Четверг , 3 июля 2025

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІ

Жазу­шы-пуб­ли­цист

Марат Бәй­діл­даұ­лы (Тоқаш­ба­ев):

     Жақын­да әйгілі фран­цуз ойшы­лы Жан-Жак Рус­со­ның шығар­ма­шы­лы­ғы­нан оның ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на қаты­сты ғажап сөзіне тап болға­ным бар. «Мем­ле­кет­ті біре­уден тәу­ел­сіз етіп ұстай­тын бір­ден бір құрал – бұл ауыл шару­а­шы­лы­ғы. Күл­лі әлем­нің бай­лы­ғы қолы­ңы­зға ілік­се де ішетін тамағы­ңыз бол­ма­са – Сіз басқа­ларға тәу­ел­дісіз. Сауда бай­лы­ққа бастай­ды, ауыл шару­а­шы­лы­ғы азатты­ққа  жете­лей­ді» дей­ді ол. Мә‑ә, шыным­ды айт­сам, таң-тама­ша қал­дым. Сұм­дық! Қан­дай дәл айтылған! 

    Содан тәу­ел­сізді­гі­міздің дең­гейі қан­ша­лы­қты екен деп ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­сы­на көз жүгірт­кенім бар. Сөйт­сем, ауыл шару­а­шы­лық сек­то­ры эко­но­ми­ка­мы­здың  негізі болып табы­ла­тын­ды­ғы­на қара­ма­стан Қаза­қстан­ның ЖІӨ оның үлесі неба­ры 4,2 пай­ы­зды ғана құрай­ды екен. 1990 жылы бұл көр­сет­кіш 9 пай­ы­зға жуық болып­ты. Яғни билік қан­ша­ма мақтан­са да стра­те­ги­я­лық сала­да кері кетіппіз. 

    Ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да 1 мил­ли­он 227 мың адам жұмыс істей­ді. Бұл бар­лық жұмыс істей­тін адам­дар­дың 14 пай­ы­зы. Ауыл­дық жер­лер­де бүгін­де халы­қтың 42 пай­ы­зы өмір сүреді. Егістік көле­мі 21 млн га. Ал еңбек өнім­ділі­гі мүл­де төмен. Себебі, тех­ни­ка­лық жарақта­нуы арт­та қалған. Тиім­ді агро­тех­ни­ка­лық тех­но­ло­гия жоқтың қасы. Қаза­қстан­да 1 га жер­ге бір трак­тор­дан (кей ауыл­дар­да 100 гек­тарға бір трак­тор) кел­се,  АҚШ-та бір гек­тар жер­ге 27 трак­тор, Үндістан­да 16, Бра­зи­ли­яда 11 трак­тор­дан келеді. Қаза­қстан­да қазір­гі бір трак­тор­дың орта­ша жасы 17 жыл. Әбден көнер­ген, бөл­шек­тері скот­ч­пен, сым­те­мір­мен ілда­ланған. Жай­лаған кор­руп­ция сал­да­ры­нан суб­си­дия жай диқан­дар­дың қолы­на жете бермейді. 

    Еңбек өнім­ділі­гі АҚШ-та әр фер­мер­ге шаққан­да  жылы­на 90–100 мың дол­лар бол­са,  Қаза­қстан­да ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да жұмыс істей­тін әр адам­ның еңбек өнім­ділі­гі жылы­на 5 мың дол­лар көле­мін­де ғана. Кедей­шілік төр­кіні сон­да жатыр. 

    Азық-түлік қауіп­сізді­гі тура­лы қан­ша­ма рет айты­лға­ны­мен баяғы жар­тас бір жар­тас. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның кен­же­ле­уі басқа сала­лар­дың дамуы­на кедер­гі кел­тіріп отыр. Сала­да еңбек өнім­ділі­гі ғана емес мем­ле­кет­тік қол­дау тетік­терінің тиім­ділі­гі өте төмен. Сон­дай-ақ өндіріл­ген өнім­ді өткі­зу мен сақтау жүй­есі дамы­м­ай қалып­ты. Депу­тат­тар­дың  кел­тір­ген деректеріне қараған­да Қаза­қстанға қажет­ті азық-түлік­тің 80 пай­ы­зы бүгін­де сырт­тан тасы­ла­ды. Сон­да Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гінің дең­гейі азық-түлік қауіп­сізді­гі­мен өлше­ген­де неба­ры 20 пай­ыз ғана екен! Міне, біздің билік­тің «жетісті­гі!»  

    Осы жер­де әйгілі Авра­ам Лин­кольн­нің «Халы­қтың бір бөлі­гін үне­мі ақы­мақ ету­ге бола­ды, бүкіл халы­қты да аз уақыт ақы­мақ қылар­сың, ал бүкіл халы­қты үне­мі ақы­мақ қылу мүм­кін емес!» деген сөзі еске түседі.

Республиканский еженедельник онлайн