Четверг , 3 июля 2025

«DAT» – 23!

Соны­мен, «ДАТ» газет­тер сери­я­сы­ның шыққа­ны­на 23 жыл бол­ды (1998 жыл­дың 15 көкек күні бірін­ші саны шықты). Мынау зымы­раған заман­да бұл аз емес – бір ұрпақтың (25 жыл) ғұмы­ры­на пара-пар уақыт.

Әрине, айтар көп. Бірақ газет пен оның он рет өзгер­ген редак­ци­я­сы бастан кеш­кен­нің бар­лы­ғын жіп­ке тіз­ген­дей түген­деп шығу – оңай емес. Оңай бол­май­ты­ны – бірін­ші­ден, «ДАТ»-ты алғаш шығарған және кей­ін­гі редак­ци­я­лар («ДАТ-Ақбо­та», «ДАТ-Ертіс», «ДАТ-Коле­со», «Сол­ДАТ», «Апта – Неде­ля», «Айна-плюс», «Жұма-таймс», «ДАТ-Тасжарған») құра­мын­да болған біраз жор­нал­шы бүгін­де орта­мы­зда жоқ. «ДАТ»-тың бірін­ші редак­то­ры Шәріп Құрақ­бай, «СолДАТ»-тың бірін­ші редак­то­ры Марат Қабан­бай, «ДАТ» пен «СолДАТ»-тың дирек­то­ры Арғы­нға­зы Мади­я­нов, таны­мал пуб­ли­цист-аудар­ма­шы Ғалым­жан Мұқа­нов, талант­ты жур­на­лист Асхат Шәрі­п­жа­нов, жет­піс­ке қараған шағын­да «Тасжарған­ды» іздеп кел­ген Кемел­бек аға Шама­та­ев… ғала­мат адам­дар еді, шір­кін! Біздің алтын адам­да­ры­мыз мәң­гілік­ке жамы­лған топы­рақ торқа­дан бұйырсын!

Екін­ші­ден, «ДАТ-тықтар» көр­ген құқай­ды: атыс-шабыс, редак­ци­яға шабуыл, бан­дит­тік соққы­ға жығы­лу, қуда­лау, аңду, сот­тау… – ете­гі­міз жасқа толар­лық тарих. Бүгін­де әлдекім­дер­дің: «Бар­лық газет­тер жабыл­ды, билік «ДАТ»-ты неге жап­пай­ды?..» деген күлбіл­те күді­гі осын­дай қуда­ла­удың құқай­ын көр­ме­ген, диван­дағы дал­ба­са адам­ның сөзі. Әлбет­те, қар­сы шыққан­ды атып тастау түк­ке тұр­май­тын билік­ке газет­ті жауып тастау – шыр­пы сын­ды­рған­мен бір­дей шаруа. Бірақ бүкіл дүни­е­ге тарай­тын тәу­ел­сіз газет­ті жап­ты деген даб­ы­ра делқұ­лы билік­ті дің­ке­лет­кен бас ауруға айна­ла­ды: АҚШ Кон­гресі мен «ОБСЕ»-ден бастап, Жовтис досы­мы­здың бюро­сы­на дей­ін «шулай­ты­ны» анық. Онсыз да қара­бет болған билік­тің басы­на жаңа «сақи­на» керек пе?

Деген­мен. біз «қуғын көр­дік» деп ешқа­шан еңіреп, жылаған емес­піз! Тәу­ел­сіз газет­тің тарихы – біздің тағ­ды­ры­мы­зға айнал­ды: күл­ден қай­та жарал­дық, мұқал­ма­дық, қатай­дық, қай­рал­дық, қай­та ұмтыл­дық… Әлі де сол – елге керек-ау деген газет­ті сүй­реп келе­міз. Көк тиын қар­жы­сыз қалған күн­дері – қары­здан­дық, бірақ басқаға арызданбадық!

Кезін­де 40 ада­мға дей­ін болған редак­ци­я­мы­зда «ДАТ»-тың алға­шқы құра­мы­нан қалған үше­уміз – Бақыт­гүл Мәкім­бай, Кен­же­тай Нұр­мұ­хан­бетұ­лы (Айт­ба­ки­ев) және мен. Соңғы кел­ген жор­нал­шы­мыз – Аза­мат Шор­ман­ханұ­лы алты жыл­дан бері біз­бен бірге.

Біз­ге бұл газет­ті шыға­ру қажет­ті­гі ада­ми мін­дет­ке, аза­мат­тық пары­зға айнал­ды. Тоқтат­сақ – ел-жұрт­тың таба­сы­на тап бола­мыз. Біз­де­гі бүгін­гі түсінік осы. Біз таң­даған соқ­пақта басқа бұры­лыс қалмады!

Біраз қыз-жігіт­ті өсір­дік. «Біз – «ДАТ»-тан шыққан­быз!» деген мақта­ны­шын жасыр­май, басқа басы­лым­да бас болып жүр­ген талай жігіт­тері­міз де бар. Өкініш демей­міз – бізді ұмы­тып кет­кен­дер де жоқ емес…

Мынау сурет­тер – біздің тарих­тың бір тұта­мы ғана:

  1. Жал­пы жиы­ны 23 жыл­да «ДАТ»-та 180-ге жуық адам қыз­мет қылған екен. «ДАТ»-тың алға­шқы редак­ци­я­сы (1998 жыл).
  2. Редак­ци­яға жасалған қарақ­шы­лық шабуыл кезін­де (2002 жыл) ауыр соққы­ға жығы­лған Бақыт­гүл «жедел жәр­дем» көлі­гін­де жатыр.
  3. АҚШ елшілі­гі мен «ОБСЕ» өкіл­дері «ДАТ»-ты қорға­уға кел­ді (аты­шу­лы «Қаза­қ­гейт» жемқор­лық шырға­лаңын тұрақты жари­я­лап тұрған газет­ті АҚШ Кон­гресі өз қамқор­лы­ғы­на алған 2001 жыл­дың жазы).
  4. Серік­бол­сын Әбділ­дин мен Ғазиз Алдам­жа­ров аға­ла­ры­мыз бізді іздеп кел­ген кез (2002 жыл).
  5. «Тасжарған­ның» бірін­ші құра­мы – 2005 жыл.
  6. Біз қуда­лау мен сот­та­лу­дың ара­сын­да жақ­сы серу­ен де құра біл­дік. «ДАТ-Обще­ствен­ная пози­ция» газетінің бірін­ші редак­ци­я­сы – 2009 жыл).

Құр­мет­ті, «дат­ты­қтар»!

Енді екі жыл­дан кей­ін, бұй­ырт­са, «ДАТ» медиа-жоба­сы­ның 25 жыл­ды­ғын атап өте­міз. Сол ширек ғасыр­лық датаға орай «ДАТ»-тың аны­қта­ма­лық жинағын шыға­ру ойы­мы­зда бар. Егер сіздің архивіңіз­де «ДАТ»-та жүр­ген кездің суреті сақтал­са, шағын аны­қта­ма­лық жаз­ба­мен редак­ци­яға жол­да­уы­ңы­зды сұраймыз.

Аман болай­ық!

Ермұрат БАПИ

Құттықтау!

«ДАТТЫҢ» ЖОЛЫ даңғылға айнала берсін!

  • «ДАТ» жоба­сы­ның жетек­шісі Ермұрат БАПИ мырзаға

Елі­міз­ге бел­гілі басы­лым «Дат» жоба­сы ұжы­мын бүгін­гі 15 сәуір­де жарық көр­геніне 23 жыл толуы­мен құттықтаймыз!

Елі­міздің демо­кра­ти­я­лық дамуы жолын­да Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның рөлі зор екені бел­гілі. Алға­шқы демо­кра­ти­я­лық басы­лым­дар­дың бірі ретін­де «Дат» басы­лы­мы елдің датын билік­ке жет­кі­зу үшін, ақпа­рат май­да­нын­да қажыр­лы­лық пен қай­сар­лық көр­сетіп келе жатыр. Талай өткір мәсе­ле­лер­ді көтеріп келе жатқан «Дат» жоба­сы­ның елі­міз­де­гі БАҚ ара­сын­да көр­нек­ті орын алуын­да бел­гілі жур­на­лист, сал­мақты сая­сат­кер Ермұрат Бәпидің еңбе­гі зор екені бел­гілі. Бүгін­гі­дей қиын-қыста­уы көп, оған пан­де­ми­я­сы қосы­лған заман­да газет шыға­рып, оны елі­міз бой­ын­ша тара­тып оты­ру тал­мас жігер, табан­ды еңбек­ті талап етеді.

«Ақ жол» Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы 2012 жылы пар­ла­мент­те фрак­ци­я­сын құрған кез­де алғаш қолға алған «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң жоба­сын жасап ұсы­нған­да, үкі­мет өткіз­бей тастаған еді. Сол кез­де қол­дап шыққан екі басы­лым­ның бірі – осы «Дат» басы­лы­мы болатын.

Әрине, «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның елге бел­гілі қалып­тасқан өз көзқа­ра­сы бар болған­ды­қтан, «Дат­тың» бетін­де шығып жатқан кей­бір жари­я­ла­ным­дар бой­ын­ша өзін­дік ұста­ны­мы бар бол­са да, демо­кра­ти­я­лық сөз бостан­ды­ғын құр­мет­теп келеді.

«Ақ жол» пар­ти­я­сы «Дат­тың» жолы даңғы­лға айна­ла бер­сін деп, әрдай­ым «Ақ жол» тілейді.

Азат ПЕРУАШЕВ, «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның төрағасы,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн