Пятница , 4 июля 2025

МЕН НЕГЕ Жанболатқа ЖАҚТАСАМ?

  • Неме­се бір әріп­тес­ке жауап

Аман­сыз ба, құр­мет­ті Үсеке!

Әрине, егер мен жастау бол­сам, өмір­лік тәжіри­бем аз бол­са, мүм­кін, мен де сіздің сөзіңізді мақұл­дап, Жан­бо­лат Мамай­ға қар­сы шығар ма едім?.. Бірақ, сіздің өкіні­шіңіз­ге орай, менің жасым пай­ғам­бар­дың жасы­нан асты. Мен қоғам­дағы сая­си жағ­дай­лар­ды салы­сты­рып, ата­лық сөз айта­тын кез­ге келдім.

Өмір­де әртүр­лі жағ­дай­лар бола­ды. Оның ішін­де сатқын­дық та кез­де­седі. Оның түр-түрін көр­дім. Назар­ба­ев пре­зи­дент болған­да, өлер­дей қуанға­ным өтірік емес. Сай­ла­уда Қоса­нов таласқа шыққан­да да жан­та­ла­сып, қол­дау біл­дір­ген­ді абзал көр­дім. Бірақ еке­уі де елді өкініш­ке қал­дыр­ды. Тіп­ті ертең Мамай таққа шығып алып, «сатып кет­се», мүм­кін, ол да ықти­мал болар, онда да алда­на­тын шығармын…

Бірақ біздің басты пары­зы­мыз – ел басқа­руға келетін жаңа билік­ті халы­қтың ырқы­нан тыс әре­кет­тер жасай алмай­тын­дай амал-заң­дар қабыл­да­уы­мыз қажет және халы­қтың көңілі­нен шық­пай жат­са, көп созбай, орны­нан алып тастай­тын­дай меха­низм-заң шыға­руы­мыз керек! Кор­руп­ци­я­мен күрес­ке арнап өте қатаң заң шығар­ма­сақ, әре­кеті­міздің бәрі зая кете­ді! Ол жағы­нан үлгіні Қытай­дан алуы­мыз керек. Әрбір жемқор­ды халы­қтың алдын­да атып таста­уы­мыз керек! Шығы­нын отба­сы­ла­ры­нан ұстап қалуы­мыз қажет! Қазір­гі билік­те­гі жемқор­лар сол – бола­шақ тағ­ды­рға даяр­ла­на бер­ген­дері дұрыс бола­ды… Жаңа­дан билік­ке келіп жатқан адам­дарға маңы­зды үлгі жасай­мыз: ұрла­май­тын­дай, сат­пай­тын­дай, тона­май­тын­дай, арам­дық жасамайтындай!

Оры­стар айт­пақ­шы, «чужая душа – потём­ки». Бірақ Әбі­ля­зо­втың жанын­да Жан­бо­лат әлдеқай­да таза, былған­баған жас азамат.

Сіз шын жүре­гіңіз­бен пікіріңізді жет­кізіп оты­рған­ды­қтан, мен сіз­ге ащы айт­пай, мүм­кін­ді­гін­ше, ақыл-ойым, тілім жет­кен­ше түсін­ді­ре кетуді жөн көріп отыр­мын. Сіздің сөзіңіз­ден миға қона­тын, іліп алар­лық бір­де-бір аргу­мент тап­па­дым, өкініш­ке орай… Сон­ды­қтан сіз менің Мамай­ға қаты­сты ұста­мым­ды өзгер­те алма­ды­ңыз. «Мен қаза­қтың ұлт­тық-пат­ри­от­тық сезім­де­гі күресін қол­дай­мын» деген Жан­бо­лат­тың сөзін бірін­ші рет есті­ген­нен бері, көп­шілік­тің алдын­да ашық айтып жүр­мін: мен бұл жас бала­ның Қазақ демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сын құрам деген әре­кетін екі қолым­мен қол­дай­мын деп. Осы күн­ге дей­ін шамам жет­кен­ше оның Ота­ны­мыз үшін жан­та­ла­сып, күресіп жүр­ген әре­кет­теріне жастар­дан қалы­спай, жәр­дем беру­ге тыры­сып жүрмін.

Әрине, ол жетек­шілік ететін пар­ти­ядан біздің «Қазақ Ұлт­тық пат­ри­от­та­ры» қозға­лы­сы­ның бағ­дар­ла­ма­сын­да біраз ерекшелік, айыр­ма­шы­лық бар, бірақ жал­пы­ла­ма, фун­да­мен­тал­дық түр­де көзқа­рас­та­ры­мыз, ұста­мы­м­ыз өте ұқсас және бір-біріне жақын!

Жалпы, өз ұста­мым, бел­сен­ділер тура­лы қөзқа­ра­сым­ды айтар бол­сам, әрине, бес бар­мақ бір­дей емес. Біз­де­гі қалып­тасқан жағ­дай бой­ын­ша қашан да сая­сат­шы­лар ара­сын­дағы бір-бірі­мен талас кей­де ырду-дыр­дуға апа­ра­ды. Бірақ маған біре­уі ұнай­ды, екін­шісі ұна­май­ды деп, мен ешқа­шан күресіп жүр­ген аза­мат­тар­ды бөл­ген емес­пін және бөл­мей­мін. Мен шын ниетім­мен кей­бір бел­сен­ділер­ге біл­генім­ді дыбыст­ап айт­сам, орта­мы­зда қап­тап жүр­ген Ресей­дің, Қытай­дың, біздің сатқын билік­тің агент­тері қол­ма-қол пай­да­ла­нып, ара­мы­зға от салып, аран­да­туға апарғы­сы келеді.

Бел­сен­ділер­дің ішін­де көбі­не­се кезін­де ұрлық жасап, шетел­дер­ге қашып кет­кен қал­та­лы­лар­ды сынай­мын. Қалай болған­да да, олар қазір­гі билік­ке қар­сы қозға­лы­сқа үлес қосып жүр.

Кей­біре­улер мені сөгеді: «Неге Жан­бо­лат­ты жақтай­сыз?» деп. Енді біре­улер: «Неге Серік­жан Білә­шті қол­дай­сыз?» дей­ді. Бұл менің тек Мамай­ды қол­даға­ным емес, ол басқа­рып оты­рған мың­даған қол­да­у­шы­ла­ры бар пар­ти­я­сын қол­дай­мын! Қуда­ла­удан қоры­қ­пай, билік­пен ашық май­данға шығып жүр­ген Жан­бо­лат­ты және ылғи қайт­пай күресіп жүр­ген маңай­ын­дағы жас батыр аза­мат­тар­ды жақтаймын!

Ал Серік­жан тура­лы өтірік айт­пай­ын, жасы­ра­ты­ны жоқ, аза­мат есебін­де мен оны жақтыр­май­мын. Оған біраз себеп­тер бар, бірақ мен оның сыр­ты­нан сөз қозғағым кел­мей­ді. Ол шама­сы кел­генін­ше билік­пен күресіп жүр­ген аза­мат. Әсіре­се АҚШ-қа барға­лы, күре­стің өте қолай­лы тәсілін тауып, біздің билік­ті ашық сына­уға кірісті. Қаза­қстан­дағы ұлты­мы­зға, Ота­ны­мы­зға қар­сы жаса­лып оты­рған әре­кет­тер­ді АҚШ-тың және халы­қа­ра­лық адам құқы­қта­рын қорғай­тын инстан­ци­я­ларға, әлем­дік БАҚ-қа жет­кі­зе біл­ді. Бұл батыр­лық, аза­мат­тық іс-қимыл емей, немене? Оны мен неге қол­да­май­мын?! Әрбір бел­сен­ді аза­ма­ты­мы­здың халқы­мыз бен елі­міз үшін істеп жатқан амал-әре­кет­терін мін­дет­ті түр­де қолдаймын!

Маған «пәлем­бай­дың мінезі анан­дай екен, түген­бай­дың қылы­ғы мына­дай екен» деген өсек-аяң ешқан­дай әсер етпей­ді! Жама­ны бол­са да, өз қаза­ғым! Маған жақ­сы­ны кім береді?! Мен олар­мен елім­нің бостан­ды­ғы үшін, еге­мен­ді­гі үшін, шынайы тәу­ел­сізді­гі үшін аяғы­на дей­ін күресемін!

Құр­мет­пен, Нұр­лан БҰЛАНБАЕВ, «Қазақ Ұлт­тық пат­ри­от­та­ры» қозға­лы­сы­ның жетекшісі

МОЛЛА мен МОЛА

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ

Егер қаза­қтың мүд­десіне қай­шы кел­се, ұлт­тың мұра­ты­на кедер­гі кел­тір­се – ондай дін­ді айып­та­удан қоры­қ­па, мұн­дай шатақ дін­нің сой­ы­лын соғу­шы­лар­ды еш тай­сал­май әшке­ре­ле, сон­да қор бол­май­сың, қазақ ұғлы! Мәсе­лен, есті қаза­қтың бар­лы­ғы жер сатыл­ма­сын деп ұран көтеріп, ұлар­дай шула­су­да. Ал қай мол­да яки муф­ти­ят жер сатуға қар­сы­лық біл­дір­ді? Ешқайсы! 

Кезін­де «ақ пат­шаға бағы­ну – уәжіп» деп сұңқыл­даған, сөй­тіп аз жыл­да қаза­қты отар­шыл оры­стың аяғы­на жығып бер­ген «указ­ной» мол­да­лар­дың тұқы­мы бұл күн­де шәниіп, билік­те отыр, жәй оты­рған жоқ, қаза­қтың несі­бесін кер­тіп жеп, қылғы­та жұтып, қылқы­на асап отыр.

Ал мешіт­тер­ге жай­ға­сып алып, елге улы уағыз айтып, ақ сәл­десі даға­ра­дай болып, тазқа­ра күші­ген­ше сұңқыл­даған сол «указ­ной­лар­дың» тұқым­да­ры мен сарт дінін­де­гі мол­да­лар о дүниенің раха­тын уағы­здап, халы­қты шын мәнін­де молаға қарай сүй­ре­уде. О дүние бұ дүни­е­ден жақ­сы бол­са, кет­пей ме өздері алды­мен аттанып?!

Жоқ, өйт­пей­ді, өйт­кені олар­дың «асқа­ра­лы» арма­ны – жемқор билік­пен бір­ге қаза­қты тес­пей сору, бауы­зда­май өлті­ру. Сон­дағы уағы­зы­ның түрі: «Ей, бей­ша­ра, сор­лы қаза­қтар, бұл дүни­е­де неғұр­лым құл болып, қор­лық көріп, аяу­сыз азап шек­сең­дер, соғұр­лым о дүни­е­де­гі жұмақтың төрін­де бес мың хор қызын қыты­қ­сыз құшып, мәң­гі бақи рахат көресің­дер», – деп сұңқыл­дай­ды мол­да біт­кен. Ал өлім­ді жер­ді жаға­лаған өздерінің май­лы бетінің жыл­тыр­лы­ғы­нан бит тай­ып жығы­ла­ды. Шөп басын сын­дыр­май­тын, белі бүгіліп, еңбек етпей­тін, оның үстіне әлем­ге әлек салушы, қира­ту­шы күш­ке ие семит­тік идео­ло­ги­я­мен уланған мұн­ша мол­ла­ның билік­ке бол­ма­са, біз­ге қажеті қан­ша, ағайын?!

Сон­ды­қтан ҚҰДАЙДЫ мешіт­тен ізде­ме, ҚАЗАҒЫМ, оны анау кеудең­де­гі жұды­ры­қтай жүре­гің­нен ізде. Құдай әр адам­ның жүре­гін­де. Арлы бол­саң ғана хаһты­қтың сәу­лесі ақ жүре­гіңе түс­пек (Абай).

Ал арсыз, сұрқия, жемқор, ала­яқ болып, ара­б­тың жан­сыз мис­си­о­нер­лерінің арам ақша­сы­на салы­нған мешітін­де мың жыл мүл­гіп отыр­саң да, Құдай­дың рахы­мы саған еш түс­пей­ді, Тәңір­дің рах­меті­нен де құр қала­сың, Алла­ның да жұмағы жары­қтың жыл­дам­ды­ғын­дай алыс бол­мақ. Жөй­іт­тен шыққан қап­таған пай­ғам­бар­ларға, ара­б­тан шыққан сан­сыз саха­ба­ларға, Мек­ке­де­гі қара тасқа көз­сіз табы­на берудің өзі – құдайсыздық!

Одан да қаза­ғы­ң­ның тіліне табын, әули­елік те, білім де, ілім де сон­да (Мәшһүр Жүсіп). Өз ару­ағы­ңа сиын! Төл өнерің мен салт-дәстүріңе құр­мет қыл! Өйт­кені Құдай – әр халы­қтың бол­мысы мен дүни­е­та­ны­мын­да. Зама­нын­да қаза­қтың да өз Құдайы болған. Сол күн­де қаза­қтың алмаған жауы, бұз­баған қама­лы қал­маған еді. Бір шеті Үнді мен Атлант, бір шеті Тынық мұхи­ты­на тұл­па­ры­ның тұяғын жуды­рған еді ер Ала­штың бала­сы! Ол заман­да күл­лі дүние көшпе­лілер­дің уысын­да, ашса – алақа­нын­да, жұм­са – жұды­ры­ғын­да еді. Бірақ кей­ін Шыңғыс хан­ның азған ұрпақта­ры қаза­қтың Құдай­ын ара­б­тар­дың алты­ны­на сатып жібер­ді. Сөй­тіп, Құдай­сыз қалған қаза­ққа ит те, құс та қожа болып шыға кел­ді. Қорғай­тын Құдайы жоқ, асқақта­тар ару­ағы жоқ қаза­қтың өмірі содан бері құл­дық пен қор­лы­қта өтіп келеді. Бұл енді қан­ша заманға созыл­мақ? Егер ес жиып, қай­рат қыл­ма­сақ, ақыр­дың күніне дей­ін құл­ды­қтан көз ашпақ емеспіз. 

Қаза­қтан шыққан әсіредін­шіл қауым, егер өз қаза­ғы­ң­ды былай­ша қор тұт­саң, салт-дәстүріңді тәрк етсең, ерлері мен ұлы­ла­ры­ң­ды таны­ма­саң, мой­ын­да­ма­саң – тірі­дей қор болға­ның, онда қаза­қтың жерін басып жүр­мей-ақ қой! Жиыр­ма жыл бойы ернін өтірік жыбыр­ла­тып жүріп, ақы­ры ұрлы­қта­ры әшке­ре болған соң, қаза­қтың аузын бір-ақ ұрып, Түр­ки­яға тік көтері­ле көшіп кет­кен «фанер­щик жұл­ды­здар» сияқты сіз­дер де Сауди­яға неме­се Дубай­ға ауып кетіңіз­дер! Бәрібір сіз­дер енді қазақ бола алмай­сыздар, ғылым тілін­де сіз­дер­ді суб­эт­нос дей­ді. Бұл сөз: не онда жоқ, не мұн­да жоқ, шөре-шөре тірі жан иелері деген мағы­на береді қаза­қтың жал­пақ тілі­мен айтқанда.

Бұл дүни­е­де­гі алаш бала­сы­ның ең басты мұра­ты – қаза­қты­қты сақтау, оның елі мен жерін қорғау болуы керек. Егер бұл ұста­ным бой­ы­мы­зда бол­ма­са – бәрі бекер! Өйт­кені жаһан біт­кен қаза­қты жою үшін жап­пай жабы­ла күре­су­де. Егер жер беті­нен қазақ ұлты жой­ы­лар бол­са, әлем­де тоғы­зын­шы орын ала­тын оның ұланғай­ыр жері мен күл­лі әлем­ді жүз­де­ген жыл асы­ра­уға жететін жер асты, жер үсті бай­лы­ғы семит­тік дін­дер­ді сана­мы­зға тыққы­шта­у­мен әлек болып жүр­ген жөй­іт­тер­ге тегін­нен-тегін олжа бол­мақ. Жер сату науқа­ны­ның ар жағын­да да осы­лар тұр. 

Ал мол­ла­ның улы уағы­зын­да қаза­қты­қты сақта­удың исі де жоқ, тек ақы­рет әңгі­месі мен ұзын­ды­ғы – он табан, көл­де­неңі – бес табан үңірей­ген көр мен мел­ши­ген мола ғана бар…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн