Четверг , 3 июля 2025

ТОҚАЕВ МЫРЗА, Ұлттық қорға қол салуды ТОҚТАТЫҢЫЗ!

Бола­шақ ұрпаққа арналған ата­уы бар Ұлт­тық қор бол­маған­да, құры­ған екен­біз! Қаза­қстан­ның арам­та­мақ үкі­меті Ұлт­тық қор­дан ел бюд­жетіне тағы да 1,85 трил­ли­он тең­гені мақ­сат­ты бағыт­тарға бөлу (тра­сферт) жөнін­де ҚР пре­зи­ден­тіне ұсы­ныс жол­да­ды. Жар­лы­қтың жоба­сы Тоқа­ев мыр­за­ның алдын­да жатыр.

Еске сала кетей­ік, 2021 жыл­дың алба-жұл­ба бюд­жетін ілде­бай­лап жамап-жасқау үшін, пре­зи­дент был­ты­рғы қазан айын­да Ұлт­тық қор­дан 1 трил­ли­он тең­ге бөлу­ге жар­лық еткен еді. Мынау 1,85 трлн – сол біре­у­ге қосым­ша, яғни ел эко­но­ми­ка­сын әбден тұра­латқан, өзді­гі­нен тиын табуға қауһа­ры жоқ Асқар Мамин­нің жаты­пі­шер үкі­меті жыл орта­сы­на жет­пей 2,85 трил­ли­он­ның басы­на су құяй­ын деп отыр. Есте бол­сын – 3 трил­ли­онға тақау бұл қар­жы 25 мил­ли­ард дол­лар­дан астам жыл­дық бюд­жет­тің сыр­тын­дағы шығын болмақ.

Бола­шақтың қоры­на қол салу­дан басқаға өресі жет­пей­тін үкі­мет­тің бұл шығы­ны – не шығын? Бел­гілі тәу­ел­сіз ана­ли­тик-қар­жы­гер Айман Тұр­сы­нқан­нан осы мәсе­лені бұтар­лап беруді сұраған едік. Оның ашуға толы қысқа қай­ы­рған жау­а­бы былай болды:

«Бұның бұтар­лай­тын несі бар? Дағ­да­ры­ста дал­ба­са­лаған реги­он­дар 2020 жылы «ЖКХ» мен оның инфрақұры­лы­мы үшін орас­ан зор қарыз алды, ол ақша әлдеқа­шан талан-тара­жға түсті, ал салы­қтың түсі­мі тіп­тен құл­ды­рап кет­ті. Бюд­жет тыр­жа­лаңаш қал­ды. Міне, сон­ды­қтан үкі­мет сол қары­зды қай­та­ру үшін, Ұлт­тық қор­дың қалған-құтқан қар­жы­сын тақыл-тұқыл қыр­нап жатыр. Фини­та ля комедия!».

Бірақ түп­теп кел­ген­де, бұл түк те коме­дия емес екен. Айман бикенің осы орай­да «Фейс­бук­та» жазған пікіріне назар ауда­ра­лық (қаз-қал­пын­да):

«Упа­док и раз­ру­ха – резуль­тат без­от­вет­ствен­но­сти всех и вся. Без­от­вет­ствен­ность неиз­беж­на при без­на­ка­зан­но­сти и беззаконии.

Без­за­ко­ние – порож­де­ние кру­го­вой пору­ки воров­ско­го обща­ка, систе­мы на осно­ве кор­руп­ции. Кор­руп­ция – анта­го­нист конкуренции.

Кон­ку­рен­ция – един­ствен­ный меха­низм само­ре­гу­ли­ро­ва­ния рын­ка. Рыноч­ная эко­но­ми­ка обре­че­на на пла­но­вую кор­руп­цию. Круг замкнул­ся. Так было в 90‑х. Так про­ис­хо­дит сего­дня. Змея, гло­та­ю­щая свой хвост. Вырож­де­ние неиз­беж­но. Дефолт уже случился.

К чему это? Ерму­рат Бапи сего­дня попро­сил про­ком­мен­ти­ро­вать двой­ное уве­ли­че­ние целе­во­го транс­фе­ра с Нац­фон­да в рес­пуб­ли­кан­ский бюд­жет. Посмот­ре­ла – сплош­ной Нур­лы то, Нур­лы сё. В смыс­ле доро­ги, ЖКХ, сети. Аж на 1,8 трлн. По мне­нию Rassul Rysmambetov, оче­ред­ной тогызкумалак.

Совет с любо­вью – ищи­те /деньги/ в офф­шо­рах, авось най­де­те. Стра­ну спа­сёт лишь ради­каль­ная пере­ме­на, а не мара­фет».

Міне, Ұлт­тық қорға қол салу­дың қисық қисы­ны – осы. Ел бола­шағы­ның алдын­дағы қыл­мысты қисын! Ол Қор­да қалған қар­жы бүгін­де бір жыл­дық бюд­жет­ті жабуға жет­пей­ді. Құдай сақ­та­сын, егер пан­де­мия тағы да был­ты­рғы­дай «періп» кетер бол­са, ел жыр­тық кало­шқа тақыр-таза отырады.

Бәл­кім, елдің дағ­да­рыс қорас­ы­на қамалған бүгін­гі жағ­дай­ын­да Ұлт­тық қор­дан басқа құтқа­ру құра­лы қал­маған болар, бұл да бір амал­сыздың шара­сы шығар деп, үдірей­ген үкі­мет­тің бей-бере­кет әре­кетін түсін­гің-ақ келеді. Бірақ Қорға қол салу хаба­ры тараған 3 мамыр күні Қаз­ТАГ тағы бір ақпа­рат­ты тарс еткізді:

«Елде­гі тәр­тіп пен қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету үшін, үкі­мет Ұлт­тық қор­дан 19,7 мил­ли­ард тең­ге алу жөнін­де­гі пре­зи­дент­тік жар­лы­қтың жоба­сын ұсын­ды (жол­ма-жол): «Выде­лить целе­вой транс­ферт из Наци­о­наль­но­го фон­да Рес­пуб­ли­ки Казах­стан в рес­пуб­ли­кан­ский бюд­жет на 2021 год (…), в том чис­ле на: 9) охра­ну обще­ствен­но­го поряд­ка и обес­пе­че­ние обще­ствен­ной без­опас­но­сти – 19 млрд 738 млн 187 тыс. тен­ге… Пра­ви­тель­ство уже под­пи­са­ло поста­нов­ле­ние о вне­се­нии про­ек­та ука­за на рас­смот­ре­ние гла­ве госу­дар­ства», – деп жазы­лған екен пре­зи­дент Тоқа­ев­тың қол қоюы­на ұсы­ны­лған жар­лы­қтың жобасында.

Мұн­дағы «қоғам­дық тәр­тіп пен қоғам­дық қауіп­сіздік» – не деген сөз? Бұл – елде­гі нара­зы­лық митин­гілері мен про­те­стік қозға­лы­старға қар­сы қам жасау деген сөз! Күні өткен озбыр билік­тің ғұмы­рын соза түсу әре­кетін бола­шақ ұрпаққа арналған Ұлт­тық қор­дың есебі­нен қам­та­ма­сыз ету деген – осы! Яғни, халы­қтың қар­жы­сы арқы­лы сол халы­қтың өзін езіп-жан­шу­дың аяу­сыз ама­лы – осы болға­ны деп түсі­ну­ден басқа түй­сік таппайсың!

Ал енді осын­дай озбыр­лы­ққа қар­сы халы­қтық қай­ла қылу­дың жалғыз ама­лы – бей­біт митин­гілер­дің жағ­дайы анау: Алма­ты­да жина­ла­тын жұрт­тың саны «пан­де­ми­я­лық похо­ронға» келетін қай­ғы­лы қауым­ның мөл­шеріне жет­пей­ді. Кекілік­тің шашы­раған тезе­гін­дей теге­урін­мен бұл бұралқы билік­ті өзгер­ту мүм­кін бе?

Біз осы қашан ғана оянар екенбіз?

Ермұрат БАПИ Қажет бол­са, фото­ны қой.

 

А н о н с т а р:

Нур­та­за КАДИРНИЯЗОВ.

Куда нас ведет ЭКОНОМИКА ДОЛГОВОЙ  ЛОВУШКИ?

Стр. 12

РОССИЯ ПРИЗНАЛА ПОДВИГ РАХИМЖАНА?

Стр. 11

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн