Пятница , 4 июля 2025

Ашаршылық һәм үнсіздік

Қал­та теле­фо­ным­да тыным жоқ. Жур­на­ли­стер. Радио, теле­ди­дар тіл­шілері, өзі­міздің газет­те­гі әріп­те­стері­міз. Бәріне ерекше бір елең етер жаңа­лық керек, адам шошыр­лық цифр-сан­дар, дене тітір­кен­дірер факт-деректер керек.

Иә, 31 Мамыр­ды бар­ша­мыз тоса­мыз,  ширек ғасыр­лық ата­лып өту тарихы бар бұл айту­лы күн қоғам­дық санаға әбден сіңісті бол­ды, әсіре­се БАҚ өкіл­дері осы күні айры­қ­ша бел­сен­ділік көр­се­те­ді. Жыл сай­ын осы аза­лы күн­дер­де қоғам мүше­лерінің жүре­гін селт еткі­зер, сана­лы­ны ұйқы­сы­нан шошы­та­тын, түсіне енер небір қорқы­ны­шты дерек-дәй­ек­тер мен тари­хи фак­тілер жари­я­ла­на­ды. Әсіре­се ала­пат Ашар­шы­лы­қтың цифр-сан­да­ры тіп­ті сұм­дық: бұры­нғы зерт­те­ушілер­дің қоры­тын­ды тұжы­рым­да­рын­да бір үзім нан-тал­шы­ққа зар болған­дар­дың, қара топы­рақ жеп қына­дай қыры­лған­дар­дың саны 1,5 млн қазақ төңіре­гін­де тоқай­лас­са, бүгін­де 2,5, тіп­тен 3,5−4,0 мил­ли­он бей­бақтар­дың бір сәт­те гено­цид­ке ұшы­раға­ны айты­лу­да. Бұлай болу себебі: бұрын ұлт­тық апат­ты жыл­дар­да халқы­мы­здың үштен бірі, кей-кей­де тең жар­ты­сы­на жуы­ғы аштан өлді, үркін­шілік­ке ұшы­ра­ды делін­се, бүгін­гі таң­да бар­ша зерт­те­ушілер босқын­дар­ды қосқан­да (шет ел ауып, сол жақта тұрақтаған­дар­дың, неме­се қай­та оралған­дар­дың) пай­ы­здық мөл­шерін 70 пай­ы­зға жетеқа­был деп мөл­шер­леп отыр. Бұл Ұлы Дала төсі, әсіре­се қаза­қтың Сары­арқа­сы қаңы­рап бос қалған­ды­ғы­нан хабар­дар ете­ді, бола­шақ сынақ алаң­да­ры­на – поли­гонға, кос­мо­дро­мға, тың иге­ру­ге – ұлан-ғай­ыр жер боса­ты­лға­нын, сол кез билі­гінің одан әрі ойы­на кел­генін емін-еркін жүзе­ге асы­руы­на ерекше мүм­кін­дік туған­ды­ғын біл­діреді. Төрт мың жыл ат жалын­да, түйе қомын­да көшіп-қонған дәстүр­лі мал­шы қауым­ның аяқа­сты күш­теп оты­ры­қ­шы­лық тір­лік­ке ауы­сты­ры­луы, айдын күн­нің ама­нын­да бары­нан айы­ры­луы мен жаңа­ны иге­ре алмауы, тек мате­ри­ал­дық емес, руха­ни, мәде­ни репрес­си­яға ұшы­ра­уы – бұл ХХ ғасыр­дағы айтуға сөз жет­пей­тін әлем­дік өрке­ни­ет­те­гі сұм­дық апат, халқы­мы­здың басы­на төн­ген ақыр­за­ман бола­тын. Оны ұмы­ту, еске алмау мүм­кін бе?!.

Біз биы­лғы 31 мамыр­ды ерекше бір жағ­дай­да қар­сы­лап оты­рға­ны­мы­зды естен шығар­мауы­мыз керек. Бір жағы­нан елі­міз бен елаға­ла­ры­мыз жер-жаһан­ды дүр­лік­тір­ген пан­де­ми­я­мен алы­сып жат­са, екін­ші жағы­нан жал­пы­ұлт­тық дең­гей­де сана сіл­кінісі, руха­ни жаңғы­ру жаңа дең­гей­де қолға алын­ды. Ел бас­шы­сы­ның арнайы Жар­лы­ғы (№456, 20.11.2020 ж.) жари­я­лан­ды, Мем­ле­кет­тік және басқа да комис­си­я­лар құрыл­ды, ауқым­ды іс-шара­лар қолға алын­ды. Ес жиып, етек жапқан Тәу­ел­сізді­гі­міздің 30 жыл­ды­ғын­да Ұлт­тық апат­тың ұлығ зардап­та­рын, қаны сорға­лаған ащы шын­ды­қтар­ды ашық айтуы­мы­зға, кінә-күнәла­ры­мы­зды мой­ын­дап, жуып-шаюы­мы­зға тура келіп отыр. Мың өліп, мың тіріл­ген қаза­қтың шека­ра­лар сөгіліп, айшы­лық жер­ден ауы­зды ашып-жұмған­ша хабар алып, әлем­ді алақанға орнатқан­дай ақпа­рат­ты жаңа заман­да ұлы көш­тен қалып қой­мау үшін де осын­дай күр­делі, күр­ме­уі қиын шешім қабылданды.

Иә, «ештен кеш жақ­сы». Қаза­қстан­да бұн­дай шешу­ші шешім­ді бұдан 30 жыл бұрын да қабыл­да­уға бола­тын еді. Сіз еске салып оты­рған, 1993 жылғы Заң­ды кезін­де қабыл­даға­ны­мы­зға шүкір дедік. Ком­му­ни­стік езгі­ден құты­лып, соци­а­лиз­мнің шапа­ны­нан шыққан елде қан­ша бостан бол­дық дегені­міз­бен бір кез­дер­де­гі елде­гі 46 млн бас мал-бай­лы­қтан бірер жыл­да тып-типыл болып 4‑ақ млн қалға­нын, олар­ды кім тар­тып алға­нын, кім­нен тар­тып алы­нға­нын ашық айта алма­дық. Жиған-тер­гені­нен айы­ры­лған алаш бала­сы­ның кебін киіп оққа қар­сы шапқа­ны, жан айқай­мен жап­пай жан тап­сы­рға­ны, «бан­дит» атанға­ны айтыл­ма­ды. Тіп­тен тәулі­гіне 24 сағат, 365 күн ауыз жап­пас­тан жар салы­нған Ұлы Жеңіс жыл­да­рын­да қару­сыз қан­ша қаза­қтың қанқа­са­пқа түс­кені, танк пен пуле­мет­ке жалаң қылы­шпен сес көр­сет­кен қан­ша боздақтың ажал құшқа­ны, фаши­стік лагер­лер­де азап шек­кені, су ішер­лі­гі бар­ла­ры­ның қай­тып келіп ста­лин түр­месін­де шіріп өлгені айтыл­ма­ды. Міне, осы ұлт­тық тра­ге­ди­я­ның бар бет-бей­несін ашу, шаһид­тер­дің атын атап, түсін түстеу, Құран бағы­штау – біздің борышымыз.

Зұлым­ды­ғы жауыз Гит­лер­ден артып кет­пе­се, бір кемі жоқ Ста­лин өлген соң да, яки бұдан 60 жыл бұрын да біз­ге тарих көзіне тура қарап, бей­ша­ра тір­лі­гі­мізді мой­ын­дап, жазы­қ­сыз жапа шек­кен міскін­дер­дің әру­ағын ардақта­уы­мы­зға болар еді. Өкініш­ке қарай, «жылы­мық» жыл­да­рын­да ашы­ла бастаған қазан­ның қақ­пағын қай­та жауып қой­дық. Тап тар­ты­сын қоз­да­тып, ком­му­низм құр­мақ болған­дар­ды «ақта­дық» та, ал олар­дың ой-пікірі­мен келіс­пе­ген­дер­ді ұмыт­ты­рып, «архив қой­на­уы­на» жібердік.

Осы орай­да үне­мі бір шын­дық айтыл­май, көз­та­са болып келеді. Мәс­ке­удің зор­лық-пәр­менін, ЧКОГПУНКВДКГБ сияқты қан­ды­қол арнайы қыз­мет­терінің салған лаңын әрине ешкім жоққа шыға­ра алмай­ды, әйт­се де осы жазы­қ­сыз төгіл­ген мил­ли­он­дар­дың қан құнын­да ғана емес, Алаш ары­ста­ры­ның, басқа да дарын­ды тұлға­лар­дың «ақтал­май», аты-жөн­дері ашы­ққа шық­пай, тарих тұңғиы­ғы­на одан әрі тұн­шы­қты­ры­ла түсуіне қазақ билі­гінің, жер басып жүр­ген қазақ зия­лы­ла­ры­ның да қосқан «үлесі» аз емес. Қоғам­дық сана­мы­зды жаңа­лап, руха­ни жаңғы­рып жатқан тұста, осы «үйдей пәлені» не істей­міз, әлі де жар­ты­кеш шын­ды­қты мал­да­нып жүре бере­міз бе деген пәл­са­па­лық сұрақ алды­мы­зда көлең­дей­ді де тұра­ды. Жасы­ра­ты­ны жоқ, мен айтып оты­рған алға­шқы 30 жыл­да да, кей­ін­гі 30 жыл­да да осы тарих алдын­дағы үлкен сұрақтан қашқақтап, жал­та­рып кел­ген бола­тын­быз. Біл­гі­ш­тер айта­ды, ешқа­шан шын­дық толым­ды, төрт құбы­ла­сы түгел­ден­ген тарих  бол­мақ емес, уақыт-кезеңі­мен зама­на жара­сы да жазы­ла­ды дей­ді. Мем­ле­кет мүд­десі, халық бір­лі­гі үшін бұған объ­ек­тив­ті себеп­тер­мен түсіністік­пен қарау қажет дей­ді. Иә, тарих – төре­ші, тарих – емші. Тек адам ғұмы­ры­ның қысқа­лы­ғын, тари­хи жад­тың да өшуі мен өсуі бар­лы­ғын ұмыт­па­сақ болға­ны. Әсіре­се, өз тарихы­мы­зды өзі­міз жазар, өз тір­лі­гі­мізді өзі­міз түзер күн туған шақта артық кетіп арба­ны сын­ды­руға да, аттың тіз­гінін тар­тып шабан­да­уға да бол­май­ды. Түн түне­гін түр­гісі кел­ме­се де, күн шық­пай қой­ма­сы анық. Шырыл­даған шын­дық бозторғай да сәті кел­ген­де ашы­ла­ры сөзсіз.

Жиыр­ман­шы ғасыр нәу­бет-зұл­мат­та­рын зерт­те­ушілер ара­сын­да тағы бір шеші­мін тап­паған пікір тала­сы бар. Олар­дың басым көп­шілі­гі ұза­ққа созы­лған қуғын-сүр­гін мен Ашар­шы­лық тақы­ры­бын ажы­ра­тып, бөлек-бөлек қарас­ты­ру­ды ұсы­на­ды. Біз олар­ды шер­лі тарихы­мы­здың құрау-құрау бет­тері ретін­де бір­тұ­тас тари­хи құбы­лыс деп баға­лау жағын­да бол­сақ та, шынын айту керек, Ашар­шы­лық апа­ты қуғын-сүр­гін тақы­ры­бы­ның көлең­кесін­де қалып келе жатқа­ны ешкім­ге жасы­рын емес. Тари­хи тұлға­лар­дың аты ата­лып, шын­дық шымыл­ды­ғы түрілетін репрес­сия кім-кім­нің де қызы­ғу­шы­лы­ғын туды­ра­ды. Қазір­гі атал­мыш комис­сия жұмыста­ры да қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған тұлға­лар­ды «ақтау», солар­дың сот мате­ри­ал­да­рын «құпи­я­сыздан­ды­ру» бағы­тын­да жүріп жатыр. Біздің айт­пағы­мыз, «уақыт – төре­ші» дегені­міз­дей, қуғын-сүр­гін құр­бан­да­ры бүгін ақтал­сын, бол­ма­са құпи­я­сы ертең­гі күні жары­ққа шық­сын, әйте­уір бір сәті туған тұста шын­дық айты­ла­ды. Ең басты­сы біздің әлі күн­ге «жабық» архив­тері­міз­де оларға қаты­сты сот мате­ри­ал­да­ры бар­шы­лық, яғни құр­бан­дар­дың аты-жөні, деректері хат­та­у­лы тұр. Ол «істер­мен» таны­сқан құқық маман­да­ры, зерт­те­ушілер өз баға­ла­рын бере жат­пақ. Осы­ған дей­ін «құпия» сана­лып кел­ген, көз­та­са­да болған істер толық ашы­лған кез­де ғана біз елі­міз­де жүр­гізіл­ген ста­лин­дік қуғын-сүр­гін зама­ны­ның бар­лық қоя­сын ақта­рып, аты­лған, жер ауда­ры­лған және сот­талған адам­дар­дың толық санын білетін боламыз.

Ал бұдан ғасыр болып өткен Ашар­шы­лық дауы­лы, 1932–33 жыл­дар­дағы Ұлт­тық апат тура­лы бұлай дей алмас едік. Әрине, құжат­сыз, дерексіз тарих жетім, «құпия» архив­тер­дің қой­ны­на әлі талай сан-цифр­лар­ды бүр­кеп жатыр. Сөз жоқ, олар да айты­ла­ды, ашы­ла­ды. Бірақ сол бір ала­са­пы­ран заман­дар­да арман­да кет­кен­дер­дің аты-жөн­дерін бас-басы­мен атау, есім-сой­ла­рын елеп-еске­ру қиын­дық туды­рып отыр. Бір уыс бидай мен таба нанға саты­лған бала-шаға, «дет­дом» түлек­тері,  артын­да ұрпағы қал­маған­дар қан­ша­ма?!. Әр қазақ – менің жалғы­зым десек, ұлты­мы­здың 70 пай­ы­зы осы Апатқа шар­пыл­ды десек, 3,5–4,0 млн құны сұра­у­сыз алаш бала­сы­ның аты-сой­ын қалай аны­қта­мақ­пыз? Біздің­ше, бүгін­гі таң­да мәсе­ленің мәсе­лесі осында.

Жұр­ты­мыз ашты­қты да көр­ді, тоқты­қты да көр­ді. Заман ауы­сты, құлық-ниет өзгер­ді. Бастан кеш­кен Ашар­шы­лы­қты, ұлт­тық апат­ты еске алмай­тын бол­дық. Қан­ша­ма жыл­дар­дан бері айты­лып келе жатқан Ұлт­тық Аза күні біз­де тұтыл­май­ды. Мем­ле­кет­тік туы­мыз түсіріліп, әру­ақтарға Құран оқыл­май­ды. Бола­шағын ойла­май­тын адам жоқ, десек те өткен­ге үңілу­ге, ата-баба шежіресін түген­де­у­ге салғырт­пыз. Мұсыл­ман-хри­сти­ан соғы­сы, орыс-укра­ин қақты­ғы­сы, тәжік-өзбек дауы, Ауған­стан тіри­егі, бәрі-бәрі бізді еріксіз алаң­да­та­ды. Бірақ та анау бір нәу­бет­ті жыл­дар­да зәу­за­ты­мы­зда қан­ша ошақтың оты өшті, әулеті­міз­де қан­ша шаңы­рақ қирап, саны­мыз қан­шаға азай­ды? Өркені­міз қиы­лып, қан­ша­ма ет жақын туған-туы­стан айырылдық?..

Осын­дай сам­саған сан сұраққа жау­ап берер күн туды ағай­ын! Жақын­да арнайы «Жоқтау.кз» пор­та­лы іске қосыл­мақ. Мүм­кін бол­са осы ақпа­рат­тық плат­фор­ма­да жоғал­тқа­ны­мы­зды бір түген­деп көрелік­ші, ағай­ын. Әркім өткеніне үңіліп, ата-баба шежіресі­нен жібі үзіліп, тасы шашы­рап кет­кен тас­биы­қтай туған-туы­ста­рын атап, түстеп, сана­ма­лап бер­се … біз мүм­кін өткен ғасыр­да қан­ша адам­дық ресур­сы­мы­зды жоғал­тқа­ны­мы­зды баға­лар едік. Шей­іт кет­кен құр­бан­дар­дың есі­мін жаңғыр­тып, әру­ағын есір­кер едік. Озған ел тарихын тасқа жаза­ды, тозған ел жаспен жуа­ды деп жата­мыз. Тозбаған­ды­ғы­мы­здың бел­гісін­дей болып, озған­ды­ғы­мы­зды көр­се­телік те, қанеки.

Осы жол­дар­ды қағазға түсіріп, ойға шомып оты­рға­ным­да қал­та теле­фо­ным­да тыным жоқ. Жур­на­ли­стер. Радио, теле­ди­дар тіл­шілері, өзі­міздің газет­те­гі әріп­те­стері­міз. Бәріне ерекше бір елең етер жаңа­лық керек, адам шошыр­лық цифр-сан­дар, дене тітір­кен­дірер факт-деректер керек. Ұлты­мы­здың сана­сы сіл­кініп, руха­ни жаңғы­руы­мыз үшін, әрине, бұл сөз­сіз керек-ақ. Елдік­тің бел­гісі ғой бұл. Еңсені басқан ауыр ойлар қиыр­ды шар­лап, үлкен­дер­ден есті­ген әңгі­ме-естелік­тер­ге бір­те-бір­те батып бара­мын. Өзім­нің кәм­пес­ке­ге ұшы­раған, туған еліне жете алмай сүй­ек­тері жат елде (Став­ро­пол өлкесі, Жоға­ры және Төмен­гі Басқұн­шақ қала­ла­рын­да) қалған ата­ла­рым­ды, сан­ды­ққа көм­ген асыл мұра, діни кітап­та­ры құмға айналған Қал­пе атам­ды, соғы­ста неміс пен совет­ке бір­дей тұтқын болып, елмен ара­ла­са алмай, өмірі құса­да өткен жама ағай­ы­ным­ды, жүре­гіне шемен бай­ланған, ата­лас, туыс, жер­лес бауыр­ла­рым­ды еске алып отырмын… 

проф. Ғари­фол­ла Әнес

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн