Пятница , 4 июля 2025

Билікте өздерін «қаймақ» санайтын ҚАЗАННЫҢ ҚАСПАҚТАРЫ ОТЫР

Серік АБДРАХМАНОВ:

  • (Соңы. Басы газет­тің 21 мамыр күн­гі санында)

– Кезін­де елде­гі сая­си жағ­дай жөнін­де Назар­ба­евқа, одан кей­ін Тоқа­евқа да хат жазып, мәлім­де­ме жол­да­ды­ңыз. Бұларға қаты­сты тиісті жау­ап алды­ңыз ба?

– Депу­тат болып жүр­ген­де, бас­шы­ларға жазға­ным­ды пар­ла­мент мін­бері­нен де естір­тетін­мін. Жаңғы­ры­ғы БАҚ арқы­лы тарай­тын. Мез­гіл-мез­гілі­мен пре­зи­дент­ке кіріп елдің аху­а­лын бүк­пе­сіз жет­кі­зетін­мін. Қызу талас, бәсе­ке арқы­лы ман­датқа жет­кен соң, біре­удің қабағы­на, әкім­нің нұсқа­уы­на қарау деген­ді біл­мей­тін­біз. Ол кез­де мәжіліс құра­мын­да аз бол­са да, нағыз «халық қала­у­лы­сы» деген атқа сай ірі тұлға­лар бол­ды. Жалғыз Серік­бол­сын аға­мыз-ақ билік­тің зәресін ала­тын. Пре­мьер-министр алды­мы­зда қина­лып, тер­леп-теп­шіп тұра­тын. Міне, осын­дай жағ­дай­да депу­тат­тар­дың хат­та­ры­на жау­ап бер­меу қиын­дау еді. Ылғи да дегені­міз­ге жет­тік деп айта алмай­мын, бірақ нәти­же де бол­ды. Сол кез­де пар­ла­мент билік­тің теже­уші, тепе-теңдік сақта­у­шы тар­мағы­на айна­ла бастады…

Атаған үрдіс атқа­ру жүй­есіне үлкен қауіп төн­діріп, сапын­да ырың-жырың тууы­на себеп бер­ді. «ДВК» атты бір топ Назар­ба­ев­тың өзін қыз­меті­нен шет­тет­пек бол­ды. Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев оппо­зи­ци­я­лық тұрғы­дан мінез көр­сет­ті. Ащы «шын­ды­ғын» айтып Заман­бек Нұрқа­ді­лов шықты. Еке­уі де атыл­ды. Кінәні «мықты­лар­дың» босаға­сын­да жүр­ген Өтемб­а­ев мой­ны­на алды. Рахат Әли­ев ком­про­мат­та­рын шыға­рып, билік­тің бере­кесін кетір­ді. Бұл жан­жал биле­ушілер­дің артын ашып, абы­рой­ла­рын жұр­дай қыл­ды. Талай лау­а­зым­ды шене­унік­тер, гене­рал­дар мен про­ку­рор­лар түр­ме­ге түсті… «Жабық» сот­тар НКВД-нің «үштік­теріне» айнал­ды. Есеп айы­ры­су әлі басы­лған жоқ.

2007 жылы өткен кон­сти­ту­ци­я­лық «рефор­ма» сай­ла­у­лар­ды толық пар­тия тізім­деріне өткізіп, пар­ла­мент­ті «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның қуыр­шақ теат­ры­на айнал­дыр­ды. Бүгін мәс­ли­хат­тар әкім­дер­дің ойын­шы­ғы бол­ды. Бас­шы­ларға келісіл­ме­ген хат жазу да, сұрақ қою да тыйылды.

Қаза­қстан­ды билеп оты­рған ХОЗУ дең­гей­ін­де өткен жабық «рефор­ма­лар» Назар­ба­ев­тың өзін шек­теп таста­ды. «Қой­ма­шы­лар» қатаң цен­зу­ра орнат­ты. Пре­зи­дент өз еркі­мен ешкім­ді қабыл­дай алмай­ды, «керексіз» хат­тар ол кісі­ге жет­пей­тін бол­ды, ал қабыл­дау бөл­месі нары­қтық былы­қтарға батқан бүгін­гі қатар­дағы кеден бекетіне айнал­ды. Бұл ойла­рым дәлел­дер­мен толы­қты­ры­лып, 2007 жыл­дан кей­ін Назар­ба­ев пен Тоқа­евқа жол­даған, бірақ хат­та­рым­ның үзін­ділері оларға жет­пе­ген. Ол жол­да­у­ла­рым­да босаға­сын­да жүр­ген «кеден­шілер­дің» мін­дет­теріне кіретін мем­ле­кет­тік қыз­мет­терін атқа­ру (госус­лу­га) қан­дай тариф­тар­мен орын­дай­тын­да­рын да көр­сет­кен­мін. «Пре­зи­дент­тің қабыл­дау бөл­месін­де құры­лған «шлаг­баум» бар­лық іс-әре­кет­тер­ді ком­мер­ци­я­лық негіз­ге қой­ған…» деп те жазға­ным бар. Айтқан­да­рым­ды дәлел­деп беру­ге даяр екен­ді­гім­ді де айттым…

Бір­де-бір жау­ап алмадым.

2000 жылы «Тұңғыш пре­зи­дент тура­лы» заң қабыл­данған­да: «Назар­ба­ев­тан – Бреж­нев жаса­маң­дар» дегенім бар, сол кез­де-ақ Назар­ба­ев­ты «беріл­ген» көмек­шілері шек­тей бастаған. Осы кез­де-ақ олар Нұре­кеңді үде­мелі түр­де мадақта­у­ла­рын жауды­рып, пре­зи­дент­тік тік­тік­ті (вер­ти­каль) нығай­ту мен мем­ле­кет бас­шы­сы­ның құзіретін шексіз кеңей­ту­ге бағыт­талған «рефор­ма­ла­рын» қызу жүр­гі­зе баста­ды. Бұл науқанға жағым­паз, күн­бағар әде­би­ет­шілер, тарих­шы­лар, ғалым­дар қосыл­ды. «Сүй­іспен­шілік» аста­рын­да не жатты?

Назар­ба­ев­тың айна­ла­сы­ның өткіз­ген «рефор­ма­ла­ры­ның» шынайы мақ­са­ты: билік­тің тар­мақта­рын демо­кра­ти­я­лық бірін-бірі тежеу мен тепе-теңдік прин­циптерін сақтау қабілеті­нен айы­ру еді. Қара­пай­ым сөз­бен айтқан­да, сай­ланған пре­зи­дент­ті ком­пар­ти­я­ның бас хат­шы­сы (ген­сек) дәре­же­сіне түсі­ру бола­тын. Бас хат­шы­ның рөлі өткен шақта идео­ло­ги­я­лық негіз­де бол­са, бүгін­гі пре­зи­дент­тің құзірет­терін нары­қтық, сауда-сат­тық жолға түсі­ру еді. Сұрақ қой­май­тын жасан­ды пар­ла­мент, тағай­ын­далған сот осы­ған керек бол­ды. Қуыр­шақ пар­ти­я­лар да осы «мақұл­бек­тер» сапы­на кірді.

Ал пре­зи­дент аты­на жиналған шексіз құзірет­тер­ді шек­тей­тін мем­ле­кет орган­да­ры­ның атта­ры бар да, затта­ры жоқ. Нұре­кеңе «беріл­ген» лау­а­зым­ды «қой­ма­шы­ларға» кере­гі де осы еді. Олар елба­сы­ның құзірет­терін өздеріне қара­тып алды. Бар­лы­ғы мил­ли­ар­дер. Мұнай, газ, алтын, мыс, хром, жері­міз­де­гі бар­лық қаз­ба бай­лы­қта­ры­мыз осы­лар­дікі. Халық бол­са, солар­дың босаға­сын­да қай­ыр­шы жағдайында.

Жазған­да­рым­ды өзіне ауы­з­ба-ауыз жет­кі­зей­ін деп, 2015 жыл­дан бері Назар­ба­ев­тың қабыл­да­уы­на кіре алмай жүрмін…

– Сізді алда-жал­да қабыл­дай қал­са да, өзін пай­ғам­барға теңеп жүр­ген адам сөзіңіз­ге құлақ түре­рі неғай­был. Сая­си жүй­ені әділ сай­лау арқы­лы өзгер­ту – ол үшін құр­ды­мға кету­мен тең. Деген­мен осын­дай жағ­дай­да елде сая­си рефор­ма жүр­гізу­ге пре­зи­дент Тоқа­ев­тың мүм­кін­ді­гі қан­дай деп ойлайсыз?

– Ондай қада­мға баруға Тоқа­ев­тың құзіреті жет­пей­ді. Назар­ба­ев­тың ескі көмек­шілері Тоқа­ев­тың айтқа­нын жасат­пай­ды. Еке­уінің де босаға­сы­на қағаз тасып жүр­ген­дер керектісін кір­гізіп, керек емесін алып қала­ды. Биліксіздік (без­вла­стье) деген осы!

Мен билік­ке жау емес­пін, «дос жыла­тып айта­ды» деген, Назар­ба­евқа да, Тоқа­евқа да жаман­дық ойла­май­мын. Халқым­ның бүгін­гі жағ­дайы тұрғы­сы­нан пай­ым­дай­мын. Менің ой-пікірім­ді жақтап, артым­да мил­ли­он­дар тұр десем, артық айт­ты демес­сіз. Билік­те­гі біраз аза­матқа ақыл-кеңесім­ді айту үшін тал­пын­дым, «ертең көз­деріңе көк шыбын үйме­лей­ді, халық сеңді қозғай­тын дең­гей­ге жет­ті» деп те ескерт­тім. Кәрім Мәсі­мов те бұрын қабыл­дай­тын, бүгін­де мені төңіре­гіне жуытпайды.

Кезін­де Напо­ле­он Бона­парт­тың биб­лио­граф­та­ры жазған екен: «импе­ра­тор­дың жанын­да «жоқ» деп айта­тын адам қал­маған­нан кей­ін, ол шай­қастар­да ұты­ла баста­ды» деп. Сол сияқты Назар­ба­ев­ты да тек «мақұл» дей­тін жан­дар қор­шап алды. Шын жана­шыр бауыр­ла­ры оған жете алмай­тын көрінеді.

Ескі аппа­рат Тоқа­ев­ты да қор­шап алған.

– Қаза­қстан­ды «ести­тін мем­ле­кет» деп жари­я­лаған еді ғой, бірақ билік­те­гілер­дің құлағы бітеліп қалған сияқты ғой?..

– Бітел­ген құлақты ашу­дың бір-ақ ама­лы – таза сай­лау. Пар­ла­мент­те нағыз халық қала­у­лы­сы отыр­са, айты­лған сөз аты­лған оққа айна­лар еді. Жоға­ры­да дәлел­дерім­ді жет­кілік­ті келтірдім.

Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың «ести­тін билік» керек дегені өте дұрыс. Өкініш­ке орай, Қасе­кең бір шеке­лері май, екін­ші шеке­лері қан болған қулар­дың ойын­да­ры­нан аса алма­ды. Пре­зи­ден­ті­міздің аузы­нан шыққан «ести­тін билік» ұра­нын Қаза­қстан­ның шынайы бишілері – қой­ма­шы­лар кезек­ті науқанға айнал­дыр­ды. Әкім­шілік­те арнайы «ести­тін аппа­рат» (слу­хо­вой аппа­рат) құрып, кезек­ті көп­па­рақты іс-шара­лар құра­с­ты­рған­дай. Басқа­ша айтқан­да, арнайы көмек­шілер пре­зи­дент нені естіп, нені есті­ме­уі керекті қол­да­ры­на алған.

Бір ғана мысал айтай­ын. Өткен жылы Қор­дай­дағы қан­ды оқиғаға қаты­сты Қаз­ТАГ пен тәу­ел­сіз БАҚ ақпан­ның 5‑інен бастап нақты және шынайы ақпа­рат­ты үзбей жари­я­лап тұр­ды. Ал пре­зи­дент­тің бас­пасөз қыз­меті керісін­ше, бұл оқиға­ны «аран­да­ту­шы­лар­дың әре­кеті» деген­ді тарат­ты. Тоқа­ев та солар­дың сөзін қай­та­ла­ды. Епті көмек­шілері «есту аппа­ра­ты» арқы­лы шын­ды­қты өзгер­тіп, жағ­дай­дың жаңғы­ры­ғын ғана құлағы­на жет­кізді. Ақпан­ның 8‑інде үйлер­ді өрт шалып, адам өлі­мі болған кез­де ғана пре­зи­дент Тоқа­евқа шынайы хабар жетті.

Неге көмек­шілері Тоқа­ев­ты алда­ды? 5 ақпан күні тиісті шара­лар қол­данған­да, Қор­дай­дағы жағ­дай бар болға­ны «бұза­қы екі топ ара­сын­дағы дау» болып қалар еді. Қор­дай­дың кон­тра­бан­да мен есірт­кі жолын­да оты­рған гене­рал­дар мен әкім­дер­ге ешкім шүй­лік­пей­тін еді. Пре­зи­дент­ке өтірік ақпа­рат беру арқы­лы 5–7 ақпан күн­дері жос­пар­ланған әре­кет­сіздік орын алды. Шие­леніс ұлта­ра­лық дең­гей­ге көтеріліп, қан мен өрт­ке жалға­суы біре­улер­ге керек бол­ды. Тәу­ел­сіз ақпа­рат құрал­да­ры осы­ны жаз­ды. Бұл еш бас­шы­ның құлағы­на жетпеді.

Қор­дай­дың шынайы «иелері» өзгерді.

Күн­нің-күнін­де пре­зи­дент­тің өзі осын­дай төң­керіс­ке түсіп қал­май­ты­ны­на кім кепіл­дік бере ала­ды? Мәсе­ле осында.

Есту керек. Ең кере­гі – есті­ген­ді қоры­тып, нәти­желі әре­кет жасау…

– Жаңа тарих­тың өткен кезеңіне көңіл аудар­сақ, 1999 жылғы пар­ла­мент­тік сай­ла­уда Назар­ба­ев бұры­нғы күй­еу бала­сы Рахат Әли­ев­тің көме­гі арқа­сын­да Абд­рах­ма­нов жеңіс­ке жет­ті деген сөз бар. Сіз сол жыл­да­ры Назар­ба­евқа жақын жүр­геніңіз рас: осы жеңістің жай-жап­са­ры қалай болға­нын айтып бере ала­сыз ба?

– Иә, естідім, білем. «Серік Абд­рах­ма­нов ай сай­ын Рахат Әли­ев­тен 1,5 мың дол­лар алып тұрып­ты, оның деме­уі­мен Шәм­ша Бер­кім­ба­е­ва­ны пар­ла­мент­тік сай­ла­уда жеңіп шығып­ты» деген сөз де тараған. Мұн­да шын­ды­ққа жана­са­тын бір­де-бір сөз жоқ. Егер де мен кіш­кен­тай олқы­лық жібер­сем, қар­сы­ла­ста­рым мені аямас еді. Сол кез­де маған Назар­ба­ев­тың өзі айтқан: «Серік, біз сенің Рахат­пен болған бар­лық әңгі­ме­леріңді тың­дап отыр­дық» деп. Мен ешкім­нің қорас­ы­на кіріп кет­кен жоқ­пын. Заң­ды­лық жолы­нан шыққан емес­пін. 1996 жылы ХҚК-де (КНБ) топ құры­лып, маған «АҚШ шпи­о­ны» деген айып тағу көз­де­ген. Мен бұл «құпи­я­ны» біліп қой­ып, уақы­ты­лы жария етіп, БАҚ арқы­лы ұйым­да­сты­ру­шы­ла­ры­ның абы­рой­ла­рын кетіргенмін.

1999 жылы мен сай­ла­у­шы­ла­рым­ның арқа­сын­да ман­датқа ие бол­дым. Ол кез­де маған 10 Бер­кім­ба­е­ва қар­сы шық­са да, жеңер едім. 2004 жылы сол округ­та маған қар­сы 8 үміт­кер шықты. Мен бірін­ші тур­да 55 пай­ыз алып, жеңіс­ке жеткенмін.

Ел алдын­да арым таза!

– Сол сияқты, өз жер­ле­стеріңіз – аты­лып кет­кен марқұм­дар – Заман­бек Нұрқа­ді­лов­пен, Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы­мен арақа­ты­на­сы­ңы­зға сызат түс­кені ел аузын­да біраз уақыт әңгі­ме бол­ды. Себебін білу­ге бола ма?

– Жасы­ра­ты­ны жоқ, Жоғарғы Кеңе­стің тара­ты­луын ұйым­даста­ру­дың басы-қасын­да марқұм Заман­бек Нұрқа­ді­лов бол­ды. Кей­ін­нен өзі өкініп, мәлім­де­ме жасап, қате­ле­с­кенін, алданған себебінің анық-қаны­ғын айт­ты. Сол алға­шқы пар­ла­мент тарқа­ты­ла­тын кез­де: «Зәке, мұн­дай қада­мға бар­маңыз» деген едім, көзқа­ра­сы­мыз келіс­пе­ді. Ал пар­ла­мент­ті тара­ту­дың идео­ло­гы болған – марқұм Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы мен бүгін­де елшілік­ке кет­кен Марат Тәжин еді. Қазір­гі оңбаған жүй­ені өздері қалып­та­сты­рып еді, ақы­ры өздерінің түбіне жетті…

Бұл жағ­дай­ды 2006 жылы Алтын­бек аты­лған күні ашық айтып, өлі­міне билік­ті кінәла­дым. Үнде­уім ақпа­рат құрал­да­ры­на шықты.

– Деген­мен, әлі күн­ге дей­ін билік­ке бүй­ре­гіңіз бұрып тұр­май ма?

– Мен де адам бала­сы­мын, эмо­ци­яға беріліп, Назар­ба­евқа жан­күй­ер­лік жасаған кез­дерім бол­ды. 1993 жылға дей­ін оған менен жақын адам болған жоқ. Әкім, министр болуға ұсы­ныс жаса­ды, «Тере­щен­ко­ның мини­стрі» деген атақты көте­ре алмай­мын» дедім. Ешкім­ге тәу­ел­ді болғым келмеді.

Жемқор­лық – біздің мем­ле­кет­тілі­гі­мізді жегі­дей жеп, құр­тып бара­ды. Өкініш­ке қарай, сыбай­лас жемқор­лы­қ­пен күре­судің өзі ең кірісі мол биз­нес көзіне айна­лып отыр.

Сай­лау күресі арқы­лы келіп, халы­қтың қамын ойлап, мем­ле­кет үшін қыз­мет ететін эли­та – табиғи эли­та. Ал билік­ке кіріп алған «пата­му­што-пата­му­што­лар» өздерін «қай­мақ­пыз» деп ойлай­ды. Қай­дағы қай­мақ? Олар қазан­ның түбін­де күй­ген қас­пақтар ғой! Осы­лар­дың кесірі­нен жабайы капи­та­лизм­ге өттік. Өздері де жол­дан ада­сып, бізді де ада­стыр­ды. Тәу­ел­сіздік­тің 30 жыл­ды­ғы­ның қар­саңын­да осын­дай ой түй­е­мін деп кім ойлапты?..

– Бүк­пе­сіз айтқан ашық әңгі­меңіз­ге рах­мет, Серік аға!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ, «D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн