Четверг , 3 июля 2025

АШЫҒУДЫҢ ПАЙДАСЫ ЖӘНЕ ОРАЗАНЫҢ ЗИЯНЫ

 Жыл сай­ын қаси­ет­ті сана­ла­тын рама­зан айы басталған­да ора­за ұста­удың адам ден­са­улы­ғы­на мол пай­да­сы тура­лы түр­лі ақпа­рат­тар­ды ести­міз. Ора­за ұста­удың пай­да­лы­лы­ғын анау елдің ғалы­мы дәлел­деді, мынау елдің ғалы­мы дәлел­деп айт­ты деп, ислам дініне қаты­сы жоқ адам­дар­дың еңбек­терін мысалға кел­тіріп қосып ақпа­рат тара­та­ды. Осы айты­лып жүр­ген ақпа­рат­тар дұрыс па, бұрыс па, тал­дап көрейін.

 Ара­б­тың «рама­зан» деген сөзі қай­дан шықты? Рама­дан (араб. رمضان‎ [ra.ma.dˤaːn]) – араб күн­тіз­бесін­де­гі 9‑шы ай ата­уы, жаз мез­гілінің шіл­де айы­на сәй­кес кел­ген. Түбірі рамад (араб. رمض [ra.ma.dˤa]) – ыстық деген­ді біл­діреді. Бұл түбір­ден тағы мына­дай сөз­дер шыға­ды: рами­да (араб. رَمِضَ [ramiḍa]) – ыстық болу, қызу; арма­да (араб. أَرْمَضَ [ạảr̊maḍa]) – (күн­нен) күй­ді­ру, өртеу; ауыр­ту, азаптау; рама­дун (араб. رَمَضٌ [ramaḍuⁿ]) – күн­ге қызды­ры­ну; рам­дау (араб. رَمْضَاءُ [ram̊ḍāʾu]) – шыжы­ған ыстық. Соны­мен «рама­зан» сөзін­де ысты­қта қина­лу деген мағы­на жатыр.

 Ара­б­тар­дың Ислам дініне дей­ін­гі күн­тіз­бесі бой­ын­ша рама­зан айы жаз­дың ыстық шіл­де айла­ры­на сәй­кес келіп тұрған. Ол айлар ыстық болуы­на бай­ла­ны­сты отыз күн ора­за ұста­удың түбі ерте­де­гі ара­б­тар­дың шару­а­шы­лық-тұр­мыс жағ­дай­ы­ның қиын­ды­ғы­на бай­ла­ны­сты туын­даған. Негізі мұсыл­ман күн­тіз­бесі дұрыс есеп­теліп жазыл­са Рама­зан айы  Шіл­де айы­мен тұста ‑тұс келіп «ора­за» ыстық шіл­де айын­да ұста­луы керек. Бірақ, күн­тіз­бенің қате есеп­те­луі­мен бай­ла­ны­сты жыл сай­ын он күн­ге жыл­жи береді. Ислам діні­нен көп бұрын таяу шығы­стағы халы­қтар ыстық шіл­де­де күн бұрын нәр тарт­пай көк­ке қарап, жаң­быр тіле­умен болған. Тір­шілік­тің қамын кеш­ке және түн­де ғана ойлап, жетім­сіз азық-түлік­ті тек түн­де ғана ішкен. Ара­б­тарға күн­нің ыстық көзі­нен, түн­де­гі айдың сәу­лесі жақ­сы көмек­тес­кен. Яғни, айға табы­нған халық болған. Сон­ды­қтан мешіт­тер­дің күм­безін­де айдың (айшық) бел­гісі тұра­ды. Ара­б­тар­да шөл дала­да күн­нің көзі өте ыстық болған­ды­қтан тоза­қта ыстық, от, адам жаны­ның қина­луы деген азаптар бар. Тоза­қта суық аяз­бен қинау тура­лы жоқ, сол кез­де­гі кітап жазу­шы­лар суық, аяз, боран тура­лы біл­ме­ген болар. 

 Құран­да ора­за­ны «ас-саум» (араб. الصوم‎) дей­ді. Ора­за сөзі (руза) пар­сы тілі­нен енген, мүм­кін ежел­гі түр­кі тілі де болар. Бірақ, ора­за­ны бұры­нғы қаза­қтар астан ауы­рған кез­де ұстаған деседі. Оған Алаш ақы­ны Сұл­тан­мах­мұт Торай­ғы­ро­втың мына өлеңі де дәлел:

 Мол­де­ке, сіз­ге бір арыз, 

 Ора­за деген не парыз?

 Ауыр­май астан қалғанда,

 Өтей­тінің не қарыз?

 Аш жүр деп алла аяса,

 Жары­лқар еді кедейді.

 Көп­ке бір­дей қараса, 

 Жақ­сы, жаман демейді.

 Күнә­дан адам қорықса,

 Кісі ақы­сын жемейді.

 Біреу жал­шы, біреу бай,

 Қай кез­де кім теңейді?

Тамақтан тый­ы­лу ислам­нан бұры­нғы дін­дер­де де болған және әр дін­де ұста­ну бір-біріне ұқса­май­ды. Ал, Ислам діні ора­за­ға жаңа­ша мән беріп, бұры­нғы ара­б­тар­дың ыстық шіл­де айын­да күн­діз дема­лып, түн­гі салқын­да ішіп-жей­тін салт­та­рын (ас-саум) енгізді. Осы­лай ора­за­ның мәні адам­дар­ды бір Аллаға құл­шы­лық ету­ге, тірі өмір­де­гі жалған өмір­ге қызы­қ­пай, келе­шек мәң­гілік «О дүниенің» қамын ойла­у­ға бау­ли­тын болды.

 Соны­мен, ислам­ша ора­за ұстау ден­са­улы­ққа пай­да­лы ма, әлде зиян ба? Құран­ның «Бақа­ра» сүресінің 187-аяты, 7‑ші сөй­ле­мін­де былай айты­ла­ды: «Және таң­нан, қара жіп­тен ақ жіп (қараңғы­лы­қтан сәу­ле) айры­лғанға дей­ін ішің­дер, жең­дер де соң­соң ора­за­ны кеш­ке дей­ін толық оры­ң­дан­дар» (Хали­фа Алтай аудар­ма­сы). Түсінік­тілеу болу үшін орыс­ша ауды­ра­ма­сын ұсы­най­ын: «Ешь­те и пей­те, пока вы не смо­же­те отли­чить белую нит­ку рас­све­та от чер­ной, а затем пости­тесь до ночи» (Смыс­ло­вой пере­вод Кора­на на рус­ском язы­ке (Э. Кули­ев)). Яғни, таңғы қараңғы­да қара жіп­пен ақ жіп қатар тұрған­да, ақ жіп­тің сәу­лесі қараңғы­дан көрі­нетін кез­ге дей­ін ішің­дер, жең­дер, содан-соң түн­ге дей­ін ауыз бекітің­дер деп тұр. Бұл, ара­б­тар­дың ежел­гі дәстүрі рама­зан айын­да (шіл­де) күн­діз­гі ысты­қта дема­лып, түн­гі салқын­да тір­шілі­гін жасап ұстанған сал­ты­нан алы­нып тұр. 

Қазір­гі уақыт­тың өзін­де ора­за­ны түні­мен ішіп-жеп, күн­діз дема­лып, ұйы­қтап өткі­зу де ислам­ның шар­тта­ры­на қай­шы емес, тек мін­дет­тел­ген құл­шы­лы­қты Аллаға жасап жүр­се бол­ды. Осы орай­да, қолы бос мұсыл­ман­дар рама­зан айын­да түн­де ояу жүріп тамағын жеп ала­ды, есесіне күні­мен түн­де ұйы­қта­маған ұйқы­сын қан­ды­рып жүреді. Ал, күн­діз жұмысы бар ора­за ұста­у­шы­лар ден­са­улы­қта­ры­на және жұмыста­ры­на қан­дай зиян тигізіп жүр­ген­дерін біледі ме!? Күн­діз­гі шар­шаған­нан дема­лып қал­пы­на келіп жатқан адам ағза­сын қараңғы 4–5 тер­де оятып алып оған тәбетің бол­ма­са да тамақ жегі­зу, одан кей­ін күн­діз шөл­деп қала­мын деп тамақтың арты­нан көбірек су ішіп алып қай­та төсек­ке жату адам ден­са­улы­ғы­на өте көп зиян бола­ты­ны бел­гілі. Күн­діз шөл­де­ген­нен ағза­ның сусызда­нуы бола­ды. Адам денесін­де су жет­кілік­тіз болған­нан клет­ка­лар­да зат алма­су құбы­лы­сы тежеліп қала­ды, содан адам­ның денесі де, миы­ның ойлау қабілеті де қыз­метін толық атқар­май күн­діз­гі жұмысы­ның нәти­же­сі осал болып тұра­ды. Сусыз асқа­зан, бауыр, бүй­рек, ішек­тер де өз-өзін таза­лай алмай дене­де керексіз боқат (шлак) пен жалқы­қтар (слизь) көбей­еді. Бұлар­дың адам ден­са­улы­ғы­на зиян екені айт­па­са да бел­гілі, алды­мен имму­ни­тет­ті түсіріп кей­ін «рак» онко­ло­ги­я­лық ауру­ларға дей­ін алып бара­ды. Ал, кеш­кі ауыз ашар­да тағы да тамақты той­ып жей­ді, той­мау жеу мүм­кін емес, өйт­кені мида күн­діз­гі ашты­қтан және сусызды­қтан күй­зеліс бол­ды, мида бөлі­нетін допа­мин арқы­лы қиналған­ның орнын тол­ты­ру керек, оның үстіне ауыз ашар­да суды бір ұрт­тап қой­ып тамақ жеуді бастап кете­ді. Күні­мен сусы­раған дене­ге алды­мен су керек. Адам асқа­за­ны тамақ сұра­са да су сұра­са да миға бара­тын бір сиг­нал «қарын ашты» деген, аш қары­нға алды­мен жылы су ішіп шөл­ді қан­ды­рып кем деген­де 30 минут­тан кей­ін тамақ жеу керек. Ал, 30 минут­тан кей­ін жей­ін десе ауыз-ашарға кел­ген адам­дар күтіп отыр­май­ды, оның үстіне түн­гі ұйы­қтай­тын уақыт­та жақын­дап келеді, жатар кез­де жеген тамақ сің­бей қала­ды. Ора­за кезін­де түні­мен атқа­ра­тын сау­а­бы көп «тара­у­их» нама­зы бар. Жал­пы, күн­діз жұмысы бар ада­мға рама­зан айы ұйқы­ны қан­дыр­май, ашты­қтан және сусызды­қтан миға күй­зеліс алып келіп быт-шыт­ты шыға­ра­ды. Адам­ның ойла­нып шешім шыға­ру қабілеті де аза­яды, өйт­кені судың жетіс­пе­ушілі­гі­нен адам ағза­сын­дағы клет­ка­лар, әсіре­се мидағы клет­ка­лар қал­пы­на кел­мей тұрады. 

Өзім жастай­ым­нан ора­за тұт­тым, жас кезім­де ауыр­лы­ғы білін­бей­тін. Бір­не­ше жыл­дан кей­ін ден­са­улы­қты күті­ну үшін кеш­кі сағат 17.00 ден кей­ін тамақтан­ба­уды ұстан­дым, сол кез­де кеш­кі тамақты жемеу ден­са­улы­қтың пай­да­сы­на қан­дай үлкен үлес қоса­ты­нын біл­дім. Кеш­кі тамақты жеме­ген соң дене жеңіл­деніп, кеш­кі серу­ен­ге шығып физи­ка­лық жат­ты­ғу­лар­ды жасап алуға қиын­дық бол­май­ды екен. Ал, кеш­кі тамақты жей қал­саң дене­де­гі қуат тамақты қоры­туға бағыт­та­ла­ды да, денең­гі көте­ру­ге зауқың бол­май жата қалып теле­ви­зор көресің. Түн­де ұйқы­ға аш жатқан соң, ұйқы қанып жақ­сы дема­лып тұра­ды екен­сің. Таңер­тең ерте тұрып ала­мын, өйт­кені миым тамақ бола­ды деп қуа­нып тұратын.

Кезек­ті ора­за айы кел­ген тұста, ора­за тұтқа­ным­нан ден­са­улы­ққа кері әсері бай­қа­ла баста­ды, жұмыс істеу қабілеті­ме де әсерін тигіз­генін бай­қа­дым. Сол кез­де «неге жара­ту­шы құдай 30 күн ора­за­ны түсте бір мез­гіл ғана тамақта­нып қалған 23 сағат аш жүрің­дер десе жет­кілік­ті ғой» деп ойлай­ты­н­мын. Оның үстіне Жер­дің сол­түсті­гі жағын­дағы елдер­де (мыс. Скан­ди­на­вия) түн­нің қысқа­лы­ғы 2 сағат­тай ғана, тіп­ті түні жоқ мез­гіл­дер бола­ды, ол елде­гілер ора­за­ны қалай ұста­мақ!? Иә, рама­зан айын­дағы ора­за ұстау шар­тта­ры ежел­гі ара­б­тар­дың шіл­де айы­ның ыстық күн­дізін­де ұйы­қта­у­мен, түн­гі салқын­да ішіп-жеумен тір­шілі­гін жасай­тын дәстүрінің бірі деп пай­ым­да­у­мен шектелдім. 

Ал енді, ашы­ғу­дың пай­да­сы тура­лы жаза кетейін.

Орта мек­теп­ті бітір­ген кезім. Әкем маған қаза­қ­шаға ауда­ры­лған Пол Брэгг­тің «Ашы­ғу­дың құды­реті» атты кіта­бын оқуға бер­ді. Өзі оны оқып шыққан бола­тын. Мен де бір сыпы­ра оқып шықтым. Ол кітап­та ауру­дың көбі астан бола­тын­ды­ғы және ашы­ғу арқы­лы адам өзі ден­са­улы­ғын түзеп алуы­на бола­ты­ны тура­лы жазы­лған. Сон­дай-ақ, қалай ашы­ғу, апта­сы­на, айы­на, 3‑айда, 1‑жылда неше күн ашы­ғу тура­лы жазы­лған, бірақ бар­лық ашы­ғу­лар­да қай­на­ты­лған неме­се дистил­ден­ген жылы су ішу керекті­гі айты­ла­ды. Сол кез­де 1999 жыл бола­тын 3‑тәуліктік ашы­ғуға дей­ін жаса­дым. Әсерінің бірі – үне­мі тісім­нің еті қанай­тын да жүретін, 2‑ші тәулік­те тісім өзі­нен-өзі қанай бер­ді, шыққан қан­ды түкі­ре бер­дім, кей­ін тісім мүл­де қана­май кет­ті. Ал, әкем 8‑тәуліктік ашы­ғуға дей­ін жаса­ды. Сол жыл­да­ры әкем қазір­ге қараған­да жас бол­са да ден­са­улы­ғы нашар­лап, қолын жоға­ры көте­ре алмай қалған, жүре­гіне де көп шағым айта­тын. Ұзақ ашы­ғу­дан әбден азды, есесіне ден­са­улы­ғы мықты болып кет­ті, той­лар­да қолын аспанға көтеріп билеп ала­ты­нын да көр­дім. Иә, Пол Брэгг ашы­ғу арқы­лы дене клет­ка­ла­ры жаңа­рып, жас бала­ның денесін­дей жаса­рып қала­сың деп жазып еді. Ол кісі 1976 жылы 96 жасын­да АҚШ-тың Фло­ри­да шта­тын­да қай­тыс болады.

Жапон­ның био­лог зерт­те­уші ғалы­мы Есе­но­ри Осу­ми ауто­фа­гия сала­сын зерт­теп 2016 жылы физио­ло­гия және меди­ци­на сала­сын­да ең мәр­те­белі жүл­де Нобель сый­лы­ғы­на ие болды.

Ауто­фа­гия – өзін-өзі қорек­тен­ді­ру деген мағы­на береді, яғни адам ағза­сы­на сырт­тан ас түс­пе­ген кез­де, ағза дене­де­гі ескі және артық клет­ка­лар­мен қорек­тене бастай­ды. Ауто­фа­гия про­цесін алғаш рет зерт­теп ашқан кісі – Бель­ги­я­лық Кри­стен де Дюф. Олда өзінің ашқан ғылы­мы үшін 1974 жылы Нобель сый­лы­ғын алған. Ауто­фа­гия құбы­лы­сы адам ашы­ққан жағ­дай­да бел­сен­ді бола бастайды. 

Ада­мға баста­пқы кез­де ыңғай­лы жолы сумен ашы­ғу әдісі. Ең алды­мен, ағза­ла­ры­ңы­здағы иммун­ды қуат көбей­еді. Бұл қуат бой­ы­ңы­здағы бар­лық ауру­ларға қар­сы тұра­тын, адам ден­са­улы­ғын қорғай­тын қуат. Адам ағза­сы таза­ра­ды. Ас қоры­ту сияқты ауыр бей­нет­тен құты­лған ағза­лар тыны­ға­ды, соған орай пси­хи­ка­лық тыны­ғу, яғни уай­ым-қай­ғы­дан ары­лып, жүй­кенің тыны­шта­луы бай­қа­ла­ды. Артық сал­мақтан зардап шегіп жүр­ген­дер үшін ашы­ғу­дың ең үлкен нәти­же­сі: бой­дағы жиналған май­дан ары­лу, артық сал­мақтан құты­лу болып табы­ла­ры анық. Ғалым­дар бір күн­гі ашы­ғу адам ағза­сын үш айға жасар­та­ды дей­ді, яғни, адам неғұр­лым көп ашы­қ­са, соғұр­лым жаса­ра түспек.

Сумен ашы­ғу­дың емдік және про­фи­лак­ти­ка­лық түр­лері бола­ды. Адам тамақтанған­нан кей­ін миы­ның 95% қуа­ты ас қоры­туға жұм­са­ла­ды. Содан адам­зат миы­ның 5% ғана пай­да­ла­нып жүр. Ал, астан тыны­ққан кез­де, ойла­у­ға, дамуға жұм­са­ла бастай­ды екен. Бұл жағ­дай­ды тек ашы­ғу­ды жасап көр­ген кісілер жақ­сы сезі­неді. Сумен ашы­ққан кез­де ескі кле­тка­ның орнын жаңа клет­ка­лар толы­ғы­мен алма­сты­ра­ды. Осын­дай зат алма­су құбы­лы­сы болған кез­де ғана адам­ның тәні жаңа­рып жаса­ра түседі. 

Мақа­лам­ның соңын мына сөз­бен аяқтай­ын. Ора­за тұтқан кез­де күні бойы сусы­рап оны ішпей жүру қан­ды қою­лан­ды­рып ағза­ға қажет қорек жет­пей және ағза­дан шығу керек зиян­ды қал­ды­қтар шық­пай қалып, ора­за­ның аяғын­да кей­бір адам­дар ден­са­улы­ғын нашар­ла­тып ала­ды. Қан­ның қою­ла­нып кетуі­нен қан қысы­мы бұзы­лып, көп адам­дар жүрек-қан тамыр ауру­ла­ры­нан көз жұмып жата­ды. Оған біре­улер «ора­за кезін­де өлген адам жән­нәтқа бара­ды» деп қуа­нып жата­ды. Бұл адам­ның білім­сізді­гі­нен деп пайымдаймын.

Тәу­ел­сіз тіл­ші болғы­сы келетін Бега­лы Сапаралыұлы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн