Четверг , 3 июля 2025

Жерді сату не үшін, КІМ ҮШІН КЕРЕК?

  • «Халық сай­ла­маған пре­зи­дент, халық сай­ла­маған пар­ла­мент халы­қтың мүд­десіне, елдің бүгіні мен ертеңіне қыз­мет жаса­май­ды. «Жер ешкім­ге сатыл­ма­сын, шетел­дік­тер­ге жалға беріл­месін!» деген талап­ты бес жыл­да орын­да­маған, жер­ді жеке мен­шік­ке беру­ден бас тарт­паған билік­ке сен­бей­міз. Сон­ды­қтан да ЖЕР тағ­ды­рын халы­қтың өзі басқа­ша шешуі қажет.

Бал­таш Тұр­сым­ба­ев, мем­ле­кет және қоғам қайраткері,

Рыс­бек Сәр­сен­бай, қоғам қай­рат­кері, журналист

  • Бей­қам жатқан халай­ық! Ұйы­қтап жата бер­ген­ді қой­ып, қозға­ла­тын кезің кел­ді! Көтер басты, тұр орны­ң­нан! Сауда­гер билі­гің жерің­нен айы­рып қаңғы­тып жібер­ген­ше қалғып-мүл­гіп отыр­ма! Ота­ны­мы­зға қатер­дің қара бұл­ты төнді!

Отан жер­ден баста­ла­ды. Жері жоқтың – Ота­ны жоқ. Мем­ле­кеті де бол­май­ды. Жер – тір­шілік­тің негізі, мекенің. Одан айы­ры­лған халық – қаңғы­ған тобыр. Осы­ны сезі­нетін, селк ететін тұста бұл не қылған марғаулық?

Бүгін көше­ге шығып, қара­ны көбей­тіп, ара­ша түс­пе­сең, ертең ұрпағы­ңа не айта­сың? Мың­дап митин­гі­ге қаты­сып, үніңді естірт­пей, бой­ы­ң­ды көр­сет­пей, бұға бер­сең – опа­сыз билік­ке кере­гі сол. Әле­умет­тік желілер­де, еркін сайт­тар­да митин­гінің өтетін жері мен уақы­ты тура­лы жет­кілік­ті хабар­лан­ды. Біз де үндеу таста­дық, шақыр­дық. Бір­не­ше жүз мың адам сөз­бен қол­дап, қуат­та­ды. Алаң­дарға жиналған­да­ры мыңға толмады.

Күре­сті тоқтат­пай жалға­сты­ру – басты шарт. Бұл үндеу мақа­ла­ның соңын­да біз өз ұсы­ны­сы­мы­зды орта­ла­ры­ңы­зға салдық.

Қаси­ет­ті жері­мізді сыр­тқы жаудан бұрын, билік­тің опа­сызды­ғы­нан қорға­уға тура келеді. Назар­ба­ев құрған отба­сы­лық, оли­гар­хи­я­лық, авто­ри­тар­лық жүй­енің мүд­десі халы­қтың мүд­десіне қар­сы шықты. Жер тура­лы дені дұрыс заң­ның қабыл­дан­бай, көп жыл­дық көк­парға түсуінің себебі сонда.

2003 жылғы 20 мау­сым­да ҚР Жер кодексі қабыл­дан­ды. Оның 3‑бабында: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жер мем­ле­кет­тік мен­шік­те бола­ды. Жер учас­ке­лері осы Кодек­сте бел­гі­лен­ген негіз­дер­де, шар­ттар мен шек­тер­де жеке мен­шік­те де болуы мүм­кін» екен­ді­гі жазыл­ды. Сол арқы­лы жер­ді жеке мен­шік­тің ныса­ны ету­ге жол ашты. Ол жер­дің иесі болуға қаза­қстан­ды­қтар­мен бір­ге шетел­дік­тер­дің де құқы­ғы бола­тын­ды­ғын Кодекстің 6‑бабында былай көр­сет­ті: « …шетел­дік­тер, аза­мат­ты­ғы жоқ адам­дар, сон­дай-ақ шетел­дік заң­ды тұлға­лар жер құқы­ғы қаты­на­ста­рын­да Қаза­қстан аза­мат­та­ры­мен және заң­ды тұлға­ла­ры­мен тең құқы­қтар­ды пай­да­ла­на­ды және сон­дай мін­дет­тер атқарады».

Мұның аста­рын­да шетел аза­мат­та­ры­ның да жер­ді жеке мен­ші­гіне сатып алуы­на, басқа­ларға сатуы­на, жалға беруіне бола­ды дей­тін түсінік­тің жатқан­ды­ғын көп­шілік ескер­меді. Бұл арам­за­лық 2015 жылғы 2 қара­ша­да пре­зи­дент Н.Назарбаев қол қой­ған Жер кодексіне өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы заң қол­да­ны­сқа енер шақта әшке­ре­леніп қал­ды. 24-бап­тағы: «…сон­дай-ақ жарғы­лық капи­та­лын­дағы шетел­дік­тер­дің, аза­мат­ты­ғы жоқ адам­дар­дың, шетел­дік заң­ды тұлға­лар­дың үлесі елу пай­ы­здан аса­тын заң­ды тұлға­лар мен орал­ман­дар ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер учас­ке­лерін жиыр­ма бес жылға дей­ін­гі мерзім­ге жал­дау шар­тта­ры­мен уақыт­ша жер пай­да­ла­ну құқы­ғы­мен ғана иелене ала­ды» деген тұжы­рым­да­ма күдік туғызды.

Бірін­ші­ден, шетел­дік­тер­ге 25 жылға жалға беру – ұзақ мерзім, екін­ші­ден, үлесі елу пай­ы­здан аспай­тын шетел­дік­тер қаты­сқан заң­ды тұлға­ларға жер­ді жеке­ше­лен­діру­ге, яғни сатуға мүм­кін­дік туғы­зды. Бұл заң бой­ын­ша жер­ді 25 жылға жалға алған шетел­дік 5 жыл­дан соң Қаза­қстан­ның аза­ма­ты болып шыға келеді. Өйт­кені заң бой­ын­ша, Қаза­қстан­да бес жыл тұрақты тұрған шетел­дік­тер­ге аза­мат­тық беріледі. Егер ол қаза­қстан­дық аза­мат­ша­мен неке­лес­се, бұл мәр­те­бе­ге үш-ақ жыл­да қол жет­кі­зеді. Аза­мат­тық алған шетел­дік (мысалға – қытай­лық) жал­даған жерін кон­кур­сқа қаты­сып, ақша­сын төлеп, жер­ді бұрын­нан пай­да­ла­ну­шы ретін­де­гі жеңіл­дік­пен жеке мен­ші­гіне ауы­сты­руға құқы­лы. Осы­лай­ша кез кел­ген шетел­дің қал­та­лы ада­мы 5–10 жыл­дың ішін­де әрі Қаза­қстан аза­ма­ты, әрі жер иесі атанады.

Олар­дың да аза­мат ретін­де сай­ла­у­ға, сай­ла­нуға, мем­ле­кет­тік қыз­мет атқа­руы­на құқы­ғы бола­ды. Қаза­қстан­да Қытай­дағы­дай шек­теу жоқ – топыр­ла­тып туа береді. Олар Назар­ба­ев­тың көп бала­лы ана­ларға қара­та айтқан «төсек­ке жатар­да үкі­мет­тен сұрап па едің­дер» деген қор­лау сөзін құлақта­ры­на да қыстыр­май­ды. 55 зауыт­пен еріп келетін­дер­дің, жүгері, рапс, соя егіп, шошқа бағу үшін ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­леріне, тал, терек өсі­ру үшін орман­ды алқа­пқа жетуді арман­дап оты­рған­дар ертең-ақ елі­мізді соғыс­сыз жау­лай­ды. Мил­ли­ард­таған қары­здар, жер­ді, оның бай­лы­ғын иге­ру­ге деген сыл­та­у­мен салы­нған инве­сти­ция, көшіріліп әкелін­ген зауыт-фаб­ри­ка­лар­дың отан­дық кәсі­по­рын­дар­ды банк­рот­ты­ққа ұшы­ра­туы, стра­те­ги­я­лық маңы­зды нысан­дар­дың шетел­дік алпа­уыт­тар­дың мен­ші­гіне өтуі – үлкен қатер.

Эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­ділік­тің ақы­ры мем­ле­кет­тілік­ті жой­ып тына­ды. Соны біле тұра, билік­те­гілер­дің – пре­зи­дент­тер­дің, үкі­мет­те­гілер­дің, пар­ла­мент­те­гілер­дің ұстанған бағы­ты, дәр­мен­сіздік­тері – барып тұрған сатқын­дық, отанға опа­сыздық! Бұлар­дың бәрі билік пен бай­лы­қты уысын­да ұстаған назар­ба­ев­тар­дың мүд­десіне, сая­са­тын іске асы­руға қыз­мет жасай­тын­дар. Оларға айта­ры­мыз: ойла­ны­ң­дар! Қыз­мет­ке тағай­ын­дал­дық, депу­тат­тық тізім­ге ілін­дік, пре­зи­дент­тер­ге боры­штар­мыз деп жер­ді сатқызбаңдар!

Қаза­қстан­да 1995 жылғы Кон­сти­ту­ци­яға дей­ін жер тек мем­ле­кет мен­ші­гін­де бол­ды. Ком­му­ни­стік пар­ти­ядан мем­ле­кет бас­шы­лы­ғы­на кел­ген Н.Назарбаев нары­қтық эко­но­ми­ка заң­ды­лы­қта­рын жеке басы үшін де асқан әккілік­пен пай­да­лан­ды. Кен өндірілетін қой­на­у­лар­ды, ірі кәсі­по­рын­дар­ды отба­сы мүше­лерінің, айна­ла­сын­дағы­лар­дың басы бүтін мен­шік­теп алуы­на, мем­ле­кет қазы­на­сы­на қалаған­да­рын­ша қол салуы­на жағ­дай туғы­зды. Жасаған ұрлы­қта­ры, қыл­мыста­ры үшін жаза­ға тар­тқы­з­бай­тын заң­дар­ды ойлап тап­ты. Оның өзі сай­ла­у­лар­да халы­қтың дауы­сын ұрлап пре­зи­дент бол­ды, сон­дай жол­мен пар­ла­мен­тін жасақта­ды. Қабыл­да­на­тын заң­дар­ды жеке басы­ның шексіз билік құруы­на, орас­ан зор бай­лы­ққа кене­луіне мүм­кін­дік беретін бағыт­та жасат­ты. Елі­мізді билеп-төсте­ушілер жер­дің асты-үстін­де­гі баға­лы қаз­ба бай­лы­қты ашкөздік­пен сат­ты. Елдің ішін кедей­шілік, тақыр кедей­шілік жай­ла­ды. (БҰҰ-ның стан­дарт­та­ры бой­ын­ша күн­көрістің кедей­шілік шегі бір күн­ге – 5 дол­лар, Бүкіләлем­дік банк­тің бел­гіле­уі – $1,9. Қаза­қстан­ның көр­сет­кі­ші – күніне $1,8).

2009 жылы жел­тоқ­сан­да Н.Назарбаев теле­ди­дар­дан Қытай рапс, соя өсіру­ге 1 мил­ли­он гек­тар жер­ді жалға сұра­ды деді. Бұл сөз ашу-ыза туғы­зды. Бел­гілі сая­сат­кер­лер, қоғам қай­рат­кер­лері, зия­лы қауым мен жастар оған қар­сы­лық біл­дір­ді. Кей­ін аны­қталға­нын­дай, қазақ бас­шы­сы өтірік айтып­ты. Пре­мьер-министр К.Мәсімов еке­уі Қытай­ға барған сапа­рын­да 1 мил­ли­он гек­тар жер­ді жалға беру­ге ұсы­ны­сты өздері жасап­ты. Осын­дай масқа­ра­дан кей­ін өрке­ни­ет­ті елдер­де мұн­дай бас­шы­ны қуып жібе­реді. Ота­ны­на опа­сыздық жасаған­дарға кешірім жаса­май­ды. Ал біз­де сая­си бел­сен­ділік­тің төмен­ді­гі­нен жап­пай қар­сы­лық таны­ту болмады.

2015 жылғы 2 қара­ша­дағы Жер кодексіне өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы заң­нан шыққан шатақ билік­ті қат­ты састыр­ды. Аты­ра­удан баста­лып, Алма­ты­да, Аста­на­да, Семей­де, Қызы­лор­да­да, басқа да қала­лар­да жалғасқан мың­даған адам қаты­сқан митин­гілер­де «Жер ешкім­ге сатыл­ма­сын, шетел­дік­тер­ге жалға беріл­месін!» деген талап қой­ыл­ды. Халық қаһа­ры­нан сес­кен­ген Назар­ба­ев 2016 жылғы 6 мамыр­да «Жер заң­на­ма­сы­ның кей­бір нор­ма­ла­рын қол­да­нуға мора­то­рий енгі­зу тура­лы» жар­лық шыға­руға мәж­бүр бол­ды. 30 мау­сым­да 2015 жылғы дау­лы заң­ның қол­да­ны­сқа енгізілуін бес жыл мерзім­ге тоқта­та тұра­тын басқа заң қабыл­да­ды. Құры­лған қоғам­дық комис­си­я­сы билік­тің ықпа­лы­нан шықпады.

Қасым-Жомарт Тоқа­ев мыр­за­ның құрған қоғам­дық комис­си­я­сы, қазір­гі пар­ла­мен­ті жер­ді қалай­да сату­дың, шетел­дік­тер­ге жалға берудің қитұрқы тәсілін ойла­сты­рып әлек. Халық тала­бын толық орын­да­уға құлы­қ­сыз. Өйт­кені мың­даған гек­тар жер­ді мәң­гі­ге иеленіп, бар бай­лы­қтың ата­сын қолы­на түсір­гісі келетін­дер – лоб­би­стер – бүгін­гі билік­те­гілер және солар­дың айналасындағылар.

Олжа­лы клан­дар – назар­ба­ев­тар, құлы­ба­ев­тар, есі­мо­втер, шүке­ев­тер, тере­шен­ко­лар, кула­гин­дер, нығ­ма­тул­лин­дер, ахме­то­втер, мамин­дер сияқты қазан­ның құлағын ұстаған­дар мен солар­дың төңіре­гін­де­гі мүд­делілер жер­ге мен­шік­ті орна­ту қажет­ті­гін былай­ша әспеттейді:

– жер­ді жеке мен­шік­ке алған адам жер­ге жау­ап­кер­шілік­пен қарай­ды, оны іске қосып, пай­да табу­ды мақ­сат ете­ді, күтіп ұстай­ды, тоздырмайды;

– жер­ді банк­ке кепіл­дік­ке қой­ып, несие алуға болады;

– инве­сти­ция тар­туға сенім­ділік туғызады;

– жер­ді нарық айна­лы­мы­на кір­гі­зу арқы­лы ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер­лер­ді орын­ды және тиім­ді пай­да­ла­ну­дың мүм­кін­ді­гі артады;

– шару­а­шы­лық жүр­гі­зудің бар­лық нысан­да­рын тең құқы­қ­пен дамы­ту үшін жағ­дай жасалады;

– жер сату­дан түс­кен қара­жат Ұлт­тық қор­ды толы­қты­руға жұмсалады;

– жер­дің сапа­сы азай­ды, құнар­сызда­нып бара­ды, соған тосқа­уыл қой­ы­ла­ды, т.б.

Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер­лер­ді жеке мен­шік­ке беру арқы­лы мұн­дай мәсе­ле­лер­ді жүзе­ге асы­ра­мыз деу – халы­қты алдау. Бұған мынан­дай қар­сы дәлел­дер бар:

– жер­ді жеке­ге шыға­рып алған­дар­дың бәрі бір­дей оны егін салып, бау-бақ­ша өсіріп жатқан жоқ. Әкім­дер­дің, жер басқар­ма­ла­рын­дағы басты­қтар­дың, тіп­ті про­ку­рор­лар мен сот­тар­дың әйел­дері мен бала­ла­ры­ның, жек­жат­та­ры­ның, т.б. аты­на жазы­лған, жеке­ге өткен жер­лер­дің көбі игеріл­мей босқа жатыр. Есесіне нағыз мал­шы, диқан жер жоқты­ғы­нан жұмыс­сыз жүн­жіп жүр;

– қала­лар төңіре­гін­де­гі баға­сы татыр­лық жер­лер бол­ма­са, шалғай­дағы шару­а­лар­дың жерін кепіл­дік­ке қой­ғы­зып, несие беретін банк жоқ!

– инве­стор, әсіре­се шетел­дік­тер өнім өндіру­шінің жері жеке мен­ші­гі ме, жалға пай­да­ланға­ны ма, оған қара­май­ды. Олар жер­дің құнар­лы­лы­ғы­на, күті­міне, сапа­лы, таза өнім беру мүм­кін­ді­гіне, дихан­ның, мал­шы­ның келісім­шар­тты орын­дау қабілетіне, тех­ни­ка­лық жағ­дай­ы­на назар ауда­ра­ды. Баста­пқы келісіл­ген баға­ның, валю­та баға­мы­ның тұрақты­лы­ғы­на көңіл бөледі. Көлік, логи­сти­ка, сақтан­ды­ру жүй­есіне зерт­теу жасай­ды, т.б.;

– жер­ді тіке­лей сауда ныса­ны­на айнал­дыр­май-ақ, оның қан­дай салаға қолай­лы екен­ді­гіне қарап орны­мен, тиім­ді пай­да­ла­нуға болады;

– жеке мен­шік жер­дің қожа­сы мен жал­да­у­шы­ның ара­сын­да ешқан­дай тең құқы­қтық болмайды;

– Ұлт­тық қор­ды жер сату­мен толы­қты­руға дәме­лен­ген­ше, қорға жиналған қара­жат­тың дұрыс сақта­луы мен ұқып­ты жұм­са­луын, жемқор­лар­дың жем­ті­гі етпе­уін қадағаласын!

– жер­дің пай­да­ла­ны­луын, құнар­лы болуын мем­ле­кет­тік орган­дар­дың қадаға­ла­уы, жәр­дем­де­суі дұрыс жолға қой­ыл­ма­са, мен­шік иесіне сену­ге бол­май­ды. Адам фак­то­ры әрқилы.

Жерді жеке мен­шік­ке беруді халық сұраған жоқ. Ондай баста­ма көтер­ме­ген. Жер­ді жекенің иелі­гі жасау – өндіріс және кен орын­да­рын жеке­ше­лен­діріп, арза­нға алып, шалқып жүр­ген билік­те­гі шене­унік­тер­дің мақ­са­ты. Олар халық іші­нен шыққан пысы­қтар­ды жұм­сап, сыбаға ұста­тып, әлдеқан­дай тұлға сияқты көтер­ме­леп, сөз­дерін сөйлетеді.

Той­ым­сыз, бәрін де мен­шік­теп, бәрінің қожа­сы болу­ды көк­се­ген Н.Назарбаевтың тобы­ры қаси­ет­ті жері­мізді саудаға салу бағы­ты­нан қайт­пай­ты­нын аңғарт­ты. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі С.Омаровтың «Өзінің биз­несін тиім­ді дамы­тқы­сы келетін қаза­қстан­ды­қтарға ұзақ марзім­ге жалға алу­мен қатар ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін жеке мен­шік­ке сатып алуға рұқ­сат беру мүм­кін­ді­гі болуы керек» дегені соны біл­діреді. Қысқа­сы, «ауыл шару­а­шы­лы­ғы жеріне толы­ққан­ды жеке мен­шік және оны сатып алу, сату бой­ын­ша еркін нарық пай­да болуы үшін», «жалға алу­ды да, сату­ды да сақтап қалу қажет». Демек, қоғам­ның «Жер ешкім­ге сатыл­ма­сын!» деген тала­бы­на құлақ аспайды.

Мұн­дай «еркін нарық» кім үшін керек? Әрине, ірі көлем­ді жер иеле­ну­шілер, билік­те­гі, айна­ла­сын­дағы шон­жар­лар, келім­сек­тер­ді жары­лқа­у­шы­лар үшін. Көп көлем­де жер­ге иелік жасап алған­дар­дың тізім­ді жари­я­лат­тыр­май оты­рған­да­ры­на қарап, оның ұрлық екенін түсі­не­міз. Жер­ді ақша табу­дың көзі ретін­де қарай­тын алпа­уыт­тар үшін жер­ді кім­нің сатып ала­тын­ды­ғы маңы­зды емес. Олар «тау­а­рын», яғни жер­ді ақшаға айнал­дыр­са – болға­ны. Мәсе­лен, қаза­қстан­дық жер иеле­ну­ші «жеке мен­шік құқы­ғын» пай­да­ла­нып, Ресей, Қытай бан­кілеріне кепіл­дік­ке жерін бер­се, борыш­кер болған жағ­дай­да жер­ден айы­ры­ла­ды. Ол жер­лер банк­ке өте­ді. Халы­қа­ра­лық сотқа жүгін­се де, шетел­дік қар­жы­гер­лер­дің жер­ді қай­тар­мауға хақы­сы бар. Ал жер­ді кепіл­дік­ке қой­ып, ақша алған мен­шік иесінің түгі де кет­пей­ді. Өйт­кені ол неси­елік қара­жат­ты қал­та­сы­на салып, мақ­са­ты­на жет­ті. Оған енді жер қажет бол­май­ды. Мұн­дай жер сату­дың қитұрқы тәсілі – «еркін нарық» деген­нің жемісі.

Қысқа­сы, жер азық-түлік өндірудің негіз­гі көзі болу­дан гөрі, оңай пай­даға кене­лудің құра­лы болып шыға­ды. Жер­ді сату тура­лы заң сол үшін де керек. Шетел­дік­тер­дің алдын­дағы борыш­кер­лік­тен құты­лу үшін де керек. Ома­ров – сол тап­сы­ры­сты орын­да­у­шы. Оның артын­дағы­лар­дың ұстанған сая­са­ты – сатқын­дар­дың сая­са­ты. Бұл – мем­ле­кет­ке, халы­ққа қастандық!

Біздің айта­ры­мыз: Жер­ді жеке мен­шік­ке беру­ге бол­май­ды! Қазақ Жері назар­ба­ев – тоқа­ев – әшім­ба­ев – нығ­ма­тул­лин – мамин – ома­ров тәріз­дес акци­о­нер­лер ком­па­ни­я­сы жасап шығарған дүние емес. Ол Жара­ту­шы­ның туындысы. Ешбір адам, қан­дай құдірет­ті бол­са да, жер­ді жасаған жоқ!

Жер­лерін жеке мен­шік­ке бер­ген елдер­ге қарап, елік­те­удің зардаб­ын тар­та­мыз. Жері мем­ле­кет мен­ші­гін­де сақталған Қытай, Изра­иль, Жапо­ния, Индия кім­нен кем? Жер­ге мем­ле­кет­тік мен­шік құқы­ғын қалай­тын Кана­да, Австрия азық-түлік­ті Қаза­қстан секіл­ді өзге­лер­ден сұрамайды.

Халық сай­ла­маған пре­зи­дент, халық сай­ла­маған пар­ла­мент халы­қтың мүд­десіне, елдің бүгіні мен ертеңіне қыз­мет жаса­май­ды. «Жер ешкім­ге сатыл­ма­сын, шетел­дік­тер­ге жалға беріл­месін!» деген талап­ты бес жыл­да орын­да­маған, жер­ді жеке мен­шік­ке беру­ден бас тарт­паған билік­ке сен­бей­міз. Сон­ды­қтан да ЖЕР тағ­ды­рын халы­қтың өзі басқа­ша шешуі қажет.

Біз қоғам­дағы көп­те­ген сала­у­ат­ты, жана­шыр, пат­ри­от аза­мат­тар­дың пікір­лері­мен үндесетін өз ұсы­ны­сы­мы­зды ортаға сал­дық. Біздің тала­бы­мыз:

  • Пар­ла­мент­те­гі Жер тура­лы заң­ды қарау тоқта­тыл­сын. Оған пре­зи­дент Тоқа­ев қол қой­ма­сын. Жер­ге жеке мен­шік­тік­ке жол бер­мей­тін жаңа заң жасал­сын. Жыл­дың соңы­на дей­ін мем­ле­кет­тің, тәу­ел­сіздік­тің, халы­қтың тағ­ды­ры­на тіке­лей қаты­сы бар Жер тура­лы заң­дар тұта­сы­мен жаңар­тыл­сын және бір заңға топ­та­сты­ры­лып, халық қол­даған соң ғана қабылдансын.
  • «Жер учас­ке­лері жеке мен­шік­те де болуы мүм­кін» деген аса қауіп­ті қағи­да Кон­сти­ту­ци­ядан, Жер кодексі­нен мүл­де алы­нып тастал­сын! Жаңа­дан «Жер­ді пай­да­ла­ну, күту тура­лы» заң жоба­сы жасал­сын және қоғам­ның талқы­ла­у­ы­на берілсін!

Жаңа­дан жаса­ла­тын заңға төмен­де­гі­дей ұсы­ны­стар айтамыз.

Жер­ді пай­да­ла­ну­дың ныса­на­лы мақсаттары:

  • ауыл шару­а­шы­лы­ғы саласында;
  • қаз­ба бай­лы­қты игеруде;
  • жай, құры­лыс салуда;
  • өндіріс сала­сын­да.

 Жер­ді пай­да­ла­ну мерзімі:

  • тұрақты және уақыт­ша; тұрақты – тұрғын үйлер­ге, ғима­рат­тарға, әле­умет­тік нысан­дарға; уақыт­ша – 1 жыл­дан 49 жылға дейін.

 Жер­ге жеке мен­шік құқы­ғы мынан­дай себеп­тер­ден бол­мауы керек:

  • Ол Жаратқан­ның адам­дарға тір­шілік ету­ге, өмір сүру­ге тар­тқан сыйы;
  • жер­ге мен­шік­тің болуы – оның саты­ла­тын­ды­ғын көр­се­те­ді; мен­шік иесі оны кім­ге сат­са да, көп ақша төле­ген шетел­дік­ке бер­се де өз еркі;
  • жер­ді сату – халы­қтың әле­умет­тік араз­ды­ғын тудырды;
  • шетел­дік­тер­дің ием­де­нуіне мүм­кін­дік береді; ол түбін­де сепа­ра­тиз­мнің шығуы­на, рес­пуб­ли­ка аумағы­ның тұта­сты­ғын бұзуға ұрын­ды­руы мүмкін;
  • кей­ін­гі ұрпақтың игілі­гіне жер қал­май­ды; жер тау­ар ретін­де баға­ланған соң, оның баға­сы сұра­ны­сқа қарай өсе береді; адам­дар­дың оны сатып алуға қауқа­ры жет­пе­се, өзіне бас­па­на тұрғы­зу неме­се бау-бақ­ша өсі­ру, мал ұстау мүм­кін­ді­гі­нен айырылады;
  • жер­дің саты­луы­на бай­ла­ны­сты қала­лар­дағы тұрғын үйлер­дің баға­сы күрт өсті; халы­қты пәтер­мен, бас­пан­амен қам­та­ма­сыз ету қиын­да­ды; соның сал­да­ры­нан жастар­дың үйлен­бе­уі, ажы­рас­у­дың көр­сет­кі­ші көбейді;
  • сырт­тағы қан­даста­ры­мыз елге кел­ген­де, ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­сын­да кәсіп етуіне мүм­кін­дік болмайды;
  • жер­дің қожай­ын­да­ры жер­сіз, жал­да­нып жұмыс істей­тін­дер­дің еңбе­гін қана­уды бастай­ды; әле­умет­тік теңсіздік, жер тап­шы­лы­ғы қақты­ғы­стар­дың, нара­зы­лы­қтар­дың, көтерілістер­дің шығуы­на түрт­кі болады.

Осын­дай жаңа заң бой­ын­ша жер қаты­на­ста­рын рет­теу төн­ген қатер­ді кел­мес­ке кетіреді. Бұрын саты­лған 1,2 млн гек­тар жер­ді мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­тар­ту керек. Заң­ды түр­де алған, тиім­ді, дұрыс жұмыс істе­ген бұры­нғы мен­шік иесі сол жер­ді одан әрі пай­да­ланғы­сы кел­се, өзін­де қал­ды­ра­ды. Сатып алу баға­сы бой­ын­ша төлен­ген ақша­сы қай­та­ры­ла­ды. Жер­ді жалға алған­дар­дың бәрі мем­ле­кет­тік орган­дар­мен қай­та­дан жер телім­дерін пай­да­ла­ну тура­лы келісім­шар­тқа оты­ра­ды. Заң­сыз, артық алған жер­лер­ді басқа пай­да­ла­ну­шы­ларға береді. Қала­лар маңын­дағы жеке мен­шік­те­гі жер­лер мем­ле­кет­ке өткен соң, тұрғын үй салу үшін жер кезе­гін­де тұрған­дарға 10 соты­қтан жер тегін беріледі.

Сан рет түзетіл­ген, қосым­ша­лар енгізіл­ген, кезін­де шикі дай­ын­далған Жер­ге қаты­сты заң­дар мен Кодекстің қателік­терін қай­та­ла­май, олар­дың орны­на Жер­ді пай­да­ла­ну және күту тура­лы жаңа заң жасау қажет деп есептейміз.

Алып-сатар билік­тің – леги­тим­ді емес пре­зи­дент­тің, пар­ла­мент­тің, қауқар­сыз үкі­мет­тің, жемқор жүй­енің ақы­ры тая­нып келеді. Жер­ге қаты­сты заң олар­дың тағ­ды­рын шешетін ең басты себеп­ке айна­ла­ды. Екінің бірі – не халы­қтың қалаған заңы қабыл­да­на­ды, не қаза­қстан­ды­қтар­ды қажы­тқан отба­сы­ның, оли­гарх­тар­дың, солар­дың айна­ла­сын­дағы­лар­дың күні тезірек батады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн