Четверг , 3 июля 2025

Абайды мүсіркеу – АДАСҚАНДЫҚ!

(Соңы. Басы газет­тің өткен санында)

Абай 1897–1898 жыл­дың қысқы айла­рын әдет­те­гі­дей кітап оқу­мен, тау­сы­ла ізде­ну­мен өткізді. «Сократ хакім­нің сөзі» деген пәл­са­па­лық еңбе­гі (қазір­гі­ше 27-сөз) және Лер­мон­то­втан аударған жеті өлеңі осы­ның дәлелі. Осы­лай­ша сәт­ті басталған жыл­дың орта тұсын­да алдан оқыс оқиға күт­кенін кім біл­ген? Көр­шілес Мұқыр елін­де­гі сай­ла­у­ға барған Абай­ды содыр­лар соққы­ға жықты. Сорақы оқиға мәнісін Тұрағұл былай деп жет­кі­зеді: «Ақы­лы көзін­де, елді­гі де, жаулы­ғы да қас пен көздің ара­сын­да тұратұғын сор­лы қазақ менің әкем­ді көр­ген соң, әкем­нің досы жаққа қарай ауы­са бас­та­са керек. Басты­ғы Ораз­бай, жол­даста­ры­мен осы­ның өзіне қол тигізіп, бір таң­ба сал­ма­сақ, ел ескі әдеті­мен ауа береді десіп, уез­ной­дың қасын­да әңгі­ме­лесіп оты­рған Абай­ға қол­да­ры­ң­ды тигізіп жан­жал шыға­ры­ң­дар деп жібер­ген. …Таяқ тиді не, тимеді не, әйте­уір «Абай­ды ұрдық!» деген атын көтеріп, мұра­ты­на жетті».

Абай­дың кемеліне келіп, даңқы асқан, исі қаза­ққа мәшһүр болған шағын­да «сабал­ды» деген құлаққа түр­пі­дей тиетін дақ­пырт сай­ын дала­ны шар­лап кете бара­ды. Бақ­сақ, Абай­да жүрек дер­ті осы айты­лған Көш­би­ке жай­ла­у­ын­дағы оқиға­дан пай­да болған. Бұлай топ­шы­ла­у­ға осы жыл­дың күзін­де жазы­лған өлеңі айқын дәлел. Оны ақын:

Ауру жүрек ақы­рын соға­ды жай,

Шар­шап қалған кеудем­де тулай алмай.

Кей­де ыстық қан басып кете­ді оны,

Дөң­бек­ші­ген түн­дер­де тын­ши алмай, деп бастаған. Шумақтың архив құжа­ты­нан еш кем­ді­гі жоқ. Неге десеңіз, ақын өзінің жүрек дер­тіне дәл диа­гноз қой­ған. Меди­ци­на тілін­де оны «жоға­ры қан қысы­мы» (гипер­то­ния) дей­ді. Өлең­дерін­де Мұқыр оқиға­сы­на дей­ін «ауру жүрек» тір­кесі кез­дес­пей­ді. Демек, 1898 жыл­дың соңын­да ұлы жүрек­тің алғаш сыр бер­генін аңға­руға болады.

Атал­мыш дерт­тің төр­кіні қай­дан? Ақын екін­ші шумақта: «Қараңғы, саңы­рау қай­ғы ойды жең­ген» деп бастап, әрі қарай: «Тіріл­тіп өткен күн­ді, тағы шөл­деп… Кей­де қай­ғы, азапты тағы да іздеп», «Кей­де ойлай­ды жыла­у­ға қай­ғы зарын… Кей­де оны­сын жасы­рар жұрт­тан ұрлап» деп сыр ашады.

Сөй­тіп, қай­ран жүрек дерт­ті. Бірақ Абай оны жасы­рған, ешбір жанға сездір­ме­ген. Өзге­лер тұр­мақ, бала­ла­ры да, тіп­ті қолын­дағы келіні Кәмә­лия (неме­ресі Әубәкір­дің әйелі) да бей­ха­бар болған.

Бас абай­та­ну­шы Мұх­тар Әуе­зов былай деп жаза­ды: «Өз қолын­да соңғы жыл­дар­да болып, Абай­ды өзі күт­кен Кәмә­лия (Кәмәш) деген келініне Абай өзі өлер­ден бұрын ауыр­май тұрып: «Мен биыл өледі екем» деп ішкі өзі түй­ген ауыр сырын ең алды­мен айта­ды» (Абай Құнан­бай­ұ­лы. Алма­ты, 1995. – 85-бет).

Көр­діңіз бе, Абай: «Мен биыл өледі екем» деп сыр ашқан. Мағаш қаза­сы­нан бұрын айтқан сыр бұл. Демек, ойшыл жүре­гі дерт­тілі­гін бақы­лап, күті­ну­мен жүр­ген (соңғы екі жыл­да қолға қалам алмаға­ны осы­ның жана­ма дәлелі). Кәме­штің «ауыр­май тұрып» дегені­нен – Абай сырқа­тын іште тығып ұстаға­нын біл­дік. Инсульт алған сияқты. Неге? Мұны ақын­ның өзі: «Кей­де оны­сын (дер­тін) жасы­рар жұрт­тан ұрлап, Кетірер деп маза­қтап бет­тің арын» деп түсін­діреді («Ауру жүрек ақы­рын соға­ды жай» өлеңі).

Соны­мен, қиқар дерт­пен Абай алты жыл алы­сқан. Сақта­нып-ақ баққан. Бірақ бала­сы Маға­у­и­я­ның өлі­мі кезін­де бақы­лау мүм­кін­ді­гі бол­маған. Үш-төрт күн ұдайы «ой, бауы­рым­дап» ағы­лған жүз­де­ген адам­ды қабыл­дап, көрі­су­ден қан қысы­мы қат­ты көтеріл­гені сөз­сіз. Соның нәти­же­сін­де мидағы тамыр­дың бірі зақым­данған (мидағы қан айна­лы­мы бұзы­луын меди­ци­на­да «инсульт» дей­ді). Кенет­тен инсульт алған­да, адам­ның есі кіресілі-шыға­сы­лы бол­мақ. Мағаш мәй­іті салы­нған арба­ның алды­на түсіп, жол­ды тастан тазар­тып­ты-мыс деген әңгі­менің төр­кіні, жиы­лған ел-жұрт­тың: «Абай да ет пен сүй­ек­тен жаралған, бала адам­ның бауыр еті, қайт­сін енді» десіп мүсір­ке­гені сол.

Сөй­тіп, Абай бір түр­лі түсініксіз күй­ге тап болға­ны – Маға­шты жер­ле­ген күн­дері. Өстіп, «Абай науқас» деген сыбыр алғаш рет шықты. Тұрағұл өзінің естелі­гін­де: «Әкем­нің өлерін­де­гі науқа­сы бастал­ды» дей­ді (шеше­сі Әйгерім мен бір жасар ұлы Жебе­шті ертіп, Арал­тө­бе­ден Жиде­бай­ға кел­ген­де айтқа­ны). Абай, әрине, тек тыны­шты­қты қалаған. Кәкітай былай деп жаза­ды: «Өзі бір түр­лі, сынып, жүдеп, елдің әне-міне деп уата­мын деген сөзі­нен де аулақ жер­де оты­рғы­сы келіп, ешнәр­се­ге араласпады».

Көріп отыр­сыздар, қалың бұқа­ра тұр­мақ, туы­сы да Абай алты жыл қан қысы­мы дер­ті­мен (гипер­то­ния) алы­сқа­ны­нан хабар­сыз болған. Сол сияқты енді ми инфарк­ті – инсульт­ке шал­ды­ққа­ны да бүр­ке­улі қалған. Инсульт симп­том­да­ры: әлсіздік­тің пай­да болуы, қол-аяқтың ұюы, сөй­ле­удің бұзы­луы мен тәбет­сіздік десек, көзі көр­ген­дер осы­ның бәрі Абай­дың басын­да болға­нын жыр ғып жет­кі­зеді. Бірақ дер кезін­де дәрі­гер­лік көмек көр­се­ту ешкім­нің ойы­на да кел­ме­ген. «Сыр­ты дүр­дей» Абай­ды айна­ла­сы науқас деу­ге қия алмаған сыңайлы.

Тән саулы­ғы сыр бер­генінің жана­ма дәлелі – 1898 жыл­дың соңы­нан Абай­да жүріс-тұрыс, жал­пы қозға­лыс азай­ған (денесі тез тола бастаға­ны сол). Абай­дың денесі ауыр­лаға­нын Шәу­гім­бай, Өмір­бек, Қат­па, Жарқын­бай, Қорам­жан сын­ды жал­шы-мал­шы, көр­ші-қолаң «ерін­шек­тік иек­те­ді», «семіздік басты» деп ұға­ды. Тұра­штың өзі де: «Көбі­не­се үйде оты­рған­ды­қтан ба, …ерін­шек­тік ерте­рек иек­теп, көп атқа мінуді азай­тып, шау тарт­ты» дейді.

Жүрек соғуы әлсіре­ген­ді­гі мен қан қысы­мы тұрақ­сызды­ғы маза­лап жүр­генін ел қай­дан біл­сін? Ауруы асқын­ба­уы­на қар­сы қол­данған Абай­дың екі айла­сы: бірі – әкесі Құнан­бай құсап, ел жұмысы­нан іргесін аулақ салу, екін­шісі – бар күшін шығар­ма­шы­лы­ққа сарп ету. Әсіре­се соңғы еңбе­гі – «Тас­диқты» жазу жаны­на рахат беріп, зор ләз­зат сыйлаған.

Тоғыз жыл бұрын Әбі­ші қай­тқан­да, ақын «Шыдам бер, сабыр қылай­ын» деп өзін-өзі тоқтатқан, жұбатқан-дүр. Маға­у­ия қаза­сы онан ауыр­лау тиді ме? Бұлай деу­ге негіз жоқ. Өйт­кені Мағаш – елге таны­лып үлгер­ген, бала­лы-шаға­лы, екі әйелін екі ауыл қылып қон­ды­рған аза­мат. Көп жылғы ауруы жеңіп, төсек­ке таңы­лған­да, қасын­да Абай айлап оты­рған. Халқы­мыз: «Өлген­нің арты­нан өлмек жоқ» дей­ді. Қай­ғы кел­се, қар­сы тұру, өлім-жітім­ді Алла бұй­ры­ғы деп қабыл­дау – мұсыл­ман­дық шар­ты екені де аян. Сон­ды­қтан Абай өлі­міне тіке­лей себеп­кер – тек қана ми тамы­ры­ның бұзы­луы, яғни инсульт деп қабыл­дау көкей­ге қоным­ды қисын.

Сөй­тіп, тек­серіс нәти­же­сін­де Абай қаза­сы­на нақты себеп­кер дерт екеу екен­ді­гі аны­қта­лып отыр: бірін­шісі – гипер­то­ния (1898 жыл­дан), екін­шісі – инсульт (соңғы қырық күн мазалаған).

Нелік­тен Абай бей­несі жаңа­ша сомда­луы керек? Осы мәсе­ле­ге тағы бір ора­лай­ық. Ұлы ақын өлерін­де айтқан алты жол өлең бар:

Күнәй­ім көп Иллаһи,

Кеші­ре гөр мұнымды.

Барар басқа жерім жоқ,

Ұсын­дым Хаққа мойнымды.

Ата-анам едің қара жер,

Аша гөр енді қойныңды.

Өмір соңын­да тәу­бе­ге келу – жүрек таза­лы­ғы. Бір Алла алдын­да өзін күнәлі санап, махаб­бат қыла алма­дым деп өкі­ну, сол үшін Хақтан кешірім сұрау – бұл­жы­мас сопы­лық қағи­да. Абай­дың оны ұста­нуы заңдылық.

Қысқа­сы, ұлы Абай кемел­ді­гін саты-саты­лап аны­қтау – өмірі мен шығар­ма­шы­лы­ғын дұрыс танып-білудің шар­ты. Иә, Абай жалғыз­сы­рап қай­ғыр­ды, түңіл­ді, қажы­ды. Бұл – әуел­гі басқы­штар. Бірақ кей­ін­гі хакім­дік дең­гей­де­гі Абай Аллаға жақын­дап, өзін бақыт­ты сезін­ген жан болға­ны хақ.

Қоры­та айтқан­да, кеше­гі кеңе­стік цен­зу­ра, идео­ло­гия мен солақай сая­сат жағ­дай­ын­да қалып­тасқан Абай бей­несі жаңғы­рға­ны жөн. Енді ойшыл­дың кемел­дік саты­ла­рын еске­ру, оның әр саты­сын­да жаңа­ша көзқа­рас­ты ұста­ну маңы­зды. Хакім Абай – әлем­дік ақыл-ойдың алы­бы. Тек қаза­қтың ғана ұста­зы емес. Таңға­жай­ып тұлға­мыз кім болға­нын танып-біле алмай жүр­ген өзі­мізді мүсір­кей­ік, ағайын.

Асан ОМАРОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн