Пятница , 4 июля 2025

БИЛІК ПЕН ДІН БІРАУЫЗ, халықты құл қылу жолында – одақтас

Ора­за қарсаңында

Ерлан Төле­утай:

  • Жуы­қта «Фейс­бук» желісін­де таны­мал талант­ты әнші, өнер­та­ну­шы, пуб­ли­цист-қалам­гер Ерлан Төле­утай­дың «Мол­да­да ұлт­тық мұрат, халы­қтық арман жоқ» деген тақы­рып­тағы жаз­ба­сы жари­я­ланған еді. Желі­де­гі осы постқа пікір айтқан ком­мен­та­тор­лар көп бол­ды. Ал елге етене бел­гілі дін­та­ну­шы қай­рат­кер Зікірия Жан­дар­бек Ерлан мыр­за­мен сырт­тай сөз­сай­ы­сқа түсті.

Біз осы еке­уа­ра пікір­та­ла­стың пай­ым­ды бөлі­гін ірік­теп алып, «Қабыл бол­сын ора­заң, ұстай­тын жан!» деген тілек­пен газет оқыр­ман­да­ры­ның наза­ры­на ұсы­нып отыр­мыз. Бұл пікір­сай­ы­стан өзінің тобы­қтай тұжы­ры­мын құр­мет­ті халай­ы­қтың өзі түй­іп ала­ды деген ойдамыз.

Редак­ция

Ерлан Төле­утай:

– Жат ағым­дарға ула­нып, зом­би­ге айналған дүм­ше мол­да­лар­дың сана­сын­да сауди­я­лық шейх­тар­дың садақа­сы­на семір­ген мис­си­о­нер­лік мүд­де ғана бар. Ел дүдә­мал дін­ге ессіз елті­ген сай­ын, қожа мол­да­ның қабақтай қар­ны тоқ, шұба­ты­лған сарт көй­ле­гі көк бола түс­пек. Өзінің қар­нын тоқ қылу, сол жол­да қаза­қтың еркін­ді­гі мен ұлт­тық дүни­е­та­ны­мын құр­бан­ды­ққа шалып, жатқа ақыл-есін бай­лап жығып беріп, құлақ кесті құл қылу – һәр мол­да­ның «асқа­ра­лы» арма­ны һәм «мұсыл­ман­дық» мұра­ты. Сон­ды­қтан оның әр улы уағы­зы Аллаға құл­шы­лы­қтан басталады.

Ал аса мей­ірім­ді һәм жары­лқа­у­шы Жаратқанға өз пер­зен­тінің құлақ­кесті құл­шы­лы­ғы­ның түк­ке кере­гі жоқ. Жара­ту­шы – өзінің жаратқа­нын өзіне құл қылу үшін жарат­пай­ды Бұл Ұлы Жара­ту­шы­ның жасам­паз­ды­ғы­на қай­шы. Бұл – сол заман­да үстем болған құл иеле­ну­шілік (фор­ма­ци­я­ның) сана­ның сан­ды­рағы бол­са керек. Мұн­дай құл­шы­лы­қтың ар жағын­да Құдай атын жамы­лған өзің­нен үстем отар­шыл­дарға – жерің мен рухы­ң­ды жау­ла­у­шы жатқа құл болу, одан қал­ды жемқор билік­ке басы­бай­лы болу қитұрқы­сы жатыр.

Естеріңіз­де бол­сын, қай заман­да бол­сын, билік пен дін біра­уыз, еке­уі де халы­қты құл қылу жолын­да – одақ­тас һәм табақ­тас. Еке­уінің тұсаға­ны – халы­қтың еркін­ді­гі, аңды­ға­ны – еркін ой мен жарқын өнер­ге бас көтерт­пеу, тонаға­ны – халы­қтың несі­бесі. Еке­уінің сон­дағы сүй­ен­гені мен сүй­гені – семит­тік дін­дер­де­гі басты қару – құл болу иде­я­сы. Қаза­қтың әлі күн­ге дей­ін билік­ке бір ауыз сөз айта алмай, қор болып оты­рған­ды­ғы – сол сүй­е­гі­міз­ден өтіп кет­кен құл­дық сана­ның «арқа­сы». Егер жат біт­кен­нің улы уағы­зы­на осы­лай ұйый бер­сең­дер, бұл құл­ды­қтың шегі бол­май­ды, қазағым!

 Семит­тік дін­дер­ді қаза­қтың тілі мен ділі­нен артық көріп, сол қал­пын­да қаза­қтың сана­сы­на тық­па­лаға­сы келетін зом­би «ғұла­ма­лар» мына­ны түсін­сін: Авра­ам бала­ла­ры­ның діні басқын­шы­лық сипат пен ұлт­тық мәде­ни­ет­ті қира­ту­шы күш­ке ие. Ол бұл жол­да ешбір ұлт пен ұлы­сты аяған емес, бұдан былай да аямай­ды. Кеше­ден бері ара­б­тың тілін қызғы­штай қорып, қиқы­нып жатқан адасқан бауыр­ла­ры­ма айта­рым осы!

Зікірия Жан­дар­бек:

– Ере­ке, дін семит­тік неме­се басқа болып бөлін­бей­ді. Тәңір Таға­ла­ның адам бала­сы­на бер­гені бір ғана дін. Ол – Ислам. Ол түр­лі ата­у­ларға ие болуы мүм­кін. Бірақ негізі біреу болып қала береді.

Бірақ шариғат көп. Себебі әрбір халы­ққа Тәңір Таға­ла пай­ғам­бар­лар жібе­ре оты­рып, әрбір халы­қтың тілін, әдет-ғұр­пын, дәстүрі мен мәде­ни­етін қалып­та­стыр­ды. Сол салт-дәстүр­мен халы­қтар­дың гене­ти­ка­лық коды қалып­та­сты­рыл­ды. Сол себеп­ті әрбір халы­қтың салт-дәстүрі киелі, қаси­ет­ті болып саналады.

Алға­шқы адам бала­сы­на кел­ген дін­дер­дің бірі – бір Жара­ту­шы­ға мой­ы­нұ­сын­ды­рған дін – ол түр­кілер­ге кел­ген Тәңір діні бола­тын. Ол тәңір­лік дін де Исла­мға жата­ды. Біздің гене­ти­ка­лық коды­мыз да, салт-дәстүр, мәде­ни­еті­міз де сол кезең­де, осы­дан 4000 жыл бұрын қалып­та­сты. 951 жылы Қара­хандық биле­уші ислам дінінің Ахл ал-Хадис бағы­тын қабыл­даған­нан кей­ін, түр­кілер де ара­б­та­на бастады.

Оны қай­та­дан қал­пы­на кел­тіріп, түр­кі мәде­ни­етінің қай­та түле­уіне ықпал еткен Қожа Ахмет Йаса­уи бола­тын. Ол кісі Ислам­нан бес пары­зды ғана алып, бүкіл түр­кінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұр­пын, мәде­ни­етін қай­та­дан қал­пы­на кел­тір­ді. Оның бұл еңбе­гі Шыңғыс­хан шапқын­шы­лы­ғы­нан кей­ін түр­кілер­дің әлем­ге ықпа­лын жүр­гі­зе ала­тын халы­ққа айна­луы­на мүм­кін­дік бер­ді. Тарих сахна­сын­да Алтын Орда сияқты ұлы мем­ле­кет дүни­е­ге келді.

Абсо­лют­тік билік­ке ұмты­лған Өзбек хан­ның ұлы Жәні­бек хан Йаса­уи жолы­на қар­сы шығып, оның орны­на қазір­гі біздің имам­дар­дың ұстанған бағы­тын әкел­ген­де, Алтын Орда сын­ды алып импе­рия 14 жыл­дың ішін­де күй­реді. Одан кей­ін­гі кезең­де Йаса­уи жолы­нан шегін­ген әрбір қадам түр­кі мем­ле­кет­ті­гін күй­ре­ту­ге әкеліп отыр­ды. Ең соңғы күй­ре­ген мем­ле­кет – Қазақ ханды­ғы бол­ды. Себеп – Йаса­уи жолы­нан шегі­ну бола­тын. Бүгін біз тағы сол қателік­ті қай­та­лап отырмыз.

Ерлан Төле­утай:

– Зікірия аға, алғыс сіз­ге! Түр­кілер зама­нын­да біздің өз діні­міз болған. Ара­бқа дінін сатқан Алтын Орда­ның ақы­мақ ханда­ры Дешті Қып­шақтың түбіне жет­ті. Біз қалай ару­ағы­мы­здан айы­рыл­дық – әлем­ді тітіретіп тұрған ұлы жауын­гер­лік рухы­мы­здан солай айы­рыл­дық. Өйт­кені ала­штық жауын­гер­лік коды­мы­зды авра­ам­дық дін­нің мис­си­о­нер­лері Алтын Орда­ның сатқын ханда­ры­мен астыр­тын келісіп, ара­б­тық құл болу коды­на ауы­сты­рып жібер­ген еді.

Содан кей­ін жеңілу­ден көз ашпай келе­міз. Өйт­кені біздің Тәңір­лік коды­мыз айыр­ба­ста­лып кет­кен. Біз Құдайы ұрланған халы­қ­пыз. Коды­мыз айыр­ба­ста­лып, Құдай­ы­мыз ұрла­нып кет­кен­дік­тен, әркім кеп бір қор­лай­тын, тонай­тын, мазақ қыла­тын қор ұлтқа, күл­лі әлем­нің құлы­на айна­лып отырмыз.

Құдайы бар халы­қты ешкім құл қыла алмай­ды әйтпесе.

Зікірия Жан­дар­бек:

– Ере­ке, саған тағы бір ойлан­ды­ра­тын мәсе­лені ойы­ңа сал­мақ­пын. Тәу­ке ханға дей­ін Қазақ ханды­ғы тео­кра­ти­я­лық мем­ле­кет бол­ды. Пәлен­ше былай деп жазып­ты деп, қате тұжы­рым айта беру­ге болмайды.

Рас, қаза­қтар анау татар­лар сияқты Ислам дінінің ара­б­тық бағы­тын ұстанған жоқ. Сопы­лық бағыт­ты ұстан­ды. Қазақ қоға­мын ірітуді көз­де­ген Орыс импе­ри­я­сы заказ­ной мол­да­лар­ды жіберіп, қазақ ара­сы­на жік сал­ды. Сон­ды­қтан халқы­мы­здың өткеніне топы­рақ шаша беру­ге бол­май­ды. Біздің халы­қтың діни таны­мы нашар бол­са, анау Абай, Шәкәрім, Мәшһр Жүсіп, Бал­мағам­бет сияқты ойшыл­дар қай­дан шықты? Солар­дың бар­лы­ғы Йаса­уи мәде­ни­етін бой­ы­на сіңір­ген, сол бағыт­тың өкілдері.

Ерлан Төле­утай:

– Зікірия аға, Керей мен Жәні­бек, Мұрын­дық пен Қасым хандар тұсын­да Қазақ ханды­ғы тео­кра­ти­я­лық мем­ле­кет болған жоқ. «Қасым хан­ның қасқа жолы» шариғат­тан ада болған соң, халық Қасым хан­ның соңы­нан ерді. Ал тео­кра­ти­я­лық дес­по­ти­яға жол бер­ген Моғол­стан мем­ле­кеті ыды­рап кет­ті. Ақы­ры өмір сал­ты бір тай­па­лас Қазақ ханды­ғы­ның құра­мы­на қосылды.

Зікірия Жан­дар­бек:

– Ерлан, дін­нің ір ???? халы­қта өмір сүру фор­ма­сы деген бола­ды. Егер де сол фор­ма­дан айни­тын бол­саң, бас тарт­саң, Құдай ұрды деп есеп­те. «Қасым хан­ның қасқа жолы» Йаса­уи жолы­ның негізін­де дүни­е­ге кел­ген заң бол­ды. Ол Қазақ ханды­ғы­ның дамуы­на ықпал етті. Бірақ қар­тай­ған шағын­да жібер­ген қатесі мем­ле­кет­тің күй­ре­уіне тіке­лей себеп бол­ды. Ол өзінің ұлда­рын нақш­бан­дийа тариқа­ты­ның шай­хы Абу Саадт­тың қолы­на тәр­би­е­ге беріп, бала­ла­ры қазақ руха­ни­я­ты­нан алшақтап, қаза­қтың дәстүр­лі мәде­ни­етіне қар­сы күре­сті. Нәти­же­сін­де мем­ле­кет күйреді.

Шығай хан бол­са, мем­ле­кет билі­гі­нен бас тар­тып, Шай­ба­ни­лер ханы Абдул­лаға барып мой­ы­нұ­сын­ды. Тек оны ұлы Тәу­ек­кел Мұхам­мед қай­та­дан өзінің 120 туы­сқан­да­ры­мен Йаса­уи жолы­на қай­та бет бұрып, Қазақ ханды­ғы­ның шаңы­рағын қай­та көтер­ді. Оның інісі Есім хан бол­са, нақш­бан­дийа тариқа­тын­да қал­ды. Оның нәти­же­сі Есім хан мен Тұр­сын хан ара­сын­дағы қақты­ғы­сқа ұла­сып, соңы Тұр­сын хан­ның өлтірілуі­мен аяқталды.

Есім хан таққа жеке оты­рып алған соң, «Есім хан­ның ескі жолы» заңын қабыл етті. Бұл заң ара­б­тар­дың салт-дәстүрі негізін­де жасалған заң бола­тын. Нәти­же­сін­де Түр­кістан халқы қазақ-өзбек болып екі­ге бөлініп, этни­ка­лық жік­те­лу­ге түсті. Ол заң халы­қтың нақш­бан­дийа тарқа­ты­на мой­ы­нұ­сы­ну­ды талап етті. Ол деген қазақ дәстүр­лі мәде­ни­еті­нен бас тар­тып, араб-пар­сы­ның салт-дәстүрін қабыл­да­уға мәж­бүр­леу еді. Ең басты­сы – некелік қаты­нас өзгеріп, ағай­ын­ды адам­дар ара­сын­дағы некелік қаты­на­стар талап етілді. 

Одан кей­ін­гі қабыл­данған Тәу­ке хан­ның «Жеті жарғы­сы» Йаса­уи жолын мем­ле­кет­тік идео­ло­гия ретін­де­гі ролі­нен айыр­ды. Билер инсти­ту­ты әр рудың, әр тай­па­ның өзі­нен тағай­ын­далған билер­дің қолы­на беріл­ді. Нәти­же­сін­де ру-тай­па­лар ара­сын­дағы қақты­ғы­стар бастал­ды. Мұның соңы «Ақта­бан шұбы­рын­ды­ға» әкелді.

Ере­ке, бұл тарих­тан хабар бол­маған соң, бұры­нғы өзге­лер­дің жазып бер­ген тарихы­мен жүр­ген кісі ешқа­шан тари­хи шын­ды­қты біле алмай­ды. Сон­ды­қтан бұл мәсе­ле­де қазақ үшін әлі көп еңбек­те­ну керек.

Ерлан Төле­утай:

– Аға, «Қасым хан­ның қасқа жолын» Йаса­уи жолы­ның негізін­де дүни­е­ге кел­ді дей­тін, дәлел­дей­тін қан­дай нақты айғақтар бар? Бар­лық тари­хи деректер «Қасым хан­ның қасқа жолы» Шыңғы­стың «Жасақ заңы­нан» алшақ кет­пей­тінін баян­дай­ды. Менің­ше, қаза­қтың түбіне Әз Тәу­кенің «Жеті жарғы­сы» жет­ті. «Жеті жарғы» төре­лер мен қожа­лар­дың дәре­же­сін шексіз көтеріп жібер­ді. Осы заң­нан кей­ін бұры­нғы бір­тұ­тас қазақ қоға­мы­ның ішіне жік түсіп, қазақ бір-бірі­нен ақсүй­ек, қарасүй­ек болып алы­стай түсті. Мұның соңы «Ақта­бан шұбы­рын­ды» нәу­беті­мен аяқталды.

Одан кей­ін тарих сахна­сы­на Абы­лай шықты. Ол дін­шіл емес, халы­қ­шыл хан бол­ды. Абы­лай хан мол­да­лар­ды өлер­дей жек көр­ді. Абы­лай­дың тұсын­да халық қожа-мол­да­ның был­шы­лы­нан құты­лып, нағыз өзінің жауын­гер­лік рухы­мен табысты. Оның дәуірі ұлы Шоқан айтқан­дай «Ерлік дәуірі» болды.

Айбек Бай­тө­ре:

– Ераға, негізі нағыз қожа­лар біз – арғын­дар екен­біз, оны қазір гене­тик ғалым­дар гап­ло­груп­па арқы­лы дәлел­деп шықты. Ал енді өзіңіз қараңыз: Қодан тай­шы­ның әкесі – Қара қожа, бала­сы – Дай­ыр қожа, оның бала­сы – Мей­рам сопы, оның бала­сы – Болат қожа. Ал қожаға қаты­сы бол­ма­са, олар­дың есім­деріне «қожа» қалай қосылған?

Ерлан Төле­утай:

– Арғын тарихы арғы ғұн зама­ны­на кете­ді. Одан әрі ишкуз – скиф тарихы, тіп­ті шумер­лер­ге тіре­леді. Мей­рам сопы зама­нын­да Мұха­мед пай­ғам­бар әлі тумаған еді. Кей­ін араб экс­пан­си­я­сы бастал­ды. Олар көз таң­ба­лы арғын­ның ғажап тарихын жой­ып жібер­ді. Оны Мұха­мед­тен талай заман бұрын өмір сүр­ген Мей­рам баба­мы­зды сопы қылып жібе­ру­ден баста­ды. Арғын­ның шежіресі былай баста­ла­ды ғой: «Бека­ры­стың екі қаты­ны бар екен, еке­уінің де пұшпағы қана­май, Бека­рыс бір шикіөк­пе­ге зар болып жүр­ген­де, үйіне ойла­маған жер­ден алты қожа сап етіп кіріп келіп­ті. Әлгі қожа­лар­дың кел­геніне есі шығып, қат­ты қуанған Бека­рыс бай­ғұс алты қожа­ны алты қой сой­ып, алты күн күтіп­ті. Қожа­лар Бека­ры­стың бала­сы жоғын көріп, әрі сый-құр­метіне риза болып, Бека­ры­сқа: «Көп ұза­май қатын­да­рың ұл туа­ды, оларға осы алта­уы­мыз өз атта­ры­мы­зды бер­дік, біздің аты­мыз Қарақо­жа, Аққо­жа, Ақтам­бер­ді қожа, Дарақо­жа, Есі­мқұлқо­жа, Қосы­мқо­жа. Әумин!» – деп атта­нып кетіп­ті. Сөй­тіп алты ұл туып, алты қожа­ның есі­мін иелен­ген бұлар­дан мұқым Орта жүз тарапты».

Ал енді осы ерте­гі­ге кім сенеді, Айбек? Бұл қаза­қтың жадын түбе­гей­лі жой­ып жібе­ру­ге қол­данған ара­б­тар­дың жауыз тәсіл­дерінің бірі ғой. Қаза­қтың надан­ды­ғы сол – осы ерте­гі­ге әлі сеніп келе жатқан­ды­ғы. Қаза­қтың баба­ла­ры – сақтар бір Тәңір­ге сиы­нып, алтын киім киіп, алтын­ды үйде тұрып, әйел­ден Томи­ри­стей пат­ша қой­ып жатқан­да, ара­б­тар сан­сыз пұтқа табы­нып, қыз бала­ла­рын тірі­дей жер­ге көміп жатқан жабайы азғын тай­па­лар еді. Бұл күн­де сол сасық ара­б­ты қаза­қтың баба­сы дей­тін болып­ты. Шәкәрім айт­пақ­шы, өңшең жүлік!

О, тоба! Жер­ді тоқта­ты­ң­дар­шы, түсіп қалай­ын! Ара­бқұл­дар өздерің емін-еркін жайлаңдар.

Ерлан Төле­утай:

Қаза­қтар­дың ара­бқұл болу дәуірінің бір кезеңін көзі­мен көр­ген халқы­мы­здың тұңғыш ұлы ғалы­мы Шоқан­ның жазбасы:

«Қыр­дың бір­де-бір баты­ры Мұхам­мед­тің кім екенін жете біл­ген жоқ десе де бола­ды. Ұзы­нқұлаққа қараған­да, Орта жүздің атақты сұл­та­ны Барақ (1749 жылы қай­тыс болған): «О, Мұхам­мед! Алла­дан басқа құдай жоқ. Ал Мұхам­мед пай­ғам­бар оның елшісі» деп, татар мен бұқар мол­да­ла­ры қай­та-қай­та қақ­сай бер­ген соң, сол сөздің мәнісін білей­ін деп, «Татар­лар мен сарт­тар Мұхам­мед, Мұхам­мед деп сар­най­ды да оты­ра­ды. Зай­ы­ры, оның өзі пысық жігіт болған-ау!» деп­ті дейді

Ал қазір­гі жағ­дай мүл­де басқаша.1822 ж. алға­шқы округ­тер ашы­лған­нан бері ислам діні үкі­мет­тің қамқор­лы­ғы арқа­сын­да қары­штап алға басты. Әрбір ауыл­да мол­да және жыл­жы­ма­лы мед­ре­се-мек­теп бар. Кім­де-кім отыз күн ора­за ұстап, бес мез­гіл нама­зын оқы­ма­са, туы­сқан­да­ры­ның қадір-құр­меті­нен айы­ры­ла­ды. Бір сөз­бен айтқан­да, қыр қаза­ғы фана­тизм жөні­нен Мавле­ви әулеті­нен шыққан Стам­бул биші дәруі­ш­тері­нен кем түспейді.

Қыр­дағы жаңа діни бағыт­тың бола­шақта қай­ы­ры болып, оңға­ры­лып кетуін бір құдай біледі. Дала­лы­қтар­ды бұры­нғы наным-сені­мін­де қал­ды­рған теріс бол­мас та еді. Қаза­қтар қыр­дың қызы­ққұ­мар ұлы сияқты ислам дініне басы­мен сүң­гіп кет­ті. Енді құранға қай­шы келетін­нің ешқай­сын да ілти­патқа алмай­ды. Ән-күй­лер, ежел­гі жыр-дастан­дар, әйел заты­ның бостан­дық жолын­дағы күресі, олар­дың көп­шілік жиын-той­ға қаты­сып, ойын-сауық қызы­қта­уы бұры­нғы­дай емес, күн­делік­ті тір­шілік­тен ысы­ры­лып бара­ды. Әйел­ді босаға­дан аттап бастыр­мауды бел­сене жақтай­тын өрек­пілер де табыл­ды. Сон­ды­қтан киіз үйге қамалған бей­ша­ра­лар жарық дүние мен өткен-кет­кен­ге көз салу үшін, туыр­лы­қты тесіп қарай­тын бол­ды. Әйел­дер­дің қазір­гі жағ­дайы осындай.

Тый­ым салы­нған жемісті қашан татып, дәмін алған­ша, олар­дың осы­лай азап шегіп, қай­ғы жұта берер сыңайы бар. Қари­я­лар әсі­ре жаңа­лы­ққа реніш айта­ды. Әйел­дер іштей олар­дың пікірін құп­тай­ды. Жастар көбі­не­се үйлен­ген­ге дей­ін әрі-сәрі болып, бұры­нғы күнін көк­сей­ді. Ал үйленіп алған соң-ақ тәу­ба­сы­на келіп, ежел­гі әдетіне баса­ды. Алла­ның құлы, пай­ғам­бар­дың үмбеті деген өси­ет-уағыз айда­ла­да қала­ды. Сон­ды­қтан қаза­қтар­ды бұры­нғы қал­пын­да қал­дыр­са болар ма екен? Олар­дың табиғи талан­ты –табан­ды­лы­ғы, алғыр ақыл-ойы. Өз қаре­кет-қимы­лын­да сенім­нің бұл­жы­мас тіре­гіне айналған бұл қаси­еті дін­ге кел­ген­де күл-талқан бола­ды. Сон­ды­қтан да бұқа­ра­ның алға басуы бай­қалға­ны­мен де, олар­дың кей­бірі қара­ма-қай­шы бағыт­та кері жүріп келе жатқан сияқты.

…Тая­у­да ғана барым­та­лап, қаза­қтар­дан мал айдап әке­летін ноғай­лар мен башқұрт­тар да осы кеп­ті киіп, татар­ла­нып бара­ды. Қыр­дың атақты күй­шілері – башқұрт сыбы­зғы­шы­ла­ры бұры­нғы­дай жыр жыр­лап, батыр­лар­дың ерлі­гі тура­лы тың­дап, таң-тама­ша болып, көз­ден жас пар­лат­пай­тын бол­ды. Бұры­нғы­дай Алтын Орда­ның құла­у­ын ешкім жоқтап жырға қос­пай­ды. Осы­мен олар­дың ерлі­гі тәмамдалды.

Қаза­қтар да өзгеріп бара­ды. Қарақал­пақ тай­па­сы құрып біту­ге айнал­ды. Татар­лар­дың көне салт-дәстүрі құл­ды­рап құлап, жер беті­нен мүл­дем жой­ы­лып кету­ге жақын. «Бәрі де алла­ның ісі. Бар­лы­ғы­мы­зды да құдай жаратқан, соған қай­тып ора­луы­мыз керек» дейді…

  • От әулие киелі болып сана­ла­ды… Ошақтағы отты басуға неме­се түкіру­ге бол­май­ды. Қарғыс ұра­ды.
  • Ару­ақ – ата-баба рухы, басқа қиын-қыстау күн түс­кен­де, жан қиналған­да: «Ару­ақ, қол­дай гөр, қол­ты­ғым­нан жебей гөр!” деп айта­ды.
  • Тір­шілік­тің ішкі-сыр­тқы жағ­дай­ла­рын жақ­сар­туға тал­пы­ну адам бала­сы­на тән нәрсе.
  • Халы­қтың кемеліне келіп, өркен­деп өсуі үшін, ең алды­мен азаттық пен білім қажет.
  • Тек ақиқат білім ғана күдік туғы­з­бай­ды, ол өмір­ді баға­ла­у­ға, тұр­мыс құруға үйретеді.
  • Дүни­е­де әділ­дік пен адал­ды­қты ту еткен адам­нан артық ешкім жоқ.

Авто­ры – Шоқан Уәли­хан (1835–1865жж.). Қаза­қтың ұлы ғалы­мы, XIX ғасыр­дың екін­ші жар­ты­сын­да Қаза­қстан­да туған демо­крат­тық, ағар­ту­шы­лық мәде­ни­ет­тің тұңғыш өкіл­дерінің бірі, шығы­ста­ну­шы, тарих­шы, фольк­лор­шы, этно­граф, гео­граф, ағар­ту­шы. (Кітап­тан ғалам­торға көшір­ген – Aibol Saparbek).

Зікірия Жан­дар­бек:

– Ере­ке, сен білетін тарих қытай­дың, пар­сы­ның, ара­б­тың, евро­па­лы­қтар­дың деректері негізін­де, оры­стың қоры­тып бер­ген рецеп­ті негізін­де жазы­лған. Ол тарих – біз­ге тарих емес.

Ал Шоқан­ның айтқан­да­ры­на сене беру­ге бол­май­ды. Оның дүни­е­та­ны­мы орыс тәр­би­есі негізін­де қалып­тасқан. Ол қаза­ққа оры­стың көзі­мен қара­ды. Қаза­қтың бол­мысын енді түсініп, қаза­ққа бет бұра бастаған­да, оры­стар тара­пы­нан өлтіріл­ді. Сон­ды­қтан оқы­ған деректеріне мен күмән­мен қарай­мын. Абы­лай хан Йаса­уи жолын мем­ле­кет­тік идео­ло­гия дең­гей­іне қай­та көтер­мек болға­ны, өзі сол жол­да құр­бан болға­ны – тари­хи шын­дық. Ол тура­лы «Жеті жарғы­ға» қаты­сты менің арнайы жазы­лған мақа­лам бар.

Ерлан Төле­утай:

– Жақ­сы, Зікірия аға. Шоқанға Құдай ғалым­дық көз бер­ген. Қас ғалым­да «оры­стық көз», «қаза­қтық көз» деген бол­май­ды. Ақиқатқа бастай­тын бір-ақ жол бар, ол – әділ­дік пен ізгілік­ке негіз­дел­ген ғылым жолы. Мен Шоқанға сене­мін. Ол сол дәуір­де­гі діни қараңғы­лы­қты көзі­мен көр­ді, өзге жұрт­тар­дың озып, қаза­қтың діни меше­улік­те қалып бара жатқа­нын жан-тәні­мен сезді және ашы­на жазды.

  • Жари­я­ла­ным­ды ықшам­дап дай­ын­даған – Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн