Четверг , 3 июля 2025

ҚАЗАҚ ЖЕРІ – жамап алатын ЕТІК ЕМЕС

Кеше – сәуір­дің 14-інде шетел­дік­тер­ге жер сатуға және жалға беру­ге тый­ым салу­ды қарас­ты­ра­тын заң жоба­сын мәжіліс екін­ші оқы­лым­да мақұл­дап, сенатқа жол­да­ды. Ресми ақпа­рат­та заң жоба­сын жер пай­да­ла­ну­шы­ларға, шетел­дік­тер­дің үлесі бар қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­ларға, соны­мен бір­ге қан­дастарға ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер учас­ке­лерін жеке мен­шік­ке алып, жер иеле­ну құқы­ғын беру­ге тый­ым сала­ты­ны айтылуда.

Жер комис­си­я­сы­ның құра­мын­да «арпа ішін­де бір бидай» болған, қоғам өкіл­дерінің бірі, маңғы­ста­улық ұлт жана­шы­ры Жәні­бек ҚОЖЫҚ мыр­за­ны «ДАТ!» айда­рын­дағы ашық әңгі­ме­ге тар­тып, заң жоба­сы­ның қал­та­рыс тұста­ры­на қаты­сты пікірін біл­ген едік.

Жәні­бек ҚОЖЫҚ:

– Ресми БАҚ пен билік­тің жал­да­ма­лы басы­лым­да­ры «ҚР кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне жер қаты­на­ста­ры бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң жоба­сы пар­ла­мент мәжілісін­де бірін­ші оқы­лым­да біра­уы­здан мақұл­дан­ды, «жер сатыл­май­тын бол­ды» деп жатыр. Елде нара­зы­лық туғы­зған жер мәсе­лесінің тақы­ры­бы осы­мен жабы­ла ма? Жер комис­си­я­сы­ның мүше­сі ретін­де қара­пай­ым халы­ққа осы жағ­дай­ды түсін­діріп беріңізші.

– Қазақ халқы­ның билік­ке қой­ған басты тала­бы орын­дал­ды. «Жер шетел­ге сатыл­май­ды, шетел аза­ма­ты­на жалға беріл­мей­ді» деген ұсы­ны­сты пре­зи­дент Тоқа­ев мыр­за пар­ла­мент­ке жібер­ді. Жақын­да бұл заң күшіне толық енеді. Бұл қуа­ны­шты жағ­дай, бірақ жер мәсе­лесі толық шешіл­ді деп айта алмай­мыз. Бұл халы­қтың наза­рын уақыт­ша бол­са да басқа жаққа ауда­ру ғана. Ауыл шару­а­шы­лық жер­лері Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры­на саты­ла­тын бол­са, халық бірін­ші – жер­ден, екін­ші – билік сенім­нен, үшін­ші – ел Тәу­ел­сіздік­тен толық айы­ры­ла­ды. Жер – жыл сай­ын төл­дей­тін мал емес, жамап ала­тын етік емес, өсіп орнын тол­ты­ра­тын шөп емес. Жеке мен­шік­ке саты­лып кет­кен жер­ді ешкім қай­тып ала алмайды.

Қазір біз жер­ді жеке мен­шік­ке бер­сек, оны тек қаза­қтар ғана емес, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алған өзге ұлт өкіл­дері де алуға құқы­лы бола­ды. Мыса­лы, 30 жыл­дың ішін­де қан­ша­ма мың қытай­лық Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алды. Ата заң бой­ын­ша олар да біз­бен тең құқы­лы, олар да қаза­қтың 218 мил­ли­он гек­тар ауыл шару­а­шы­лық жері­нен сыбаға сатып ала­ды. Себебі олар­дың артын­да қуат­ты алып мем­ле­кет тұр. Олар­дың қан­дай мақ­сат­пен Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алға­нын біз біл­мей­міз. Жер комис­си­я­сын­дағы Алма­с­бек Садыр­бай сияқты аза­мат­тар «жер қаза­ққа сатыл­сын» деп, халы­қтың наза­рын басқа жаққа ауда­ру­да. Заң бой­ын­ша Қаза­қстан аза­мат­та­ры тең құқы­лы. Менің ұсы­ны­сым – жер­ді ешкім­ге сатуға болмайды.

Құнар­лы жер­ді бір қазақ сатып алса, саты­лған жер оның 70 ұрпағы­на мәң­гі мұраға қала­ды. Менің ұрпағым өмір бой­ы­на жер­сіз, бір бай­дың жерін жыр­ту­мен, соған қыз­мет ету­мен өте­ді. Бұл әділет­сіздік деп санай­мын. Жер­ді 49 жылға жалға беру­ге де қар­сы­мын. Жер­ді иге­ру­ге 25 жыл толық жете­ді. Бұры­нғы заң­сыз саты­лып кет­кен жер­лер­ді сот арқы­лы қай­тып алу қажет. Жер­дің пай­да­сын халық ортақ көруі керек. Бұл тура­лы коми­ис­си­яда толық баяндадым.

– Заң жоба­сы пар­ла­мент­тің талқы­сы­на түс­кен соң, Жер комис­си­я­сы­ның жұмысы соны­мен біт­кені ме, жоқ әлде билік бұл комис­сия арқы­лы тағы бір қитұрқы­лы­қты жүзе­ге асы­рай­ын деп отыр ма?

– Жер ком­ми­си­я­сы­ның жұмысы – заң жоба­сын талқы­лау, пар­ла­мент­ке ұсы­ну. Соны­мен тоқтай­ды. Жер тура­лы заң­да 170 бап бар. Соның ішін­де маңы­зды деген­дері талқы­ға түсетін бола­ды. Бірақ ең маңы­здысы, ең басты­сы – ауыл шару­а­шы­лық жер­лері жеке мен­шік­ке сатыл­ма­сын. Комис­сия бұл мәсе­лені шеше алмай­ды, сон­ды­қтан да халы­қтың қол­да­уы қажет. Егер де халы­қтың 1 пай­ы­зы­ның сая­си сау­а­ты көтеріліп, «жер сатыл­ма­сын!» деп көше­ге шық­са, билік халы­қтың бар­лық тала­бын орын­да­уға мәж­бүр бола­ды. 19 мил­ли­он адам­ның 1 пай­ы­зы 190 мың халық. Мәсе­лен, Алма­ты­да – 20 мың, Аста­на­да – 10 мың, Шым­кент­те – 10 мың, басқа қала­лар­да да солай 1 пай­ы­зы алаңға шық­са, жер тағ­ды­ры толық шешіледі.

– Иә, ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на қаты­сты жер шетел­дік­тер­ге ғана емес, жал­пы қаза­қстан­ды­қтарға да сатыл­ма­сын деген талап қой­ған Жер комис­си­я­сы­ның бір топ мүше­сінің қата­рын­да сіз де бар­сыз. Осы талап енді сенат­та қол­дау таба­ды деп ойлай­сыз ба?

– Комис­си­яда осын­дай талап қой­ған біз – аз адам­быз, егер де дауы­сқа сал­са жеңіле­міз. Біздің мақ­са­ты­мыз – халы­қтың сөзін билік­ке жет­кі­зу. Комис­си­яда не болып жатқа­нын халы­ққа хабар­лап отыру.

– Ал жер кадаст­ры­ның ашы­қты­ғы тура­лы мәсе­ле не бол­ды? Жер­ді нақты кім­дер иеленіп оты­рға­нын ашық ақпа­рат арқы­лы жари­я­ла­у­ға билік неге қар­сы болып отыр?

– Жер­ді сатып алған­дар мен жал­дап алған­да­ры­ның көбі заң­сыз деп санай­мын. Құпи­я­ла­ры халы­ққа жария болу­дан қорқа­ды. Олар­дың көбі ауыл­да емес, қала­да тұра­тын, билік­ке жұмыс жасаған бай­лар. Жер – мем­ле­кет­тің мен­ші­гі, сон­ды­қтан да олар­дың атта­рын атау заңға қай­шы емес деп санай­мын. Саты­лып кет­кен жер­лер­ді тек­се­ру қажет, заң­сызда­ры мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­ры­луы тиіс. Жер иелеріне қаты­сты мәлі­мет­тер жария болуы үшін де, бұл әдісті қол­да­ну нәти­же­сін беруі тиіс. Деген­мен, кадаст­рға қаты­сты мәсе­ле ашық емес. Мәсе­лен, Ресей­де ашық ақпа­рат көз­дері­нен жер иесі мен оның пай­да­ла­нып оты­рған жерінің аумағы­на қаты­сты мәлі­мет­ті кез кел­ген адам ғалам­тор­дан тауып алуы­на бола­ды. Сон­дай ақпа­рат алу біздің елде мүм­кін бол­май тұр Жер­дің кадаст­ры жасал­са, жер кім­нің қолын­да, кім пай­да­ла­нып оты­рға­ны жөнін­де­гі ақпа­рат та жария болар еді.

– Игеріл­мей жатқан жер­лер­ді аны­қтап, оны мем­ле­кет­ке қай­та­ру мәсе­лесін кос­мо­мо­ни­то­ринг шешеді деген мәсе­ле неге сөз­бұй­даға салы­нып кет­ті деп ойлайсыз?

– Жер­ге ғары­штан бақы­лау жасау жүй­есін енгі­зу – Мұх­тар Тай­жан мыр­за­ның баста­ма­сы еді. Был­тыр сол ғары­штық бақы­ла­удың арқа­сын­да жеке қожа­лы­қтар­дағы игеріл­мей жатқан 8 мил­ли­он гек­тар жер аны­қта­лып, оның 4 мил­ли­он гек­та­ры мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­рыл­ды. Мыса­лы, Маңғы­стау облы­сы, Қарақия ауда­ны, Сенек шару­а­шы­лы­ғы­ның 2 мил­ли­он жері мем­ле­кет­ке қай­та­рыл­ды. Бұл заң­ды да толы­қты­рып жатыр­мыз. Оны да Ауыл шару­а­шы­лық мини­стрілі­гі қай­та-қай­та жауып тастап отыр. Бұл жөнін­де Мұх­тар Тай­жан­ның еңбе­гі ерекше деп айтуға болады.

Биші­ке­ш­тер лати­фун­ди­стер­ге тиім­ді жағын көз­деп отыр деген күдік­тен басқа айта­рым жоқ. Өйт­кені кос­мо­мо­ни­о­ринг жай­ы­лым жер­ді көр­ме­се, ол жер­де қан­ша мал­дың бар екенін біл­ме­се, онда ол жер­ді боса­та алмай­мыз. Бұл – лати­фун­ди­стер­ге тиім­ді жайт. Ал қара­пай­ым шару­аға тиетін зала­лы көп. Кос­мо­мо­ни­то­ринг­ке мал­дың саны­на қаты­сты ақпа­рат та ашық түр­де берілуі тиіс. 

– «Жер сатыл­ма­сын, жалға да беріл­месін!» деген халық тала­бын билік неге бұл­та­лаңға салып отыр? Жер­ді мем­ле­кет мен­ші­гі деп жари­я­ла­удың қан­дай қиын­шы­лы­ғы бар?

– Жер комис­си­я­сы­нң басым көп­шілі­гі ірі жер иеле­ну­шілері, билік солар­дың сөзін сөй­леп отыр. Бірақ бұры­нғы ауыл шару­а­шы­лық мини­стрі, қазір­гі сенат депу­та­ты Ақыл­бек Күріш­ба­ев комис­си­яда халы­қтың сөзін сөй­леп, әділ­ді­гін айтып отыр.

– Қаза­қстан тер­ри­то­ри­я­сы­ның 37 пай­ы­зын (100 мил­ли­он гек­тар­дан астам) ауыл шару­а­шы­лық жер­лері құрай­ды. Билік жер­дің бос жат­пау қажет­ті­гін, оған инве­сти­ция тар­ту керекті­гін жиі айта­ды. Сол инве­сти­ци­я­ны сырт­тан – шетел­дер­ден емес, Қаза­қстан­ның ішкі қар­жы инсти­тут­та­ры­нан тар­ту арқы­лы жер­ді иге­ру­ге бол­май ма?

– Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 80 пай­ы­зы ауыл шару­а­шы­лық жер­лері. Бұл жер­лер­ді иге­ру­ге қазақ халқы­ның күші толық жете­ді. Қаза­ққа мал бағу мен егін егуді ешкім үйрет­пе­се де, қаза­қтың қолы­нан толық келеді. Әзір­ге ғары­шты мең­ге­ре алма­сақ та, қой бағу мен жер жыр­ту­ды ұмы­та қой­ған жоқпыз.

– Жер мәсе­лесіне сәй­кес заң­ды­лы­қтар мен қаты­на­стар­ды қоғам­ның тала­бы­на сай шешу үшін жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум өткі­зу керек деген ұсы­ны­сқа сіз қалай қарайсыз?

– Мен қаза­қтың 272 мил­ли­он гек­тар жерінің тағ­ды­рын Жер комис­си­я­сын­дағы 80 адам­ның шеш­кенін қала­май­мын. Жер – халы­қтың қазы­на­сы, оның мәсе­лесі рефе­рен­дум арқы­лы шешілуі керек. Бірақ мен сол рефе­рен­ду­мға, сай­ла­у­ға сен­бей­мін. Дәл қазір сай­ла­у­ға салуға да қар­сы­мын. Оның бір ғана жолы бар – халы­қтың 1 пай­ы­зы бей­біт түр­де алаңға шығып, билік­ке талап қоюы қажет. Бол­ма­са, жер жеке мен­шік­ке де сатыл­ма­сын деп заң­ды түр­де бекіту қажет.

– Жер комис­си­я­сы­ның оты­ры­сын­да жер­ді жеке мен­шік­ке сатуға 80 пай­ыз мүше­сі қар­сы шығып­ты, оның ішін­де өзіңіз де бар­сыз. Комис­сия мүше­лерінің қалған 20 пай­ы­зы қан­дай мақ­сат­ты көк­сеп оты­рға­нын біле алды­ңыз ба?

 – Жер комис­си­я­сын­да жер­ді сату, сат­пау тура­лы дауы­сқа салған жоқ. Егер де дауы­сқа сал­са, біз 20-да 60 болып жеңіліп қала­мыз. Себебі комис­сия мүше­лерінің басым көп­шілі­гі – ірі жер иеле­ну­шілері мен облыс әкі­мінің орынбасарлары.

– Бұл сөзіңіздің жаны бар, Жер кодексі талап­та­ры­ның орын­да­луын жер­гілік­ті жер­де әкім­дер бақы­лай­ды. Ал жер­гілік­ті әкім-қара­ның әрқай­сысы өз алда­ры­на бір-бір мини-пре­зи­дент екенін ескер­сек, қасқы­рға қой бақты­рған­ның кебін киіп қал­май­мыз ба? Жер­гілік­ті жер­де­гі бұл мәсе­ле­мен тәу­ел­сіз қоғам­дық комис­си­я­ның айна­лы­су мүм­кін­ді­гін сіз қалай бағалайсыз? 

– Жер­ді адам­дар емес, ғары­штан бақы­лаған жөн. Жер­ді басқа­ру теті­гін әкім­дер­дің қолы­нан алу керек. Әкім өзі бер­ген жерін өзі қалай бақы­лай­ды?! Тәу­ел­сіз комис­си­я­ның қолын­да болға­ны жөн деп санаймын.

– Осы сұх­батқа өзіңіздің қосар қан­дай ойы­ңыз бар?

– Қазақ жерінің бір уыс топы­рағын­да ата­ла­ры­мы­здың қаны, әр төбесін­де батыр­ла­ры­мы­здың сүй­е­гі жатыр. Ата­ла­ры­мыз қаза­қтың ұлан-бай­тақ дала­сын қанын төгіп, жанын беріп қорғап, біз­ге ама­нат етіп қал­дыр­ды. Сол ама­нат­ты келер ұрпаққа қал­ды­ру – ата­лар ару­ағы алдын­дағы біздің қаси­ет­ті пары­зы­мыз бен бола­шақ алдын­дағы қары­зы­мыз бол­мақ. Ама­натқа қия­нат жаса­сақ, жер­дің киесі, ата­лар­дың ару­ағы ата­тын бола­ды! Біз­де жер­ді қорға­удан басқа жол жоқ. Сұх­бат бары­сын­да Жер комис­си­я­сы­на жасаған ұсы­ны­ста­рым­ды да айта кет­кен­ді жөн көрдім:

1. Жер шетел­дік­тер­ге сатыл­май­ды, жер шетел­дік­тер­ге жалға беріл­мей­ді. Бұл талап­ты мем­ле­кет бас­шы­сы Қ.-Ж. Тоқа­ев мыр­за пар­ла­мент­ке тап­сыр­ды. Жақын­да бұл заң нақты күшіне енеді. Сон­ды­қтан да бұл мәсе­ле Жер комис­си­я­сын­да талқы­лан­бай­ды. Бұл халы­қтың басты тала­бы болатын.

2. Ауыл шару­а­шы­лық жер­лері ҚР аза­мат­та­ры­на да сатылмасын!

Жер комис­си­я­сы­ның мүше­сі Алма­с­бек Сабыр­бай «ауыл шару­а­шы­лық жер­лері қаза­ққа сатыл­сын» деп ұсы­ныс қой­ды. Бұл халы­қты уақыт­ша алдау. Себебі заң­да «қаза­ққа сатыл­сын, басқа ұлтқа сатыл­ма­сын» деген заң бол­май­ды. Заң­да «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты» деп жазы­ла­ды. Ал қазір­дің өзін­де қан­ша­ма мың Қытай аза­мат­та­ры ҚР аза­мат­ты­ғын алды?!

Егер де жер сатыл­са, олар да мың­даған, тіп­ті мил­ли­он­даған гек­тар ауыл шару­а­шы­лық жер­лерін сатып ала­ды. Олар­дың көбін­де қос аза­мат­ты­ғы да болуы мүм­кін. Олар­дың артын­да ақша­сы мол, қаруы мықты, алып импе­ри­я­лық мем­ле­кет­тер тұр. Бұл Тәу­ел­сізді­гі­міз­ге қатер деген сөз. Ауыл шару­а­шы­лық жері саты­ла­тын бол­са, кей­ін­гі ұрпақта­ры­мыз мәң­гілік жер­сіз қала­ды. Жер сана­у­лы бай­лар­дың мен­ші­гі емес, халы­ққа ортақ қазы­на. Жер мем­ле­кет­тің мен­ші­гі болуы қажет. Жер­ді сатуға мүл­дем жол беру­ге болмайды.

3. Қазір­ге дей­ін шетел аза­мат­та­ры­на және ҚР аза­мат­та­ры­на заң­сыз саты­лған жер­лер­ді сот бой­ын­ша мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­рып алу керек. Қажет бол­са, ҚР аза­мат­та­ры жер­ді келісім-шарт арқы­лы жал­дап алсын.

4. ҚР аза­мат­та­ры­на жер­ді 49 жылға емес, 25 жылға жалға беру керек.

 Ауыл шару­а­шы­лық жер­лерін бір ада­мға 49 жылға жалға беріп қою өте көп. Бір ада­мға 25 жылға жалға беру де жет­кілік­ті деп санай­мын. Бір адам жер­ді 25 жыл пай­да­лан­сын, жағ­дай­ын жаса­сын, бай­ы­сын – бұл аз уақыт емес. Содан соң жер кезе­гін­де тұрған басқа да аза­мат­тарға беріл­сін. Жер халы­ққа ортақ қазы­на болуы шарт. Менің үйім­нің қасын­дағы жер­ді алу үшін 49 жыл күту­ге өмірім жет­пей­ді. Жер­ді күтіп бап­та­ма­са, егін екпе­се, мал бақ­па­са, ол жер­ді қай­тып алу қажет.

5. Әр ауыл­дың жер­лері мүм­кін­ді­гіне қарай кеңейтілсін.

 Қазір әр ауыл­да 100‑1000 аса­тын үйлер тұра­ды. Олар­да мың­даған қой, жылқы, түйе, сиыр мал­да­ры бар. Ауыл­дың айна­ла­сын­дағы жер­лер өте тар. Қазір­дің өзін­де топы­рақ тозды, жер­дің құна­ры азай­ды. Мыса­лы, Маңғы­стау облы­сын­дағы ауыл­дың айна­ла­сын­да шөп түгелі шөң­ге де қал­май бара­ды. Сәл жел тұр­са, шаң борап, ауыл­дар­ды құм басып бара­ды. Сон­ды­қтан да ауыл­дың айна­ла­сын­дағы жер­лер­ді мүм­кін­дік­ке қарай кеңей­ту қажет. Мәсе­лен, Маңғы­ста­уда ауыл­дың жай­ы­лым­дық жер­лерін 20 шақы­ры­мға дей­ін кеңей­ту­ге бола­ды. Жеке шаруа қожа­лы­қта­ры­на ауыл­дың іргесі­нен жер беру­ге болмайды.

Мен 54 жыл­дан бері ауыл­да тұра­мын. Ауыл­дың жағ­дай­ын жақ­сы біле­мін. Ал жер мәсе­лесі­мен 2003 жыл­дан бері айна­лы­сып келе­мін. Алғаш жер саты­ла­тын заңға қол қой­ы­лған 2003 жылы өз қар­сы­лы­ғым­ды біл­діріп, талай рет мәсе­ле көтер­дім. Мақа­ла­ла­рым сол кез­де­гі тәу­ел­сіз газет­тер­де жари­я­лан­ды. 2016 жылы 25 сәуір­де Шет­пе­де ауыл ақсақал­да­рын бастап, «Қаза­қтың жері сатыл­ма­сын»! деп нара­зы­лық митин­гісін де өткіздім. Бір­не­ше рет алқа­лы жиын­дар­да өз ұсы­ны­ста­рым­ды жет­кіздім. Сон­ды­қтан да Жер комис­си­я­сын­да болуға толық мораль­дық құқым бар деп санаймын.

– Енде­ше ел мен жер­ді қорғау жолын­дағы тала­бы­ңыз орын­дал­сын! Жүй­елі сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн