Четверг , 3 июля 2025

Қазақстандық вакцина ЕГУГЕ ЖАРАЙ МА?

«Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Спут­ник V» вак­ци­на­сы­ның екін­ші ком­по­нен­тін алды. Екпе сал­ды­рған­нан кей­ін пре­зи­дент­тің ден­са­улы­ғын­да ешқан­дай кінәрат бай­қалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәй­кес қыз­метін қызу атқа­рып жатыр», – деп жаз­ды сей­сен­бі күні Уәли Facebook парақшасында.

  • Виру­со­ло­гия және моле­ку­ла­лық био­ло­гия жөні­нен PhD Әсел Мұса­бе­ко­ва «Азатты­ққа» бер­ген сұх­ба­тын­да «Сынақтың соңғы кезеңі­нен өтпе­ген, үш мың ерік­тінің ара­сын­да ғана сыналған қаза­қстан­дық QazCovid-in вак­ци­на­сын халы­ққа жап­пай салу қауіп­ті емес пе?» деген сұраққа жау­ап берді.

Қаза­қстан­дық QazCovid-in вак­ци­на­сын сына­удың үшін­ші кезеңі 2021 жылғы 9 шіл­де­де аяқтал­мақ. Бірақ екпе­ні үшін­ші кезең аяқтал­май жатып пай­да­ла­най­ын деп отыр. Бұл қауіп­ті емес пе?

– Біз­ге зерт­теу нәти­же­лерінің жари­я­ла­нуын күту керек. QazCovid-in вак­ци­на­сы тура­лы көбірек ақпа­рат алғы­мыз келеді. Тым бол­ма­са кли­ни­ка­лық сынақтың бірін­ші және екін­ші кезеңінің нәти­же­лері жари­я­ла­нуы тиіс. QazCovid-in екпе­сін әзір­ле­ушілер Forbes Kazakhstan басы­лы­мы­на бер­ген сұх­ба­тын­да мақа­ла жазуға уақы­ты жоғын айтқан. Бірақ ашы­ғын айт­сақ, бұл олар­ды ақтай алмай­ды. QazCovid-in вак­ци­на­сын ол тура­лы жет­кілік­ті дерек жари­я­ланға­нын көр­ген кез­де ғана қолдаймын.

Оның үстіне QazCovid-in екпе­сін сына­удың үшін­ші кезеңіне небәрі үш мың адам ғана қаты­сқа­нын ұмыт­пау керек. Pfizer, Moderna неме­се «Спут­ник V» екпе­лерін сына­удан өткі­зудің үшін­ші кезеңіне 30 мың­нан астам адам қатысқан.

Сынаққа қаты­сқан адам­дар саны көп болған сай­ын, вак­ци­на­ның қауіп­сізді­гі де арта түседі. Біз­ге не себеп­ті көп адам керек? Өйт­кені сирек кез­де­сетін кері әсер­лер ондаған мың адам қаты­сқан кли­ни­ка­лық сынақтар кезін­де ғана көрі­неді. Вак­ци­на нары­ққа шыққан кез­де зерт­те­удің төр­тін­ші кезеңі баста­ла­ды. Жүз мың не мил­ли­он ада­мға шаққан­да бір кез­де­сетін жағ­дай­лар бола­ды. Мұның бәрі сол төр­тін­ші кезең­де аны­қта­ла­ды. Сон­ды­қтан кли­ни­ка­лық сынаққа қаты­сқан ерік­тілер саны аз болған сай­ын, вак­ци­на­ның ықти­мал қатері тура­лы ақпа­рат та аз болады.

Біз­ге сынақтың бірін­ші, екін­ші, үшін­ші кезеңінің нәти­же­лерін көр­сет­пе­се, вак­ци­на тір­кел­ген­нен кей­ін­гі төр­тін­ші кезеңді бақы­лау про­цесіне қалай сене­міз? Бірін­ші кезеңнің өзін­де зерт­теу нәти­же­лері тура­лы деректер бол­ма­са, вак­ци­на салы­нған­нан кей­ін мони­то­ринг жүр­гізілетіні күмән­ді. Ал бұл вак­ци­наға сенім ұяла­ту­да аса маңызды.

Оның үстіне Covid екпе­сі тура­лы ақпа­рат­ты халы­ққа дұрыс жет­кіз­беу бала­ларға ұлт­тық күн­тіз­бе­де­гі екпе­лер­ді салу ісіне де кері әсер ете­ді. Осы­ның сал­да­ры­нан қызы­л­ша секіл­ді ауру­дан қорғай­тын сенім­ді вак­ци­на­лар­дың өзі­нен де бас тар­тып жата­ды. Сол себеп­ті екпе әзір­ле­ушілер­ді деректер­ді ашық жари­я­ла­у­ға тағы да шақырамын.

Ресей де «Спут­ник V» вак­ци­на­сын салу­ды сынақтың үшін­ші кезеңін аяқта­май бастап кет­ті. Осы үшін халы­қа­ра­лық сынға да ұшы­ра­ды. Бірақ ақпан­да Lancet жур­на­лы­на жари­я­ланған мақа­ла­да вак­ци­на­ның әсері 91,6 пай­ыз екені айты­лған соң, жағ­дай бір­ша­ма өзгер­ді. Мұн­дай мақа­ла­лар несі­мен маңызды?

– Бұл мақа­ла­лар­дың беретіні – ашық деректер. Олар қоғам игілі­гіне айна­ла­ды. Мақа­ла шық­па­са, бұл – екпе автор­ла­ры ол деректі жария еткісі кел­мей­ді деген сөз. Осы­дан сенім­сіздік туады.

Lancet – дәй­ексөз­ге алы­ну индексі 60-тан аса­тын халы­қа­ра­лық жур­нал. Бұл, әрине, сенім ұяла­та­ды. Бірақ оған көз жұмып, сене салуға және болмайды.

«Спут­ник V» тура­лы бел­гілі. Бұдан бөлек Ресей­дің «Эпи­В­ак­Ко­ро­на» дей­тін тағы бір вак­ци­на­сы бар. Жақын­да ресей­лік «Инфек­ция және имму­ни­тет» жур­на­лын­да осы вак­ци­на тура­лы мақа­ла шықты. Бұл жур­нал­дың дәй­ексөз­ге алы­ну индексі – 0,67. Екпе­ні әзір­ле­ген ғалым­дар­дың деректер­ді осын­дай жур­нал­да жари­я­ла­у­ға асы­ққа­нын көр­ген­де, бұл ақпа­ратқа сену­ге бол­май­ды деп ұға­мыз. Мұн­дай мақа­ла­ның болға­ны­нан бол­маға­ны жақсы.

АҚШ, Изра­иль, Еуро­па елдері жап­пай вак­ци­на­ла­уды Pfizer, Moderna, AstraZeneca екпе­лері сынақтың үшін­ші кезеңі­нен өткен­нен кей­ін баста­ды. Олар үшін­ші кезеңнің аяқта­луын неге күт­ті? Бұл ақтал­ды ма?

– Өйт­кені олай істе­ме­се, заң­сыз болар еді. Негізі кли­ни­ка­лық сынақтың үшін­ші кезеңі аяқталған­нан кей­ін де вак­ци­на­ны қол­да­ны­сқа енгі­зу үшін бір­ша­ма уақыт күту керек. Бұған кемін­де 6 ай уақыт кете­ді. Бірақ бұл мерзім­ді бәрі бір­дей сақтаған жоқ, өйт­кені пан­де­мия кезін­де ғалым­дар кей шара­ны қысқар­тып, зерт­те­удің бірін­ші және екін­ші кезеңін бірік­тіріп, үшін­ші кезеңнің алдын ала нәти­же­сін вак­ци­на­лау аяқталған­нан кей­ін екі ай ішін­де жари­я­ла­у­ға бола­ды деген шешім­ге келді.

АҚШ-тың азық-түлік өнім­дері мен дәрі-дәр­мек сапа­сын бақы­лау жөнін­де­гі басқар­ма­сы (FDA) төр­тін­ші кезең­ге жіті бақы­лау жүр­гізіл­сін деген шар­тпен Pfizer вак­ци­на­сын қол­да­нуға рұқ­сат бер­ді. Біз­де вак­ци­на тір­кел­ген­нен кей­ін­гі кезең тура­лы көп айтыл­май­ды. Есеп жүр­гі­зу де дұрыс жүреді деп ойламаймын.

Еуро­па да халы­ққа жап­пай вак­ци­на салуға асы­қты, бірақ олар бел­гі­лен­ген мерзім­дер­ді сақта­уға тыры­сты. Еуро­одақта вак­ци­на­ның мерзі­мін сақта­уға мін­дет­тей­тін заң бар. Кли­ни­ка­лық сынақтың бірін­ші және екін­ші кезеңін­де вак­ци­на­ның қауіп­сізді­гі тек­серіледі. Екін­ші кезең аяқталған кез­де вак­ци­на­ның қауіп­сіз екені бел­гілі бола­ды, бірақ сирек кез­де­сетін кері әсер тура­лы ештеңе біл­мей­міз. Сон­ды­қтан вак­ци­на­ла­у­ға қаты­сты күмән туғы­з­бай, халы­қ­пен дұрыс жұмыс істеп, екпе­нің қауіп­сізді­гі мен әсері мұқи­ят тек­серілетінін түсін­ді­ру үшін, бел­гі­лен­ген мерзім­ді сақтау керек.

Қаза­қстан­ның ден­са­улық сақтау мини­стрі Алек­сей Цой елде коро­на­ви­ру­стың бри­тан­дық, оңтүстік-афри­ка­лық, бра­зи­ли­я­лық штам­да­ры­на ұқсай­тын мута­ци­я­сы болуы мүм­кін деп хабар­ла­ды. Бұл жаңа штам­дар­дың келуі­мен неме­се пай­да болуы­мен бай­ла­ны­сты ма? Әлде адам­дар­дың сани­тар­лық ере­же­лер­ді дұрыс сақта­мауы­нан бол­ды ма? Мүм­кін, қазір­гі жағ­дай­ға бір­не­ше фак­тор әсер еткен шығар?

– Мұн­да бір­не­ше фак­тор бар. Бірін­ші және ең маңы­зды фак­тор – пан­де­ми­ядан жалы­ғу. Пан­де­мия басталға­лы бір жыл өтті, біз сани­тар­лық талап­тар­ды бұры­нғы­дай қатаң ұстан­бай­тын бол­дық. Екін­ші себебі – мере­ке­лер кезін­де мей­рам­ха­на­лар жұмыс істеп тұр­ды, вирус осы­лай тараған болуы мүм­кін. Үшін­ші себебі – жаңа штам­дар. Бірақ ауру­дың өршуіне жаңа штам­дар әсер еткен деп нақты айту үшін, эпи­де­ми­я­лық деректер­ді қарап, виру­стың ген­дік құры­лы­мын (аминқы­шқыл­дар мен нук­лео­ти­дтер­дің рет­тілі­гін аны­қтау) зерт­теу керек…

Әлем­де коро­на­ви­руспен 135 мил­ли­он­нан астам адам тір­кел­ді. Коро­на­ви­ру­сты қай­та жұқты­рған­дар­дың дере­гі жүр­гізі­ле ме?

– Covid қай­та жұғуы мүм­кін және бұл – коро­на­ви­рус тобы­на жата­тын виру­стар­дың басты ерекшелі­гі. Екін­ші­ден, дәл осы коро­на­ви­рус өзгеріс­ке ұшы­рап, анти­де­не­лер­ден «қашу­ды» үйрен­ді. Бұл несі­мен қауіп­ті? Вак­ци­на мұн­дай виру­стар­дан қорғай алмауы мүмкін.

Оның үстіне науқастарға коро­на­ви­руспен ауы­рып жазы­лған адам­дар­дың плаз­ма­сын құю арқы­лы емдеп жата­ды. Коро­на­ви­ру­стың жаңа нұсқа­сы дәл осы емдеу әдісінің сал­да­ры­нан пай­да болған деген болжам бар. Яғни, аталған әдіс кезін­де біз вирусқа бөтен ағза­дан алы­нған анти­де­не­лер­мен қысым көр­сетіп, селек­ци­я­лық қар­сы­лық көр­се­те­міз. Мұн­дай­да виру­стар анти­де­не­ден қашу­ды үйреніп алады…

Емдеу әдісі ретін­де ауру­дан жазы­лған адам­ның плаз­ма­сын пай­да­лан­сақ, ем алған науқа­стың ағза­сын­да виру­стың анти­де­не­лер әсер етпей­тін жаңа түрі пай­да бола­ды. Сон­ды­қтан қазір коро­на­ви­руспен қай­та ауы­рған адам­дар саны өсіп келе жатқа­нын айтып отыр­мыз. Осы­лай жалға­сып, соңын­да коро­на­ви­рус тұмау туғы­за­тын виру­стар сияқты адам­ның ағза­сы үйрен­ген вирусқа айна­лып кетеді…

Адам коро­на­ви­ру­стық инфек­ци­я­мен қай­та ауыр­са неме­се вак­ци­на алған­нан кей­ін жаңа штам­ның бірін жұқтыр­са, оның иммун­дық жады сырқат­тың ауыр фор­маға өтуіне жол бер­мей­ді. Ұғы­ны­қты тіл­мен айт­сақ, вак­ци­на­лау вирус жұғу­дан сақтай алма­са да, ауру­дың ауыр сал­да­ры мен өлім­нен қорғай­ды. Басты­сы – осы.

Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гінің «шынайы сце­на­риіне» сәй­кес, сәуір-шіл­де айла­рын­да 250 мың ада­мға коро­на­ви­рус жұғуы мүм­кін. Бұл бір жыл­да ресми тір­кел­ген науқастар саны­мен бір­дей. Бұл болжам тура­лы не айтуға бола­ды? Билік осы арқы­лы пан­де­ми­я­ның жаңа толқы­ны әлдеқай­да күшті бола­ты­нын мой­ын­дап отыр ма? Әлде көп сынға қалған­нан кей­ін үкі­мет шынайы ста­ти­сти­ка жүр­гі­зе баста­ды ма?

– Мен эпи­де­мио­лог емес­пін, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық модель­дер жасай алмай­мын. Бірақ түсін­генім бой­ын­ша, қазір пан­де­ми­я­ның жаңа толқы­ны­на қаты­сты модель­дер­дің бәрі коро­на­ви­ру­стың жаңа нұсқа­ла­ры­мен байланысты.

Ста­ти­сти­каға кел­сек, деректер­дің әлдеқай­да ашық жари­я­ланға­нын мен де қалай­мын. Әлі күн­ге ста­ти­сти­ка­ны қалай жүр­гі­зетіні бел­гісіз. ПТР тест нәти­же­сі теріс шыққан науқастар ста­ти­сти­каға кіре ме, оны да біл­мей­міз. Сон­ды­қтан бұл эпи­де­ми­яға қарап, есеп жүр­гі­зу жүй­есін­де қан­дай олқы­лы­қтар барын түсі­ну үшін, қате­мен жұмыс істе­уі­міз керек. Мүм­кін, мұн­да ста­ти­сти­ка­ны жасы­ру неме­се асы­рып көр­се­ту сияқты жаман пиғыл жоқ та шығар. Мүм­кін, шыны­мен жүй­е­де көп науқас есеп­ке кір­мей қалған болар. Кінәліні іздеп, ешкім­ді айып­та­ма­стан, эпи­де­мио­лог­тар­ды жинап, ста­ти­сти­ка­ны қалай дұрыс жүр­гі­зу кере­гін ойланған жөн.

Бұл толқын­ның сал­да­ры был­тыр жаз­да көр­гені­міз­ден әлдеқай­да ауқым­ды болуы мүм­кін бе?

Үкі­мет­тің науқастар саны көп бола­ды деген эпи­де­ми­я­лық моделі дұрыс бол­са, әрине, солай. Эпи­де­мия сал­да­ры­ның бір жана­ма көр­сет­кі­шін біле­міз. Бұл жер­де был­тыр шіл­де­де болған шек­тен тыс өлім көр­сет­кі­шін мең­зеп отыр­мын. Тәу­ел­сіз деректер­ге сүй­ен­сек, 28 мыңға жуық адам көз жұмған. Биыл әлдеқай­да көп ада­мға вирус жұқ­са, өте қиын бола­ды. Қазір мем­ле­кет­тің ресур­ста­ры азай­ға­нын көріп отыр­мыз. Бірін­ші кезек­те – меди­ци­на­лық қыз­мет­кер­лер­дің ресур­сы. Әлі күн­ге оларға уәде етіл­ген төлем­дер­ді беру­ге қаты­сты мәсе­ле­лер бар. Дәрі­гер­лер­ге жақ­сы қара­са, эпи­де­ми­я­ны еңсе­ру­ге болады.

Был­тыр жіберіл­ген қателік­тер­ді мой­ын­дау керек. Ол қателік­тер­ді мой­ын­да­май, пан­де­ми­я­ның жаңа толқы­ны­на дай­ын бол­май­мыз. Өйт­кені біз­де өрес­кел қателік­тер бол­ды. Ауру бел­гісі жоқ науқастар­ды ауру­ха­наға жатқы­зу да дұрыс болмады.

Елнұр ӘЛІМОВА,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн