Четверг , 3 июля 2025

Мұнай-газ саласын ХАЛЫҚҚА ҚАЛАЙ қайтарып аламыз?

  • «Маңғы­стау аймағы жылы­на өндіретін 18–20 млн тон­на мұнай Дубай­дан екі есе көп. Құм үстін­де­гі Дубай сияқты құл­пы­рып, гүл­ден­ген батыс аймақта­ры қай­да? Дубай­дың халқы жұмақта өмір сүріп жатыр, ал Аты­рау мен Ақтау – қай­ыр­шы­лы­қтан көз ашпаған қалалар.
  • Соңғы жыл­да­ры елі­міз­де мұнай­шы­лар­дың ере­уілі жиілеп кет­ті. Ере­уіл­шілер­дің тала­бы жыл басы­нан бері тағы да белең алып, оның үстіне жанар-жағар­май тап­шы­лы­ғы мен қым­бат­шы­лы­ғы ден­деп, елді дүр­лік­тіріп барады.

Соны­мен, «қара алтын» өндіру­шілер­дің маза­сы неге қашты? Жалақы­ның мар­дым­сызды­ғы, күн­көрісінің қиян­да­уы, т.б. түйт­кіл­дер, әрине, басты тақы­рып. Деген­мен, батыс өңір­де орын алған қай ере­уіл­ге зер сал­сақ та, ере­уіл­шілер тала­бы Қытай­дың иелі­гін­де­гі кені­ш­тер­ге тіре­леді. Бұл дегені­міз – өз елі­міз­де өндірілетін мұнай мен газ­дың иесі – Қытай экс­пан­си­я­сы­на деген нара­зы­лы­қтың бел­гісі емес пе?

Жат жұр­тқа саты­лып кет­кен мұнай кені­ш­терінің мен­шік­тік сапа­сы­на үңілей­ік­ші: «Ақтө­бе­мұ­най­газ», «Маңғы­ста­у­мұ­най­газ», «Қара­жан­бас­мұ­най», «Құм­көл», «Теңіз», «Қашаған», «Қара­шы­ға­нақ», т.б. мұнай кені­ш­тері шетел­дік­тер­дің иелі­гін­де. Осы ком­па­ни­я­лар­дың бар­лы­ғын­да дер­лік Қытай­дың қомақты үле­стері бар.

Сон­да дей­мін-ау, Қазақ мем­ле­кетін­де өз қара­көз­деріне, олар­дың бола­шақ ұрпақта­ры­на не қал­ды? Мынау деген масқа­ра емес пе?! Тіп­ті миға сый­май­тын сорақы­лық қой? Кей­бір ақпа­рат құрал­да­рын­да Қазақ елін­де мұнай-газ сала­сы бой­ын­ша 250 кені­ш­те 104 түр­лі кәсі­по­рын өндіріспен айна­лы­са­ды деп көр­сетіл­ген. Осы ком­па­ни­я­лар­дың көп­шілі­гінің иесі қап­таған қытай (жал­пы, елі­міз­де айдаһар мем­ле­кет­тің үлесі бар 2783 ком­па­ния жұмыс істей­ді екен).

Бұл аз бол­са, ота­ны­мы­здағы 3 ірі мұнай өңдеу зауы­ты­ның еке­уі Қытай­дың еншісін­де (осы екі зауыт­тың мен­шік­тік үле­стерін­де шытыр­ман хика­я­лар бар сияқты). Енді келіп, жанар-жағар­май­дың баға­сы қым­бат­та­ды деп шырыл­дай­мыз. Бар бай­лы­ғы­мыз жат жұрт­та, шүр­шіт­тер­дің иелі­гін­де бол­са, кім­нен көреміз?

«Ақтө­бе­мұ­най­га­з­дың» 96 пай­ыз үлесі кезін­де Қытай­ға саты­лып кет­ті. Бірақ мен бұл деректер­ге күмән­мен қарай­мын. Себебі осы «үле­стен» өзі­міздің ала­яқтар да кен­де емес. Билік­те­гі біздің жебір­лер қалай көз­дері қиып, осы­нау 100 пай­ы­зға жуық мұнай­ды мол қоры­мен қытай­лы­қтарға сата сала­ды? Бұл жер­де бір шикілік бар. Бұл мәсе­ле әуел­ден екі жақтың күйт­те­ген бір­лес­кен шаруа­сы емес пе? Алдын ала ымы­ра­ла­сып, атал­мыш ком­па­ни­я­ның актив­терін өза­ра бөліп-жарып, офф­шор­лық аймақтарға асы­ру жағын қарас­ты­рған­дай көрі­неді маған.

Әрине, бұл менің жеке пікірім. Енді қарап отыр­сақ, сырт жақтағы бұл ком­па­ни­я­ның актив­тері есебі­нен тір­кел­ген меке­ме­лер­дің ішкі тір­лі­гін­де Қазақ елінің аза­мат­та­ры мен қытай­лы­қтар қол ұста­сып жүр. Сөй­тіп, офф­шор­лар­да тір­кел­ген фир­ма­ла­ры­ның құры­лым­да­рын сан құбы­л­тып, ала­яқтық әдістер­ді қол­да­нып, салы­қтан жал­та­ру­дың айла­сын мең­гер­ген. Осы­лай­ша елі­міздің бай­лы­ғын тона­удың түр­лі жол­да­рын тапқан (мыса­лы, «КМК Мұнай» төңіре­гін­де ере­уіл­шілер көтер­ген дау-дамай­ды айт­сақ бола­ды). Мұн­дай сыбай­ла­сты­қты ұйым­дасқан қыл­мыстық топ­тың қара­кеті деп айтуға әбден бол­май ма?

Жалпы, қытай­лы­қтар елі­міз­де ресми тір­кел­ген отан­дық фир­ма­лар арқы­лы да біл­ген­дерін істеп, тай­раң­дап жүр. «Отан­дық» деп ата­лып жүр­ген осы бей­мәлім фир­ма­ларға (бұл заң­ды тұлға­лар­дың артын­да кім­дер тұр деп ойлай­сыздар?) қытай­лы­қтар инве­сти­ция құй­ып, бұлар­дың ішкі тір­лі­гіне ара­ла­сып, өз мақ­сат-мүд­де­лерін іске асы­ру­да. Нағыз гәп­ті осы жер­ден іздеу керек. Мыса­лы, қытай­лық ком­па­ния «Petrostroy» ЖШС‑і бір­не­ше (қаза­қстан­дық) серік­те­стік арқы­лы құра­ла­ды. Жеке жарғы­сы­на елі­міз­де шек­тел­ме­ген бар­лық қыз­мет түр­лерін кір­гізіп қой­ған. Тіп­ті «жер­ді алып-сату» деген құзы­реті бар көрі­неді. Бұл қалай? Мұнай ком­па­ни­я­сы­на жер­дің бетін сатып алу құзіретін кім беріп отыр?

Ақтө­бе облы­сын­да осы жылғы қаңтар-ақпан айла­рын­да мұнай­шы­лар ере­уілі орын алған «КМК Мұнай» АҚ-ның 49 пай­ы­зы­на Пана­ма­да тір­кел­ген Yukon Energy Holding SA ком­па­ни­я­сы ие бол­са, қалған (50%+1 акци­я­сы­на) қытай­лық «СНПС-Ақтө­бе­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы қожа­лық етіп отыр. Осы «Пана­ма» деген офф­шор­лы аймаққа біздің елдің де шен­ді-шек­пен­ділерінің қаты­сы бар екені көр­сетіл­ген деректер бұры­ны­рақта жұрт­шы­лы­қты біраз шулатқан жоқ па? «ДАТ» газетінің өткен сан­да­ры­ның бірін­де (25.02.2021 ж.) «КМК Мұнай» ком­па­ни­я­сын­дағы өрес­кел былық-шылы­қтар­ды халқы­мы­здың жана­шыр аза­ма­ты Нұр­та­за Қадыр­ни­я­зов «Китай­ская ловуш­ка для казах­ских неф­тя­ни­ков» атты мақа­ла­сын­да аяу­сыз әшке­ре­леп, ел алды­на жай­ып салған. Атал­мыш ком­па­ни­я­ның қитұрқы­лық әре­кет­терін жілік­теп көр­сет­кен. Бұл тек қана «КМК Мұнай» ком­па­ни­я­сын­дағы алаяқтық.

Бұл жер­де билік­тің өз ішін­де жүр­ген опа­сызда­ры­ның арам­за қылы­ғын атап кет­кен жөн. Ере­уіл­де­ген мұнай­шы­лар­дың бала-шаға­сы­ның көз жасы­на билік­те­гілер­дің өздері де кінәлі. Көр­сетіл­ген мақа­ла­дағы былы­қтар­да, яғни мұнай­шы­лар­дың еңбе­гін қанап, тай­раң­дап жүр­ген фир­ма­лар­дың тір­лі­гін­де аты­шу­лы Е.Досаев, Б.Каниев, Ю.Пак, т.б иман­сыздар­дың қаты­сы бар екені тай­ға таң­ба басқан­дай етіліп көр­сетіл­ген. Осын­дай жымысқы­лық әре­кет­тер­дің тереңіне сүң­гіп, анық-қаны­ғы­на көз жет­кі­зетін күн маң­дай­ы­мы­зға қашан туар екен?

Маңғы­стау халқы­ның тір­шілі­гі мен күн­көрісінің көзі сана­ла­тын «Маңғы­ста­у­мұ­най­газ» бен «Қара­жан­бас­мұ­най» ком­па­ни­я­ла­рын­да да 50 де 50% деген жымысқы әре­кет­пен тағы да жал­мауыз айдаһар елі­мен бөліс­кен. Бұл деген біздің жемқор билік­тің тара­пы­нан сатқын­дық емес пе?

Ақпа­рат көз­деріне үңіл­сек, ресми емес дереккөз­дер елде­гі мұнай актив­терінің 49 пай­ы­зы алпа­уыт Қытай­дың еншісін­де екенін көр­се­те­ді. Ал эко­но­мист Іли­яс Иса­ев бол­са, Қытай­ға мұнай акци­я­ла­рын сату эко­но­ми­ка­мы­зға төн­ген қауіп екенін, елі­міз­де­гі мұнай сек­то­ры­ның 50 пай­ы­зын Қытай иеленіп отыр деген ресми мәлі­мет­тер бар («Жас Алаш», 29.12.2020) деп жаза­ды. Бұл дегені­міз – елі­міз­де­гі «қара алтын­ның» тең жар­ты­сы­ның қызы­ғын Қытай ком­па­ни­я­ла­ры көріп отыр деген сөз.

Сонда дей­мін-ау, Қазақ елін­де мем­ле­кет­тік мүд­де, халы­қтың мақ­сат-мұра­ты деген жоқ болға­ны ма? Қарап отыр­сақ, өткен отыз жыл­да ата-баба­мы­здың ұрпақта­ры­на қал­ды­рған жері­нен 2,5 млрд тон­на мұнай өндіріліп­ті (басқа да ұлан-ғай­ыр бай­лы­қта­ры­мы­зды есеп­те­ме­ген­де). Осын­ша­ма көлем­де­гі «қара алтын­нан» түс­кен көл-көсір пай­да қай­да кет­ті? Сон­ша­ма қазы­на бай­лы­ққа ие бола тұра, мил­ли­ард­таған, балаң­ның бала­сы­на кететін сұм­дық қары­зға бат­тық. Бүгін­гі таң­да әзір­ге 162 мил­ли­ард дол­лар шама­сын­да сыр­тқы қары­зы­мыз бар көрі­неді. Қалай болған­да да, мұн­дай көлем­де­гі борыш билік­тің тал­май көк­сей­тін 2050 жылға дей­ін аяу­лы ұрпақта­ры­мы­зға қай­ғы-қасірет әке­летіні анық. Неге халқы­мыз шеті жоқ неси­е­ге ұры­нып, тапқа­ны күн­көрісіне жет­пей, қина­лып, азып-тозып жүр? Көп бала­лы, мүге­дек жан­да­ры бар ана­лар «Нұр Отан­ның» кең­сесін­де, әкім­шілік ғима­ра­тын­да бала-шаға­сы­мен неге түнеп жүр?

Мәжіліс депу­та­ты Е.Смайыловтың ақпа­рат көз­дерін­де­гі дере­гіне жүгін­сек, елі­міз­де мил­ли­онға жуық бала кедей­шілік­те өмір сүреді екен. Бұл халық қала­у­лы­сы­ның пар­ла­мент мәжілісінің төрін­де айтқан дере­гі. Қалай сен­бей­сің? Таба­ны­мы­здың асты­нан 2,5 млрд тон­на «қара алтын» өндіріп оты­рып, осын­дай көлем­де­гі адам айтқы­сыз мол бай­лы­қтан түс­кен көл-көсір пай­да­мен Қазақ елін­де­гі 18 млн халы­қты алты­н­мен аптап, күміспен қап­тап таста­уға бол­май­тын ба еді! Еге­мен­дік­ті еңсеріп, тәу­ел­сізді­гі­мізді тәу­бе еткен 30 жыл­да билік­те­гі бас­шы-қос­шы­ла­ры­мыз Ота­ны­мы­зды аяу­сыз тонап, бар дүние-мүл­кі­мізді талан-тара­жға салып, қара халы­қты қу тақы­рға оты­рғы­зған сұрқия сая­са­тын – гено­цид деп айтуға бол­мас па екен? Депу­тат­тың үкі­мет­ке сау­ал жол­дап шырыл­даға­нын­дай, мил­ли­онға жуық өске­лең өрені­міз өз елін­де, өз жерін­де ашқұр­сақ болып, бере­кеті қашып жүр­се, бұған не деп айтуға болады?

Сонды­қтан, ештен – кеш жақ­сы демек­ші, әбден құрып кет­пей, Қытай­ға құл бол­май тұрға­ны­мы­зда, мұнай-газ өнер­кәсібін­де­гі кені­ш­тер­ді мем­ле­кет мен­ші­гіне көші­ру керек! Қытай­ға эко­но­ми­ка­лық бодан­ды­қтан құты­лу­дың басқа жолы жоқ.

Ұлт­тық ком­па­ни­я­мыз деп мәз болып жүр­ген «Қаз­Мұ­най­Га­з­да» (ҚМГ) не қал­ды? Акци­о­нер­лік қоғам иелі­гін­де: «Қаза­қойл-Ақтө­бе» (67 пай­ыз), «Маңғы­ста­у­Мұ­най­Газ» (50%), «PetroKazakhstan» (33%), «Теңіз­шев­ройл» (20%), т.б. ком­па­ни­я­лар бар көрі­неді. Енде­ше бар деп оты­рған бұл заң­ды тұлға­лар­дың ата­уы қан­дай, бұлар­дағы үле­стері­міз қанша?

Қарап отыр­сақ, 2020 жылы 24 жел­тоқ­сан­да Аты­рау аймағын­дағы 7 мұнай-газ учас­кесі шетел­дік­тер­ге онлайн-аук­ци­он арқы­лы саты­лған. Саты­лы­мға түс­кен кен орын­дар­дан құны жоға­ры Сарай­шық (43 млрд тен­ге) және Забу­ру­нь­де­гі (16 млрд тен­ге) учас­кесінің құрал­тай­шы­сы – нидер­лан­ды­лық «PetroQazad» ЖШС‑і («Жас Алаш», №104, 29.12.2020). Осы алақан­дай ғана Нидер­лан­ды еліне біздің мем­ле­кет­тің бере­шек сыр­тқы қары­зы 49 млрд дол­лар. Ал бұл мем­ле­кет­тің Қазақ еліне құй­ған инве­сти­ци­я­сы – бар болға­ны 7,3 млрд дол­лар. Осы­ны қалай түсі­ну­ге болады?

Жал­пы, ұрлық-қар­лық жол­мен сыр­тқа кет­кен қар­жы-қара­жат­тың көп­шілі­гі Нидер­лан­ды, Люк­сем­бург, Кипр, Маль­та сияқты елдер­де­гі офф­шор­лық аймақтар­да тір­кел­ген ком­па­ни­я­лар­да сақта­ла­ды. Біздің елдің ала­яқта­ры, жоға­ры­да көр­сетіл­ген­дей, салы­қтан жал­та­ру­дың қитұрқы­лы­қта­рын жақ­сы меңгерген.

Біз­де жау­а­бы бей­мағлұм бір сұрақ бар. Елі­міз­ден тона­лып, қол­ды болған қар­жы, яғни қашып-пысқан ақша­лар өзі­міз­ге кері айна­лып, ала­яқтар­дың инве­сти­ци­я­сы түрін­де құй­ы­лып жатқан жоқ па? Дұрыс мем­ле­кет­тер, халқы­ның алдын­да жау­ап­ты елдер өз қар­жы­сын инве­сти­ция есебін­де жара­ту үшін, жемқор­лық жай­лаған елдің маңы­на да жола­май­ды. Сөй­те тұра, мил­ли­он­даған инве­сти­ци­я­ны біздің елге кім неме­се кім­дер әкеліп жатыр?

Еске сал­сақ, 2000-жыл­дар­дың басын­да «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның акци­я­ла­ры Лон­дон қор бир­жа­сын­да саудаға түсіп, инве­стор­лар­дың қолы­на өтті. Көп ұза­май-ақ, атал­мыш меке­ме­де қар­жы-қара­жат жөнін­де мәсе­ле туын­да­ды. Тап сол уақыт­тан бастап мұнай­шы­лар­дың жанай­қайы өршіп, арты 2011 жылғы Жаңаө­зен қан төгісіне әкеліп соқты. Мұнай­шы­лар­дың талап-тілек­тері мен мақ­сат-мүд­де­лері аяқ асты етіл­ді. Бүгін­де қазақ билі­гі мұнай­шы­лар­дың заң­ды құқы­қта­рын қорға­уға ара­ша түсіп, жана­шыр­лық таны­та алмай отыр. Себебі Маңғы­ста­удағы мұнай­дың басым бөлі­гі қытай­лық ком­па­ни­я­лар­дың қолын­да. Мем­ле­кет­тік дең­гей­де­гі кор­руп­ция деген осы емес пе?

Өндірілі­ген мұнай­ын тиім­ді пай­да­ла­нып, халқы­ның игілі­гіне жара­тып оты­рған, 10 млн-ға жуық қана халқы бар Бірік­кен Араб Әмір­лік­терін алай­ы­қ­шы. Жұды­ры­қтай жер­ге ғана орна­ласқан БАӘ мем­ле­кеті жылы­на 68–70 млн тон­на мұнай өндіреді. Енді салы­сты­рып көріңіз: осын­дай көлем­ге жуық мұнай­ды Қаза­қстан­да тек қана Аты­рау мен Маңғы­стау аймақта­ры жыл сай­ын өндіреді. Басқа мұнай­лы өңір­лер­ді есеп­те­ме­ген­нің өзін­де (жал­пы, мем­ле­кеті­міз жылы­на 80–90 млн тон­на ара­лы­ғын­да өнім шыға­ра­ды). Көр­діңіз­бе, бір ғана БАӘ-нің жылы­на өндіретін мұнай­ын біз­де екі мұнай­лы өлке ғана қам­та­ма­сыз ете­ді. Яғни, Ақтау мен Аты­рау өңірін­де жыл сай­ын 68–70 млн тон­наға жуық мұнай өндіріледі екен. Ал Әмір­лік елі тұта­стай өндіретін мұнай­дың ішін­де аты­шу­лы Дубай­дың жыл­дық үлесі – бар болға­ны 10 млн тон­на ғана. Қарап отыр­сақ, Аты­рау аймағы жыл сай­ын 40–41 млн тон­на мұнай өндіреді – 4 есе көп.

Маңғы­стау аймағы жылы­на өндіретін 18–20 млн тон­на мұнай Дубай­дан екі есе көп. Құм үстін­де­гі Дубай сияқты құл­пы­рып, гүл­ден­ген батыс аймақта­ры қай­да? Дубай­дың халқы жұмақта өмір сүріп жатыр, ал Аты­рау мен Ақтау – қай­ыр­шы­лы­қтан көз ашпаған қалалар.

Осы жағ­дай­да біздің халқы­мыз бол­са, таба­ны­мы­здың астын­да мұнай-газ шалқып жат­са да, жанар-жағар­май (бен­зин-газ) қым­бат­тай­ды деп жылам­сы­рай­ды. Жылаған­ды қой­ып, жат жұр­тқа кет­кен бай­лы­ғы­мы­зды қай­та­руға қаре­кет істеу керек емес пе? Тір­лік істеу керек!

Арсыз билік енді елдік тұрғы­дағы маңы­зды кәсі­по­рын­дар­ды бөлі­су­ге кірісті. Мыса­лы, «Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық әл-ауқат қоры­ның (бұл алпа­уыт құры­лым­ның төңіре­гін­де де «жыр» көп) құра­мын­дағы: «Қаз­Мұ­най­Газ», «Қаза­том­пром», «Қаза­қстан темір жолы», «Қаз­те­ле­ком» және «KEGOC» ком­па­ни­я­ла­ры­ның 49 пай­ы­зға дей­ін­гі үлесін сатуға шығар­мақ. Қара халық үлес түгілі, жеу­ге нан таба алмай қаңғып жүр­ген­де, бұл не жаңа­лық? Бұл стра­те­ги­я­лық маңы­зды нысан­дар­ды, яғни май­шел­пек кәсі­по­рын­дар­ды шен­ді-шек­пен­ділер өздері бөлісіп алай­ын деп, жан­та­ла­сып жүр. Бұдан артық шек­тен шығу, халы­қты түп­кілік­ті құл қылып қор­ла­у­ға бола ма? Сіз­дер не дейсіздер?

Соны­мен мұнай-газ өнер­кәсібін­де­гі кені­ш­тер­ді, басқа да маңы­зды актив­тер­ді мем­ле­кет мен­ші­гіне қалай қай­та­ра­мыз? Не істеу керек? Қан­дай әре­кет бар?

Қамыс­бай БЕРСІНБЕРГЕНҰЛЫ,

Ақтау қала­сы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн