кір­ген облы­стар­дың қата­ры арт­ты, індет­ке шал­ды­ққан­дар мен өлім-жітім­нің саны шыны­мен-ақ артып бара­ды. Бұл жағ­дай­ды был­ты­рғы мау­сым-шіл­де айла­рын­дағы жағ­дай­мен салы­сты­руға келе ме?

– Қазір­гі таң­да ауы­рған науқастар­дың саны көбей­іп келе жатқа­ны рас. Бірақ был­ты­рғы мау­сым мен шіл­де айын­дағы жағ­дай­лар қай­та­лан­бай­ды деп ойлай­мын. Был­ты­рғы жағ­дай­мен салы­сты­рған­да, ден­са­улық сақтау жүй­есінің дай­ын­ды­ғы жолға қой­ы­лған. Білік­ті маман­дар, отте­гі кон­цен­тра­тор­ла­ры да науқастарға көме­гі тиетін­дей, жет­кілік­ті мөл­шер­де қам­та­ма­сыз етіл­ген. Соны­мен қатар науқастар­ды қалай емдеу керекті­гін дәрі­гер­лер де, ел тұрғын­да­ры да жақ­сы біледі. Қан­дай сақтық шара­ла­рын қол­да­ну керекті­гі­нен де хабардар.

– Осы қауіп­тің шегі, тоқтай­тын күні бар ма? Был­ты­рғы жағ­дай­мен салы­сты­рған­да, індет­тің алдын алу шара­ла­ры­ның биы­лғы дең­гейі қан­дай деп ойлайсыз?

– Әрбір жағ­дай­дың баста­ма­сы мен бір­ге аяқта­ла­тын шегі де бар. Сон­ды­қтан коро­на­ви­ру­стық инфек­ци­я­ның бітетін күні бар, бұл жағ­дай орман­ды шалған қалың өрт­пен пара-пар: өткен жыл­да­ры өрт­тің де толық сөн­діріл­геніне куә бол­дық, сол сияқты індет­тің де жой­ы­лар күні келеді. Был­ты­рғы жыл­мен салы­сты­рған­да, індет­тің алдын алу шара­ла­ры был­ты­рғы жылға қараған­да әлдеқай­да жақ­сы. Бірақ халық инфек­ци­ядан шар­шап, босаң­сып кет­кен кей­пі де бар. Соған қара­ма­стан, алдын алу шара­ла­ры тиім­дірек жүр­гізіліп жатыр.

– Деген­мен, ел-жұрт­тың басым бөлі­гі әу бастан коро­на­ви­русқа сен­бей­ді. Лок­даун кезін­де үйде оты­рған жұрт «бұл – сая­сат» деп шула­ды. Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі әлі күн­ге дей­ін коро­на­ви­ру­стың қау­пін халы­ққа дұрыс түсін­ді­ре алмай жатқан сияқты. Тек жар­на­ма­лық негіз­де­гі шек­теу әдістерін ғана наси­хат­тай­ды. Халы­қтың бұл індет­ке сенім­сізді­гі мен билік­тің дәр­мен­сізді­гін сіз қалай түсін­діріп берер едіңіз?

Әрбір адам­ның шекесіне тимей­ін­ше, виру­стың қатер­лі екеніне сенуі қиын. Егер нашақор­лық пен ВИЧ инфек­ци­я­сы тұрғы­сы­нан қара­сақ, мұн­дай мәсе­ле жоқ сияқты, қыл­мыстық іс те бол­маған­дай, бірақ әр адам нақты бір қиын­ды­қты өзінің басы­на түс­кен кез­де ғана түсі­неді. Мәсе­лен, ВИЧ инфек­ци­я­сы көр­шілес Ресей­де эпи­де­ми­я­лық жағ­дай­ға тап бол­ды, мил­ли­он­даған адам жұқты­рған. Нашақор­лық дерт кіш­кен­тай бала­ларға дей­ін жет­ті, «Снюс» деген кәм­пит­тер­дің дәмін татып, оған тәу­ел­ділік артып, бас тар­та алмай жатқан оқиға­лар бар. Тәу­ел­ділік­ке мәж­бүр­лей­тін дәрілер­ге сұра­ныс бар екенін де біле­міз, ондай жағ­дай басы­на түс­пей, ешкім жағ­дай­дың анық-қаны­ғы­на сенбейді.

Сон­ды­қтан коро­на­ви­ру­стық инфек­ци­яға да сене алмай жатқан­дар «өзі ауыр­маған­ның құдай­мен ісі жоққа» сая­ды. Сен­бей­міз деп жүріп, өкпе­сі фиб­роз болып, туыс-таны­ста­ры, тіп­ті өзі де осы науқасқа шалы­нып жатқан­дар бар. Сол кез­де «өкі­мет неге түсін­діріп айт­па­ды, неге дұрыс емде­меді» деп, пікір­лері 180 гра­дусқа бұры­лған­дар­ды да біле­міз. Үгіт-наси­хат жұмысы жүр­гізіліп, әр ада­мға түсін­діріліп айты­луы керек, әрбір аза­мат сана­лы түр­де шешім қабыл­дап, сақтық шара­ла­рын орын­да­уы керек.

– Пан­де­ми­я­ның «үшін­ші толқы­ны» Еуро­па елдері­нен келіп жатыр деген ақпа­рат төңіре­гін­де қан­дай пікір айта­сыз? Мәсе­лен, коро­на­ви­ру­стың жаңа мута­ци­я­сы­на қар­сы ем-шара­ның про­то­ко­лы жоқ деген қау­е­сет бар. Осы­ған бай­ла­ны­сты ойы­ңыз қандай?

– Коро­на­ви­ру­стың емдеу про­то­ко­лы жасалған, 1 сәуір­де қай­та­дан қарас­ты­ры­лған нұсқа­сы шықты, мұн­да бар­лық емдеу шара­ла­ры көр­сетіл­ген. Бұл виру­стың ауыр түрі болған­ды­қтан, дәл бүгін оны жой­ып жібе­ретін дәрі-дәр­мек­тер жоқ. Деген­мен, виру­стың сал­да­ры­мен күре­сетін дәрілер бел­гілі, декса­ме­та­зон мен қан сұй­ы­л­та­тын анти­ко­а­гу­лянт­тар­дың бар­лы­ғы тиім­ді әсерін көр­сетіп жатыр.

Ал виру­сың мута­ци­я­сы қай жақтан бол­са да келуі мүм­кін: бри­тан­дық, бра­зи­ли­я­лық, оңтүстіка­ф­ри­ка­лық штам­дар дүние жүзіне тарап жатыр, инку­ба­ци­я­лық кезеңі әртүр­лі болған­ды­қтан, виру­стың бар-жоғын аны­қтап айта қою өте қиын. ПТР сына­ма­сы да аны­қтай алмай, науқастар айна­ла­сы­на ауру­ды тара­ту жағ­дайы орын алуы мүм­кін. Бұл вирус өте күр­делі, бірақ емдеу про­то­ко­лы дұрыс жасалған, емдей алмай­мыз деу­ге болмайды.

– Был­ты­рғы бір сұх­ба­ты­ңы­зда ПТР (поли­ме­раз­ды тіз­бек­ті реак­ция) тестіле­уден өту маңы­зды емес деген едіңіз? Қазір ПТР тесті­нен өту мін­дет­ті тәр­тіп­ке айнал­ды. Симп­то­мы жоқтар­дан да ауру жұға­ды деген дәрі­гер­лер­дің ескерт­пе­сіне сүй­ен­сек, тесттен өту маңы­зды мәсе­ле­ге айнал­ды ма?

– Егер бір-біріне жақын қарым-қаты­на­ста болған 100 адам ауы­рып, оның біре­уі­нен ғана коро­на­ви­ру­стық инфек­ция аны­қта­ла­тын бол­са, қалған­да­ры да осы індет­ті жұқты­рған деп айтуға бола­ды. Бүгін­гі күні жеделре­спи­ра­тор­лық вирус инфек­ци­я­ла­ры­ның азай­ға­нын көріп отыр­мыз, оның бір себебі – қазір жеке бастың гиги­е­на­сын сақтау шара­ла­ры жақ­сарған, сон­дай-ақ адам­дар мас­ка (бет­пер­де) киюді дағ­ды­ға айнал­дыр­ды. Сон­ды­қтан виру­стың әрі қарай тара­луы бәсең­деді, бірақ бір­тип­ті симп­том­дар­мен жап­пай ауы­ра­тын бол­са, онда бар­лық адам­ды ПТР тесті­ден өткіз­бей-ақ, диа­гноз­ды кли­ни­ка­лық жағы­нан қоюға бола­ды. ПТР сына­ма­сы­ның маңы­зды­лы­ғы – виру­стың әрі қарай тарап кетуін тоқта­туға арналған құрал­дың бірі. Ауы­рған адам бол­са, оның диа­гно­зын рент­ген неме­се ком­пью­тер­лік томо­гра­фия көме­гі­мен де қоюға болады.

– Қаза­қстан­дағы ден­са­улық сақтау жүй­есінің биы­лғы пан­де­ми­яға дай­ын­ды­ғы қай дең­гей­де деу­ге бола­ды? Тағы да қапы қалып жатқан жағ­дай­ы­мыз жоқ па?

– Дай­ын­дық дең­гейі жоға­ры деу­ге бола­ды, вак­ци­на салу үрдісі дер кезін­де үлгер­мей қал­ды. Оның үстіне халық та вак­ци­наға сенім­сіздік таны­ту­да. Әркім өз еркі­мен барып вак­ци­на салғы­зып, сақтық шара­ла­рын сақтай­тын бол­са, виру­стың тара­луын да ерте­рек тоқта­туға қол жет­кізу­ге бола­ды. Қапы қалға­ны­мы­зды неме­се қал­маға­ны­мы­зды шама­мен үш айдан кей­ін ғана білетін боламыз.

– Деген­мен, әле­умет­тік желі­де ден­са­улық сақтау мини­стрі А.Цойды қыз­меті­нен кеті­ру жөнін­де талап қой­ы­лып жатыр. Пан­де­ми­я­ның кесіріне тек қана сала­лық министр жау­ап­ты ма, әлде себебі жоға­ры билік­ке барып тіре­ле ме?

– Бұл сұрағы­ңы­здың сая­си аста­ры бар екен… Сала­ны басқа­руға қай министр кел­се де, оңай бол­май­ды. Бұл мәсе­ле­де тек меди­ци­на­лық қана емес, әкім­шілік шара­лар кең көлем­де қол­да­ны­лып жатыр. Оның бірін­ші мақ­са­ты – вирус инфек­ци­я­сы­нан ел аза­мат­та­ры қыры­лып қал­ма­сын деген ниет, екін­ші жағы­нан – әле­умет­тік сала­ның жағ­дайы күрт нашар­лап кет­ті, кіші және орта биз­неске зала­лы тиіп, кәсі­по­рын­дар жабы­лып жатыр. Сол себеп­тен елдің нара­зы­лы­ғын түсі­ну­ге бола­ды, бірақ виру­стан жап­пай өлім-жітім жағ­дайы орын алған жоқ, сырт­тан бақы­лап оты­рған­дар керісін­ше ой түюі әбден мүмкін.

– Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі был­тыр 1400 дәрі­гер мен 1700 меди­ци­на қыз­мет­кері тап­шы екенін мәлім­де­ген бола­тын. Бір жыл­дың ішін­де виру­со­лог, инфек­ци­о­нист, пуль­мо­но­лог­тар, т.б. дәрі­гер-маман­дар тап­шы­лы­ғы азай­ды ма?

– Маман­дар тап­шы­лы­ғы әлі де бар. Бұл тап­шы­лық пан­де­мия кезін­де одан сай­ын күшейе түсті, бір жыл­дың ішін­де мың­даған маман-дәрі­гер­лер шетел­ге мигра­ци­яға кет­кенін естіп отыр­мыз. Бұл тап­шы­лы­қтың орнын тол­ты­ра алмай­мыз, бар­лық маман­дар­ды –виру­со­ло­гия, пуль­мо­но­ло­гия, инфек­ци­я­лық ауру­лар бой­ын­ша оқы­тып, сер­ти­фи­кат беріп дай­ын­да­ды, бірақ олар кәсі­би инфек­ци­о­нист, пуль­мо­но­лог емес, олар – коро­на­ви­ру­стық инфек­ци­я­мен күре­су үшін жедел дай­ын­далған маман­дар. Соғыс кезін­де бір-екі айдың ішін­де ұшқы­штар­ды дай­ын­даған сияқты, пан­де­мия кезін­де­гі тап­шы маман­дар­ды дай­ын­дау бары­сын соны­мен салы­сты­руға болады.

– Билік был­тыр басталған алға­шқы каран­тин­нен қан­дай сабақ алды деп ойлай­сыз? Бүгін­гі күні эпи­де­ми­я­ны жеңу үшін қан­дай қателік­тер­ді еске­ру қажет?

– Был­ты­рғы каран­тин­нен кей­ін билік­тің сабақ алға­нын көзі­міз көріп отыр: лок­даун­ның жеңіл түрін енгі­зу тәжіри­бесі, ауру­ха­на­лар­ды қажет­ті жаб­ды­қтар­мен қам­та­ма­сыз ету­де де жақ­сы нәти­же бар. Деген­мен мута­ци­я­лық штамм тез тарай­тын­ды­қтан, сырт көз­ге қабыл­да­нып жатқан шара­лар тиім­сіз болып көрі­нуі мүм­кін. Был­ты­рғы­мен салы­сты­рған­да, індет­пен күрес тиім­дірек жүр­гізіліп жатыр деуі­міз­ге болады.

– Өзіңіз дәрі­гер­лік қыз­метіңізді Шым­кент қала­сы­на ауы­сты­рған екен­сіз: бұл өзгерістің мәні неде? Сізді біре­улер Шым­кент­ке шақыр­ды ма, жоқ әлде солай қарай кету­ге мәж­бүр бол­ды­ңыз ба?

– Мен әлі де Алма­ты қала­сын­да «Сов­мин» ауру­ха­на­сын­дағы қыз­метім­ді сабақ­та­сты­ра жалға­сты­рып жатыр­мын. Сол жер­де­гі орта­лық ней­ро­хи­рур­гия бөлі­мін­де­гі жетек­шілік орным­да­мын. Шым­кент қала­сы­ның әкім­ді­гінің жеке өтіні­ші бой­ын­ша осы қалаға ауы­сып кел­генім­нің де өзін­дік себебі бар. Бірін­ші кезек­те – осы өңір­де­гі инсульт­ке қар­сы емдеу әдістерін әлем­дік дең­гей­ге көте­ру. Екін­шісі – ней­ро­хи­рур­ги­я­лық көмек­ті аумақтарға қол­жетім­ді ету бағ­дар­ла­ма­сы­ның бірін­ші саты­сы деуі­ме бола­ды. Ондай бағ­дар­ла­ма бұрын­нан бар, өзім­нің алды­ма қой­ған жеке мақ­сат­та­рым­ның бірі – осы инсульт­ке қар­сы және ней­ро­хи­рур­ги­я­лық көмек­ті халқы­мы­зға қол­жетім­ді ету.

Үшін­шісі – бұл өңір­ден көр­ші мем­ле­кет­тер­ге барып емде­летін­дер­дің легі бар, сол лек­ті тоқта­тып, науқастар­ды өз елі­міз­де емдеп, бюд­жет­ке келіп құй­ы­ла­тын қар­жы­ны көбей­тіп, бюд­жет­тен шет­ке кетіп жатқан қара­жат­ты азай­ту. Сырт­тан емде­лу­ге келетін науқастар­дың қата­рын көбей­ту. Мұны – меди­ци­на­лық туризм дей­міз. Ней­ро­хи­рур­гия мен инсульт­ке қар­сы емде­лу қыз­метін жоға­ры дең­гей­ге жет­кі­зетін бол­сақ, елі­міз­де­гі меди­ци­на сала­сы сырт елдер­ді де тар­тып, қызы­ғу­шы­лы­қта­рын арт­ты­ра­тын еді. Сон­ды­қтан меди­ци­на­лық туризмді бел­гілі бір дең­гей­де дамы­туға үлесім­ді қосу үшін де Шым­кент қала­сы­на ауы­сып жатырмын.

– Иә, өзіңіз айтқан­дай, сіздің Шым­кент­ке ауы­суы­ңы­здың аста­рын­да ком­мер­ци­я­лық туризм бағы­ты­на басым­дық беріл­ген деген бей­ре­сми ақпа­ратқа айтар пікіріңіз қандай?

– Меди­ци­на­лық туризмді сан-саққа жүгір­тіп, әртүр­лі мағы­на­да айтуға бола­ды. Алай­да бұл қыз­мет бел­гілі бір дең­гей­де дами­тын бол­са, халы­ққа жасаған сау­ап­ты ісі­міз болар еді. Сол сау­ап­ты істің бір бөлі­гін­де шет­тен келетін науқастарға көме­гі­міз тиіп жат­са, бұл адам­за­тқа жасалған үлкен қыз­мет болар еді. Науқастар­дың алдын­да өзі­міздің меди­ци­на­мы­здағы ней­ро­хи­рур­ги­я­лық көмек­ті жоға­ры дең­гей­ге жет­кі­зуі­міз керек. Сол кез­де ғана ел-жұрт сенім артып, Шым­кент өңірі, Түр­кістан облы­сын­да ғана емес, соны­мен бір­ге көр­шілес мем­ле­кет­тер­ден де науқастар емде­лу­ге келеді деген жос­па­ры­мыз бар, үміті­міз де үлкен!

– Мақ­са­ты­ңы­зға жетіңіз, Мың­жы­лқы мыр­за, үмітіңіз ақталсын!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Айт­пақ­шы

ТАҒЫ БІР МЫҚТЫ Шымкентке ҚОНЫС АУДАРДЫ

Бұл жолы ден­са­улық сақтау сала­сы­ның жолы бол­ды. Дарын­ды дәрі­гер, мықты ней­ро­хи­рург Мың­жы­лқы Бер­діқо­жа­ев кел­ді Шымкентке!

Мың­жы­лқы­ны өткен жыл­дан бері қызғал­дақ-қалаға шақы­рып жүр­міз. Был­тыр басталған келіс­сөз бүгін сәт­ті аяқталды.

Бер­діқо­жа­ев – атақты «Сов­мин­ка­ның» ней­ро­хи­рур­гия бөлі­мінің жетек­шісі. Мың­жы­лқы­ны бүкіл Қаза­қстан­нан іздеп келеді. Кон­суль­та­ци­я­сы­на кезек­ке тұра­ды. Тіп­ті бір-бірі­нен естіп, Қырғыз­стан мен Өзбек­стан­нан да науқастар Мың­жы­лқы­ны іздеп келеді. Шетел­дік­тер­ге жасалған әр ота­сы 20 мың дол­ларға баға­ла­на­ды. Ол қар­жы елге келеді, ден­са­улық сала­сы­на келеді.

Қазір қар­жы науқа­стың ізі­нен жүреді. Егер науқастар Орал­дан неме­се Семей­ден ота жасау үшін Шым­кент­ке келетін бол­са, қар­жы да Шым­кент­ке келеді.

Шым­кент­тің әкім­ді­гі меди­ци­на туриз­міне де көп көңіл бөліп отыр. Бұл енді басы ғана. Сана­у­лы жыл­дар­дан соң халы­қтың көбі Шым­кент­ке келіп емде­летін бола­ды. Қазір мем­ле­кет­тік-жеке мен­шік әріп­те­стік арқы­лы Шым­кент­те 1000 төсек-орын­дық супер­за­ма­на­уи, сер­висі 5 жұл­ды­зды қонақүй­дей ауру­ха­на салу жұмыста­ры жүр­гізілу­де. Іске қосы­лған соң, Түр­кия неме­се Коре­яға емде­лу­ге бара­тын­дар аттың басын Шымқа­лаға бұра­тын болады.

Жал­пы, Шым­кент қала­сы­ның ден­са­улық сақтау сала­сы­ның алдын­да тұрған мін­дет мына­дай: қала­дағы ауру­ха­на­лар­дың бір бөлі­мі бол­са да, рес­пуб­ли­ка­лық дәре­же­де қыз­мет көр­се­те алуы тиіс. Біздің №1 ауру­ха­на – транс­план­то­ло­гия бой­ын­ша, №2 ауру­ха­на – ней­ро­хи­рур­гия бой­ын­ша маман­данған сала­сы­ның Қаза­қстан­дағы «нөмір бірін­шісі» болуға тиіс.

Меди­ци­на туриз­мін дамы­ту үшін, маман­да­ры­мыз мықты болуы керек. Ал мықты­лар­ды Шым­кент­ке шақы­ру оңай емес.

Қала әкі­мі Мұрат Әйте­нов айтқан­дай, Шым­кент – аста­на бол­маған алға­шқы және әзір­ше жалғыз рес­пуб­ли­ка­лық қала. Алма­ты 70 жыл Қаза­қстан­ның аста­на­сы бол­ды. Алма­ты­ға зама­нын­да бүкіл Кеңес кеңісті­гі­нен маман­дар кел­ді, қар­жы құй­ыл­ды, қала­ны көтерді.

Нұр-Сұл­тан қала­сы соңғы 24 жыл­дан бері бой түзеп келе жатыр. Елі­міздің түк­пір-түк­пірі­нен жастар ағыл­ды. Елдің аста­на­сы­на ақша тар­ту да, адам тар­ту да қиын емес. Табиғи түр­де тартылады.

Ал облыс орта­лы­қта­ры мен Шым­кент сияқты аста­на бол­маған қалаға Нұр-Сұл­тан мен Алма­ты­дан маман­дар­ды шақы­рып көріңіз…

Сол үшін Шым­кент­ке кел­ген әр мықты­ға қуа­на­мыз, жетістік көреміз.

Мықты­лар ғана қала­ла­ры­мы­зды мықты қала­ларға айнал­ды­ра­ды, мықты­лар ғана елі­мізді мықты ете­ді. Мықты болу үшін, әр адам­ның өз сала­сын­дағы ком­пе­тен­ци­я­сы жоға­ры болуға тиіс. Бір сөз­бен айтқан­да, сөздің емес, істің ада­мы болуы керек. Қаза­қстан­ды қарқын­ды дамы­ту үшін, асы­лы қолы­нан іс келетін адам­дар қажет.

Шымқа­ла­ны шынайы рес­пуб­ли­ка­лық қалаға айнал­ды­ру стра­те­ги­я­сы жалға­сын таба­ды. Өз салаңы­здың нөмірі бірін­шісі бол­саңыз, Шым­кент­ке беттеңіз!

Шыңғыс МҰҚАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн