Пятница , 4 июля 2025

Адамгершіліктің ЖАҚСЫЛЫҒЫ

  • Көзі тірі болған­да, бүгін – 6 мамыр күні Олим­пи­а­да­ның алға­шқы қазақ чем­пи­о­ны, Қаза­қстан­ның Еңбек Ері Жақ­сы­лық Үшкем­піров 70 жасқа толар еді.

2002 жылы бұры­нғы Семей зоо­тех­ни­ка­лық-мал­дәрі­гер­лік инсти­ту­ты­ның құры­лға­ны­на 50 жыл тола­тын бол­ды. Алай­да бұл оқу оры­ны 1995 жыл­дың қара­ша айын­да ҚР Үкі­метінің қаулы­сы­мен жабы­лып, жаңа­дан құры­лған «Семей» мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің құра­мы­на факуль­тет дәре­же­сін­де кір­ген еді. Деген­мен жаңа уни­вер­си­тет бас­шы­лы­ғы, кезін­де Қаза­қстан­ның сол­түстік-шығыс аймағы­на мал шару­а­шы­лы­ғы маман­да­рын дай­ын­даған қара шаңы­рақтың жар­ты ғасыр­лық той­ын атап өтетін­ді­гін есті­ген­біз. Осы­дан соң айту­лы оқиғаға орай инсти­тут­тың даңқты түле­гі Жақ­сы­лық Үшкем­піров тура­лы мақа­ла дай­ын­дай­ын деген ой кел­ген еді.

Көп ұзатпай ойла­сты­рған мақа­ла­ны жазып, «Семей таңы» газетіне жібер­дім. Ол мақа­лам «Олим­пи­а­да чем­пи­о­ны қанат­танған ұя» деген тақы­рып­пен 2002 жыл­дың мамыр айын­да жарық көр­ді. Онда мен Жақ­сы­лық күрес кіле­міне алғаш қадам жасап, талай жыл­дар жат­ты­ққан Семей­де­гі зоове­т­ин­сти­тут­тың спорт­за­лы тура­лы жазып, оған бір естелік тақтай­ша бел­гі қой­ыл­са деген мәсе­ле көтер­ген едім.

Сол жылы күз­де – 18–19 қыр­күй­ек күн­дері Семей зоо­тех­ни­ка­лық-мал­дәрі­гер­лік инсти­ту­ты­ның 50 жыл­ды­ғы ата­лып өтті. Оның алдын­да Алма­ты­ға барған бір сапа­рым­да инсти­тут­тың мерей­тойы бола­ты­нын Жақ­сы­лы­ққа ескер­тіп, мүм­кін­дік бол­са, алтын ұямы­здың мерей­той­ы­на келін сұраған едім. Ол бұл хабар­ды қуа­ны­шпен қабыл­дап, мерей­той­ға арналған сал­та­нат­ты шараға Алма­ты қала­сын­да тұра­тын инсти­тут­тың бұры­нғы рек­то­ры Уәл­хан Әбділ­ма­нов пен кафед­ра мең­ге­ру­шісі Марат Кине­ев­ті ертіп кетелінін айтты.

Мен күт­кен­де­гі­дей, біз үшін айту­лы той­ға Жақ­сы­лық та жет­кен екен. Қасын­да жұбайы және тағы бір кісілер­мен келіп­ті. Бірақ «ертіп келем» деген У.Әбділманов пен М.Кинеев бол­ма­ды. Оның себебін кей­ін­нен білдім…

Шама­сы, менің «Семей таңы» газетіне шыққан мақа­лам­нан кей­ін уни­вер­си­тет жос­пар­лаған­дай, спорт­за­лы­ның кіре­беріс қабы­рға­сы­на «Осы зал­да 1970–1974 жыл­да­ры қаза­қтың тұңғыш Олим­пи­а­да чем­пи­о­ны Жақ­сы­лық Үшкем­піров жат­ты­қты» деген мра­мор­дан ескерт­кіш тақта­ның ашы­лу сал­та­на­ты болды.

Содан, той ара­сын­да ретін тауып, Жақ­сы­лы­қтан уәде еткен адам­да­ры­ның неге кел­ме­генін сұра­дым. Жақаң біраз ойла­нып тұрып: «Инсти­ту­ты­мы­здың 50 жыл­ды­ғы болған соң, бұры­нғы рек­то­рым мен диплом­дық жұмысым­ның жетек­шісін, өз қара­жа­ты­ма алып барай­ын деп ойлағам. Той­ға шақы­ру кел­ген соң, еке­уіне де теле­фон соғып, жағ­дай­ды айт­сам, Уәл­хан Әбділ­манұ­лы да Марат Айдарұ­лы да «біз­ге шақы­ру кел­ген жоқ, сон­ды­қтан бара алмай­мыз, ал саған рах­мет­тен басқа айта­ры­мыз жоқ деп, мені шыға­рып сал­ды» деді.

Әрине өкіні­шті жағ­дай бол­ды, жаңа уни­ве­си­тет­тің бас­шы­лы­ғы бұл мәсе­лені қапер қыл­маған сияқты. Оның үстіне, бұры­нғы рек­тор Уәл­хан Әбділ­ма­нов пен инсти­тут арда­гері Марат Кине­ев Жақ­сы­лы­қтың тағ­ды­рын­да өзін­дік орын ала­тын, шара­па­ты тиген адам­дар еді. Уәл­хан Әбділ­манұ­лы зоове­т­ин­сти­тут­та 16 жыл­дай рек­тор (1967−1982) болған-ды.

Бірде Жақ­сы­лы­ққа бай­ла­ны­сты әңгі­ме туын­даған­да, Уәл­хан аға­ның ашы­лып айтқан әңгі­месі бар еді.

«Иә, Жақ­сы­лық біз­де оқы­ды ғой. Оған бай­ла­ны­сты бір қызық жағ­дай бол­ды. 1970 жыл­дар­дың басы болар. Рек­тор болған соң, күн­делік­ті газет­тер­ден зоове­т­ин­сти­тут­тың сту­ден­ті Үшкем­піров деген балу­ан анау жары­стан, мынау тур­нир­ден алтын медаль неме­се жүл­делі орын алып кел­ді деген хабар­ды жиі оқи­тын едім. Оның үстіне, Жақ­сы­лы­қты әртүр­лі жары­старға жібе­ру тура­лы бұй­ры­қтарға қол қой­ып жата­ты­ным тағы бар.

Содан бір күні дене шыны­қты­ру кафед­рас­ы­ның мең­ге­ру­шісіне «біздің атағы­мы­зды шыға­рып жүр­ген бұл өзі қан­дай сту­дент екенін көрей­ін, маған келіп, жолы­ғып кет­сін» деген­мін. Бір күні каби­нетім­де отыр едім, есік­ті имене қағып, бойы ала­са­лау бір жас жігіт кір­ді. Бір­түр­лі ұяң мінез­бен есік­тің көз алдын­да тұрған жігітке:

«Қан­дай жұмыспен кел­дің?» дедім.

«Сіз шақы­рған соң келіп едім…» дейді.

«Сен кім­сің?».

«Мен Жақ­сы­лық Үшкем­піров деген сту­дент едім» деп жымияды.

«Оу, мен сені Қажы­мұқан секіл­ді таудай балу­ан деп жүр­сем!..» деген сөз аузым­нан шығып кетіп­ті. Қай сал­мақта күре­сетіне бұрын мән бер­ме­ген­мін ғой. Содан үстел­ге таяу оты­рғы­зып, біраз әңгі­ме­ле­стім. Жары­стар­да қол жет­кен жетістік­тері тура­лы айт­ты. Мақтан­шақты­ғы, кеудем­соқты­ғы жоқ екені бір­ден бай­қал­ды. Қара­пай­ым аза­мат екен. Жағ­дай­ын сұра­дым. Про­бле­ма бол­са, маған келіп айт дедім. Кей­ін оның дека­ны Қыдыр­ни­я­зо­вқа тап­сы­рып, көз қыры­ң­да ұста дегенім бар» деп, Уәл­хан аға Жақ­сы­лы­ққа бай­ла­ны­сты өткен­ді есіне алды.

Одан әрі Уәл­хан Әбділ­манұ­лы Мәс­кеу олим­пи­а­да­сы тура­лы бір әңгі­менің ұшы­ғын шығар­ды. Жақ­сы­лық зоове­т­ин­сти­тут­ты 1974 жылы бітіріп кет­кені бел­гілі. Ал 1980 жылғы Олим­пи­а­да ойын­да­ры­на қаты­сқан­да, ол Алма­ты қала­сы­ның спорт­шы­сы болып есеп­те­летін және бап­кер­лері сана­тын­да атақты жат­ты­қты­ру­шы В.Псарев пен В.Угренинов жүретін. Бірақ сол кез­де­гі КСРО спор­ты­ның бас­шы­ла­ры Жақ­сы­лық Үшкем­піро­втің балу­ан ретін­де Семей жері­нен өсіп-өрбі­генін ұмытпапты.

«1980 жылы әдет­те­гі­дей жұмысқа кел­ген қағаз­дар­ды қарап оты­рған едім, – дей­ді Уәл­хан Әбділ­манұ­лы. – Бір көле­мі үлкен­деу, қомақты кон­верт көзі­ме түсті. Мәс­ке­уден екен. Сол кез­де­гі Одақтың аста­на­сы ғой. Одан хат-хабар біз­ге жиі келетін. Өйт­кені, біздің инсти­тут­ты тіке­лей Мәс­кеу қар­жы­лан­ды­ра­тын, соған есеп беретін­біз, яғни Одақтық Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гіне қарай­тын­быз. Бірақ, мына кон­верт­ті жібе­ру­шінің тұсын­да «Ұлт­тық Олим­пи­а­да­лық коми­тет» деген жазу­ды оқы­дым. Бұрың-соңғы тәжіри­бем­де бұл меке­ме тура­лы аздап есті­ген­мен, ешқан­дай бай­ла­ны­сы­мыз жоқ бола­тын. Олар­дың біз­де қан­дай шаруа­сы бол­ды екен деп, кон­верт­ті ашып едім, іші­нен бір­не­ше қағаз шықты. Соның біре­уін­де «Семей зоо­тех­ни­ка­лық-мал­дәрі­гер­лік инсти­ту­ты­ның 1974 жылғы түле­гі Жақ­сы­лық Үшкем­піро­втің Мәс­кеу Олим­пи­а­да­сын­да клас­си­ка­лық күре­стен елі­міздің намысын қорға­уы­на орай, Сізді, инсти­тут рек­то­рын, құр­мет­ті қонақ ретін­де шақы­ра­мыз» деп­ті. Ойла­маған жер­ден осын­дай шақы­ру алға­ны­ма, әрине, қуан­дым! Жақ­сы­лық секіл­ді түле­гі­міз үшін шат­тан­дым! Қалай риза бол­май­сың?! Соны­мен бір­ге кон­верт­тің ішін­де Мәс­ке­у­ге қай ара­лы­қта келуім керекті­гі, қан­дай қонақ үйге орна­ла­суы­ма бола­ты­ны­на дей­ін жазып­ты. Бүкіл шығын­ды «Ұлт­тық Олим­пи­а­да­лық коми­тет» көте­реді деп­ті. Бұдан кей­ін ойла­нып қал­дым. Өмірім­де Олим­пи­а­да­лық ойын­дарға бар­мап­пын, тек теле­ди­дар­дан көр­генім бол­ма­са. Құр көре­рмен болып барып, тама­ша­лап қана қай­тқан­нан гөрі, Жақ­сы­лы­қтың бап­кері болған Ром Иль­ма­то­вты (қыста ол кісі 85 жасқа тол­ды – Ө.С.) шақыр­дым. Содан ұзын сөздің қысқа­сы, шақыр­ту­ды Иль­ма­то­втың қолы­на ұста­тып: «Міне­ки, менің орны­ма Мәс­ке­у­ге бара­сың, Жақ­сы­лы­қтың қасын­да бол. Ақыл-кеңесіңді айтып, жанын­да жүр» деп, шақыр­ту қағаз­ды қолы­на тап­сыр­дым», деген-ді Уәл­хан марқұм (2005 жылы қай­тыс болды).

Жақсы­лы­қ­пен бір­ге инсти­тут­тың юби­лей­іне келе алмаған Марат Айдарұ­лы Кине­ев көп жыл­дар зоове­т­ин­сти­ту­та жемісті қыз­мет атқарған, мал­дар­ды азы­қтан­ды­ру кафед­рас­ы­ның мең­ге­ру­шісі, ғылым кан­ди­да­ты, доцент бола­тын. Білім­ділі­гі­мен қатар, эстет, мәде­ни­ет­ті адам еді. Жүріс-тұры­сы, киім-киісі келіс­кен, мұн­та­здай таза ұқып­ты­лы­ғы­мен бір­ден көз­ге түсетін. Міне сол Марат Айдарұ­лы 1973 жылы Жақ­сы­лық көбі­не­се жау­ап­ты жары­старға қаты­суға бай­ла­ны­сты, қолы боса­май­тын­ды­қтан, бір жылға ака­де­ми­я­лық дема­лыс алған кез­де, оны қамқор­лы­ғы­на алып, кафед­ра­да зерт­те­улер жүр­гі­зуіне мүм­кін­дік туды­рып, диплом­дық жұмысы­ның жетек­шісі болып, келесі жылы қорға­тып шығарған бола­тын. Бүгін­де Марат Айдарұ­лы Алма­ты­да тұра­ды. Ғылым док­то­ры, академик.

Міне, өзіне шара­па­ты тиген осы екі адам­ның еңбе­гін Жақ­сы­лық қалай ұмыт­сын?! Cемей­де өтетін мерей­той­ға өзім алып келе­мін деп жүр­гені сон­ды­қтан да болар…

Тоқ­сан сөздің тобы­қтай түй­іні, жоға­ры­да айты­лған­дар­ды қоры­та келе, өзім куә болған осы оқиға­ны қағазға түсір­ген­де­гі басты мақ­са­тым – бүгін­де бақи­лық болған даңқты балу­а­ны­мыз Жақ­сы­лық Үшкем­піро­втің асыл қаси­етін еске алу еді. Оның ары таза, сөзіне берік, адам­гер­шілік қаси­ет­ті жоға­ры ұстаған аза­мат болға­нын айту­ды парыз санадым.

Өмір­зақ Сұлтанов,

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі.

  • Сурет­те: Зове­т­ин­сти­тут­тың түлек­тері – Қаза­қстан­ның Еңбек Ері Жақ­сы­лық Үшкем­піров пен ғалым Өмір­зақ Сұлтанов.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн